Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Дала жолы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Дала жолы

Жоспар:
Кіріспе
1. Ұлы Жібек жолының тарихы
2. Ұлы халық жолының Қазақстандағы сілемесі
3. Сауда және тауар алмасу
4. Ұлы дала жолындағы діннің таралуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Ұлы жібек жолы - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көкией өтіп жатқанкеруен жолдарының тоғысқан торабы, ал сонау ежелгі дәуірдегі ортта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстардың тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы болып табылады.
Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы дала жолының өзектіліг, Ұлы жібек жолы сонау ерте кезден пайда болған ұлы керуен жолы болып табылады. Ұлы жібек жолы б.з.б ІІ ғасырдан бастапи дами түсті. Бұл жерде ең басты бағалы тауар ол еш бір елде жоқ Қытай жібегі болды. Ұлы Жібек жолының өзектілігі бірі ол қазақ жеріндегі қалалардың қалыптасуына және сауда - саттықтың дамуына алып келді.
Тақырыптың мақсаты:
Тақырыптың мақсатын айтатын болсақ Жібек жолы ұшы қиырсыз далалар, көл - көсір теңіздер мен қуаң шөлдер арқылы өтетін өзара байланыстар мен пікір алысуларды қалыптастыруға ғаламат мүмкіндіктер берген Ұлы жібек жолының ерекшеліктерін анықтау.
Тақырыптың міндеттері:
1. Ұлы жібек жолының тарихына анализ жасау
2. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы бағыттарын анықтау
3. Сауда жолында тараған тауарларды сараптау
4. Ұлы жібек жолындағы діннің таралу себептерін анықтау

Тақырыптың деректік негіздері:
1. Ұлы Қытай тарихшысы Сыма Цяньның Тарих атты кітабында Ұлы жібек жолына байлансты тарихи деректер қалдырылған.
2
3
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
* К. Байпақов, А.Нұржан: Ұлы жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан
* К.Байпақоа : Қазақстан археологиясы
* Л. Динашева, А.Пала: Түркі мемлекеттерінің тарихы
* Томның редакциялық алқасы: Қ.А.Ақышев, К.М.Байпақов, О.И.Исмағулов, Б.Е.Көмеков : Қазақстан тарихы І том
* З.Қиянатұлы : Ұлы дала мемлекеттерій
* А.Ювалы, С.Әбушәріп, С.Сыздықов: Түркі тарихы, ерте тас дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі ьарих
*К.Р.Аманжолов: Түркі халықтарының тарихы

Ұлы Жібек жолының пайда болуы
Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) -- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен бен А. Һерман ХІХ ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі Жібек жолы Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашарауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек солтүстік жол деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері Орта жол деп аталды. Оңтүстік жол бұрынғысымен ұқсас.
VII ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ ХІІІ ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. ХІХ ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:
Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты... Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған Алтын киімді адам ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

Ұлы халық жолының Қазақстандағы сілемесі
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III -- ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Онтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жалы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен. Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктік және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б. з. II -- V ғғ. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін орталығы жжол Чаоннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауына шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын. XI -- ХІІ ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын. VII -- XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскелері айрықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір учаскелері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттрі қаңырап бос қалған. Мәселен, VI -- VIII ғғ. негізгі күре жол Сирия -- Иран -- Орта Азия -- Оңтүстік Қазақстан -- Талас алқабы -- Шу алқабы -- Ыссық көл шұңқыры -- Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына -- Маңғыстау -- Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол Сасанилар Иранына қарсы, Батыс түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. IX- -- XII ғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХПІ -- XIV ғғ. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған.

Сауда- саттық және тауарлар
Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар -- мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып кала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван қытай императорынан басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі -- ушари алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, тауарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I -- IV ғасырларға жататын жеті У- шу теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
Жібек жолындағы қалалар
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Сақтар, скифтер: алтын адам
Қазақстанның археологиялық мәдениеті
Пәндер