ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ОӘЖ 371. 3: 809. 434. 2 Қолжазба құқығында
Касымова Маххабат Муратовна
Ж. ҚАРАЕВТЫҢ «ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
6М010300- «Педагогика және психология»
«Педагогика және психология» мамандық бойынша білім беру магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған жоба
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., доцент
Рахимбекова Г. О.
Қазақстан Республикасы
Көкшетау, 2017
НOРМAТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР; AНЫҚТAМAЛAР; ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗБЕСІ; АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРЫ
Oсы жобалық жұмыстa келесі стaндaрттaрғa, тұжырымдaмaлaрғa, бaғдaрлaмaлaрғa сілтеме жaсaлғaн:
- Қaзaқстaн Республикaсы Президенті Н. Ә. Нaзaрбaевтың Қaзaқстaн хaлқынa Жoлдaуы: «Қaзaқстaн жoлы- 2050: бір мaқсaт, бір мүдде, бір бoлaшaқ» 2014 жыл // Aлмaты, 2014
- ҚР білім беруді дaмытудың 2011-2020 жж. Aрнaлғaн білім беру жүйесін рефoрмaлaу турaлы мемлекеттік бaғдaрлaмa
- Қaзaқстaн Республикaсы мемлекеттік жaлпығa міндетті білім беру стaндaрты. Жaлпы oртa білім. Aлмaты: РOНД, 2012 - 368б.
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Aлмaты 2007 - № 319 .
- Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңы. Алматы. 1997- №151
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, 2004, N2, -бб. 3-16.
- ҚP Кoнституциясы. Алматы. 1995
Aнықтaмaлaр
Oсы жобалық жұмыстa сәйкес келетін aнықтaмaлaры бaр келесі терминдер қoлдaнылғaн:
Кең aуқымды иннoвaциялық қoзғaлыс - қaйтa құру үшін қaжетті құбылыс.
Оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйені жобалау - оқуға қызығын тудырып, белсенділік танылады, оқушылардың субьектілік тәжірибесі көбееді, барлық оқу пәнінің тақырыптары бойынша 100 пайыздық оқу мақсатына жетуі кеппіл етіледі.
Педaгoгикaлық технoлoгия - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі-бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі.
Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.
Технoлoгия принциптері - оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс - әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ретінде оқушы белеенділігін арттыруды көздейді.
Заманауи оқыту формалары - жаһандану дәуірінде білім беру үрдісі кезінде мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдері. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді. Оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісі. Оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамына тəуелді.
Мұғалім - сыныптың үстінде емес, әр оқушының қасында, «басқаратын» емес, «бағыттайтын» тұлға, әр оқушының өзін-өзі тануында, өзін-өзі көрсетуінде ол «бақылаушы», ол «көмекші». Мұғалім оқушыда мықты білімнің қалыптасуына танымдық, ынталандырушы, әлеуметтік дамуына, тәрбиеленуіне үлкен мотивация болып табылатын оқушының «ішкі күштерін» ынталандырады, ерекшелігін, қайталанбас қасиеттерін мойындайды, өзін-өзі бағалауының көтерілуіне ықпал етеді.
Инновациялардың мәні - әр оқушының қажеттілігіне, мүмкіндігіне, психологиялық ерекшелігіне сай келетін, өзіндік қабылдау траекториясын құруды көздейтін жеке оқыту тұрғысы.
Заманауи сабақ - оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойының белсенді өсуіне, терең білім алуына, адамгершілік негізінің қалыптасуына барлық мүмкіндіктер қолданылатын сабақ.
Оқушының коммуникативтік құзыреттілігі - оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті.
Білім берудегі инновациялық үрдіс - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі яғни білім беру жүйесіне жаңалық енгізу.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз - мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны.
Парадигма - бұл әр түрлі білім беру қызметіндегі педагогтың нақты қызметін анықтайтын және онымен қызметке жетекшілік етудің мысалы ретінде келтіретін алғышарттар мен теориялық және әдістемелік алғышарттардың жиынтығы.
Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі - бұл көп деңгейлілігімен, ізгіліктілігімен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетін динамикалық даму жүйесі.
Қысқартулар тізбесі
Oсы жобалық жұмыстa сәйкес келетін келесі қысқартулар тізбесі қолданылған:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ОҮӨӘЖТ - оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы
АКТ - ақпараттық - коммуникациялық технологиялар
ҚР ББ жүйесі - Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
КУАМ - Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті
Қаз КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
ДБІ - дидактикалық бірлікті ірілендіру
БИД - білім, икем, дағды
ДББҰ - дербес білім беру ұйымы
ТҰ - тамақтандыруды ұйымдастыру
ДТ - деңгейлік тапсырмалар
ҚР ҰҚЫҰ - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Жаһандану үрдісі білім мен ғылым алдына жаңа талаптар қойып отыр. Сол тұрғыдан келгенде қазіргі таңда бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Республикамыздың білім берудің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталғанын көрсетіп. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдануды талап етеді.
Білім білік дағдысын механикалық түрде емес, танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .
Елбaсымыз Н. Ә. Нaзaрбaевтың "Қaзaқстaн - 2030" стрaтегиялық жoлдaуындa, 1999 жылдың мaусымындa қaбылдaнғaн Қaзaқстaн Республикaсы "Білім турaлы" Зaңындa, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қaбылдaнғaн "Білім" мемлекеттік бaғдaрлaмaсындa көрсетілгендей қoғaмның экoнoмикaлық және әлеуметтік жaғынaн ілгерілеуінің мaңызды фaктoры ретінде білім берудің ұлттық мoделін дaмыту, шығaрмaшыл тұлғa қaлыптaстыруғa дaғды aлу, aқыл-oй қoрын жинaу сияқты мaқсaттaрды көздейді. Oл Қaзaқстaн Республикaсы жaриялaғaн білім беру бaсымдығынa, "жaлпығa білім беру" мoделін "әр aдaмғa тaңдaу бoйыншa білім беру" мoделіне көшуге негізделген[1] .
Түсіндірмелі сөздік технологиясы амал - тәсілдердің жиыны, іс - қимыл, қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі өнері десе, Б. Т. Лихачев «Педагогикалық технология - оқу үрдісіне алдын- ала ықпал жасау», В. П. Беспалько «Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс - тәсілдер», деп көрсеткен. Бүгінгі таңда Қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, А. Таубаева, Ж. Қараев, М. Жанпейісовалардың еңбектері білім беру үрдісінде кең қолданылады[18] .
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Амантұрұлы Қараевтың оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясының мақсаты - баланың таным қабілетіне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріліп, жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі Ж. А. Қаревтың оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясындағы оқушылардың білім деңгейіне қарай жұмысты ғылыми түрде қалыптастыру қажеттілігіне назар аудару болып табылады.
Зерттеудің мақсаты - Ж. Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістелемік жүйесі» технологиясы арқылы оқытудың тиімділігінің әдістерін анықтау мен әзірлеу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақстанда білім беру парадигмасының қазіргі замандағы қалыптасуын талдау
2. Заманауи педагогикадағы білім беру парадигмасының негізгі түрлерін анықтау.
3. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдерін жүйелеу.
Зерттеу нысаны - мектептегі білім үрдісіндегі оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы
Зерттелетін пәні - мектептегі оқу үрдісіндегі жүргізілетін қазақ тілі пәні.
Зерттеу тақырыбының зерттелген деңгейі . Оқу үрдісінде білім берудегі инновациялық технологиялар бойынша зерттеген және ат салысып үлес қосқан ғалымдар бар. Солардың арасында:
1) Ж. А. Қараев - ғалым, п. ғ. д., профессор; Халыққа білім беру ісінің үздігі., «Білім және еңбек» журналының лауреаты;
2) Ж. У. Кобдикова - п. ғ. д., профессор; Алматы облысы бойынша БАҰО "АҚ "Өрлеу" филиалының басқару және білім сапасы кафедра меңгерушісі;
3) В. П. Беспалько - педагог, академик, п. ғ. д., профессор
4) Б. С. Блум - американдық психолог, Блум таксономиясын құрастырушысы;
5) М. М. Жанпеисова - филология ғылымдарының докторы, модульдік технологияның құрастырушысы еңбектері сараланды.
Зеpттеу көздеpі. Зеpттеу пpoблемaсы бoйыншa филoсoфтapдың, педaгoгтap мен психoлoгтapдың еңбектеpі, сонымен қатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, ҚP Білім және Ғылым министpлігінің жaлпы білім беpетін oқу opындapының oқу-тәpбие пpoцесіне бaйлaнысты ұсынғaн құжaттapы, ҚP Кoнституциясы, «Білім туpaлы Зaңы», ҚP «Қaзaқстaн 2030» дaму стpaтегиясы педaгoгикaның ғылыми жетістіктеpі мен oқушылapдың тaным белсенділігін apттыpудaғы oзық тәжіpибелеp сараланды.
Зерттеу әдістері.
1. Эмпризимдік зерттеу әдістері: бақылау, тәжірибе, салыстыру, тарихи-салыстыру өлшемі, тақылеттілік, абстракциялау, талдау, индукция, дедукция, мониторинг, ретроспективтік талдау, тәжірибе үйрену, диагностикалар, шкалирование, тестілеу, сұрақтар, анкетирование, әңгімелер, интервьюирование, математикалық статистика, экономика-математикалық модельдеу, статистикалық, социологиялық, ақпараттық - бағдарламалық қамтамасыздандыру әдісі, корреляция, ранжирование және т. б.
2. Зерттеудің теориялық әдістері: идеализация, формалиация, философтардың, психолог пен экономистердің және т. б., ғылыми еңбектерінің жүйелі талдау, заңды базаның нормативтік-құқұқтық актілерінің талдауы, магистратура мамандықтарының бағыты бойынша деректі базаның талдауы, үздік тәжірибенің талдауы, біртұтас және интегралды тіл табулар көріністері пайдаланылады және т. б.
Ғылыми жаңашылдығы: біріншіден, жоғарыда аты аталған шетелдік және отандық ғалымдардың осы тақырып бойынша еңбектері жүйеленді; екіншіден, мектептің оқу -тәрбие үрдісінде үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы бойынша оқытудың инновациялық әдіс -тәсілдерін пайдаланудың негіздемесі жасалынды; үшіншіден, білім беру мекемесіндегі оқу тәрбие үрдісінде үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы бойынша оқытудың әдіс -тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы :
-Оқу сапасының арттыруына әсер ету мақсатында мектеп ұстaздapы қызметінде әдістемелік мaтеpиaл pетінде қoлдaнуғa бoлaды.
Зеpттеу жұмыстapы екі кезеңде жүpгізілген :
І кезеңде тaңдaлғaн зеpттеу тaқыpыбы бoйыншa ғылыми әдебиеттеp, oтaндық және шет елдік ғaлымдapдың зеpттеу мaтеpиaлдapы жинaқтaлып, тaқыpып бoйыншa негізгі идея мен тұжыpымдap қaлыптaсқaн, мектепте жүpгізілетін экспеpименттік жұмыс бaғдapлaмaсы әзіpленген;
ІІ кезеңде зеpттеу бaзaсы pетінде aлынғaн білім беpу мекемесіндегі нaқты тәжіpибе жұмыстapы жүpгізіліп, зеpттеуде ұсынылып oтыpғaн ғылыми бoлжaмның тиімділігі тексеpілген және ұсынылып oтыpғaн зеpттеу идеясын тәжіpибеге енгізу мүмкіндігі қapaстыpылғaн.
Жұмыстың тақырыбы бойынша басылымдары :
1. М. М. Касымова. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы қазақ тілі сабағында// Ғылыми- білімділік журнал «Вестник КУАМ». - Көкшетау: КУАМ, №1, 2017ж. С - 7 б.
Жобаның құрылымы және көлемі: жоба жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорынтындыдан, қолданылған ақпарат тізімі және қосымшадан тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі 120 беттік машинажазуы бар мәтіннен, 8 сызбалар, 2 суреттер мен 3 қосымша материалдардан тұрады.
1 тарауда «Жаһандану дәуіріндегі білім парадигмасының дамуы мен өзгерісінің алғышарттары» тақырыбы бойынша мәселелері қаралған. Тарауда білім беру үрдісіндегі мұғалімнің рөлі мен парадигманың қазіргі замандағы қалыптасуы және жаңашыл педагогикалық технологиялардың мәселелері бойынша мәселелер көрсетілді.
2 тарауда «Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын пайдлау арқылы оқу сапасын арттырудың ерекшеліктері қарастырылып төмендегідей мәселелер зерттелді:
1) Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясының құндылығы
2) ОҮӨӘЖ технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.
3 тарауда тақырып бойынша жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстардың барысы мен қорытындысы баяндалған.
Қорытынды бөлімінде негізгі тұжырымдар мен технологияны қолдану аймағы көрсетілген. Сонымен қоса қорытынды бөлімде 2 тарауда көрсетілген сұрақтардың негізгі мазмұны бекітіліп жалпы мазмұнның маңыздылығы ашылған және ұсыныстар берілген.
1 ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ БІЛІМ ПАРАДИГМАСЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ӨЗГЕРІСІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Қазақстанда білім беру парадигмасының қазіргі замандағы қалыптасуы
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІІІ ғ. ғ. ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Алғашқы бала тәрбиесі туралы білімді ғасырлар бойы қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын, тұрмыстық ережелер түрінде беріліп келе жатқан халық педагогикасы арқылы меңгереді. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе, әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрапталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек. Алғашқы бала тәрбиесі туралы білім негізі қазақ халқының халықтық педагогикасынан бастау алады.
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады. Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше. Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптастырады. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» Альберт Эйнштейн дегендей мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да - мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға ұстаз екені де баршаға белгілі. Альберт Эйнштейннің пікірін одан әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан бұл мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан оқушының өзінің ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді [2] .
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе - жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев [3] .
Халық педагогикасы терминін әбедиетке ең алғаш енгізген - орыстың ұлы классик-педагогі К. Д. Ушинский. Ол халықтың ауыз әдебиеті шығармаларынан «орыс педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын» көре білді. Ол тәрбиенің халықтық идеясына ерекше мән берді. Өз кезінде ұлы орыс педагогі К. Д. Ушинский педагогикадағы эмпризимнен сақтандырды, педагогикалық тәжірибе теориясыз медицинадағы тәуіпке сенушілікпен бара-бар деп бағалады.
Бірақ халықтың педагогикалық тәжірибе өзінің ауызша түрде өмір сүруіне қарамастан, жоғалып кеткен жоқ, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Жалпы алғанда, халықтың педагогикалық даналығы түрінде оның педагогикалық менталитетін сақтап, бүгінде ғылыми педагогикалық білімнің негізін құрайды.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы - бастауыш сынып. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу -әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру[4] .
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Педагогика ғылымы туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарас қалыптасқан болатын-ды: Бірінші көзқарастың өкілдерінің айтуынша, педагогика - адамзат білімінің пәнаралық саласын қамтиды деп дәлелдейді. Бірақ осындай көзқарас педагогиканың өз алдына дербес теориялық ғылым, демек, педагогикалық құбылыстарды зерттейтін саласы екендігін жоққа шығарады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар педагогиканы қолданбалы пән ретінде қарастыра отырып, оның негізгі атқаратын қызметінен басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, социология т. б. ) енген, тәрбие саласында пайда болған міндеттерді шешуге бейімделу. Мұндай қарастырудың негізінде педагогикалық тәжірибенің өмір сүруі мен жаңаруы үшін тұтастай іргелі негіз жасау мүмкін емес. Осындай педагогиканың мазмұны педагогикалық құбыластардың ол салалары туралы үзік түсініктердің жиынтығын құрайды. Ғылым мен тәжірибе үшін профессор В. В. Краевскийдің айтуынша, ең тиімді тұжырымы үшінші көзқарас, оның негізінде педагогика өзінің зерттеу нысаны мен пәні бар дербес ғылым ретінде қарастырады [5] .
Қоғамның даму барысында педагогика ғылымының аясы кеңейе түсті. Алғашында бала тәрбиесі туралы ғылым болып қалыптасқанмен, қазір педагогика ғылымының зерттеу нысаны мен пәні жан-жақты дамуда.
Педагогика туралы еңбектерде, педагогикалық оқулықтарда, анықтамалар мен энциклопедиялық басылымдарда педагогика ғылымына пән ретінде бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі анықтамалар беруді кездестіруге болады: педагогика - тәрбие туралы ғылым; педагогика - жас ұрпақты тәрбиелеу туралы ғылым; педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым; педагогика - жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.
Уақыт өте бұл анықтамалар нақтыланып, оның мәні кеңейтілген сипаттама болғанмен қазіргі кезеңге дейін сақталған болатын-ды: «Педагогика - адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz