Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих
Алматы энергетика және байланыс университеті
Ғарыштық техника және технологиялар факультеті
Топ: КТТк 18-1
Туған жердің көркі
Орындаушы: Қожахметов Ғ
Қабылдаушы: Берлибаев Б.Т
Алматы 2018 жыл
Киелі мекен - Шиелім екен.
Жер бетінде бір мекен бар киелі,
Деп айтады : ән менен жыр , күй елі.
Сұлу сырдың бойындағы иран бақ,
Атың қандай сүйкімді еді Шиелі!
Тарих көші талай шұбап өткен жер,
Талай ұрпақ өсіп-өніп төккен тер,
Талай дұшпан жеңбек болып өктеген,
Қайыспаған қарашаңыз неткен ер!
Оразбек Сәрсенбай
Шиелі ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3239755 га.
Шиелі ауданы - ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені "Таңбалы тас" тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты Телікөл де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке - Қызылқұм.
XX ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш Таштоп, кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.
1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.
Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.
Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады.
Аудандағы 40 елді - мекенде барлығы 77121 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 30459 адам, ауылдық елді - мекендерде 46662 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 95,7 пайызын қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,4 пайызын корей ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды.
Аудан бойынша 47 тарихи - сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан.
Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, Жеңіс мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар, 2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей мәдени қызмет етуде.
Ауданда 40 мектеп (оның 32 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 19 - ы типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 20 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.
Ауданда 23 СТК - дан бөлек 4 саяси партия өкілдіктері, 15 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары, 6 діни, 2 жастар қоғамдық бірлестіктері бар.
Шиелі ауданы - ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысында орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаhары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қазақтың тауының атасы қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін сырлы өзен Сарысу Таңбалы тас тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты Телікөл де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан. Түстігінде байырғы сары жел өлке - Қызылқұм [1].
Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих. Тарихшылардың, археологтардың ой-пікірі мен тарихи жазбаларға қарағанда Сыр бойы тарихы, оның ішінде Сыр өзенінің орта ағысына орналасқан Шиелі жері қай жағынанда болса да жұрт назарын аудартып, тарихы арыда жатқан өлке екені даусыз. Ежелгі Сыр - сонау Бегабаттан бастап Фараб пен Яссы, Сығанақ пен Бестам, Ташкент пен Жент, бір кездегі көк теңіз Хазар немесе қазіргі Арал теңізіне дейінгі ұлы алқаптың бүкіл әлемдік жылнамада өзіндік орны, өзіндік тарихы бар екені даусыз.
Бір мыңыншы ғасырдың ортасынан-ақ тарихта қыпшақ даласының Гаваны атанған Сығанақ қорғанының, Х ғасырда Оғыз хан мен Оқшы батырлар өмір сүрген әйгілі Бестам қаласының, Түркістандағы Яссауи кесенесіне дейін ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі қыпшақтардың бекзат азаматтарын жерлейтін пантеон болған Оқшы ата әулиелер мазаратының, Афрасиаб заманынан келе жатқан мортықтар мен обалардың, біздің дәуірімізден бұрын Сейхун дарияның арнасы болған Нәнсайдың осы Шиелі жерінде болуының өзі бізге көп жайды аңғартады. Шиелі аумағында бұдан басқа да қаншама қасиетті жерлер мен белгілер бар. Тоқтала кетсем, Жүніс әулие, Бақты ата, Қабыл ата кесенелері мен Ақ бикеш, Ақ сүмбе белгілері, кейін келе бой көтерген Қызыл там, Жөлек қорғаны, ата-бабамыздың қолымен тұрғызылған, солардың табаны тиген, ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қасиетті жерлер. Қорқыт қобызының сарыны осы Шиелі жерінен басталса, Бестамның тұсынан дарияның үстіне орналасқан.
Тарих - халықтың ғасырлар қойнауында жатқан ғұмырнамасы, мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі. Тарихта тіл жоқ. Оны қалай сөйлетсең, солай ойысып кете беретіні белгілі. Жүздеген жылдар бойы батыстың тарихына табынып, өз тарихымызды саралай алмадық.
Әлемді таң қалдырған ғұламалардың Шығыстан шыққанын білім мен ғылымның қайнар көзі Орта Азияда жатқанын білгеніміз де жоқ. Шын мәнінде кешеге дейінгі басымыздан өткен зобалаң дәуірлердің мұрасынан қазақ халқының тарихын бөліп алып, даралап бере қою да оңай шаруа емес.
Тарих - ата-бабамыздың бізге қалдырған мәдени мұрасы. Оны білу - ұрпаққа парыз. Сыр елі жыр елі аталса, соның шырайлы бір өңірі - Шиелі жері де өзіндік тарихы бар, салт пен дәстүрге толы.
Бұл өңірден де небір шайырлар мен шешендер, би мен болыстар, ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен ғұламалар, басқа да неше түрлі дарындар шыққан. Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөле-жара қарауға болмайтын біртұтас тарих.
Археологтар мен тарихшылардың пікіріне қарағанда Сыр бойы тарихы, оның ішінде Сыр өзенінің орта ағысында орналасқан Шиелі жері - қай жағынан болса да, жұрт назарын аударуға тұратын, тарихы арыда жатқан өлке. Аудан тарихы Жөлектен бастау алады.
Табиғаты бай Сырдария өзенімен де, жермен де оңды-солды қатынас орнатуға қолайлы мекен болғандықтан, Жөлек қорғаны соғылып, ең үлкен Хан базары осында болған.
Мұнда Абылай әскері мен Кенесары қолы ат басын тіреген. Орыс пен Орта Азия, Қазақстан арасында үнемі қақтығыс болса, соның көп дүбірі осы Жөлектің үстінде өткен. Қазіргі Шиелі қаласының негізі 1900-1905 жылдары, темір жол келген заманда қаланды.
Сол жылдары Шиелі, Бәйгеқұм, Тартоғай, Сұлутөбе станциялары соғылып, халық жиналып, қоныстана бастайды. Бұрын ата-атаға бөлініп, шағын ауыл болып отырған елдер топтаса бастайды. Елді бірлікке, бірігіп тірлік етуге, ынтымаққа шақыруда Қарасары Байсын деген кісінің үлкендігі мен көрегендігі көп пайда келтіреді.
1917 жылы желтоқсан айында Шиеліде кеңес өкіметі орнады. Шиелі большевиктерінің алғашқы отырысы өтіп, Шиелі Советі сайланды.
1991 жылы бұрынғы КСРО елдері сияқты Қазақстанға да ұлы өзгеріс келді. Ел егемендік алды, өз байлығы өзіне, өз билігі өзіне тиді. Әрине тосыннан келген жаңа қоғам құрылым, жаңа нарықтық бағыт біраз қиындықтар келтірді. Елде басталған жекешелендіру саясаты жоспарсыз, негізсіз жүргізіліп, біраз шаруаны шайқалтып тастады, ондаған жылдар жиналған мүлік талан-таражға түсті, мықтылардың қолында кетті.
Бар ауырлық халықтың мойынына түсті. Алайда, бұл қиындық бірте-бірте орынына келе бастады, ел есін тез жинап, жаңа бағытқа құлшына кірісе кетті. Біздің Шиелі ауданы да осы кезеңдердің қиыншылығын түгел бастан өткерді.
1991 жылы басталған жаңа нарық қиындығын аудан 4-5 жылдың ішінде артқа салып, тек ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласында ғана емес, әлеуметтік, мәдени салада да ілгерілеу болды. Аудан орталығында сәнді мешіт үйі, орталық алаңда орнатылған Мұстафа Шоқай мүсіні, түрлі шаралар өткізілетін алаң, су атқылаған фонтандар мен алаңның екі жағындағы бас қақпа көше сәнін келтіріп тұр.
Бұл әрине ұзақ жол, ауыр жол болғаны даусыз. Бірақ Шиелі халқының патриоттығы барлық уақытта да биік болды. Осының барлығы адамның қолымен жасалды, Уақыт керуені еш уақытта тоқтаған емес.
Ғасырлар жүгін арқалаған әрбір ұрпақ та өзара сабақтасып, бар жақсыны келер ұрпаққа мұраға қалдырумен келеді. Өмірдің өлмейтіндігі де сонда, адамзат ақылының кеңідігі, адамзат тарихының тұңғиық тереңдігі де осында.
Оның даналығы, құдіреті - өмірді жақсарту, жалғастыру, кейінгіге мұра етіп қалдыру, жетілдіріп, зерделеп қалдыру - бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Әлеуметтік-экономикалық паспорты
2011 жыл 1 шілдеге
АУДАННЫҢ АУМАҒЫ 3239755 га
Елді мекендердің аумағы
Шиелі кенті 3687 Ауылдық округтер Ақмая 12965 Ақтоған 105328 Алмалы 2965 Бәйгеқұм 3382 Бестам 4875 Гигант 21592 Жанатурмыс 19479 Еңбекші 498609 Жиделіарық 2753 Жөлек 70805 Жуантөбе 6614 Иіркөл 19652 Керделі 7095 Қарғалы 418902 Майлытоғай 92658 Сұлутөбе 608075 Қоғалы 415176 Талаптан 416641 Тартоғай 338832 Телікөл 84726 Төңкеріс 15972 Ортақшыл 68972
Аудан жерлерінің санаты: :: ауылшаруашылық жерлер - 192540 га :: елді мекендер жері - 61646 га :: өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа жерлер- 4376 га :: орман қорының жері - 1663265 га :: су қорының жері - 18545 га :: бос жерлер - 1486543 га
Халық саны
Аудан халқы: 77121 адам. Этникалық құрамы: -қазақтар -73789; -орыстар - 1500; -корейлер - 1110; -шешендер - 70; -украиндар - 76; -басқа ұлттар - 576.
Аудан басшылары
1928 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шушанян Говор Агенесович
1929 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Федосов
1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Коморов Ефим
1940 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Кенжеғараев Әбен
1941-1945 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Жүгрәлин Ғиззат
1945-1948 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Иманқұлов Иса
1948-1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Қаракөзов Көмекбай
1952 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Нұржанов Алпысбай
1952-1954 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әлжанов Әмзе
1954-1957 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Оспанов Сейдолла
1957-1962 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбдікәрімов Исатай
1962-1964 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Сопбеков Байбол
1964-1970 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Мұхамеджанов Ғафур
1970-1983 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Бәйімбетов Орынбасар
1983-1987 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Шаухаманов Сейілбек
1987-1989 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Әбенов Абдолла
1989-1992 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің І хатшысы - Ахметжанов Машарап
1992-1994 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ердешбаев Жолдасбек
1994-1995 жылы Шиелі ауданының әкімі - Әбибуллаев Ибрагим
1995-2000 жылы Шиелі ауданының әкімі - Тұрабаев Жарылқасын
2000-2001 жылы Шиелі ауданының әкімі - Жүсіп Серік
2001-2008 жылы Шиелі ауданының әкімі - Мұстафаев Ерлан Төлегенұлы
2008-2013 жылы Шиелі ауданының әкімі - Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы
2013 - 2014 жылы Шиелі ауданының әкімі - Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы
2014 жылдың мамыр айынан бастап Шиелі ауданының әкімі - Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы
Бюджет
2011 жылға арналған аудандық бюджет кірісі 5 млрд. 891 млн. 80 мың теңгеге нақтыланып, 2010 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өсті. Аудандық бюджетке 9 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аудандық бюджет өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 307 млн. 31 мың теңгенің орнына 1 млрд. 347 млн. 520 мың теңге болып 103,1 пайызға жеткен.
Бюджет шығысы 5 млрд. 872 млн. 278 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға (болжам 5 млрд. 896 млн 285 мың теңге) орындалды.
Инвестиция
Облыс бойынша 2011 жылы 221 млрд. 640 млн теңге инвестициялық қаржы тартылып 85,3 пайызды ғана құраса, жалпы көлемнен аудан үлесі 4.8 пайызды құрап, 124,9 пайызға өскен. Қаржы көлемін тарту көрсеткіші жағынан Қызылорда қаласынан кейінгі деңгейде орын алған.
Негізгі қорға салынған инвестиция көлемінде жергілікті бюджет қаржысы 5,4 пайыз, республикалық бюджет қаржысы 11,6 пайыз, кәсіпорындардың салған меншікті қаражаттары 82,9 пайызды құрады.
Өнеркәсіп саласы
2011 жылы облыс көлемінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі - 100.0 пайызды құраса, есепті кезеңде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 16 млрд. 167 млн теңгенің өнімін өндіріп, 100.0 пайызға орындалған яғни, облыстың орташа көрсеткішімен бір деңгейде болып отыр.
Оның ішінде: тау-кен өндірісінде облыс бойынша 99,9 пайызды құраса, ауданда 10 млрд. 436 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 106,4 пайызға өскен.
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауданның ауылшаруашылығы 2011 жылы барлық көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде І орын алып жылды қорытындылады. Жыл бойында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұқсату, өңдеу көрсеткіштерінен облыс рейтингісі бойынша аудан І орынмен қорытындылады.
2011 жылы ауданда 7 млрд. 731 млн. 678 мың теңгенің жалпы ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. 2010 жылмен салыстырғанда өсім 120,6 пайызды құрап, 1 млрд. 318 млн. 891 мың теңгенің өнімі артық өндірілген.
Ауданда өндірілген күріш көлемі есепті кезеңмен салыстырғанда 106,7 пайыз, өңдеу көрсеткіші 100,5 пайыз болып отыр.
Ауданда егін шаруашылығы бойынша 2011 жылы 23967 гектар жерге түрлі ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 8400 гектар күріш, 1650 гектар бидай, 233 гектар тары, 160 гектар дәндік жүгері, 249 гектар мақсары, 56 гектар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz