Паразиттік аурулар


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
Ветеринария факультеті
Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы
Өндірісітік практика
ЕСЕБІ
Мамандығы 5В120100-Ветеринариялық медицина
«Арал аудандық ветеринариялық станциясы» КМК
(өндірістік практика өткен мекеме атауы)
Орындаған: Тулеева К, 5 курс студеті ВМ-504 (Қ) тобыЖетекші: профессор в. ғ. к Заманбеков Н. А.
Есепті қорғау қортындысы:
қорғаған күні «»2018ж.
бағасы
(жетекшінің қолы)
Алматы 2018 ж
Жоспары
Кіріспе . . . 3
- «Арал аудандық ветеринариялық станциясы» КМК-мен таныстық және атқарылған қызметтер . . . 4
- . . . 11
- Ветеринариялық хирургия . . . 12
- Акушерлік гинекология . . . 12
- Ішкі жұқпалы емес аурулар . . . 13
- Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу . . . 14
- Паразитология . . . 15
Қорытынды . . . 16
Пайдаланған әдебиеттер . . . 17
Кіріспе
Қызылорда облысы, Арал ауданы «Арал аудандық ветеринариялық станциясында» КМК 19. 03. 2018- 14. 04. 2018жыл аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Арал аудандық ветеринария станциясының директоры: Жұмашев Қалыбай
Мекен жайы: Қ. Ерімбет 62.
Телефон: 8724 332 12 10
Өндірістік іс-тәжірибе оқу жолында студентті баптау және шыңдау, ветеринариялық дәрігерді дайындау үстіндегі ең негізгі саты, ең негізгі қадам. Іс- тәжірибе студентке кең түрде ветеринариялық дәрігердің міндет мақсатымен танысуға, теориялық білімін тәжірбиемен шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан қорғау шараларын да ұдайы жүргізір отырады. Ветеринария ісінің жалпы мағынасы оның өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін сан алуан арнайы шараларды іске асыруда екені көрінеді.
Сондықтан ветеринария ісі деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқты мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық шаралар кешенін айтады.
Ветеринария ісінің жағдайы қоғамдық құрылысқа, өндірістің даму деңгейіне, материалдық-техникалық жабдықтауға, ғылым мен мәдениеттің, ветеринария саласында білім берудің дамуына, кадрлармен қамтамасыз етуге көп байланысты болады.
3. Ветеринариялық хирургия.
Жара түсінігі және түрлері. Жара - терінің ашық механикалық зақымдануы, кілегей қабықтары, тереңдегі ұлпалар мен органдардың, ауырсынумен сипатталатын, үңiреюмен, қансыраумен және функцияларының бұзылуымен сипатталады. Эпидермистің бүтіндігінің зақымдануытері сыдырылған жер және сызатпен болады. «Жаралау» терминін определяют жаралайтын затты ұлпалар бүлiнуiн процессімен анықтайды. Жарақатта шет, қабырға, түп және қуысты танып бiледi. Терінің шеткі жағы, қабырғасы -фасциямен, қосушы ұлпа, клетчаткамен, бұлшықетпен; түп - жарақаттың терең орналасуынан жұмсақ ұлпалар немесе сүйекті болып көрінеді. Егер жарақат саңылау кiрiс және шығатын ие болса, оны - тесіп өткен дейді. Егер жаралайтын зат анатомиялық сызыққа жетсе оны енетеін дейді. Жара қатты ауырсынумен, патологиялық реакцияның дамуымен, сонымен қатар функционалды бұзылылармен және токсико-инфекциялық көрсеткіштермен болады.
Емі: Іріңді жарақатты емдеу қабынусыз жарақаттан емдеулердің айырмашылығы бар.
1. Іріңді алаңды хирургиялық өңдеу.
2. Антисептикалық ерітінділермен ұзақ жуу, калий перманганатының әлсіз ерітіндісін қолдандық.
3. Күніне 2 мезгіл левомеколь жақпа майын жағуды иесіне тапсырдық.
3. Антибактериалды терапия- жамбас бұлшық етіне Нитокс препаратын 15 мл енгіздік.
4. Жалпы резистенттілігін көтеру үшін глюкоза 400 мл ерітіндісіне гамавит қосып венаға енгіздік.
4. Акушерлік гинекология.
Шудың түспей қалуы. Туу процесінің шудың бөлініп түсуімен аяқталады. Сиырларда шуы 5-6 сағаттың ішінде, биеде 0, 5 сағат, қой мен ешкі, мегежін, қоян, мысықтың шуы 2-3 сағат ішінде бөлініп түседі.
Шудың түспей қалуының негізгі 2 себебі бар: жатыр атониясы мен хорионмен жатыр кілегейлі қабатының кейбір жерлері жабысып қалуы. Жатыр атониясы малдың рационында минералды заттардың, витаминдердің жетіспеуінен, шамадан тыс немесе арықтап кетуінен болады. Түспей қалған шу 2-3 күннен кейін іріп-шіріп, сиырдыңқасына барғанда сасық иіс білінеді, жатырдың кілегейлі қабаты тітіркеніп қабына бастайды. Биенің шуы түспей қалса өте қауіпті, сиыр сияқты шыдамай өліп қалады.
Емі. Алдымен жатыр тонусын көтеретін препарат қолданылады. Ол үшін Д. Д. Логвинов аортаға 40-50 өлшемдік окситацин немесе питуитрин 8-10мл, сиырға 0, 5кг қант езіп ішкізеді. Бұл ем әсер етпесе шуды қолмен алуға тура келеді. Ол үшін дәрігер қолын тазалап жуып ихтиол майымен майлап әрбір карункуланы котилидоннан ажыратамыз. Бұл операцияға кіріспес үшін малға сокральды анестезия жасайды. Шуды алып болған соң антибактериалды препарат саламыз(фуразолидон, экзутер, ихтиол ерітіндісі) .
6. Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу
Вакцинациялау жұмысын жүргіздік. Үй-үйді аралап аусылға қарсы вакцина салынды. «Вакцина против ящура инактивированная сорбированная моновалентная» атты вакцина салындық. ІҚМ-3см³, ҰМ-1см³ көлемінде және жаңадан туылған бұзау, қозыларды сырғалап, арнайы журналға тіркеп жазып алдық.
Жұқпалы емес ішкі аурулар.
Капростаз. Егерде жын аш ішектерде іркілсе, оны химостаз, ал тоқ ішекте іркілсе-копростаз деп атайды. Шаншудың салдану түріне жатады. Себептері. Химостаз бен копростаз малда оларды ұзақ мерзім сапасы төмен ірі азықтармен (кеш орылған пішенмен, сабанмен, топанмен) немесе ұсақ майдаланған құрама жеммен, жармалармен, ұн нанымен азықтандырғаннан пайда болады. Минералды заттар және витаминдер тапшылығы, серуеннің жоқтығы, ұзақ мерзім жұмыс атқармау, ішектердің улануы, перистальтиканың төмендеуі, тістердің аномалиясы, жүрек әлсіздігі маңызды роль атқарады. Дамуы. Копростаз жиі бүйен ішекте, үлкен жиек ішектің жамбас бүгілісі мен қарын тәрізді кеңейген жерінде, сирек кіші жиек ішекте пайда болады. Жиналған қатты жын ішектің қабырғасын керіп, кілегейлі қабықты тітіркендіріп оны қабынтады, кейде некроздандырады. Сол себепті ішектердің ауырсынуы ерекше «шаншу» синдромы байқалады.
Симтомдары. Анамнез мәліметтеріне сүйене отырып, мал ішін тепкілеп, жиі нәжіс бөлердей, несеп шығарардай кейіпте болып, тынышсызданғанын білдік. Копростазда, ұстаманың бас кезінде қатты мазасызданады, соңынан үзбей мазасызданады, ентікпе, тахикардия, кекіру және құсу болады. Бұл белгілердің барлығы асқазанның туындаған созылуына тән.
Тік ішек арқылы зерттегенде жынның іркілгенін байқадық.
Емі . Тыныштандыру үшін жамбас бұлшық етіне 15 мл ветрагин препаратын ектік. Вазелин қолданып жылы клизма жасадық. Венаға дисоль ерітіндісін (1200 мл) жібердік. Уланумен, сусыздануды жою үшін Глауберов тұзын 15 л суда ерітір, ішкіздік.
. Паразитология
Паразиттік аурулар. Түйе цефалопинозы - дер нәсілдердің танау қуысы, танау кеңсірік кеңістігінде, торша сүйектің қуыстарында тоғышарлығынан туындаған ауру. Қазақша төл атаулары: тұмыр, көмейқұрт, түйеқұрт, мұрын ауруы.
Цефалопиноз негізінен түйе шаруашылықтары дамыған: Орталық, Оңтүстік, Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен кездеседі. Инвазия экстенсивтілігі (ЭИ) кейбір жылдары 70%-дан 100 %-ға, ал инвазия интенсивтілігі (ИИ) 25-170 дернәсілге дейін жетеді. Қос немесе дара өркешті түйелер арасында ауруға шалдығу деңгейінің айырмашылығы жоқ. Жер ерекшелігі ескерілсе, шөлді аймақтарға қарағанда шөлейт және далалы жерлерде ауру басымырақ (бөгелектің ыстыққа шыдамсыздығынан) кездеседі. Жайылым алмастырылатын аудандарда (көшпелі құмдар) цефалопиноз кең ауқымда байқалмайды, ал үнемі бір жайылымды қолданатын шаруашылықтарда таралу деңгейі өте жоғары.
Сыртқы белгілері. Цефалопиноздың таралу ауқымдылығына, маусымдылық ерекшеліктерге, ағзаның резистенттілігі мен қоздырушының даму сатысына қарай өрбиді. Алғашқы сатыдағы дернәсілдер танау қуысын жайлаған кезде басын шұлғу, танауын жерге, қора қабырғасына, ағаш, бағаналарға үйкеу, пысқыру, мойнын созу белгілері байқалады. Біртіндеп танаудан кілегейлі, кейіннен іріңді сорасы ағып, мал жүдейді. Күзге қарай сыртқы белгілері бөгелектің ұшуы тоқталуына сәйкес өшкін түрде ауысып, қыс айларында 2, 3- сатыдағы дернәсілдердің кеңсірік, көмейге қарай ығысуы көзге көрінетін кілегейдің қызару, қанталау, домбығу (цитоскоп көмегімен), ысқырып дем алу, адған азықты шайнамай аузын ашып дем алу, күйісінен жаңылу, көмей тұсының басқанда ауырсынуы, т. б. әкеліп соғады. Дернәсілдер көп болғанда кейде танаудан қан ағып, жағымсыз иіс шығады. Уақтылы малдәрігерлік көмек болмағанда ауру түйе тұншіғіп өліп кетеді. Сонымен қатар, бұрынғы Шымкент облысында цефалопинозға трипанозомоз қосарлағанда (парозитоценоз түрінде) түйе жағдайы күр төмендеп, өлімге көп бас ұшырағаны мәлім.
Түйе цефалопинозын дауалау және емдеу. Індет ошағында қой экстрозы мен түйе цефалопинозы байқалғанда алдын ала қымталып жабылған қораға ауру малды енгізіп, аэрозольді генераторлардың (АУ-1) көмегімен ДДВФ-тің 60 мг, немесе 10-24%-дық хлрофос ерітіндісінің 4 г, 10 %-дық сульфидофостың 2 г, 1%-дық неоцидолдың 120 мг, 5%-дық колорцидтің 100 мг, 16, 7 %-дық циодриннің 3 г әр 1 м3-ге тозаңдату арқылы бүркіп емдейді. Экспозициясы - 1 сағат. Қораның ішіндегі температура 16-250 С шамасында болуы керек. Бұл аталған емдеу жұмыстары бөгелектің ұшу мерзімі аяқталған соң солтүстікте қыркүйек-қараша, оңтүстікте екі мәрте: маусым-шілде және қараша-қазанда жүргізіледі. Сонымен қатар, бөгелектің екі генерациялы үлгіде дамитын региондарында химиотерапияны ивомекті (1мл/50 кг салмаққа), фасковеримді (0, 5сл/25 кг) тері астына жіберу арқылы өткізеді.
Түйе цефалопинозында аэрозольді генератор болмағанда диоксафос немесе сульфидофос-20 препарттарының бірімен әр 1 кг салмаққа 20 мг дозада желкеден өркешіне дейін ерітінді түрінде құюға болады.
Жекеменшіктегі түйелер аз болса, бөгелек ұші кезінде 3-5 күнде бір реттанау қуысының кіре берісін 2 %-дық ДДВФ араластырылған вазелин майын жақса жеткілікті.
Қызылорда облысы, Арал ауданы “Ықылас” шаруашылығына меншікті ірі қара мал өлексесін патологиялық-анатомиялық сойып-зерттеу
ХАТТАМАСЫ
Сойып зерттеуді 2018 жылы 10 қазан күні сою орнында ветеринария дәрігерлері Р. Қалағанов, Е. Жұмағалиев, Ж. Сражадинов және ҚазҰАУ университетінің ветеринариялық медицина мамандығы 504 топ студенті К. Тулееваның қатысуымен жүргізді.
Анамнездік мәліметтер . Ірі қара мал қазан айының 10-ында ауырып, сол күні өлген. Аурудың клиникалық белгілері: жалпы күйі күйзелген, іші күмпиіп, үрленген. Жем мен суға мүлде қарамаған. Тыныс алуы қиындаған. 2018 жылы 10 қазан, сағат 12 :15 ірі қара мал өлген.
Клиникалық диагноз - тимпания.
Сыртқы көрінісі.
I. Танымдық белгілері: 6 жасар сүтті бағыттағы сиыр өлексесі, тұқымы- қазақтың ақбас сиыры, түсі-денесі қызыл, басы-ақ, қоңдылығы орташа, дене бітімі- дұрыс.
II. Өлекселік өзгерістер: өлексе суымаған.
III. Арнайы бөлім.
Кілегейлі қабықтары : көздің, ауыздың кілегейлі қабықтары бозғылт.
Тері серпімділігі, жүні қалыпты.
Тері асты шелі бас, мойын, көкірек қуысы, желін аумағы ісінген, тілік беті ылғалды, сарғыш түсті сұйықтыққа толған.
Беткейлік лимфалық түйіндерінің көлемі ұлғайған, тығыздығы қатты, тілік беті ылғалды, нүктелі қанталаулар бар.
Қаңқа бұлшық еттері күрең қызыл түсті, серпімділігін жоғалтқан, тығыздығы болбыр.
Ішкі көрінісі.
Құрсақ қуысында мүшелердің анатомиялық орналасуы дұрыс. Сірлі қабығы бозғылт қызғылт түсті, жылтыр, ылғалды. 2 литрдей қызғылт түсті, мөлдір сұйық бар.
Көкірек қуысы мүшелері дұрыс орналасқан, плевра қызғылт түсті, жылтыр, тегіс, нүктелі, дақты қанталаулар бар.
Мойын, ауыз және көкірек қуыстарының мүшелері.
Ауыз қуысы бос. Тілдің кілегейлі қабығы ақшыл түсті, шамамен ұлғайған, тілік бетінің суреті сақталған, еті нығыз.
Жұтқыншақ кілегейлі қабығы бозғылт қызыл түсті, жылтыр, тегіс, ылғалды.
Өңеш кілегейлі қабығы қызғылт түсті, тегіс.
Көмей кілегейлі қабығы қызғылт сарғыш түсті, тегіс, жылтыр, ылғалды.
Кеңірдек кілегейлі қабығы сарғыш түсті, көптеген нүктелі қанталаулар бар, қуысы көбікаралас қызыл түсті сұйыққа толған.
Өкпе көлемі аздап үлкейген, түсі күрең қызыл, тығызығы қамыр тәрізді, тілік бетінен көбік аралас қызғылт сарғыш сұйық ағады. Суға салып тексергенде, өкпе кесекшелері су бетінде ауыр қалқиды.
Жүрек қабының құысында біршама ашық сарғыш түсті сұйық бар, эпикард бозылт қоңыр түсті, жылтыр, тегіс, астында көптеген нүктелі, дақты қанталаулар бар, қан тамырлары кеңейген. Миокардтың түсі піскен ет тәрізді, бозғылт қоңыр, тығыздығы болбыр, оң жақ қарыншасы мен сол жақ қарыншасы қабырғалары қалыңдығының ара қатынасы 1:3. Эпикард сұрғылт қоңыр түсті, дақты қанталаулар бар.
Қолқа мен өкпе артериясы серпімді, интимасы дақты қанталаулар бар.
Құрсақ және жамбас қуыстарының мүшелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz