Анаэробтық клостридиялық инфекция



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
Инфекцияға сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Анаэробты инфекция туралы түсінік, жіктелуі
2.2. Клиникасы, емі және алдын алуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Инфекция -- микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. Инфекция деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды. Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір-бірімен қарама-қарсы (антагонистік) жағдайда болады. Сапрофиттік тіршілік етуге қарағанда паразитизм - ол тірі ортада өмір сүру. Паразиттің ие организміне патогендік әсер етуі және ие организмі жағынан оған жауап беретін қорғаныс реакциясы паразитизмнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Паразитизм - түрге тән және тұқым қуалайтын қасиет. Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттік тіршілік етуге қабілетті. Ие организмнің тіршілік етуі мәңгілік емес, уақыт мерзімі бойынша шектелген. Сондықтан, паразиттер үшін мекендейтін ортасын ауыстыру қажет. Олардың екі тіршілік циклі болады: тірі организмдегі - паразиттік және одан тыс жердегі паразиттік емес тіршілік ету фазалары. Паразиттік емес тіршілік ету деп, кең мағынада сапрофиттік тіршілік ету жағдайын және де шартты-патогенді бактерияларға тән паразитизмнен өзгеше түрлерін (мутуализм, комменсализм, метабиоз т.б.) түсіну керек. Микроб биологиялық түр ретінде тіршілік сақтай алатын ортаның маңызы зор. Оны ең басты спецификалық тіршілік ортасы дейді. Өйткені "паразитизм" термині - бұл ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитизмдік дәрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.Кездейсоқ паразиттерге автономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер, және де басқа органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады. Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттілігін сақтайды. Тіршілік етудің сапрофиттік фазасы олар үшін ең негізгі және сөзсіз қажет, ал паразиттік фаза ауық-ауық қана қажет. Осыған орай, мекендейтін екі ортаға байланысты паразит популяциясы екі бөліктен тұрады: организмнен тыс (сапрофиттік) - ол негізгісі, және де организмдік (гостальдық) - ол кездейсоқ болып табылады. Оларда трансмиссивтік берілу жолы болмайды. Олар ашық паразиттік жүйе құрайды. Оларға нағыз сапроноздардың қоздырғыштары жатады. Кездейсоқ және факультативті паразиттер сапрофиттен облигатты паразитке өтудің ауыспалы кезеңдік түрі болып табылады. Сонымен, олардың организммен байланыс тығыздығы облигатты паразиттен кездейсоқ паразиттерге қарай азая бастайды, соңғылар үшін тіршілік етуге сыртқы ортаның ролі арта бастайды. Микробтың қоректік қажеттілігі ие жасушасымен байланысы тығыз болған сайын оның паразиттік қасиеті жоғарылай береді. Осының негізінде микробтардың мутантты түрлері іріктелген. Эволюциялық даму барысында сапрофиттер өзіне қажет емес ферменттерді және басқа биологиялық жүйелерді жоғалтқан. Себебі олар өзіне керекті заттектерді дайын түрде ие организмінің жасушасынан алады. Мысалы, риккетсияларда гликолиттік циклге қатысатын ферменттер жоқ, хламидияларда АТФ синтезі жүрмейді, ал вирустардың ақуыз синтездейтін меншікті жүйесі жоқ.

Негізгі бөлім
2.1. Анаэробты инфекция туралы түсінік, жіктелуі
Анаэробтық инфекция (син.: анаэробтық өліеттену, газды инфекция, бұлшық еттің анаэробтық қабынуы) - анаэробтық микроорганизмдер тудыратын, бұлшық ет пен дәнекер тіндерді зақымдайтын ауыр да улы жарақат инфекциясы. Ол жарақаттың ең қауіпті асқынуы.
Аэробтық микроорганизмдер тудыратын қабыну процестерінен айырмашылығы анаэробтық инфекция кезінде қабыну реакцияларының белгілері болмайды, алдымен өліеттену процестерінің өршуі, ісіну, газ түзілуі орын алады. Мұның өзі организмнің анаэробтық микроорганизмдердің тіршілік әрекеттерінің және тіндер ыдырауының өнімдерімен ауыр улануына әкеп соқтырады.
Анаэробты инфекция тарихы. Жұмсақ тіндердің анаэробтық инфекциясын алғаш рет 1562 жылы сипаттап жазып, оны госпитальдық өліеттену (гангрена) деп атаған. Амбруаз Паре болды. 1839 жылы Вельпо анаэробтық инфекцияның клиникасын сипаттап, оның жарақатпен байланысы бар екенін атап көрсетті және жарақаттық өліеттену деп атаған.
1853 жылы француз хирургі Мезоннев анаэробтық инфекцияның клиникалық көрінісін сипаттай отырып, оны жасанды өліеттену деп атаған, Бұл атау біздің күнімізге дейін сақталып келеді.
Орыс хирургі Н.И.Пирогов жергілікті ступор және жедел қатерлі ісіну деген атпен анаэробтық инфекцияның классикалық сипатын берді және оның жарақат эпидемиясы - соғыспен байланысын атап көрсеткен. Сонымен қатар, ол соғыс кезінде анаэробтық инфекцияның дамуы мен тарауына әсер ететін себептерді толық талдап берді.
Н.И.Пирогов жарақат жұқтырғыштарының таралу жиілігінің өзгеріп отыруының себебі қолданылған қарудың айырмашылығында, яғни жарақаттың сипатына байланысты деп түсінген. Ол ауа райының, азығының, қажуының және психикалық жағдайының анаэробтық инфекцияның дамуына әсері болатынын атап көрсеткен.
Анаэробтық инфекцияның негізгі 2 түрі бар:
1. Классикалық клостридиялық (спора түзгіш) инфекция.
2. Клостридиялық емес (спора түзбейтін) инфекция.
Анаэробтық клостридиялық инфекция. Жарақат инфекциясының бул түрі кез келген жарақаттың ауру мал өмірі үшін аса қауіпті асқынуларының бірі болып саналады. Классикалық қоздырғыштарға мыналар жатады:
1. Clostridium perfringens (44-50%)
2. Clostridium oedematiens (15-50%)
3. Clostridium septicum (10-30%)
4. Clostridium hystoliticum (2-6%)
Осы бактериялардың барлығы да спора түзетін анаэробтық таяқшалар. Бул таяқшалардың патогендік микроорганизмдер арасындағы алатын үлес салмағы 5%. Хирургиялық инфекциялардың 80% аралас, анаэробтық-аэробтық болып саналады. Аэробтық инфекцияның өкілдері оттегін пайдаланып, анаэробтық инфекцияның дамуына қолайлы жағдай туғызады. Патогенді анаэробтар табиғатта кең таралған және сапрофиттер түрінде көп мөлшерде сүтқоректілердің асқазан-ішек жолдарында тіршілік етеді. Топыраққа нәжіспен бірге түсіп, оны ластайды. Анаэробтардың барлығы да химиялық және термиялық факторларға төзімді. Анаэробтық бактериялардың дәнекер тін мен бұлшық етті өлеттендіретін күшті улы заттар бөлетін қасиеті бар. Басқа касиеттеріне қанды ыдырату, тамырларды бітеу, миокард, бауыр мен бүйректі зақымдау жатады. Анаробтық инфекцияға газ түзілуі және шамадан тыс ісіну тән. Мысалы, Clostridium perfringens үшін газ түзілуі тән болса, Clostridium oedematiens үшін -- ісіну, Clostridium hystoliticum үшін -- тіндердің өлеттенуі тән. Анаэробтық инфекцияның дамуы үшін, патогендік флораның агрессивті түрде көбеюіне мүмкіндік беретін, белгілі бір бірқатар жағдайлар болуы тиіс. Бұл жағдайлар жарақаттың сипатымен, орналасқан жерімен және жаралының жарақат алғаннан кейінгі таяу күндердегі жалпы жағдайымен сабақтасты. Клостридиялар облигаттық анаэроб болғандықтан тірі тіндер ғана емес, оттегімен қаныққан сыртқы ауамен жанасатын өлеттенген тіндерде де көбейе алмайды.
Анаэробтық инфекцияның дамуына мына факторлар жағдай туғызады:
1. Тіндердің ауқымды жарақаттануы мен олардың топырақпен, бөгде денелермен ластануы, оттегімен нашар жабдықталуы.
2. Таңғыштар, қылбұрау салу, үлкен қан тамырларының жарақаттануы мен оларды бастауынан байлау салдарынан тіндердегі қан айналысының бүзылуы.
3. Қанды көп жоғалту мен жарақат кезіндегі шок.
4. Жаралының организмінің қажуы, дерт немесе басқа да факторлар салдарынан әлсізденуі.
5. Жарақат алған жерге байланысты: анаэробтық инфекция аяқ-қол жарақаты кезінде жиі дамиды, өйткені аталған дене бөліктері басқа ағзаларға қарағанда ластау және үлкен бұлшық ет массивтері жарақатталады.
6. Көктемгі және күзгі ылғалды мезгіл анаэробтық инфекцияның дамуына қолайлы.
7. Жарақат өзегі терең және сыртқы ортамен байланысы нашар қуыстың болуы.
Жіктелуі. Анаэробтық инфекцияның ең сәтті жіктелуін ұсынған М.В.Вейнберг болатын. Оның негізі болып анаэробтық инфекцияның түрлерінің қоздырғышына әртүрлі дәрежеде тән басты белгілері алынған: әсәну мен газ түзілісі(эмфизема).
Осы классификацияға сәйкес анаэробтық инфекция мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Эмфизематоздық немесе классикалық түрі - газ түзілуі ісіну процестерінен басым болған жағдайда;
2. Улы немесе ісікті - газ түзілісі бәсең - ісіну процестері алдыңғы орынға шығады;
3. Аралас түрі - ісіну мен эмфизема процестері қатар жүреді. Анаэробтық инфекцияның бұл формасы улы және вирулентті флораның қоздырғыштардың қоспасынан туады.
4. Шірулік түрі - патогендік қасиеттері әлсіз қоздырғыштар спорасының көбеюіне байланысты тіндерде өліеттену процестері дамиды, олар өз кезегінде тіндерде анаэробтық инфекцияның басты қоздырғыштарының көбеюіне жағдай туғызады.
5. Флегмонозды түрі - бұл түрінде ісіну мен эмфизема әлсіз көрінеді, таралуға бейімді емес, екіншілік инфекция қоздыратын іріңдік процестермен қосарланып жүреді және солардың тасасынан байқау қиын болады. Инфекцияның бұл түрі басқа түрлерімен салыстырғанда қолайлы жүреді және хирургиялық емге тез көнеді.
Клиникалық көріністерінің жылдамдығына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1. Жай тәріздес түрі
2. Тез өршитін түрі
3. Баяу өршитін түрі
Анаэробтық инфекцияның өсу кезеңі басым көпшілігіне 2-5 тәулік болады. Кейде бұл кезең бірнеше сағатқа созылса, кейде 5 тәулік, бір аптаға дейін созылады. Дерт неғұрлым ерте басталса, соғұрлым қатаң түрде жүреді және нашар болжамды болады.

2. 2. Клиникасы, емі және алдын алуы
Клиникалық көрінісі жергілікті және жалпы белгілерден құралады.
Жергілікті белгілері. Сырқаттар жара тұсының қатты кернеп ауыратындығына, жұмсақ немесе гипсті таңғыштың тез ісінуден қысатындығына шағымданады.
Анаэробтық инфекцияның жергілікті белгілері мыналар:
1. Жараның өзіне тән сыртқы түрі:
1. Байламаны шешкен кезде жарақыт тұсының құрғақ және өлік тәріздес түрі назарды өзіне аудартады. Жарадан шығатын бөлінді мардымсыз, кілегейлі және жағымсыз иісті;
2. Жарақат айналасындағы тері көгіс тартқан, ұстағанда салқын, бозғылт түсті, көгілдір немесе қола түсті дақтар пайда болады, қола немесе көк түсті бітелген, кеңейген беткі көк тамырлар көрініп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі
Профилактикалық антисептика
Сепсистің этиологиясы
Сепсис туралы жалпы мәлімет
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Жүн және тері, ішіктік заттардың микрофлорасы
Іріңді жараларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар
Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету
Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пәндер