Талдаудың электрохимиялық әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Талдаудың электрохимиялық әдістері

Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1.Кондуктометрия, теориялық негізі, әдістердің жіктелуі , титрлеу
2. 2. Поляграфия
2. 3. Потенциометрия. Әдістің жіктелінуі. Потенциометрияның теориялық негіздері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

І. КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі аналитикалық химияны XX ғасырда қарқынды дами бастаған сапалық жоне сандық талдаудың электрохимиялық әдістерінсіз қарастыру мүмкін емес. Оның кауырт дами бастауы теориялық электрохимиямен және өлшеуіш радиоэлектрондық аппаратураларды зерттеумен байланысты. Мұнсыз талдаудың электрохимиялық әдістері жоғары сезімталдық, дәлме-дәлдік, тездік, қайта өңдеп шығару, автоматтандыру мен компьютерлену сияқты қасиеттерге жете алмаған болар еді.Электрохимиялық ұяшықтарда пайдаланатын электрохимиялық эффектілер мен процестер көптеген параметрлерге тәуелді: ерітінділердің, балқымалар мен қоспалардың құрамы мен табиғатына; қолданылатын электродтардың жасалуы мен құрылысына; радиоэлектродтық зерттеу аппаратураларына; ұяшықтың құрылыс-құрылымына. Талдаудың электр химиялық әдістерінің сан түрлілігі осыларға байланысты.
Электрохимиялық әдістің көмегімен кез келген агрегаттық күйдегі анорганикалық және органикалык қосылыстарды сандық және сапалық тұрғыдан талдауға болады. Зерттелетін ортадағы электр химиялық процестер өзара жанасатын фаза шекараларында немесе олардың көлемінде жүреді, олар құрылымның, валенттік күйдін, химиялық құрамның, концентрациянын және басқа да параметрлердің өзгерісімен байланысты. Электрохимиялық талдау әдістерін әрқайсысын жіктеуге болатын топ-топтарға бөліп қарастыруға болады. Мысалы, потенциометрия, кондуктометрия және жоғаргы жиіліктегі титрлеу, вольт-амперметрия және полярография кулонометрия, диэлектрометрия

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1.КОНДУКТОМЕТРИЯ
Электролиттердің концентрациясын кондуктометрлік әдіспен анықтау талданатын ерітіндінің электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген. Кондуктометрия - ең қарапайым және талдап сұрыптаудын электрохимиялық әдісі. Кондуктометрлік әдістердің барлығы жылдамдығымен, өлшеуіш аспаптарының оңай табылуымен, жұмысының ыңғайлылығымен, қанағаттанарлық дәлдігімен, өндірістік, технологиялық және лабораториялык жағдайларда талдауды автоматты түрде, әрі қашықтықған жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.
Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Ал белгілі бір арнайы жағдайды сақтаганда талдау қателігі 0.2 %-ке дейін азаяды. Кондуктометрлік ұяшықтарды термостатсыз өлшегенде, бұл қателіктер 3 %-ке артады, өйткені температураның бір градусқа жоғарылауы электр өткізгіштікті 2 не 3 проценттей өзгертеді. Демек, ерітінділерді термостаттау кондуктометрлік талдау әдісінің дәлдігін арттырады.

КОНДУКТОМЕТРИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі - осы ерігіндінің кедергісіне кері шама, әрі ол сыртқы электр өрісінің әсерінен еріген заттыіі электр тогын өткізу қабілетіне байланысты. Ендеше бүл эдіс электрдің негізгі заңдарының бірі Ом заңына бағынады:
I = Е R
мұндағы I - ток күші, Е - потенциал айырымы, R - кедергі.
Кондукгометрияда өлшенетін шама ерітіндінің кедергісі немесе электр өткізгіштігі болуы мүмкін. Электролит ерітіндісі - үш өлшемді өткізгіш. Ал кез келген ерітінді кедергісінің шамасы ұяшықтың құрамына, материалына, шамасына және электродтардың кеңістіктегі орналасуына тәуелді

КОНДУКТОМЕТРЛІК ӘДІСТЕРДІН ЖІКТЕЛУІ .ТУРА ЖӘНЕ ЖАНАМА КОНДУКТОМЕТРИЯ.
Талдаудың кондукто метрлік әдістерін қолдану ауқымына қарай үш топқа бөлуге болады: таза заттын, ерігіндінін құрамын және физикалық-химиялық өзгерістердің кинетикасын зерттеу; ғылымдық, технологиялық және өндірістік процестерде бақылау үшін қолданылатын талдау кондуктометриясы; эквиваленттік нүктені (э.н.) анықтау үшін пайдаланылатын кондуктометрлік (автоматтық) титрлеу.
Аналитикалык кондуктометрияны тура және жанама деп жіктейді. Тікелей кондуктометрия әдісінде зат концентрациясын ерітіндінің электр өткізгіштігі бойынша анықтайды, онда да бұл екеуінің арасындағы тура пропорционалдық тэуелділіктін болуына байланысгы. Тура кондуктометрлік талдау әдісі өте карапайым болғанымен, ол өте шектеулі қолданылады, өйткені болмашы ғана кездейсок электролит қоспасы ерітіндінің электр өткізгіштігін едәуір езгертуге бейім тұрады.
Жанама кондуктометрия әдісі. Бұл әдіс көп кұрамды ерітіндідегі тек бір ғана құрамдас бөлікті талдаған кезде, кондуктометриямен қатар талдаудың басқа да физикалық-химиялық әдістерін қолдануга негізделген. Сол сияқты жанама кондуктометрия әдісіне ерітіндідегі ойтеуір бір қосылыс немесе сумен әрекеттесіп, электр өткізгішті өзгертуге себепші болатын газдың концентрациясын анықтау да енеді, мысалы, С02, NH3, S02, S03, N02 және т.б.

КОНДУКТОМЕТРЛІК ТИТРЛЕУ
Титрлеу процесін бақылау үшін электр өткізгіштікті өлшеу әдісін колдануды берілген ерітіндінің электр өткізгіштігі реагент не реакция өнімінікінен айтарлықтай өзгеше болған жағдайда қолдануға болады. Титрлеу кезінде ұяшык тұрактысын білу шарт емес, өйткені ә.н.-ді табу үшін салыстырмалы шамалар да жеткілікті. Алайда электродтар арасы өзгеріссіз қалғаны абзал, яғни олар кеңістікте мықты орналасуы керек.
Кез келген ион ерігіндісінің электр өткізгіштігіне қосар үлесі, оның концентрациясы мен эквиваленттік электр өткізгіштігіне тура пропорционал, бірақ титрлеу барысында реагенттің қосылуына қарай ерітіндінің көлемі артып отырады. Бұған электр өткізгіштікті есептеу кезінде ерітіндіні сұйылтқанда өзгеріс енгізу керек. Сызықты тәуелділіктен ауытқу іс жүзінде реакцияға түсуші зат не өнімнің гидролизденуі немесе тұнбанын ішінара еруі не тұрақтануы салдарынан байкалады.

КЕЙБІР ИОНДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛҒЫШТЫҒЫ

2. 2. ПОЛЯГРАФИЯ
Полярография (фр. polarographie) -- ток пен заттың концентрациясының өзара тәуелділігінеқ туатын электр тоғын анықтауға негізделген, анализ жасауға арналған электрохимиялық тәсіл., Биологиялық сұйықтарда (қан,сілекей, зәр), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электродтар классификациясы
Талдаудың негізгі физика - химиялық әдістері
Абсорбциалык спектроскопия жалпы сипаттама беру
Электрохимиялық талдау әдістері
Аналитикалық химияның даму тарихы
Медициналық тәжірибедегі потенциометрия
Кулонометрлік әдістер
Амперометриялық титрлеу әдісі
Электрохимиялық анализ әдістері
Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері
Пәндер