Аутогемотерапия қолдану жағдайлары


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 . Терапия туралы қысқаша түсінік
2. 2 . Аутогемотерапия дегеніміз
2. 3. Аутогемотерапия қолдану жағдайлары
2. 4. Жасалу технологиясы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Терапия - науқас пен оның денсаулығын қалпына келтіру және зардабын жоюға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Терапия аурулар, олардың барысын болжау, диагностикалау әдістерін зерттейді. Патогенетикалық және симптоматикалық терапия деп бөлінеді.
Тұтастай алғанда ауру немесе оның жекелеген бөлімшелерінің патогенезін емдеу әдістері - патогенетикалық терапия. Бұл аурудың себебі анықтау мүмкін емес жағдайларда, симптоматикалық терапиямен қоса қолданылады. Патогенетикалық терапия мүшелер мен жүйелердің аурулары функцияларын қалпына келтіруге бағытталған. Патогенетикалық терапия мүшенің дисфункциясының сипаты мен шығу тегіне қарай әр түрлі болуы мүмкін:
- фармакологиялық,
- физикалық,
- операциялық және т. б.
Патогенетикалық емдеу әдістері аллергиялық қабынудың негізгі патогенезінің иммунологиялық немесе патохимиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер аурудың қозған кезінде (емдеу үшін) және ремиссия кезінде (профилактика үшін) тағайындалады. Арнайы емдеу жүргізілмеген жағдайда негізгі нәтижелі ем болып саналады. Көбінесе жоғарғы жүйке және эндокрин жүйесінің қалыпқа келтіретін, ағзаның арнайы емес реактивтігін төмендететін дәрілер жиі пайдаланылады.
Арнайы емдеу әдістері аллергиялық қабынудың иммунологиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер нәтижелі болуымен бірге ауру қоздыруы, асқынулар беруі мүмкін. Сондықтан иммунотерапия тек қана аллергиялық кабинеттерде жүргізіледі.
Патогенетикалық терапиянын бір түрі гемотерапия.
Гемотерапия- (грек. haima - қан және therapeia - емдеу) - қанмен емдеу. Негізінен жіті асептикалық және іріңді қабынулар( фурункул, артрит, тендовагинит, язва) кезінде қолданылады. Анемия, геморрагия, диатез, созылмалы пневмония кезінде жақсы нәтиже береді.
Енгізілетін қанның түріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
• аутогемотерапия -ауру малға өз қаның енгізу;
• изогемотерапия - бір түрге жататын малдардың қаның құю ;
• гетерогемотерапия - емдік шаралар үшін басқа түр жануардың қаның енгізу.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 . Терапия туралы қысқаша түсінік
Терапия - медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы. 19 ғасырда патологиялық анатомия, физиология, бактерология ғылымдарының қол жеткен ғылыми табыстары және Ж. Корвизар, Р. Лаэннек (Франция), Р. Брайт (Ұлыбритания), И. Л. Шенлейн, Й. Шкода, Л. Траубе (Германия, Австрия) және С. П. Боткин (Ресей), тағы басқа белгілі ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары Терапияның жедел дамуына негіз болды. 20 ғасырда Терапияның құрамынан кейбір бөлімдер (гастроэнтерология, нефрология, т. б. ) өз алдына жеке ғылыми сала болып бөлініп шықты. Радиоактивті изотоптар арқылы зерттеу кеңінен пайдаланылды.
Қазақстандағы Терапия саласындағы зерттеулер.
Қазақстанда Терапия саласындағы зерттеулер Алматы мемлекеттік медициналық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) ішкі аурулар клиникасы ұйымдастырылғаннан кейін басталды (1931) .
Х. А. Барлыбаев, М. Н. Вульпе, Г. Н. Удинцев, С. И. Телятниковтың бастауымен Қазақстанда ғана кездесетін Алматы энцефалиті, лептоспироз, сарып, безгек, т. б. аурулар зерттеліп, Терапияның жеке мәселелеріне назар аударылды.
Республикада туберкулез, гемотрансфузия (қан құю), силикоз, бұғақ ауруы, т. б. ауруларды емдеуде табиғи факторларды (теңіз суы, шипалы балшық, ауа райы, минералды су, күн сәулесі, т. б. ) пайдалану мәселелері, Қазақстанның әр түрлі аудандарында кездесетін жүрек-қантамыр аурулары, ревматизм, гастоэнтерология, эндокринология, кәсіби аурулар мәселелері зерттелді. Жүректің ишемиялық ауруының дамуында микроэлементтер, биологиялық белсенді заттар қандай рөл атқаратыны анықталып, зерттеу жұмысында ауруды кибернетикалық әдістермен анықтау тәсілдері пайдаланылды. Бүйрек, ішек-қарын ауруларын анықтау әдістері ұсынылды. Қазір ішкі ауруларды анықтау және емдеу, олардан сақтану мәселелері зерттелуде. Қазақстанда Терапия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары медициналық университеттерде, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында, Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығында, Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында, Еңбек физиологиясы және гигиенасы институтында, т. б. ғылыми мекемелерде жүргізіледі.
Қалпына келтіріп емдеу - науқас ағзасының функционалдық қабылеттілігін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені.
Қалпына келтіріп емдеудің мақсаты ауруды, жарақатты немесе мертігуді жазу немесе салдарын жеңілдету, науқастарды толық немесе ішінара қалпына келтіру немесе психикалық, физиологиялық бұзылуы және анатомиялық жай-күйін өтеу болып табылады.
Қалпына келтіріп емдеу мен оңалтудың негізгі қағидаттары: ерте басталу, кезеңдік, сабақтастық, жинақтық және даралық болып табылады.
Қалпына келтіріп емдеу мен оңалтудың негізгі түрлеріне:
1) дәрі-дәрмектік (патогенетикалық) емдеу-фармакотерапия;
2) қайта ауыстыру хирургиясы (жедел құрастыру-қалпына келтіріп емдеу және пластикалық операциялар, аорто-коронарлы тамырластыру, жүрек қақпақшаларын және қан тамырларын протездеу, ағзаларды қондыру және басқалар) ;
3) емдеудің физикалық әдістері, оның ішінде электрлік емдеу (гальванизация, электрофорез, электросон, диадинамометрия, амплипульстерапия, электро-стимуляция, флюктуризация, дарсонвализация, индуктотермия, ультра жоғары жиілік терапиясы, микротолқынды терапия, кванттық терапия, магнитотерапия), сәулелік емдеу (инфрақызыл сәулелеу, ультракүлгін сәулелеу, лазерлік сәулелеу), ультрадыбыспен емдеу, сумен емдеу, бальнеоемдеу (ванналар, душтар, бассейіндегі сабақ, құйыну, минералды сумен емдеу), жылубалшықпен емдеу (парафиндік-озокеритоемдеу, балшықпен емдеу, емдеу-балшық аппликациялары мен ванналары), деммен қабылдау терапиясы (аэрозоль және аэройнотерапия, галотерапия), баротерапия, оксигенотерапия және басқалардан;
4) емдік гимнастика (жеке және топтық), ертеңгілік гигиеналық гимнастика, мөлшерленген серуендер мен таудың басына шығулар (терренкур), спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардан тұратын емдік дене шынықтыру;
5) механотерапия, тракциялық емдеу, емдеудің ортопедиялық әдістері, қолмен емдеу, гидрокинезотерапия, жатқызып емдеу, енжар әзірлеу;
6) қолмен емдеу, массаж (классикалық, сегменттік, нүктелік, перкуссиялық, вибромассаж және басқалар) ;
7) психотерапия;
8) диетотерапия;
9) емдеудің дәстүрлі және халықтық әдістері (акупунктура, гомеопатия, фитотерапия) ;
10) әлеуметтік психологиялық емдеу әдістері (шынығу терапиясы, орта терапиясы, сөйлеуді қалпына келтіру терапиясы) ;
11) кинезотерапия - ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге арналған арнайы іріктеп алынған денешынықтыру жаттығуларының кешені;
12) эрготерапия - жеке, әлеуметтік және кәсіптік салада тәуелсіздіктің ең биік деңгейіне жетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
13) Аутогемотерапия - өз-өзі, гемо - қан, терапия - емдеу деген мағнаны білдіреді. Науқасқа тері астына немесе бұлшық етке өзінің қаның егу.
2. 2 . Аутогемотерапия дегеніміз
Ауто - өз-өзі, гемо - қан, терапия - емдеу деген мағнаны білдіреді.
Аутогемотерапия - көне заманнан бері белгілі табиғи емдеу әдісі.
Ауру жануарға бұлшық етке немесе тері астына өз қаның егу арқылы емдеу түрі. Патогенетикалық терапияның бөлімі, аутопротеинатерапия, аутосеротерапия және аутовакцинациямен қатар жүреді. Бұл әдісті көбінесе организмді, иммунитетті стимулдеу, күшейту үшін қолданады.
Организм егілген қанды бөгде зат (антиген) ретінде қарастырады, сондықтан оның қорғаныс функциясы күшейеді. Организмнің иммундық жүйесінің реакциясы қан құрамындағы белокка байланысты, олар антиденелердің түзілуіне әсер етеді. Түзілген антиденелер қанды тез арада “өзінің”, қауіпсіз, деп таниды да, бар күшін организмде кездесетін ауру қоздырғыштарын жоюға бағыттайды. Бұл әдісті қолданудын тиімділігін қан құрамында лейкоциттердің мөлшерінің артқанынан байқауға болады. Ал бұл көрсеткіш иммунды жүйенің жоғары қорғаныс қабілетін айқындайды.
Аутогемотерапия аллергиялық, инфекциялық аурулар және қабынулар кезінде жақсы нәтиже береді.
Аутоқан дозасын анықтаған кезде ауру жануардың жалпы күйін, әсіресе бауыр мен бүйрек жағдайын, жануар организмі резитенттілігін, микробтың вируленттігін және қабыну процесінің деңгейін анықтау керек.
Егілетін қан мөлшері ауру жануардың физиологиялық ерекшеліктеріне және патологиялық процесстің сипатына байланысты. Іру жануарлар үшін - 50 - 150 мл-ге дейін, ұсақ малдарға 10- 20 мл-ге дейін. Инъекция ірі жануарлар үшін 50-70 мл дозадан басталады, әрбір келесі иньекцияны біртіндеп 10-25 мл-ге көбейтіп отырады . Ұсақ жануарлар үшін инъекция 5-8 мл басталады.
2. 3. Аутогемотерапия қолдану жағдайлары
Аутогемотерапия көптген инфекциялық, ішкі жұқпалы емес, гинекологиялық, хирургиялық және басқа да(фурункулез, жіті дерматит, экзема, жаралар, іріңді қабынулар, язва, орхит, бұлшық еттік және буын ревматизмі, фарингит, ларингит, бронхит, өкпе қабынуы, перитонит, эндометрит, шу түспеу, некробациллез, аусыл) ауруларда емдік әсер көрсетеді. Одан басқа:
- Аллергия.
- Ұйқының бұзылуы.
- Депрессия.
- Тәбет жоғалуы.
- Созылмалы аурулар.
- Жалпы денсаулығын жақсарту.
- Дәрі-дәрмектер дозасын азайту мақсатында.
- Инфекция, гипотермия кезінде да жақсы көрсеткіштер береді.
Аутогемотерапияны қолдануға болмайтын жағдайлар:
- Ісіктер
- Бауыр мен бүйректің құрылымды өзгерістерінде
- Іріңді экссудатты флегмона
- Сепсис
- Жүрек бұлшық етінің патологиясында
- Интоксикация кезінде
Ірі қараға аутогемотерапия қолдану
2. 4. Жасалу технологиясы
Аутогемотерапияны қолданған жағдайда ауру жануардың қаның барлық асептика ережелерін сақтай отырып алады. Ірі қара мен жылқыдан - мойын венасынан, иттерден- иық алды венасынан, шошқалардан - құлақ венасынан немесе құйрығының ұшын кесу арқылы құйрық артериясынан. Ірі малдан қанды Жане шприцымен, ал ұсақ малдан 10-20 мл шприцпен алған дұрыс. Қан ұйып қалмай тұрғанда оны тері астына, немесе етке салады, мөлшері ұлғаю жағына қарай - 25, 50 және 75 мл дейін енгізеді. Қанның ұюы тез болатын жағдайда, әр 100 мл қанға 5мл 5% -ды нарий цитраты ерітіндісі және 10мл 10%- ды натрий салицилат ерітіндісі қосылады.
Емдеу реті 2-5 дейін арасына 48 сағат салып жүргізіледі. Дене температурасы көтерілген, малдың жалпы жағдайы нашарлаған кезде аутогемоемдеуді тоқтатады. Себебі малдың жағдайы төмендегенде аутогемоемдеу дұрыс нәтиже бермейді.
Қанды тері астына еккенде сау ұлпамен зақымдалған ұлпа шекарасына жібереді. Егілген жерде аутосептикалық қасиеті бар барьер түзіледі. Міндетті түрде лимфа түйіндерінің орналасуын ескеру керек.
Егілетін қан мөлшері ауру жануардың физиологиялық ерекшеліктеріне және патологиялық процесстің сипатына байланысты. Іру жануарлар үшін - 50 - 150 мл-ге дейін, ұсақ малдарға 10- 20 мл-ге дейін. Инъекция ірі жануарлар үшін 50-70 мл дозадан басталады, әрбір келесі иньекцияны біртіндеп 10-25 мл-ге көбейтіп отырады . Ұсақ жануарлар үшін инъекция 5-8 мл басталады.
Аутоқан дозасын анықтаған кезде ауру жануардың жалпы күйін, әсіресе бауыр мен бүйрек жағдайын, жануар организмі резитенттілігін, микробтың вируленттігін және қабыну процесінің деңгейін анықтау керек.
Жіті іріңді қабынулар кезінде ұсынылатын аутоқан мөлшері ірі қара үшін - 125-150 мл, ұсақ мал үшін 5-50мл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz