Бауыр гепатозы


Кіріспе
Бауыр (hepar) - ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатысады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқалы жануарлар бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.
Бауырдың атқаратын қызметтері:
• ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру) ;
• ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
• ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
• холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
• он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
• Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
1-сурет Үй жануарлардың бауырының бөліктерінің схемасы
А- ірі қара, Б- ит, В- жылқы, Г - шошқа
1-Сол жақ латеральді, 1’ - сол жақ медиальді, 2- құйрықты жақ, 2’ - құйрықты бөлік, 3- квадратты бөлік, 4- оң латеральді жақ, 4’- оң медиальді жақ 5- өт қабы, 6- вена, 7- дөңгелек бөлік
II Негізгі бөлім
1. 1 Бауыр аурулары
Гепатоздар - зат алмасудың бұзылуынан болған бауыр аурулары. Туындау себептері әрқилы дистрофиялық өзгерістермен сипатталатын, айқын қабыну белгілері жоқ бауырдың жалпы атаулы аурулары.
2 -сурет Бауыр гепатозы
Этиологиясы мен дерттенуі
Көбінесес сапасыз азықтандыруға, улануға, қан айналымдағы ауытқуларға, инфекциялық және инвазиялық ауруларға сирегірек тумыстан болған ферментопатияға және ішкі секрецияға бездерінің сырқаттарына байланысты туындайды.
Гепатоциттерде аралық зат алмасуы бұзылып бауыр дистрофиялық өзгерістерге ұшырап плазма нәруыздардың, гликогеннің, фосфолипидтердің түзілуі бауырдың тосқауылдық қызметі және өттің пайда болуы бұзылады.
Дамуы:
- Бауырға май қышқылы мен олардың туындылары көп келіп түсуінен
- Гепатоциттерде триглицеридтердің көптеп түзілуінен және олардың бауырдан сыртқа шығуының кідіруінен болады.
Гепатоздардың бауырдың қабыну ауруларынан яғни гепатиттерден ажырату керек.
Симптомдары. Жіті майлы гепатоз тез дамиды, жалпы уланумен және сарғаюмен сипатталады. Ауру малдар қатты күйзеледі, дене қызуы 0, 5-1С көтерілуі мүмкін, азыққа зауқы жоқ. Бауыр жиі ұлғайған, жұмсақ, аздап ауырсынады. Кілегейлі қабықтардың сарғаюы білінер білінбес.
Балау. Клиникалық, лабораториялық, патологиялық-морфологиялық мәліметтерге, малдың азықтандыруының талдауына негізделеді.
Емі. Аурудың себебін жоямыз. Күйіс мал рационына шөп, майдаланған көк шөп және ұн, арпа жармасын, тамыр түйнектілер, рационға витамин препараттарын қосамыз.
Холин-хлорид ішке мына мөлшерде: ірі қара малға және жылқыға 4-10 г, қойға 1-2 г. Метионин ішке- ірі қара малға 3-20г, қойға 0, 5-2 г.
Липой қышқылы мен липомид 0, 1-0, 15 мг/кг дене массасына. Емдеу курсы 30 күн. Өт түзетін және өт айдайтын дәрілерден магний сульфатының мөлшері- ірі қара мен жылқыға 50-70 г, қойға 3-5 г күніне 2 рет. Гепатозда кальций тұздарын беруге болмайды, себебі патологиялық процесті үдетеді.
Сақтандыру. Құрамында жоғарғы концентрациялы пестицидтер, нитраттар және нитриттер бар, сапасыз азықтарды қолдануға болмайды.
Рационның структурасы малдың физиологиялық ерекшеліктеріне және мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Рационда витамин тапшылығын премикстер және қоспалар беріп орнына келтіреді.
Гепатиттер - белгілі бір себептерден зақымдалған бауырда қабынудың яғни қан тамырлық мезенхималық реакцияның туындауынан сипатталатын аурулар тобы. Гиперемиямен, жасушалар инфильтрациясымен, дистрофиямен, некрозбен, гепатоциттердің және құрылымдық элементтердің еруімеен өтетін бауырдың диффузды қабынуы.
Ірі қара мал бауырында кәдімгі реактивтік қабынулар мен іріңдеп өліге ұшырай қабынулар әжептәуір жиі байқалатын құбылыстар.
Этиологиясы мен дерттенуі.
Бауырдың кәдімгі іріңсіз қабынуды көбінесе жіті немесе созылмалы өтетеін инфекциялық ауруларға гастрит мен энтеритке ұлтабардың ойылым ауруына холонгит мен холециститке панкретитке байланысты туындайды. Өсімдік, бактериялар, саңырауқұлақтар не минералды текті улы заттар бауырды зақымдап, зат алмасуды бұзып қан тамырлық мезенхималық және аутоиммундық реакциялар туғызады. Бүлінген гепотоциттерден босанған торша ішілік құрылымдар түрленіп антигендік сипат алады.
Симптомдары. Гепатит негізгі инфекциялық немесе инвазиялық аурулардың салдарынан болғандықтан, оның симптоматикасы негізгі аурудың белгілері мен бауыр миндромдарынан тұрады. Күйзелу, азыққа тәбеті төмендеу, дене қызуының көтерілуі, бауыр көлемінің ұлғаюы, оның сырқы қабығының тыртылуынан ауырсыну байқалады. Бауырлық сарғаю айқын байқалады, диспепсиялық іш өту, терінің қышынуы, кілегей қабықтарының, терінің түссіз жерлерінің қанық сары түске боялуы, қанда билирубин мөлшерінің артуы.
Гепатит көкбауыр ұлғаюмен қатар жүреді. Қанда альбуминдер мөлшері төмендейді.
3-сурет Сау бауыр- созылмалы гепатитке шалдыққан бауыр -бауыр церрозы
Диагноз. Клиникалық және патоморфологиялық деректер бойынша тұжырымдалады. Бауырдағы өзгерістердің реактивтік сипаты ескеріледі олардың туындауына себепші болған негізгі ауру анықталады. Іріңді гепатит жіті жітілеу және созылмалы өтетін бауырда іріңді ошақтардың пайда болуымен сипатталатын ауру.
Анамнез мәліметтері мен лабораториялық, клиникалық зерттеу нәтижелерін ескереді. Бауырдың циррозын, холлангит пен холициститті жоққа шығарады. Бауыр циррозында қызба болмайды. Бауыр қатты, көкбауыр ұлғайған.
Емі. Алғашқы себептерін анықтайды. Инвазиялық немесе инфекциялық аурулара этиотропты ем жасайды. Рационнан сапасыз азықтарды алып тастайды, майлы азық бермейді, витаминді пішен, пішендеме, дәнді дақылдардан жем, картоптан жасаслған быламық тағайындалады. Жайылым кезінде құрамында нитраттар мен нитриттер аз көк шөпті барынша пайдаланады. Иттерге піскен ет, ірімшік, сұлудан жасалған ботқа, өсімдік майларын тағайындайды.
Патологиялық процесті асқындырмау мақсатында, бауыр жасушасына дәрі-дәрмектерді залалсыздандыруға қосымша күш түсірмеу үшін гепатитті дәрі-дәректермен емдеу өте қатаң тәртіппен жүргізіледі. Сол себепті негізінен емдеуге бауыр жасушасында зат алмасу процестерін жақсартатын, қабынуға қарсы иммунодепрессивті әсер ететін препараттар қолданады.
Гепатопротекторларға А, Е, С, В1, В2, В12 витаминдерін, кокарбоксилазаны, липой қышқылын, эссенциалені пайдаланады. Ретинодың әсерінен бауырдағы глюкозаның синтезі жақсарып, тотығу процестері жеделдетеді. Токаферол антиоксидантты әсерге ие, ол бауырды майлы инфильтрациядан эәне дистрофиядан сақтайды.
Аскорбин қышқылы бауырдың ретикогистацитарлы жасушаларының фагоцитарлы белсенділігің арттырады. Цианкоболаминді ішке береді, бұлшық етке енгізеді. Ол бауырдың уыттарды жою қызметін күшейтеді. Витаминді препараттармен емдеу курсы 30 күн.
Сақтадыру. Инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын алудың жалпы және арнайы шараларын жүргізеді. Ауруларды дер кезінде емдейді. Бұзылған, сапасыз, улы шөптерді қолданбайды.
Бауыр цирроздары
Бауырдың ұзаққа созыла өтетін дәнекер өрменің жайыла өсуінен мүшенің әдеттегі құрылымының басқа көрініс алуымен сипатталатын. Туындау себептері де, дерттенуі де әртүрлі аурулар тобы. Созылмалы өтеді. Мәні бойынша бауырдың интерстицийлік өсіп өніп қабынуы болып табылатын және гепатоздар мен гепатиттердің жалғасы ретінде туындайтын бұл дерт жануардың барлық түрлерінде байқалады.
Этиологиясы мен дерттенуі
Малға ұзақ мерзім бойы бұзылған, көгерген азықтарды, қышқылдығы басым азықтарды жегізу, ұзаққа созылған әртүрлі улы әсерлер, ішек-қарынның инфекциялық және инвазиялық аурулары бауыр циррозына әкелуі мүмкін.
4-сурет Бауыр церрозы
Ауруды этиологиясына дерттенуіне және морфологиялық нышандарына қарай жіктеледі. Экзогенді және эндогендіулы заттар әсерінен улы заттар әсерінен бірінші кезекті туындаған атрофиялық және гипертрофиялық цирроздар деп. Инфекциялық және паразитаралық ауруларға, сондай ақ, өт жолы ауруларына байланысты туындаған екінші кезекті туындаған цирроздар деп атайды.
Атрофиялық циррозға ұшыраған бауыр майлануға және сарғаюға байланысты сұр қоңыр немесе сарғыш қоңыр түсті болады.
Симптомдары. Ауру баяу өрбиді, азыққа тәбеті төмен, іші өтеді, кейіннен іші бітеледі. Жылқыда шаншу болуы ықтимал, ал ірі қара мал ұлтабар қарындардың атониясы және гипотониясы байқалады. Кілегей қабықтар бозғылт тартқан, сарғыштау. Қанға өт қышқылдары өткендіктен, теріде қасынған жерлер, есекжем, экзема, брадикардия байқалады.
Организмде зат алмасудың аралық өнімдері көбейгендіктен мал күйзеледі, сыртқы ортаға жауапты, реакциясы бейтарап, қызыл иекте қанталау, теріге қан құйылады, коньюнктивит.
Пальпациялау және перкуссиялау арқылы бауырдың ұлғайғанын біледі.
Қанда гемоглобин мөлшері, эритроциттер, лейкоциттер саны азаяды. ЭШЖ жоғарылайды, бос билирубин мөлшері көбейеді.
Балау. Кешенді зерттеулер нәтижелеріне қарап, қояды. Созылмалы гепатиттен, гепатоздан, бауырдың ошақты қабынуынан дербестейді.
Емі.
- Диета. Рационда белок және витаминдер жеткіліктк болуы керек.
- Гепатоциттерде зат алмасу процесін серпіндіретін дәрідер береді- эссенциале, ЛИВ -52. Асцитте-диета, ас тұзын азайтады., зәр айдайтын дәрілер береді. (темисал, фуросемид, диакарб)
Сақтандыру.
- Індетті, паразитарлық аурулармен күресу.
- Пестицидтерді ұқыпты пайдалану.
- Құнарлы азықтармен қамтамасыз ету.
Бауыр абцесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz