Мысықтың несеп жүйесі аурулары


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Мысықтың несеп жүйесі аурулары
- Нефрит
- Пиелонефрит
- Нефроз
- Несептас ауруы
- Цистит
- Қуықтың салдануы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтауда, микроскопилық, бактериоскопиялық әдістермен тексереді. Несептің физикалық қасиеттеріне тәуліктік диурез, несептің түсі, иісі, салыстырмалытығыздығы жатады.
Бүйрек ауруларының кеш анықталу себебі: аурудың көп уақытқа дейін жасырын өтуі. Қазіргі кезде ауруды ерте анықтауға бағытталған диагностика шараларын жетілдіру мен бүйректің функциональды жағдайына нақты баға беруіне медицина саласы шарт қойып отыр.
Зерттеуге құрғақ және таза ыдысқа жиналған таңертенгі несеп алынады. Зәрдің түсі - ақшыл сарғыштан янтарлы сарғылтқа дейін өзгеріп отырады. Микроскопиялық зерттеуге центрифугадан өткен несеп тұнбасы алынады, содан соң оның ішіндегі қан түйіршіктері, цилиндрлер, эпителий клеткалары, тұз кристалдары тексереді.
Несептің салыстырмалы тығыздығы мен мөлшері бойынша бүйректердің жағдайын функционалдық әдістермен анықтау. Сұйықтық жетіспегенде сау орнанизмнен шығатын несеп азғана және салыстырмалы тығыздығы жоғары болады; керісінше организмге сұйықтық көп түскенде несептің мөлшері ұлғаяды, ал оның салыстырмалы тығыздығы төмендейді. Бүйректер осылайша ішкі гомеостаздың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мысықтың несеп жүйесі аурулары
Нефрит, гломерулонефрит (Glomerulonephritis) - көбіне бүйрек түйнектерінің, аз дәрежеде каналшықтары мен интерстициалдық ұлпасын зақымдау түрінде өтетін иммундық қабыну сипатындағы ауру.
Этиологиясы. Аурудың себептеріне көбіне бактерияларды, әсіресе А тобындағы гемолитикалық стрептококк, вирустар, бүйректерде аутоиммундық реакциялар тудыру қабілетіндегі эндогендік агенттер, пестицидтер, улы заттар мен шөптерді жатқызуға болады. Нефрит лептоспироз, етқоректілер обасы және басқа инфекциялық аурулар кезінде екіншілік ауру түрінде байқалуы ықтимал. Ауру ағаш бұтақтарын азық ретінде пайдалану жиілігіне орай да байқалына алады.
Патогенезі. Этиологиялық факторлар бүйректерде қабыну- аллергиялық реакцияларын, аутоантиденелер, иммундық кешендер тудырады. Қабыну ошағында қан айналымы мен бүйрек түйнектерінің фильтрациялау функциясы бұзылады. организмде азоттық алмасу өнімдері мен өзге де зиянды заттектері жиналады, токсемия байқалады. Несепте ақуыз, глюкоза, эритроциттер пайда болады.
Симптомдары. Көбіне ауру белгілері бастан өткерілген инфекциялық аурудан соң біршама уақыт өткен соң барып білінеді. Бұл кезеңді латентті кезең деп атайды, ол организмнің иммунологиялық қайта құрылып, өзгеруімен байланысты болады. Ауру суыну, стресс, организмге токсиндер түсуі салдарынан дамиды. Жылдам жабығу, шаршау, бүйректер маңындағы ауырсынулар білінеді. Несеп құрамында эритроциттер болуына орай ол қызыл реңденеді - гематурия. Несепте ақуыз, кейде - қант пайда болады. Кейінірек қабақтар, аяқтар және өзге дене бөліктері маңында домбығып ісінулер байқалады. Домбығып ісіну - нефриттің басты белгісі. Сирегірек асцит, гидроторакс, гидроперикард белгілері білінеді. Қанда қалдықты азот мөлшері жоғарылайды. Созылмалы нефритте домбығып ісіну синдромы айқын байқалады. Кілегейлі қабаттары бозарған, сұр реңді, брадикардияны атайды, перикардиалдық шылпыл шуылы естілуі мүмкін (гидроперикард) .
Диагнозы. Жалпы күйі ауыр, гематурия, протеинурия, домбығып ісінулер, азотемия белгілеріне қарап қойылады.
Ағымы мен болжамы. Орташа дәрежедегі ошақтық қабынулар көбіне 10-20 тәуліктен соң сауығумен аяқталады, жедел диффузды түрі көбіне жануар өліміне әкеліп жатады.
Емі. Жылы құрғақ ғимарат қажет етіледі. Жедел нефритте 1-2 тәулік аралығында аштық диетасы қажет етіледі. Сосын рационға С, А және В тобы витаминдерімен байытылған диеталық азықтар енгізіледі, айқын домбығулар кезінде ондағы ас тұзы мен су мөлшері шектеледі. Көбіне жедел нефрит басталуы инфекцияға байланысты болуына орай бірінші 10-15 тәулікте антибиотиктер, сульфаниламидтер немесе қиылыстырылған препараттар, нитрофурандар беріледі, тек нефротикалық препараттарды қоспаған жөн (тетрациклин, неомицин) . Аскорбин қышқылымен, рутинмен (Р витамині) қиылыстыра отырып гистаминге қарсы препараттар, несеп айдағыш заттар (фуросемид, диакарб, аммоний хлориді, қайың бүршіктерінің қайнатпасы т. б. ) беріледі. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде оймақгүл препараттарын беру ұсынылған (дигитоксин, дигоксин) . Жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезінде су берілуін шектейді, венаға 20% глюкоза ерітіндісі енгізіледі. Созылмалы ағымда ем тек асқыну кезеңдерінде ғана жасалынады; димедрол, супрастин, аскорбин қышқылын, рутин, преднизолон дәрілерін беру ұсынылған.
Профилактикасы . Инфекциялық, іріңді-септикалық аурулардың алдын алу керек, суынуға, сапасыз азықтар берілуіне жол бермеген жөн.
Пиелонефрит (Pyelonephritis) - бүйректердің паренхимасы мен бүйрек түбегінің бірмезгілде немесе кезеңімен қабынуы.
Этиологиясы. Жыныс органдарынан және өзге қабыну ошақтарынан бүйректерге енген телімді емес микрофлора. Қабынудың тікелей қоздырушылары ретінде ішек таяқшасын, протеин тобы бактерияларын, энтерококк, стафилококк, көкшіл іріңді таяқшаларды т. б. атауға болады. Ықпалдаушы факторларға суыну, иммундық қорғаныстың әлсізденуі, зәр шығару жолдарында тастар болуы жатады. Нефрит асқынулары ретінде білінуі ықтимал.
Патогенезі. Бүйректерге инфекция жоғары бағытталынатын гематогенді сирегірек лимфогендік жолдармен түседі. Қабыну дамиды. Қанға микробтардың өмір сүруі мен ұлпалардың ыдырауы салдарынан жиналатын өнімдер түседі. Қызба мен токсикоз дамиды. Несепте лейкоциттер мен микробтық денелер болуы ықтимал.
Симптомдары. Біріншілік іріңді пиелонефритке мына үштік белгілер (триада) тән: дененің жоғары температурасы; бүйректер маңын пальпациялау кезіндегі ауырсыну; қабыну үдерістеріне тән несептік өзгерістер (лейкоцитурия, бактериурия) . Күйзеліс пен дене температурасының 39 . . . 41°С дейін жоғарылауын, ауырсыну синдромын, қаталап шөлдеу, құсынып, лоқсу, тахикардия белгілері байқалады. Пиелонефриттің басты себептерінің бірі бүйректерде немесе несеп жолдарында тастардың болуы екендігіне орай оның симптоматикасы белгі беруі алдында бүйректік түйнелу белгілері байқалады. Зәр бастапқыда қан аралас қызыл түске боялған, лайлы реңді болады, онда көп мөлшерде ақуыз, лейкоциттер (норма бойынша көру аймағында 5 . . . 10) анықталады. Кейіннен ол сарғыш-қызыл реңденіп, іріңді түйіршектер аралас күйде болады, аммиак иістенеді, рН 8 және одан жоғары шамаға жетеді. Созылмалы пиелонефритте ауру симптомдары аз білінеді де асқыну кезеңдерінде байқалады (лейкоцитурия, бактериурия) .
Диагнозы. Организмде қабыну ошақтарының бар-жоқтығына, алдында инфекциялық үдерістердің болған-болмағандығына көңіл аударылады, өзіне тән клиникалық белгілер мен несепті зерттеу нәтижелері ескеріледі.
Ағымы мен болжамы. Аурудың жедел ағымы қиын өтетін несеп бөлуі түрінде білінеді, бұл жануардың өлуіне әкеліп соқтыруы ықтимал. Созылмалы пиелонефрит ұзақ уақытқа созылады. Болжамы қауіпті.
Емі. Жедел пиелонефритте аурудың біріншілік себебін жояды, тастарды хирургиялық алып тастау немесе қуықты катерерлеу арқылы несеп жүйесінің өткізгіштігін қалпына келтіреді. Антимикробты терапия тағайындалады: гентамицин сульфатын бұлшықетіне тәулігіне 2 рет 2 . . . 4 мг/кг, 15 мг/кг; рифампицин (рифавет) - ішіне немесе бұлшықетіне тәулігіне 2 рет 10 мг/кг; цефалексин - ішіне тәулігіне 3 рет 10 . . . 12 мг/кг; 48 цефалоридин - бұлшықетіне тәулігіне 3 рет 10 . . . 15 мг/кг мөлшерінде егеді. Өзге дәрілік топтардан қолданылатыны бисептол, налидиксті қышқылдар (неграм, уронег), палин (пипемидин қышқылы), нитроксолин (5-НОК), фуразолидон, фуродонин т. б. Антибиотикотерапияның ұзақ курсында міндетті түрде саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер тағайындалады - нистатин, леварин, трихомицин, гризеофульвин.
Профилактикасы. Инфекциялық және іріңді-септикалық ауруларды болдырмау шаралары жасалады. Акушерлік-гинекологиялық ауруларды уақтылы емдеп отыру керек.
Нефроз (Nephrosis) - көбіне бүйрек каналшаларының эпителиін зақымдау түрінде өтетін аурулар тобының атауы; ауру үдерісінің негізін дистрофиялық өзгерістер құрайды. Жануарларда көбіне майлы және амилоидты нефроз кездеседі. Майлы түрінде бүйрек каналшаларының майлы және ақуыздық дистрофиясы байқалады; амилоидты түрінде - бүйректердің паренхимасында патологиялық фибриллярлық ақуыз - гликопротеидтің (амилоидтың) өршу тұрғысында жинақталуы байқалады.
Этиологиясы. Майлы нефроз себебі пестицидтермен, өсімдік текті және минералды улармен уланулар, бүлінген азықтарды жеу, дәрілік заттарды ұзақ уақыт бойы қолдану, гломерулонефриттің ұзақ уақыттық ағымы. Бүйректер амилоидозының себептеріне өкпе, сүйектердегі, буындар мен өзге органдардағы іріңдеу сипатындағы үдерістер жатады.
Патогенезі. Токсиндердің, кетон денелерінің әсерінен бастапқыда нтерстицидің капиллярлық жүйесі зақымдалады, сосын иілмелі каналшалар эпителилерінің дистрофиясы байқалады. Бұл заттектерінің реабсорбциялануының бұзылуына және несеппен қоса ақуыздың, глюкозаның бөлінуіне әкеліп соғады. Көп мөлшерде ақуыз жоғалтылуы қан плазмасының коллоидтық-осмостық қысымының өзгеруін тудырады да домыбығып сініулер пайда болады. Бүйректердің амилоидозы кезінде тамырлар қабырғаларында және периваскулярлық дәнекер ұлпасында амилоидин шөгуі байқалады, функцияланушы бүйрек ұлпасы кішірейеді, бүйрек түйіншектері мыжырая кішірейеді де осы жерге дәнекер ұлпа өсе бастайды.
Симптомдары. Айқын гипопротеинемия мен протеинурия. Қан сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері 30 . . . 40 г/л дейін азаяды. Несеп ашық түсті, төменгі салыстырмалы тығыздықта болады, құрамында 2% астам ақуыз, қайта түлеген бүйрек эпителиі, гиалинді және дәнді цилиндрлер болады. Жануарлардың арып, жүдеуі, қабақтар, кеуде алды (алқымның), аяқтардың, ұма маңының домбығып ісінуі байқалады. Жүндері ұйпаланған, киіз тәрізденген, сынғыш келеді, терісі құрғақ, бозғылт. Кілегейлі қабаттары, әсіресе бүйректер амилоидозында анемиялы.
Диагнозы. Тұрақты, жоғары протеинурия мен гипопротеинемия. Гломерулонефриттен, нефросклероздан дифференцирлей білу керек.
Ағымы мен болжамы. Бүйректер дистрофияларының ағымы созылмалы, болжамы күдікті.
Емі мен профилактикасы. Ауру себептерін жояды. Диета ұсталынады: ас тұзын аз береді, ақуызға бай азықтар көп енгізіледі. Домбығып ісінулер кезінде несеп айдағыш және жүрек дәрілері тағайындалады. Бүйректер амилоидозын емдеу әлі күнге дейін құрастырылмаған, амилоидоз байқалуына ықпал еткен негізгі ауруды емдеу ұсынылған.
Несептас ауруы (Urolithiasis) - бүйрек түбектерінде және несеп шығырылу жолдарында - қуықта, уретрада несеп тастарының түзілуі мен шөгіп жиналуы түрінде байқалатын ауру.
Этиологиясы. Бір типті жоғары концентратты азықтандыру, рационда фосфор мен магнидің көп болуы, несеп органдарындағы қабыну үдерістері, аталықтарды ерте пішу, қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясы. Тастар түзілуіне ыстық климат жағдайындағы күшті тер бөлінулері, ауыз су тапшылығы ықпал етеді.
Патогенезі. Этиологиялық факторлар әсерінен зат алмасулары, әсіресе су-тұз алмасулары бұзылады, бүйректерде біріншілік және екіншілік несептің рН қышқыл немесе сілтілі жағына өзгереді. Бүйректердегі қабыну үдерісі бүйрек жолдарында фибрин мен өзге де ақуыздық туындылар түзілуін тудырады. Несеп жолдары саңылауларының тарылуы несептің тұрып қалуын тудырады, бұл патологиялық үдерісті ушықтыра түседі. Этиологиясы мен тұздарды түзетін заттардың химиялық құрамына байланысты оксалатты, фосфатты, уратты, карбонатты және ақуыздық несеп тастарын айырады.
Симптомдары. Бүйректік түйнелу синдромы байқалады. Ауырсынулар белдеме маңында шоғырланады, олардың тұрақты немесе ұстамалы түрлерін айыруға болады. Түйнелулердің ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін. Бүйректер мен қуықты пальпациялау ауырсыну тудырады. Несеп бөлуі жиі, аз көлемді. Несепте қан айқындалады. Жедел немесе созылмалы пиелонефритпен асқынғанда симптомдары осы аурулардың белгілерімен ұштасады. Бүйректік жетіспеушіліктің дамуы азотемиямен, домбығып ісінулермен сипатталады. Қанда нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарылауын атайды, несепте тұрақты сілтілі - рН 7 және одан жоғары немесе қышқыл - рН 5 . . . 7 реакция байқалады.
Ағымы мен болжамы. Ағымы созылмалы. Болжамы күмәнді немесе қолайсыз.
Емі. Уретраны катетерлеу немесе несеп тастарын операция жасап алып тастау өткізіледі. Ми, бүйректер, бауыр т. б. тамақтарын тұтынуға шектеу қойылады, ал оксалатты тастарда құрамында қымыздық қышқылы мол азықтарды аз беру ұсынылған. Несеп жолдарының өткізгіштігін бұзбайтын ұсақ тастар болуында несеп конкременттерінің шығарылуына ықпал ететін заттарды (олиметин, марелин, солимок, уродан, уробесал) миотропты дәрілермен (но-шпа, баралгин) және көп су берумен қиылыстыра отырып ағайындайды. Бүйректер түйнелулерін азайту үшін ауырсынуды азайтатын және бұлшықетке баралгин, 0, 1% атропин 50 сульфаты ерітіндісін; тері астына - 1 . . . 2% омнопон немесе промедол, 0, 2% платифиллин гидро-тартрат ерітіндісі түріндегі спазмолитикалық дәрілермен қоса жылытқы тағайындалады; ішіне - спазмолитин, папаверин беріледі. Уролитиаздың пиелонефритпен зақымдалуы орын алған жағдайда антимикробты дәрілер беріледі.
Профилактикасы. Біртекті азықтандыру, шамадан көп азықтандыру, аталықтарды ерте пішуге жол бермеу керек. Рациондарды В 6 витаминімен байытып, құрамында оксалаттары көп азықтарды бергізбейді. Несептік-жыныстық инфекциялармен күрес жасалады.
Цистит (Cystitis) - қуықтың кілегейлі қабатының қабынуы. Көбіне уретра қабынуымен қиылыса білінеді (цистоуретрит) .
Этиологиясы. Уретра мен қуыққа жыныс органдарынан немесе бүйректерден инфекцияның енуі. Аталықтарда цистит көбіне ұрық алу ережелері бұзылғанда жиі орын алады; инфекция катетер арқылы енгізілуі ықтимал. Трихомонадалық уретрит те себепші фактор бола алады. Вирустық, хламидиозды немесе кандидозды уретриттерді айырады. Сонымен қатар, суыну да оның дамуына ықпал ететін фактор бола алады.
Патогенезі. Ықпалдаушы факторлар кезінде микрофлораның әсер етуі қуықтың кілегейлі қабатының (уретраның) қабынуын тудырады, ол катаралды, іріңді, геморрагиялық, гангренозды болуы мүмкін. Қабыну өнімдері қанға сіңе отырып дене температурасының жоғарылауын, лейкоцитоз тудырады.
Симптомдары . Жедел циститте (уроциститте) тәбеттің төмендеуі, күйзеліс, дене температурасының жоғарылауы, негізгі ауру белгілері байқалады. Жоғары температура патологиялық үдеріске бүйректердің шалдыққандығының белгісі саналады. Өзіндік белгі ретінде жиі әрі ауырсынып несеп бөлуді атауға болады. Жануарлар мазасызданады, ыңырсиды. Қуық ауырсынатын күйде болады, несеп лайлы консистенцияда болады ірің, кейде тіпті қан аралас болады, рН сілтілі. Трихомонадалық уроциститте көбікті бөлінділер, жеңіл қышынулар білінеді; кандидоздық түрінде - уретрадан көптеген ашытқылық жасушалар мен лейкоциттер аралас сирек ақшылт түсті бөлінділер шығады
Диагнозы. Өзіне тән клиникалық белгілер. Циститті пиелонефрит пен простатиттен айыра білген жөн.
Ағымы мен болжамы. Біріншілік жедел цистит әдетте сауығумен аяқталып жатады. Екіншілік созылмалы циститтің соңы негізгі ауру сипаты мен ауыртпалығына байланысты болады.
Емі. Жедел циститте (уроциститте) ем диурезді жоғарылатуға, микрофлора дамуын жаншуға, инфекция ошағын жоюға бағытталады. Диурездің күшейуіне көп мөлшерде су берілуі мен диуретикалық заттарықпал етеді - аюқұлақ шөбі, дала қышасы, фуросемид т. б. Антимикробтық дәрілерден ішіне нитрофуран препараттары тағайындалады (фурадонин - 4 мг/кг тәулігіне 2 . . . 3 рет; фуразолин - 3 . . . 5 мг/кг тәулігіне 2 . . . 3 рет), сульфаниламидтер (этазол бір қабылдауына 2 . . . 5 г; тәулігіне 4 . . . 5 рет; сульфадиметоксин 1 рет 25 . . . 75 мг/кг дене салмағына, емдеу курсы 5 . . . 7 тәулік; 5-НОК (нитроксолин) ; антибиотиктер (левомицетин, олететрин, ампициллин, гентамицин емдік мөлшерлемеде күніне 2 . . . 4 рет т. б. ) . Антимикробты дәрілерді қабылдау ұзақтығы әдетте 5 . . . 7 тәулік және одан көп мерзім құрайды. Созылмалы цистит біріншілік қабыну үдерістерінің себептерін жою және емдеу аса маңызды шара. Кандидоздық уретрит пен уроциститте ішіне нистатин (10 . . . 15 мың ӨБ/кг) күніне З рет, 7 . . . 10 тәулік бойы қолданылады; леворин (10 . . . 15 мың ӨБ/кг) тәулігіне 3 рет. Трихомонадалық уретритті күн сайын 5-6 тәулік бойы несеп каналына 1% трихомоноцид ерітіндісін инстилляциялау арқылы емдейді.
Профилактикасы. Жануарлардың суынуына, несеп жолдарына инфекция енуіне жол бермеу.
Қуықтың салдануы мен парезі (Paralysis et paresis vesica urinatia) - қуықтың бұлшықетті қабырғасының қайтымды немесе қайтымсыз түрде жиырылу қабылетінен айырылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz