Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.

Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б. ) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады.


ІІ. Негізгі бөлім

Шәует- спермияның (еркек жануарлардың жыныс клеткаларының) және плазманың (сарысу) жиынтығы болып табылады. Шәуеттің сарысуы-ен қосалқысы мен қосымша жыныс бездерінің (бадана, купер және кӛпіршік тәрізді без) секреті болып табылады. Жыныстық акт кезінде бӛлінетін шәуетті эукулят деп атаймыз Әртүрлі жануарлардың коитусы кезінде бӛлінетін эякуляттың кӛлемі: айғырда 50-100 мл, қабанда 200-400 мл, қошқарда 1-2мл, бұқада 4-5 мл, тӛбетте 2-18 мл, әтеште 0, 3-2 мл. Жануарлардың түріне байланысты шәуеттің концентрациясыда әртүрлі болады. Организм сұйықтығы ішіндегі химиялық құрамы бойынша күрделісі болып табылады. Шәуеттің 90-98%-н су құраса, 2-10%-құрғақ зат, оның 60% белок болып табылады. Шәуеттің ең маңызды бӛлігі болып ақуыз пен липид саналады. Ақуыз құрамында амин қышқылдары бар, ал шәует құрамындағы липидтердің ішінен лецитин құрайды. Қошқарлардың 100мл шәуетінде 355мг фосфор, ал бұқаларда-82 мг, қабанда- 66мг, айғырда-19 мг фосфор кездеседі. Биологиялық үрдістерде фосфордың рӛлі зор. Ен қосалқысы бӛлетін секреттің құрамында кальций, магний, калий, натрий, темір, цинк және т. б элементтер кездеседі. Сонымен қатар шәует құрамында күрделі органикалық қосылыстар: лактацидоген, фосфаген, холестерин, мочевина, холин, лимон қышқылы кесдеседі. Лимон қышқылының 3-10% қосымша жыныс бездері ӛндіріп шығарады. Шәуеттің құрамында гиалуронидаза, пероксидаза, каталаз, трипсин, антитрипсин, амилаза, липаза және т. б ферменттері бар. Шәуеттің химиялық құрамының маңызды элементі және энергия кӛзі болып қант (әсіресе фруктоза) саналады. Қолдан ұрықтандыру жұмыстары кезінде шәуеттің кӛлемін, ақуызды құрамын, жалпы химиялық құрамын білу міндетті факторлардың бірі болып табылады. Шәуетті алысымен тез арада оның кӛлемін, түсін, иісін және консистенциясын шәует қабылдағышта анықтайды. Сонымен катар ірің, зәр, қан араласса, оны анықтап, зерттейді. Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы

Аталық малдан шәуетті жасанды қынапқа алған жөн. Жасанды қынап - әдейі шәует алуға арналған құрал. Онда аталық малдың шәует бөлуін (эякуляция) қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасалған (қысым, температура және сырғанау) . Ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру кезінде келесідей құралдар қолданылады: жасанды қынап, шәует қабылдағыш, шприц катерлері және микроскоп

Жасанды қынапты дайындау реті. Алдын-ала тазартылып жуылған, кептірілген, резеңке камераны жасанды қынап цилиндріне тегіс жағын ішіне қаратып, екі жағын бірдей етіп қайырып кигізеді, одан кейін арнайы резеңке белдіктерімен бекітеді. Қынапты жинағаннан кейін, оның ішкі жағын 96° спиртпен зарарсыздандырады, арнайы тесігі арқылы 1, 5-2, 5 литр ыстық су құйып, ауызын бұрандалы тығынмен жабады. Қынаптың ішкі жағын залалсыздандырылған вазелинмен немесе шәует сұйылтуға арналған жасанды ортамен майлайды. Бұқа мен қошқарға дайындалған жасанды қынаптың шәует қабылдағыш бекітілген шетін 3-4 см аралықта майламай таза қалдырады, сонан соң шәует қабылдағышты кигізіп, сыртынан оны ұстап тұратын зарарсызданған резеңке қалпағын кигізеді. Ұрық алар алдында жасанды қынаптың температурасын зарарсызданған термометрмен тексереді. Бұқадан шәует алу. Шәуетті бұқадан соңғы рет шәует алған күннен 3 күннен соң, азықтандырылғаннан 2 сағаттан кейін алған жөн. Бұқалардан шәуетті тек бір техник алу керек, өйткені олар сол адамға үйреніп қалады. Шәуетті манежде арнайы дайындалған жасанды қынапқа, санитарлықгигиеналық талаптарды сақтай отырып алады. Әр бұқаға кем дегенде екі жасанды қынап дайындалу керек. Жасанды қынапты және шәует қабылдағышты қолдану аддында 30 КПа (0, 1-0, 3 кг/см2) автоклавта немесе 20-30 минуттай дистилденген суда қайнатып залалсыздандырады. Шәует алу қазіргі ережелерге сай жүргізіледі. Камераның ішкі жағын кіреберістен 17-25 см терендікте сұйылтуға арналған, заласызданған сары уызды ортамен майлайды. Шәует қабыддағыштың қабырға аралық кеңістігіне 30-35° жылы су құяды да, резеңке тығынмен жабады. Шәует қабылдағышты жасанды қынапқа бекіткеннен кейін резеңке камераның қабырғалары жанасқанша ауа үрлейді. Сонда қошқарларға арналған қынаптың тесігіндегі көрініс ирек тәрізді болады, ал бұқаларға арналған қынапта үш бұрышты көрініс болады.

Жасанды қынап арқылы шәует алу. Қынап ішіндегі қысым сынап бағанының 40 мм құрауы керек. Жасанды қынаптың жыныстық мүше кіретін жағын залалсызданған жасанды ортамен майлап, поролонмен жабады. Қынаптағы температура шәует алу кезінде 40-42° болу керек Бұқалардан шәует алу үшін астына қозғалмайтын механикалық станок (гидропневматикалық) немесе өзі жылжитын қондырғы тұлып (чучело) өгіз манекені пайдаланылады. Күйлеген қоятын малды және жасанды қынапты дайындағаннан кейін, манежге санитарлық емдеуден өткен бұқаны жетектегіш-таяқ көмегімен кіргізеді. Өте қозып тұрған бұқаны станоктың жанына 2-3 минут (дұрыс секіруі үшін және толық эякуляция болу үшін) еркіне жібермей ұстап тұрады. Асылдырмай ұстап тұру және қоздыру, қосалқы жыныс бездерінің секреттерінің көп бөлінуіне, әсіресе уретралді бездердің секреттері бөлініп, несеп-жыныс арнасын зәр қалдығынан және микробтардан тазаруын қамтамасыз етеді. Бұған қоса бөлінетін шәует көлемін көбейтіп, оның сапасын жақсартады. Бұқаны шәует алғанға дейін манежге ерте кіргізуге және станоктың жанында 5 минуттан артық ұстауға болмайды. Себебі, бұның бәрі жыныстық рефлекстерінің тежелуіне әкеп соғады. Астына қойылатын мал ретінде биік, үлкен, сауыры кең малды пайдаланбайды. Бұқа асылғанда астындағы малдың сауырына жақын тұруға, бұқаның жыныс мүшесіне жанасуға, тиісуге болмайды. Себебі, оның жыныстық рефлекстері тежеледі. Бұқа малға асылғанда техник малдарға жылдам жақындап, жасанды қынапты оң қолымен ыңғайлап ұстап, сол қолмен бұқаның жыныстық мүшесін күпегінен еппен ұстап, жасанды қынаптың тесігіне бағыттайды. Қынапты малдың жамбасына қапсыра, горизонталды сызыққа 3545° бұрышпен шәует қабылдағышын жоғары қаратып (әсіресе бұқа қатты сүргенде мықты ұстау керек) ұстайды

Бұқа асылғанда және эякуляция кезінде жасанды қынап, оның жыныстық мүшенің бағытымен сәйкес, ал қынаптың шүмегі техниктің алақаны жағында болуы керек. Бұқаның жыныстық мүшесі қынапқа енгеннен кейін, ол бірнеше рет қозғалыстар жасайды, бұл қозғалыстар жасанды қынаптың механикалық, термиялық тітіркендірушілерін жыныстық мүшенің жүйке рецепторларымен қабылданып, эякуляцияның болуын қамтамасыз етеді. Бұл кезде бұқа алға қарай қатты итеріп, қозғалыс жасайды.

Жасанды қынаптың шәует қабылдағышын төмен қаратып ұстап, шүмекті ашып ауасын шығарады. Егер шәует жақсы болса, шәует қабылдағышты абайлап қынаптан ажыратады. Зарарсыздандырылған қақпақпен шәует қабылдағышты жауып, лабораторияға жібереді. Алынған эякулятты көзбен көріп мұқият тексеру керек. Кемшілігі бар (ластанған, ірің араласқан, қан араласқан) шәуетті жарамсыздыққа шығарады. Мұндай жағдайда жасанды қынапты мұқият жуып, зарарсыздандырады. Жасанды қынаптың резеңке камерасын майлайтын заттар қалдығынан соданың 2-3 %-дық ерітіндісімен жуып-шайып тазартып, кептіріп, зарарсыздандырады. Қошқардан шәует алу. Өндіруші қошқарлардан шәует алу алдында қынаптың жарамдылығын, дұрыс жиналғанын, ауа және су жібермейтінін, ішкі түтік қабырғасының тым тартылып немесе бұралмауын тексеру керек. Ішкі түтіктің жұмыс істейтін жағы тегіс болуы тиіс. Дайындалған жасанды қынапқа 50-55°С, 150-180 мл су құяды. Сонан соң орталық түтікшеге дайындалған шүмекті тығындап отырғызады, қынаптың бір шетіне шәует қабылдағышты бекітеді. Қынаптың ішкі бетін (шәует қабылдағышқа дейін 3-4 см аумақ қалдырып) жасанды ортаның ерітіндісімен немесе вазелинмен жұқалап майлайды. Бір қабырғалы шәует қабылдағышты пайдаланғанда манеждегі температура 18°С-тан төмен болмау керек. Егер манеждің температурасы 18°С-тан төмен болса, шәует қабылдағышты (мақта немесе поролон қалдығымен 60x60x80) арнайы ойылған материалмен қаптайды немесе екі қабырғалы шәует қабылдағышты пайдаланады. Шәует қабылдағышта 30-35° жылылық болатындай есеппен екі қабырға арасындағы қуысқа 40-45°С 50 мл су құяды. Жұмыстың алдында қынаптың қабырға аралық қуысына, шүмек арқылы түтіктің ішкі қабырғалары жанасатындай етіп ауа үрлейді. Қынаптағы температура 40-42°С болу керек, оны зарарсызданған термометрмен анықтайды. Техник жасанды қынап пен шәует қабылдағышты сұқ саусақ және бас бармақпен ұстай отырып, астына қойылған малдың сауырының тұсында 350 бұрышпен ұстайды. Жасанды қынап қошқардың жыныс мүшесінің бағытына сәйкес, ал шүмек техник жағында болуы керек. Техник қошқар асылғанда оның күпегінен сол қолымен ұстап жыныстық мүшесін жасанды қынапқа бағыттайды. Жыныстық мүше қынапқа енгеннен кейін, қошқар жыныстық қатынасқа тән қозғалыстар жасап, алға қарай қаттырақ сүріп жібереді, бұл қимыл шәует бөлінгенін (эякуляция) білдіреді.

Шәует бөлгеннен кейін, қошқар малдың үстінен ақырын түсе бастайды, сол кезде жасанды қынапты шәует қабылдағышымен төмен қарай ұстап, шүмекті ашып ауаны шығарып, суын ағызбай қайта жабады. Сонан соң шәует қабылдағышты ажыратып алып ауызын шыны қақпақпен жауып, сапасын анықтауға лаборатория жібереді. Жұмыс біткеннен кейін жасанды қынапты жоғарыда айтылған әдістермен тазартып, ал шәует алған манежді мұқият механикалық тазартады және күйдіргіш натрийдің 1%-дық ерітіндісімен залалсыздандырады.


ІІІ. Қорытынды

. Шәуеттің қоюлығын анықтау спермилердің қозғалыс белсенділігін анықтаумен толықгырылады. Егер қою шәуетге спермилердің қозғалыс белсендідігі төмен болса, ондай шәует пайдалануға жарамайды. Микроскоптың көру алаңында шәуеттің құрамындағы спермилер қозғалысы әр түрлі болып кездеседі. Сапалы, құнды спермилер қалыпты жағдайда алға қарай түзу сызық бойымен үдемелі жылжиды. Сапасыз, әлсіз спермилер айналып жылжып немесе бір орныңда тербеліп тұра береді. Спермилерді мұздатып немесе кейбір органикалық қышқылдар әсер еткенде олардың қозғалысы баяулап барып мүлдем тоқтап қалады. Егер шәуетті жылытса, қозғалыс белсенділігі қайта қалпына келеді. Шәуеттегі спермилер белсенділігін микроскоппен қарап анықтайды. Ол үшін спермилердің түзу сызық бойымен алға қарай үдемелі жылжу пайызын анықтап, соған байланысты белсенділік балдарын қояды. Бұл кезде айналып жылжитын, бір орында тербелетін және мүлдем жылжымайтын спермилердің барлығын өлі деп есептейді. Егер спермилердің барлығы 100 % түзу сызық бойымен алға қарай үдемелі қозғалса, оған 10 балл қояды, 90 %- 9 балл, 20 % -балл қояды және т. б. Егер спермилердің 10 % алға түзу сызық бойымен үдемелі қозғалса, онда жалғыз деген белгі қояды (Ж) . Барлық спермилер мүлдем қозғалмаса, Ндеп белгілейді (некроспермия) . Қалың шрифтпен белгіленген бұқа шәуетіндегі көрсеткіштер шәуетті өндіріске пайдалануға болатындығына рұқсат етеді Спермилердің жақсы қозғалысының белгісі құйын тәрізді жылжуы. Қою шәуетте бір бағытта қозғалатын спермилері бірігіп «толқын-ағым" құрайды. Аталған ағымдар бір-бірімен түйіскенде микроскоппен көру алаңында орайланып кетеді де, тез тарқамай, жәй тарқайды. Спермилер қатты құйынды қозғалған кезде, 10 балл беріледі. Одан сәл төмендеу болса 9-8 балл болады. Спермилердің кұйын тәрізді жылдам қозғалуын, шеңбер бойымен әлсіз спермилердің қозғалуымен шатастырмау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойды қолдан ұрықтандыру
Қолдан ұрықтандыру
Сот сараптамасының түрлері
Зорлау қылмыстарын тергеу
Жұмыстың практикалық қажеттілігі
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама
Өндіруші бұқалардың тұқымдық құрамын анықтау
Қазақстанда туған бұқалардың шәуетінің сапасы шетелдерде туған бұқалардың шәуетінің сапасын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz