Мегежіндерді азықтандыру


Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Шошқаны азықтандыру
2. 2 Мегежіндерді азықтандыру
2. 3 Шошқаның ас қорыту ерекшеліктері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I Кіріспе
Шошқаның, барлық топтарына арналған азық құнарлығы жағынан, қуаттылығы жоғары болуы қажет. Азық қуаттылығын анықтау кезінде, жоспарланған өнім өндіруді малдың тірілей салмағын, физиологиялық жағдайын ескерген жөн. Шошқа әсіресе протеин деңгейіне өте мұқтаж келеді. Бір азық өлшемінде қорытылатын протеин мөлшері 100 - 110 г деңгейінде болуы қажет. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар, энергетикалық коректілігі басым астық тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жугері, бидай, сулы, қара бидай, тары, сорго жатады. 12 пайыздық алғалдылықта олардың құрамында 9 - 13 пайыз протеин, 1, 5-2 пайыз май, 2-3 пайыз клечатка, 65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл болады. Органикалық заттары 70 - 90 пайызға қорытылады. Қабандарға кажетті рацион қыс айында кабандар рационында 2, 5 - 3, 5 кг жем болуы керек. Олар негізінен астық тұқымдастардан күнбағыс сығындысы не шроттан, сонымен аздап ылғалды азықтан және 0, 3 - 0, 5 кг шен ұнтағынан тұрады. Жазда қабандар жеммен қоса көк балаусаны әсіресе жоңышқа, эспарцет, бұршақты емін - еркін жей алуы керек не жайылымға шығарылады.
Мал өнімдерінің қалдықтарынан жасалатын азықтар, яғни жануар тектес азықтар протеиннің қайнар көзі болып саналады. Ал В12 витамині олардың рационында міндетті түрде болуы тиіс. Буаз және шағылысқа дайындалған мегежіндер тек көмірсутекті жеммен азықтандырылуы тиіс.
Жер ерекшеліктеріне және шаруашылықтан жем жағдайына байланысты, шағылысқа түсетін және буаз мегежіндер рационының әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол рационның міндетті түрде нормаларда көрсетілген коректік заттар мөлшерін қамтуы керек.
Екі жастан асқан буаз мегежіндерге тірілей салмағының әр 100 кг - на 1, 5 азық өлшемі шамасында бүкіл буаздық кезеңінде, ал өсіп келе жатқан жас мегежіндерге бірінші кезеңде 2, 5 және буаздығының екінші кезеңінде 3 азық өлшемі шамасында азық беру керек. Буаздығының бірінші жартысында өсіп келе жатқан жас мегежіндер рационында корытылатын протеин 110 г, ал сақа мегежіндер үшін бұл шама 100 грам, буаздығының екінші жартысында 110 грамнан кем болмауы керек. Сонымен қөандай да малды азықтандырар алдын ол малдың жағдайын ескерген дұрыс болып саналады. Олардың рациондарына мұқият көңіл аудару қажет.
II Негізгі бөлім
2. 1 Шошқаны азықтандыру
Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік (3 ай + 3 апта + 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120 килограмға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4-6 азық өлшемі жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі. Және ол азық талғамайды.
Шошқа бір қарынды болғандықтан ас қорытуы негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға қарағанда ас корыту жолдарында микробиологиялық түзілу онда өріс алмағандықтан (олар тек соқыр және тоқ ішектерде орын алады) шошқаны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рациондарындағы қиын қорытылатын клетчатка мөлшерінің белгілі бір деңгейде (кұрғақ затында 10- 12 проценттен) аспауын жіті қадағалайды.
Берілетін азықты алдын-ала өңдеуден откізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақтап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе ұнтақтап, ашытқылаған жөп. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.
Шаруашылықтағы азық қорына байланысты шошқаларды жемді, жемді-картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рациондар құрамында қыста 75-80, жазда 85-90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20-30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұйы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандықтан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.
Шошқа денесіндегі май негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан түзілгенімен, олардың рациондарын энергияға қанықтырып, ауыспайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етіп, ас қорыту барысына қолайлы жағдай туғызу үшін рациондарында «шикі» май мөлшері де жеткілікті болуға тиіс. Ауыспайтын май қышқылдары (линол, линолен, арахиден) линолен кышқылынан түзілуі мүмкін. Онын мөлшері торайлар рационының кұрғақ затында 1, 6 процент, сака шошқалардікінде- 1, 3 процент болуға тиіс. Сондай-ақ рационда (А, Д, Е, К) және суда (В тобынын) еритін витаминдер жеткілікті болуға тиіс.
2. 2 Мегежіндерді азықтандыру
Мегежіндерді жасына (сақайған болып 2 жас саналады ), тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі) қарай азықтандыру белгіленген.
Екі жасқа жетпеген, әлі өсуін тоқтатпаған мегежіндерді буаздық кезеңінде тірілей салмағына қарамай 181-200 киллограмдық мегежіндер нормасымен азықтандырады. Буаздықтың алдындағы 3-14 тәулікте мегежіндерді ұрықтандыруға жақсы дайындау үшін нормасын 0, 6 азық өлшеміне ұлғайтып береді. Рацион құрғақ затының әрбір киллограмында 1, 5 азық өлшемі, 105г қорытылатын перотин, 6, 0 лизин, 140г шикі клетшатка, 5, 8 г ас тұзы, 8, 7г кальций, 7, 2г фосфор, 11, 6 мг каратин, В1 7мг, В2 23мг, В3 1, 16мг, В4 29мг, В12 витаминдері болуға тиіс.
Торайларын емізетін кезде екі жасқа толмаған жас мегежіндердің дұрыс өсіп -жетіліп, төлім сүтке жарытуы үшін сақа мегежіндер нормасына 0, 6 -0, 8 азық өлшемі қосылып, рацион құрғақ затының әр бір грамында шикі, 145 г қорытылатын протен, 8г лизин, 4, 8 г метионин мен цистин, 70г аспайтын клетчатка, 9, 3 кальций, 7, 6 г фосфор, 11, 6 мг темір (басқа көрсеткіштер жоғарыда көрсетілген буаз мегежіндердікіндей ) болуы керек. Өндіріс технологиясы бойынша торайлары 60 тәуліктен ерте айырылатын болса, келтірген нормалық көрсеткіштер 0, 2-0, 3 (35-40 тәуліктен айырғанда ) және 0, 4-0, 5 (26 тәуліктен айырғанда ) азық өлшеміне кемітіледі. Әр торай басына шығындалатын азық өлшемі 0, 38-ден 0, 35 пен 0, 33-ке дейін азайтылады.
Жақсы күйлеп дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда азықтандыру деңгейін 25-30 процентке ұлғайтып, сақа метежіндердің әр 100 кг тірілей салмағына 1, 5-1, 8 кг, екі жасқа дейінгілеріне 1, 8-2, 4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Жануар тектес азықтар жеткілікті болса рацион қоректілігінің 3-5 процентіндей) көк сүт, сары су, ет, сүйек немесе балық ұнын, т. б. ) енгізеді.
Ұрықтанғаннан кейін мегежіндерді жан-жақты толықтырылған рационмен азықтандырады. Азықтандыру деңгейі әсіресе буаздықтың аяққы үштен біріне сәйкес келетін соңғы айында жоғары болуға тиіс. Буаз кезінде сақа мегежіндер 30-40, жас мегежіндер 50-55 кг салмақ қосу керек. Буаздықтың екінші жартысында олардың организміндегі энергиятикалық алмасу 25-45 процентке жоғарылып, туылатын торайлар денесіндегіден 1, 5-2 есе көп белок пен минералды заттар қорын жинайды. Іштегі ұрықтың дұрыс өсіп жетілуі үшін рациондағы протеиннің биологиялық сапалылығы жоғары болуы қажет.
Торайларын емізетін кезіңде сүт өндіруге жұмсалатын қоректік заттар шығыны көбейетіндіктен, азықтандыру нормасы күрт жоғарылайды. Рационда сүттілікті молайтатын шырынды азықтар көбейтіледі. Үшінші аптада тәуліктік сүттілік 5-7 килограмға жетіп, онымен 300-350г белок шығаратын мегежіндерді (екі айда 200-300 кг жоғары майлылықтағы 9, 6 процент- сүт өндіреді) сапалы қорытылатын протеинмен (1 азық өлшемінде 111-112г) минералды және витаминді азықпен қамтамасыз ету керек.
Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3, 0-3, 5 кг дән ұнтақтары ) бұршақ, күнбағыс шроты, кебек т. б. 1 к көк сүт, 0, 2 кг балық ұны, 0, 7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60 г прецититат, 30 г ас тұзы, 60 г премис қосындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыртүйнек жемістілерді 6-7 кг көк азықпен ауыстырады. Туатын уақыты жақындағанда олардың азықтандыру деңгейін 50 процентке азайтып, туатын күні жылы суға араластырған 0, 5-0, 6 кг жеңіл қорытылатын жемдер (сұлы, арпа, кебек т. б. ) ұнтағын ішкізіп, толық нормамен азықтандыруға біртіндеп 56 күнде көшеді. Торайларын емізуді тоқтатқанда 2-3 күн бойы сүттілігін азайту үшін азық беруді шектейді.
2. 3 Шошқаның ас қорыту ерскшеліктері
Дәнді азықтар құнарлығы мен қоректілігі жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар, энергетикалық қоректілдігі басым астық тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жүгері, бидай, сулы, қара бидай, тары, сорго жатады, 12 пайыздық, ылғалдылықта олардың құрамында 9-13 пайыз протеин 1, 5-2, 0 пайыз май, 2-3 пайыз клетчатка, 65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл (оның 15 пайызы фосфордан, 3 пайызы кальцийден тұрады) болады. Органикалық заттары 70-90 пайызға қорытылады.
Арпа дәні - 11, 0 пайыз шикі протеин, 1, 6 пайыз май, 3, 8 пайыз клетчатка бар. Суда және тұз ерітіндісінде 45-50 пайыз еритін протеиннің амин кышқылдық құрамы жақсы, 1 кг 5, 5 лизин, 1, 7 г триптофан, 2 г метионин, 1, 9 г цистин болады. Е мен В витаминдеріне бай. Осындай жеңіл қорытылатын диеталық азык болғандықтан арпа дәнімен малға беретін жемнің 30-40 пайызын құрастыруға болады. Оны бордақылаудағы шошқа және мегежін, төл азықтандыруға кеңінен қолданады.
Арпаның екіден үш бөлігін азотсыз экстрактивті заттар құрайды. Арпаның қоректік заттарының қорытылу сапасы шошқада өте жоғары, энергетикалық құндылығы жағынан сұлыдан 20 пайыз жоғары тұрады. Оның азықтық қасиетін бағалағанда ең, алдымен малға берер алдындагы өңдеу проценті жоғары орын алады. Шошқаның майы мен етіне өз әсерінш қатты тигізеді, яғни ет алу үшін арпамен бордақылау дүниежүзілік эталонға жатады.
Арпа - шошканың барлық түрлерінің рационының негізі болып табылады. Белокты витаминді - минералды қоспалармен бірге пайдаланғанда өте жоғары өнім алуға болады. Арпаның протеині өте құнды, барлық аминқышқылдар бар деп есептелінеді. Етті бағыттағы бордақылау негізінде де арпаның мөлшері 70 пайызға дейін жетеді. Арпаны берер алдында майдалап електен өткізеді. Ол қоректік заттардың жақсы қорытылуына байланысты қатты әсерін тигізеді.
Жүгері дәні - ең құнарлы жем. Дәмді болғандықган барлық, мал сүйсініп жейді. Құрамында 9-10 пайыз шикі (6-7 пайыз қорытылатын) протеин, 2-5 клетчатка, 4-9 пайыз май, 70 пайыз крахмал бар.
Бордакылаудағы шошқа азығының жартысы жүгеріден тұрса, олар тез жетіп семіреді. Шошқа жемін 50 пайыз жүгері, 25 пайыз кұнжара, 25 пайыз бидай кебегінен, 15 пайыз күнжара мен құрастыруға болады. Торайларға жүгері дәнін қабығынан тазартып береді. Құрама жем дайындауға кеңінен пайдаланылады. Жүгері құрамында протеин өте аз мөлшерде, негізінен зеин -белогынан тұрады.
Малдың асқазанының дұрыс жұмыс жасауы малға берілген азықтың құрамына байланысты болады. Сол үшін оларға берілетін азықты мұқият қадағалаған дұрыс.
Бір ұядағы торай салмағы 0, 7-2 кг дейін ауытқиды, бірақ құнды қоректік заттармен азықтандырып, күтіп - бағу жағдайы жасалынса, олардың қаркынды өсуі біте-бірте теңеленеді. Шошқа шаруашылығы мамандарында мынандай ойлар бар, яғни тірілей салмағы төмен торайлар туғаннан соң өліп калады, себебі олар физиологиялық, ауытқуымен туады деген. Әрине бұл ой теріс деп есептелінеді. Себебі торайлар салмағы 0, 8 кг-нан төмен болғанының өзіде ағзаның бүкіл жүйесі біркелкі істейді, тек бұлшық еттері дамымайды. Үлкен күнделікті ет өндіретін кешендерде торайлардың әртүрлі салмақпен тууы, еңбек шығынын көбейіп, біркелкі торайлар ұясын жасауды қиындатады. Олардың біркелкі өсуі кейінгі этаптарда сақталынады. Сондықтан, ұяны теңестіруге көп көңіл бөлген жөн, себебі бұл бөлім мегежіннің ең керемет қасиеті көптөлділіктің биологиялық ерекшеліктері болып табылады. Буаздылықтың оныншы күнде буаз аналықтардың қанының сарысуында альбумин құрамының көбейеді. Американ зерттеушілері Д. Целлер мен Н. Хэбуер аналық шошқаның көптөлділігі орташа былай болатынын анықтаған: ұсақ 5-6 торайлы, орташа 6-7 торайлы, ірі 7-8 торайлы. Тұқымның ірі болуы өнімділіктің басқа бір көрсеткіші және ол торайдың туған кезіндегі салмағымен анықталады.
Көптеген жұқпалы аурулар зоогигиеналық, яғни малдар мен адамдарға ортақ және де бірінен - біріне жұқпалы болып келетінін ескерсек, «медицина адамды емдесе ветеринария бүкіл адамзатты емдейді» деген сөзді ескеріп, малдарға да адамдар секілді шын көңіл аударып карау, оларға зең қою керек екенін ескерген жөн, яғни сол қағиданың растығына көзімізді жеткізуіміз керек. Мал шаруашылығында өнім алған кезде өнімдері таза да сапалы болуы керек. Себебі өнімдері таза болмаса, адамдардың денсаулығын еш сақтау мүмкін емес. Мүны әсіресе сыртқы орта шамадан тыс ластанып, экологиялық жүйелердің табиғи теңдігі бұзылып, табиғи және агроөндірістік биогеоценоздардағы биохимиялық коректік тізбектер бүтіндігінің сақталуы қиын бүгінгі күндерде ерекше ескеру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz