Құтырық ауруы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II Негізгі бөлім.
1. Бруцеллез
2. Топалаң
3. Құтырық ауруы
4. Лептоспироз
5. Сіріспе
6. Ботулизм
7. Оба
8. Түйнеме
9. Тырысқақ
10. Листериоз
11. Аусыл ауруы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жұқпалы аурулар ерте заманда, олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Жұкпалы аурулар мал ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш микробтар ауру малдан сау малға беріледі. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппайтаралады. Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері -- адам немесе мал ағзасы. Белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың тасмалдаушылары жәндіктер мен кенелер. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік өмір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нәрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйеде пайда болып отыратын және өзара байланысты жұқпалы жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол
клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз -- инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны. Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілуіне байланысты бар жұқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы. Ішекжұқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-өнетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, шулы тыныс алу кезінде шырышыты ұсақ бөліктерімен, қақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау малға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нәтижесінде жұғады. Бұл аурларға тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады. Қан жұқпа тобына, қоздырғыштары қан ағысына қан ссорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, қанда орнығатын қоздырғыштары барауруларжатады.
Сырткы қабат жұкпалары - сау малдың шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нәтижесінде жұғады. Жара жұқпа жарақат нәтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы тән. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына -- түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.

Зертханалық жануарлар - биологияда, медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында пайдаланылады. Лабораториялық жануарларға жүргізілетін ғылыми тәжірибелер мақсаты мен міндеттеріне қарай таңдалып алынады. Зерттеу жұмысының тиімді де жақсы нәтиже беруі үшін таңдап алған түрдің тек биологиялық ерекшеліктері ғана емес, олардың мінез-құлықтары да ескеріліп, жануарлардың өніп-өсуіне және тіршілігіне қолайлы жағдай жасалуы қажет. Лабораториялық жануарлардыңдың қатарына мамандардың ғылыми ізденістеріне қажетті жануарлардың барлық тобы (қарапайымдардан сүтқоректілерге дейін) жатады: тәжірибе, негізінен, омыртқалылардан - бақа, тышқан (бұлар лабораториялық жануарлардыңдың 70%-ын құрайды), егеуқұйрық, ит, мысық, қоян, маймыл, сонымен қатар тасбақалар мен құстарға да, ал омыртқасыздардан - дрозофила шыбыны, кене, құрттарға, т.б. жүргізіледі. Тәжірибелік мақсатта, негізінен, арнайы шығарылған инбредті (жақын туыс дарабастарды шағылыстырудан шығарылған) және таза тұқымды лабороториялық жануарлар, сондай-ақ гнотобиоттар (микробсыз жануарлар) пайдаланылады. Лабораториялық жануарларды виварияларда (тәжірибе жүргізілетін жануарларды арнайы ұстайтын орын) ұстайды.

Бруцеллез - малдан адамға жұғатын, ретикулоэндотелиалды, нерв, жүрек-қан тамыр жүйесінің және қозғалыс аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялы - аллегиялық ауру.

Этиологиясы. Бруцеллез қоздырғышы - микроорганизмдердің Brucella туысына жатады.

Эпидемиологиясы.
1.Ауруыдың көзі:
Ең қауіптісі ұсақ малдар - ешкі мен қой 80% жағдайда.
2. Ауру тарататын түрткілер: ет, сүт, малдың көңі, қиы, жүні. Ең қауіптісі - малдың шуы, жатыр суы, жаңа тұған не іш тастаған төл.

Клинакасы. Жедел Бруцеллез.
1. Аурудың жасырын кезеңі 7 - 30 күн, кейде ұзаққа созылады.
2. Аурудың белгілері бірте - бірте баяу басталады. Ең алғашқы
белгілерінің біріне науқастың қызуы көтеріліуі жатады.

Емдеу диагностикасы. Бруцеллез ауруында іш сүзегі, безгек, ревматизм, ревматоидты артрит, туляремия, инфекциялы моноуклеоз, сепсис ауруларымен екшеу жүргізіледі.

Алдын алу шаралары. Бруцеллез ауруының алдын - алуда ветеринарлық - сауқтыру шаруашылық санитарлық және медициналық шаралар, негізгі мақсат жануарлар арасында инфекцияны жою және адамдардағы ауруды тоқтату.

Топалаң - жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл шаруашылық малдарының барлығы және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған кезде көршиқандар шығады, түрлі ағзалары серроздық-геморрагиялық қабынады.

Этиологиясы. Қоздырғышы капсула мен спора құратын Bacіllus anthracіs бацилласы жер қыртысында көбейеді және ондаған жылдар бойы сақталады. Сондай-ақ суыққа да төзімді болады.

Эпидемиологиясы.
Ауру қоздырғыштарын таратудың негізгі көзі - сыртқы ортаға бөлініп шығатын ауру малдардың зәрі, сүті, сілекейі. Топалаңнан өліп, кезінде жиналмаған қой өлексесі өте қауіпті. Қоздырғыштары тері зауыттарының, мал көмген орындардың маңайында, жайылымдарда, мал су ішетін орындарда жиі кездеседі.

Клинакасы. Ауру көбіне жазда (шілде - тамыз айларында) байқалады. Ауырған мал жүріп келе жатып тоқтап қалады, мойнын соза береді, танауы делдиіп, аузын ашып, ауыр тыныс алады, кейбіреулері қанды зәр шығарады. 2 - 16 сағат ішінде мал жүре алмай, жығылып қалады, аяқтары тартылады, мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Өлексесі өте тез ыдырайды. Малдың іші кеуіп, ісінеді, көкбауыры тым үлкейіп, қанға толып тұрады. Күйіс қайыратын малдарда және жылқыда жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілейді, сілекейлі қабығы көгереді, тәбеті нашарлайды, дірілдеп, денесінің әр жерінде жаралар пайда болады. Шошқалардың мойнында ісік пайда болып, тыныс алу мен жұтыну қызметі бұзылады. Клиник. белгілері - көршиқандардың пайда болуы, ішектердің, кейде өкпенің зақымдануы.

Алдын алу шаралары. Топалаңның алдын алу үшін бүкіл малға СТИ-1 немесе ГНКИ вакцинасын егеді. Бұған қоса жайылымдар, қой суаратын орындар, үй маңындағы телімдер малдәрігерлік-санит. талаптарға сай болуы тиіс. Адамдарға Топалаң ауру малдарға күтім жасағанда, мал өнімдерін өңдеу кезінде, ауру малдардың сүті мен етін тағамға қолданғанда жұғады.

Құтырық ауруы -бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатын ауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр,түлкі т.б. және адам ауырады.
Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.
Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте).
Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу белгілері(ашушаңдық,мазасыздық ,агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды , төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану (паралич) тез пайда болып, 2-4 тәулікте өледі.
Құтырманың атиптік (ауруға тән емес) түрінде жануар арықтайды, асқазан-ішек ауруларының белгілері білінеді, ашушаңдық, еліру, шабуылдау белгілері білінбейді.
Мысықтарда құтырма көбіне еліру түрінде өтеді.Аурудың белгілері ит құтырмасы секілді. Мысықтар көбіне ит және адамдарға шабуылдайды. Мүйізді ірі қараның құтыруы көбіне тыныш түрінде өтеді.Қарлығып мөңірейді, сілекейі ағады, қалтылдап штқаяқтап жүреді, аяқ параличі тез пайда болады. Құтырманың белгісіз түрінде өтуі де сирек емес. Бұл жемнен бас тарту, асқазан әлсіздігі, құмалақ тастау бейнесіне жиі тұрады,сіресу ұстамасы,соңы салданумен аяқталады. Ірі қарада құтырманың еліру түрінде ноқтадан босануға әрекет етеді, қатты мөңірейді, жер тарпиды, басқа сиырларға, иттерге, адамдарға шабуылдайды.
Қой мен ешкіде құтырма мүйізді ірі қарадағыдай өтеді.
Жылқы мен шошқада құтырма көбіне елірме түрінде өтеді.
Құтырма қандай түрінде өтсе де, қандай жануар ауырса да соңы өлім-жітімге әкеліп соғады.
Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит,мысық және басқа жануарлар оқшауланып , ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит ,мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.
Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларға вакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Лептоспироз (грек. leptos -- жіңішке және грек. speіra -- ирекше, бұрама; грек. osіs -- ауру) -- адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы -- спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 -- 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі:
интерогеморрагиялық лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады;
каникол лептоспироз (немесе Помон) (денеде қан құйылу байқалады);
"су қызбасы" деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі.
Қазақстанда лептоспироз "су безгегі" деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі -- дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан -- ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер)

Сіріспе (Столбняк) - қаңқа бұлшық еттерінің тоникалық және клиникалық құрысуларымен сипатталатын, асфиксияға әкелетін ауыр жедел инфекциялық ауру. Сіріспе ерте заманнан белгілі. Ауру 40 - 70% жағдайда өліммен аяқталады.

Этиологиясы. Сіріспе қоздырғышы Clostridium teteni. Bacillaceae туысына жатады. Олар ірі, жұқа, шеттері дөңгеленген, ұзындағы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб - анаэроб, спора түзеді, грам оң. Споралар сыртқы ортаның физикалық және химиялық түрткілеріне тұрткы. Нәжісте, топырақта, әр түрлі заттарда олар бірнеше жылдарға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы. Clostridium teteni табиғатта кеңінен тараған. Инфекция көзі - ауру жануарлар және адамдар. Коздырғыш вегативтік түрде ішектестерінде тіршілік етеді, нәжісі арқылы топыраққа түсіп, инфекциялдап, спораға айналады . Топырақтан миткробтар шаң арқылы киімге, аяқ-киімге еніп, адамның терісіне, егер тері, не кілегей қабат зақымдалса организмге еніп, ауру туғызады.65-75% -те ауру себебі аяқ-қолдың ұсақ жарақаттары болады. Жалаң-аяқ жүргенде, үшкір заттар кіргізіп алғанда, ағаштың жаңқасы кіргенде жиі сіріспе ауруының дамуына әкеледі.
Сіріспе инфекцияның ену қақпасына қарай бөлінеді:1)жарақаттық сіріспе (жарақат, операциядан соң, босанғаннан кейін, жаңа туған нәрестеде, инфекциядан кейін, күйгеннен соң, үсу электрожарақат) ; 2) қабыну және деструктивті процестен болатын сіріспе ( жара, ойылу, ыдыраған ісіктер); 3) криптогенді сіріспе (ену қақпасы белгісіз).
Инкубациялық кезең бірнеше күннен айларға дейін созылады, орташа ұзақтығы 14-15 күн . Инкубациялық кезең неғұрлым қысқа болса, соғұрлым ауру ауыр түрде өтеді . Аурудың 7-8 күндері жүрек тондары тұнықталып, жүрек тоқтап қалуы да мүмкін . Клиникалық белгісі жедел және тез дамиды . Ауру кенеттен жедел басталады, тахикардия және техипноэ, өте күшті және жиі құрысуі цианоз және өте қаупті асфиксия .
Сіріспенің алдын алу шаралары 2 бағытта жүргізіледі:
1) Жарақаттың алдын алу
2) Арнацы алдын алу
Арнайы алдын алу шаралар жоспалы түрде сіріспелік анотоксинмен (АКДС- вакцинасының кұрамына кіреді), 3- айлық жастан басталады,ревакцинация 2 жасында, 6,11,16-17 жаста жасалады.
Барлық инфекцмялық аурулардың ішінде өлу жиілігі бойынша 3-ші орында тұр.

Ботуллизм
Ботуллизм- ботуллотоксиндердің сопақша ми мен жұлынның холиненергиялық құрылысын терең зақымдануымен сипатталатын және офтаьмоплегиялық, бульбарлық синдромдармен көрінетін жедел инфекциялы - токсикалық ауру.

Этиологиясы: Боттулизм қоздырғышы Clostridium botulinum, Clostridium туысына, Bacillaceae- семьясына жатады. Ол таяқша пішінді, шеттері дөңгеленген, өлшемдері, 0,6-0,9*4-9 мкм, қозғалмалы (түктері бар). Анаэроб, экзотиксин өндіреді, 7 серворы бар А,В,С,Д,Е,Ғ,G.Ботуллизм қоздырғышы топырақта тіршілік етеді, одан суға, көкөністерге, ас тағамдарына, жемістерге түседі . Физикалық - химиялық түрікілердің әсеріне өте тұрақты спора түзеді. Cl.botulinum вегативтік түрі сыртқы ортаға тұрақсыз 60 С жоғары қыздырғанда тез өледі, брақ споралар 5 сағ қайнататғанда ғага өледі. Ботуллотоксин -- өте күшті әсерлі бактериялды у : 1 мл токсинде ақ тышқандарға
1-3 млн өлтіру дозасы бар. Адамдарды өлтіру дозасы 0,3 мкг.
Ботуллотоксин термолабильді, қайнатқанда 5-10 мин соң өледі.

Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышының негізгі көздері- жылы қанды жануарлар, балықтар, шаян тектестер. Олар сумен, желмен,қоздырғыш спорасын жұтып қояды, сосын сыртқы ортаға нәжісі арқылы түседі
Патогенезі : Инфекйияланған ас тағамдарымен бірге ботуллизм қоздырғышы және оның экзотоксини аш ішекке түседі. Ол жерден қан ағымы арқылы ішкі мүшелерге тарап, сопақша мидың және жұлынның мотонейрондарын зақымдап бульбарлық және салдық синдромдар дамиды.

Клиникасы; Инкубациялық кезең ұзақтығы 2-12 сағаттан 8-10 күнге созылады.
1. Ауру кенеттен басталады
2. Дене қызуы қалыпты, кейде субфебрильді
3. Асқазан тұсында ауырғандық және ауырлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Құтырық ауруының сипаттамасы
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Ауру белгілері
Вирустық аурулар жайлы ақпарат
Құтыру - зооантропонозды ауру
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Құтырық жіті өтетін ауру
Пәндер