Қазақ КСР


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. 1940 - 1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ ЖАҒДАЙ . . . 8

1. 1 Қазақстанның 1940 жылдардағы дамуы . . . 8

1. 2 Елдегі әкімшіл- әміршіл жүйенің қалыптасуы . . . 12 ІІ . «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОВЕТ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН САЯСИ ҮРДІСТЕР . . . 20 2. 1 Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» монографиясының тарихы . . . 20 2. 2 Әйгілі ғалымдарға жасалған саяси қыспақ: Қ. Сәтпаев, Б, Сүлейменов . . . 31

ІІІ. СТАЛИНДІК ҚЫСПАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ . . . 31

3. 1 Республикадағы мәдениет пен . ғылым саласындағы дағдарыс . . . 49 3. 2 Саяси лагерьлердің құрылуы: Карлаг, Степлаг, Алжир . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр басындағы Қазақ елінің алдындағы абыройлы мақсаттың үлкені - рухани және материалдық мәдениетімізді дамыту арқылы қоғамымызды, Қазақстан мемлекетін іргелі жылжыту болып табылады.

Осы биік мақсаттан мәдениеттің субъектісі, авторы, жасаушысы ұлттық шығармашылық интеллигенцияға айрықша көңіл бөлу қажеттігі келіп туындайды. Өркениетті елдерде өздерінің көрнекті оқығандарын, ғалымдарын, қалам және қылқалам шеберлерін, бір сөзбен айтқанда мәдениет қайраткерлерін қадірлеп, оларды материалдық және моральдық жағынан қолдаудың бірталай дәстүрлері қалыптасқан. Сондай игілікті де ізгілікті дәстүрлер Қазақстанда да қалыптасып, берік орнығуына бағытталған шаралар қабылдануы қажет. Соңғы уақытқа дейін қазақтың талай майталман ақындары, өнер иелері, ғалымдары, мысалға Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Ақжан Машанов, Шәмші Қалдаяқов өмірінде ауыртпашылықтардан басқа өкімет тарапынан ешқандай қолдау көрмей дүниеден өткенде ғана, уақыт өткізіп барып, мерейтойларын атап, сый сияпат, қолпаштау әдеті парасаттылыққа жатпаса керек. Алаш зиялыларын, Сәкен Сейфуллин бастаған шығармашылық интеллигенцияның жаңа ұрпағының 1937-1938 жылдары атылып кетуіне, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ермұхан Бекмаханов, Қайым Мұхаметханов , Бекежан Сүлейменов, т. б. ғалымдардың қуғындалуына жол берілмесе керек-ті. Шығармашылық интеллигенцияның тарихын жан-жақты әрі терең зерттеу олардың қадірін жете түсінуіне қызмет етеді.

Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның тағдырын зерттеу рухани тегімізді тануға септігін тигізеді, тарихымыздың тұңғиық тереңінен бастау алатын рухани әлемімізге бойлауға мүмкіндік береді. Белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек бұл туралы: “ Халықтың рухани әлеміне ден қойғанда, өткенін, бүгінін және болашағын біртұтас тарихи-мәдени процесс ретінде қарағанда ғана ғылыми шындықтың шоқтығына қол тигізуге болады ” дей келіп, жеке бір саладағы рухани өрісті бажайлаумен ақиқатты тануға болмайтындығын атап көрсетеді.

Шығармашылық интеллигенциясының қазақ қоғамындағы атқарған рөліне байланысты осы күні күрделі проблемалар кешені жинақталып, өз шешімін күтуде. Бұл күрделі тақырыпты ғылыми-объективті тұрғыдан арнайы зерттемейінше ұлтымыздың тарихы толымды түрде жазылмайтыны айқын болса керек.

Диплом жұмысының мақсаты - 1940 - 50 жылдардағы саяси үрдістердің ерекшеліктерін және Ермұхан Бекмаханов, Қаныш Сәтбаев және Бекежан Сүлейменовтерге көрсетілген сталиндік қыспақты зерттемекпіз. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу жүктеледі:

3

  • 1940-шы жылдардағы елдегі саяси әлеуметтік жағдай.
  • . ғылым мен мәдениетке көрсетілген сталиндік қыспақты қарастыру;
  • Ермұхан Бекмахановтың монографиясының тарихын зерттеу;
  • Қ. Сәтпаев пен Б. Сүлейменовке жасалған саяси қыспақты зерттеу;
  • Саяси лагерьлердің құрылуын қарастыру.

Зерттеу обьектісі - 1940-50 жылдардағы саяси үрдістердің дамуы мен ерекшеліктері.

Зерттеу пәні - сталиндік қыспақ жылдарындағы « Е. Бекмаханов, Қ. Сәтбаев және Б. Сүлейменов » істері.

Тақырыптың өзектілігі - Қазақстан тарихы мен мәдениетінің тұтас дәуірін құраған кеңестік жылдардағы ұлт зиялыларының қалыптасуы, шығармашылық қауымға қатысты ұстанған саясат пен өктемдіктің динамикасы және салдарының айқындалуында.

Тақырыптың зерттелу деңгейіне келетін болсақ, қазіргі зерттеулерден ғалымдардың біршама тарихи шындыққа жақындай түскенін аңғару қиынға түспейді. Жаңадан ашылған тарихи құжаттар Кеңестер Одағында 1920-50-ші жылдардағы саяси репрессиялардың басында Сталин құрған пирамидалық биліктің мақсатты түрде жүргізген саяси курсы екендігін, оның алдымен сталиндік басшылықтың ұстанымымен келіспеген елдің саяси басқарушы тобына (элитаға), содан соң экономикалық тұрғыдан үстемдік құрып келген әлеуметтік (буржуазия, бай, кулак, ж. б. ) күштерге және патриоттық ұстанымдағы ұлттың белсенді тұлғаларына қарсы бағытталған заңдық негізі күмәнді, шектен асқан зорлық пен қиянатқа толы шаралар болғандығын айғақтап отыр.

Кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуі ұлттық тарихқа жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін туындатты. Тарих ғылымы халықтың жүріп өткен жолын, бастан кешкен оқиғаларын зерттей отырып, ұлттық болмыстың қалыптасу, даму басқыштарын қарастыратын ғылым. Оның зерттеу аясы кең де күрделі салаларды қамтиды. Солардың ішінде күрделі тарихи өтпелі кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің белсенді қызметімен қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуына пәрменді ықпал жасаған түрлі қоғамдық күштердің және жеке тұлғалардың өмір жолын талдап, зерттеу де елеулі орын алады.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ қаламгерлері энциклопедиялық білімге ие кемелді тұлғалар еді. Ғылым мен өнер саласындағы жаңа қадамдар, кәсіби маманның жетіспеушілігі зиялылардың барлық салада қызмет істеуіне жол ашып, жан-жақты жетілу орайын берді. Сонымен бірге бар мүмкіндіктерін жұмсап қызмет істеу міндетін де жүктеді. Қоғамдық өзгерістер, міндеттің ауырлығы мен ауқымдылығы олардың қайраткерлік тұлғасының қалыптасуына игі ықпал жасады. Бұл ретте М. Әуезов, М. Тынышбаев, С. Мұқанов, Қ. Сәтбаев, Е. Бөкетов т. б-ларды айтуға болады.

4

Кеңестер Одағындағы саяси репрессияның себептері жөнінде де аз айтылған жоқ. Кеңестік ұстанымдағы зерттеушілер кезінде, мәселен, алғашқы социалистік мемлекеттің капиталистік қоршауда қалғандығына, жаңа қоғамдық құрылысқа, ішкі және сыртқы жаулардың қарсылығына баса назар аударды. Бұл ұстанымдағылар қоғам неғұрлым социалистік қатынастардың жеңісіне жақындай түскен сайын, тап жауларының қарсылығы да соған сәйкес күшейе түспек деген сталиндік тұжырымға сүйенді. Яғни, мәселені тым саясаттандыруға, идеологияландыруға басымдылық берілді. Мұндай тұжырым билік тарапынан алып империяда жүргізілген саяси репрессияларға теориялық негіз болды.

Билікті сталиндік басқарушы топтың курсымен келіспеген саяси «элементтер­ден» (сталиндік емес) «тазарту» шаралары оларды басқа ұстанымдағы, яғни жастау, білімдірек, саяси және идеологиялық тұрғыдан айтқанға көнгіш элитамен ауыстырумен аяқталды. «Әлеуметтік тұрғыдан зиянды» бай-кулактарды жою шаралары қоғамды экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігі жоғары тұлғалардан айырды, ал үзіліссіз жүргізілген «ұлтшылдармен» күрес науқандары ұлтсыздануға, ұлттық нигилизмге жол ашты.

Қазақстанда жүргізілген саяси репрессия саясатын арнайы жан-жақты әрі терең зерттеу ісі әлі қолға алынған жоқ . Бұл үшін жабулы жатқан мұрағаттық қорларды зерттеуші ғалымдардың қолына беру қажет. Сонда ғана, мәселен, ресейлік деңгейдегі зерттеу жұмыстарына қол жеткізе аламыз. Ресейде бұл тақырыпты арнайы мемлекеттік тапсырыстар беру арқылы талдауға алу жолға қойылған. Мақсатты және бағдарламалық негізге қойылған бұл шаруа өз нәтижесін беруде. Бізде әлі «әліптің артын бағу» ұстанымы басымдылық алып келе жатқан сияқты. Дегенмен қолда бар азын-аулақ құжаттық материалдарға сүйене отырып, елімізде жүрген репрессияның мынадай кезеңдерін бағамдауға болады.

Бірінші кезең (1918-1920 ж. ж. ) шамамен революция және азамат соғысы жылдарын қамтиды. Репрессиялық шаралар большевиктер партиясы орнатқан саяси жүйеге қарсы шыққан экономикалық тұрғыдан үстем таптарға, сондай-ақ кеңестік емес, ұлттық негіздегі мемлекеттік құрылымды талап етуші азаттық ұстанымдағы күштерге бағытталды.

Екінші кезең шамамен 1923 жылдан, яғни И. Сталиннің жоғары билікке келген мезгілінен басталып, 1932 жылмен аяқталады. Бұл кезеңде бұдан бұрын да жүргізілген репрессиялық шаралар өз жалғасын тапты. Дегенмен бұл кезеңнің мынадай ерекшеліктері байқалды. Мәселен, бай-кулактарды тап ретінде жою билік тарапынан мақсатты түрде жүргізілген шаралар арқылы осы мезгілде біржола аяқталды. Қазақстанда басталып, Мәскеуде аяқталған екі бірдей сот процестері нәтижесінде сталиндік басшылықтың Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшылары және бел­сенділерімен «есеп айырысу» ісі аяқталды.

5

Осы жылдары мемлекеттік аппаратта, партия қатарында жүргізілген кадрлық «тазартулар» басқарушы элитаның «жаңа генерациясының» билікке келуін қамтамасыз етті.

1920-шы жылдардың соңы және 1930-шы жылдардың басында жүргізілген сот процестерінде тергеушілер ұлттық саяси элитаның шетелдік эмиграцияға кеткен М. Шоқай және З. У. Тоған сияқты саяси тұлғалармен, басмашылар қозғалысымен өзара байланысын анықтауға көп күш жұмсады. Бұл фактілер империялық орталықтың өзінің ұлт істерінде жүргізіп отырған саясатының әділетсіз екендігін іштей сезінуінің бір көрінісі еді.

Үшінші кезең шамамен 1933 жылдан басталып, 1937-1938 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. Құжаттық мәліметтер ОГПУ орындарының 1933 жылы Қазақстанда оннан астам «контрреволюциялық ұлттық ұйымдарды» әшкерелеп, жойғандығы жөнінде мәлімет береді. Олардың арасында, мәселен, Алматы және басқа қалалардағы Ы. Мұстамбаев басқарған «Түріктердің халық партиясы» (бұл іс бойынша 12 адам сотталған), Оңтүстік Қазақстан облысы Қармақшы ауданындағы (қазіргі Қызылорда облысындағы) «Қызыл кедей» ауылында 53 адамнан тұрған (бұл іс бойынша бес адам атылып, 48-і сотталған), «Қарағандыкөмір» тресіндегі 12 адамнан тұрған Н. Кодаленко бастаған (бәрі де сотталған), Оңтүстік Қазақстан облысы Әулие Ата ауданында 21 адамнан тұрған (бәрі де түрлі мерзімге сотталған) және басқа халық шаруашылығына «қаскүнемдік» жасаушы топтар бар-тын. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұл «контрреволюциялық» ұлттық ұйымдар есебінде «әшкереленген» топтардың қалыптасу барысын, бағыт-бағдарын (жарғы, бағдарлама), нақты қызметін айғақтайтын құжаттық материалдар, әрине, мүлдем жоқ-тын.

Төртінші кезең соғыстан кейінгі мезгілге, яғни 1940-шы жылдардың соңы, 1950-ші жылдардың басына тән. Бұл жылдары саяси репрессия құрбаны болған саяси элита немесе халық шаруашылығына зиянкестік пиғылдағы «элементтер» емес, соғыс жылдары белсенді шығармашылық қызметі арқылы патриоттық ұстанымын ашық білдірген ғалымдар мен ақын-жазушылар еді (Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов, Е. Исмайылов, Ш. Әбенов ж. б. ) . Кеңестік билік жүргізген саяси репрессиялар барысында қиянатты тек жеке тұлғалар ғана көрген жоқ, сонымен бірге әділетсіздік оғы ресми идеология ұстанымына қайшы келетін идеяларға да жұмсалды. 1943 жылы мәскеулік және жергілікті ғалымдар мен жазушылардың ортақ еңбегі «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» атты кітабы жарық көрді. Кітапта патшалық биліктің Қазақстанды отарлау және қазақ қоғамын орыстандыру саясаты тиянақты түрде талдауға алынып, бұл әрекетке жауап ретінде көрінген қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресіне, түрлі аймақтарда жүрген азаматтық қарсылыққа жеке тараулар арналды. Ұлттық қоғамдық ойдағы «Зар заман» ағымына тиесілі көңіл аударылды. Осының бәрі Мәскеудегі ұлыдержавалық ұстанымдағы ортада «бұл қазақ деген қандай «таңдаулы халық» (избранный богом народ) еді» деген пікір тудырды.

6

Кітап тез арада айналымнан алынып тасталынды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Саяси репрессиялар тарихы кеңестік тарихнамада толық әрі кешенді қарастырылмады. Әрине, бұл түсінікті де еді. Өздері құрған мемлекеттің қылмыстарын большевиктер әшкерелей алмайтын. Оны Н. Хрущевтің ХХ сиезде жеке басқа табынушылықты айыптаған баяндамасынан кейін де еңбектердің жарық көрмеуі дәлелдеп береді. Басты мәселе мұрағаттардың ашылмауы және құжаттардың құпиясыздандырылмауы болды. Деректерсіз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Тіпті Н. Хрущевқа даярланып берілген мұрағат материалдары да жарияланбады.

Отан тарихында саяси репрессиялар тақырыбын жан-жақты зерттеу тек қана елдегі қайта құру реформаларымен, яғни 1980-жылдардың екінші жартысында қолға алынды. Қазақстандағы ұлттық сана - сезімнің оянуы отан тарихының ақтаңдақ тұстарын зерттеу мен Алаш қайраткерлерінің мұраларын қайтаруға бағытталды. Сонымен мемлекеттің заңдық шараларына байланысты тақырыптың басқа да қырлары ашыла бастады.

Зерттеудің құрылымына келетін болсақ, диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.

Кіріспе бөлімі диплом жұмысының мақсатынан, зерттеу объектісінен, пәнінен, тақырыптың өзектілігінен, зерттелу деңгейінен, ғылыми жаңалығынан және құрылымынан тұрады.

І тарауда 1940-1950 жылдардағы елдегі саяси -әлеуметтік және әкімшіл-әміршіл жүйе қарастырылған.

ІІ тарауда әйгілі ғалымдарға жасалған саяси қыспақ.

ІІІ тарауға келетін болсақ, Республикадағы мәдениет пен ғылым саласындағы өзгерістер және лагерлердің құрылуы қарастырылған.

7

І 1940 - 1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ.

1. 1 Қазақстанның 1940 жылдардағы дамуы

Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.

Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.

Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И. В. Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

8

1953 жылы қыркүйекте Н. С. Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж. ) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л. Берия (1899-1953 жж. ) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н. С. Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай - жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И. В. Сталин, Л. Берия, Н. Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын - сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н. С. Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я. Рудзудақты, А. Рыковты, В. Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М. Елікбаев Н. С. Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М. Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады.

9

1957 жылы М. Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н. С. Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП-ның XXI съезінде Н. Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.

Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж. ) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов - Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т. б.

1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146, 4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.

1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11, 42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5, 4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10, 5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н. С. Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті.

Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.

10

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын Президентті сайлау тәртібі мен оны тіркеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Конституцияға тарихи, саяси-әлеуметтік және құқықтық сипаттама
Қазақ - өзбек шекара мәселесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz