Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
I бөлім.
1. Microsoft Front Page мүмкіншіліктері . . . 10
1. 1 Microsoft Front Page туралы түсінік . . . 10
1. 2 Front Page - Web-буынды құру . . . 14
1. 3 Web-парақтарды көру режимдері . . . 18
1. 4 Формалар мен кестелер . . . 20
1. 5 Front Page компоненттері . . . 23
II бөлім . . . 25
2. Электрондық оқулықтың негізгі ұғымы . . . 25
2. 1 Микропроцессорлық техниканың оқыту құралы ретіндегі негізгі түсінігі . . . 26
2. 2 Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары . . . 28
2. 3 Электронды оқулықты жобалау жүйесіне қойылатын талаптар . . . 29
2. 4 Электронды оқулықтар жасау ортасын біліктеу . . . 31
2. 5 Электронды оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс
режимдері . . . 32
III бөлім . . . 35
3. Электрондық оқулық сипаттамасы . . . 35
3. 1 Электрондық оқулықтың пайдасы және оның жасау жолдары . . . 37
3. 2 Интерфейсті құрастыру . . . 39
3. 3 Электрондық оқулықты негізгі жасау кезеңдері . . . 43
3. 4 Электронды оқыту құралдарымен жұмыс жасаудың тиімділігі… . . . 48
3. 5 Білім берудегі электрондық оқулықтарды пайдалану
мәселесіне байланысты ресми құжаттарды зерттеу анализі . . . 50
3. 6 Электрондық оқулық әдістемелік қамтамасыз етуі . . . 52
3. 7 Электрондық оқулық жасаудағы әдістемелік ұсыныстар,
классификациясы . . . 54
3. 8 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы . . . 57
3. 9 Электрондық оқулықтың жұмыс жасау режимдері . . . 58
IV бөлім . . . 59
Қорытынды . . . 59
Қосымшалар . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе.
« Ақпараттық маркетинг » тәртібінің заты болып, маркетигтің барлық субъектілерінің нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық өнімдерді сатумен, құрылуымен, өндірілуімен байланысты сұрақтар кешені табылады.
Курс мақсаты - студенттерді аса күрделі қазіргі таңдағы әлі құрылып жатқан ақпарат бөлімі - ақпараттық маркетинг әдістері жиынтығымен таныстыру.
Ақпараттық маркетинг мәнін ашып, оның ерекшеліктерін талдау. Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығының құрылу барысы, баға құрылымының мәселелері, ақпараттық өнімдерге меншікті қорғау қарастырылады.
Курстың негізгі мақсаты - студенттерді маркетинг тұжырымдамасында іске асатын, әлемде жиналған ақпарат нарығын басқару тәжірибесімен қолдану машығына үйрету.
Курсты оқу нәтижесінде студенттер төменде берілгендерді білуі тиісті.
- Ақпараттық маркетинг негіздері - ақпаратттық маркетинг мәні, нарықтық экономика құрылымындағы оның ерекшелігі және ролі.
- Ақпарттық өнімдер мен қызметтердің негізгі мәселелері.
- Баға құрылымының және ақпараттық өнімдерді қорғаудың негізгі мәселелері.
- Маркетингтің ақпараттық жүйесі және оның құрылымы.
Курсты өткеннен кейін студенттер төмендегілерді істей алуы қажет.
- Ақпараттық өнімдерді өндірушілер мен онымен тұтынушылар өнімдік тауар өндіруші ролінде болып және шаруашылық есептеу принципінде жұмыс істегенде ақпараттық өнімді өндірушілер және онымен қолданушылар арасындағы экономикалық қатынастарға талдау жасау.
- Тұтынушылар мен қызметтер түрлері бойынша ақпараттық өнімдер нарығының құрылуы мен бөлшектенуіне зерттеу жүргізу.
- Қызметт көрсетудің алуан түрлеріне ақпараттық қажеттілік пен сұранымның өзгертілуіне бағдар жасау және күй-жағдайын зерделеу.
- Келісілген баға, бағатізбені қолдану және қызмет көрсетудің белгіленген бағасы бойынша ұсыныс өңдеу.
- Басқа ақпараттық технологияларды қолдану негізінде өнім сапасын жоғарылату бойынша ұсыныс жасау.
- Жарнама, қосымша жеңілдіктер және сенімді делдалдар есебінен өнімді сатуды қарқындату немес үдету.
- Пайдаланушыларды жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді нәтижелі қолдану, олардың ақпараттық мәдениетін жоғарылатуға үйретуді ұйымдастыру, тұрақты пайдаланушылар құрамын құрастыру.
Нарықтық экономика үлгісіне ауысу өз артынан нарық сұрақтарымен,
соның ішінде ақпараттық маркетинг сұрақтарымен байланысты курстарды « Экономикалық кибернетика » мамандығы бойынша, өткізілетін тәртіптер тізіміне кіргізу қажеттілігі туындап отыр.
Марктингті тек фирмада жұмыс істеу барысында ғана нақты білуге болады, яғни кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі шартында ақпараттық өнімдердің өндірілуін және өтілімін жоспарлаудың нақты мәселелерімен айналысу барысында. Бүгінгі күнде көрсетілген аспектілердің көбі жоқ, сонда да ақпараттық маркетинг саласында мамандарды дайындау мәселесі ерекше көкейкестілік танытып отыр.
Ақпараттық маркетингті фирманың өндірістік, сату, кәсіпкерлік қызметін басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретінде қарастыра отырып, осы саладағы мамандарды дайындаудың негізгі мақсаты жаңаша жеткілікті ойлау құрылымы болатынын ескерту қажет. Осыған орай дайындаудың бірінші кезеңіне - « Маркетинг негізі » мен « Менеджмент негізі » курстарында оқытылатын негізгі терминдерді, ұғымдарды, анықтамаларды меңгеру болады.
Екінші кезеңде студентерді іскерлік имитациялық ойындар мен арнайы тренингтер барысында ақпараттық маркетинг мәселелері бойынша дайындау.
Курс мазмұны
- тақырып.
Кіріспе.
Бүгінгі заманның ерекшелігі ретіндегі қоғамнаың ақпараттануы.
Нарықтық экономика құрылымындағы маркетинг ролі.
Курс пәнінің мазмұны. Курс құрылымы.
- тақырып.
Ақпараттың нарықтық таратылуының индустриясы.
Ақпараттық өнімдердің таратылуы мен өндірілуі саласында нарықтық қатынастардың құрылымы.
Ақпарттың нарықтық таратылу технологиясы.
- тақырып.
Ақпараттық маркетингтің негізгі ұғымдары.
Ақпараттық тауар. Ақпараттық тауардың мәні.
Өмірлік кезеңі.
Нарық. Нарықты байқау.
Баға. Оның құрылу әдісі. Маркетинг жүйесіндегі баға саясаты. Нарық құрылымы туралы ұғым.
Бәсекелестік.
Өтілімді ынталандыру және сұранымның құрылымы.
- тақырып.
Маркетингтік тауарлық саясат.
Сұраным және оның маркетингтік өнімдері.
Жаңа ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жасау.
- тақырып.
Ақпараттық тауарлардың нарығын зерделеу.
Маркетингтің ақпараттық жүйесі.
Маркетингтік зерттеулер.
Бәсекелестікті зерделеу.
Ақпараттық өнімдер нарығын бөлшектеу.
- тақырып.
Тауар өндірушінің даму стратегиясын таңдауды талдау.
Стратегиялық талдаудың және жоспарлаудың әдістері.
Өсу стратегиясын таңдау.
7- тақырып.
Өнімдердің өтілімі және оны ынталандыру.
Үлестіру жолдары.
Ақпараттық өнімдердің экспортындағы өтілім саясатының ерекшеліктері.
Сервис және сервистік саясат.
- тақырып.
Ақпараттық маркетингті басқаруды ұйымдастыру.
Басқару құрылымы.
Ақпараттық маркетингті жоспарлау және бақылау.
Фирмалық мәдениет.
Табыстың тәуекелділігі және факторлары.
- тақырып.
Ақпараттық нарықтық «орын».
Ақпараттық нарықтық «орнының» ұғымы.
Нарық «орнын» іздеу.
Нарық «орны» жұмысының қаражаттық мәселелері.
10-тақырып.
Ақпараттық өнімдерге меншік мәселелері.
Ақпараттық өнімдер меншігінің, оның ерекшелігінің ұғымы.
Ақпараттық меншікті қорғау мәселелері.
Бұл дипломдық жұмыстың атауы “Маркетинг пәні бойынша электронды оқулық” . Осы электронды оқулықты жасауда мен жасаушы құралдардың жаңашыл тәсілі Microsoft Front Page бағдарламасын қолдандым. Microsoft Front Page айқын мультимедиялық оқулықтар, мултипликациялар, Web-қосымшалар жасауға мүмкіндік береді.
Менің ойымша жаңа ғасырға сай, біз құрастырушы программалардың жаңашыл технологияларын ұсынуымыз керек. Сонымен біз тұтынушы мен пайдаланушыларды қызықтырып оларға көп жеңілдіктер жасаймыз. Microsoft Front Page технологиясы кез келген көлемді және күрделі тасырмаларды орындай алады. Microsoft Front Page-ті әсем графикамен, форма және интерактивтілікпен тоолықтырылған Web-сайт жасауда қолдануға болады. Сонымен қатар банер, навигациялық жол, Web-сайтқа арналған фондық музыка немесе біздің жағдайымызда сияқты электрондық оқулық жасау үшін пайдалануға болады.
Жаңа технологиялардың дамуы есептеуіш техника әдістерін кеңінен енгізу, сонымен қатар шығарылатын есептеуіш техникалар санын өсіру және оның сапасын жоғарылау, компьютерлердің көптеген ғылым облыстарында кеңінен қолдануына мүмкіндік жасады . Қазіргі кезде көптеген ғылыми - техникалық мақсаттардың табысты шешімі ЭЕМ шапшаң қолдануына тәуелді болады . Дипломдық жұмыстың актуалдығы, соңғы кездегі электрондық оқулықтарды жасау тақырыбының мемлекет деңгейінде талап етілуі және кеңінен талқылануынан болса керек. Қазіргі кездегі білім беру жүйесі, ақпараттық технологияларды және компьютерлік телекоммуникацияны белсене пайдалануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі жылдам дамып келеді, осыған байланысты білім беру орталықтарының, күшті компьютерлік техникамен және Интернет желісімен жабдықтау факторларына жағдай жасайды. Өздігінен білім алу мақсатымен және қашықтықтан білім берудің құрамды бөлігі ретінде электрондық оқулықтарды пайдалануға болады.
Компьютерлік техника мен және интернет - технологияның дамуы - оқушылармен жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сабақ өткізудің әртүрлі формаларын қолдануымен оқу процесін интенсифтеуге болады.
Студенттердің осы пән бойынша алған білімді тексеруі электронық оқулықта бақылау сұрақтары мен практикалық жұмыстары бар. Электрондық оқулықта көрнекілік ретінде шығарылған есептер мен функциялардың графиктері бар.
Соңында студенттерге кереті ақпарат алуға болатын әдебиет тізімі бар. Бұл электрондық оқулықта жүйесінің жаңа версиясын оқулық негізінен алынған. Оқытудағы негізгі көңіл бөлгені жүйесімен жұмыс істеудегі тиімділігі мен қолдануы жатады.
I бөлім.
Microsoft Front Page мүмкіншіліктері.
1. 1 Microsoft Front Page туралы түсінік.
Microsoft Front Page - Web - буындарды ұйымдастырып құрастыруға және олардың құрамын келешекте Internet немесе Intranet желілерінде көрсетілімге шығару үшін арнайы құралдармен жабдықталқан пакет.
1. 1-сурет. Microsoft Front Page терезесі
Microsoft Front Page негізгі үш модульден тұрады: ( Front Page негізгі модуль болып келеді, сондықтан біз оның атауын өзгертпей пакеттің атауын қалдырамыз ), Microsoft Personal Web Server ( MSPWS, персоналды Web-буын), Front Page Server Extensions (серверлік кеңейтілу), Front Page - Web-буындарды құру үшін, барлық компоненттермен жабдықталған нақты кликнт/сервер. Front Page - бұл өзі қосымшаның клиенттік бөлімі, ал Microsoft Personal Web Server және Front Page серверлік кеңейтілуі серверлік болп келеді. Енді модульдың әрқайсысын жеке сипаттайық.
Front Page Web-парақтарды құрастырып редактілеу үшін стандарттық мүмкіншіліктер береді және сонымен бірге бірқатар спецификалық фкнкциялар атқарады. Одан басқа, ол Web - буындарды әр түрлі режимдерде көріп және оның құрлымын өзгерту үшін арнайы мүмкіншіліктерге толы. Front Page мастерлар мен шаблондардың көмегімен жаңа Web - буын құруға, Web-буынды Web-серверде көрсету үшін, жеке тұтынушыларға немесе тұтынушылар тобына бірдей құқық тағайындап қолдануға мүмкіндіктер жасайды.
Microsoft Personal Web Server Web-буындағы файылдарды басқаруға және Web-буынның беттерін сраушыларға жіберуге мүмкіндік береді.
Берілген сервер Microsoft фирмасының Windows 2000 және Windows NT 4. 0 Server операциялық ж. үйелерінің қатарына кіретін Internet Information Server (IIS) - дің нұсқасы бойынша құрылған. Microsoft Personal Web Server Windows 98 жүйесімен тығыз байланысқан. Оның құрамына оның 3. 0 нұсқасыда енгізілген (Бұл нұсқа Front Page 2000 де құрамына енгізілген) .
Әрине ол Internet Information Server икемденген мүмкіншілікер жиынына ие болмайды, бірақ бұл сервер Intranet жүйесінің қарқынында және кіші шамаларды ұйымдастыруда қолданылатын өте ыңғайлы таңдау. Microsoft Personal Web Server Front Page 2000 құрамына енбейді, бірақ оның 4. 0 нұсқасын Microsoft фирмасының Web-буынынан мына адрес бойынша алуға болады: http://www. microsoft. com/ie/pws/.
Microsoft Personal Web Server Windows жүйесін іске қосқаннан кейін авоматты түрде өз жұмысын бастайды. Оның жмысын уақытша тоқтатуға болады, егер TaskBar есептер тақтасының оң жағында пайда болған пиктограмманы тышқанның оң жақ батырмасымен сырт етсе және пайда болған контекстік менюден Stop Service командасын таңдап алсақ. (Серверді кайра іске қосу үшін Start Server командасын қоланамыз) . Properties командасын пайдалану арқылы Personal Web Manager диалогтық терезесін ашамыз, онда Web-серверді басқару функциялары орналасқан.
Web-серверде орнатылған Front Page Server Extensions (серверлік кеңейтілулер) Front Page - те құрылған Web-буынның құрамына енгізілген компоненттердің кең терулеріне қолдау көрсетеді. (мысалы, формалар, дәлелдеу жолының компоненттері, қызу нүктелер және т. с. с. )
Егер Web-серверде Front Page серверлік кеңейтілулер орнатылмаса, онда компоненттер функцияланбайды. Internet серверлердің арасындағы аса танымал және көп қолданылатын UNIX және тағыда сол сияқты Windows NT үшін Microsoft фирмасының буынынан
http://www. microsoft. com/front page/wpp/. адресі бойынша алуға болады.
Егер провайдердің серверінде өздеріңнің Web-буындарыңызды орналастыру қажет болса, онда біз Web-буынды өзінің серверінде орналастыру үшін провайдерді сендіруіміз қажет. Егер бұл келісім-шарт орындалмаса, онда провайдерді ауыстыру кеңесі беріледі. Microsoft фирмасының Web-буынында, Front Page серверлік кеңейтілулер орнатылған Web-серверлерде провайдерлер тізімін тауып алуға болады. (http://www. microsoft. com/front page/wpp/list/) .
1. 2. Front Page-те Web-буынды құру.
Front Page-тің көмегімен Web-буынды құрудың негізгі жолдары төменде көрсетілген.
- Бірншіден сізге шешіп алу керек, информацияның қандай түрін сіз Web-буынға енгізесіз, қандай мәтіндер, графикалық бейнелер. Формалар мен гиперкөшулер ақпаратты керекті түрде ұсыну мүмкіндік береді. Сонымен қатар Web-буынды құру жұмыстарына кіріскен кезде Web-парақтарды және тұтас көшулер жолдарын безендіру үшін арнайы жоспар құрып алу қажет. Бұл жоспар тұтынушыға ақпарат іздеу кезінде максималды жеңілдік береді.
- Сіздің Web-буыныңыз жариаланатын Web-сервердің функцияланатынын тексеріп алыңыз. Microsoft Personal Web Server компьютер іске қосылғаннан кейін өз жұмысын автоматты түрде бастайды.
- Front Page-ті іске қосыңыз. Front Page-те бір таза парақтан тұратын Web-буынды құрыңыз, немесе дайын Web-буынның құрамындағын көшіріп алыңыз.
- Web-буынды пайдалану үшін жеке немесе бір топ тұтынушыларға арнайы құқықтар тағайындаңыз.
- Front Page терезесіндегі жұмыс аумағының сол жағында Views қарауымен басқару панелі орналасқан. Оның құрамында мынадай басқару элементтері бар: Page, Folders, Report, Navigation, Hyperlinks, Tasks.
Бұл элементтер Web-буынның сәйкес көру режиміне өтуді қамтамасыз етеді. Tasks батырмасын басыңыз. Оң жақта есептер тізімі пайда болады. Егер Web-буынды құрастыру процесінде шеберлер қолданылса, онда олар Tasks тізіміне автоматты түрде қосылады. Кейіннен бұл тізімді редактірлеуге болады.
- Views панеліндегі Folders басқару элементін активтендіріңіз. Өзіңіз жұмыс істейтін парақты таңдап алыңыз. Осы парақтын үстінде тышқан батырмасын екі рет сырт еткізіңіз. Page көру режиміне көшу іске асырылады. Бұл режимде берілген парақ бейнеленеді. Параққа мәтін енізіңіз және оны керек болса форматтаңыз. Формалар, кестелер, гиперкөшулер, графикалық және видеобейнелерді кірістіріңіз, парақты дыбыстық қолдаумен қамтамасыз етіңіңз.
- Парақты форматтауды аяқтап болған соң, Microsoft Internet Explorer немесе Netscape Navigation сияқты броузерде мезгіл-мезгіл қарап отырыңыз. Front Page-те ашылған парақты кез келген броузерге салу үшін File менюіндегі Preview In Browser командасын пайдалану керек.
Пайда болған диалогтық терезеде броузерді таңдап алыңыз (терзеде сіздің компьютеріңізге негізілген барлық броузерлердің тізімі көрсетіледі) . Preview батырмасын басыңыз. Парақ броузерге салынады. Екі броузер қолданған кезде Web-буынның қаншалықты жақсы көрінетінін жеңіл бағалауға болаты.
- Reports көру режиміне өтіңіз. Front Page -те құрылған соңғы есеп берулерде пайда болады. Олар Web-буынды құрастыру кезінде пайда болуы мүмкін. Мысалы қате жасалынған гиперкөшулермен байланысты болуы мүмкін.
- Дайын Web-буынды Internet арқылы пайдалану үшін Web-серверде жариалау керек. Серверде Front Page - тің серверлік кеңейтілулері кірістірілу керек. Бұл Web-буын құрылған парақтарға орналастырылатын Front Page-тің компоненттеріне қолайлы рұқсат алуды қолдайды.
- Web-буынды жұмыс кезінде көріңіз. Web-буынмен әрбір броузерде жұмыс істеп көріңіз, және әрқайсыссында сіздің Web-буыныңыз қалай көрінетінін байқаңыз. Тиеу уақытын бағалаңыз. Бұл да өте маңызды. Өз әәрптестеріңізге өз Web-буыныңызбен жұс істеуді ұсынып көріңіз. Соңынан олардың алған әсерін тыңдап, ескертулеріне мән беріңіз.
- Web-буынның құралы бір неше рет өзгертулерге ұшырауы мүмкін. Осындай жағдайда өзіңіздің компьютеріңізде немесе серверлеріңізде Web-буынның көшірмесін алыңыз. Жаңа нұсқасын өзгертулер енгізген соң, серверде орналастыра аласыз.
1. 2. -сурет. Web-буынның шаблондары
Front Page басқа авторлық жүйелерден бірқатар басымдылықтарға ие екнін айтып өткен жөн.
Front Page көптеген элементтермен Web-буынды ұйымдастыруға және көрнекі ұсынуға мүмкіндік береді.
Front Page Web-буынды WYSIWYG режимінде құрастырып редактірлеуге мүмкіндік береді.
Tasks тізімінің көмегімен Web-буынды құрған кезде орындалатын есептеулерді басқару жеңіл болады.
Шеберлер және шаблондар арқасында Web-буынды, парақтарды немесе парақтағы элементтерді тез арада құруға болады.
Жұмыс нәтижесін көру үшін «лезде» тестілеу жүргізуге болады.
1. 3. Web-парақтарды көру режимдері.
Front Page Web-буынмен жұмыс істеу үшін 6 түрлі көру режимін ұсынып отыр.
Page (парақты көру режимі) . Бұл режимде Web-парақтарды құрастыру және редактілеу жұмыстары іске асырылады. Мұнда бос Web-парақтарды, шаблондарға сүенетін парақтарды құрастырып, WYSIWUG (what you see its what you get - сіз нені көресіз, сіз соны аласыз) режимінде парақтарды редактілеуге, мәтін енгізіп форматтауға, графикалық және видео бейнелерді пайдаланып парақтарды безендіруге, парақтарды дыбыс пен сүймелдеуге, ақпаратты кестелеуге, кадрларда, формаларда гипермәтін құруға болады.
Формалармен жұмыс істеу кезінде күрделі элементтерді құру үшін егізілген шеберлер өте пайдалы болады. Web-параққа енгізу үшін Front Page өзінің компоненттерін ұсынады. (FP Components) .
- Reports (есеп берулерді көру режимі) . Сізге Front Page-те ашылған Web-буын туралы түрлі ақпаратқа ие, оннан астам есеп берулерді ұсынады.
- Folders (бумаларды қарау режимі) . Бұл режимде Web-буынның құрылысын көріп оны басқаруға болады.
- Navigation (навигациялық қарау режимі) . Бұл режим Web-буынды схемалы түрде көрсетіп парақтар арасындағы байланысты өзгертуге мүмкіндік береді.
- Hyperlinks (гипермәтін көру режимі) . Бір бірімен байланысқан Web-парақтарының гиперкөшу жүйелерін көрсетеді (сонымен қатар гипер көшу мен басқа буындар), олардың тұтастығын және өзгерту мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
- Tasks (есептерді көру режимі) . Бұл режим Web-буынның есептерін басқаруға (қосмшалар енгізуге, өшіруге, атқаруға) арналған.
1. 4 Формалар мен кестелер.
Біз Web-буынның парағында мәтін және графикалық кескіндердің қалай бейнеленуін яғни тұтынушының ақпаратын беруін білдік. Мүмкін сіз тұтынушының ойын, алған әсерін білгіңіз келіп тұр? Ол үшін онымен кері байланыс орнату керек. Front Page форма құруға мүмкіндік береді. Осы форманың көмегімен сіздің Web-буыныңызды пайдаланушы сізге ақпарат жібере алады. Құрылып жатқан формаға рет-ретімен немесе шеберді көмегін пайдаланып бірақ элементтер енгізуге болады. Ол шебердің жұмысына біз кейін тоқталамыз. Ал әзірше «рет-ретімен» тәсіліне тоқталайық. Форма элементтерін енгізу үшін Insert менюіндегі Form қосымша менюінің командаларын сонымен қатар Form саймандар панелінің батырмаларын (қолайлы болып табылады) пайдалану керек.
Forms саймандар панелі қодануда өте қарапайым. Forms батырмасында тышқан көрсеткішін орналастырамыз. Submit және Reset батырмаларын қосатын, форма автоматты түрде құрылады. Оған қоса On-Line Text Box батырмасын қолданып формаға жол (поле) қосыңыз. Форма элементінің қасиеттер терзесін ашу үшін, оның үстіне тышқан курсорын апарып, оң жақ батырманы басыңыз. Пайда болған контекстік менюдің Form Fields Properties командасын таңдап алыңыз. Форманың өзінің қасиеттер терезесі контексттік менюдің Form Properties командасы арқылы ашылады.
Кестелер.
Кестелер Web-парақта ақпаратты реттеудің және ұсынудың қолайлы тәсілі. Front Page-те кестелерді құру және өңдеу мүмкіншіліктері өте көп.
Кестелерді құру үшін Standart саймандар панеліндегі Insert Table (Кестені кірістіру - Вставить т аблицу) батырмасын қодану керек. Бұл команда кестенің жодар мен бағаналар санын анықтау кесте тұп тұлғасына (прототип) жол ашады. Table менюіндегі Insert қосымша менюінің Table командасын пайдаланғанда Insert Table диалогтық терезе ашылады. Бұл терезе ішінде кесте пішінін анықтау және кестені орналастыру тәсілдерінің элементтері орналасқан. Құрылған кестені Table менюіндегі командалардың көмегімен модификациялауға болады. Бұл командалар кестені түгел немесе бөлек ұяшықтарды өңдеуге мүмкіндік береді. (Table менюіндегі Properties қосымша менюінің Table және Cell командалары) Кестемен жұмыс істеу үшін сонымен қатар Tables саймандар панелі арналған.
Шеберлер мен шаблондар мүмкіншіліктері кең парақтарды автоматты түрде құруға рұқсат етеді. Шаблондарды қолданған кезде жаңа форматталған парақтар сіздің көмегіңізсіз құрылады. Ал шебер арқылы парақ құру диалогтық режимде өтеді: шабер сұрақ қояды және сіздің жауаптарыңызға сүйеніп парақ құрастырады. Осындай түрде Front Page-те парақ құру үшін File менюіндегі New қосымша менюінің Page командасын тиеу керек, General қосымша беінде керекті шаблон мен шеберді аңдап алып ОК батырмасын басыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz