Үшінші топтың катиондарын тұнбаға түсіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Катиондардың бірінші аналитикалық тобы

Бірінші аналитикалық топтың катиондарына K + , Na + , NH 4 + жатады. Басқа топтардың катиондарынан айырмашылығы барлық натрий, калий және аммоний тұздары суда жақсы ериді. 1-ші топ катиондарының қосылыстары түссіз болады. Аалитикалық белгісі олардың топтық реактиві болмайды. Аммоний тұздары тұрақсыз және қыздырған кезде оңай айырылады. Бұл қасиетті бірінші топтың катиондары тұздарынан аммоний тұздарын бөлу алуда қолданады.

Натрий және калий кең таралған элементтерге жатады. Адам ағзасында натрий еріген тұздар түрінде (хлорид, фосфат және гидрокарбонат) көбіне жасуша сыртындағы сұйықтықта: қан плазмасында, лимфа және ас қорыту сөлінде болады. Қанның осмостық қысымын негізінен натрий хлориді ұстап тұрады. Сол сияқты калий ағзаның барлық ұлпалар құрамында болады. Кейбір биохимиялық процестерде калий ионы маңызды роль атқарады, жүрек қалыпты жұмыс істеу үшін қандағы калийдің концентрациясын анықтау қажет.

Натрий, калий және аммоний қосылыстары фармацияда қолданады. Натрий хлориді физиологиялық ерітінділердің және қан алмастырғыштардың құрамына кіреді, сол сияқты әр түрлі дәрілік препараттарды дайындау кезінде қосымша зат ретінде пайдаланады. Асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарлағанда NaHCO 3 натрий гидрокарбонатын қолданады. Ревматизмді емдеу кезінде натрий салицилаты қолданылады. Аммоний хлориді диуретик (несеп айдағыштар) және қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер ретінде қолданылады. Аммиактық судағы 10%-тік ерітіндісі («мүсәтір спирті») аурудың естен тану күйін қалпына келтіру үшін қолданады.

Жеке реакцияларды орындау кезінде зертханалық дәптерге төменде көрсетілген таблица үлгісі бойынша толтыру қажет.

ЖАЗУ ТҮРІ

Анықталатын катион
Реакция жағдайы
Реактив
Байқалатын өзгерістер
Реакция теңдеулері
Анықталатын катион:
Реакция жағдайы:
Реактив:
Байқалатын өзгерістер:
Реакция теңдеулері:

Калий катионның (K + ) реакциялары

1. Жалынның боялу реакциясы. Калийдің ұшқыш тұздары жалынды күлгін түске бояйды. Берілген реакция фармакопеялыққа жатады.

2. Шарап қышқылы Н 2 С 4 Н 4 О 6 немесе натрий гидротартраты NaНС 4 Н 4 О 6 калий ионның жеткілікті концентрациясы кезінде ерітіндіде калий гидротартыратының ақ түсті кристалды тұнбасы түзіледі.

KCl + Н 2 С 4 Н 4 О 6 = KНС 4 Н 4 О 6 ↓ +HCl

Тұнба минералды қышқылдарда ериді. Реакцияны бейтарап немесе әлсіз қышқыл ортада суықта жүргізеді және пробирка қабырғасын шыны таяқшамен үйкеу арқылы. Аммоний ионы анықтауға кедергі жасайды себебі ол реактивпен ақ кристалды тұнба түзеді. Реакция сезімталдығы аз және фармакопеялыққа жатады.

3. Na 3 [Co(NO 2 ) 6 ] натрий гексанитрокобальтатын (III) бейтарап немесе әлсіз қышқыл ерітіндісінен сары кристалды калий-натрий гексанитрокобальтаты (III) тұнбасы түзіледі:

Na 3 [Co(NO 2 ) 6 ] + 2KCl = K 2 Na[Co(NO 2 ) 6 ] ↓ + 2NaCl

Кедергі жасаушы иондар аммоний ионы балып табылады. Бұл реакцияның сезгіштігі өте жоғары және калий ионы үшін неғұрлым тән реакция. Реакция фармакопеялыққа жатады.

4. реакция -натрий, қорғасын және мыс (II) бірлескен нитриты Na 2 PbCu(NO 2 ) 6 калий тұздармен әрекеттесіп, өзіне тән коңыр немесе қара түсті куб тәрізді кристалдар түзеді:

2KCl + Na 2 PbCu(NO 2 ) 6 = K 2 PbCu(NO 2 ) 6 + 2NaCl

Кедергі жасаушы иондар аммоний ионы балып табылады.

Натрий катионның (Na + ) реакциялары.

1. Жалынның боялу реакциясы. Натрий тұздары жалында сары түске бояйды. Реакция өте сезгіш және тән, фармакопеялыққа жатады.

2 . K[Sb(OH) 6 ] калий гексагидроксистибиаты (V) натрий тұздарымен бейтарап және әлсіз сілтілік ортада баяу түзілетін ақ кристалды тұнба береді.

NaCl + K[Sb(OH) 6 ] = Na[Sb(OH) 6 ] ↓ + KCl

Реакцияны қышқылдық немесе күшті сілтілік ерітіндіде жүргізуге болмайды. Қыздыру кезінде тұнба ерігіштігі жоғары болғандықтан, реакцияны салқындату кезінде жүргізіледі, пробирка қабырғасын шыны таяқшамен үйкеу арқылы. Кедергі жасаушы иондар аммоний ионы балып табылады.

3. реакция UO 2 (CH 3 COO) 2 уранилацетаты натрий тұздары ерітіндісінде сарғыш кристалды натрий уранилацетатын Na[UO 2 (CH 3 COO) 3 ] түзеді. Реакция фармакопеялыққа жатады.

NaCl + UO 2 (CH 3 COO) 2 + CH 3 COOH = Na[UO 2 (CH 3 COO) 3 ] + HCl

Аммоний ионның (NH 4 + ) реакциялары

1. NaOH және КOH сілтілерді аммоний тұздарының сулы ерітіндісіне қосқанда, аммиак бөлінеді:

NH 4 + + NaOH = NaCl + NH 3 ↑ + H 2 O

Ерітіндіні қыздыру кезінде ұшқыш аммиак бөлінеді. Бөлінген аммиакты лакмус қағазы көмегімен байқауға болады. Ол лакмус қағазын көк түске бояйды. Реакция фармакопеялық.

2. Несслер реактиві (K 2 [HgI 4 ] пен KOH қоспасы) аммоний тұздарымен қызыл-қоңыр түсті тұнба береді:

2K 2 [HgI 4 ] + 4KOH + NH 4 Cl = [Hg 2 ONH 2 ] I↓ + 3H 2 O + 7KI + KCl

Реакцияны реактивтің артық мөлшерінде жүргізу шарт, себебі тұнба аммоний тұздарында ериді. Реакция өте сезімтал. Ерітіндінің қанық боялуы аммоний ионның концентрациясына байланысты.

Бірінші аналитикалық топ катиондар қоспасының анализі

  1. NH4+ионның қатысын зерттеу. Бірінші зерттеу аммоний ионына жүргізіледі, себебі K+және Na+иондарын ашуға кедергі жасайды.

Пробиркаға 1-2 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Қызыл-қоңыр тұнба түсуі ерітіндіде аммоний тұздарының қатысын көрсетеді. Дымқыл қызыл лакмус қағазда көк түстің пайда болуы аммиак қатысын көрсетеді.

Анализдің жүру барысы ерітіндіде аммоний тұздарының қатысына байланысты.

Аммоний тұздары жоқ

Егер аммоний тұздары болмаса, ерітіндідегі K + және Na+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізуге болады.

  1. Na+иондарының қатысына жүргізілетін зерттеулер. Пробиркаға 3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіні енгізеді және лакмус бойынша ортасын анықтайды. Ол үшін шыны таяқша көмегімен зерттелетін ерітінді тамшысын лакмус қағазына (күлгін болса тіпті жақсы) енгізеді. Егер орта қышқылдық болса, онда сұйылтылған КОН ерітіндісін әлсіз сілті реакциясына дейін тамшылатып қосады. Әр қосылған тамшы КОН ерітіндісінен кейін, лакмус бойынша ерітіндінің ортасын анықтап отыру қажет. Зерттелетін ерітіндіні қажетті әлсіз сілтілік ортаға жеткенен кейін, оған 5 тамшы калий гексогидроксистибиаты (V) К[Sb(OH) 6] ерітіндісін қосады. Реакцияны салқын ағынды судың астында, шыны таяқшамен пробирка қабырғасын үйкеу арқылы жүргізеді. Ақ кристалды тұнбаның әсіресе оның пробирка қабырғасында тұну ерекшелігі, натрий иондарының қатысын көрсетеді.
  2. К+иондарының қатысына жүргізілетін зерттеулер. Пробиркаға 3 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 2-3 тамшы натрий гексанитрокобальтатын (III) қосады. Сары түсті кристалды тұнбаның түзілуі калий ионның қатысын көрсетеді.

Аммоний тұздары бар.

Егер аммоний тұздары қатысатын болса, онда оларды жою қажет себебі Na + және К + иондарын анықтауға кедергі жасайды. Ол үшін 1 мл зерттелетін ерітіндіні кішірек фарфор ыдысына құяды, абайлап буландырады және әуелі жай содан соң қатты отында аммоний тұздары толық ыдырағанша қыздырады. Бұл операцияны тартпа астында жүргізу керек. Ақ түсті будың бөлінуі тоқтағаннан кейін ыдыс ішіндегі қалдықты тағы 10-15 мин күйдіреді, салқындатады және жуғышпен ыдыстың қабырғасын шаймалай отырып, дистиллденген су қосады. Ерітіндіні пробиркаға енгізеді оған 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Қызыл-қоңыр тұнбаның болмауы аммоний тұздарының толығымен жоқ екендігін көрсетеді. Егер аммоний тұздары толық жойылмаса, онда ерітіндіні қайтадан булайды және күйдіреді. Бұл операция сынама Несслер реактивімен аммоний тұздарының қатысы жоқтығы дәлелденгенше қайталанады.

Ерітіндіде аммоний тұздары толық жойылған кезде ғана К + және Nа + иондарының қатысына зерттеулер жүргізуге болады. Натрий иондарын анықтау кезінде ерітіндінің ортасын анықтаудың қажеті жоқ, өйткені ұзақ уақыт күйдіру нәтижесінде бос қышқыл болмайды.

Бақылау анализі барысында жүргізілген нәтижелерді келесі таблица түрінде толтыру ұсынылады (2 кесте) .

Екінші аналитикалық топ катиондары

Екінші аналитикалық топ катиондарына Ag + , Pb 2+ , Hg 2 2+ иондары жатады. Катиондардың тұздары суда нашар ериді. Бұл топтың катиондарының нитраттары ғана жақсы ериді, сол сияқты қорғасын, күміс ацетаттары. Күміс және сынап (І) гидроксидтері тұрақсыз және пайда болған сәттен бастап оксид пен суға ыдырайды. Қорғасын гидроксиді қиын еритін әлсіз электролитке жатады және амфотерлі қасиеттерге ие. Екінші топ катиондарының тұздары гидролизге ұшырайды және олардың ерітінділері қышқылдық ортаны көрсетеді. Бұл катиондар комплексті қосылыс түзуге қабілетті. Топтық реагенті хлорсутек қышқылы немесе суда еритін оның тұздары жатады. Топтық реагентпен әсер еткенде ірімшік тәрізді тұнбалар түзіледі PbCl 2 , AgCl, Hg 2 Cl 2 .

1 кесте.

Бірінші топтың катиондарына бақылау тапсырмасы .

Операция
Зерттелетін зат
Реактив
Өзгерістерді бақылау
Реакция теңдеулері
қорытынды
№: 1
Операция: Аммоний ионның қатысын зерттеу
Зерттелетін зат: Зерттелетін ерітінді
Реактив:

Несслер

реактиві

Өзгерістерді бақылау: Қызыл-қоңыр тұнба түзіледі
Реакция теңдеулері:

2K 2 [HgI 4 ] +NH 4 CI+4KOH=

[OHg 2 NH 2 ] I↑+3H 2 O+7KI+KCI

қорытынды: Аммоний ионы бар
№: 2
Операция: Калий ионның қатысын зерттеу
Зерттелетін зат: Аммоний тұзы жоқ ерітінді
Реактив: Na 3 [Co(NO 2 ) 6 ]
Өзгерістерді бақылау: Тұнба түзілмейді
Реакция теңдеулері: -
қорытынды: Калий ионы жоқ
№: 3
Операция: Натрий ионның қатысын зерттеу
Зерттелетін зат: Аммоний тұзы жоқ ерітінді
Реактив: K[Sb(OH) 6 ]
Өзгерістерді бақылау: Ақ түсті кристалды тұнба түзіледі
Реакция теңдеулері: NaCI+[Sb(OH) 6 ] =Na[Sb(OH) 6 ] +KCI
қорытынды: Натрий ионы бар
№: Қорытынды: зерттелетін ерітіндіде натрий және аммоний иондары қатысады.

Қорғасын мен сынаптың барлық еритін қосылыстары улы.

ІІ топ катиондарының қосылыстары медицина мен фармацияда қолдануды тапты. Күміс иондары өте төмен концентрацияда суды зарарсыздандырады және бактерияның дамуын басады. Күміс нитратын көз ауруларын емдеу кезінде қолданады. Колларгол (коллоидті күміс) іріңді жарақатты, қуықты және көздің кілегей қабығының қабыну кезінде жуу үшін қолданылады. Протаргол - күміс препараты-тұтқыр антисептикалық зат ретінде, тынысалу жолдарының шырышты қабықшасын майлау үшін қолданады. Қорғасын ацетаты дәріленген дәкені басу үшін, ал қорғасын оксидін-қорғасын пластырін жасау үшін қолданады.

Pb 2+ қорғасын катионның реакциялары.

1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер орташа концентрациялы қорғасын тұздарын тұнбаға түсіреді. Қорғасын хлоридінің тұнбасы ақ түсті, мақта тәрізді және ыстық суда оңай ериді:

Pb(NO 3 ) 2 + 2HCl = PbCl 2 ↓ + 2HNO 3

2. Сілтілер қорғасын (ІІ) тұздарының ерітінділерінен амфотерлі қасиеттер көрсететін ақ түсті қорғасын гидроксиді тұнбасын түзеді. Ол азот немесе сірке қышқылында және сілтінің артық мөлшерінде ериді:

Pb(NO 3 ) 2 + 2KOH = Pb(OH) 2 ↓ + 2KNO 3

3. Күкірт қышқылы және қиын еритін сульфаттар қорғасын тұздарынан қиын еритін ақ түсті қорғасын сульфатының тұнбасын түзеді:

Pb(NO 3 ) 2 + H 2 SO 4 = PbSO 4 ↓ + 2HNO 3

Сілті ерітінділерінде (10-15%) қыздырғанда тұнба ериді.

4. KI калий иодидін қорғасын тұздарымен әрекеттестіру барысында қыздырғанда, сары түсті қорғасын иодидінің тұнбасы пайда болады, ал салқындату кезінде қайтадан алтын түсті ине тәрізді кристалға айналады:

Pb(NO 3 ) 2 + 2КI = PbI 2 ↓ + 2KNO 3

5. K 2 CrO 4 калий хроматы қорғасын ерітінділерінен сары түсті қорғасын хроматының тұнбасын бөледі:

Pb(NO 3 ) 2 + K 2 CrO 4 = PbCrO 4 ↓ + 2 KNO 3

Тұнба сірке қышқылында ерімейді, бірақ азот қышқылында және сілтілерде ериді. Реакция сезімталды.

Күміс катионның (Ag + ) реакциялары.

1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер күміс тұздарының бейтарап немесе қышқыл ерітінділерінен ақ түсті ірімшік тәрізді күміс хлоридінің тұнбасын береді:

AgNO 3 + HCl = AgCl↓ + HNO 3

Тұнба аммиактың артық мөлшерінде оңай еритін комплексті тұздар түзеді:

AgCl + 2NH 3 = [Ag(NH 3 ) 2 ] Cl

Аммиакты ерітіндіні концентрлі азот қышқылымен қышқылдау кезінде, бұл тұз бұзылады және қайтадан күміс хлоридінің тұнбасы түзіледі:

[Ag(NH 3 ) 2 ] Cl + 2 HNO 3 = AgCl↓ + 2NH 4 NO 3

Бұл реакция фармакопеялық болып табылады.

2. KI калий иодиді Аg + күміс ионымен ақшыл-сары түсті тұнбасы түзіледі:

AgNO 3 + KI = AgI↓ + KNO 3

Күміс хлоридіне қарағанда күміс иодиді аммиакта ериді.

3. K 2 CrO 4 калий хроматы күміс тұздарының ерітінділерінен қызыл-кірпіш түсті күміс хроматы тұнбасын түзеді:

AgNO 3 + K 2 CrO 4 = Ag 2 CrO 4 ↓ + 2 KNO 3

Тұнба аммиак ерітіндісінде және азот қышқылында ериді.

4. Күйдіргіш сілтілер күміс тұздарының ерітінділерінен қоңыр-қызыл түсті күміс оксидінің тұнбасын түзеді:

2AgNO 3 + 2КОН = Ag 2 O↓ + H 2 O + 2 KNO 3

5. Na 2 S 2 O 3 натрий тиосульфаты күміс тұздарының ерітінділерінен жылдам сарғаятын содан соң күреңденіп қара түске ауысатын, ақ тұнбаны бөледі:

2AgNO 3 + Na 2 S 2 O 3 = Ag 2 S 2 O 3 ↓ + NaNO 3

ақ

Ag 2 S 2 O 3 + H 2 O = Ag 2 S↓ + H 2 SO 4

Ag 2 S 2 O 3 тұнба тиосульфаттың артық мөлшерінде еріп, комплексті тұздарды түзеді, сондықтан да күміс иондарының артық мөлшерінде тұнба түзіледі. Реакция фармакопеялық болып табылады

Сынап (І) катионның (Hg 2 2+ ) реакциялары.

1. Хлорсутек қышқылы және ерігіш хлоридтер сынап (І) тұздарының ерітінділерінен ақ түсті сынап (І) хлоридін немесе каломельді тұнбасын түзеді:

Hg 2 (NO 3 ) 2 + 2HCl = Hg 2 Cl 2 ↓ + 2HNO 3

Аммиактың сулы ерітіндісі ақ тұнбаны қара түсті металл сынапқа айналуына септігін тигізеді:

Hg 2 Cl 2 + 2NH 3 = Hg(NH 2 ) Cl↓ + Hg↓ + NH 4 Cl

2. KI калий иодиді сынап (І) иодидімен жасыл түсті тұнба түзеді:

Hg 2 (NO 3 ) 2 + 2KI = Hg 2 I 2 ↓ + 2KNO 2

Тұнба сынап (ІІ) иодидіне және металды сынапқа оңай айырылады, бұл кезде тұнба түсі өзгереді:

Hg 2 I 2 = HgI 2 ↓ + Hg↓

3. K 2 CrO 4 калий хроматы сынап (І) тұздарымен қыздырғанда қызыл-қоңыр түсті Hg 2 CrO 4 тұнбасы түзіледі:

Hg 2 (NO 3 ) 2 + K 2 CrO 4 = Hg 2 CrO 4 ↓+ KNO 3

Тұнба сілтілерде және сұйылтылған сірке қышқылында ерімейді.

Екінші аналитикалық топ катиондар қоспасының анализі.

  1. Екінші топ катиондарын тұндыру. Анализденетін 2 мл ерітіндіге тамшылатып НСІ (1: 3) ерітіндісін тұнба түсуі тоқтағанға дейін қосады және артық екі тамшы енгізіледі. Қосылған әр мөлшерден кейін ерітіндіні мұқият араластырады. Тұнбаның шөгуіне уақыт береді және ерітіндінің тұнбаға толық түскені бақыланады.

Центрифугаланған ерітіндіден тұнбаны бөледі. Центрифугатты шеттетеді. Тұнба құрамында күміс, қорғасын және сынап хлоридтері болады.

  1. Тұнбаны зерттеу.

а) Қорғасын иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. Хлоридтер тұнбасына 1мл қайнаған суды қосады, қоспаны шыны таяқшамен үйкейді және су моншасына қояды. Осы кезде қорғасын (ІІ) хлориді ерітіндіге ауысады.

Таза пробиркаларға бірнеше тамшыдан алады. Бірінші пробиркаға 2 тамшы калий иодиді ерітіндісін, екіншісіне екі тамшы калий хроматының ерітіндісін қосады. Екі пробиркада тұнбаның түзілуі қорғасын иондарының барын дәлелдейді. Егер қорғасын ионы байқалса, оны тұнбадан бөліп алу қажет. Ол үшін 1, 5-2 мл ыстық суды қосады, араластырып және қайнаған су моншасында 2 мин қыздырады. Ыстық ерітіндіні бөліп алады. Бұл операцияны қорғасын ионына калий хроматының ерітіндісімен оң реакция беруін тоқтағанға дейін қайталайды.

б) Сынап (I) иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. Тұнбаға 1мл шамасында концентрацияланған аммиак ерітіндісін қосады және мұқият араластырады. Бұл кезде күміс хлориді [Ag (NH 3 ) 2 ] Cl комплексті тұздар түрінде ерітіндіге өтеді. Аммиак ерітіндісімен өңдеу кезінде тұнбаның тез қараюы сынаптың (І) қатысын көрсетеді. Тұнбаны бөліп алады да түссіз ерітіндіні басқа пробиркаға ауыстырады.

в) Күміс иондарының қатысына зерттеулер жүргізу. Сынапты бөліп алғаннан кейін пробиркаға 3 тамшы центрифугатты енгізеді, 4-5 тамшы концентрленген азот қышқылын қосып араластырады. Ақ түсті ірімшік тәрізді күміс хлориді тұнбасының түзілуі күміс иондарының қатысын көрсетеді. Анализдің жүру барысы 2 қосымшада көрсетілген.

Үшінші аналитикалық топтың катиондары

Үшінші топтың катиондарына екі валентті металл иондары Ba 2+ , Sr 2+ , Ca 2+ жатады. Бұл катиондар түссіз. Катиондардың галогенидтері, нитраттары, ацетаттары суда жақсы ериді. Гидроксидтері күшті электролиттерге жатады және олардың ерігіштік қатары барийден кальцийге қарай төмендейді.

Барий, стронций және кальций сульфаттары суда нашар ериді, сондықтан топтық реактивіне күкірт қышқылы жатады. Барий сульфатына қарағанда кальций сульфаты анағұрлым ерігіш. Осының салдарынан күкірт қышқылын үшінші топ катиондарының қоспасына қосқан кезде, ерітінді сұйылтылған болса да барий сульфатының тұнбасы бірден түзіледі, біраз уақыт өткен соң стронций сульфатының тұнбасы пайда болады, ал кальций сульфаты тек кальций тұздарының концентрацияланған ерітінділерінен түзіледі және ол тұнбаға толық түспейді.

Кальций тұздары табиғатта кең таралған. Табиғи судың кермектілігі оның құрамында кальций тұздарының болуына байланысты. Кальций адам және жануарлар сүйектерінің негізгі құрылымдық компоненттерінің бірі болып табылады. Ол бұлшық ет ұлпалары мен жүйке жүйесінің қозуын төмендетеді, қанның ұю процесіне қатысады.

Кальций және барий қосылыстары медицина мен фармацияда қолданады. Гипс-кальций сульфаты хирургияда таңғыш және тістің ұнтақтарын әзірлеу үшін қолданады. Кальций хлориді және кальций глюконаты аллергиялық аурулар кезінде қолданылады. Барий сульфаты рентген сәулесін өткізбейтін болғандықтан, асқазан рентгеноскопиясы кезінде пайдаланады.

Ba 2+ катионның реакциялары.

  1. Жалынның боялу рекциясы. Барийдің ұшқыш тұздары шамның жалынын сарғыш - жасыл түске бояйды.
  2. Сұйылтылған күкірт қышқылы және ерігіш сульфаттарбарий сульфаты тұнбасын өте сұйылтылған ерітінділерінен бөледі:

BaCl 2 + H 2 SO 4 = BaSO 4 + 2HCl

Тұнба қышқылдармен сілтілерде ерімейді. Реякция фармакопеялық болып табылады.

  1. Амоний карбонаты(NH4) 2CO3немесе басқа ерігіш карбонат барий тұздарымен барий карбонатының ақ тұнбасын береді:

BaCl 2 + (NH 4 ) 2 CO 3 = BaCO 3 ↓ + 2NH 4 Cl

Тұнба сұйылтылған минерал қышқылдары мен сірке қышқылында ериді. Тұндыруды әлсіз сілтілік ортада жүргізу керек.

  1. немесе сіркеқышқылды барийдің тұздары ертінділерінен барий хроматының сары түсті тұнбасы түзіледі:

BaCl 2 + K 2 CrO 4 = BaСrO 4 ↓ + 2KCl

  1. Калий дихроматыK2Cr2O7барий ерітінділерінен барий хроматының сары тұнбасын тұндырады:

BaCl 2 + K 2 Cr 2 O 7 + H 2 O = BaСrO 4 ↓ + 2 KCl + 2HCl

Тұнба күшті қышқылдарда ерігендіктен реакция соңына дейін толық жүрмейді, өйткені НСl күшті қышқыл осы реакцияның нәтижесінде түзіледі.

  1. Аммоний оксалаты(NH4) 2C2O4барий тұздарымен хлорсутек пен азот қышқылдарында, ал сірке қышқылында тек қайнату кезінде еритін ақ түсті кристалды береді:

BaCl 2 + (NH 4 ) 2 C 2 O 4 = BaC 2 O 4 + 2 NH 4 Cl

Ca 2+ катионның реакциялары.

  1. Жалынның боялу реакциясы. Кальцийдің ұшқыш тұздары түссіз жалынды қызыл-кірпіш түске бояйды. Реакция фармакопеялық болып табылады.
  2. Сұйылтылған күкірт қышқылыкальций иондарымен кальций сульфатының ақ тұнбасын түзеді:

СаCl 2 + H 2 SO 4 = СаSO 4 ↓+ 2HCl

Тұндыруды кальций тұздарының концентрациялы ерітіндісімен жүргізу керек.

  1. Аммоний карбонаты (NH4) 2CO3кальций карбонатын ақ тұнба түрінде тұндырады:

СаCl 2 + (NH 4 ) 2 CO 3 = СаСО 3 + NH 4 Сl

Кальцийді толық тұндыру үшін тұндырғыштың артық мөлшерін алу қажет.

  1. Амоний оксалаты (NH4) 2C2O4суық және бейтарап немесе әлсіз сілті ерітінділерінде кальций оксалатының ақ түсті ұсақ кристалды тұнбасын береді:

СаCl 2 + (NH 4 ) 2 C 2 O 4 = СаC 2 O 4 ↓+ 2 NH 4 Cl

Тұнба сірке қышқылында ерімейді, бірақ минералды қышқылдарда жеңіл ериді. Реакцияны барий тұздары болған жағдайда жүргізуге болмайды. Бұл кальций ионына өте маңызды фармакопеялық реакция болып табылады.

  1. Калий гексацианоферраты (II) кальций тұздарымен әлсіз қышқылды ортада, сірке қышқылында ерімейтін ақ түсті кристалды тұнба түзеді:

СаCI 2 + K 4 [Fe(CN) 6 ] + NH 4 Сl = СаКNH 4 [Fe(CN) 6 ] 2 ↓ + 3KCl

6. реакция. Сұйылтылған күкірт қышқылы тұздарымен ине тәрізді CaSO 4 кристалдарды құрайды.

Үшінші топ катиондары қоспасының анализі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия пәнінен зертханалық жұмыстар
Белгісіз затты анализдеу
Барий гидроксидін алу жолын зерттеу
Катион туралы түсінік
“Белгiсiз затты анализдеу” ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша есеп беру
Катион туралы түсінік. Катиондарды топтарға бөлу
Катиондарды сульфидтік әдіспен топтау
Аналитикалық химия Сапалық анализ курсы (лабораториялық практикум)
Белгісіз заттың аниондарын анықтау
Әрекеттесуші массалар заңын тотығу - тотықсыздану тепе - теңдігіне қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz