Активтік операциялар



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ТАРАУ. БАНКТЕРДIҢ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 7
1.1 Банктiң активтiк операцияларының мәнi мен құрылымы 7
1.2 Банк операциялары туралы түсiнiк 10
1.3 Банк активтерiн сапасына байланысты жiктеу 16

2 ТАРАУ. «ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ.НЫҢ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1 “Халық банкі” АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы 22
2.2. АҚ “Қазақстанның Халық банкінде” қызметтерді қолдану ерекшелігі ... 28
2.3 «Халық банкі» АҚ.ның бағалы қағаздар портфелi және валюталық операцияларына талдау 34

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТЕРІНДЕ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ 49
3.1 Банктегі активтiк операцияларының құрылымын жақсарту жолдары 49
3.2 Банк активтiк операцияларын сақтандыру 52

ҚОРЫТЫНДЫ 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлiнбес құрылымдарының бiрi болып табылады. Банктердiң дамуы мен тауар өндiрiсi айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүрiп отырды және бiр-бiрiмен тығыз байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргiзе отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлiнуiнде делдал бола отырып өндiрiстiң жалпы тиiмдiлiгiн арттырады, қоғамдық еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiне жағдай жасайды.
Коммерциялық банктер өздерiнiң табыстық базасын кеңейтiп, рентабельдiлiгi мен бәсекелестiлiгiн көтеру үшiн клиенттерiне операциялар мен қызметтердiң кең көлемiн көрсетуге тырысады. Банк активтiк операциялары
нарығындағы бәсеке банктiк қызметтiң бұл түрiнiң сандық және сапалық сипатамаларына әсер етедi.
Халыққа дәстүрлi активтiк операцияларды (несиелiк, есеп-айырысу кассасы, валюталық және тағы басқаларын) көрсетумен қатар, қызметтердi, клиенттердiң тапсырысы бойынша маркетингтiк зерттеулердi, лизингтiк және тағы да басқа операцияларды көрсете бастауда.
Коммерциялық банктердiң дұрыс жұмысын атқаруы олардың өзiнiң және сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлi активтер бойынша дұрыс орналастырлуына байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс, орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.
Банктiк қызметтiң маңызды және басты бөлiгiн пайда табу мақсатында банктiң өз және тартылған ресурстарын орналастыру iс- әрекеттерi құрайды, яғни банктiң активтiк операциялары құрайды.
Тақырыптың өзектілігі: активтiк операцияларды жүзеге асыру барысында банктер әртүрлi жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе бiрiккен кәсiпорының пайдасына қатысу түрiнде табыс әкеледi. Банктiң активтiк операцияларының нәтижелерi банк балансының активiнде көрiнiс табады. Оның көрсеткiштерiне қарап банктiң ресурстарының жұмсалу сипаты туралы айтуға болады. Банк активтерiнiң және қаржылық емес мекемелердiң активтерiнiң құрылымында едәуiр айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердiң активтерiнiң көп бөлiгi қаржылық талаптар түрiнде болады. Банктердiң салыстырмалы түрде қаражаттарының көп бөлiгi ақшалай формада болады, ал ғимараттар және құрылғыларға жұмсалымдар аз болады.
Банктер мен кәсiпорындардың активтерiнiң құрылымындағы айырмашылық олардың мiндеттемелерiнiң шығу тегiнен және пайда табу мақсатында жүргiзетiн қызметтерiнiң сипатынан келiп шығады. Кәсiпорындар өз пайдаларының көп бөлiгiн шикiзаттар және материалдарды пайдалана отырып жасалған тауарларды сату арқылы алады. Сату процесi дайын өнiмдердiң көп бөлiгiнiң қоймада сақтауын талап етедi, ал өндiрiс шикiзаттар
1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы” Заң 31-тамыз; 2004 жыл
2. “Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктерiнiң активтерiн және шартты мiндеттемелерiн жiктеу және олар бойынша провизия есептеу туралы” Ереже 23-мамыр; 2005 жыл
3. «Пруденциялық нормативтер туралы « Ереже 23-мамыр; 2005 жыл
4. Ачкасов А.И « Активные операции коммерческих банков –Москва «Консалтбанки , 2001
5. «Банковкое дело О.И Лаврушина-Москва «Финансы и статистика ; 2006
6. « Банковское дело В.И Колесникова- Москва «Финансы и статистика ; 2006
7. « Банковское дело Г.С Сейткасымова- Алматы «Қаржы-қаражат, 2002
8. “Банковское дело” Ю.А Бабичевой-Москва “Экономика” 2000
9. «Банковский портфель” 2-шi том. Москва 1996 жыл
10. “Денежное обращение и банки” Г.Н Белоглазова-Москва “Финансы и статистика”; 2006 жыл
11. “Основы банковского менеджмента” О.И Лаврушина-Москва “Инфра-м”; 1995.
12. Рид Э; КотлерР; Гилл Э “Коммерческие банки”-Москва; 1991.
13. Усоскин В.М. “Современный коммерческий банк: Управление и операция”-Москва; “Антидор” 1998.
14. “Финансы, денежное обращение и кредит”Архипова, Сенчогова К
Москва “Проспект” 2006 жыл
15. Жуков А. И “Инвестиции и ликвидность банка” “Деньги и кредит” 2006
16. Зайцева Н.В “Оперативный анализ риска, потери ликвидности в коммерческом банке” 2006
17. Ильясов С. М “Управление активами и пассивами банков” “Денги и кредит” А. 2004
18. Ларионова И.В “ Анализ деятельности кредитной организаций на основе финансовой отчетности” Бухгалтерия и банки; 2006 жыл
19. Фетисов Г. “Факторы определяющие надежность коммерческого банка” Финансовый бизнес 2002
20. “Деньги, кредит,банки” Лаврушин О.И. Москва: 2007ж
21. “Финансы. Денежное обращение. Кредит” Под. ред Дрободиной Л.А. Москва: “Финансы” 2002ж
22. “Банки и банковские операций” Под ред. Жукова Е.Ф. Москва: 2006г
23. “Техника банковского дела” Бухвальд Б. Москва. 2005
24. “Экономический анализ деятельности коммерческого банка” Батракова Л.Т. Москва: 2006ж
25. “Деньги, банковское дело и денежно кредитная политика” Делан Э. Дж; Кэмпбелл К.Д; Кэмпбелл Р. Дж, Москва; 1999ж
26. “Коммерческие банки и их операций” Маркова О.М; Сахарова Л.С; Сидоров В. П: Москва; 2007ж
27. “ Операций коммерческих банков: российский и зарубежный опыт“ Ширинская Е. Б. Москва; 2002ж
28. “ Халық банкі” Акционерлiк Қоғамының есеп беру материалдары 2006-2007 жылдар
29. Куандыков А.А. Пути повышения эффективности деятельности банков на базе информационных технологий. // Экономическое обозрение Национального Банка РК. – январь, 2001г.
30. Мамышев Г.А. Политика развития информационных технологий в банковской системе.// Экономическое обозрение Национального Банка РК. – март, 2001г.
31. Арсамаков А.А. О взаимодействии кредитных организаций с реальным сектором экономики.// Деньги и кредит. – №11- 2001г.
32. Провкин В.Н. Инвестиции в реальный сектор экономики: роль банков.// Деньги и кредит. - №3 – 2001г.
33. Международная инвестиционная позиция банковской системы РК на 31.12.2001г. // Вестник Национального Банка РК. – апрель, 2002г.
34. «Банковское дело». Учебник под редакцией д.э.н., профессора Г.С. Сейткасимова. Алматы, 1998г.
35. Марченко Г.А. Банковский сектор Казахстана: состояние и перспективы развития. // Банки Казахстана. - №1 – 2002г.
36. Марченко Г.А. Проблемы перехода банков второго уровня на международные стандарты.// Банки Казахстана.- №2-2002г.
37. Раева Р. О банковской системе Казахстана.// Банки Казахстана.- №6-2001г.
38. Кумайлин Р.Н. Развитие перспективных инструментов платежей и расчетов в экономике РК. // Банки Казахстана.- №12-2001г.
39. Байсейтов Б.Р. Банковское сообщество Казахстана в современных условиях.// Банки Казахстана.- №10-2001г.
40. Саттыбаева А.А. Проблемы и перспективы развития банковского сектора. // Экономическое обозрение Национального Банка РК.- июль, 2001г.
41. Иванова Л. Казкоммерцбанк – по-прежнему лучший. // Караван - №15 - 12 апреля,2002г.
42. Бегманов К. «Банк ТуранАлем»: никакой политики. // Время. - №15 – 11 апреля, 2002г.
43. Акжанов Н. Реальная защита банковских вкладов приносит плоды.// Время.-№16 – 18 апреля 2002г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ТАРАУ. БАНКТЕРДIҢ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 7
1.1 Банктiң активтiк операцияларының мәнi мен құрылымы 7
1.2 Банк операциялары туралы түсiнiк 10
1.3 Банк активтерiн сапасына байланысты жiктеу 16

2 ТАРАУ. ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ-НЫҢ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1 “Халық банкі” АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы 22
2. АҚ “Қазақстанның Халық банкінде” қызметтерді қолдану ерекшелігі ... 28
2.3 Халық банкі АҚ-ның бағалы қағаздар портфелi және валюталық
операцияларына талдау 34

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТЕРІНДЕ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН
ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ 49
3.1 Банктегі активтiк операцияларының құрылымын жақсарту жолдары 49
3.2 Банк активтiк операцияларын сақтандыру 52

ҚОРЫТЫНДЫ 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КIРIСПЕ

Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың маңызды және бөлiнбес
құрылымдарының бiрi болып табылады. Банктердiң дамуы мен тауар өндiрiсi
айналысы тарихи жағынан алғанда қатар жүрiп отырды және бiр-бiрiмен тығыз
байланысты болды. Бұл кезде банктер ақшалай есеп айырысуларды жүргiзе
отырып, шаруашылықты несиелей отырып, капиталдардың қайта бөлiнуiнде делдал
бола отырып өндiрiстiң жалпы тиiмдiлiгiн арттырады, қоғамдық еңбек
өнiмдiлiгiнiң өсуiне жағдай жасайды.
Коммерциялық банктер өздерiнiң табыстық базасын кеңейтiп,
рентабельдiлiгi мен бәсекелестiлiгiн көтеру үшiн клиенттерiне операциялар
мен қызметтердiң кең көлемiн көрсетуге тырысады. Банк активтiк операциялары
нарығындағы бәсеке банктiк қызметтiң бұл түрiнiң сандық және сапалық
сипатамаларына әсер етедi.
Халыққа дәстүрлi активтiк операцияларды (несиелiк, есеп-айырысу
кассасы, валюталық және тағы басқаларын) көрсетумен қатар, қызметтердi,
клиенттердiң тапсырысы бойынша маркетингтiк зерттеулердi, лизингтiк және
тағы да басқа операцияларды көрсете бастауда.
Коммерциялық банктердiң дұрыс жұмысын атқаруы олардың өзiнiң және
сырттан тартылған қаражаттарының әр түрлi активтер бойынша дұрыс
орналастырлуына байланысты, яғни қолындағы қаражаттарды қаншалықты дұрыс,
орналастырса, оның жағдайы соншалықты орнықты болады.
Банктiк қызметтiң маңызды және басты бөлiгiн пайда табу мақсатында
банктiң өз және тартылған ресурстарын орналастыру iс- әрекеттерi құрайды,
яғни банктiң активтiк операциялары құрайды.
Тақырыптың өзектілігі: активтiк операцияларды жүзеге асыру барысында
банктер әртүрлi жұмсалымдар жасайды. Олар проценттер, дивиденттер немесе
бiрiккен кәсiпорының пайдасына қатысу түрiнде табыс әкеледi. Банктiң
активтiк операцияларының нәтижелерi банк балансының активiнде көрiнiс
табады. Оның көрсеткiштерiне қарап банктiң ресурстарының жұмсалу сипаты
туралы айтуға болады. Банк активтерiнiң және қаржылық емес мекемелердiң
активтерiнiң құрылымында едәуiр айырмашылықтар бар. Коммерциялық банктердiң
активтерiнiң көп бөлiгi қаржылық талаптар түрiнде болады. Банктердiң
салыстырмалы түрде қаражаттарының көп бөлiгi ақшалай формада болады, ал
ғимараттар және құрылғыларға жұмсалымдар аз болады.
Банктер мен кәсiпорындардың активтерiнiң құрылымындағы айырмашылық
олардың мiндеттемелерiнiң шығу тегiнен және пайда табу мақсатында
жүргiзетiн қызметтерiнiң сипатынан келiп шығады. Кәсiпорындар өз
пайдаларының көп бөлiгiн шикiзаттар және материалдарды пайдалана отырып
жасалған тауарларды сату арқылы алады. Сату процесi дайын өнiмдердiң көп
бөлiгiнiң қоймада сақтауын талап етедi, ал өндiрiс шикiзаттар қорларын бiр
қалыпта ұстап тұру қажеттiлiгiн және қымбат тұратын құрылғыларды пайдалану
қажеттiлiгiн талап етедi. Ал банктiк пайда негiзiнен несиелiк және
инвестициялық операциялардан алынады, нәтижесiнде банктер ақшаның болашақта
төленетiн куәландыратын вексельдердiң, облигациялардың және басқа да
қаржылық құжаттардың ұстаушысы болады.
Банктiң өз және тартылған қаражаттарын жоғары табыс алу мақсатында
тиiмдi орналастыру, банк активтерiнiң сапасы және оны бағалау мәселелерiнiң
актуальдылығы менiң диплом жұмысыма осы тақырыпты таңдауыма осы себепшi
болды. Өйткенi банктiң өтiмдiлiгi, пайдалылығы, қаржылық жағынан
сенiмдiлiгi және тұрақтылығы оның активтердi тиiмдi орналастыруына және
олардың сапасына, жалпы айтқанда активтiк операцияларына байланысты болады.
Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты:
- банктiң активтiк операцияларының мәнiн көрсету;
- банктердiң активтерiнiң ұтымды құрылымын анықтау және активтердiң сапасын
бағалау тәжiрибесiн оқып-үйрену, олардың сапасының банктiң өтiмдiлiгi мен
пайдалылығына әсерiн талдау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай мiндеттердi шешу қажет:
1. Банктiң активтiк операцияларының құрылымы мен оның ерекшелiктерiне
тоқталу;
2. Банктiң активтiк операцияларының құрылымына әсер ететiн факторларды
қарастыру;
3. Банк активтерiнiң сапасын анықтайтын көрсеткiштерге нақты
материалдар негiзiнде талдау жасау;
4. Банктiң активтiк операцияларын жетiлдiру жолдарын қарастыру;
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктiк қызмет туралы Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң нормативтiк-құқықтық
актiлерi; Отандық және шетелдiк оқу әдебиеттерi, мерзiмдi басылымдар және
жұмыстың iшiнде талдау жасалынатын банктiң қаржылық есеп беру құжаттары
пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс Халық банкі АҚ-ның мәліметтері бойынша жазылды.

1 ТАРАУ. БАНКТЕРДIҢ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Банктiң активтiк операцияларының мәнi мен құрылымы

Банктiң активтiк операциялары оның операцияларының маңызды бөлiгiн
құрайды.
Банктiң активтi операциясы бұл банктердiң кiрiс табуымен өтiмдiлiктi
көтеру мақсатында ресурстарды орналастыру операциясы.
Банктiң активтi операциялары негiзгi кiрiс көзiн құрайтын операция
болып табылады.
Бұл оперцияға нақты ақша және кассалық қызмет операциясы, есеп қарыз
операциясын, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар, активтi
депозиттер мен банк аралық несиелiк және депозиттiк операцияларды жатқызуға
болады.
Кассалық операциялар нақты ақша негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл кезде
банк банктiк шоттары бар клиенттерден нақты ақша қабылдайды және нақты ақша
түрiнде әр түрлi аударулар жасайды, төлемдер жүргiзiледi (жалақы, жол сапар
шығындары, материалдық көмек, несие немесе қарыз басқа да қызметтiк
шығындарға берiлетiн қарыздар)
Банктiң есеп қарыз операциясы кең көлемдi кiрiс әкелетiн операция
ретiнде саналады жеке және заңды тұлғаларды несиелендiру кезiнде кеңiнен
қолданылады. Банк мекемесiнде несиеден кейiн екiншi кезекте кiрiс әкелетiн
операция болып бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар саналады. Бұл
кезде банк өзiндiк бағалы қағаздарын сатып өткiзедi, клиенттердiң тапсырысы
бойынша олардың бағалы қағаздарын орналастырады және болашақта кiрiс алу
мақсатымен инвестиция түрiнде ұзақ мерзiмдi салымдар жасайды.
Кiрiспеде айтылып өткендей бұл операциялар банк балансының актив
жағынан көрiнiс табады.
Банк активтерiнiң құрылымы деп банк балансының активiнiң сапасы бойынша
әртүрлi баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.
Әрбiр банк активтердiң ұтымды құрылымын белгiлеу және сақтау кезiнде
бiршама мәселелерге тап болады.
Сонымен қатар, активтердiң құрылымы көбiнесе елде қалыптасқан ұлттық
ерекшелiктерiмен де анықталады.
Бiрiншi топқа: қолма-қол ақша және оған теңестiрiлген қаражаттар
жатады, яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденттiк шоттағы,
Орталық банктегi мiндеттi резервтiк қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз
уақыт iшiнде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалған
қаражаттар (мемлекеттiк бағалы қағаздар, мемлекет кепiлдендiрген қысқа
мерзiмдi қарыздар және тағы басқалары) жатады [5,23].
Екiншi топқа: басқа кәсiпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердiң өтiмдiлiк деңгейi бiрiншi
және үшiншi топтың активтерiнiң өтiмдiлiк деңгейiне қарағанда төмен
қазiргi уақытта өтiмдiлiгi жоғары бағалы қағаздарға банктердiң бағалы
қағаздарын (акциялар, депозиттiк сертификаттар және тағы басқаларын)
жатқызуға болады.
Үшiншi топқа: кәсiпорындарға, ұйымдарға берiлген қарыздар жатады. Бұл
активтердiң өтiмдiлiк деңгейi қарыздың берiлу мерзiмi мен мақсатына, қарыз
алушыға байланысты болады. Өтiмдiлiгi жоғары құнды қағаздарға басқа
банктерге берiлген және бiрiншi классты құнды қағаздар жатады.
Төртiншi топқа: банктiң негiзгi құралдары жатады: ғимараттар,
құрылғылар есептеу техникалары, көлiк құралдары және тағы басқалары. Бұл
активтер өтiмдiлiгi төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әрбiр кезеңде
елдегi экономикалық жағдайды ескерiп отыру қажет [7,49].
Банк өз активтерiнiң құрылымын олардың жекелеген топтары және түрлерi
тұрғысынан алынғанда, белгiлi-бiр уақытқа яғни, белгiлi-бiр күнге, сонымен
қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негiзiнде ол қаражаттарды
активтердiң бiр түрiнен келесi түрiне ауыстыра алады.
Бұл кезде қаражаттар көзi өзгермей қалуы да мүмкiн немесе ақшалай
қаражаттардың жаңа көздерi есебiнен де ауыстырылу жүргiзiлуi мүмкiн. Банк
активтердi бiр түрiнен екiншi бiр түрiне ауыстырған кезде орналастырудың
сенiмдiлiгi және табыстың деңгейi тұрғысынан активтердiң ұтымды құрылымын
қалыптастыру қамтамасыз етудi көздейдi. Бұл жағдайда пассивтердiң құрылымы
және тартылған қарыз қаражаттарының мерзiмi де ескерiлуi қажет.
Егер активтердiң бiрiншi тобын қарастыратын болсақ, Орталық Банкте
корреспонденттiк шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдығы үнемi жоғары болатын
болса бұл қаражаттарды қысқа мерзiмдi банктiк қарыздарға немесе
мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыруға болады. Мемлекеттiк бағалы
қағаздардың әкелетiн табысы аз болғанымен олардың банктiң шығаратын бағалы
қағаздарына қарағанда сенiмдiлiгi жоғары. Қазақстан Республикасында 1994
жылдан берi мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығы жұмыс iстеуде. Осылайша
өтiмдiлiк деңгейiн төмендетпей, банктiң табысын жоғарылатуға болады.
Алайда, корреспонденттiк шоттағы қаражаттарды активтiң басқа түрiне
орналастыру туралы шешiм қабылдамас бұрын, банк кәсiпорынның төлем
қабiлеттiлiгiне талдау жасауы, табыстары және шығындарына болжау жасауы
қажет. Өйткенi түрлi қолайсыз факторлар әсерiнен корреспондентiк шоттағы
қаражаттардың тез арада азаюы орын алуы мүмкiн, ал бұл корреспондентiк шот
бойынша дебеттiк қалдықтың пайда болуына әкелiп соғады.
Бұл жағдайда банк операцияларды жүргiзуге Орталық Банктiң қаражаттарын
қарызға алуға мәжбүр болады, олар бойынша пайыздық мөлшерлеме Орталық
Банктiң есеп мөлшерiне қарағанда анағұрлым жоғары болады.
Қаражаттардың екiншi топтағы активтерiне орналастырылуы акционерлiк
қоғамдардың, серiктестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың акцияларын алу,
олардың қызметтерiне қатысу түрiнде болады. Бұл негiзiнен банктердiң
табыстың үнемi келiп түсуiн қамтамасыз етуде ұмтылушылығынан болып отыр,
осының әсерiнен банктердiң қаржылық тұрақтылығы және өтiмдiлiгi
жоғарылайды. Қазақстан Республикасында банктердiң барлығына бiрдей
кәсiпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға рұқсат берiлмеген. Банктердiң
бұл қызметiн кастодиалдық қызмет деп атайды. Кастодиалдық қызметпен
айналысуға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында бұл қызметпен тек санаулы
ғана банктiң айналысуға рұқсаты бар. Соның iшiнде осы жұмыста активтiк
портфелiне талдау жасалғалы отырған банк те бар.
Бiр мезгiлде бұл топтың активтерi банктiң қарыздар тобының активтерiне
қарағанда өтiмдiлiгi төмен, әсiресе экономикалық дағдарыс жағдайында, және
оларға қаражаттарды орналастыру едәуiр тәуекелмен байланысты болады.
Сондықтан коммерциялық банкте арнайы резервтер құрылуы керек. Қазақстан
Республикасында банктердiң бұл тобына қаражаттарды орналастыруы өте аз
болып табылады.
Акционерлiк қоғамдардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
қаражаттар жұмсау және олардың шаруашылық қызметтерiне қатысу коммерциялық
банктiң өтiмдiлiгiн төмендетедi, ал оларды басқару дамыған корпоративтiк
бағалы қағаздар нарығының жоқтығына байланысты үлкен қиыншылықтар туғызады.
Екiншi топтың активтерiнiң құрылымында да негiзгi үлестi
кәсiпорындарға, ұйымдарға берiлген қарыздар алады. Бұл қарыздар қазiргi
уақытта қысқа мерзiмдiк сипатта және негiзiнен айналыс сферасына
бағытталған. Активтердiң бұл түрiне қаражаттарды орналастырудан түсетiн
табыс деңгейi анағұрлым жоғары.
Бұл коммерциялық банктерге пайданың көп бөлiгiн несиелiк
операциялардан алуға мүмкiндiк бередi. Қысқа мерзiмдi несиелердiң
өтiмдiлiгi әр уақытта бiркелкi емес, бұл қарыз алушының несиенiң
қайтарылуын қамтамасыз етуге қойған қамтамасыз етiлу көздерiнiң әруақытта
сапалы еместiгiнен туындайды. Сондықтан коммерциялық банктер тартылған
ресурстарын тәуекелдiлiгi жағынан қолайлы активтiң түрi - басқа банктерге
несиелерге жұмсайды. Активтердiң бұл түрiнiң табысы кәсiпорындарға
берiлетiн несиелердiң табысынан төмен, бiрақ банктiң өтiмдiлiгiн көтередi.
Бұл несиелер әдетте негiзiнен қысқа мерзiмдiк сипатта болады.
Екiншi топтағы активтердiң iшiнде шамасы бойынша едәуiр орын алатын
актив - банкаралық несиелер болып табылады [8,147].
Коммерциялық банктердiң дамуымен байланысты банкаралық несиелер де
тұрақты түрде өсiп келедi. Бұл бiрқатар факторларға байланысты, соның
iшiнде банктердiң өз өтiмдiлiктерiн жоғарылатуға ұмтылуы да бар.
Активтердiң төртiншi тобын негiзiнен коммерциялық банктiң өндiрiстiк-
техникалық базасын дамытуға жұмсалған қаражаттар құрайды. Коммерциалық
банктер өздерiнiң қалыптасуының алғашқы сатысында тұрғандықтан олардан
бүгiнгi таңда өздерiн ғимараттармен, құрылғылармен, есептеу техникаларымен,
байланыстың жаңа құралдарымен қамтамасыз ету үшiн едәуiр қаражат жұмсау
талап етiледi. Алайда, барлық банктер бiрдей, әсiресе жаңадан құралған
банктер өздерi дамуы үшiн қаржыландыру көздерiн таба бермейдi. Осыдан
банктiң күрделi жұмсалымдары мен оны қаржыландыру көздерi арасында тепе-
теңдiктi қамтамасыз ету мәселесiн шешу қажеттiлiгi пайда болады. Жоғарыда
айтылып өткен шығындарды банк сәйкес жабу көздерiнсiз жүзеге асыратын
болса, онда банктiң өтiмдiлiгi төмендей бастайды.

2 Банк операциялары туралы түсiнiк

Банк - заңды тұлға коммерциялық ұйым жарғыға сәйкес банк қызметтiн
жүзеге асыратын мекеме.
Екiншi деңгейлi банк бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi ұсынған
лицензиямен негiзгi заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың бос ақша
қаржыларын жинап өз атынан қайтарымдылық, төлемдiлiк, мерзiмдiк негiзiнде
орналастыратын және банк операциясын жүзеге асыратын заңды тұлға мекеме.
Банк операциясы бұл азаматтық, құқылық қызметпен нақты iстердi
бухгалтерлiк безендiрулермен байланыстыратын қызмет.
Ерекшелiктерi:
1. Iскерлiк қатынастардың ұзақтығы.
2. Банктiк операцияның сенiмдiлiгi.
3. Бекiтiлген заңдарға сәйкес, арнайы деңгейде қалыпты жүргiзiлуi [14,178].

Банк операцияларын мерзiмдiлiгiне байланысты күнделiктi дәстүрлi,
дәстүрлi емес банк қызығушылығымен жүзеге асырылатын деп бөлiп жүзеге
асыруға болады.
Дәстүрлi банк операциясы деп банк операциясын жүзеге асыру туралы
лицензияға сәйкес банк қызметiнде жиi, кездесетiн және күнделiктi
жүргiзiлетiн операция түрiнде қалыптасқан қызметтi айтамыз.
Дәстүрлi операциялар:
- есеп, қарыз, несие операциялар.
- депозит, аманаттар қабылдау.
- клиенттiң шотын жүргiзу.
Банк қаржысымен қызығушылығына байланысты арнайы лицензия негiзiнде
жүзеге асырылатын, кейде банк жанындағы болып саналатын операция дәстүрлi
емес операция.
Оған:
- валюталық
- траст
- лизингтiк
- факторингтiк т.с.с. [11, 214].
Коммерциялық банк қызметтерiнiң принципi.
Коммерциялық банк (акционерлiк) заң жүзiнде ақша қаржыларын тартуға
орналастыруға қайтаруға, төлеуге уәкiлеттенген мекеме.
Банктiк статус Ұлттық банктен банк операциясын жүргiзу туралы алынған
рұқсат қағаз (лицензия) ие екендiгiн бiлдiредi. Заңға сәйкес заңды тұлға
банк мекемесi деген мәртебе “ Әдiлет” министрлiгiнде тiркелген соң берiлдi.
Банк ашуға ниет бiлдiрген заңды немесе жеке тұлға алғашқы қаржы-
жарғылық қор жинақтауы тиiс. Бұл қордың ең төменгi мөлшерiн Ұлттық банк
белгiлейдi және бұл қор толықтай 1 жыл мерзiм iшiнде төленуi тиiс. Қорға
заңды тұлғалар қаржыны акция шығару есебiнен еркiн, жарна есебiнен құя
алады. Ал жеке меншiк банктерде үлес қосушылар есебiнен жинақталады.
Ұлттық банк белгiлеуi бойынша олар төмендегi құжаттарды, банктiк
бақылау және қадағалау департаментiне ұсынады.
1. Өтiнiш
2. Техника экономикалық негiздер (бизнес план)
3. Iскерлiк жоспарымен 3 жыл мерзiмде белгiленген есеп айыру балансы
4. Банк бастығы туралы анкета. (банктiк тәжiрибе, жоғары экономикалық
бiлiм, алынбаған қылмыстық жауаптылықтың болмауы, бұрын күйзелiске
ұшыраған мекеме басшысы болмауы талап етiледi).
5. Банк жарғысы (ашылатын банктi атау, мекен-жайы, жүргiзiлетiн операция
түрлерi, ашатын қорлары мен жарғылық қор көлемi тағы сол сияқты)
6. Құрылтайшының төлем қабiлетi туралы аудиторлық қортынды және жарғылық
қордың енгiзiлгендiгi туралы құжат [4, 21].
Лицензия түрлерi:
- Жаңа банк ашуға;
- Бөлiмшелер ашуға;
- Валюталық операциялар жүргiзуге;
- Халық қаржыларын таратуға;
Коммерциялық банктiң функциялары:
1. 1. аманаттар қабылдау;
2. несиелендiру жүргiзу;
2. 3. шаруашылық мекемемен есеп айырысу;
4. айналымға бағалы қағаз тағы сол сияқты құндылықтар
шығару;
5. кеңес беру және әртүрлi ақпараттар ұсыну;
Принциптерi:
1. Өзiндiк қаржылар есебiнен қызмет ету рентабентiлiктi
қамтамасыз ету.
2. Еркiн түрде қаржы тарту орналастыру экономикалық еркiндiкте болу.
3. Нарық жағдайына байланысты клиенттермен сенiмдiлiк қатынаста болу.
4. Қызмет бағытын, экономикалық орнын еркiн таңдау.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
- несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің
несиелік портфелі қалыптасады;
- инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің
негізін құрайды;
- кассалық және есептесу операциялары - банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі;
- басқа операциялар.
Несие-есептеу операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
- борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және
жергілікті үкімет органдарына, халыққа,басқа банктерге
берілетін қарыз;
- пайдаланатын мерзіміне байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан
жоғары);
- қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген
қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;
- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай -
өнеркәсіпке, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа
берілетін қарыз;
- қамтамасыз етілуі бойынша - кепілді, қорғаулы, қауіпсіз
және қамтамасыз етілмеген (бланктік);
- өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін
қарыз [15,72].
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері (қағидалары)
сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарылымдылық, мерзімділік,
төлемділік және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда,
Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокоррентік шот деген несиелік шотпен ағымдағы
(есептесу) шоттың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (қалдық)
клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты
бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы
қажеттілікке беріледі.
Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада) банктері несиені
шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт - клиентке чек бойынша
банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын
ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде
банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады.
Овердрафттың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады.
Несиелеудің бұл формасы - контокорентті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол
-клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға
берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент
арасында келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім
аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті. Несие линиясы бір
жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ
және қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады.
Әйтседе, егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің
аяқталуы мерзіміне дейін оны жою кұқы банкте болады. Несие линиясы банк
жоғары сенім көрсеткен бірінші класты борышқорға қолданылады.
Келісім бекітілгенде клиенттің несие линиясы лимитінің 20-30% көлемінде
орнын толтыратын (компенсационный) аз қалдық сақтау жағдайы көрсетілген
құжат қоса тіркеледі.
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі -несиелік шотты
пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие сомасы несиелік
шоттың дебетінен клиенттің ағымдағы (есептесу) шотының кредитіне
аударылады. Есеп-төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей
төленуі мүмкін.
Ағылшын және швейцария банктерінің тәжірибесінде банк топтарының.
(синдикат) көлемді сома беретін синдикаттык несие формасы қолданылады. Бұл
жағдайда қатысушы-банктің біреуі басқарушы және төлеушінің өкілі қызметін
атқарады. Германия мен Жапонияда консорциумдық несие де кең дамуда. Ол
синдикаттық несиеден екі және одан да көп несие беруді ұйымдастырушысы және
басқарушысы болуымен ерекшеленеді. Консорциумдық несие әдетте өте ірі
сомаға (30 млн. АҚШ долл. жоғары) беріледі. Бұндай қарыз несие көлемін
ұлғайтып, банктің несиелік қауіпін төмендетеді. Келісімде несие өкілінің,
басқарушының және басқа несие беруші мен борышқордың құқы мен міндеттері
көрсетіледі [20, 53].
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг
операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді
талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы
капиталын несиелеп, оның, несиелік тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қаблеттілігін
талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау
қауіпін банк (фактор) өзіне алатындықтан, ол жеткізушіге шоттың жалпы
сомасының 80-90%-ін бірден өзі төлеп, ал қалғанын (резервін) дебитор
қарыздың барлық сомасын өтегеннен кейін ғана қайтарады. Коммерциялық
банктер несиенің осы түрін дамытып, өз операцияларын кеңітуге қосымша
мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және клиенттерімен байланысын нығайтуға
қол жеткізеді.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды, қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен
қатар банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы-
кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг
объектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын
жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін
төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді
қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома
жабдық алуға жұмсалуы мүмкін [13, 98].
Коммерциялық банктердің келесі маңызды операциясы бағалы
қағаздармен жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы
қағаздарды сатып алу (инвестиция), жаңадан шығарылған
бағалы қағаздарды (үлесті қағаздарды-негізінен акцияларды)
ұстаушылар арасында алғашқы орналастыру, клиенттің тапсыруы бойынша
бағалы қағаздарды сатып алу және сату (бағалы қағаздардың екінші
айналымына қызмет ету), бағалы қағаздар шығаруға қарыз беру. Ондай
бағалы қағаздар жай және артықшылықты акциялар, облигациялар, мемлекеттік
қарыз міндеттемелері, вексельдер және т.с.с. қағаздар болуы мүмкін.
Мысалы, банктің вексельдермен жүргізетін актив операциялары:
есептеу (дисконттық) және қайта есептеу операциялары, несие
беру, акцепт бойынша операциялар, инкассациялау, вексельдік
кепілдік беру және т.с.с. операциялар.
Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты -
дивиденд және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың
табыстылығы оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды
өтеу мерзімі қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі
ұзақ болған сайын, бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді (ауытқиды).
Сондықтан коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға
ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға ақша салудан гөрі тиімділеу [10,
105].
Сонымен коммерциялық банктердің активінін бұрыннан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты - несие беру (несие-
есептеу) операциясы және бағалы қағаздармен операция (қор биржасындағы).
Бұл операциялар банк балансының 80%-ін құрайды. Бұдан басқа банктер
кассалық, акцепттік, шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай-
ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Әсіресе актив және пассив операциялары бір-біріне тәуелді. Себебі
коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен (тартылған) қызмет
жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы
көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтардытартуқабілетінебайланысты .
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – банктің
барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және
салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрлымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) банктің болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, банк мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі
баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуының әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәджірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасау үшін келесі 4 – аналитикалық кесте құрылады.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін
анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының банктің барлық мүлік құнына
қатынасымен анықталатын банк активтерінің іске тартылу (мобильді)
коэффицентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды.
Коффицент мағынасы артқан сайын банктің үздіксіз жұмысты қамту және
кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан
алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни
мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының
жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Банк активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш –
мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффиценті. Ол ағымдағы
активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастық қолайлы және қауіпті көлемі, банктің салалық
ерекшеліктеріне байланысты. Өзге банктердің берілген көрсеткіштің деңгейі
0,5 – тен төмен болмауы тиіс.

1.3 Банк активтерiн сапасына байланысты жiктеу

Банктiң активтерiнiң сапасы олардың өтiмдiлiк, тәуекелдiлiк, және
табыстылық деңгейiмен бағаланады. Талдаудың классикалық схемасы
төмендегiдей.
Алдымен активтердi үш топқа бөледi:
- Өтiмдi активтер. Оларға: кассадағы қолма-қол ақша, Орталық Банктегi және
корреспондент-банктердегi шоттардағы қаражаттар, мемлекеттiк бағалы
қағаздар, егер олардың дамыған екiншi нарығы және ломбартық несие бар
болса, Орталық банкте қайта есептеуге алынатын есепке алынған
вексельдер.
- Өтiмдi активтердiң мөлшерi салымшылардың орналастырған ресурстарын
қайтаруға қатысты олардың талаптарын қанағаттандыру үшiн, банктiң
қаражаттарды айналымнан алу мүмкiндiгiн сипаттайды. Әдетте өтiмдiлiгi
тез активтер тәуекелi жоқ деп есептеледi және сәйкесiнше, табыстығы аз
болып есептеледi.
- Жұмыс iстеп тұрған активтер. Олар клиенттерге берiлген қарыздар,
банкаралық несиелер, сатылуға арналған және сатуға жарамды бағалы
қағаздар және тағы басқалар.
Бұлар табыс әкелетiн активтер, бiрақ белгiлi-бiр дәрәжеде тәуекелi
бар және өтiмдiлiгi төмен болып табылады. Бұл кезде мына жағдайды ескеру
қажет: әдетте мұндай активтердiң табыстылығы жоғары болғанымен олардың
шамадан тыс көбеюi банктiң өтiмдiлiгi және қаржылық тұрақтылығына терiс
әсер етедi.
- Өтiмсiз активтер. Оларға қозғалмайтын мүлiкке, банктiң ғимаратына
және құрылғыларына, басқа мекемелердiң, фирмалардың және компаниялардың
капиталына, егер олар сатуға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар
формасында болса, инвестициялар жатады.
Мұндай жұмсалымдар банктiң өз қаражаттары есебiнен жұмсалыуы қажет.
Өйткенi табиғаты бойынша мұндай жұмсалымдар ұзақ мерзiмдiк сипатта болады
да тартылған ресурстардың қысқа мерзiмдiк сипатына сай келмейдi.
Келесi сатыда активтердiң белгiлi-бiр уақыт кезеңiндегi динамикасына
талдау жасалады. Осы сатының ең негiзгiсi - жұмыс iстеп тұрған активтердiң
тәуекелдiгiн талдау және бағалау болып табылады. Мұндай талдау құрылған
резервтердiң жеткiлiктiгiлiгiн анықтау үшiн және активтiк операцияларды
басқару тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажет. Осыған байланысты, тек жұмыс iстеп
тұрған активтердi олардың тәуекелдiгi тұрғысынан жiктейдi.
Мұндай жiктеудiң көптеген түрлерi бар. Анағұрлым белгiлiсi - бұл 1985
жылы АҚШ Федералдық Резервтiк Жүйесiнiң Кеңесi ұсынған жiктеу. Осыған
сәйкес активтер былай бөлiнедi, - жақсы активтер, яғни өзiне мiндеттеме
қабылдаған қарыз алушының ағымдық таза құнымен және төлем қабiлеттiгiмен
қамтамасыз етiлген, сонымен қатар, активтiң өзiнiң құнымен қамтамасыз
етiлген активтер:
Ерекше есептелген активтер. Бұл категориядағы активтер тап осы кезде
қауiптiлiк туғызбайды, бiрақ жалпы алғанда әлсiз және болашақта банктiң
жағдайын нашарлатуы мүмкiн. Бұл активтерге жоғары тәуекелдiлiк тән, бiрақ
оларды қауiп тудыратын активтерге жатқызатындай шамада емес. Бұл
категорияға әдетте адекватты қадағалау қамтамасыз етiлмеген, олар бойынша
зияндық келiсiм жасалған және адекватты қамтамасыз етiлуi жоқ, барлық
қажеттi құжаттар алынбаған немесе несиелермен жұмыс iстеудiң қалыптасқан
тәжiрибесiнен қандай да бiр ауытқушылықтар бар. Мұнан басқа, қарыз алушыға
әсер етуi мүмкiн экономиканың және нарықтың жағдайы кейде бұл
орналастыруларды ерекше есепке алуды талап етедi.
-Қауiп тудыратын активтер. Мұндай активтерде қарыздың қайтпай қалу
ықтималдылығының айқындығы байқалады. Егер банк активтердiң бұл
кемшiлiктерiн жоя алмаса, бұл жағдайда банктiң белгiлi бiр зияндар шегуiнiң
ықтималдылық дәрежесi өте үлкен болады.
-Күдiктi активтер. Күдiктi ретiнде жiктелген активтерге қауiп тудыратын
активтерге тән кемшiлiктердiң барлығы да тән. Сонымен қатар қосымша
кемшiлектерде тән, ол кемшiлiктер олардың қайтарылуын немесе қарыздың
өтелуiн мүмкiн емес етедi және оларды жоғары шамада күдiктi етедi. Күдiктi
активтерден зиян шегу ықтималдылығы өте жоғары, бiрақ активтердiң
жақсаруына мүмкiндiк беретiн бiрқатар факторлардың болуы (капиталды алу
немесе косу, қосымша қамтамасыз етуге құқықтың алынуы, қайта қаржыландыру
жоспарының болуы) оларды зиянды категорияға қоспайды.
- Шығынды активтер, яғни қайтарылмайтын немесе құндылығының жоқтығы сонша
оларды банктiң активтерi деп есептеуге де болмайды, олай есептеудiң орны
да жоқ. Мұндай активтердiң болашақта белгiлi-бiр бөлiгi қайтуы мүмкiн
деп есептеген күнiң өзiнде оларды шығынға жатқызуды соза беру орынсыз
болып табылады.
Осындай тәсiлмен топтастырылған активтердiң динамикасына талдау жасау
тәуекелге қатысты банктiң саясаттық сипаты туралы бiр қатар қорытындылар
жасауға мүмкiндiк бередi, сонымен бiрге тәуекелдi жұмсалымдар сферасы
ұлғайды ма, бiр деңгейде тұр ма, немесе қысқарды ма, осыларды анықтауға
мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, банктiң жалпы активтерiнiң сапасын
тәуекелдiлiк дәрежесi бойынша жiктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiсiнiң “Пруденциалдық нормативтер туралы” ережесi негiзiнде жүзеге
асырылады.
Пруденциалдық нормативтер жайлы ереже бойынша, төменде көрсетiлген
сандық белгiлер арқылы коммерциялық банктердiң активтерiнiң тәуекелдiлiгiн
белгiлейдi.
1-топ тәуекелдiлiк дәрежесi нөлге тең активтер. Оларға мыналар жатады;
- касса (теңгелер және халықаралық экономикалық ынтымастық пен даму
ұйымына кiретiн елдердiң валютасы);
- Ұлттық Банктегi шоттардағы қаражаттар, Ұлттық Банктегi мiндеттi
депозиттер;
- Монетарлық бағалы металлдар;
- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кiретiн елдердiң Орталық
Банктерiндегi ағымды шоттар мен қысқа мерзiмдi депозиттер;
- Мемлекеттiк және басқа да жоғары өтiмдi бағалы қағаздар;
- Несиелер (депозиттермен, жоғары өтiмдi бағалы қағаздармен монетарлы
бағалы металлдармен, Үкiмет кепiлдеген кепiлдермен кепiлденген)
- Қазақстан Республикасы Үкiметтiне берiлген несиелер;
2-топ тәуекелдiлiк дәрежесi 0,2-ге тең активтер. Олар:

- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердiң
банктерiнде орналастырылған ағымдағы шоттар мен қысқа мерзiмдi депозиттер;
3-топ тәуекелдiлiк дәрежесi 0,5-ке тең активтер. Олар:
- Монетарлы емес бағалы металдар.
4-топ тәуекелдiлiк дәрежесi 1-ге тең активтер. Олар:
- Экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымына кiрмейтiн елдердiң валютасы;
- Басқа банктердегi ағымдағы шоттардағы және мерзiмдiк депозиттердегi
қаражаттар;
- Сатуға арналған бағалы қағаздар және басқа қағаздар;
- Басқа банктерге берiлген несиелер ;
- Төлемдер бойынша есеп айырысулар;
- Материалдық қорлар;
- Негiзгi құралдар;
- Есептелген проценттiк табыстар;
- Проценттердi және шығындарды алдын ала төлеу;
- Бағалы қағаздар бойынша премиялар және скидкалар;
- Банк дебиторлары;
- Уақытша активтер;
Активтердi тәуекелдiлiк дәрежесi бойынша өлшеу Сәйкес баланстық шоттағы
қалдықты (немесе оның бiр бөлiгiн) тәуекелдiлiк коэффициентiне көбейту (%
пен) және оны жүзге бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Банк активтерiнiң барлығы белгiлi бiр тәуекелде болады. Банк өз
активтерiнiң тәуекелдiлiк дәрежесiн заңға және өз саясатына сай анықтау
керек және соны ұстап отыру керек. Тәжiрибеде несиенiң қандай да бiр топқа
жатқызылуы қарыз алушы несиелiк шарттың мерзiмдерiн және шарттарын атап
айтқанда, қарызды өтеу шарттарын қаншалықты орындауына байланысты жүзеге
асырылады.
Банктiк қадағалау органдары пайдаланатын активтердi топтастырудың
заңдастырылған жүйесi әр елде әр түрлi болады.
Қазақстанда бес буынды жiктеу қолданылады. Ол негiзгi сома немесе
пайыздар бойынша қарыздарды төлеудiң кешiктiрiлу дәрежесiне негiзделген
Банк активтерiн топтастыру тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Басқармасының Қаулысымен 1997 жылы 23-мамырда бекiтiлген Қазақстан
Республикасы екiншi деңгейдегi банктерiнiң активтерiн баланстан тыс
талаптарын топтастыру және олар бойынша провизиялар есептеу туралы” ғ218
Ережесi арқылы белгiленген.
Банктер ай сайын айлық баланспен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банктiк Қадағалау Департаментiне активтердiң және баланстардан тыс
талаптардың жiктелуi және провизиялардың мөлшерi бойынша өзгерiстер туралы
мәлiметтердi тапсырады.
Жiктеу активтердiң сапасына, яғни олардың қайтарылу мүмкiндiгiне
негiзделедi.
Активтер және баланстан тыс талаптар стандартты және жiктелетiн болып
бөлiнедi.
Актив бойынша талап орындалады деп ойлауға негiз бар болса, онда актив
стандартты деп есептеледi. Егер актив бойынша талап орындалмайды деп,
немесе келiсiм шарттарына сай орындалмайды деп ойлауға негiз бар болса,
онда актив жiктелетiн актив болып табылады.
Несиелiк портфельдiң жiктелiнуi екiншi деңгейдегi банктердiң берген
барлық несиелерi бойынша жүргiзiледi: қарыздар, лизингтер, овердрафт,
факторинг, форфейтинг түрiнде берiлген несиелер, вексельдердi есептеу
немесе басқа да қарыздық мiндеттемелердi есептеу, аккредитив ашу жолымен
берiлген несиелер.
Банктер берген несиелер, қарыз берушiнiң несие бойынша төлемдердiң
(негiзгi қарыз және процент) мерзiмiн сақтауына , қарыз алушының банкпен
қарым қатынасына, несиелiк тарихына, несиенiң қамтамасыз етiлуiне және оның
сенiмдiлiгi мен өтiмдiлiгiне байланысты сапасы бойынша мынадай топқа
бөлiнедi:
1. Стандартты;
2. Күдiктi, бұл өз кезегiнде;
а) субстандартты
ә) қанағаттанарлықсыз
б) тәуекелi жоғары күдiктi
3. Үмiтсiз.
Стандартты несие – бұл өтеу мерзiмi жетпеген және сапасы күдiк
туғызбайтын несие, яғни қарыз алушы қаржылық жағынан тұрақты шаруашылық
субъектiсi болып табылады, несие сенiмдi және өтiмдi қамтамасыз етiлген
мұндай несиенiң қамтамасыз етiлуi ретiндегi кепiлдер депозит, аффинирленген
бағалы металлдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары
түрiндегi кепiлдер болып табылады.
Бұл категориядағы несиелерде олардың қайтпай қалу белгiлерi болмайды.
Субстандартты несие - негiзгi қарыз және пайыздың қайтарылуы бойынша
төлемдер 30 күнге дейiн кешiктiрiлген несиелер. Бұл топқа сонымен қатар
қаржылық жағдайы тұрақты, бiрақ белгiлi-бiр қанағаттанарлықсыз
көрсеткiштерi, (дебиторлық қарыздың өсуi, дайын өнiм және тауарлардың
өтiмсiз қорлары) бар клиенттерге берiлген несиелер.
Қанағаттанарлықсыз несиеге негiзгi қарыз немесе пайыздың қайтарылуы
бойынша төлем 30 күннен 60 күнге дейiн кешiктiрiлген немесе бiр рет
ұзартылған немесе қаржылық жағдайы нарық конъюктурасының өзгеруiмен
байланысты нашарлаған қарыз алушылардың несиелерi жатқызылады.
Мына негiздердiң бiреуi бар болған жағдайда несие күдiктi несие деп
есептеледi:
- негiзгi қарыз немесе проценттiң қайтарылуы бойынша төлем 60 күннен 90
күнге дейiн кешiктiрiлсе;
- қарыз алушының қаражаттарының үнемi жеткiлiксiздiгi;
- сауықтандырудың бiр жылдан көп емес мерзiмге жариялануы;
- қарыз алушыға материялдық зиян келтiрген форс-мажорлық жағдайлар қарыз
алушының басқа мiндеттемелерi бойынша қарызының ұзартылуы;
Егер келесi негiздердiң бiреуi бар болса, онда несие үмiтсiз деп
есептеледi:
- негiзгi қарыз және проценттi қайтару бойынша төлемнiң 90 күннен көп
мерзiмге кешiктiрiлуi;
- қарыздың бiр реттен көп ұзартылуы;
- қарыз алушының банкрот деп жариялануы;
- сауықтандырудың бiр жылдан көп мерзiмге жариялануы;
- қарыз алушыға материалдық зиян келтiрген және оның ары қарай қызмет
етуiне мүмкiндiк бермейтiн форс-мажорлық жағдайлар;
Егер жiктелген несие жоғарыда көрсетiлген критерийлер бойынша
несиелердiң арасында аралық орын алып тұрса банк тәуекелiн азайту үшiн бұл
несиенi екеуiнiң iшiндегi сапасы төмендеу несиеге жатқызады.
Қаржылық жағынан тұрақты қарыз алушыға берiлген бланктiк несие
субстандартты несиеге жiктеледi.
Банктiң басқа банктерге орналастырған депозиттерiнiң жiктелiнуi.
Банк басқа банкке депозиттер орналастырған кезде, соның iшiнде,
ностро” шоттарын ашқан кезде ол, банк корреспонденттiң қаржылық жағдайына
талдау жасауы қажет. Ол үшiн банк қажеттi барлық есеп беру құжаттарын талап
етуге құқылы.
Мерзiмдiк депозит банкте депозиттiң негiзгi сомасының немесе ол
бойынша төлемдердiң ұзартылу мерзiмiне байланысты жiктеледi.
Талап етiлгенге дейiнгi депозиттерден (“ностро” корреспонденттiк
шоты) қаражаттарды аудару бойынша кешiгушiлiк 7 күннен 30 күнге дейiнгi
аралықта болса, депозит тәуекелi жоғары күдiктi активтерге жiктелiнедi.
Дебиторлық қарыздардың жiктелiнуi.
Дебиторлық қарыздар контрактiде алдын ала көрсетiлген, оларды өтеу
мерзiмдерi өткенше және дебитордың қаржылық жағдайының нашарлауының
белгiлерi байқалмаса стандартты актив деп есептеледi.
Дебитордың өтiмдiлiгi және қаржылық жағдайының төменделуiнiң
байқалса, бiрақ ол бойынша келiсiм-шартта көрсетiлген өтеу мерзiмi жетпеген
болса дебиторлық қарыз субстандартты деп саналады.
Дебиторлық қарыздың өтелуi ұзартылса, онда ол несие бойынша қарыздар
сияқты өз мезгiлiнде қайтармау мерзiмдерiне сәйкес жiктелiнедi.
Шартты мiндеттемелер де (баланстан тыс мiндеттемелер) несиелер сияқты
жiктелiнедi.
Несиелiк портфельдi талдаудың нәтижелерi қарыз бойынша зиянның орнын
толтыруға қолда бар резервтiк қордың жеткiлiктiгiн бағалау үшiн негiз
ретiнде пайдаланылады.
Резервтiк қорды құраудың көзi банктiң пайдасы болып табылады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер
жiктелiнген активтер бойынша провизия құрайды. Оның қажеттi мөлшерiн
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Субстандартты активтер бойынша пайыз уақытында төленiп тұрса негiзгi
қарыздың 5 пайызы мөлшерiнде, пайыз кешiктiрiлген жағдайда 10 пайыз
мөлшерiнде банктер провизия құрайды.
Қанағаттанарлықсыз активтер бойынша пайыз толығымен төленген жағдайда
негiзгi қарыздың 20 пайызы мөлшерiнде, пайыз бойынша төлем кешiктiрiлген
жағдайда 25 пайызы мөлшерiнде провизия құрайды.
Күдiктi активтер бойынша барлық жағдайда негiзгi қарыздың 50 пайызы
мөлшерiнде банктер провизия құрауға мiндеттi, ал үмiтсiз активтер бойынша
барлық жағдайда 100 пайыз мөлшерiнде провизия құрайды.

2 ТАРАУ. ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ-НЫҢ АКТИВТIК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 “Халық банкі” АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы

Халық банкінің қазіргі заман талабына сай тарихы-бұл оның тек
жекелешендіру мен құрылымдылық қайта ұйымдастыру процесі ғана емес. Бұл
жаңа банктік технологияларды үзіліссіз түрде шеру, банкинг спектірінің
кеңейтілү процессі жаңа шарттарды жинақтық салымдар жүйесінің толығымен
сақталуы және жетілдірілуінің әлем стратегиясы, дамыған филиалдың
инфроқұрылымы бар “вертикалды интерграцияланған” банктік құрылымның
құрылуы. Бұл қазіргі заман талабына сай ақпартты-коммуникациялық
технологиялар есебімен ҚР-ның Халық Банкінің негізгі тапсырмаларын шешуге
бағытталуы-зейнетақыларды, еңбек ақыны төлеу, салықтық, коммуналды және
т.б. төлемдерді қабылдау, кіші және орташа ко-дарға және мемлекеттік
мекемелерге есептік-кассалық қызмет көрсету. АҚ “Халық Банкі”-80 жыл
шамасында өз клиенттерінің пайдасына жемісті жұмыс істеп келе жатқан ҚР-ның
ең ірі универсалды коммерциялық банкі, КР-ның ең сенімді және
диверсикацияланған банкі , қаржылық құрылымдарының бірі. АҚ “Халық Банкі”
ҚР-ның жинақтық банкінің қайта ұйымдастырылуы базасы негізгі қаланды және
де бірқатар жылдар бойы зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу бойынша ҚР –ның
Үкіметінің агенті болып табылады.
Банктің қызметтерінің түрлерінің үлес салмағы былай болып келеді:
- несиелік 50 пайыз
- сақтандыру – 10 пайыз
- депозиттік – 25 пайыз
- лизингтік – 7 пайыз
- факторинг және т.б. – 3 пайыз
Халық Банкі активтер мен меншіктік капитал көлемі бойынша ҚР-ның ең
ірі екінші деңгейлі банктерінің үштігіне кіреді. 2007 жылдың 1 тамызында:
Банк активтері-156,5 млрд тенгені құрады, жарғылық капиталы (толығымен
төленген)-7,222 млрд тенгеден астам, меншіктік капиталы-15,9 млрд тенге
шамасында, 2007 жылдың қаңтар-шілде айына таза пайда 904,5 млн тенге
мөлшерінде қалыптасты. ҚР Халық Банкі әртүрлі қаржылық және қоғамдық
ұйымдармен реттелген іскерлік қатынастарға иелік етеді, КҒ Халық Банкі
Moodys, Standard and Poors, Thomson Bank watch Bree сияқты рейтингтік
агенттіктері мен ұзақ мерзімді қатынастарға иелік етеді.
Халықаралық қаржылық нарықта банктің бұрыннан бергі серіктестері болып
табылатындар: Халық Банкінің еуробондтарын шығаруды дайындауға қатысқан
және де рейтингтік кеңесші қызметін жүзеге асыруға-Lehman Brothers
компаниясы; 1998 жылы Халық Банкі үшін синдикациялаған қарызды
ұйымдастырған-American Express Bank LTD ; Халық Банкімен бірлесе отырып,
“көгілдір фишкалар” бағдарламасы бойынша АҚ “Маңғыстаумұнайгаз” және АҚ
“Қазақмыс” акцияларының мемлекеттік пакетінің бөлігін өткізуге қатысқан-
Credit Suisse First Boston банкі және т.б. көптеген банктер. Сондай-ақ,
Халық Банкінің серіктестері болып өз қызметтерін бізге көп рет көрсеткен
White and Case, Broce well and Potterson, Baker and McKenzie6 Cameron
MeKenna, Stibbe Simont Monahan Duhot заңдық компаниялары табылады. ҚР-да
Халық Банкінің ең ірі серіктестері болып ҚР-ның үкіметінің 1999 ж 20
желтоқсанындағы Қаулысына сәйкес, акцияларының мемлекеттік 100 пайыздық
пакеті АҚ “Халық Банкінің” басқарылуына берілген, АҚ “Қазпошта” табылады.
ҚР-ның Жинақ банкінен Халық банкі бүгінгі күнге өзіне 746 құрылымдық
бөлімшелерді, соның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 158 аудандық
филиалдарды және 568 есептік кассалық бөлімшелерді кіргізетін,кең филиалды
торға иемденді. “Халық Банкі” сонымен бірге екі шетелдік өкілдіктерге иелік
етеді; Лондонда және Пекинде. Болашақта Мәскеуде қосымша (дочерний) банк
ашу жоспарлауда.
Одан басқа, “Халық банкі” оған жеке тұлғалардың депозиттері нарығында
ең алдыңғы қатарлы ұстанымдарға иелік етуді қамтамасыз ететін аса
тармақталған филиалды торға иелік ететінінен басқа, ол сонымен қатар
пластикалық карточкалардың нарығында көсемі болып табылады.
Банк 2007 жылдың шілдесінде июльіне жалпы саны 1 млн бірліктен асқан
VISA және Master Card төлемдік жүйелерінің карточкаларын эмиссиялайды.
Екінші деңгейлі банктердің жиынтық көрсеткіштеріндегі банктің үлесі 990 мың
адам шамасында, немесе пластикалық карточкаларды қолданушылар арасында 70
пайыздан астам мөлшерде. Халық банкі чиптік төлемдік карточкаларды 2004
жылдан шығарады. Бүгінгі таңда банк чиптік карточкалардың эквайринтгі
бойынша сертификаттаудан өтті, қазіргі кезде ол төлемдік карточкалар торын
магниттік те, чиптік те карточкаларды қабылдауға алмастыру бойынша
техникалық жұмысты жүргізуде. Жуық арада Visa Classic және Visa Cold
чиптік карточкаларының эмиссиясы бойынша сертификаттаудан өтуді
жоспарлауда. Қазіргі кезде оның төлемдік карточкаларға қызмет көрсету торы
369 банкоматтардан (нарықтың барлығының 65 пайызы), 1199 POS-терминалдардан
және 1153 импринтерлерден тұрады.
Осы жылдың соңына дейін банк 10 мың түйірді құрайтын Visa төлемдік
жүйесінің чиптік карталарының алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің операциялары
Банктің пассивтік операциялары туралы
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
Банктердің дамуы
Банктің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Банктік операциялардың мәліметтер қорын құруды теориялық негіздеу
Пәндер