Фармакокинетика және фармакодинамиканың негізгі параметрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Фармакокинетика және фармакодинамиканың негізгі параметрлері

Орындаған:Аралбай А. Ә

Тобы: 310 «А» ЖМ

Қабылдаған: Айткулова Л. А

Шымкент 2018

  • Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

  • 1) Фармакокинетиканың негізгі параметрлері
  • 2) Фармакодинамиканың негізгі параметрлері

III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе

Фармакалогияда дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.

Дәрілік заттар деп - химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды

ФАРМАКОКИНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Фармакокинетика - ДЗ ағзаға енгізілуі, сіңірілуі, таралуы, байланысуы, биотрансформациясы және ағзадан шығарылуын зерттейтін клиникалық фармакологияның бір саласы.

Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары

ДЗ әсер ету орнына түсуі (мысалы: қабыну ошағына), жалпы емнің тиімділігі оның енгізу жолына байланысты. Барлық енгізу жолдарының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Көбінесе ДЗ ағзаға энтеральды жолмен енгізеді:

  • ішке (per os) ;
  • сублингвальды;
  • буккальды;
  • ректальды (per rectum) .

Бұл енгізу жолының парентеральды енгізу жолымен салыстырғанда өзіндік артықшылықтары бар. Атап айтқанда, қолдануға ыңғайлы (медициналық персоналдың көмегін қажет етпейді), салыстырмалы қауіпсіз, ДЗ парентеральды қолданғанда дамитын асқынулардың болмауы. Энтеральды жолмен енгізілетін ДЗ жергілікті (кейбір микробқа қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы ДЗ) және жүйелі әсер көрсетеді

Ағзаға парентеральды жолмен енгізілетін ДЗ ас қорыту трактысын айналып өтеді, атап айтсақ:

  • көктамыр ішілік (кесте 3) ;
  • артерияішілік;
  • бұлшық етке (кесте 4) ;
  • тері астына(кесте 5) ;
  • интратекальды (эндолюмбальды, интравентрикулярлы, іш құрлысына, плевра ішіне т. б) ;
  • перидуральды;
  • трансдермальды (кесте 6) ;
  • интраназальды (кесте 7) ;
  • ингаляционды.

Дәрілік заттардың сіңірілуі

Сіңірілу дегеніміз - бұл ДЗ енгізілген жерінен қанға түсуі. Сіңірілу үрдісі ДЗ енгізу жолына, липидтерде ерігіштігіне, енгізген жердің қан айналымына байланысты. ДЗ артерия немесе вена ішіне енгізген кеде, әрине, сіңірілу туралы сөз болмайды, өйткені, препарат тікелей қанға түседі.

Сіңірілудің механизмдері:

  • пассивті диффузия - липофильді (липидтерде еритін) ДЗ тән;
  • фильтрация - гидрофильді ДЗ (суда еритін) тән;
  • кейбірДЗ белсенді тасымалдану жолымен сорылады.

Сіңірілудің көрсеткіштері

Сіңірілу толықтығы - сіңірілген ДЗ пайызбен (%) алғандағы мөлшері.

Максимальды концентрацияға қол жеткізу үшін қажетті уақыт (Т max ) - ДЗ сіңірілу жылдамдығы мен терапевтік әсердің даму жылдамдығы.

Абсорбция жылдамдығының константасы (К а ) - ДЗ енгізген жерден қанға түсуі.

Жартылай абсорбциялану кезеңі (Т 1/2а ) - ДЗ енгізген жерден препарат мөлшерінің жартысының қанға тусуі.

Дәрілік заттың сіңірілуіне әсер ететін факторлар

Әлсіз электролит болып табылатын ДЗ сіңірілуі олардың иондану дәрежесіне байланысты: диффузия жолымен диссоцацияланбаған молекулалар сіңіріледі; препараттың иондарға диссоцациялануы диффузия үрдісін тоқтатады, бірақ мұндай жағдайда препарат фильтрация жолымен сіңірілуі мүмкін.

ДЗ сіңірілуіне АІТ әр түрлі үрдістер әсер етеді: мысалы үшін, АІТ ферменттер белоктар мен полипептидтердің белсенділігін төмендетеді (АКТГ, вазопрессин, инсулин және т. б. ) .

ДЗ сіңірілуіне АІТ моторикасы, тағамның көлемі мен құрамы, препарат пен тағам қабылдау арасындағы интервал әсер етеді

Дәрілік заттардың таралуы

Дәрілік заттардың таралуы - бұл ДЗ әр түрлі тіндерге, мүшелерге, ағзаның сұйық орталарына өтуі, жинақталуы. Фармакодинамикалық әсердің қарқындылығын ДЗ тіндерде жинақталу дәрежесі анықтайды.

Таралу көрсеткіштері

Алғашқы концентрация (С о ) - көктамыр ішіне енгізген соң, сол мезетте мүшелер мен тіндерге таралған, қан плазмасындағы препараттың концентрациясы.

ДЗ қандағы максимумды концентрациясы (С max ) - парентеральды немесе пероральды енгізген соң дамыған қан айналым жүйесіндегі препараттың максимальды концентрациясы.

Стационарлы (тұрақты) концентрациясы (C ss ) - ағзаға үздіксіз, тұрақты жылдамдықпен түсіп отырғандағы препараттың қан плазмасындағы концентрациясы.

ДЗ таралу көлемі (V d ) - бұл қан плазмасынан препараттың тіндермен ұсталыну дәрежесі. Таралу көлемін V d =D/C o формуласымен есептейді, мұнда V d - қан сарысуындағы препараттың бастапқы концентрациясына тең (C o ) концентрацияны алу үшін, ағзаға түскен ДЗ мөлшерін (D) ерітуге қажетті, сұйықтықтың салыстырмалы көлемі.

Дәрілік заттардың таралуына әсер ететін факторлар:

  • регионарлы қан айналымның қарқындылығы;
  • ДЗ қан плазмасындағы белоктармен және тіндік құрылымдармен байланысу дәрежесі;
  • ДЗ липидтерде ерігіштігі.

ДЗ таралу көлемін (V d ) білу - препаратты ағзаға енгізу жолы мен мөлшерін таңдауға көмектеседі.

ДЗ көп бөлігі сіңірілген соң, қанмен жақсы қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі, олар:

  • бүйрек, өкпе, ми, бүйрек үсті безі, қалқанша безі (перфузия жылдамдығы -1мл/мин) ;
  • бауыр, жүрек, көк бауыр (перфузия жылдамдығы - 0, 1-1мл/мин) ;

Содан кейін, қанмен нашар қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі:

  • бұлшық ет, кілегей қабаттары, тері және майлы тін, сүйектер (перфузия жылдамдығы - 0, 1мл/мин төмен) .

Дәрілік заттардың қан және тін белоктарымен байланысуы

ДЗ қан плазмасындағы әр түрлі белоктармен, әсіресе, альбуминдермен байланысқа түседі. Белоктармен байланысқа түскен ДЗ фармакологиялық белсенділігі болмайды. ДЗ бос және байланысқан фракциялары динамикалық тепе-теңдік жағдайында болады: қан плазмасындағы бос фракциялар концентрациясы төмендеген сайын, ДЗ байланысқан фракциялары белоктан босап отырады. Плазма белоктарымен препараттың байланысу дәрежесі ДЗ таралу көлемі мен терапевтік эффектінің пайда болу жылдамдығына әсер етеді:

  • плазма белктарымен жоғары дәрежеде байланыспайтын ДЗ (<50%), ағзада тез таралып, терапевтік әсерін көрсетеді, бірақ, тез элиминацияға ұшырап, әсері ұзақ уақытқа созылмайды;
  • плазма белоктарымен жоғары дәрежеде байланысатын ДЗ (>90%) керісінше, тіндерде баяу жинақталып, әсері бірте-бірте дамиды. Мұндай ДЗ ағзадан баяу шығарылып, терапевтік әсері ұзаққа созылады.

Дәрілік заттардың ағзадан шығарылуы

Шығарылу (элиминация) - ДЗ биотрансформация немесе метаболизм салдарынан бейтараптанып, ағзадан шығарылу үрдісі.

Шығарылу (элиминация) көрсеткіштері:

Элиминация жылдамдығының константасы (K el ) - биотрансформация және экскреция жолдарымен препараттың ағзадан шығарылу жылдамдығы.

Жартылай шығарылу периоды (Т ½ ) - қан плазмасында ДЗ концентрациясының екі есе азаюына қажетті уақыт мөлшері, ол элимимнация жылдамдығының константасына тәуелді (Т 1/2 = 0, 639/К el ) .

Дәрілік заттың жалпы клиренсі (С lt ) - бүйрек, бауыр арқылы, уақыт бірлігінде қан плазмасының препараттан тазару көлемі (мл/мин) .

Жалпы клиренс бүйрек және бауыр клиренсінің жалпы қосындысынан тұрады.

Бүйректік клиренс (C lr ) - ДЗ зәрмен шығарылуы.

Бүйрек сыртылық клиренс (C ler ) - ДЗ басқа жолдармен (өтпен) шығарылуы.

Экскреция жылдамдығының константасы (K ex ) - ДЗ зәрмен, нәжіспен, сілекеймен т. б. жолдармен шығарылу жылдамдығы.

Биотрансформация

Биотрансформация (метаболизм) - ДЗ ағзадан шығарылуын қамтамасыз ететін, нәтижесінде суда еритін полярлы заттар (метаболиттер) түзілетін, физико - химиялық, биохимиялық үрдіс. ДЗ биотрансформациясы (метаболизімі) екі жолмен жүреді:

  • синтетикалық емес реакцияларға:

микросомальды - эндоплазматикалық ретикулум ферменттері арқылы катализацияланатын реакциялар;

микросомальды емес - арқылы катализацияланатын реакциялар. Синтетикалық емес реакцияларға тотығу, қалпына келу реакциялары және гидролиз жатады.

  • синтетикалық реакциялардың негізінде ДЗ эндогенді субстраттармен немесе кейбір химиялық топтармен (глюкоурон қышқылы, сульфаттар, глицин, глутатион, метильды топтар т. б. ) конъюгациясы жатады. Конъюгацияға көптеген ферменттер (мысалы: , метилтрансфераза, сульфотрансферазалар) қатысады. Реакция біткен соң ДЗ молекуласы полярлыға айналып, ағзадан оңай шығарылады.

Микросомальды биотрансформация бауырда өтеді. Гепатоциттерде толық ферменттік жүйелер шоғырланған, олар әр түрлі ксенобиотиктерді (грек xenos - басқа, bios - өмір), яғни адам ағзасына түскен бөгде заттарды тотықтырады. Микросомальды өзгеріске, көбінесе, липофильді заттар ұшырайды, өйткені, олар эндоплазмалық ретикулумның мембранасы арқылы жеңіл өтіп, цитохромдар жүйесінің Р446 - Р455 бірімен байланысады (көбінесе цитохром Р450 ферменті) . Бұл цитохромдар тотықтырушы ферменттер жүйесінің алғашқы компоненттері болып табылады. Аралас типті оксидаза жүйесімен препараттардың биотрансформациялану жылдамдығы, Р450 концентрациясымен, басқа цитохромдардың санымен және олардың субстратқа ұқсастығымен анықталады.

ДЗ микросомальды ферменттер белсенділігіне әсер ету қасиетіне байланысты төмендегідей бөлінеді (кесте 10) :

  • метаболизмнің ингибиторлары, олар микросомальды ферменттердің белсенділігін төмендетеді;
  • метаболизмнің индукторлары, олар микросомальды ферменттердің белсенділігін жоғарылатады.
Дәрілік заттардың шығарылу жолдары

Ағзадан ДЗ шығарылуы олардың май мен суда еру қасиетіне байланысты және бірнеше жолмен жүреді:

  • бүйректік экскреция - шығарылудың (элиминацияның) негізгі жолы;
  • бауырлық экскреция - ДЗ мен олардың метаболиттерінің өтпен шығарылуы;
  • басқа жолдар (ДЗ дем шығарғанда ауамен, терлегенде, сілекей және көз жасы арқылы шығарылуы) .

Бүйректік экскреция жолымен зәрде жақсы еритін гидрофильді ДЗ өзгермеген күйінде (белсенді күйінде) шығарылады. Липофильды ДЗ бүйрекпен белсенсіз метаболиттер күйінде шығарылады. Бүйректік экскрецияның негізгі механизмдері:

  • шумақтық фильтрация;
  • түтікшелік секреция;
  • түтікшелік реабсорбция.

Шумақтық фильтрация - ДЗ бүйрек арқылы пассивті шығарылуы (экскрециясы) . Бүйрекке келген қан шумақтарда фильтрацияланады, оның құрамындағы ДЗ шумақтық фильтр арқылы шеткері түтікшелерге түседі. Шумақтық фильтрация:

  • ДЗ молекулярлы массасына байланысты; препараттың плазма белоктарымен байланысы фильтрацияны төмендетеді - оның тек белоктармен байланыспаған бөлігі ғана фильтрацияланады.
  • бүйректің функциональды жағдайына байланысты, оның маркері эндогенді креатинин болып табылады.

Кейбір ДЗ бүйректің түтікшелік секрециясы арқылы шығарылады. Проксимальды түтікшелердің жасушалары плазмадағы зарядталған бөлшектерді белсенді түрде түтікшелерге тасымалдайды. Ол тасымалдайтын арнайы қышқыл қосылыстар мен негіздер жүйелері арқылы іске асырылады. Мысалы үшін, фуросемид күшті қышқыл ретінде антибиотиктердің белсенді секрециясын төмендетіп (аминогликозидтердің, карбенициллиннің), олардың қан плазмасындағы концентрациясын жоғарлатып, нефро-ототоксикалық қасиеттерін күшейтеді.

Фармакокинетиканың параметрлері
Жалпы клиренс
- белгілі бір уақыт ішінде дәрілік заттан тазаратын қан сарысуының және қанның шартты көлемі

Жартылай өмір сүру кезеңі (жартылай шығарылу кезеңі, T ½) - дәрілік зат концентрациясының қан сарысуында 50% төмендейтін уақыты

Биожеткіліктік
- дәрілік заттың бастапқы дозамен салыстырғанда қан сарысуына өзгермей түскен мөлшері.
Элиминация жылдамдығының константы (элиминация коэффициенті ) - белгілі бір уақыт ішінде дәрілік зат концентрациясының қанда төмендеуі

Биоэквивалентілік - дәрілік заттың референттік затқа сәйкестігінің дәрежесі (сіңірілу жылдамдығы және дәрежесі, қанда максималды концентрациясы, шығарылу жылдамдығы )

ФАРМАКОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Фармакодинамика - ДЗ әсерлерінің жиынтығы (жағымды, жағымсыз) және әсер ету механизімдерін зерттейтін клиникалық фармакологияның бір саласы.

Дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

Дәрілік заттардың басым бөлігі ағзаның физиологиялық жүйелерінің қызметін өзгерте отырып, емдік әсер береді. ДЗ әсерінен ағзада өтетін әр түрлі физиологиялық үрдістердің жүру жылдамдығы өзгереді. Бұл үрдістердің тежелуі немесе қозуынан мүшелер мен тіндердің қызметі де соған сай төмендейді немесе күшейеді. Соның әсерінен аурудың себебі болған ағзадағы патологиялық үрдістердің ағымы да өзгереді де, бұзылған функция қызметтері де қалпына келеді, ауру симптомдары кері қайта бастайды.

Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің келесі түрлері бар:

  • арнайы рецепторларға әсері;
  • ферменттер белсенділігіне әсері;
  • жасуша мембранасына физико-химиялық әсері;
  • тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері.

Дәрілік заттардың арнайы рецепторларға әсері

Жасуша рецепторлары - белгілі бір химиялық қосылыстарға таңдамалы сезімтал болып келетін, макромолекулярлы құрылымдар. ДЗ рецепторлармен әсерлесуі, жасушалар мен бүкіл ағзадағы физиологиялық өзгерістерге әкеліп, белгілі бір фармакологиялық эффект көрсетеді

Рецепторларға әсеріне байланысты ДЗ төмендегідей бөлінеді:

  • агонисттер - рецепторларды тікелей қоздыратын немесе рецептор белсенділігін арттыратын заттар
  • антагонисттер - арнайы агонистер қызметіне кедергі келтіретін немесе рецепторды тежейтін заттар
  • біруақытта агонисттер мен антагонисттердің қасиеттеріне ие болатын заттар.

Антагонизмнің екі түрі бар:

  • бәсекелі - егер, ДЗ мен агонистер арнайы рецепторлардың бір түріне бәсекелессе. Бәсекелес антагонистің әсерінен туындаған рецепторлардың тежелу үрдісін, агонистердің әсерімен қайтаруға болады (ДЗ немесе табиғи медиатор) ;
  • бәсекесіз - егер, ДЗ арнайы рецепторларға қатысы жоқ макромолекулалардың басқа бөліктерімен байланысса.

Көптеген рецепторлар ДЗ нысана болып табылады. ДЗ рецепторлармен өзара әсерлесу сипаты (агонизм, антагонизм), фармакологиялық әсердің ұзақтығы мен қайтымдылығын сипаттайтын - байланысу күші, өте маңызды болып табылады.

Дәрілік заттарға ферменттердің әсері

Кейбір ДЗ жасуша ішіндегі және жасуша сыртындағы арнайы ферменттердің белсенділігін жоғарылатады немесе тежейді. Жасушаның қызметін қамтамасыз ететін жасушаның аденилатциклаза жүйесі өте маңызды болып табылады, өйткені, көптеген ДЗ әсері, жасушаішілік циклды аднозинмонофосфаттың (цАМФ) деңгейін реттейтін, фосфодиэстераза, аденилатциклаза сияқты ферменттердің белсенділігімен байланысты.

ДЗ ферменттермен әр түрлі дәрежеде, қайтымды, қайтымсыз түрде өзара әсерлесіп, фармакологиялық әсердің ұзақтығы мен қарқындылығы сипаттайды.

Дәрілік заттардың жасуша мембранасына физико-химиялық әсері

ДЗ жасуша мембранасына физико-химиялық әсері, иондардың мембрана арқылы тасмалдануы салдарынан, трансмембраналық электр потенциалдарының өзгеруіне негізделген. Оның жүйке және бұлшық ет жүйелерінің қызметінде маңызы бар, өйткені, синапстар арқылы жүйке импульстарының жүруі бұзылады, жасушалардың электрлік белсенділігі тежеледі. Мұндай әсер ету механизімі аритмияға қарсы ДЗ, жергілікті анестетиктерге, наркозға арналған ДЗ тән.

Дәрілік заттардың тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
Протозойға қарсы заттар
Цестодтардың жіктелуі
Препараттың токсикалық әсері
Дәрілер технологиясының міндеттері
Жүкті әйелдердің, емізу кезіндегі (лактация) және қарт адамдардағы фармакотерапия
Адреномиметикалық заттардың сипаттамасын
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Геморрагиялық синдромы кездесетін ауруларда және тромбоэмболиялық асқынулар
Фармакологияның мазмұны, мақсаттары, тарихи даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz