Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Жоспары
І. Болмасын соғыс, болмасын.
ІІ. Қан майданға аттанды сол жылдары менің де атам
ІІІ. Соғыс өрті шарпымасын даламды
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.

Сұм соғыс! Осы бір ауыз сөзде қанша қайғы-қасірет жатыр десеңізші. Қазіргі балаларға ертегі көрінетін сол соғыс туралы көне көз қарттардан сұрай қалсаңыз, ауыр күрсініп үнсіз қалатын еді. Мүмкін, сол соғыстың кезіндегі ауыр күндер, қаза болған жолдастары, жас жарын зарыға күтіп, қоңыр күзде салған гүлдей ерте қартайған арулар есіне түсер. Қаншама адамның өмірін қиған сол соғыс туралы көзіне жас алмай еске алатын қарттар аз болар, сірә.

Он бес ұлтты бір үйдің баласындай біріктірген бұл соғыс 1945 жылы 22 маусымда таңғы 4-те басталып, 4 жылға солған еді. Неміс басқыншылары бастаған бұл соғыс аяқ асты басталған еді. Тамылжыған таңда әуе шабуылынан басталған бұл соғыстың соншама адамдарға әкелген азабын, қиыншылығын, тіпті, ешкім дәл кесіп айта алмас еді. Барлық азаматтар Отанын қорғау үшін соғысқа аттанды, солардың ішінде өрімдей бозбалалар мен арулар да өз Отаны үшін бастарын қатерге тігіп соғысқа аттанды. Көбі майдан даласында қаза болып, ерліктері елге үлгі болып жатты. Қазақтың қос аруы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова да солардың қатарында еді. Ал, қазақ батыры Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев туралы, олардың жанқиярлықпен атқарған ерліктері өз алдында бір әңгіме. «Кеңес Одағы батыры» деген атақ алған қаншама соғыс ардагерлері соғыстан кейінгі бар өмірлерін еңбекке арнап кетті.

«СССР» деп аталтын алпауыт мемлекеттің басына түскен бұл зардап, сол одаққа кірген 15 ұлттың адамдарын бір-біріне дос, бауыр етті. Олар бір-бірі үшін жандарын аямады, тіпті өз өмірлерін қиғандары да бар. «Бірі- бәрі үшін, бәрі-бірі үшін» деген ұран да сол кезде үлкен мәнге ие болған еді. Бар азамат соғысқа кеткеннен кейін бар шаруа қарттар мен әйелдерге, жас балаларға қалған еді. Балалық шағы соғысқа дәл келген балалар ерте есейді. Балалықтың бал дәмін татып көрмеген, аштық пен жалаңаштық жанына батқан, бала болып ойнамаған, ұйқысы қонып көрмегендіктен үнемі бет-аузы ісіп жүретін бұл балалардың сол кездегі өміріне, қазіргі тепсе темір үзетін жігіттер де шыдамас еді. Күнара келетін «қара қағаз» хабары бір шаңырақтың түтінін өшіріп, баласын жетім, анасын жесір ететін. Бауыр еті баласынан айырылған қарттар жер бауырлап жатып қалатын еді. Ия, бұл соғыстың ауыр апаттары, адамдардың жанкештілігі, жеңіске деген сенімі ақталып, 1945 жылы Гитлер бастаған неміс басқыншылары жеңіліс тапты.

Совет Одағының әр қаласы, ұлтарақтай жері үшін соғысқан совет әскерлері жауды өз ордасына, Берлинге апарып күйретті. Жеңісті паш еткен Кеңес Одағының қасиетті туы, ал қызыл туын Берлинге тұңғыш рет қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев тікті. Талай адамның өмірін жалмаған, талай отбасын қайғыға ұшыратқан бұл соғыс туралы жаза берсің, қарғыс атқыр сол соғыстың біткеніне биыл 70 жыл толып отыр. Бір адамның ғұмырына тең келер бұл соғыстан кейінгі күйреген қалаларды, тоқырған ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіру оңай болған жоқ. Сталин басқарған сол соғыс жылдары тарихтан ойып тұрып, өз орнын алды. Соғыс кезіндегі балалардың өзі қазір қартқа айналып, сол кездер сағым тәрізді көз алдында қалып қойды, ал қаншасы келместің кемесіне мініп аттанып та кетті. Енді бір он шақты жылда сол соғыс туралы сыр шертетін адамдар да қалмас, сол кезде бұл соғыс та ертегі тәрізді кинолар мен кітаптардардан ғана көрініс табатын шығар.

Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Еліміз егемендік алғаннан кейін, соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне ерекше қамқорлық жасауда. Бұл да Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында іске асуда. «Барлығы Отан үшін» деген ұранмен өмір сүріп, бар ғұмырын Отанына арнаған патриот қарттарымыздың амандығын тілеу, әр адамның міндеті.

Бұл соғыс 70 жыл бұрын болған еді,

Әр кеудеге қайғы-қасірет толған еді.

Жан жарын сол соғысқа аттандырып,

Қаншама ару қураған гүлде» солған еді.

Отаным, елім деп кеудесін оққа төсеп,

Талай боздақ өмірін қиған еді.

Сол баласын жоқтаумен зар иелеген,

Ата-ана естерін зорға жинаған еді.

«Әкем қашан келеді?»-деп жолын тосып,

Талай бала қара жолды торыған еді.

Сол қиыншылық барлығы артта қалып,

Жеңіс деген бақыт боп басқа қонған еді.

Сол жеңіске дәл бүгін мамыр айда,

Сәби жасы 70-ке толар еді.

Құтты болсын Ұлы Жеңіс бәріңізге,

Қуаныш болсын жас пенен кәріңізге.

Бейбітшылык мәңгілік болып қалсын

Әр шаңырақ қуанышқа толы болсын.

Бізге жеңіс сыйлаған қарттарымыз,

Ғұмыры ұзақ, өздері аман болсын.

Болашақта бәріміз армандаған

Бақытты да бейбітшілік заман болсын.

Бейбіт күн жасасын әлемде

«Жеңіс» сөзі бүкіл елге жан берген,

«Жеңіс» сөзі өзгелерге үн берген

«Жеңіс» сөзі жауынгерлерге күш берген

«Жеңіс» сөзі ғасырларға жалғасқан.

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігімен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні - түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.

Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағаларының қанын төгіп, жанын қиған келешек ұрпақтың бақытты өмірі үшін құрбан болған жеңістің құрдастары тойлайды.

Жеңіс. Жанға тиген ұлы сөз.

Құлаған рухты көтерер жалғыз сөз. Осы сөзді сонау Ұлы Отан соғысында пана еткен, мына біздер. Халық тілегін үміт пен сенімге бағыттар үлкен сөз.

Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Бұл - терең мағыналы, қасиетті сөз. Жеңіс - ар - ождан ұғымы, әділдік биігі, ерлік, қаһармандық қасиеті, халықтыңелдің аяулы арманы, аласармас асыл мұраты.

Жеңіс - ата - бабаларымыздың тамған қанының, аналардың көз жасының, қыршын жастың үзілген ғұмырының, жас сәбилердің әкесіз, жесірлердің жарсыз өткен өмірінің өтеуі. Жеңіс бүгінгі күндері еліміздің аспанында шалқыған Тудай нұрланып, асқақтаған ән - жыр боп төгіліп тұр. Жеңістің қадір - қасиетін бағалау, оны қадірлеу, құдіретін түсіну - барша адамзаттың, соның ішінде, біздің өскелең жас ұрпақтың зор парызы. Жеңістің қастерлі, қасиетті, киелі сөз екенін бағалаймын, бағалаймын да басымды иемін.

Ал Жеңіске жетер жолдың біздің ата - бабамыз үшін өте ауыр да қиын болғаны белгілі.

Талай - талай қиындықтан, сыннан, күрестерден өтіп, дамудың, көркеюдің өзіндік жолдарын тауып, өнері өркендеп келе жатқанда, Отан тыныштығын кілт бұзған, ел басына қанды дауыл боп төнген соғыс зор қасірет, сұмдық зұлмат болды. Сұм дұшпан, қанқұмар Гитлер бастаған фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасап, еліміздің мамыражай тыныштығын, бақытты бейбіт өмірін тас - талқан етті. Ұлы Отан соғысы қазақ халқының да басына төнген ауыр күндер болды. Төрт жыл 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін жан қилы сұрапыл соғысжүріп жатты. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, туған жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Ел басына күн туғанда етігімен су кешетін ерлер бұл жолы да ерлік, табандылық, қайсарлық дәстүрін жалғап, ата - баба жолын ұстап, қан майданға аттанып жатты.

Жау оғы төбеден зулап түсіп, байтақ жерімізді жайпап жатқанда, ну орман шашын жұлып зар төкті, қайғыдан теңіздер тебіреніп, таулар күңіренді.

Жер - Ана мұң шеккенде, адам баласы қалай төзеді, шақырумен де, өздері сұранып та апталдай азаматтар мен өрімдей жастар қатерге басын тіге отырып, қайсарлық танытып, қан майданға аттанып жатты.

Туған елін, байтақ даласын сүйген әр қазақ жасының бойын қас дұшпанға деген кек кернеп, айбаттанып, қаһарланып, мұздай қару асынып, бітіспес шайқасқа бел буды.

Халқымыз майдан қамын ойлап, Жеңісті жақындату үшін аянбады. Соғыстың алғашқы күндерінде Қазақстанда әскери бөлімдер жасақталып, бір миллион екі жүз мыңдай адам майданға аттанды. 1941 жылы Алматыда 316 - атқыштар дивизиясы құрылып, Москва қаласын қорғауда өшпес даңққа бөленді. Ал қазақ жазушыларының 60 пайызы өз еріктерімен майданға аттанып, жауға қарсы қаруымен де, қаламмен де күресті.

Қаламгерлердің отты өлең - жырлары, байыпты мақалалары, әңгімелері жауынгерлердің бойына намыс пен жігер, қажыр қайратын, табандылық пен ерлік рухын дарыта алды.

Жамбыл бабамыздың жалынды жырлары, Қасым ақынның өршіл өлеңдері, Б. Бұлқышевтің жігерлі сөздері, «Тізе бүгіп, тірі жүргеннен қайрат көрсетіп өлген артық », - деген сияқты Б. Момышұлының намысқа толы нақылдары халықты батылдыққа бастап, ертең - ақ жетер азат күнге деген сенімін жоғалтпауға көмектесті.

Ел тағдыры сынға түскенде, барлық ұлт өкілдері бір отбасының баласындай бауыр боп, Кеңес елінің әр жерін өз жеріндей құрметтеп қорғай білді.

«Есімде бес әріп сөз - Жеңіс деген,

У бар ма сол сөз үшін мен ішпеген», -

деген өлең жолдары соғыс қасіретінің қаншалықты азапты болғандығын байқатады. Талай абзал жандар оққа ұшты, сан мыңдаған боздақтар мүгедек, жарымжан болып қалды. Қара қағаздар қаншама отбасыларына қайғының қара бұлтын төндіріп жатты. Хабар - ошарсыз кеткен жауынгерлер қаншама?

Сан мыңдаған адамдар лагерьлерде тұтқын боп азап шекті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіс күні
Рухы мықты елдің келешегі кемел
Есімдіктің мағыналық топтары
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
Соғысқа дейінгі өмірі
Отанын барлық жаудан қорғаған даңқты батырлар біздің жүрегімізде
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
Мағжан Жұмабаев - педагог ретінде
Ес және іс-әрекет
Есімдіктің септелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz