Тас материалдарды сұрыптау машиналары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

1-дәріс

Кіріспе

Құрылыста машиналарды дұрыс пайдалану және негізгі құрылыс жұмыстарын механикаландырудың оңтайлы нұсқаларын ғылыми негізде таңдау үшін машиналардың негізгі түрлерінің құрылымдарын білу керек, өйткені олар құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыру мен ырғағын және экономикалық тиімділігін анықтайды.

Күрделі құрылыс көлемінің өсуі құрылыс индустриясының тез дамып техникалық жетілдірілуін, өндіріс көлемінің өсуін, құрылыс материалдарының арзандауын, сапасының көтерілуін, құрылыс жүргізу мезгілін тездетуді, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын төмендетуді талап етеді. Осы жұмыстардың негізгі элементі болып құрылыс-монтаж жұмыстарын кешенді механикаландыру болып есептелді.

Механикаландыру еңбеккөлемді құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізуді жетілдірудің негізгі әдісіне айналды.

Құрылыс машиналары мен жабдықтары құрылыста қол жұмыстарымен салыстырғанда еңбек өнімділігін ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған есе көтеруге мүмкіндік береді, құрылыс жүргізу мерзімін қысқартып оның құнын бірнеше есе төмендетеді.

Механикаландырылған құрылыс жұмыстарының негізгі көрсеткіші болып еңбек өнімділігі (ауысымда бір адамға шаққанда), өнім бірлігінің құны және барлық жұмыс көлеміне және жұмыскерлер санына шаққандағы қолмен атқарылатын жұмыстар үлесі. Бұлардан басқа жанама көрсеткіштер ретінде жұмыскердің механизмдермен жарақталуы және 100 жұмыскерге келетін машина саны, машиналарды пайдалану дәрежесі, құрылыс жұмыстарының жылдық бағдарламасының бірлігіне тиесілі машиналар мен жабдықтардың массасы мен қуаты, энергия шығыны болып саналады.

Құрылыстағы ауыр және еңбеккөлемді жұмыстардың механикаландыру дәрежесін көтеру және жаппай машиналар пайдалану еңбек өнімділігін көтеріп, құрылыс мерзімін қысқартып қана қоймай еңбек үрдісінің мазмұнын және жұмыс күшінің кәсіби құрамын түбегейлі өзгертеді.

Осы көтерілген мәселелерді түбегейлі шешу үшін құрылысты механикаландыру мен машинажасаудың негізгі бағыттарын, машина детальдары мен олардың құрылымын, құрылыста машиналар мен жабдықтарды тиімді пайдалану жолдарын жете білу керек.

Құрылыс машиналары туралы жалпы мәліметтер.

Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының рөлі және олардың дамуы.

Құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары қолмен атқаратын жұмыс үрдістерін қысқарту, пайдаланудағы мехаикаландыру құралдарының өнімділігін арттыру және жаңа машиналарға байланысты оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін деңгейде жұмысты ұйымдастырып, тезнологиялық үрдістерді жетілдіру.

Құрылыстағы негізгі жұмыстар қолмен, механикаландырылған және кешенді механикаландырылған әдіспен, сондай-ақ механикаландырылған үрдісті жартылай автоматты түрде басқару жолымен атқарылады.

Құрылысты механикаландыру дегеніміз еңбек операцияларын қолмен атқару әдісін машиналық әдіспен ауыстыру мақсатында өндірістік үрдіске техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық әсер ету.

Құрылысты кешенді механикаландыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы, ауыр және еңбеккөлемді операциялар мен үрдістер тезниканың алдыңғы қатарлы дамыған деңгейінде, өнімділіктері өзара үйлескен, барлық үрдістің берілген ырғағын (мерзімін) қамтамасыз ететін және берілген жағдайда мүмкін болатын ең жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, яғни жұмыстың ең төмен құнымен еңбектің ең жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін механизмдер, машиналар және жабдықтар негізінде механикаландырылған үрдіс.

Кешенді механикаландырылған жағдайда қол жұмыстары еңбеккөлемділігі төмен жерде ғана, олар үрдістің жалпы ырғағын төмендетпейтін және еңбекті жеңілдету мен экономикалық тұрғыдан қажеті жоқ жерде іске асырылуы мүмкін.

Автоматтандыру кешенді механикаландырылған жерде ғана қолдану керек. Жартылай механикаландырылған жерде автоматтандырудың тиімділігі төмен болып қана қоймай тіпті үрдісті әрі қарай жетілдіруге зиянын тигізуі де мүмкін.

Сонымен, кешенді автоматтандыру дегеніміз барлық негізгі және қосалқы басқару үрдістері, берілген өнімділік пен өнім сапасы, адамның араласуынсыз, автоматты түрде қамтамасыз етілетін жағдай. Бұл жерде адамның жұмысы арнайы құрылғылардың жұмысын бақылаумен ғана шектеледі.

Құрылысты механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі мақсаты - еңбек өнімділігін көтеру және адамды ауыр, еңбеккөлемді, шаршатып-жалықтыратын жұмыстардын босату. Механикаландыру мен автоматтандыру ресурстарды тиімді пайдалануды, өнім мен жұмыстың сапасын көтеруді және құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты жұмыс жағдайы өзгереді, өндірістің мамандық және ұйымдастырушылық деңгейі өседі, қол жұмысы мен ой жұмысының айырмашылығы азаяды, өндірістік үрдіс қызғылықты және қауіпсіз болады. Жалпы алғанда құрылысты механикаландыру және автоматтандыру қоғамдық өндірістің тиімділігін көтерудің материалдық негізі және өндірістік күштердің даму аймағындағы техникалық прогрестің басты бағытының бірі болып есептеледі.

2-дәріс.

Құрылыс машиналары мен жабдықтарын жіктеп-сұрыптау

Құрылыс өндірісіне тән технологиялық үрдістердің әр түрлілігі өзінің жұмыстарға арналуы, құрылымы, қуаты мен размерлері әр түрлі құрылыс машиналарын пайдалануды қажет етеді.

Әр түрлі жұмыстарды орындауға арналуы бойынша барлық құрылыс машиналары келесі топтарға бөлінеді:

  1. Жер қазу жұмыстарына арналған машиналар;
  2. Көтергіш-тасымалдау машиналары;
  3. Бұрғылау машиналары;
  4. Бетон және темірбетон жұмыстарына арналған машиналар;
  5. Қада қағу машиналары;
  6. Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар;
  7. Жол машиналары;
  8. Қол машиналары (механикаландырылған құралдыр) .

Әрі қарай бұл машиналар құрылымы, жұмыс жабдығы түрі, жылжу мүмкіндігі, жетек түрі, бұрылу дәрежесі, тірелу әдісі бойынша жіктеледі.

Бұдан басқа барлық құрылыс машиналары қоршаған орта температурасына байланысты екі топқа бөлінеді:

  • Жалпы жағдайға арналған машиналар, ±400С температура жағдайында жұмыс істеуге арналған.
  • Арнайы, арнайы орындалған машиналар, -600С (хл) дейін және +600С (т) дейінгі жағдайда жұмыс істеуге арналған.

ТМД елдерінде (негізінен Ресейде) шығарылған машиналар шартты әріп-сандармен белгіленген, машина моделімен оның басты параметрін айғақтайтын индекспен белгіленеді. Бірақ көпнәрсе әр сала өзінде қабылданған ережелер бойынша машиналарды маркалай береді.

Басқа мемлекеттерде шығарылған машиналар сол елдің ережелері бойынша маркаланады.

Сонымен ТМД-да шығарылған машиналар келесідей әріптермен маркаланады:

ЭО-жалғызшөмішті эксковаторлар;

ЭТМ - көпшөмішті шынжырлы траншея қазғыш экскаваторлар;

ЭТУ - әмбебап траншея қазғыш экскаваторлар;

ЭТР - көпшөмішті роторлы траншея қазғыш экскаваторлар;

ЭМ - көпшөмішті көлденең қазғыш экскаваторлар;

ДЗ - жер қазып, топырақ тасымалдауға арналған машиналар (бульдозер, скрепер, автогрейдер, грейдер-элваторлар) .

ДП - тамыр жұлғыштар, бұта қырққыштар, қопсытқыштар, тоқ оятын тіркемелі және аспалы машиналар;

ДУ - топырақты тығыздауға арналған машиналар;

СП - қада қағу жұмыстарына арналған машиналар;

БМ - бұрғылау және бұрғылау-кран машиналар;

КС - оқтаулы крандар;

КБ - бұнаралы крандар;

СБ - бетон жұмыстарына арналған жабдықтар;

СО - әрлеу, еден және төбе жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар;

ТО - жалғызшөмішті тиеуіштер;

ТМ - көпшөмішті тиеуіштер;

ТА- цемент түсіргіш маиналар;

ТК - конвейерлер мен қоректенгіштер;

ТР - кен емес (тас) материалдарды түсіргіш;

ТЦ - автоцементтасығыш;

ТЛ - машиналар лебедкалар;

ТП - мачталы құрылыс көтергіштері;

ПГП - жүк және адамдарды көтергіштер;

ПГ - жүк лифтлері;

ТА - автоцементтасығыштар;

ИГ - гидро және пневмогидравликалық аспап;

ИЭ - электр қол құралдары;

ИМ - іштен жанатын қозғалтқышты аспап;

ИП - пневаматикалық қол құралдары;

ИР - қол аспаптары;

ИВ - дірілдегіштер (вибратор) .

Осы әріптерден кейін цифрлар (сандар) келтіріледі. Жалғызшөмішті экскаваторлар, оқтаулы және мұнаралы крандар үшін төрт цифр-белгі қойылады. Бұл цифрлар келесі көрсеткіштерді сипаттайды:

1-цифр - размерлік топ;

2-цифр - жүру құрылғысының түрі;

3-цифр - жұмыс жабдығының орындалуы;

4-цифр - модельдің реттік номері.

Осы цифрлардан кейін тағыда әріптер болуы мүмкін. Олар: А, Б, В, Г . . . кезекті жетілдіру (модернизация) ; климатқа бейімделуі (хл-суық, т-тропикалық, тв-тропикалық ыстық климатқа) .

Құрылыс министрліктері мен ведомстволары крандарға өзінің индексін беруі мүмкін. Мысалы: СКГ-401 - арнайы жыланбауыр кран, 40т жүк көтереді, 1-і модель; МКГ-25БР - монтаждаушы жыланбауыр кран, 25т жүк көтереді, мұнаралы жабдықты, арба арасы жылжымалы; ДЭК-252 - дизель-электрлі кран, 25т жүк көтереді, 2-і модель; МСК-10-20 - монтаждаушы арнайы мұнаралы кран, 10т жүк көтереді, жүк беру қашықтығы 20м; МПК-25 - монтажды пневмодөңгелекті кран, 25т жүк көтереді; МКТТ-100 - тартқыш негізіндегі телескопты оқтаулы монтаждауыш кран, 100т жүк көтереді; МКАТ-40 - монтаждауыш автомобиль кран, оқтауы телескопты, 40т жүк көтереді; СМК-12 - арнайы монтаждауыш кран, 12т жүк көтереді; АБКС-6 - ауылшаруашылық құрылысқа арналған автомобильді мұнаралы кран, 6, 3т жүк көтереді.

П2С-800 - 800кг көтеретін көтергіш; МГПС-1000 - 1000кг көтеретін жылжымалы жүк-адам тасымалдауға арналған көтергіш.

АГП-28 - автомобильді гидравликалық көтергіш, көтеру биіктігі 28м; ВС-18 - құрылыс мұнарасы, көтеру биіктігі 18м.

Басқа машиналардың индексіндегі әріптерден кейін тұрған цифрлар тіркеу реестріндегі кезекті номерін ғана көрсетеді. Мысалы: ДЗ-124ХЛ - бульдозер, тіркеу номері 124, суық климатқа арналған; ДЗ-13 - скрепер, 13-і номермен тіркелген.

Құрылыс машиналарының жалпы құрылымы

Әр машина детальдардан (элементтерден) және жұмыс істеген кезде белгілі бір функция атқаратын жинақтаушы бірліктерден (түйіндерден) тұрады. Функционалды белгілері бойынша әр машинада келесі элементтер тобы болады:

  • Күш қондырғылары (қозғалтқыштар) - энергия көзі және оны механикалық жұмысқа айналдырушы;
  • Жұмыс жабдығы - технологиялық операцияны тікелей іске асырушы және өңделетін материалға тікелей әсер етуші;
  • Жүру жабдығы - машинаның жылжуына арналған және машина мен жұмыс жүктемелерінің салмағын қабылдайды;
  • Беріліс механизмдері - күш жабдығымен жұмыс жабдығы арасындағы, сондай-ақ жүру жабдығымен әр түрлі жылдамдықтар, моменттер және күштер жағдайында байланыс орнатады;
  • Басқару жүйесі - күш жабдығын іске қосып және тоқтату үшін, сондай-ақ күш жабдығымен жұмыс (жүру) жабдығы арасындағы байланысты қосып, ажырату үшін, сондай-ақ керекті жағдайда қозғалысты тез тоқтатып, тежеу үшін;
  • Салмақ қабылдаушы құрылғы (рама) - машинаның барлық элементтерін орналастырып, бекітуге және олардың өзара ара қатынасын сақтауға арналған.

Құрылыс машинасының құрылымы әр түрлі жұмыс жағдайында қажетті өнімділікті қамтамасыз етуі керек және бұл жағдай әр түрлі атмосфералық жағдайда, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, жол жолсыз жерде, сондай-ақ құрылыс алаңының кез келген тар, ыңғайсыз жерлерінде қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан машиналарға пайдалану, жағдайына қарай біраз талаптар қойылады.

Әрбір құрылыс машинасы пайдаланған кезде сенімді және ұзақ уақыт жұмыс қабілетті болуы керек; жұмыс жағдайының өзгеруіне бейімді болуы керек; күтіп-баптауы, жөндеу мен құрастыруы, бөлшектеп-тасымалдауы қарапайым, пайдалануы үнемді, яғни өндірілген өнімнің бірлік құнына шаққанда электр энергиясы немесе жағар, жанар май шығыны неғұрлым төмен болуы керек.

Машина еңбек қауіпсіздігін, жұмыс ыңғайлылығын және жалықпай, шаршамай жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

Барлық құрылыс машиналарының салмағы неғұрлым төмен, бөлшектеп-жинақтауға және тасымалдауға ыңғайлы болуы керек.

Машиналар маневрлі-тар жерде жерде бұрылып, жүріп тұруға ыңғайлы, өткіш-жолсыз, қиын жерлермен жүре алатын, тұрақты-аунап, құлап кетпейтін болуы керек.

3-дәріс

Көтергіш-тасымалдау және тиеп-түсіргіш машиналар

Құрылыс жүктерін тасуға арналған машиналар (көліктер )

Көлік құралдары дегеніміз құрылыста әр түрлі ұсақ, сусымалы, кесекті және сұйық материалдарды тасымалдауға арналған машиналар мен жабдықтар. Құрылыста көлік құралы ретінде теміржол және су көлігі, автомобильдер, автомобиль тартқыштары мен әр түрлі поездар, трактор мен тартқыштар, арнайы көлік машиналары, тіркемелер, жартылай тіркемелер және ұзарғыш тіркемелер.

Автомобильдер келесі топтарға бөлінеді:

  • Жалпы мақсаттағы бортты автомобильдер - ашық қорабы бар, қатты және жетілдірілген жолдармен әртүрлі жүктерді тасуға арналған.
  • Автомобиль-өзі түсіргіштер, түсірген кезде бүлінбейтін құрылыс материалдарын (тас, қиыршық тас, құм, топырақ, бетон, т. б. ) тасымалдауға арналған. Бұл автомобильдер аударылатын, пішіні әртүрлі қораптармен жабдықталады.
  • Арнайы автомобильдер - сұйық ыстық және суық материалдарды (бетон, лай, известь, жанармай, битум, эмульсиялар), құрғақ ұнтақ материалдарды (цемент, алебастр, гипс), кесекті және құмдақ сусымалы құрылыс материалдарын (топырақ, қиыршық тас, керамзит), әр түрлі құрылымдарды (панель, блок, ферма) тасымалдап, керекті жағдайда оларды араластырып, түсіріп, жайып және біршама жерге жеткізіп беру жұмысын қоса атқарады. Бұлардың қатарына автобетонтасығыштар, , автолайтасығыштар, автоизвестьтасығыштар, автоцементтасығыштар жатады.

Тракторлар жыланбауыр және пневмодөңгелекті болып екі топқа бөлінеді. Бұл машиналар тіркемелер арқылы әр түрлі жүктерді тасымалдауға арналған.

Пневмодөңгелекті тартқыштар бірості немесе екіосьті болып бөлінеді.

Арнайы көлік құралдары белгілі бір құрылыс жүктерін (электр желілері тіреулерін, панельдер, қабырғалар, блоктар, санкабиналар, фермалар, бөренелер, құбырлар, технологиялық жабдықтар) тарасыз немесе тарамен жеңіл немесе ұсақ заттарды контейнерде (үлкен размерлі ыдыстарды, темірбетон сақиналар мен құбырларды, минералды мақталарды, керамзит, кірпіштерді) тасуға арналған базалық машиналар ретінде ершікті автомобиль тартқыштар, сирек, тракторлар қолданылады.

Арнайы көлік құралдары қатарына жартылай тіркеме-тіреутасығаштар, панельтасығыштар, қабырға тасығыштар, тара және контейнертасығыштар, блоктасығыштар, санкабинатасығыштар, ферматасығыштар, керамзит- және кірпіштасығыштар, т. б. осыларға ұқсаған көптеген заттарды тасымалдауға арналған құралдар жатады.

Тіркемелер және жартылай тіркеме құралдары автомобиль, трактор және әр түрлі тартқыштар көмегімен жұмыс істеуге арналған және бір-, екі-, үшості түрінде базалық машиналардың өнімділігін едәуір көтеріп, олардың пайдалану ауқымын кеңейтеді. Бұл құралдар тарамен немесе тарасыз сусымалы, кесекті және жеке заттарды тасымалдауға арналған. Жалпы көліктік тіркемелерге бір-, екі- және үшості тіркеме-шасси, тіркеме-ұзарғыш, екіості тіркеме, өзі аударғыш тіркеме, тіркеме-цистерналар және ауыр жүк таситын тіркемелер (трайлерлер) жатады.

Жалпы көліктік жартылайтіркемелерге қорабты платформалы, өзітүсіргіш, цистерна, платформа (трайлер) және ұзарғыш жартылай тіркемелер жатады.

Автомобильдердің жүк көтеру мүмкіндігі 1, 5т-дан 12т-ға дейін, жүру жылдамдығы 45-90км/сағатқа дейін. Жыланбауыр тракторлардың тарту күші 3 тоннадан 35 тоннаға дейін, жүру жылдамдығы 0-2 км/сағаттан 9-17 км/сағ дейін. Пневмодөңгелекті тракторлардың тарту күші 0, 9-5т, жүру жылдамдығы 0-1, 3 км/сағаттан 25-40 км/сағатқа дейін. Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің жүк көтеру мүмкіндігі 1 тоннадан 120 тоннаға (трайлер) дейін болады.

Автотрактор көліктерінің негізгі есептелетін параметрі дөңгелектегі шеңбер бойындағы күш Р g және тіркеу ілгегіндегі тарту күші F іл .

Бұл жерде - дөңгелектің айналуына қарсы күш. - автомобиль салмағы,

- дөңгелек коэффициенті (0, 015-0, 18) ;

- өрге қарсы жүргендегі қарсы күш.

, - көлбеу бұрышы,

- ауаның қарсы күші, с - пропорционал коэффициенті, - ауа тығыздығы,

-автомобиль маңдай алды ауданы, - жылжу жылдамдығы;

- үдеу қарсылығы, - автомобиль үдеуі, -еркін құлау үдеуі, - айналып тұрған бөлшектер массасын ескеретін коэффициент

бұл жерде - жүк салмағы, - тіркеме салмағы, - трактор салмағы, - тіркеме саны, - өр (+), құлдырау (-) коэффициенті

Тасымалдау машиналары

Материалдарды біркелкі қажетті уақыт бойы үзіліссіз тасымалдайтын машиналарды үзіліссіз тасымалдау машиналары дейді.

Бұндай машиналарды құрылыста және құрылыс индустриясында сусымалы материалдарды (құм, цемент, известь), ұсақ (қиыршық тас), жекелеген (кірпіш) материалдар мен топырақты тасымалдауға пайдаланылады.

Жұмыс істеу қағидасы бойынша үзіліссіз тасымалдау машиналары екі топқа бөлінеді, материалға жұмыс органы механикалық әсер етумен немесе машиналық жұмыс органында материал жылжитын конвейерлер; құбырларда ауа ағынымен материалдарды жылжытатын пневмо тасымалдау құрылғылары.

Контейнерлер кұрылымы және жұмыс органының жұмыс істеу кағидасы бойынша таспалы, шынжырлы(қалақшалы және қырғышты), бұрандалы(шнекті), вибрациялық және шөлешті(элеваторлар) болып бөлінеді.

Таспалы конвейер екі барабан арасында тартыоған үзілісіз таспадан тұрады. Бұл конвейерлер құрылыс жұмыстары мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарыда сусымалы, ұсақ және жекеленген заттары(цемент, известь, құм, қиаршық тас, кірпіш) тасымалдауға пайдаланылады.

Таспалы конвейерлар жоғары өнімді машиналар болып есептеледі. Олардың өнімділігі таспа ені мен оның жылжу жылдамдығына байланысты және мына формуламен анықталады, т/сағат

Бұл жерде -таспа жылжу жылдамдығы, м/с; -таспаға материалдық көлденең қиындысы ауданы, м 2 ; - материалдың көлемдік массасы.

Құрылыста жиі қолданылатын конвейерлардың таспасының ені 400-2000 мм, жылжу жылдамдығы 0, 8-5 м/с, орташа өнімділігі 25-200 м 3 /сағат.

Шынжырлы конвейерлердің жұмыс органы қалақшалар немесе өырғыштар бекітілген үзіліссіз шынжыр болады, сондықтан олар қалақшалы және қырғышты болып екі топқа бөлінеді.

Қалақшалы конвейерлері негізгі тасымалдаушы құрал немесе таспалы конвейерге материал беріп тұрушы құрал ретінде ауыр ірі кесекті және жекелеген ұсақ заттарды тасымалдауға арналған. Тасымалдайтын материалдар көлемін көбейту үшін қалақшалардың жанына немесе конвейер рамасына бүйір-ернеу орнатады. Бұндай конвейерлер өрге қарай 30 0 көлбеумен материалды бере алады.

Қырғышты конвейерлер кесекті және сусымалы материалдар қысқа қашықтыққа үлкен көлбеу бұрышпен бере алады. Конвейер жылжымайтын астау ішінде шынжырға бекітілген сырғып тұрған қырғыштардан тұрады.

Бұрандалы конвейерлер немесе шнектер құбырдың немесе астаудың ішінде орналасқан жалы биік үлкен диаметрлі винт тәрізді жұмыс органы бар машина. Винт айналғанда оның арасындағы материал астау бойымен жылжиды.

Бұрандалы конвейерлер материалды қысқа қашықтыққа горизонтальды, көлбеу, кейде тіпті вертикалды жазықтықта тасымалдауға арналған шнектардың бір жақсы жері олармен ұнтақ, тозаңды материалдарды шаңдатпай жабық құбырларда тасымалдап, керек болған жағдайда керек болған жағдайда оларды араластыруға да мүмкіндік береді. Шнектармен қою және қоймалжың материалдарды (лай, цемент, известь ерітіндісі, бетон қоспасы т. с. с. ) тасымалдауға болады.

Бұрандалы конвейердің өнімділігі келесі формуламен анықталады:

П=60(ɳD 2 ) /4000 Sn

Бұл жерде - винт диаметрі (150, 200, 250, 300, 400, 500 және 600мм), м; - бұранда адымы, м; - бұранда айналу жиілігі, мин -1 ; - материалдың көлемдік массасы; - астаудың толықтық коэффициенті (0, 125; 0, 25; 0, 4) .

Вибрациялы конвейерлер қысқа қашықтыққа түйіршікті және ұнтақ материалдарды тасымалдауға арналған. Конвейер былқылдақ ілме үстіне орнатылған астаудан және вибратордан тұрады.

Шөмішті элеваторлар материалдарды вертикалды немесе оған жақын бағытта беруге арналған. Элеваторлар материалдарды (құм, қыйыршық тас, цемент) жоғарыда орналасқан бункерлерге немесе қоймаларға жіберуге арналған.

Шөмішті элеватор қаптама ішінде орналасқан, екі барабан арасында тартылған, шөміштер бекітілген тұйық таспадан тұрады, төменгі жағында тиейтін есігі, жоғары жағында түсіретін есігі бар.

Элеватордың өнімділігі келесі формуламен анықталады:

∏=3. 6 /

Бұл жерде - жұмыс органының жылжу жылдамдығы; - шөміштің сыйымдылығы; - шөміштің толу коэффициенті; - материалдың көлемдік массасы; - шөміштер адымы.

Пневматикалық тасымалдауышта материалдар (цемент, құрғақ құм, неше түрлі ұнтақтар) құбыр бойымен ауа ағымы күшімен тасымалданады. Негізгі жабдықтар: құбыр, вакуум-сорап, тұндырғыш және сүзгі . бұл тасымалдауыш материалдарды кез келген бағытта бір мезгілде бірнеше жерге жеткізуге мүмкіндік береді. Саңылаусыз құбыр жолда материалдарды шашпай, жоғары өнімділікпен әжептәуір қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

4-дәріс

Жүк көтергіш машиналар

Құрылыс өндірісінде жүк көтергіш машиналар кеңінен қолданылады. Әртүрлі үймереттер мен ғимараттарды тұрғызған кезде олардың көмегімен құрылыс материалдар мен жекелеген бөлшектерді, қабырғалық қоршаулар мен төбе жабындарын беріп, іріблокты және іріпанельді тұрғын үйлерді, өндірістік ғимараттарды темірбетон және металл құрылымдарын құрастырады, өндірістік кәсіпорындардың жабдықтарын тасымалдап құрастырады, материалдар мен құрылымдар қоймасында тиеп-түсіру жұмыстарын атқарады, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының алаңдарында өндірістік үрдісті қамтамасыз етеді және т. с. с.

Атқаратын жұмысы, құрылымы және міндеті мен мақсатына қарай жүк көтергіш машиналар үш негізгі топтарға бөлінеді:

  • Бірінші топ - қарапайым машиналар: домкраттар, тальдар мен лебедкалар, бұл жабдықтар негізінен жинақтау жұмыстарында қосалқы көмекші жабдықтар ретінде қолданылады;
  • Екінші топ - көтергіштер, бұлардың көмегімен вертикальды бағытта тасымалдау ғана жүзеге асады;
  • Үшінші топ - крандар, өздерінің параметрлеріне сәйкес кез келген бағытта жүкті вертикалды және горизонтальды жазықтықта тасымалдай береді.

Домкраттар, тальдар, лебедкалар

Домкраттар жүкті астынан үстіне қарай аз биіктікке (әдетте 1 метрге дейін) көтеруге арналған. Домкраттар 1 тоннадан 750 тоннаға дейін жүк көтере алады. Домкраттардың үш түрі болады: рейкалы, бұрандалы және гидравликалық.

Рейкалы домкратта көтеретін жүк салмағы Q мен домкратты бұрап көтеретін қол тұтқасындағы күш Р арасындағы байланыс келесі формулалармен анықталады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машиналардың ұсақтау типтері және ұсақталатын материал беріктігімен ұсақтау
Құрылысты механикаландыру және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының рөлі және олардың дамуы
Астықты ұнтақтауға дайындаудың технологиялық схемасын жобалау және сипаттау
Бульдозер жұмыстарының қажеттілігін тексеру
Орманды отырғызу
Жол жөндеу жұмыстарына арналған машиналар
Диірменде ұнтақтаудың теоретикалық негіздері
Тас блоктарын өндіру технологиясы
Жиһаз өнеркәсібі
Құрама жем өнеркәсібі - жануарларға арналған құрама жем өндірумен байланысты ауыл шаруашылығы саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz