Күріш ауыспалы егіс жүйесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар мен қыстартулар

Кіріспе. .

I. Әдебиетке шолу

1. 1Қызылорда облысының табиғи климат жағдайы, өсімдігі ментопырағы . . .

II . Күріш дақылының халық шаруашылығындағы маңызы.

2. 1 Күріштің биологиялық ерекшеліктері.

2. 2 Күріш дақылының аудандастырылған және келешегі бар сорттары. .

ІІІ. Негізгі бөлім. . ……….

3. 1 Ауыспалы егіс типтері мен түрлері ……. . ……….

3. 2 Ауыспалы егіс классификатсиясы. .

3. 3 Күріш ауыспалы егіс жүйесі

3. 4 Топырақты өңдеу жүйесі.

3. 5 Тыңайтқыш беру жүйесі

3. 6 Тұқым себу мөлшері, мерзімі және әдістері. .

3. 7 Егістікті күтіп-баптау және суару жүйесі.

3. 8 Күріш дақылының арамшөптер, зиянкестері мен аурулардан

қорғау шаралары… . . .

3. 9 Күріш, арнайы күріш ауыспалы егіс жүйелері . . .

IV. Еңбек қорғау . . .

V. Қоршаған ортаны қорғау . . . ………

VI. Экологиялық тиімділігі . . .

Қорытындылар мен ұсыныстар . . .

Пайдаланылған әдебиеттер мен мәліметтер . . .

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Перспективті сорт - келешегі бар сорттар

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ГТК - гидротермиялык коэффициентке

ЖІӨ- жалпы ішік өнім

л/т - тонна литр

ш. м. - шаршы метр

ц/га- гектар центнер

га- гектар

кг/га - килограмм гектар

1 га- 1 гектарға

Ц- центнер

г/л- грамм литр

мың/га- мың гектар

с. э- сулы эмульсия

с. с. к- сулы суспензиялы концентрат

э. к- эмульсиялы концентрат

ы. ұ- ылғалды ұнтақ

КІРІСПЕ

Елімізде бүгінгі өзекті мәселелердің бірі, халықты экологиялық таза азық-түлікпен толық қамтамасыз ету, бәсекелестік қабілеті мен сапа, баға рыногтың қатал сынынан мүдірмей ауылшаруашылық саласын өркендету шаралары тұр. Диқаншы қауым алдында жекелеген бөлшек бөлімдерді, біріктіріп ғылыми негізделген жүйелі егіншілік саласын қалпына саналы түрде біріктіру арқылы ауыспалы егіс жүйесін суландыру жүйелерін, егіншілік мәдениетін көтеру проблемалары тұр.

Мұндай шараларға бұрынғы шаруашылық ізіндегі ауыспалы егістерді игеруінсіз жету мүмкін емес. Соның ішінде күріш ауыспалы егістерінің маңызды мақсаты жердегі органикалық заттардың дефецитсіз балансын, қоректендірудің тиімді шарттарын және арам шөптермен күресті, қоршаған ортаны қамтамасыз етуді, дақылдардың дұрыс таңдалуы мен ауыспалы есебінен аудан бірлігінен барынша мол сапалы өнім алу, өзіндік құнын төмендету болып табылады.

Ауыл шаруашылық дақылдары, оның ішінде күріш Қызылорда өңірінде негізгі дақыл болып, ауыл шаруашылылық саласының негізгі экономикасын құрап отыр. Күріш өсіру технологиясын үнемі зерттеп, әлемдік деңгейдегі жоғарғы интенсивті технологияларды қолдана отырып, өнімділігі мен сапасын ауыспалы егіс жүйесінің айналымын қалпына келтіру облыс диқаншыларының алдындағы өзекті мәселе деп есептеуге болады.

Ауыл шаруашылық саласының ғалымдарының атқарып жатқан жұмыстары және шаруашылықтың озық тәжірибелерін өндіріске енгізу мәселелері тұр.

Қазіргі кезде күріш егісінің көлемі экологиялық қолайлы және экономикалық тиімді деңгейде - 70, 0 мың га болып тұрақталды. Осы көлемдегі күріш егісі бір жағынан Қазақстанның күрішке сұранысын қамтмасыз етсе (күріш шаруашылығы Қазақстанның ауылшаруашылық салаларының ішінде азық-түлік қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген салалардың бірі), екінші жағынан - оны жерді жақсартушы дақыл ретінде пайдалануға болады, өйткені күріш егісі көлемін одан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің апаттық жағдайға дейін тұздануына әкеліп соғуы мүмкін.

Аймақта қолданылып жүрген күріш шаруашылығы технологиялары техникалық жағынан да, қаржылық жағынан да тиімсіз. Мысалы, қолданыстағы күріш өсіру технологиясы бойынша себуге дейін 13 технологиялық операция, ал кем дегенде 7 операция қолдану ұсынылады. Соған қарамастан арам шөптермен күресу деңгейі өте төмен, топырақ ылғалдылығының шығыны жоғары, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері мен жұмсалатын жанар-жағар май өте қымбат.

Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын сараптау, оның болашақта су ресурстарының шектеулілігі жөнінен қазіргіден де қиын жағдайда дамитынын, ал ауыл шаруашылық өндірісіне және ауылдағы тауар өндірушілерге бөлінетін инвестиция, салыстырмалы түрде, төмен деңгейде жүретінін, және ол негізінен аз шығын жұмсалатын технологиялар мен жаңалықтарға бөлінетінін көрсетті.

Менің дипломдық жұмысымының тақырыбы: Қызылорда облысының о

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қызылорда облысы, күрішінің үлес салмағын анықтау, суды аз пайдаланатын дақылдарды өсіріп, экономикалық тиімділікті арттыру көзделіп отыр.

Дипломдық жұмыстың міндеті: Күріш дақылын егудің жаңа ауыспалы егістің үрдістерін оқып үйрену.

I. Қызылорда облысының топырақ-климат жағдайы, өсімдік қабаты

Қызылорда облысы 218, 4 мың шаршы км жерді алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Қазақстанның Шымкент облысы-мен, солтүстігінде Жезқазған, солтүстік-батысында-Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде-Өзбекстанмен шектеледі. Облыс орталығы-Қызылорда қаласы.

Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан. Батысында-Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі Жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Оңтүстігінде-Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде-Арал жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймағының шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым бөлігі Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің ертедегі Атырау жазығы болып табылады. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 метрден батыста, Арал теңізінің жағасында, 53 метрге дейін ауытқып тұрады. Шығыс бөлігінде облыс шегіне Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қаратау тауының батыс шетінің оңтүстік-батыс баурайы енеді. Таудың абсолюттік деңгейі 400-600 метр шамасында ауытқып тұрады, ең биік шыңы-1418 м. Таудың көпшілік сілемінің салыстырмалы биіктігі 300-400 метрден аспайды. Оларды тау етегіне барғанда сиыр құйымшақтанып барып жоғалып кететін майда өзендердің толып жатқан тар аңғарлары шиырлап жатыр.

Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым, төбе-төбе құмдардың мол алқабы орналасқан.

Облыс территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан, олар Сырдария өзенінің атырау-тосабының шөкпелері болып табылады. Тосаптың қос мүшелі құрылымы бар: қалың қыртысының жоғарғы беті тозаңды саз, саздақ, майда қиыршықты тозаңдылау құмның лиза тәріздес аралас қабаттарынан тұрады, ал төменгі жағы-неғұрлым ірі қиыршықты, құмды келеді. Неғұрлым майда қиыршықты линзалар сиректеу, мұның өзі суармалы жерлерде дренаж қолдануға қолайлы мүмкіндік туғызады. Жалпы заңдылық ретінде, арнаға жақын учаскелердегі тосап шөкпелердің механи-калық құрамы жеңіл келеді де, одан алыстаған сайын, арна аралығындағы ойпаттарда неғұрлым ауыр болады.

Суарылатын аудандардағы тосап шөкпелердің ыза суы ала-құла минерал-данған, кермектігі мен тұздылығы басымдау; су 2-7м тереңдікте жатады. Шөлді аудандарда ыза суы 10-12м тереңдікте жатады, топырақ барлық жерде күшті минералданған. 40-200м тереңдіктегі қайраң шөкпелерде артезиан суы болады, мұндай сулар орталық, оңтүстік және батыс аудандардың бәрінде дерлік кездеседі. Олардың минералдануы бір метрінде 1, 5 гр 2, 5 грамға дейін және олар қой, жылқы, түйе суаруға әбден жарамды. Артезиан бассейніне жеткен бұрғылау скважиналары секундына 15-20 литрге дейін өздігінен ағып шығатын су береді.

Құмды алқаптарда тұщы ыза сулары кең тараған, олар су буларының құмға сіңіп суға айналуы және жауын суының Қызылқұмда 10-25м тереңдікте пайда болады. Олардың мөлшері өте аз, сәл көбірек пайдалана бастаса, сортаңданып кетеді. Мұндай суларды жайылымда мал суару үшін тек Арал жағалауындағы Қарақұмда ғана пайдалануға болады, өйткені ол жерлерде сәл көбірек.

Облыс территориясының үстімен оңтүстік-шығысын солтүстік-батысқа қарай Сырдария өзені өтеді, бұл - үлкендігі жағынан Орта Азиядағы екінші өзен. Ол өзінің бүкіл ағысы бойына бірде-бір саладан қосымша су алмайды, бірақ өзі бірнеше ірі-ірі салалар бөліп шығарады, бұлар жазық жермен ондаған километр ағып барып, негізгі арнаға қайтадан қосылады. Қазалыда Сырдариядан, оның сол жағынан, Ақсай саласы бөлініп, өз бетімен Арал теңізіне барып құяды.

Жаңақорған және Шиелі аудандарына Қаратаудан бірсыпыра ұсақ өзендер - Бесарық, Шалғай, Жиделі өзендері ағып келеді. Бұлардың бірін-шісінің жоғарғы сағасы үнемі ағып жатады да, соңғы екеуі тек көктемде ғана ағады. Бұл өзендердің суы таудан шыға тарамданып, ақыры сиыр құйым-шақтанып барып жоғалып кетеді. Алайда малтатасты аңғарлардың астымен жыл тәулігіне тұщы су ағып жатады, соларды іркіп, тау етегіндегі бозғылт сұр топырақты жерлерді суаруға болады.

Ақыр соңында, солтүстік шекараға таяу жерде Жезқазған және Шымкент облыстарынан Қызылорда облысына Сарысу, Шу өзендерінің аяғы өтеді, олардың сағаларында бірсыпеыра сортаң және тұзды көлдер пайда болған.

Негізгі климаттық және агроклиматтық ерекшеліктері. Облыстың климаты шұғыл континетті: жазы ыстық, құрғақ, қысы суық, қар тым алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11градус. Ауа температурасының жылдық ауытқуы +34градустан - 41градусқа дейін.

Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін, екінші аймақта 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін, бірінші аймақта 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай-қаңтар, ең жылы ай- маусым. Қыс ең қатты болған жылдары жекелеген күндерде ауаның ең төмен температурасы 34-39 градусқа дейін жетуі мүмкін. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда ауаның орташа температурасы 26-28 градус төңірегінде болады.

Облыстың ауа райы өте қуаңшылықты болып келеді. Бірінші аймақта жылына 152-159мм, екінші аймақта-95-110мм дейін жауын жауды, қалған территорияға жауын-шашынның мөлшері 104-118 мм аспайды. Бірінші аймақтағы аудандарда жауынның көпшілік бөлегі суық кезеңге, қалған аймақтарда жылы кезеңге тұстас келеді. Жылма-жылғы жауынның мөлшері жиі өзгеріп тұрады. Мәселен, жекелеген құрғақшылық жылдарда не бары 30-60мм, ал ылғал неғұрлым мол жылдары 200-213мм жауын жаууы мүмкін.

Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 3-4 метрден аспайды. Желдің ең жоғары жылдамдығы көктем қыс айларына сай келеді.

Егіннің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бірінші аймақта 225-226 күн, екінші аймақта 208-217 күн, үшінші аймақта 198-208 күн. Көктемде ауаның орташа тәуліктік температурасының жылылыққа қарай тұрақты ауысуы бірінші аймақта 19-20 наурызда, екінші аймақта 26-30 наурызда, үшінші аймақта 7 сәуірде болады, ал күзде суыққа қарай ауысуы тиісінше 23-28 қазан, 25-31 қазан, 1 қараша айлары аралықтарында.

Облыс территориясында болмайтын мезгіл орта есеппен 167-178 күнге созылады. Көктемгі үсік сәуірдің екінші онкүндігінде тоқталады, бірақ жекелеген жылдарда мамырдың бірінші онкүндігінде және екінші онкүндігінің бас кезінде, ал Арал теңізі маңында мамырдың аяғында да байқалуы мүмкін. Алғашқы күзгі үсік қазанның бірінші онкүндігі мен екінші онкүндігінің бас кезінде түседі, бірақ қыркүйектің үшінші онкүндігінің бас кезінде, кейде тіпті екінші онкүндігінде де түсуі ықтимал.

Облыстың негізгі ауыл шаруашылығы дақылы - күріш, оны сәуірдің аяғында, мамырдың басында, топырақтың беткі қабатының температурасы 10-13 градусқа жеткен кезде егеді. Облыстың жылу ресурсы күріштің ерте пісетін сортын да, орташа пісетін сортын да өсіруге мүмкіндік береді.

Облыс территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді дақылдар, овощ, бақша, жеміс дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді.

Топырағы және өсімдігі . Облыс территориясының басым бөлігінің топы-рағы солтүстік шөл аймаққа жатады. Топырақ қыртысы алуан түрлі, деген-мен екі үлкен ауданға айқын бөлінеді: егіншілік аймақтық ылғалды топырағы және оқта-текте ертедегі суарманың ізі байқалатын шөл бөлігінің кеуіп кеткен топырағы.

Ылғалдануы мен рельеф жағдайының алуан түрлілігі, шөкпелердің бір текті еместігі, жекелеген табиғи аудандарды шаруашылық тұрғысынан пайдалану бағыттары мейлінше топырақтың алуан түрінің қалыптасуына әкеп соқ-тырды, ол көбінесе өте күрделі құрамдар мен комплекстер түрінде ұшырай-ды. Алайда осынша алуан түрлілікке қарамастан, шөлдік климат режимінің ерекшеліктері әсерінен, жазықтағы топырақтың бәріне агрономиялық маңыз-ға ие болатын мынадай ортақ белгілері бар:

  1. Жоғары карбонаттылық. Сортаң топырақты шайған кезде карбонат-тылық оңды фактор ретінде әсер етеді, топырақтың сортаңдық белгісін жояды. Сонымен бірге карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайт-қыштарға неғұрлым баяу қозғалатын, бірақ өсімдік сіңіретін формаға көшу процесін тездетеді.
  2. Тосаптық жаратылысының сипатына байланысты топырақ пропилінің қабаттанып жатуы. Мұндай жағдайдағы топырақтың ерекшелігі- тозаң-ды бөлшектердің басым болып, көлемі 1-0, 25мм фракциялардың өте аз болуы, ал диаметрі 1мм бөлшектердің мүлде болмауы.
  3. Макроқұрылымының жоқтығы және суға төзімді микроқұрылымының болуы.
  4. Өзен өңіріндегі топырақтың беткі қабаты мен шөл топырағы профилінің орта шенінде жоғарғы сортаңдылығы. Сорлану хлоридті - сульфатты натрийдің, магнийдің, кальцийдің күкіртқышқылды тұздары басым. Топырақтардың дені шаюды қажет етеді. Бұдан басқа, суармалы оазистердің топырақтың сортаңдану дәрежесі жағынан бір-бірінен кейбір айырмашылығы бар. Оңтүстіктегі - Шиелі оазисінің топырағы мен ыза сулары азырақ сортаңданған, ортадағы, Қызылорда оазисінің топырағы неғұрлым сортаңдау келеді., ал солтүстіктегі-Қазалы оазисінің топырағы оданда күштірек сортаңданған.
  5. Микробиологиялық процестердің тым күштілігі, органикалық заттардың тез шіруіне әкеп соғады. Облыстың барлық топырағы калийге бай келе-ді, ал фосфордың мөлшері орташа, азотқа кедей. Мұнда органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе азот тыңайтқышын енгізу қажет. Гумустың мөлшері 0, 5 пайыздан 3-4 пайызға дейін ауытқиды, оның 6 пайызға жетуі өте сирек кездеседі. Топырақты азотпен байыту үшін бұршақ тұқымдас дақылдар, атап айтқанда, жоңышқа мен түйежоңышқа егу керек.

Төменде жазықтағы ең негізгі топырақтардың егіншілік үшін көбірек маңызы бар қасиеттері келтірілген.

Тақыр тәріздес сортаңданбаған топырақтар Жаңадария алқабының басқы бөлігінде Басарық өңірінде және Шиелі ауданының сол жағалауын-дағы бөлігінің оңтүстігінде кездеседі. Өзен тосабынын қалыптасқан, мұнда саз, саздақ, құмдақ, құм қабаттар кездесіп тұрады. Ыза суы 10метрден төмен тереңдікте жатады, минералдануы жағынан сортаң және тұзды, тығыз қалдықтың мөлшері литріне 5 грамнан 10 грамға дейін. Топырақта тұз аз, беткі қабыршағының сілтілігі жоғары екені байқалады., гумустың мөлшері - 1, 5 пайызға дейін. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге жарамды. Өсімдіктері - қара сексеуіл, күйреуік, жантақ.

Тақыр тәріздес сортаң топырақ негізінен Жаңадарияның арнаға таяу жерлерін қамтиды. Қалың қара сексеуіл басқан. Топырағы қатпарлы. Қабыршағы кедір-бұдырлы, жұқа қыртысты, сілтілігі жоғары. Ең көп тұз 10-100см тереңдікте, одан төмен- 0, 5 пайыз. Тұздың қоры екі метрлік қабатта 240 га/т, сорлануы хлоридті-сульфатты. Бұл топырақтарда гумус 2-3 пайыз, қоректік заттар аз. Ыза сулары 10-20м тереңдікте, олардың минералдануы - 10-50л/г. Суы -хлоридті-сульфатты. Жерін орман қоры ретінде пайдаланған тиімді. Оны игерген кезде топырағының сорын шаймалау және сексеуілден тазарту керек.

Тақыр тәріздес сор және сортаң топырақтар ауыр қатпарлы тосаптық шөкпелерде қалыптасады. Көбінесе Сырдарияның сол жағасындағы сазды жазықтардың беткі қабатының негізгі бөлігін алып жатыр. Беткі қабыршағы тығыз, су өткізуі өте нашар, сілтіленген, қалыңдығы 3-5см. 25-100м тереңдік-тегі топырақта 3 пайызға дейін тұз бар, оның қоры екі метрлік қалыңдықта 138га/т, сорлануы-хлоридті-сульфатты және сульфадты-хлоридті. Топырақ-тағы гумус-1 процент, сіңімді азот пен фосфордың мөлшері аз. Ыза суы-10-20м тереңдікте, минералдануы-25-70л/г. Суы хлоридті. Негізгі өсімдіктері - бүрген, күйреуік. Игерген кезде күрделі мелиорациялық жұмыстар жүргізуді қажет етеді.

Құм жапқан тақыр тектес топырақтар солтүстік Қызылқұмда төмпек-төмпек, жал-жал құмдарға таяу айтарлықтай үлкен алаптарды алып жатады. Топырақтың бетін құм 10-40см қалыңдықта құндақтап тастайды. Құндақтың асты саздақ. Топырағының ерекшелігі - жақсы ылғалданады, шөбі қалың өседі, оның ішінде басымырағы - ақ жусан. Тұздарының мөлшері- 2, 5 пайыз-ға дейін, ол 60-200см тереңдікте жатады. Тұздардың екі метрлік қабаттағы қорын гектарына 192 тоннадан. Тұзы-хлоридті-сульфатты. Топырақтағы гумус -1, 5 пройентке дейін, қоректік заттары аз. Ыза суы-10-25м тереңдікте, күшті минералданған, хлоридті. Суару режимін қатаң сақтап, жел эрозиясына қарсы күресу жөнінде шаралар қолданған жағдайда ғана игеруге жарамды.

Құмды топырақтар . Облыстың барлық территориясында кең таралған және ерекшелігі- мейлінше алуан түрлі, басқа топырақтардың арасында бөлек-бөлек орналасады, ал Арал жағалауы мен облыстың оңтүстігінде байтақ шөл даласын құрайды. Мұндағы өсімдіктер алуан түрлі. Топырағы-ның ерекшелігі гарнизонт профилінің әлсіз дифференциясы. Сорланған және сорланбаған түрлері кездеседі. Арықтан суаруға жарамайды. Суарусыз траншеялы жүргізуге мүмкіндік бар.

Облыстың табиғи - шаруашылық аймақтары мен аудандары. Топырақ- климат және басқа да жағдайларына қарай облыс территориясын үш табиғи - шаруашылық аймағына бөлуге болады. Бірінші аймаққа Жаңақорған, Шиелі аудандары; Екінші аймаққа - Сырдария, Тереңөзек Жалағаш, Қармақшы аудандары, үшінші аймаққа - Қазалы, Арал аудандары кіреді . Бірінші және екінші аймақтар суармалы егіншіліктің күріш және мал шарушылығының жақсы дамуымен сипатталады. Облыстағы негізгі дымқыл-күріш егісінің ең көбі екінші аймаққа шоғырланған бұл аймақ өндірілетін ауыл шарушылығы өнімінің мөлшері жағынан бірінші орынды алады. Үшінші аймақта мал шаруашылығы өркендеген, алайда күріш егістігін дамыту үшін де резерветор бар. Үш аймақтың үшеуі де топырақ жағдайы жөнінен бір-біріне ұқсас. Өзен ағысының бойымен төмен қарай топырақтың механикалық құрамы біршама ауырлап, сортаңдау дәрежесі арта түсетіні анықталады.

1. 1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Күріш адам өмірінде өте маңызды орын алатын көне дақылдардың біріне жатады. Оның тарихы адамзаттың ерте заманғы даму тарихымен ұштасып жатыр. Бұл дақыл әлемнің 110-ға жуық елінде 150 млн. га жерде өсіріледі. Сексенінші жылдардағы күріш астығының жалпы өнімі 400 млн. тоннадан асты. Алайда тікелей жазба деректердің болмауына байланысты күріштің дәл қай кезден бастап мәдени дақыл ретінде егіле бастағаны белгісіз болып отыр.

Шпрехердің айтуы бойынша күріш Үнді жерінде біздің заманымызға дейінгі 2 мыңыншы жылдары белгілі болған. Ол жақтан кейін шығысқа - Қытай мен Жапонияға және батысына - Парсы елі мен Мессопотамияға тараған.

В. Л. Комаров Бретщнейдердің деректеріне сүйене отырып, күріш жөнінде Қытайдың көне әдебиетінде бұл дақылдың жалпы егіншілік басталғаннан бері қолданысты болғанын айтады.

А. Декандоль Қытай қолжазбаларынан үзінді келтіре отырып, күріштің біздің заманымыздан 2800 жыл бұрын еге бастаған дейді.

Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтерге қарағанда, күріштің жабайы түрлерін мәдени түрге айналдыру бұдан 20 мың жыл және одан да бұрын Солтүстік Үндіқытайда жүзеге асқан. Үндіқытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдеріне тарап, егіле бастаған. Үндістанның батысында да күрішті екпе түрге айналдыру осы тұста жүзеге аса бастаған.

Н. И. Вавилов өсімдіктердің мәдени және екпе дақыл түріне айналған жерлердің 8 орталығын анықтаған. Оның ішінде күріш екінші Үндістан аймағынан, бұған Бирма және Ассам қосылады.

Г. Г. Гущиннің пікірінше, күріш Гималай тауының оңтүстік-шығыс беткейі етегіндегі жауын-шашыны мол жерлерден шыққан, ал, Р. Ю. Рожевиц күріштің шыққан жері Үндістан, Үндіқытай немесе Қытай деп есептейді. Алайда, П. С. Ерыгин физиологиялық қасиеті және анатомиялық құрылымы бойынша күріш - гигрофиттік өсімдік, ал оның құрғақта өсетін кейбір түрлерінің, суда өсетін түрлерінен шыққан эколгиялық топ екенін дәлелдеді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірінде күріш егісі болған емес, ал В. И. Коваленконның дәлелдеуінше, ХІХ ғасырдың екінші жартысы кезінен күріш егіліп- өсірілуде. Басқа мәліметтерге қарағанда, Қызылорда облысында күріш 1928-1929 жылдары қоныс аударған кәрістермен бірге келген. Ал И. И. Соколованың пікірінше, күріш егіншілігі алғашында Іле өзені алқабында пайда болып, кейін Сыр өңіріне, Қызылорда облысына тараған.

II. Күріш дақылының халық шаруашылығындағы маңызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш ауыспалы егістері
Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
Күрішті өсіру, күту технологиялары
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Егіс. Егіншілік
Қызылорда облысының жер қорын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың экономикалық-географиялық мәселелері
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
Соя жылу сүйгіш өсімдік
Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz