ҚР банк қызметін ұйымдастыру және реттеу


ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
МАКРО- МИКРОЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Тексерген: э. ғ. к, доцент Дуламбаева Р. Т.
Орындаған: Туменбаева М. А.
ГиМУ07К1 2- курс студенті.
Мазмұны
Кіріспе
I БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Банк қызметі түсінігі және оны ұйымдастыру
1. 2 Банк ресурстары және капиталдық база
II ҚР БАНК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
2. 1 ҚР банк капиталын арттырудың өтімділік дағдарысынан шығуға тигізер ықпалы
2. 2 ҚР банк секторынының даму проблемалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Банк жүйесі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалы құрылымы болып табылады. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру - Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым - қатынасын және олардың клиенттері арасындағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және т. б. түбегейлі өзгерістер қажет.
Курстық жұмыста жалпы Қазақстанның банк секторының даму үрдістері және олардың тәуекелдерді басқарудағы ықпалы, банк секторын дамытудағы негізгі үрдістер, Қазақстан банктері қызметінің көрсеткіштерін, банк жүйесін одан әрі дамытуға келтіретін факторлар, Үкімет пен Ұлттық банк қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін қабылданып отырған шаралары атап өтілді.
Бұл курстық жұмыстың өзіндік ерекшелігі банктердің қызметін ұйымдастыру, реттеу, бағалау және өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады.
Курстық жұмыс коммерциялық банктердің операцияларын тек теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың тәжірибелік жақтарын да қамтиды.
Курстық жұмыс құрылымы: 2 бөлімнен және 4 тараудан тұрады.
Бірінші тарауда ҚР банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру, банк қызметін пруденциалдық реттеу, банктік топтардвң қызметін жиынтық қадағалау, банк қызметін рейтингтік бағалау және туралы мәселелер қамтылған.
Екінші тарауда банктердің ресурстарын қалыптастыру көздері мен құрылымдары, банктің қаржылық қызметтері: лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары туралы қарастырылған.
Үшінші тарауда банктің өтімділігіне ықпал етуші факторларға, өтімділікті басқару және бағалау әдістеріне, банктің табыстары мен шығыстарына қатысты сұрақтар қамтылған.
Төртінші тарауда банк секторының даму проблемалары, екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару, нақты секторды несиелеу проблемалары жүйелі түрде қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - банк жүйесі мәселелерін кешенді әрі құрылымды түрде ашу.
Міндеті Қазақстандағы банк ісінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан Ұлттық банк қызметі мен міндеттері, ҚР екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру және реттеу, банк ресурстарын қалыптастыру және орналастыру, банк қызметінің нәтижелері қарастыру болып табылады.
I БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Банк қызметі түсінігі және оны ұйымдастыру
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV-XVғғ пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVIIғғ Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердам, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
«Банк» сөзі «banco» - деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалынатын алаңдардан құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Тарихшылар пікірінше, б. э. д 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б. э. д VIғ Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б. э. д IVғ Ежелгі Грецияда жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді. /1, 10-11б/
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу 2004 жылға дейін Ұлттық банктің Банктік қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асты.
Қазіргі кезде 2003 жылы шілде айында қабылданған «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау» ҚР заңына сәйкес, елімізде банктік қадағалауды жаңадан құрылған мемлекеттік өкілетті орган - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі жүзеге асырады. Банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Бұл қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі. /2, 83 б/
- cурет. Қашықтан қадағалау механизмі
Инспекциялық қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Басқаша айтқанда, жиынтық (консолидировнный) қадағалау - бұл банктік топтардың және банкпен аффилирленген тұлғалардың басында болатын немесе басынан кешетін барлық тәуекелдерді ескеретін қадағалау әдісі. Оның мақсаты - қадағалау органдарына банктік топтардың басында болатын тәуекелдерді бағалау жолымен банктердің депозиттерін қадағалау.
Қарапайым банктік топқа банктік қызметпен айналысатын банктің бақылауында болатын компаниялар жатады (2-сурет) . /2, 94 б/
2-сурет. Қарапайым банктік топ
Аралас қызметі бар банктік топ бапк қызметімен айналыспайтын компаниялар қызметіне бақылау жасайды (3-сурет) . /2, 94 б/
3-сурет. Аралас қызметі бар банктік топ
Аралас қызметі бар банктік топқа - өнеркәсіптік компаниялар және банктер бақылау жасайды.
Қарпайым қаржы конгломератындағы ұйымдар негізінен қаржылық қызмет атқарады және олар банктік, сақтандыру және бағалы қағаз нарығының басты қатысушы коипаниялары болып табылады (4-сурет) . /2, 94 б/
4- сурет. Қарпайым қаржы конгломераты
Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті әлемнің экономикалық жағынан дамыған елдердің орталық банктерінің жетекшілерінің ұсынысы бойынша 1975 жылы құрылған. Бүгінгі күні Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті бұл банктерге және өзге несиелік ұйымдарға қадағалауды жүргізетін әлемнің барлық елдері кіретін дүниежүзілік ұйым болып табылады. Бұл комитеттің орталық ұйымының құрамына - Белгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Люксембург, Нидерландия, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ сияқты елдердің орталық банктері мен қадағалаушы органдарының жетекшілері кіреді. Комитетің мәжілісі Швейцарияның Базель қаласында орналасқан Халқаралық есеп айырысу банкінде өтеді.
1997жылы қыркүйек айында Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптерін жасады. Тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптері 25, оларды бірнеше топқа топтастырып былай беруге болады:
- тиімді банктік қадағалауды жүргізудің ортақ шарттары;
- банкті және оның иелік ету құрылымын лицензиялау;
- пруденциялдық нормативтерге және өзге нормалар мен лимиттерге қойылатын талаптар;
- қашықтан банктік қадағалау әдістері
- банктердің есебіне қойылатын талаптар;
- қадағалау органдарының құзіреті;
- банктердің халқаралық қызметі.
Банктік қадағалауды ұйымдастыру құрылымы әр елде әр түрлі. Ұлыбритания, Италия, Нидерланды елдерінде коммерциялық банктердің қызметіне қадағалауды ұлттық орталық банктері жүргізеді.
Канада, Швейцария қадағалау органдары орталық банктен тыс қызмет етеді.
Ал, Германия, АҚШ және Жапония елдерінде аралас жүйе, яғни қадағалауды орталық банктер мен бірге қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы Базель комитетінің келісіміне қол қойған күннен бастап, жоғарыда аталған принциптерді орындауға міндеттеме алғандықтан оларды орындауда.
Айталық, 2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР агенттігі 9 банктік топтарға жиынтық жиынтық қадағалауды жүргізеді (5-кесте) . /3, 64-66 б/
5- кесте Қазақстандағы банктік топтар
Банктік топтардың қызметін реттеу меақсатында ҚР Ұлттық банкі олардың орындауына міндетті мынадай пруденциалды нормативтер белгілейді;
-жарғылық капиталдың төменгі мөлшері;
-меншікті капиталдың жеткілікті коэффициенті;
-бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең төменгі мөлшері
Банктік топтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 1, 5млрд теңге көлемінде бекітілген.
Меншікті капитплдың жеткілікті коэффициенті бекітілмеген, сондай-ақ оған талап қойылмаған болса, онда ең төменгі меншікті капиталды анықтау үшін активтер мен шарты және мүмкін міндеттемелерді 0, 2 көбейтеді.
Банктік топтың меншікті капиталы келесідей түрде есептеледі:
МК = НМК + (ҚНМК - ҚМКТ),
Мұндағы,
МК- меншікті капитал;
НМК- банктің нақты меншікті капиталы;
ҚНМК-банктік топтың қатысушысыныңнақты меншікті кпиталының мөлшері;
ҚМКТ- банктік топтың қатысушысының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.
Меншікті капитал жеткілікті банктік топтың меншікті капиталының тәуекел дәрежесіне қарай өлшенген активтер мен шартты және мүмкін міндеттемелерге қатынасы және үлесі былай есептеледі:
МК - У
К = ,
А - П
Мұндағы,
К - меншік капиталының жеткілікті коэффициенті;
У - азшылық үлесі;
А - тәуекел дәрежесәне қарай өлшенген активтері мен шартты және мүмкін міндеттемелер;
П - меншікті капиталға кірмеген арнайы құрылған резервтер және жалпы құрылған резервтердің сомасы;
Меншікті капиталының жеткілікті коэффициенті 0. 12-ден кем болмауы тиіс.
Бір қарыз алушы деп банктік топтың қатысушысының алдында қандай бір міндеттеме бойынша борышқор болып табылатын кез келген тұлға. Мұндағы банктік топтың бір немесе бірнеше борышқорларынан тұратын топтар үшін тәуекел мөлшері мынадай міндеттемелердің бірі болса ғана есептеледі:
- борышқорларының бірі акциялардың 25% астамын иеленеді;
- борышқорлардың акцияларының 25% астамын иеленетін және оған тікелей не жанама бағылау жасайтын тұлғалар;
- борышқордың бірі екінші біріне өзінің меншікті активтің пайдалануына беріп, немесе оның кепілшісі ретінде болып табылатын, екіншісінің міндеттемесі үшін жауапты тұлға.
Банктік топтың бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері былай есептеледі:
Т
ЖТ =,
МК
Мұндағы,
ЖТ - бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
Т - бір қарыз алушыға келетін банктік топтың тәуекел мөлшері.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері аффилирленген тұлғаларға қатысты меншікті капиталдың 10%-дан және басқа тұлғалар бойынша 25%-дан аспауы тиіс, сондай-ақ банктік топтың бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері әр қайсысы меншікті капиталдың 10%-дан аспаған жағдайдағыжиынтығы бойынша банктің топтың меншікті капиталының мөлшерінің сегіз есе көлемінен аспауы тиіс.
2004 жылдың 1 қаңтарын Қазақстандық бірқатар банктік топтардың пруденциалдық нормативтерінің есебі 6-кесте көрсетіледі. /4, 5-6 б/
6-кесте. ҚР-ғы банктік топтардың пруденциалдық топтардың есебі
ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің пайымдауынша банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтердің қолданыла бастаған уақытынан бастап, олардың еншілес ұйымдарының қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері жақсарған.
Капиталдың жеткіліктілігі. Капитал салымшылардың қаражаттарын қорғайтын ең басты құрал болып табылады.
Меншікті капиталдың (МК) жеткіліктілігіне қатысты сапалы көрсеткіштерді талдау үшін төмендегідей көрсеткіштерді есептеуге болады:
Берілген жылғы есепі __ Өткен жылғы есепті
кезеңдегі активтер кезеңдегі активтер
Активтердің өсу =
қарқыны Өткен жылғы кезеңдегі активтер
Берілген жылғы есепті __ Өткен жылғы есепті
Меншікті кезеңдегі МК кезеңдегі МК
капитклдың =
өсу қарқыны Өткен жылғы есепті кезеңдегі МК
Дивиденттер
Дивиденттердің =
пайдаға қатынасы Пайда
Дивиденттер
Пайданың меншікті =
Капиталға қатынасы М
/5, 30-34 б/
1. 2 Банк ресурстары және капиталдық база
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
- Банктің меншікті капиталы.
- Банктің заемдік және тартылған қаражаттары.
2004 жылдың 1 қаңтарындағы берілген мәліметтер бойынша ҚР екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 7-кесте топтастырылған. /6, 14 б/
7-кесте. Қазақстандық екінші деңгейлі ьанктер пассивтерінің құрылымы мен шамасының топтастырылуы*
Банктердің аттары
34. Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі АҚ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz