Бағалы қағаздар нарығын компьютерлендіру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАУ СИПАТЫНЫҢ ТЕРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.1 Құнды қағаздар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.2 Құнды қағаздарды инвесициялаудың шетел тәжірибесі ... ... ... ..9
0.3 Қазақстандық құнды қағаздардың нвестициялық белгілері ... ... 12
1. ҚҰНДЫҚАҒАЗДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
0.1 Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер ... ... ... ... ... ... . ... 20
0.2 Құнды қағазға инвестициялау тәуекелін төмендету жолдары ... .22
3.БИЗНЕС ЖОСПАР: Тұрмыс техникаларынын жөндеу ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .32
Кіріспе:
Бұл курстық жұмыстың мақсаты құнды қағазға инвестициялау тәуекелінталқылай отырып, олардың төмендету жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек, сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы болып табылады.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Құнды қағаздар нарығы туралы ҚР Заңынан және басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егерде Қазақстан Республикасы қол қойған келісім-шарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісім-шарт ережелері есепке алынады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, нормалық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау), қағаз бойынша орындалу орны және басқа талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни, бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан, оның заңдық маңызы болады. Бюджет жүйесі туралы және Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы зандарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі, яки, Ұлттық банкі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міңдеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді.
Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы кағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдык қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңмен реттеледі.
Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттілік-терін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар онша бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдыра қарастыруга болатыны түсінікті. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл өз кезегінде Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады. Осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқарады.
Бағалы қағаздардың қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп, шоғырлануына тікелей байланысты деуге толық негіз бар. Ұлтттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына тығыз байланысты. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды. Ашығын айтсақ, олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап, қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтанда Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанады. .
Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп орындары шетелдік компаниялардың басқаруында. Оған таң қалуға болмайды. Мамандардың айтуынша, шетелдіктерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде түсіретін табысы өте мардымсыз. Мұның негізгі себебін мамандар тағы былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың көбінің оффшорлық аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Бұл компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді. Соның салдарынан Қазақстан экономикасына есепке алынбайтын және көзге көрінбейтін көптеген зияндар келетін көрінеді. Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден, ішкі өнімнен түскен таза табыс шетел асып кетеді. Сөйтіп бұл жағдай Қазақстан банкілерінің ресурстарын шектейді. Ақырында олар өздеріне қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады. Бұдан сабақ алған жөн.
Бағалы қағаздар рыногының мәні өндірістің құлдырауына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандырылуында маңызды мәнге ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдык сұранысқа сәйкес келеді. Бағалы қағаздарды шығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары болғанда ғана пайда табады. Өндірістің эмитентпен кеңейтілуі және кәсіпорын табыстылығы дәрежесінің жоғарлауы осы кәсіпорынның, бағасы күнделікті өсіп отырған акцияларын иеленетін инвестор үшін тиімді болып табылады.
Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығын ұлттық экономиканы дамытуға үлкен серпін беретін қуатты да, икемді құрал деп қарастырған жөн. Сонымен қатар, бұл өткір құралды дұрыс әрі тиімді пайдалана білу қажет. Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде, тіпті, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншалықты және ауқымды көлемде шоғырланған болса, соншалықты аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға бай- ланысты тез тарап кетеді.
Қазақстанның болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асырылуына тікелей байланысты. Сондықтан да өз еліміз кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, өз банкілеріміздің қаржылық қағаздары болсын, өз Үкіметіміздің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздарымыздың құны мен бағасын түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайтындығын есте ұстасақ, ешкімге ұтылмайтынымыз анық. Сол үшін де бағалы қағаздармен жұмыс жасауды жетілдіре түсуіміз керек.
1. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАУ СИПАТЫНЫҢ ТЕРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1Құнды қағаздар түсінігі.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға пайыздар, ролтилер, дивидентер және жолға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, комерциялық мәміленің нәтижесі). Содай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді-ақшалай және күрделі болып.
Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделді. Бұл борыштың бағалы қағаздар. Борыштық бағалы қағаздар пайыздары төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Оларға: вексельдер, депозиттер және әменақ сертификаттар жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің наминалдың құнынан төлем бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (1 жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
-бағалы қағаздарды ұсынушыға-құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына берді.
-атаулы бағалы қағаздар-белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
-ордерлік бағалы қағаз, -ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалығын сақтайтындай етіп-индонаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асуына да жауап береді.
Бағалы қағаздар алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қағаздың негізгі саласын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігі иемденуге құқық береді, оларға эмитентердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлыттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), мунициполдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндетемелері) және корпоративтік (шарушылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндетемелер,т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен ерекшеленеді және олар қор биржасында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
1.2Құнды қағаздарды инвесициялаудың шетел тәжірибесі.
Көптеген шетел мемлекеттерінің қор нарығы сол ел экономикасының негізіне арналған. Халықтың экономикалық сауаты жоғары деңгейде. Шетелдерде қарапайым халықтың қор нарығы жайлы түсінігі қалыптасқан. Олар уйде отырып-ақ пайда тауып отыр. Мұның бәрі қор нарығының заңдарын түсінгендіктен.
Шетелде инвестициялық қорларды инвестициялық тиімділігі бойынша да бөлу қалыптасқан. Бір-біріне қарама-қарсы екі инвестициялық қор қызмет етеді: жабық (сlosed-end) және ашық (open-end). Инвестициялық қорлардың типтері мен оны басқару түрінің арасында кейбір байланыстар бар: жабық түрдегі қорлар әдетте корпарациялар түрлерінде болады да, ашық корпарациялар трасстар түрінде болады. Жабық типтегі инвесициялық қорлар Ұлыбрианияда бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша қорлар деген атпен танымал болса, Францияда оларды капиталы тұрақты инвестициялық компаниялар деп атайды. Мұндай қорлар тек корпорация түрінде құрылады. Жабық инвестициялық қорлардың акцияларын алғашқы орналастыру брокерлік фирмалар арқылы жүзеге асады. Акциялардың тиімділігі олардың биржалық, сондай-ақ биржадан тыс айналымдағы инвесторлардың сату- сатып алу мүмкіндігіне байланысты. Акциялар бағамы сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде анықталады.
Ашық типтегі инвестициялық қорлар бертін пайда бола бастады, бірақ аса қарқынды дамыды. АҚШ-та олар қарыз қорлары, Ұлыбританияда сенімді пайлық қорлар, Испанияда бағалы қағаздарға инвестициялау қорлары деп аталады. Ашық инвестициялық қорлар акциялар эмиссиясын жүзеге асырып тұрады. Бірақ олардың акциялары биржалық айналымға түспейді, тек қордың өзіне ғана сатылады.
Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығындағы банктердың инвестициялық операцияларын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
- бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
-осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
-бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бастылары бағалы қағаздар нарығына қатысушы банктерге лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және басқа да жұмыстар.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің операцияларын мемлекеттік реттеудің жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
oo несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасынжәне несие көлемін мемлекеттік бақылау;
oo мемлекеттің салық саясаты;
oo банктік депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
oo қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдарың міндеттемелерін шығару) арқылы мемлекет пен корпор арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
oo мемлекеттің сыртқы экономикалык саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шарттарын ынталандыру жұмыстарды реттеу);
oo мемлекеттің сыртқы экономикалык іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу.)
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссия), не Қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ та тиісті заңдарды шығару, олардын орындалуын тексерумен конгрессте кұрылған Бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.
АҚШ - та реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар: біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызммет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу кұқын алады, екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен камтамасыз ету. Ол, әдетте, банктердің бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анықтамалық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардын арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті; үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады.
Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен катар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шарларының да маңызы зор. Оның ең бір дамыған формасы - қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың банктердің іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің операциялары Ресейде 10-12 жыл бұрын қалыптаса бастады. РФ БҚН пайда болуы экономикалық емес жағдайлардан туды, бұл оның батыстық модельде құрылуын әкелді. Бірақта әлемдік бағалы қағаздар нарығының бір құраушы бөлігі болғандықтан, РФ нарықтық қорының өзінің ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ресейдің бағалы қағаздар нарығы ұзақ уақыт бойы спекулятивтік операцияларды жүзеге асырушы механизм болды, сондықтан қазір сату көлемінің құрылымының мәнді бөлігі таза спекулятивті болып отыр.
Сонымен қатар, ресейлік бағалы қағаздардың өте төмен өтемшілдігін айта кету керек, яғни оның екінші нарығы мүлдем жоқ. Сонда да, екінші нарықта акцияларды сату көлемі үнемі, қарқынды өсуде. Ресейдің өтемшіл бағалы қағаздары болып өндірістік сферадағы, экспортқа бағытталған кәсіпорындардың акциялары табылады. Ұйымдастырылған нарықта200 ресейлік компаниялардың акциялары айналымда жүрсе де тұрақты келісімдер бірнеше эмитент шеңберінде ғана жүргізіледі.
Ресейлік нарықта барлық акцияларды екі топқа бөлуге болады: өтемшіл акциялар (көк фишкалар) және басқа қалған акциялар. "Көк фишкалылыарды" саусақпен санарлай - бұл РАО ЕЭС, "Газпром", "Сургутнефтегаз", Сбербанк, "Ростелекөм" және тағы басқа. Қалған мыңдағаны биржада айналымда және олармен келсімдер өте аз жүргізіледі. Акцияның өтемшілдігі олар қалай белсенді сатылатынын көрсетеді.
Акцияның өтемшілдіктің негізгі сипаты оның биржадағы күндізгі айналымы. Акцияның күндізгі айналымы қаншама көп болса, соншама бағасындағы айырмашылық төмен болады. ММВБ-дағы күндізгі айналымда МосФинБанктің акциялары, ал одан кейін Лукойл компаниясы.
1.3Қазақстандық құнды қағаздардың нвестициялық белгілері.
Нарық жағдайында көптеген шаруашылық субъектілері өздерінің қызметіне маңызды бюджетік инвестицияларға сенім арта алмайды. Жаңа экономикалық жағдайларда инвестициялық ресурстардың негізгі көздері елдің экономикасына шетел сондайақ қосымша инвестициялар тарту мақсатында бағалы қағаздарды орналастыру, шығаруды және қатысуды белгілейтін қор нарығы болуы тиіс.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілеріне олардың дамуы үшін қажет ресурстарға енуді жеңілдетеді және кеңейтеді. Мысалы, акцияларды шығару бұл ресурстарды мерзімсіз, яғни кәсіпорынның жұмыс істеу уақытна алуға мүмкіндік береді. Облигацияларды шығару несиені банк шарттарына қарағанда өте ыңғайлы жағдайда алуды қамтамасыз етеді.
Қор нарығында келісімшарт жасаудың негізгі объектісі бағалы қағаздар болғандықтан, рационалды инвестициялық қызметтің міндетті шарты капитал салымының потенциалды объектілерін - бағалы қағаздардың сапасын дұрыс бағалай білу болып табылады.
Бағалы қағаздардың негізгі түрлерінің сапасын бағалау олардың эмитенттерінің қаржылық тұрақтылығына сүйенеді. Нақты кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін оның қаржылық тұақтылығын және экономикалық тиімділігін сипаттайтын коеффициенттер ретін пайдалануға болады
Бағалы қағаздардың сенімділігі олардың эмитенттерінің қаржылық есептерінен бағаланады. Қаржышаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп пен бухгалтерлік балас талданады. Эмитенттің қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің
үш тобын есептейді:
1. Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорынның сенімділігін жалпы сипаттайды;
2. Көрсеткіштердің екінші тобы инвесторлардың берілген кәсіпорынның бағалы қағаздарына салған қаражаттарының қайтарылуы көзқарасы бойынша эмитенттің сенімділігін анықтайды;
3. Көрсеткіштердің екінші тобы бойынша нақты бағалы қағаздар бойынша инвестордың кепілалуы көзқарасынан эмитенттің сенімділіген бағалау.
Бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығы сәйкес сапалы көрсеткіштерінен анықталады. Олар акцияны иеленуден мүмкін болатын табыстар мен мысалы,дивиденттік саясат,акционерлік қоғам активтерінің жағдайы, эмитенттің шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері арасындағы байланысты сипаттайды. Акциялар үшін мынадай көрсеткіштер тізімі қолданылуы мүмкін:
oo Акцияның ағымдағы бағасының бірлігіне дивидент көлемі;
oo Дивиденттік төлемдер коэффициентті - дивиденттерді төлеудің жалпы сомасы мен компаниц алған таза пайда қатынасы;
oo Акцияның капитализациялық құны корпорацияның барлық акцияларының нарықтық құнына тең (акциялар көлемін акцияның нарықтық құнына көбейтеміз);
oo Акционерлік капиталдың рентабелділігі барлық акцияның капитализациялық құнының бірлігіне қанша корпорация табысы келетіндігінің сипаттамасы болып табылады;
oo Акцияның баланстық құны. Акциялар санына бөлінген, корпорацияның капиталды ресурстарының көлемі ретінде (акционерлік капитал қосылған резервтік қор қосу бөлінбеген табыс) есептеледі;
oo Акция табыстылығы табыстың бір акцияға жылдық өсу темпі ретінде есептеледі:
Бір жылда алған дивиденттер + акцияның бір жыл ішінде нарықтық бағасының өсуі - 100%. Жыл басына акцияның нарықтық құны
Облигацияларға басқа инвестициялық сипаттамалар есептеледі:
Облигацияларды иеленудің толық табыстылығы:
Жылдық пайыздар + номиналды соммасы- 100% Иелену құны
Ағымдағы табыстылық: Жылдық пайыз мөлшері + облигациялардың түпкі құны -100%. Облигацияның ағымдағы нарықтық бағасы.
Бағалы қағаздардың инвестициялық құны бағалы қағазды сату немесе жабуға қалған уақыт периодына байланысты.
Бағалы қағаздардың инвестициялық мәртебесі бұл бағалы қағаздарға мүмкін инвестиция мен қор нарығын дамыту жиынтығы. Нарықтың инвестициялық мәртебесі мемлекеттің, шаруашылық субъектілерінің азаматтардың және резидент еместердің инвестициясын қалыптастырады. Бағалы қағаздардың инвестициялық мәртебесі деңгейіне көбінесе нарықтыңликвидтілігі деңгейі әсер етеді.
Бағалы қағаздардың инвестициялық мәртебесін бағалауда екі әдіс қолданылады: дәстүрлі экономикалық талдау(оны фундаментальды деп атайды) және биржада пайдаланылатын спецификалық(техникалық немесе механикалық талдау). Бағалы қағаздардың инвестициялық мәртебесін бағалау үшін индикаторлардың үш категориясын (алда жүретін, сәйкес және кешіктірілген) пайдалануға болады. Алда жүретін көрсеткіштер жақын арадағы айлардағы экономиканың жағдайы туралы сигнал береді, яғни шаруашылық кезеңде мүмкін болатынөзгерістер және пайыздық ставкалардың өзгері тенденицлары туралы.
Ережеге сәйкес, салым салу тек бір ғана бағалы қағазға салынбайды, ол портфель деп аталатын бағалы қағаздар жиынына салынады. Бұндай инвестициялауды портфельді деп атайды. Басқаша айтқанда портфельді инвестиция қаражатты бағалы қағаздар жиынтығына (акциялар, облигациялар және т.б.) салу деген мағына береді. Портфельді инвестицияның міндеті аз ғана тәуекел жіберілгенде күтілетін табыстылық алу болып табылады. Портфельді инвестиция артықшылықтары:
- Бұндай инвестициялау көмегімен портфельде біріктірілген, мүмкін болатын бағалы қағаздар жиынтығына қандай-да бір эмитенттің бағалы қағаздарына қаражат салуда қол жетімсіз болмайтын инвестициялық сапа беру;
-Бағалы қағаздар портфельін басқару және дұрыс таңдау әрбір нақты инвесторлар үшін тәуекел мен табыстылықтың оптималды ұқсастығын алуға мүмкіндік береді;
-Бағалы қағаздар портфельі нақты активтерді инвестициялаумен салыстырғанда аз мөлшердегі шығынды талап етеді, сондықтан жекелей инвесторлардың белгілі саны үшін қол жетімді;
-Бағалы қағаздар портфелі тәжірибеде ең аз уақыыт интервалында мүмкіндігінше жоғары табыс алуды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық негізгі дамуымыздың алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іскеасыру өндірісті жетілдіріп,сатылатын тауарлардың сапасын арттыру оныменқосажұмыс орындарының көбейіп,тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады.
Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасындаҚазақстан экономикаға тартылған шетелдік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты.
Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуро Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді.
Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы,Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz