Банк ЦентрКредит жүйесінің шағын және орта бизнесін қолдауы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Банк ЦентрКредит АҚ ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Банк ЦентрКредит АҚ-на жалпы сипаттама және оның экономикадаалатынорны ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Банк ЦентрКредит АҚ-ның меншікті капиталының толықтығынанықтайтынкөрсеткіштерін бағалау ... ... ... ..10
II. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі коммерциялық банктердің шағынжәнеорта бизнес субьектілерін несиелеуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..13
2.1Шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеудің алғышарттары ... ... ..13
2.2 Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге
асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын
екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несиелеу процесін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26



Кіріспе

Бүгінгі таңда кез келген кәсіпорын нарық жағдайнда өз қызмет барысын жетілдіріп отыруды басты міндеттердің бірі ретінде қойған. Сол міндеттердін бірі сапалы маман иелерін таңдау болып табылады, ал ол үшін жас студенттерді кәсіпорын жұмысымен таныстырып , тарту болып табылады, Бұл, әрине, студенттер үшін де, оқу орны үшін де өте тиімді болып келеді. Тәжірибе дегеніміз - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Соған байланысты алғашқы кәсіптік іс-тәжірибеден өту әрбір студеннттің міндеті болып табылады.
Осы себептен мен 3 маусым мен 5 шілде аралығында Банк Центркредит АҚ-на кәсіптік тәжірибеден өтуге жіберілдім.
Банк ЦентрКредит Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.
Банктің республикамыз бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылызаңды тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді. Банк ішінде бизнес-клиенттерге теңгемен және валютамен ақша аудару тегін. Банктің бірегей қызметі - Жедел түсім жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді. Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл Сізге өз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым негізгі қызмет барысымен танысу, ақшалай опперациялардын жүзеге асырылу тәртібін, банктің ішкі қүрылымын зерттеп, ресурстарының қалыптасу тәсілдерін және меншікті капитал құрамын бағалау болды. Кәсіптікбіліктіліктідамытудыжетілді ргенмен қоса, ең алдымен мен этникалықнормалардысақтайотырыпрұқс атетілгеннормадакомпитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
мекемеде белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
белгіленген жұмыстар мен тапсырмаларды толығымен әрі уақытылы орындау;мекемеде болған барлық іс-шараларға қатысу;
Мен тәжірибені өту кезінде банктің ресурстарын қалыптасу тәсілдерін, меншікті капиталын толықтыру көздері мен тәсілдері туралы зерттеп білдім.

I Банк ЦентрКредит АҚ

1.1Банк ЦентрКредит АҚ-на жалпы сипаттама және оның экономикада алатын орны

1988 жылы негізі салынған банк - активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы төртінші банк. Банк мақсаты - шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.
БүгінгітаңдаЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтіңтолықспектрін ұсынады,қаржылықинжинирингтібелсенд ізерттеп,оныкеңіненнасихаттайды. Бұл банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында - BCC Invest АҚ, лизинг саласында - Центр Лизинг ЖШС және зейнетақы қызметі саласында - Капитал ЖЗҚ АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі - Банк БЦК-Мәскеу ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.
Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалаймыз.[2]
Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдынан
тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Банк клиенттерінің банкке артқан сенімін жоғары бағалайды және құрмет тұтады, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.
Банктің жоғары технологияларды қолдануының арқасында банк клиенттері Интернет банкинг жүйесі бойынша әлемнің кез келген елінен нақты уақыт режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен және тұрақтылықпен қаржы ағымдарын қашықтан
басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке баруға уақыт пен шығыс жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған тиімді жұмыс болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар: аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді, банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде ұсынатын сервиске: тарифтеріне, көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне деген жалпы көзқарасына жүгінеді.
Банк ЦентрКредит жүйесінің шағын және орта бизнесін қолдауы
Банктер кәсіпкерлерге көптеген қызмет көрсетеді. Осылардың бірі (мысалы, бизнес-есеп ашу, лизингтік несие беру және тағы басқа ) олар барлық банктерде бірдей. Тек несиелендіпу шарттары ғана әр түрлі.
Бизнес-есеп жай есеп шотынан бірнеше ерекшеліктермен айқындалады.
Біріншіден, ірі банктерде бизнес-есеп шотына арнайы бөлімшелер бар. Олар бизнес- есеп шотын жүргізуді, ссуда, бизнесті дамытуға несие алуға көмектеседі.
Екіншіден осы бизнес- есеп шотымен тек белгілі тұлғалар ғана жұмыс істей алады, осы тұлғаларды компанияның директорлар кеңесінде шешеді. Осы шешімді шот ашқан кезде банкке ұсыну қажет.
Үшіншіден, бизнес- есеп шотының тұрақты иесі болсаңыз сізге ерекше мән бөледі.
Несие және ссудалар.
Несие бұл уақытша бос ақша қаражаттарының шоғырлануы. Несие Қазақстанның барлық банктерімен ұсынылады. Несиенің шарттары несие саясатына және банк қызметкерлерінің сіздің бизнесініздің тәуекелдігіне байланысты болады. Банк несие бергенде оны мақсатына қарай жұмсалғандығын бақылайды және сіздің қаржылық кірістеріңізді тексереді.
Несие шартын және мерзімін несиенің мақсаты анықтайды. Мысалы, құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ұзақ мерзімді несиелер беріледі.
Бизнес- несиенің негізгі түрлері:
Қысқа мерзімді несие тұрақты немесе тұрақсыз процентпен беріледі;
Бағалы қағаздарды кепілге қалдыру арқылы несие алу;
Шетел валютасында берілетін несие;
Айналымдағы дебиторлық есеп (қайта есеп айырыск арқылы берілетін несие мүмкіншілігі)
Банк несие келісім шарт құрылғаннан кейін бірақ береді.Келісім шарттардың орындалмауы айыппұл арқылы төленеді.
Несие белгілі кепілге бағалы зат немесе жылжымайтын мүлікті алу арқылы беріледі. Осы кепілдің негізгі түрлері:
Жылжымайтын мүлікті немесе бағалы қағаздарды кепілге беру несиенің толық өтеу мерзімі бітпегенше;
Ипотека (жылжымайтын мүлікті белгілі мерзімге кепілге беру)
Банктік жүйесіндегі функцияның негізінің бірі болып экономикадағы инвестицияны қаржыландыру болып табылады. Банктің пайыздық саясаты келесі принципке сай болуы керек, несиенің қарызшыға және банктерге де үнемді болуы тиіс.
Дағдарыс кезінде шағын кәсіпкерліктердің қаржы нарығында несиелендіру операцияларынан кіріс алу жағдайдың болмауы банктерге өте ыңғайлы. Осыған байланысты БЦК несие бюросын құру мәселесін қарастырып отыр, бұл айтарлықтай дағдарыс болған жағдайда қарызшының қаржылық жағдайын және қарызшының несиелік досьесі туралы ақпаратты бермейді.
Банк ЦентрКредит - тің негізгі несиелік саясаты болып қысқа мерзімді несиелер тиімді және пайдалы механизмін құру. Несиенің жоғары пайызы жарғылық фондтың төлемділігін тұрақтатады.
Алматы Мәдени Тұрмыс Құрылыс корпорациясы өзінің қол астындағы 18 шағын серіктестікке жол ашты. Банк ЦентрКредит АҚ бұл корпорациясының серіктестіктеріне ерекше көңіл бөлді. Инвестициялық несиені 25 пайызынан бастап 19 пайызға дейін төмендетті. Бұл серіктестіктерде кепілдеме болып корплорацияның жылжымайтын мүлігі болды.
Банктер көмегімен шағын бизнестің дамуы жедел түрде даму сатысына түсті . Несиелеу шарттары жеңілдетіліп, несиелер түрлері әр алуан болды. Қазіргі кезде несиелеу шарттары өте тиімді және ыңғайлы. Халық банктерден несиені бұрынғыға қарағанда жиі алатын болды.
Лизинг- бұл ұзақ мерзімге машиналарды жалға беру, сатып алу мүмкіншілігімен берілетін несиенің түрі. Бұл қазіргі кәсіпкерліктерді несиелендіру жүйесінде аз орын тапқан . Өйткені бұл несиенің түрі ұзақ мерзімді құрал-жабдықтарды жалға алу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Лизингтік компаниялар арқылы кәсіпкердің құрал-жабдықтары жаңартылып тұрады және өзіндік капиталды бұзбайды.
Бүгінде ЦКБ атына көптеген құрметті отандастарымыздан келіп түсіп жатқан жағымды пікіпрлер аз емес. Бұл ЦентрКредит Банкінің әуел бастан - құрылған күнінен бастап бүгінге дейін дұрыс саясатты таңдап алғанын қуаттайды. Соның арқасында банк ертеңгі күніне сеніммен қарап отыр. Тәжірибе банк бизнесінің қүрделі екендігін, мол табыстың соңын қуалаудың пайда әкелмейтінін көрсетіп отыр. Бұл бизнес шамасына қарай консервативті болуы, сақтық үлесі де белгілі дәрежеде қатысуы, сонымен қатар бүгінгі заманғы технологиялар тұрғысына жауап бере алатын ілгерішіл де болуы тиіс.
ЦентрКредит Банкінің дәстүрлі саясаты оның шағын және орта бизнес үшін таңдаулы банк ретінде өзінің тиісті орнын алуына қол жеткізді. Қазақстанға да әсерін тигізген қаржы дағдарысының күрделі жағдайы ЦКБ-нің шағын және орта бизнес секторы клиенттерін қаржыландыруын жалғастыруына бөгет бола алмады. Бұған банк Самұрық-Қазына қорынан ғана емес, Еуропалық даму банкі, немістің даму банкі (DEG), американдық National City Bank, голландтық даму банкі (FMO) сияқты қаржы құрылымдарының қаражаттары арқылы қол жеткізді. Нарықтың тұрақсыздығы жағдайында жасалған шетелдік елдер даму банкілерімен жасалған бұл мәмілелер сенімді беделі және сарабдал саясаты бар қаржы институты ретіндегі ЦентрКрендит Банкіне деген сенімнің зор екенін қуаттайды. Ұзаққа созылған экономикалық және қаржы дағдарысы бизнесті дамытудың әртүрлі стратегияларының өміршеңдігіне елеулі сын болды. ЦКБ активтерінің жоғары сапасы әріптестер мен клиенттердің сенімін қуаттады және сын сағаттарда банк олардың үдесінен шығ білді. Бүгінгі кезде ЦКБ-ында оңтүстіккореялық стратегиялық инвесторы Kookmin Bank тарапынан технологиялар трансферті және базалық құзырет бойынша жұмыстар толыққанды жүргізілуде (2008 жылғы тамызда Kookmin Bank ЦентрКредит Банкінің капиталына кірді). Мәртебесі жағынан стратегиялық жоба ЦКБ қызметінің барлық бағыттарын қамтиды және 2009 жылдан 2013 жылға дейінгі бес жыл ішіенде 30-ға тарта міндетті жүзеге асыруды қарастырады. Олардың арасында Базель 2 басқару ұстанымдарына сай келетін тәуекелдерді және АТ-технологиялар негізінде клиенттермен өзара қатынастарды басқару жүйелерін енгізу мәселелері бар. Банк бұл шарасы операция тиімділігі мен банктің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың өзінде осындай өрелі 11 міндетті жүзеге асыру көзделіп отыр. Биылғы жылдың басынан бері ЦентрКредит банкінде Kookmin Bank өкілдері іссапарда жүр, олар ішкі бизнес-үдерістерді диагностикадан өткізуде және оның нәтижелері бойынша оңтайландыру жоспарлары пысықталуда.
Егер Астанаға қатысты айтар болсақ, ЦентрКредит Банкі елорданың дамуына, құрылысына және абаттануына бұрынғыша қомақты үлес қосуда. Ол Астанадағы көптеген жобаларды қаржыландыруға белсене қатысуда, бұлар - ондаған километрлік қала жолдары, салынып жатқан тұрғын үйлер, жас шыбықтар отырғызылған саябақтар. Сонымен қатар қаланың көптеген ұйымдары банктің елордалық филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, қалыптасу үстінде және бизнесін өрістетуде. Олар көп жылдардан бері банктың сенімді клиенттері болып келеді ҚазГерҚұрылыс холдингі жолдарды саябақтарды, әртүрлі бағыттағы нысандарды салады. Кәсіпорын 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Жасыбай-Инвест ЖШС ЦентрКредит Банкімен 1999 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Бұл банк қазақстандық аймақтардағы серпінді дамып келе жатқан агросекторды қалыптастыру және кеңейту үдерісіне белсене қатысып келеді Біздік компанияның ЦентрКредит Банкімен ынтымақтасуы Қостанай және Ақмола облыстарында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істей отырып, осы банктің Алматыдағы бас кеңсесімен, сондай-ақ Астана, Қостанай, Көкшетау қалаларындағы филилдарымен тығыз ынтымақтасып отыр. Квинтек ЖШС Центркредит Банкімен 2004 жылғы 15 қазаннан бері қоян-қолтық жұмыс жасап келеді.
Сана Компаниясы ЖШС SANA компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар ЦентрКредиттің Астана қаласындағы филиалымен 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді. заманауи және сапалы жолдар - кез келген елдің экономикасын дамытудың қажетті шарты. серпінді дамып отырған холдингі үшін автожолдар құрылысы.
Вербсте ЖШС ЦентрКредит банкімен 2004 жылдан бері жұмыс жасап келеді. ЦентрКредит Банкінің қатысуы арқасында қала тұрғындарына Президенттік саясақты, Олимп саябағын, Уәлиханов пен Абай көшелерінің бұрышындағы скверді, Сарыарқа көшесінің бойындағы украин мейрамханасының ландшафтық-саябақ ансамблін тарту етті.
2009 жылғы 25 қыркүйекте Kookmin Bank Co Ltd, ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ акционерлері және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасында келісім жасалды, соған сәйкес Kookmin Bank Co Ltd үлесін 41,9% дейін ұлғайту және Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) БЦК шығарған және төлеген акциялардың барлық мөлшерінің 10% сатып алуы жоспарланды. Осы келісім аясында 2009 жылдың қазан айында ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы Банктің орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрлерін өзгерту туралы шешім қабылданды. 2009 жылғы қарашада ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ акция шығарылымының жобасына енгізілген өзгертулерді тіркеді, соған сәйкес шығарылым 260 750 745 жай акцияларға және жай акцияларға айырбасталатын 39 249 255 артықшылықты
акцияларға бөлінді. 2009 жылғы желтоқсанда ≪Банк ЦентрКредит≫ АҚ Директорлар кеңесі 17 976 269 жай акцияларды және жай акцияларға айырбасталатын 39 249 255 жаңадан шығарылған артықшылықты акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдады.
Банктің 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған акцияларының 5 және одан көп пайызын иеленетін акционерлер:
Байсейітов Б.Р. 36,39 %
Kookmin Bank Co Ltd. 30,52 %
2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған жай акциялардың саны 144 534 154 дананы, артықшылықты акциялар 65 217 дананы құрады, жарғылық капитал 52 619,2 млн. теңге сомасында төленді.

1.2Банк ЦентрКредит АҚ-ның меншікті капиталының толықтығын анықтайтын көрсеткіштерін бағалау

Комерциялық банктің меншікті капиталы банктің қаржылық ресурстарын құрудың негізгі көзі болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеде банктің қаржы ресурстарына деген сұранысын меншікті капиталы есебінен 12-20% мөлшерінде қанағаттандырады. Банктің меншікті капиталы оның қызметін бастаған кезде өте үлкен рөл атқарады. Себебі, банк құрылтайшылары банк қызметін бастай сала, ең алғашында кететін шығындардың орнын осы меншікті капиталдың көмегімен жабады.
Базель келісіміне сәйкес банк капиталының сенімділігін арттыру мақсатында банк капиталының құрылымына қойылатын талаптар:
1.Банктің меншікті капиталының жалпы көлеміндегі базистік капиталдың мөлшері 50% -дан кем болмау керек. Банктің Базистік капиталының мөлшері түскен пайдадан салықтар төленгеннен кейін есептелінеді;
2. Қосымша міндеттемелердің сомасы базистік капиталдың жалпы сомасының 50% -нан аспауы керек;
3. Егер несиелер қайтарылмаған жағдайда банктің резервтік қорының мөлшері тәуекелді активтердің жалпы сомасының қалыпты жағдайда 1,25 %-нан аспауы керек, ал қалыпсыз жағдайда 2% -нан аспауы керек;
4. Активтердің құнының өсуі жағдайында құрылатын резервтер сатылмаған бағалы қағаздарды сатудан түсетін құпия табыстар формасында болуы керек және бұл жағдайда меншікті капиталдан 55% мөлшерінен аспауы керек.

1 кесте. Банктің 2008-2011 жылдардағы банктің меншікті капиталы

Меншікті капитал, мың,тг
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
132 675 230
154 760 228
176 019 058
134 899 543
Мәлімет көзі : ҚР екінші деңгейлі банктердің пруденциялық нормативтерді орындауы мәліметтері негізінде

Аудит жасалған шоғырландырылған қаржы есептілігіне сәйкес Банк 2009 жыл бойынша жиынтық активтерінің мөлшері бойынша 4-орынға және меншікті капиталы бойынша 6-орынға ие болды. Есепті кезең ішінде Банк активтерін 23,4%-ға ұлғайтты, бұның жиынтық мәні 1 160,6 млрд. теңгені құрады. Банктің ұстамды саясаты 2009 жылдың қиын жағдайларында 3,5 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда алуға мүмкіндік берді. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік базасы 2009 жылы 44,6%-ға өсті, бұл кезеңдегі Қазақстанның банк жүйесіндегі халықтың депозиттері 29,1%-ға ұлғайды. Нәтижесінде Банктің жеке тұлғалардың депозиттер нарығындағы үлесі бір жыл ішінде 13,2%-дан 14,1%-ға дейін өсті. Банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда да жетекші орындарға ие.
2009 жылы Банктің активтері 23,4%-ға өсті және 1 160,6 млрд. теңге деңгейіне дейін жетті. Қазақстанның банк жүйесінің жиынтық активтеріндегі ЦентрКредит Банкінің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға ұлғайып, 10,0%-ды құрады.
2011 жылы Банктің капиталы 3,2%-ға өсті және 2012 жылғы 1 қаңтарда 97,6 млрд. теңгені құрады. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес 2012 жылғы 25 ақпанда Банк ЦентрКредит АҚ-тың стратегиялық серіктестері Kookmin
Bank Co Ltd мен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) ЦентрКредит Банкінің капиталына қатысу жөніндегі мәмілені аяқтады. Аталмыш мәміле аясында Kookmin банкі мен IFC ЦентрКредит Банкінің қолданыстағы, сондай-ақ жаңа акцияларын сатып алды. Соның нәтижесінде ЦентрКредит Банкі KZT17.2 миллиард (US$116 миллион) теңгені құрайтын жаңа акционерлік капитал түрінде күшті қолдау тапты. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша орналастырылған жай акциялардың саны 162 456 800 дана жай акцияны, жай акцияға айырбастауға болатын 39 249 255 дана басымдықты акцияны құрады, жарғылық капитал 69 751млн. теңге сомасында төленді.
Банктің меншікті капиталы 2012 жылғы 1 қаңтарда 134 409 млн. теңгені құрады. Банктің 2010 жылғы қаржылық есептілігіне сәйкес ЦКБ жиынтық активтердің мөлшері бойынша және меншікті капитал бойынша 4 орынды иеленді. Есепті кезең ішінде ЦентрКредит Банкі активтерінің көлемін 5,5%-ға өсірді, жиынтық мәні 1 224,6 млрд теңгені құрады. 2010 жылы Банк 30,7 млрд теңге мөлшерінде теріс қаржылық нәтиже көрсетті. Жеке тұлғалардың ЦентрКредит Банкіндегі депозиттік салымдары 2010 жылы 17,2%- ға өсті. Тұрғын халықтың ЕДБ-ге салымдары осы кезең ішінде 16,2%-ға ұлғайды.
Банктің жеке тұлғалардың салымдары нарығындағы үлесі 14,9%-ды құрады. Банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда жетекші орындарға ие. Несие саясатындағы басымдықтарды өзгерту көзделмеген және 2012 жылы ШОБ-тың несие портфелін ұлғайту жоспарланып отыр. Ірі корпоративтік клиенттер несие портфеліндегі қомақты үлесті - шамамен 25%-ды иеленеді, осы кезде экономиканың құрылыс секторын қаржыландырудың табиғи төмендеуі байқалатын болса,

ІI. Қазақстан Республикасында екіншi деңгейлi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеуі.
2.1. шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.

Банктердiң тәжiрибесiнде қолданылатын несиелеу процесiнiң өзiндiк алғышарттары болады. Әрбiр банкте пайдаланылатын несиелеу механизмiнiң элементтерi несиелiк операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын бiлдiредi. несиелеу алғышарттары келесiдей:
● несиеге деген өтiнiштi қарау;
● несиелiк қабiлетiн талдау;
● несиелiк келiсiм шарт жасау;
● несие беру;
● несиелiк мәмiленiң орындалуына бақылау жасау.
Бiрiншi алғышарт. Банкке келiп түскен несиеге деген өтiнiштi қарау. Кез келген несиелiк операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негiзi мәлiметтер: мақсаты, мөлшерi, түрi, мерзiмi, мүмкiн болар қамтамасыз ету мүлкi көрсетiледi. Банктiң қоятын талаптарына байланысты өтiнiшке қосымша, яғни несиелiк операциялар сипатына байланысты құжаттарберiледi.Клиенттердiң әртүрлi топтары үшiн әртүрлi құжаттар пакетi әзiрленуi мүмкiн. Мысал ретiндегi құжаттар пакетiнiң құрамына жататындар:
1)құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тiркелген куәлiктерiнiң немесе патенттерiнің, нотариалды куәландырылған жердi пайдалануға құқығын куәландыратын құжаттар, азаматтардың төлқұжаттары және клиенттiң несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерi;
2)қарыз алушының соңғы екi жылдағы балансы және оған қосымша мәліметтер;
3)несиеленетiн жобаның рентабельдiлiк деңгейiн және несиенiң қайтарылу мерзiмiн сипаттайтын техникалық-экономикалық негiздеме;
4)несиеленетiн мәмiлелердi растайтын келiсiм шарттар көшiрмелерi (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы материалды құндылықтар шотының көшiрмелерi);
5)басқа банктерден алған несиелер туралы мәлiметтер (шоттар бойынша көшiрме);
6)қамтамасыз ету мақсатында кепiлге берiлген мүлiкке қарыз алуышының меншiк құқығын растайтын құжаттар;
7)несиенi қайтаруға байланысты мiндеттеменi куәландыратын құжаттар;
8)қызметiн жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсiпорынның, және барлық басқа да кәсiпорындардың бизнес-жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиенi қайтаруын қамтамасыз ететiн басқа да құжаттар мен мәлiметтердi талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелiк қатынаста болатын қарыз алушылар үшiн кейбiр құжаттар тiзiмi қысқаруы мүмкiн. Қарыз алушы банкке несие алуға өтiнiш жасаған уақытта, банк несиелеудегi оның мүмкiндiгiн алдын-ала бағалау үшiн есеп карточкасын толтыруы мүмкiн. Онда - фирманың жетекшiсi мен қарыз алушы өкiлiнiң аты-жөнi; қызмет және меншiк түрi; клиенттiң заңды мекен жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктiң аты және реквизиттерi; негiзгi құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенiң мақсаты, сомасы және мерзiмi; соңғы есептiк күнге берiлген баланс құрылымы және басқа да көрсеткiштер жазылады. Тапсырылған құжаттарды оқып, талдау барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабiлетiн бағалау кезiнде, шешiм қабылдау үшiн аса маңызы бар. Бағалау техника-экономикалық есеп негiзiнде жасалады.
Екiншi алғышарт. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн талдау. Яғни, оның ссуда бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабiлетiн бағалауды бiлдiредi. Несиенi қайтара алмау тәуекелi әртүрлi факторлардың әсерiнен болуы мүмкiн, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешiм қабылдамас бұрын оның несиелiк қабiлетiн талдайды. Бұл көрсеткiш банктiң өтiмдiлiгiне ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Қарыз алушының несиелiк қабiлетiне талдау жасау барысында келесiдей факторлар есепке алынады:
ссудаға қатысты қабiлеттiлiгi. Қазір алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық құжатын анықтайтын жарғысы және нұсқаумен танысуға тиiс;
қарыз алушының iскерлiк репутациясы. Несиелiк мәмiлеге тиiстi репутация деп, қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай ақ келiсiм шартқа байланысты барлық мiндеттемелердi орындауы түсiндiрледi;
табыс алу қабiлетi. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткiлiктi қаражатты табу қабiлетiне баға беруi қажет;
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық мiндеттемелер бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелiк қабiлетiн банктiк талдау шектеулi және кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк Центркредит АҚ қызметін ұйымдастыру
Банктің меншікті капиталы,оның құрылымы және қалыптасуы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері туралы
Банктің меншікті капиталының құрылымы
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін жетілдіру
Мемлекеттің бағалы қағаздары
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер