Гуманизмнің әлеуметтік қызметі адамдардың қауымдастықтағы қатынасын сақтаудан туған қажеттілік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
1.1.Акмеология жайлы түсінік.
2.Негізгі бөлім
2.1.Детерминизм принципі
2.2.Даму принципі
2.3.Ізгілік принципі
2.4.Гуманизм
3.Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Ғылыми зерттеулердегі жалпы әдіснамалық принциптер
Акме - тұлғаның дамуының жетілгендігі және іс-әрекет пен шығармашылықта едәуір жоғары жетістіктерге жетуімен сипатталатын, оның соматикалық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік күйі. Бұл күй адамның жасымен байланысты және шамамен 30 жастан 50 жас аралығын қамтиді. Кейбір шығармашылық тұлғаларда ол әрі қарай да жалғасуы мүмкін. Математика саласында ең жоғарғы жетістіктер 30 жасқа келеді, ал көркем әдебиетте - 50 жастан кейін және т.б. көрініс табады. Адам жетілуінің жоғарғы шыңы (акме) - оның өмірінің ұзақ уақытын қамтитын кезеңнен тұратын және әрқашан да оның қаншалықты азамат, белгілі бір іс-әрекет саласының маманы ретінде қалыптасуын білдіреді. Сонымен қатар, акме ешқашан тұрақты болып табылмайды, ал ол аз немесе көп вариативтілікпен, өзгергіштілікпен айрықшаланады. Антикалық өмірбаяндарда акме деп өмір мен шығармашылықтың жоғарғы нүктесін, ең жақсы кезенің атаған. Қазіргі заманғы акмеологияны - гүлдену кезеңі жөніндегі ғылымды - ең алдымен, әртүрлі мамандықтардағы адамдар қай жаста оған жететіні және осы деңгей қанша уақыт тұра алатыны қызықтырады. А. басты проблемасы болып табылатын - ол өмірдің белгілі бір кесіндісі емес, ал кез келген кезеңді гүлдендіре алатын жасампаздың өзінің рухының күйі
Акмеология - (Көне грек: akme -- биік, шың, табыс, logos -- ілім) адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. Эмбриология, морфология, физиология, психология, педиатрия, педагогика, геронтология және т.б. ғылымдарды қамтиды.
Детерминизм принципі. Субъект категориясы ролін мойындауда дитерменизм принципі механикалық линиядағы түсінікті жеңудің күрделі үрдісінен бұрын болған субъект парадигмасының үстемдігі ғасырдың басында физикада қиындыққа ұшыраса да, психологияда үстемдің құруын тоқтатпады. Алға үңіле отырып, жаратылыстану ғылымдарында тұлғаның әлеуметтік дитерминациясы принципіне жүгіне отырып, отандық көзқарас бойынша механикалық дитерминация әлеуметтік детерминацияның шешуші ролі идеологиялық мойындауға, маркстік идеологияға негізделді деп айтуға болады. С.Л. Рубинштейн жаңа, психика табиғаты спецификасына жауап беретін, деретминизм түсінігін қалыптастырды. Осындай принципке сәйкес, сыртқы жағдайлар нысанның мәнін және оған ықпал етуші нәтижені бір мағыналы етіп емес, ішкі жағдайлар арқылы анықтайды. Бір құбылыстың екінші құбылысқа әрбір әсері, С.Л.Рубинштейн бойынша, осы әсер ету болып отырған сол құбылыстың ішкі қасиеттері арқылы түсіндіріледі. Бұл ықпалдың нәтижесі немесе пән тек құбылыс пен тәнге байланысты емес, сонымен қатар оған ықпал етіп отырған табиғатқа да байланысты. Адамның өміріне үңіле отырып, біз психикалық құбылыстың оның тканіне оратылып, себепші болған және себепші болатын, өмір жағдайларына тәуелді адамдар тәртібі секілді екенін көреміз.
Замануи қоғамда адамның жеке қасиеттерінің әлеуметтік өзгерістерінің шамаластығын іздеудің өзекті мәселесі пайда болды. Модернизация идеологиясы ғылыми білім жағдайына, ғылыми білімнің тәжірибемен байланысына, кәсібилік рольдік арттырылуына негізделеді. Осы міндеттердің барлығы акмеологияның тұлға туралы ғылым ретінде мәселелерді шешуіне бағытталған. Адамның жетілу идеясы әрдайым оның көзқарасында күрделі әлеуметтік дәуірдің өзінде де болған. Бірақ акмеологияның арқасында бұл гуманистік идея өз әлеуметтік сұрауын тапты-ол тұлғаның жетілуінің міндетін өнер үшін өнер принципі бойынша емес, Б.Г. Ананьев аса көрегендікпен жазғанындай, оның өмір күшін нығайту үшін шешеді. Шың қозғалысы, құзіреттілік, кәсібилік әлеуметтік қажеттілікке айналды.
Акмеологияның міндеті- басқару парадигмасын өзгерту. Ол осы жеке- психологиялық ресурстар жетілу мүмкіндігімен бірге, тұлғаның күрделі жағдайларда осыларды қолдана білу қабілетінің де мүмкіндіктерін ашады. Заманауи қоғамда тұлға өзінің орны мен ролін анықтауына мүмкіндік бере алатын әлеуметтік есею дәрежесін және құзіреттілік пен кәсібилік дәрежесін, және өз бетімен әрекет ете білу дәрежесін анықтауы тиіс.
Даму принципі. Даму принципінің түрлі формаларында бір жағдайда үндестік негізі басым болған болса, кей жағдайда өмір жолында адамның дамуы кезеңдеріндегі кейбір қарама-қайшылықтар басым болды. Соған қарағанда, тұлғаның үйлесімді дамуы принципін сынауда даму пропорционалдығы мәселесін шешпеуі тиіс. Отандық психологияда даму гетерохронності, сензетивтілік түсінігінің сәйкес келу- сәйкес келмеу сипаты ретінде бекігеніне де көп уақыт болды. Гетерохронность түсінігі даму әркелкілігі мен түрлі психикалық қызметтердің даму қарқынын білдірді. Осы классикалық болып кеткен екі түсінік өз негізінде үйлесімдік, сәйкестік принципіне ие.
Л.И. Анцыферова ерекше көрсетіп отырған дамудың диахрониялық сипаты дамудың екі түріне- прогресс және регресске бөлінеді. Соңғысы тұлғаның қалыпты құрылымының бұзылуын, үйлесімсіздікті , даму бағытының шектелуін сипаттайды.
Тек соңғы жылдары ғана екі даму принципінің құрастыру бағыттары бір-біріне жақындай түсті: дамуды статильді ретінде түсіну және С.Л. Рубинштейннің айтуынша, айқындалып, дами бастайтын тұлғаның даму қызметі. Онтогенездік зерттеулерде түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты даму шектері, кедергілер, даму тұйықтарын орнатуға талпынған. Тұлғаның қызметтегі дамуын саралауда, ақыр соңында еңбек сипатына байланысты даму мүмкіндігіне шек қойылған уақытқа дейін, еңбек пайдалылығы идеясына сәйкес келетін оптимистік көзқарас басым болды. Әрбір қызмет түрі тұлғаны дамыта алмайтыны бойынша балама формула пайда болды. Онтогенез бойынша заманауи еңбектерде жас ерекшелік критериилері мен қызмет ерекшеліктерімен даму ерекшеліктері байланысады. Т.В. Карсаевская белгілегендей, вербалдық интеллектпен байланысты өрлеу жес ерекшелік шегіне ие емес. Жазушылар, аудармашылар, актерлер өздерінің шығармашылық әлеуетін өмірінің соңына дейін сақтайды.
Гуманизм (лат. humanus - адамдық, адамгершілік) - адамды бірінші орынға қоятын және тұлғаны ең жоғарықұндылық деп қарастыратын тұжырымдама, дүниетанымның принципі. Тар мағынада ортағасырдағы дінисхоластикаға қарсы Қайта Өрлеу дәуіріндегі зайырлы (светское) көзқарас.
Гуманизм принципінің негізінде сонау көне заманнан белгілі басқа адамға сыйлы қатынас идеясы, оны құралретінде пайдалануды тыю жатыр. Сондықтан гуманизм идеясы - адами мәдениет пен өркениет тарихындағыорталық ойлардың бірі. Оның бастауын б.з.д. ІІ ғ. байқауға болады. Кезінде "гуманизм" ұғымын атақты Цицеронанықтауға тырысқан.
Гуманизм тұжырымдамасы Ренессанс дәуірінде айтарлықтай даму алды. Оның көрнекті өкілдері: Ф. Петрарка, А. Данте, Ф. Боккаччо, Пико делла Мирандола, Леонардо да Винчи, Дж.
Гуманизм туралы пікір дүниетаным ретінде өте күрделі феномен болып табылады. Ол көп деңгейлі мәнге ие, пәндік тұрғыдан көп мазмұнды және өзінің көрініс беруі тұрғысынан көп формалы болып табылады. Бұл формалардың жетеуін бөліп алып қарауға болады: теориялық, әлеуметтік, тарихи, психологиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық, экзистенциалды, әлеуметтік-мәдени. Бірінші үшеуі кез келген мәдени феноменге тән. Одан кейінгілері гуманизмнің әр түрлі жақтарын қамтиды. Мысалы, гуманизмге ерекше психология, әлеуметтік, саяси-құқықтық мәртебе, экзистенциалды құндылық тән. Осылардың жиынтығы метагуманизмді, гуманизмнің дүниетаным ретіндегі және мәдениеттің феномені ретіндегі рефлексиясын береді. Өзінің мәні тұрғысынан гуманизм теорияның (сенімдер мен білімер) және адам өмірінің, практикасының имманентті бірлігі ретіндегі дүниетаным болып табылады. Гуманизм адамға тән гумандылықта негізделеді адамдардың ішкі жан дүниесінен туатын гумандық сезімдері мен іс-әрекеттерінде көрінеді. Осы әрекеттерден адам өмірінің ең позитивті, жасаушы, шығармашыл жақтары бастау алады. Теориялық, діни, көркем әдебиет және т.б. арқылы бейнелене отырып, гуманизм көп түрлі гуманистік ілімдер түрінде көрініс береді. Егер гуманизмнің нақты бір мазмұнына көңіл аудармай, оның құрылымын, логикасын және адамның гуманистік әркеті арасындагы қатынастың сипатын талдайтын болсақ, біз теориялық объект ретінде бұл дүниетанымға қатысты рефлективті деңгейге көтерілеміз. Гуманизм кең мағынасында мәдениеттанулық детерминантты, адам өмірінің өзіндік құндылықтарын мойындау негізінде өмірлік құрылымның жалпы принциптерін білдіреді. Бұл жағдайда ол әлемнің барлық халықтарының рухани тарихында бар, яғни ол гуманизмнің әмбебаптық мәнін білдіреді. Дәстүр бойынша гуманизм білім мен тәрбие арқылы адамның жетілу жүйесінен көрінеді.
Философ-экзистенциалистер үшін гуманизация негізгі өмірлік құндылықтар мен оның қоғамдағы орны мен рөлін басқаша ойлау жағдайымен байланысты. Технологиялық қоғамға сәйкес гуманизация мәселесі Э. Фроммның Үміт революциясы (1969) еңбегінде көтерілген. Психолог К.К.Платонов техниканың гуманизациясын инженерлік психологияның мәні, техниканың адамның ерекшелігі мен іс-әрекетіне сай келуі тұрғысынан қарастырған. Гуманизация адамгершілікке жету жолындағы жеке және әлеуметтік келісілген жағдайды білдіреді. Біздің ойымызша, гуманизация табиғат пен социум әлемінің адамдануын көрсетеді. Гуманизм құбылыс әрі жағдай ретінде ұзақ тарихқа ие және соған сай оның мәнінің түсініктемелері де әртүрлі. Гуманизмнің маңызды сипаттамаларын оның шығу тегін зерттегенде түсінуте болады. Бұл қиын теориялық мәселе. Гуманизмнің бастауларын зерттеуте кіріскен қай зерттеуші болмасын өзінше шешуі қиын, тарихи түрленімі бар және рационализациялануы қиын адам табиғаты, жақсылық пен жамандық, өзгешілдік және басқа да ұғымдарға кездеседі. Сонымен бірге жалпы болса да оның шығу тегін анықтау керек, себебі ары қарай талдау да осыған байланысты болады. Алдымен кейбір көзқарастарға тоқталайық.
Гуманизмнің қалыптасуын адамның бойында жиналған қасиеттермен байланыстыратын тұрақты дәстүр бар. Кейде адамдық ұғымын адам мәнінің сипаты ретінде қолданады. Белгілі философ, Ресей гуманистік қоғамының Президенті В.А. Кувакин гумандықты адамның туғаннан пайда болған антропологиялық белгісі деп жазады. Ол: Адамның мәні, мақсаты, оның құндылығы мен шынайылығы адамның өзінде. Тек осы жағдайда ғана қоғам, табиғат, ештеңе, белгісіздік, Құдай (егер бар болса) өз дәрежесінде бағаланады, тек осы жағдайда олар шынайы құндылыққа ие болады. Гуманизмнің негізгі алғышарты осындай, -- дейді. Л. Иожеф те Мәдениеттегі гуманизм және гуманизмдегі мәдениет мақаласында бұл мәселеге тоқталады. Ол логикалық ойлау құралдары адамның абсолюттік құндылығын дәлелдеп бере алмайды деп көрсетеді: Мұны анықтаудың жалғыз мүмкіндігі -- әлемдік құрылымның болмыстық негізіне емес, адамның өмір сүру фактісіне сүйену керек. Адамның өзіндік санасы бар болғандықтан ол өзін әлемнің орталығы ретінде жариялайды. Отыз жылдық психотерапевтік тәжірибе негізінде адам табиғатының жақсы жақтары жайлы жазған К.Роджерстің көзқарасы анық. Адамның мәнін бұлай бағалау шетелдік гуманистік қозғалыс теорияшыларының зерттеулерінің көпшілігінде кездеседі. П. Куртц адамдағы рационалдық бастаудың басымдылығын, ал С. Ламонт адамның жақсылыққа қарай талпынысын басты деп көрсетеді.
Бірақ адамның антропологиялық ерекшелігі ретінде гумандылықты түсіндірудегі негізгі қайшылықтарды байқамауға болмайды. Ең алдымен көзге түсетіні осы немесе оған қарама-қайшы тезистің түбегейлі дәлелденбеуі болып табылады. Адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығы жайлы
Абайдың этикалық көзқарасы
Тұлға әлеуметтенуінің механизмі
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык
Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті - тәрбие әдісінің бір түрі
Зерттеудің пәні - ұжымдық шығармашылық әрекет
ТҮЗЕТУ, БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИГУМАНИСТІК БАҒЫТЫ, АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖЕТЕКШІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Биомедициналық этиканың теориялық негіздері
Көркемдік қажеттілік
Пәндер