АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану-математика факультеті

Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Дипломдық жұмыс

АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

5В 012000 - «Кәсіптік оқыту»

Орындаған: Нәби Н. А.

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы

Абдимоминова Д. К.

Қостанай 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Трансформер үстелінің шығу тарихы және оны дайындауда қолданылатын материалдар.

1. 1 Жиһаздардың және трансформер үстелінің шығу тарихы туралы жалпы мәліметтер . . . 5

1. 2. Ағаштың қасиеттері және түрлері . . . 15

1. 3 Жиналмалы бақша орындығын жасауда қолданылатын құрал - саймандар . . . 22

2. Ағаштан жасалатын жиналмалы бақша орындығының жасалу технологиясы.

2. 1 Трансформер үстелдерді жасаудағы ерекшеліктер . . . 42

2. 2 Технологиялық бірізділігі. . . . 45

2. 3 Технологиялық картасы . . . 46

2. 4 Өзіндік құнының есептемесі . . . 49

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56

Қосымша . . . 57

Кіріспе

Ағаш өндеу тарихы өз тамырын өте тереңнен тартады, Жер тұрғындары ағаш сүрегін баспана, жерүсті және суүсті қозғалысы құралдары мен т. б. құрастыруда белсенді қолданған. Бағзы замандардан ағаштан үй салынып, керек-жарақ, ыдыс-аяқ дайындалған, ойыншықтар жасалынған. Көптеген халықтарда ағаш өндеу - ұлттық көркемдеу өнерінің ең дамыған әрі ең көне түрі.

Ескілікте ағаш бұйымдарының көбі тек пайдалы қызмет атқарған, алайда шебер олардың әрқайсысына сұлулық бөлшегін қосуға, материал пішіні, үйлесімі мен сәнділігіне ерекше назар аударылған. Егер ағаш сүрегінің мәнерлі текстурасы бұйымның сәнін келтіре алатын болса, оны анық етіп көрсетуге тырысқан.

Адамның ағаштан жасағандарының барлығы да үнемі пайдалы қызмет атқарды әрі рухани мәнге де ие болды, өйткені пайдалы қызметі үшін жасалған заттардың шебер көңілін, оның сезімдері мен ойларын өн бойында тасушыға айналуы қолөнер бұйымдарының ең белгілі ерекшелігі болып табылады. Адам затты пішіні мен қабылдануы жағынан жақсарта түсті, ал еңбек әрекеті барысында оның шеберлігі жетіле түсті, пішін, түс, материал, сәйкестік, симметрия, ырғақты сезіну қабілеті тәрбиеленді.

Құрылыс материалы ретінде де ағаш бағзы замандардан бері қолданылады. Ол көптеген қасиеттерге ие, жеткілікті түрде жоғары механикалық беріктік, төмен жылуөткізгіштік, шағын көлемді салмақ, оңай өнделеді, қышқыл, тұз, майлар мен т. б. ықпалына төзімді.

Одан бөлек, дұрыс қолданған жағдайда, ағаштан жасалынған құрылыстар көп жылдар көлемінде сақталады. Өндіріс орындарының үлкен құрылысы етек жайған, соғысқа дейінгі кезеңде ағаш құрылыстар кең қолданыс тапты. Олардың төбелерін жабуда сол кезең үшін заманауи бөлшектер және ағаш-металды фермалар, шегелі арқалықтар және т. б. қолданылды. Сол кезеңде ағашты күрделі ғимараттарда қолдануға мүмкіндік берген, шіруден және жанудан қорғаудың жаңа әдістері ойлап табылды.

Өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін, адамның өзін қоршаған кеңістігін барынша ұтымды пайдалануы табиғи құбылыс. Біздің күнделікті өмірімізде ең маңызды орындардың бірін ала отырып, жиһаз керекті жайлылық деңгейін қамтамасыз етуге зор ықпалын тигізеді және ғимарат интерьеріндегі үлкен функционалдық салмақты алып жүретін құраушы болып табылады.

Ағаш бұйымдарының және олардың құрылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, оны өндеудің технологиялық үдерістері бір ғана ұстанымдар негізінде қаланады. Тек өндеу тәсілдері мен әдістері ғана өзгерген. Қол құралдарының орнына механикалық өндіріс құрылғылары келді, олар ағаш өндеудің уақытын барынша қысқартты және еңбек өнімділігін, жасалған бұйымдардың сапасын айтарлықтай жоғарылатты.

Жиһаз - біздің әрқайсысымыздың күнделікті өмірімізде қолданылатын және біздің физикалық жағдайымызға, көңіл-күйімізге әсер ететін заттар болып саналады. Бүгінгі күні жиһаз адам үшін тек жататын немесе отыратын орын болып қана емес, сонымен қатар өмірлік кеңістікті айқын толтыру құралы да болды. Трансформер үстелі - кеңістікті үнемдеу кезіндегі мінсіз шешім. Ол ыңғайлы, эргономикалы және көпфункционалды. Мұндай жиһаздың негізгі міндеті - үстел үстінде адамдар санын көбейту. Аз орын ала отырып, жиналатын үстел қонақ келген кезде көмегі тиетіні сөзсіз.

Диплом жұмысының өзектілігі: Жиналмалы жиһаздардың бүгінгі нарық заманының кезеңінде тұтынушылардың қызығушылықтарын оята отырып, сұраныстарын қанағаттандыру.

Диплом жұмысының мақсаты: Бақшаға арналған ағаш трансформер орындығын жобалау, құрастыру және оның өзіндік құнын есептеу.

Диплом жұмысының міндеттері :

  1. Зертелетін жұмысқа керекті әдебиеттерге талдау жасау.
  2. Бұйымға қажетті материалды таңдау және әзірлеу.
  3. Бұйымды жасау технологиясын әзірлеу
  4. Бұйымды дайындау және өзіндік құнын есептеу.

Зерттеу нысаны: ағаштан жасалынатын жиналмалы бақша орындығын әзірлеу және құрастыру үдерісі.

Зерттеу пәні: ағаштан жасалынатын жиналмалы бақша орындығы

Зерттеу әдісі: анализ, талдау, жобалау.

Гипотеза: егер бақшаға арналған ағаш трансформер орындығын әзірлеп әрі оны құрастырса, бұл жобалау және ағаш өндеу бағытындағы кәсіби дағдыларды дамытуға және бекітуге мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, бірнеше тармақшаға бөлінген екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

  1. Трансформер үстелінің шығу тарихы және оны дайындауда қолданылатын шығу тарихы туралы жалпы мәліметтер

Жиһаз өндірісі сан ғасырлық тарихқа ие. Жиһаздың бізге белгілі ең көне үлгілері б. з. д. ІІІ ғ. Мысырда салынған патша қорғандарынан табылған. Бұл піл сүйегі, малахит және көгілдір ақық тастармен безендіріліп, қарағаштан жасалынған қобдишалардың сынықтары. Сол жерден адамзат тарихындағы алғашқы отырғыштар табылған, тіпті олардың бірі жиналмалы болған. Бұл отырғыштар ағаштан жасалынған, ал аяқтары жануар тұяқтары бейнесінде пілдің тұтас азу тісінен ойылып жасалынған. Сондай-ақ, ежелгі мысырлықтар кереуеттер мен орындықтардың «авторлары» болып табылады [1] .

Адамның алғаш жасаған жиһазы өте қатты әрі аса функционалды болған. Тек мысырлық перғауындар ғана алтын қаптамалармен және күрделі оюлармен безендірілген креслода отыру мүмкіндігіне ие болған. Ұлы, бірақ тұрмыста қарапайымдылықты сүйетін гректер ерекше сандық - ларды ойлап тапқан, олар бір мезетте жантайма төсек және отырғыш қызметін атқарған. Ал ежелгі Рим ақсүйектерінің сарайлары мен қала сыртындағы виллаларындағы жиһаз өте салтанатты, оюлармен және әшекейлермен безендіріліп, алтын жалатылған және түрлі-түсті сырмен боялатын болған. Салтанаттылыққа ұмтылу барысында римдіктер жиһаз өндірісінде жаңа материалдар - қола мен түрлі-түсті мәрмәр тастарын қолданған, олардан отырғыштар мен үстелдердің, мозаика түріндегі үстелдің беткі тақтайлары жасалынған. Ал римдік қолөнершілер өз үйлері үшін тал бұтақтарынан тоқып, ыңғайлы әрі арзан жиһаз жасаған.

Шкаф орындықтар мен үстелдерден әлдеқайда кешірек пайда болды. Бұл оқиға орта ғасырларда феодалды Еуропаның готикалық қамалдарында орын алды. Лар-сандық шкафтың түпкі үлгісі қызметін атқарды, ол сақталынатын заттар молшылығынан биікке көтерілуге тырысты және бірден жиһаз иерархиясынан басты орындардың бірін иемденіп, шкафқа айналды. Шкаф готикалық қамалдарға еліктей бастады, мұңаралар, бағаналар үлгісінде, тіпті ағаш мүсіндермен әшекейленді. Түрлі мақсаттарда қолдануға қолайлы шкаф тұтас бір жиһаз «әулетінің» негізін қалаушы болды: кейінірек кең ауқымды шыны құю игерілген соң, шыны есікшелері бар буфет пайда болды, ал одан кейін кітап шкафы да жарыққа шықты.

Бәрінен бұрын сарай жарасымдылығының бірлігіне ұмтылған Барокко, жиһаз түрлері мен пішіндерін барынша түрлендірді. Жиһаз барокколық интерьер әдемілігін арттыра түсетін, ол сан түрлі әрі шектен тыс безендірілетін бола түсті. Алтынмен апталған, суреттермен, мүсіндермен толып кеткен архитектураның бай үдемелі пішіні жиһаздан да көрініс тапты. Жиһаз заттары сан түрлі ернеу үлгілері және әшекейлердің көптігімен көлемі жағынан үлкен, пішіні жағынан күрделі бола түсті. Ренессанс стилінің жайлы әрі айқын сызықтарымен салыстырғанда, пішіннің тұрақсыздығын сипаттайтын мүсінді ою, қола, мыс, күмістен жасалынған металл қаптамалар, сондай-ақ көркем мозаика, интарсия, өрілген бағаналар зерлеу ісінде үлкен рөл ойнады [2] .

Жұмсақ жиһаз - сәнді маталар - мақпал, штоф, гобелен, Кордовадан алынған мәнерленген испан былғарысы және глазетпен (алтын және күміс жіптер кіріктіріліп тоқылған мата) қапталған жұмсақ отырғыш, арқалық, шынтақ сүйеніштері бар отырғыш, орындық, кресло, дивандар сәнге ене бастайды. Жұмсақ отырғышы бар ұзынша орындық пішініне ие, 6-8 аяқты канапе-кушеткалар көп тарала бастайды. Кресло, орындық, дивандар сәулетті көрінеді, олардың арқалықтары толқын тәрізді, ал шынтақ сүйеніштері толқын иірімі түрінде болды. Қаптама қалпақшасы көлемді ірі шегелермен бекітіледі. Ұшталған аяқтар сан түрлі (консоль, балясин, төменіне қарай жіңішкеретін пирамида, s-тәрізді пішінде) . Жиһаздың жұмсақ бөліктерін алмалы-салмалы тыспен жабу әдеті орнайды. Тоқылған отырғыштары үлкен гүлдері бар ашық түсті маталармен қапталған, қала сыртындағы резиденцияларға арналған креслолар да пайда болады.

Үстелдердің пішіні де түрленді әрі жетілдіріле түсті. Олар енді бір немесе төрт аяқты бола алатын, ою, қола детальдармен, түрлі-түсті мәрмәр, ақық тастардан жасалынған флоренциялық мозаика немесе Францияға әйгілі әшекейлі сурет-маркетримен (фр. Marquetri - «таңбалармен шұбарланған») безендірілуі мүмкін болатын. Салтанатты композицияға топталған купидон, су перісі, грифон, бүркіт, арыстан, қабыршақ, оралған таспа, акант ширшықтары ою мен әшекей сюжеті қызметін атқаратын. Жаңғақ ағашы оюға қиын берілетін еменді жиһаз өнеркәсібінен түгелдей ысырып шығарды. Жаңғақтан көркем консольды үстелдер жасалынады, олар қабырға тұсына қоюға арналған және сол себепті бір жағынан ғана безендірілетін. Бұл әсемдік заттары, оларға сағат, ыдыс-аяқ, шырағдан, қобдишалар қойылады. Керісінше, сәнге айналған гобеленді маталармен тартылған экрандар тек сәндік қана емес, пайдалы мәнге де ие, ойткені олар өтпе жел немесе ыстықтан қорғай алады.

Шкафтар да көркем сипатқа ие бола бастады - мысалы, көлемді «архитектурасымен» танымал болған гамбургтық шкафтар. Оларды ерекшелейтін шар тәріздік аяқтары, берік ернеулері және жақ тәрізді фронтон ортасындағы картуштар еді. Қайта өрлеу дәуірінде танымал болған лар-кассондар енді көптеген қорапшалары бар комодпен, кітап шкафтарымен, бюро (үстел), шкаф-кабинеттермен ауыстырылды.

Үй иесінің бөлмесі мүлде өзгерді. Енді бұндай бөлмелерге барынша үйлестірілген салтанатты жиһаз - жазу үстелі, бюро, кітап шкафы, шырағдан, сағат және өзге де нәрселерге арналған консольды үстел, тек кабинеттік заттар қойылатын. Географиямен айналысатын көзі ашық адамдарда, осы жерден карталар мен глобустарды кезіктіруге болатын.

Жатын бөлмелердің алдындағы бөлмелерде тек функционалды комодтар қойылатын. Ал жатын бөлмелердің өздері ХVІІ ғасырда салтанатты орын болып саналған, бұнді тіпті қонақ қабылдау ісі жүзеге асырылатын. Кереуеттер Қайта өрлеу дәуіріндегідей, балдахиндерді сақтады, дегенмен әсемірек бедерленетін болды. Алтын немесе күміс жібек жіптерімен өрнектелген, атластан жасалынған әсем төсек жапқыштары - Лион немесе Флоренция тоқымашыларының бұйымдары - оларға салтанатты түр беретін. Шығыстық суреттері бар маталар сәнде болатын, олар Англияда, кейінірек бүкіл Еуропа бойынша жапондық деген атқа ие болды, алайда онда жапондық қана емес, қытай мотивтері (ірі және ұсақ гүлдер, гүлдеп тұрған сакура бұтақтары, құстар) де бейнеленетін [3] .

Жиһаз сәнін шығарушылардың ережелері біртіндеп Италиядан Францияға өтті. ХVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басындағы Италия мен Батыс Германияның сарай жиһазы (шкаф, кабинет, жазуға арналған шалқаймалы қақпағы бар кабинет-секретерлер), қисықсызықты үйлесімдер динамикасы және жарық көлеңкесімен ойнау сәйкес интерьерде толықтай сіңісу әсерін бергенде, пішіндердің көркем пластикасына ие болады.

ХV және ХVII ғасыр басында, Англияда барокконың өріс ала бастаған тұсында Тюдор (билік құрушы әулет атауымен) стилі басымдыққа ие болады, оған ренессанс мотивтерінің біраз оңайлатылған интерпретациясы тән. «Тюдор» үйлесіміне бөлме қабырғаларын, ернеулерін және төбесін ағашпен өрнектеу тән. Француз абсолютшілдігі (XVII - XVIII ғасырлар) дәуірінің бай салтанатты интерьеріндегі түрлі-түсті мүсіндер, жабыстырма, алтын зерлі ою, көптеген айна және жарқыраған паркетпен безендірілген жарық залдар көлемді кеңістік әсерін тудырады. ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан, классикалық барокке кезеңінде жиһаз «Луи Каторз» - «Он төртінші Луи» стилінде жасалына бастады. Бұл фанерленген кабинеттер және екі қақпақты шкафтар, олардың бойында барокколық әсемдік (гүл шоқтары, өсімдік оюлары) жарасымды әрі салтанатты тікбұрышты пішінмен үйлесетін. Таққа тән биік тік арқалығы бар «Он төртінші Луи» креслолары, жұмсақ әсем отырғыштар салтанатты кең көйлектері бар ханымдарға арналған. Оларды әсемдеуде бағалы тұсқағаздар, левкас үстімен алтын жалату әдістері қолданылады. Француз бароккосының жиһазы итальяндық үлгілер негізінде пайда болды. Корольдік жиһаз фабрикасына итальяндық жиһаз шеберлерінің бір парасы шақырылған. Жиһаз бойынша жұмыс жасаған суретшілер (Жан Лепотр және Блондель) жиһаз үлгілері бейнеленген альбом шығарады. ХІV Людовик стиліндегі жиһазды сарай маңындағы фабриканттар мен шеберлердің тұтас бір әулетінің фирмасын қалаушы Андре-Шарль Буль (1642-1732) есімімен байланыстырып, Буль стиліндегі жиһаз деп те атайды. Ол жалғыз өзі, кейде ұлдарымен бірігіп жұмыс жасаған. Аталмыш француз шеберінің комодтары интерьердің ең сәнді бұйымдары болып жатады. Қарағаштан жасалынған бұл комодтар пішін тұрғысынан барынша қарапайым болған. Оларды ерекше сәнді еткен бетперде, Күн пішінін (өйткені шебер «Күн-патша» - ХІV Людовик дәуірінде жасаған) қайталайтын бедер, пальметкалар түріндегі зерлеу еді. Буль зерінің тағы да бір нұсқасы - түрлі материалдардан жасалынған сурет геометриялық дұрыс пішіннің нақты жиектемесіне орналасатын маркетри техникасының кең жиынтығы. Кей кездері комодтардың бұрыштарында кариатидтер мен сфинкстерді бейнелейтін мүсінді қаптамалар орналасатын. Симметриялы орналасқан ою-өрнек Еуропада жоғары бағаланған Буль жиһаздық өнеріне қымбат жарасымдылық реңін сыйлайтын. Жалпы, оның барлық жиһазы пішін тұрғысынан қарапайым, алайда ағаш бетін түгел жабатын әшекей мен зерден көрінбейтін. Ою-өрнек антикалық Рим мотиві бойынша салтанатты акант шиыршықтары, әскери олжа суреттері, лавр шеңбері, қылыштар және с. с. түрінде жасалған. Буль стиліндегі жиһаз тек Францияда ғана емес, ХVІІІ ғасыр бойында басқа да елдерде таралған.

ХVІІ ғасырда тұрмыста шезлонг - жатуға ыңғайлы, шалқайма арқалығы бар ұзынша кресло; арқалығы бас орналасатын тұсында томпайып келетін, кәрілерге арналған кресло; ортақ арқалығы мен отырғышы бар, біріктірілген үш кресло түріндегі дивандар пайда болды.

Жиһазды отырғыш пен арқалық пішіні бойынша арнайы үйлестірілген гобеленді дара матамен қаптайды. Гобелендердің суреттері гүл тізбектері және таспалармен есілген гүл, құс, өсімдік, жануар, музыка атрибуттарының күрделі композицияларынан тұрған.

Үлкен залдар мен қонақ бөлмелерінің қабырғаларының тұстарына үстінде айнасы бар екі аяқты консольдер (ерекше үстелдер) қойылатын болған. Консольдерді барынша қалыпқа түсірілген әрі талғаммен иілген аяқтармен және картуштармен безендірген. XVII ғасырдың басында тартпалары бар жазу үстелі, комод, бюро жарыққа шыға бастады.

ХІV Людовик өмірден өткен соң, Францияны оның жиені, ханзада-регент Филипп Орлеанский басқарды. Сондықтан да кейінгі барокко стилі «регенттік стилі» деп аталады. Бұл стиль жиһазының сән-салтанаты біраз төмен, жарқылы бәсеңдетілген көрінеді, жиһаз аяқтары аласалау, пішіні иілген, отырғыштары алға қарай шығыңқы.

Тым мәнерлі куртуаздылықтан қашқақтаған ХVI Людовик билігі итерьер безендірілуі мен жиһаз өндірісіне үлкен қатаңдық алып келді. Рококо мен классицизм арасындағы бұл француз стилі Он алтыншы Луи (Луи Сез) деп аталады. Кейде оны Мария-Антуанетта патшайымның құрметіне атайды. Жиһаз мейлінше қатаң, артық заттары жоқ пішінге ие болады; корпустық жиһаз (шкаф-буфет, бюро, секретерлер) қола әшекейлерімен көзге түсетін, салтанаттылықтан қашқақтайтын әрі антикалық қарапайымдылыққа ұмтылатын, жиі-жиі көне грек және рим өрнектерін қайталайтын қызыл ағаштан жасалынған қатаң геометриялық пішіндер жеңілдігіне ие болады. Бұл стиль аясында Францияда Ж. Жакоб, Ж. А. Ризенер шеберлер, сондай-ақ неміс жиһазшысы Д. Рентген жұмыс жасаған.

Франциямен салыстырғанда, үшінші қауым адамдары алдыңғы қатарлы рөл ойнаған және бүкіл өмір сарай маңына шоғырланбаған еуропалық елдер үшін, мысалы Голландия мен Англияда жиһазбен жабдықтаудың өзге стильдері дамып жатты. Голландияда 17-18 ғасырларда қала топтары (бюргерлер) үшін сенімді әрі ыңғайлы жиһаз дайындалған. Көп қалыпты ернеуі бар екі қақпақты шкафтар, құмыра тәрізді ұшталған ауыр аяқтары бар үстелдер, ұшталған тіреулер мен көлденең ағаштан жасалған биік арқалығы және көбінесе былғарымен қапталатын трапеция секілді отырғышы бар орындықтар кең таралды. Осыған ұқсас, бірақ 17 ғасыр мүсіндерімен молынан зерленген жиһаз Германияда жасалынып жатты.

Англияда бұндай қолайлы жиһаз аталмыш стильге атау берген Т. Чиппендейл шебердің арқасында өз шарықтау шегіне жетті. Бұндай жиһаздың пішіндерінің оңтайлылығы сызықтардың жеңілдігімен әрі өз бойына готика, рококо және шинуазри сипаттарын жиып алған хикметі көп өрнекпен үйлесім тапты. Англияда бұл кезеңді неоготика деп атайды. 18 ғасырдың екінші жартысындағы ағылшын шеберлері Т. Шератон мен Дж. Хеплуайт жиһаздары классицизм сипатындағы зермен әшекейленетін, алайда ыңғайлы жеңіл пішіндер Чиппендейлге жақын.

Америка Құрама Штаттарында чиппендейль жиһазына және безендіруіне еліктеу колониалдық деп аталған өзіндік стиль тудырды.

18 ғасыр аяғындағы архитектурада классицизм стилі басымдыққа ие болды, ол жиһазға сызықтар нақтылығын, классикалық сәйкестілікті сақтауды, күрделі иіндерден бас тартуды алып келді. Сәндік безендіруі ұстамды, рим және грек мотивтері басым. Англияда классицизмді көбіне-көп Регенттік дәуірінің немесе Рэдженси стилі деп атайды (1811-20 жылдары Георг Уэльский ханзада регент болған) . І Наполеонның Еуропадағы билігі классицизм дәуірінің аяқ тұсы саналатын ампир (жиһаз саласында ол 19 ғасырдың бірінші ширегінде аса танымал болған) стиліне сән келтірді. Ампир стилінде безендірілген үй-жай үшін интерьер кеңістігін ұйымдастыруда жиһаз шешуші рөл атқарады. Статикасы түрліше байқалатын пішіндердің бекзат қарапайымдылығы мен конструктивті анықтығы болмыс тұрақтылығы және патшалық беріктігінің көрінісін тудыра отырып, Наполеонның мысырға жасаған жорығы және мысырдың суретті ескерткіштері туралы іргелі еңбектің жарық көруінен кейін Еуропа тарапымен қайта ашылған көне мысыр өнері мен көне рим өнері ұштасқан мотивпен үйлеседі. Безендіруіліне ірі қола бедерлер тән. Сондай-ақ, әсіресе Ресейде оюлап, алтын жалатылған ағаш қолданылған. 1810-40 жылдары Австрия мен Германияда үй жайлылығына басымдық берген бидермейер стилі ампирдің орнын басты. Жиһаз шағын пішінде, жылжытуға қолайлы болып жасалына бастады, жұмсақ қаптама оралды, зерлеу бұйымдарының саны минимумға дейін түсті.

Жалпы, жиһаз әзірлеуде түгел дерлік құрастырылуы ең арзан, қарапайым заттарға қарай бетбұрыс жасалынып келеді. Ондай жиһаздың қандай да белгілі бір стилін анықтау мүмкін емес, шеберлер сәнге басымдық береді (мысалы, тікбұрышты үстелдер дөңгелек, сопақ пішінділермен ысырылуда), қаптама үлкен рөл ойнайды, жиһаз эклектикалық бола түсуде.

Жалған стильдер, қажетсіз, шамадан тыс әсемдеу пайда болады. Англияда Регенттік дәуірі біртіндеп георгиан стиліне ауысады, ол бойынша жиһаз ақ түске боялады. Кейінгі викториан стилі көпшілік тұста еуропалық бидермейермен үндеседі. Жиһаз сарайлық өзгешелігінен арылады, өйткені оның кең таралымы мінсіз талғаммен үйлеспейді.

19 ғасырдың екінші жартысында фабрикалық өндіріс дами бастайды. Технологиялық өрлеу (иілген ағаш, сүректі штамптау) конструктивті қарапайым, берік әрі салыстырмалы түрде арзан жиһаздың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Шын мәнінде Моравияда (сол уақытта Габсбургтар патшалығының құрамында) «ағайынды Тоне» компаниясы ойлап тапқан «вена жиһазы» сондай сипатқа ие еді. Бұл жиһаз бағасы жағынан тіпті дәулетті шаруалардың өзіне қолжетімді болды әрі жаппай өндіріс дүмпуін шақырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар жиһазын дайындау
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Хан тағының қалыптасу кезеңдері
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі
БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Ландшафт дизайнының негізі
Қонақ үйдегі жиһаз түрлері және олардың орналасуы
Құрылыста қолданылатын металдар және оның ерекшеліктері,қасиеттері, қолданысы
Қазақтың қолданбалы өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz