Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтардың сиппатамалары . . . 5Ағаштан жасалатын балалар ойыншықтарының топтамасы . . . 5Мектеп жасына дейінгі балалар ойыншығын жасау үшін қолданылатын ағаш түрлері мен қасиеттері . . . 23

1. 3 Ағаштан ойыншық жасауға қажетті құралдар мен саймандар . . . 29

  1. Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтарды жасау технологиясы . . . 40

2. 1 Ағаштан құрастырмалы балалар ойыншығын жасау реттілігі . . . 40

2. 2 Балалар ойыншығын жасаудың технологиялық сызбасы мен картасы . . . 42

2. 3 Балалар ойыншығын жасаудың экономикалық есебі . . . 52

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54

Қосымша . . . 56

Кіріспе

Өзектілігі: Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы қазіргі замандағы қажеттіліктер мен құндылықтардың өзгеруіне ықпалын тигізіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заманауи даму кезеңі экономикалық өсімді әртараптандырумен, сонымен қатар өнеркәсіп және өндірістік секторлардағы реформаларға назар аударумен сипатталады. Республиканың негізгі даму драйвері инновациялық жоғары технологиялық өндірістерді ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі балалар тауарлары нарығын дамытуды көздейтін жоба ұсынып отыр. Себебі: мамандардың айтуынша, елімізде 4млн 200 мың бүлдіршінге шетелден ойыншық алу үшін 2 млрд теңге көлемінде қаржы кетеді екен. Ол дегеніміз әлемдік ойыншықтар нарығының 0, 4 пайызы. Оның ішінде Қытай - 31, 9%, Ресей - 27, 9%, Польша - 9, 7%, Қырғызстан - 4, 5%, Түркия - 3, 9%. Бұл дегеніміз нарықтың 98 пайызы шет елдерден келетін ойыншықтар да, ал қалған 2 пайызы отандық ойыншықтар. Олар Қ. Болманов ойлап тапқан «Бал Бала» атты қазақ тілінде сойлейтін ойыншықтар мен шымкент қаласында «NAVRUZPLASTIC» ЖШС өндіретін полипропиленді, полиэтиленді ойыншықтар. Сонымен қатар Қазақстан нарығында металдан жасалған ойыншықтар - 20 пайыз, пластмассалық - 70%, ағаш - 2% және резеңкеден жасалған ойыншықтар - 8% құрайды [1] .

Осылайша, біз қазақстанның әлеуметінің отандық балаларды дамытушы ойыншықтарға мұқтаждығы пен дамытушы ойыншықтардың сапасы және дайындау технологиясының арасындағы қайшылықты байқаймыз.

Осы қайшылықты ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау» деп алдық.

Зерттеу болжамы: Егер технология сабағында ағаштан балаларға арналған ойыншықты жасау еңбек объектісі ретінде таңдалса, онда әрбір оқушы қарапайым тәсілмен ағаштан ойыншық жасай алады.

Жұмыстың мақсаты: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау

Міндеттер:

  • Тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау.
  • Жас ерекшелігіне сай құрастырмалы ойыншықтарға сараптау жасау
  • Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтардың технологиялық картасын құру
  • Құрастырмалы ойыншықтар жасаудың экономикалық есебін құрастыру

Зерттеу нысаны: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтарды жасау үрдісі

Зерттеу пәні: Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншық.

Зерттеу барысында келесі әдістер пайдаланылды:

1) Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық әдебиеттерді оқу;

2) Талдау және толықтыру;

3) Анализ және синтез.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтардың сипаттамалары.

1. 1 Ағаштан жасалатын балалар ойыншықтарының топтамасы

Бала тәрбиесінде ойыншықтардың алатын рөлі зор. Алайда ойыншықтардың маңызын балалардың жас ерекшеліктерінен ажыратып қарамаған жөн. Түрлі жастағы балалар даму деңгейі бойынша үлкен айырмашылықтарға ие, олардың өздерін қоршаған заттар мен құбылыстарға деген қызығушылықтары әр түрлі. Олар өздеріне түсінікті, яғни өз дайындықтарына сай келетін ойыншықтар мен ойындарды қызығушылықпен ойнайды.

Балалардың жас мөлшері бойынша ойыншықтарды негізгі үш топқа бөледі: бөбек (нәресте) жасындағы балаларға арналған - 3 жасқа дейін; мектеп жасына дейінгі балаларға арналған - 3 жастан 7 жасқа дейін, және мектеп жасындағы балаларға арналған - 7 жастан 17 жасқа дейін.

Бөбек жасындағы балаларға арналған ойыншықтар (қосымша А) (3 жасқа дейін) . Ерте бөбек жасындағы (бір жасқа дейінгі) балалар үшін ойыншық көру, есту, түс ажырату, ұстау қимылдарын дамытатын ең қажетті зат болып табылады. Осы жастағы балаларға кереуеттің үстіне ілінетін сылдырмақтар, салпыншақтар, шарлар, шағын көлемді резеңке және пластмасс ойыншықтар қажет. Ойыншықтардың түсі ашық, салмағы жеңіл, пішіні қарапайым болғаны дұрыс. Егер бала ойыншықты жиі аузына салатын болса, сәйкесінше, олар гигиеналық және қауіпсіз болуы керек.

10-12 айлығында бала тұра бастайды, оның жүргісі келеді, қимыл-қозғалыс бағыттылылығы дамиды. Бұл жас кезеңінде бөбектерге жиналмалы шәшкелер, кішкене бөшкелер, шарлар, матрёшкалар, доптар, сырғытқылар, жүріс арбасы, жануарлар мен құстар мүсіні, салпыншақтар, пирамидалар және т. б. таптырмайтын бұйым болып табылады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар физикалық жағынан да, ақыл-ой жағынан да тез дамиды, олардың қимыл-қозғалыстары мүмкіндігінше ұстамды бола түседі, алайда қол және аяқ бұлшық еттері әлсіз дамыған болады. Бұлшық еттерді қатайту мақсатында түрлі сырғытқылар, жылқы-әткеншектер, доңғалақты, тіреуішті ағаш аттар, арбалар, үш доңғалақты велосипедтер, делбелер, шеңберлер және т. б. ұсынылады. Бұл кезеңде балалардың түс, пішін, түрлі заттардың арнайы қызметі туралы түсінігін қалыптастыруға көмектесетін ойыншықтар бағалы саналады. Балалар көп сөйлейді, білімқұмар бола түседі. Сөйлеуді дамыту үшін қиынды суреттерді, суретті кітапшаларды, кітап-шымылдықтарды (книжки-ширмочки) пайдалану ұсынылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойыншықтар (3 жастан 7 жасқа дейін) . Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі тәрбиенің ең қиыны болып есептеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қоршаған заттар мен құбылыстарға асқан қызығушылық танытады, қиялдауды жақсы көреді.

Бұл жастағы балалар өте белсенді әрі білімқұмар. Олардың ойындары шығармашылық сипатқа ие.

3 жастан 4 жасқа дейінгі балалар көп уақыттарын далада өткізеді және асқан белсенділігімен көзге түседі. Соған байланысты оларға спорттық ойыншықтар - үш доңғалақты велосипедтер, шеңберлер, доптар, сырғытқылар, шаналар қажет. Одан бөлек, мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың түрлі заттардың атқаратын қызметтерімен танысуына мүмкіндік беретін ойыншықтармен ойнауға деген қажеттіліктері туады. Әдетте бұл бейнелі ойыншықтар - үлкен көлемді қуыршақтар, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқ, жиһаз гарнитурасы, ойыншық көліктер, адам, жануар және құстардың, қайықтың, қалақтың, күректің, құммен ойнайтын алаңқайдың, құрылыс материалдарының шағын үлгілері.

4-тен 5 жасқа дейінгі балалар басым түрде кіші жастағы балалар ойнайтын ойыншықтармен ойнайды. Тек қана ойын мазмұны күрделене түседі. Тақырыптық жиынтықтар - бір тақырып аясында жинақталған ойыншықтар тобы көбірек мәнге ие болады. Мысалы, балабақша, мектеп, зауыт және т. б. Бұндай ойыншықтар ұжымдастық және серіктестік сезімдерін дамытады.

Мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың ойындары мазмұнды бола түседі, олар даралық, шығармашылық сипатын көбірек қамтиды. Бұл жаста балалардың қиялы барынша дами түседі, олар сүйікті кейіпкерлеріне еліктеп, ойын сюжетін өздері ойдан шығарады. Бұл жас кезеңіндегі ойыншықтар түрі сан алуан: музыкалық, дидактикалық, спорттық, еңбектік, бейнелі ойыншықтар, үстел үстілік ойындар, кітап-шымылдықтар, ойыншық-ермектер, театралдық ойыншықтар. Солардың арасында балаларды мектепке даярлайтын ойыншықтар - әріптер мен сандар жиынтығы, әліппе, санау таяқшалары және т. б. айрықша орынға ие болады [2] .

Педагогикалық қызметі бойынша ойыншық түрлері

Педагогикалық қызметі бойынша ойыншықтарды түрге бөлудің негізіне олардың бала ақыл-ойына, физикалық және эстетикалық дамуына тигізетін әсері енгізіледі.

Баланың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттері мен бейімділігін ескеріп таңдалған ойыншықтар педагогикалық құндылыққа ие болады.

Педагогикалық қызметі бойынша ойыншықтарды келесідей топтарға бөледі.

Бастапқы қимыл-қозғалыс пен түйсінуді дамытушы ойыншықтар. Бұл - бөбек жасындағы (1 жасқа дейінгі) балаларға арналған ойыншықтардың ең маңызды тобы. Олар сезім мүшелерінің (көру, есту, сипап-сезу), қимыл-қозғалыс бағыттылығының, түс пен пішінді қабылдаудың дамуына әсер етеді. Баланың алғашқы қимыл-қозғалыстары басым түрде дыбысымен, пішінімен, түсімен өзіне тартатын сылдырмақ, салпыншақ, шар, сақина секілді ойыншықтармен шақырылады.

Бұл топқа және де пирамидалар, жиналмалы шәшкелер, кішкене бөшкелер, матрёшкалар мен т. б. жатады. Бұл ойыншықтардың пішіні мен құрылысы қарапайым; оларды оңай жуып-тазартылатын материалдардан (резинадан, пластмассадан, ағаштан) жасайды.

Аталмыш топтың ойыншықтарына айрықша талаптар қойылады. Олар гигиеналы болуы, сабынды жылы сумен жақсы жуылуы керек, беткі қабаттары қабыршақ және өткір бұрыштарсыз, тегіс болуы керек; ойыншықтарды жабатын бояу ашық, бірақ зиянсыз, сумен шайылмайтын және сілекеймен ерімейтін берік болуы керек.

Балаларды өздерін қоршаған ортамен және табиғатпен таныстыратын ойыншықтар.

Бұл - мазмұны бойынша сан түрлі, баланың жалпы ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызатын, зеректігін, сөйлеуін дамытатын сюжетті-бейнелі ойыншықтардың үлкен тобы. Оларға балаларды үй тұрмысындағы заттармен (жиһаз, ыдыс, киім), жануарлар және өсімдіктер әлемімен, көлік түрлерімен, түрлі кәсіби мамандықтармен таныстыратын ойыншықтар жатады.

Педагогикалық көзқарас тұрғысынан түрлі мамандық өкілдерін танытатын, әсіресе балалардың дәстүрлі сүйікті ойыншығы - қуыршақтар аса құнды. Қуыршақпен ойнау барысында бала сұрақтар қояды және оларға өзі жауап қатады. Ойын балалардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және сөйлеуін дамытады.

Ұжымдық шығармашылық ойындарын ұйымдастыру үшін белгілі бір тақырыптарға арналған ойыншықтар жиынтығы -балабақша, зообақ, мектеп, зауыт және т. б. қажет. Бұл ойындарға балалардың өздерін қоршаған өмірге деген қызығушылығы мен сонда өмір сүруге деген ұмтылыстары негіз болады.

Балалардың физикалық дамуына мүмкіндік туғызатын ойыншықтар.

Қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарға арналған ойыншықтар сан түрлі әрі барлық жастағы балаларға арналған. Олар баланың физикалық күшінің бекуіне, бұлшық еттің, ептілік пен бүкіл дененің иілгіштігін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Бұл топқа жүру және жүгіру кезіндегі жаттығуларға қажетті (сырғытқылар, арбалар, делбелер, шаналар және т. б. ), секіруге қажетті (секіртпелер), лақтыруға қажетті (қалашықтар, кегльдер, доптар және т. б. ), аяқ бұлшық еттерін дамытуға және қатайтуға арналған (велосипедтер, спортроллерлер, педальді автокөліктер, шаңғылар, конькилер), мергендікті дамытуға қажетті (мылтықтар, тапаншалар), қолдың және саусақтардың бұлшық еттерін дамытуға қажетті (матрёшкалар, пирамидалар, шәшкелер) ойыншықтар жатады.

Спорттық ойыншықтар барлық жастағы балаларға арналған, алайда баланың жас ерекшелігі мен физикалық дамуын ескере отырып таңдалғанда ғана оң әсерін көрсетеді [3] .

Дидактикалық ойыншықтар.

Бұл ойыншықтар барлық жастағы балаларға арналған. Олар баланың ақыл-ойының дамуына, жалпы ой өрісінің кеңеюіне мүмкіндік туғызады. Дидактикалық ойыншықтардың педагогикалық құндылығы мынада: олар ойын барысында оқытып-үйрету элементтерін қамтиды.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жинауға, бұзуға, сырғытуға, қабаттауға, құрастыруға болатын ойыншықтар үлкен мәнге ие. Ойын барысында балалардың зейіні, байқағыштығы, зеректігі, есте сақтау қабілеті дамиды, олар жаңа пішін және түспен танысады.

Дидактикалық ойыншықтар тобына үлкен тәрбиелік және танымдық мәні бар көптеген үстел үстілік ойындар кіреді.

Үстел үстілік ойындардың тәрбиелік мәні келесіде: олардың тақырыптарының аясында мектепте оқылатын, жалпы білім беру материалы және сыныптан тыс оқуға ұсынылған мазмұнды мәліметтер қамтылады. Ойын қызығына түскен балалар өздері байқамаған күйде қоршаған әлем өмірінен алынған бірқатар ақпараттарды игереді және сол уақытта жадын, зейінін, ойлауы мен сөйлеуін жаттықтырады.

Үстел үстілік ойындар балалардың мектепте игерген білімдерін (зоологиялық лото, шет тілдегі сөздерді есте сақтау бойынша өткізілетін ойындар, «химик-әуесқой», физика бойынша тәжірибелер және т. б. ) бекітуде кеңінен қолданылады, ал кіші жастағы балаларды, білікті жетекшілік жасалса -мектептегі сабақтарға дайындайды. Үстел үстілік ойындар білімге деген қызығушылықты оятады, балаларға тарих, әдебиет, география, астрономия бойынша ақпараттарды жеткізеді. Олар бала ой өрісінің кең түрде дамуына және көркем талғамын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Балаларды ғылым және техника элементтерімен таныстыратын ойыншықтар.

Бұл топтағы ойыншықтар балаларды мүлде ерекше, қызғылықты жолдармен техника әлеміне енгізеді. Олар балаларға машиналардың, механизмдер мен құрылыс нысандарының жасайтын жұмысы және құрылысымен танысуға, олардың жұмыс жасау ережелерін түсінуге көмектеседі, өз бетінше құрастыру дағдыларына баулиды.

Техникалық ойыншық балалардың өндірістік қабілеттерін дамытуы керек. Қандай да бір ойыншықты түрлі бөлшектерден жинай отырып, бала дәнекерлеудің негізгі тәсілдерін үйренеді, құралдарды қолдануға машықтанады, сызбаларды түсіне алатын жағдайға жетеді. Ондай ойыншықтар балалардың үлкен қызығушылығын оятады, олардың техникалық шығармашылығын дамытады.

Ойыншықтардың бұл тобына көлік, ұшақ, тікұшақ модельдерін құрастыруға арналған жиынтықтар, түрлі конструкторлар, оптикалық ойыншықтар (микроскоптар), химия жиынтықтары, жол талғамайтын ойыншық модельдері, жүк крандары және т. б. жатады [4] .

Бұл ойыншықтардың көпшілігі химия, физика, механика, аэродинамика заңдарына негізделіп жасалынған. Бұл ойыншықтар оқушыларға мектеп бағдарламасындағы қиын пәндерді игеруде көмектесуге арналған. Ойыншық жұмысын баптау, дәнекерлеу, оны күту, сызбаларды оқи білу техникалық сауаттылықты жоғарылатады, балалардың политехникалық білім алуына мүмкіндік жасайды.

Балаларды еңбек үдерістерімен таныстырушы және бастапқы еңбек дағдыларына үйретуші ойыншықтар.

Көрнекті кеңестік педагог А. С. Макаренко «дұрыс кеңестік тәрбиені еңбексіз тәрбие ретінде елестету мүмкін емес» деп жазады.

Еңбек тәрбиесі баланың жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Бала мықты, физикалық епті, шыдамды ғана болып қоймай, рухани дамиды, байқағыш болады, тез ұғынуға бейімделеді. Еңбек барысында мінездің іргетасы қаланады, сондықтан баланың бойында ерте жастан еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеген жөн.

Балалардың еңбек әрекеті ойынмен тығыз байланысты. Баланы ерте жастан еңбекке баулуға күрекше, тырма, шелек, су сепкіш, арба, ағаш балға секілді ойыншықтар, сонымен бірге ойын үдерісі еңбекпен ұласатын құрылысқа арналған жиынтықтар көмектеседі. Өз ойындарында мектеп жасына дейінгі балалар үлкендердің әрекетіне еліктегенді ұнатады.

Бұндай ойындарды ұйымдастыру үшін пішіні мен құрылысы жағынан ересектерге арналған құралдарды қайталайтын түрлі ойыншық құрал-саймандарды шығарады: балғалар, гайка бұрауға арналған кілттер, қайшылар, бұрауыштар, сонымен бірге ұсталық жұмыстарға, кесуге арналған және т. б. жиынтықтар.

Ересек жастағы балалар үшін бұдан күрделірек құрылыс жиынтықтары, конструкторлар, күйдіру және кесу арқылы бедерлеуге, темір және ағаш ұсталығына арналған, тігу және техникалық шығармашылық үшін жасалған жиынтықтар бар. Бұл ойындардың көпшілігі кәдімгі еңбекпен байланысты және ойнау барысында пайдалы еңбек дағдылары игеріледі [5] .

Балалардың көркемдік тұрғыдан және музыкалық дамуына мүмкіндік туғызатын ойыншықтар.

Балалардың көркемдік қабілеттерінің дамуы олардың эстетикалық тәрбиесінің ажырағысыз бөлігі болып саналады. Бұл топқа музыкалық және театралдық ойыншықтар, сонымен бірге конструктивті-көркемдік ойындар кіреді.

Музыкалық ойыншықтар музыкалық есту қабілетін, ырғақты сезуді дамытады, балаларды музыканы сүюге тәрбиелейді, музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстырады. Музыкалық ойыншықтар қатарына шағын органдар, барабандар, дабылдар, гитарлар, балалайкалар, домбыралар, ксилофондар, металлофондар және т. б. кіреді. Олардың кейбіреуі тек әуенді тыңдап қана қоймай, таныс әуендерді өз бетімен ойнауға және өз әуенін тудыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да барлық музыкалық ойыншықтар музыкалық гамма дыбыстарымен сәйкестікте дұрыс бапталуы керек.

Жартылайөткізгіш құралдар мен баспа дәнекерін пайдалану жолымен жасалған электронды музыкалық ойыншықтар ерекше топты құрайды. Бұл ойыншықтар мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған, музыкалық мектептерде де қолданылуы мүмкін.

Театралдық ойыншықтар (қуыршақтар театры, көлеңке театры, театралдық қуыршақтар) ойын барысында балаларға түрлі театралдық қойылымдарды және өз өмірлерінен шағын көріністерді қоюға көмектеседі. Олар балаларға көп қуаныш және күлкі сыйлайды, тілдерінің баюына мүмкіндік туғызады, театрмен таныстырады.

Балалардың көркемдік қабілеттерін дамыту үшін картон немесе текшелердегі түрлі қиынды суреттер, мозаика, суреттерді бояуға арналған альбомдар, жабыстыруға арналған ермексаз жиынтығы, сонымен бірге көркем қолөнер кәсіптері -күйдіру, ағаш ою бойынша жиынтықтар бар.

Ойыншық-ермектер. Бұл ойыншық түрлерінің қызметі - балалардың бойындағы әзіл-оспақ сезімдерін тәрбиелеуге мүмкіндік жасау, күлкі шақыру, баланы көңілді және өмірсүйгіш етіп тәрбиелеу. Анық болғандай, бұл ойыншықтар көңілді тақырыптарда жасалынады және қайталанбас құрылысқа ие болады; үлкен қызығушылық тудыруы үшін оларды қимыл-қозғалыс механизмдерін орнатып жасайды, мысалы сайрайтын құстар, барабаншы қоян, аунайтын мешін және т. б [6] .

Дамытушы ойыншықтар: негізгі терминдер және анықтамалар

«Дамытушы ойыншықтар» термині күнделікті тұрмысымызға еніп, берік орнап алған. Ойыншықтарға қойылатын басты талаптардың бірі - олардың дамытушылық қасиеті. Енді сол дамутушы ойыншықтарға тоқтап өтсек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы
Ойыншықтардың химиялық құрамы
Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытудың теориялық сипаты
Ойыншықтар әлеміндегі ең танымал брендтің пайда болуы
Баланың дамуына ойыншықтың тиімділігі
«Ойыншық дайындау әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz