Ағашты күйдіру арқылы көркемдеп өңдеу әдісінің ерекшелігі


Ағашты күйдіру арқылы көркемдеп өңдеу әдісінің ерекшелігі
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Ағашты көркемдеп өңдеудің теориялық негіздері . . . 5
1. 1 Ағашты көркемдеп өңдеудің тарихи мәліметтері . . . 5
1. 2 Күйдіру - ағашты көркемдеп өңдеудің тәсілі. Күйдіру түрлері . . . 7
1. 3 Материалдар, құралдар, құрал-жабдықтар, сұққыштар және күйдіру тәсілдері . . . 14
2 Күйдіруді мектепте үйрену . . . 25
2. 1 Мектеп бағдарламасының дидактикалық сараптамасы . . . 25
2. 2 Күйдіруді орындау технологиясы . . . 27
2. 3 «Қызбен құс» картинасын жасау . . . 56
Қорытынды . . . 60
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61
Қосымша . . . 63
Кіріспе
Ағашты көркемдеп өңдеу 9-10 ғ. ғ. бастап белгілі бола бастады. Адамдар ағашты ерте заманнан-ақ әр түрлі мақсаттарда қолданып келеді. Оның пайдасын танып білген тек қана шебер ұсталар ғана емес. Көркем бұйымдар мен кәдесыйларды жасау үшін, ерекшеліктері мен икемділігін назарға ала отырып, ағаштың әртүрлі тұқымдарын қажеттіліктеріне пайдаланды. Сонымен қатар ағаш безін, қайын қабығын, шыбықты (тал, мойыл) қолданды.
Ағаштан жасалған көркем бұйымдар дегеніміз - пайдасы мен әсемділігі үйлесетін тұрмыс заттары. Оларға ағаш үйлерде әшекейленіп жасалған жақтаулар, шілтерлі жиектері; ішкі көріністің әшекей элементтері - нақышты паркет едені, ою салынған есіктер, төбелер және т. б. ; жиһаз бен шырақтар; үй аспаптарын ішінде - ыдыс-аяқ, азық-түлікті турайтын тақтайлар; ағаш ойыншықтар мен кәдесыйлар (ұшталған, ойылған, өрнектелген) ; киім әшекейлерін және т. б. жатқызуға болады.
Ағаштан жасалған көркем бұйымның, өзінің айқын түсі мен пішінінен басқа, ою-өрнекпен әшекейленуі жиі кездеседі. Сәндік-қолданбалы өнердің заманауи суретшілері көркем туындыларын жасау барысында ұлттық және әлемдік өнердің ғасырлық дәстүрлеріне жүгінген.
Ағашты көркем өңдеу - адамзатпен игерілген көне қолөнер кәсібінің бірі. Біздің еліміздегі ағаштан жасалған ағаш архитектурасы, ішкі көріністі әрлеу, жиһаз, әр түрлі тұрмыс заттары, өнердің маңызды түрлерінің біріне жатады және халықтың ұлттық мәдениетінде маңызды орын алады.
Мектеп оқушыларын ағашты көркем өңдеуге үйретудің білім беру жағынан және тәрбие беру жағынан маңызы зор: технологиялық мәдениетін дамытады, жеке тұлғаның эстетикалық және шығармашылық дамуына септігін тигізеді, құрдастарының ортасында өзін-өзі табысты жетілдіруде және әлеуметтендіруде көмек береді, кәсіби тұрғыда өзін табуға септігін тигізеді. Технология мұғалімінің ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын жітік меңгере отыра, оны оқушыларға үйрету әдісін білуі педагогтың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз етіп, оның еңбек нарығындағы бәсекелестігін күшейтеді.
Мектеп оқушыларына ағашты өңдеуге үйрету жұмыстары нәтижелі болу үшін, болашақ технология мұғалімінің бұндай кәсіпке арнайы дайындығы қажет. Бұл дайындық біріктіргіш сипатта болу керек және тек қана жалпы педагогикалық және әдістемелік икемділіктерді қалыптастырып қана қоймай, ағашты көркемдеп өңдеу технологиясының жоғары дәрежесін меңгеруді, болашақ мамандардың эстетикалық дамуын қосу керек, сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып келеді.
Жұмыстың мақсаты: ағашты көркем өңдеу ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу объектісі: күйдіру технологиясын орындау үдерісі.
Зерттеу пәні: күйдіру әдісі бойынша сурет дайындау.
Гипотеза: егер күйдіру барысында, құралдар мен өңделетін материалдың түрі сәйкес келуін есекере отырып, анықталған технология ерекшеліктерін ұстанса, дайындалған объект сапалы болады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Ағашты көркемдеп өңдеу ерекшеліктері бойынша, соның ішінде ағашты күйдірудің теориялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттеріне талдау жасау.
- Ағашты көркем өңдеу технологияларын зерттеу.
- Күйдірудің пайда болу тарихын зерттеу.
- Күйдіруді орындау технологиясына сипаттама беру.
- Технология бойынша мектеп бағдарламасын тауып, сараптама жасау.
- Технологиялық үдерісті сипаттай отырып, суретті дайындау.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиетті талдау, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын зертеу және талдау.
Зерттеу жаңалығы болып, технология бағдарламасының материалдарды көркемдеп өңдеу бөлімінде күйдіруді орындау технологиясының қарастырылмайтыны болып келеді. Ағашты көркемдеп өңдеудің бұл түрінің мысалында ағаштың кейбір ерекше қасиеттерін зерттеуге болады.
Тәжірибелік маңыздылығы болып, жүргізілген талдауды қолдана отырып, оқушыларға күйдіруді үйрету жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қолдануға болады.
- Ағашты көркемдеп өңдеудің теориялық негіздеріАғашты көркемдеп өңдеудегі тарихи мәліметтер
Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан үйлер салып, керек-жарақ, ыдыс-аяқ, ойыншықтар жасаған. Көне орыс ағаш ұсталары мен шеберлері үлкен үйлер мен мұнаралар салған, бал және квас сусындары үшін құмыралар жасаған, сонымен қатар үйге қажет тұрмыстық бұйымдар, мысалы жазық және жалпақ пішінді қамыры ашытуға арналған астаулар жасаған. Күбі жасаушылар емен тақтайшаларынан бөшке, құмыра жасаған, ал қырнаушылар жұмсақ ағаштан тостаған, табақ жасады. Ағаш қабығынан қораптар, үйеңкіден әдемі сыңғырлаған қасықтар жасаған.
Адамның қолымен жасалған барлық ағаш заттарының тәжірибелік мәні мен рухани мағынасы болған, мәселен әр жасалған зат шебердің көңіл күйі мен ойын жеткізеді. Еңбек үдерісі кезінде шебердің қолы жетіліп, материалды сезіне бастайды[1] .
Ағашты көркемдеп өңдеудің әртүрлі әдістері бар, алайда ең кең тарағаны ою болған. Оюмен архитектуралық ғимараттарды, жиһаздарды, әртүрлі тұрмыстық керек-жарақтарды әшекейлеген. Ағашты оюлауды басқа да кәсіпте қолданған.
Поволжьеде сырлаумен үйлесімді жазық оюлау түрі дамыды. Ақ немесе көгілдір фонда бедерлі түрде қызғылт және алтын тектес жайдарлы арыстандардың, балық құйрықты су перісінің, желпуіш құйрығы бар құстардың бейнесі салынған.
Сарайлар мен үйлерді әдемі ою-өрнектермен әшекейлеген. Жарқыраған күннің көзінде киноварь, ярьмедянка және алтынмен өрнектелген шыға беріс пен маңдайшаларында бедерлі оюы жарқырап тұратын. Коломенскідегі сарайдың әдемілігі мен асқан әсемдігі үшін дәуірлестер әлем кереметтерінің біріне жатқызған. 17-18 ғ. ғ. ағашты көркемдеп оюлау өнері, көлемді, горельефті, пішінді ою басым болған кезде, иконостарды, сарайдың ішкі көрінісін, жиһаздарды оюлап безендіру дамыды. Көп түсті ою-өрнекпен жүк желқайықтарды безендірді, әсіресе үлкен желкенді кемелер мен борттарды, сонымен қатар құстармен аңдардың және теңіз құдайларының бейнелерімен бейнеленген әскери -галиот, корвет кемелерін салған [2] .
Архитектуралық ою-өрнекке үлкен монументалды пішіндерге ұқсас болса, ал күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың оюлары пішініне қарай оюланған. Тоқыма білдегі, ұршық, киім-кешектерді қағуға арналған құрал, түткіш құрал, шаруа үтіктері, мерекелік шаналар - жол жүретін арбалар қарапайым геометриялық пішінді оюларымен әшекейленген. Олар төртбұрыш, үшбұрыш, әртүрлі болып үйлесетін ромбтар түрінде пішіндермен бейнеленген.
Ерте заманда ою ата-бабамыздың тілдік түсініктерімен байланысты болған, белгілі бір нышанды мағынасы ретінде пайдаланған. Мысалы, шеңбер, аттар мен құстар бейнесі, егіннің, одан әрі егіншінің тағдырына әсер ететін құбылыстар, күнге табынушылықпен байланысты болған.
Шаруа өнерінде 18-20 ғ. ғ. геометриялық пішінді ою салу тек қана әдемі өрнек болған жоқ - халық оның терең мағынасын есте сақтаған.
Ағаштың түсі мен текстурасы шексіз әртүрлі, ал бұл шебер үшін көркем композицияны құрастыруда қосалқы амалдарды қарастырмай-ақ материалдың әсемдігін анықтауға мүмкіндік туғызады [3] .
Оюшы жайында айтқан кезде, оны орындаушы деп атауға келмейді, тек қана оюшы - суреткер ретінде, сондықтан бұндай шебер бейнелеу өнерінен хабардар болуы тиіс, дегенмен көркем бейнелеуді әшекейлі оюмен алмастыруға болмайды, себебі қылқаламмен пышақтың көркем туындылар жасауда мүмкіндіктері әртүрлі. Тек, ерінбей шығармашылықпен еңбек еткен адам ғана қысқа уақытта ою салу өнері мен ағаш шеберлігін меңгере алады.
Ағашты көркемдеп өңдеу қолөнерінің дамуы жалпы өнер мен архитектураның дамуымен тығыз байланысты. Ағашты көркем өңдеу өнерінің көне ескерткіштерінің түпнұсқасы аз сақталған, сондықтан оларды шежіре, әдеби бұлақтар, фольклор, миниатюралармен сурет бейнелерінен, шетелдіктердің мәліметтері бойынша, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық және көркем факторлардың әсерімен дәстүрлі пішіндерін сақтап қалған халық өнерінің кейінгі ғасырлар ескерткіштерін пайдалана отырып зерттеді.
Ағашты көркемдеп өңдеу өнері - әлемге әсем архитектуралық ескерткіштері мен әдемі тұрмыстық керекті бұйымдар сыйлаған бірден-бір құбылыс. Ол Днепр, Волга, Дона жағалаулары, Ильмень өзені бойында біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында қоныстанған көне славян өнерінен бастау алған. Славян ғибадатханаларының қабырғасында бейнеленген адамдар, құстар, аңдар шежіре бойынша қандай да бір өмірді «иемденген». Көне славян халқының пұтқа табынушылыққа байланысты түсініктері кеңінен қолданды, әсіресе сәулет-қолданбалы өнерде мифологиялық бейнелер ретінде (қиял-ғажайып аңдар, аттардың жанындағы әйелдер мүсіндері және т. б) салынған.
Ағаш, құрылыс материалы ретінде құнды қасиеттерге ие: жақсы жылу оқшаулағыш, су өткізбейді, аздаған тығыздығы бар, әдемі табиғи түсі және текстура суреттерінің әртүрлілігі, өңдеуге қолайлы болуы. Ағаштан тұрғын үйлер, бекеттер мен қала қабырғалары, көпірлер мен ғибадатханалар салынды; қайықтар, кемелер, шаналар, арбалар, күйме, ауыл шаруашылығына және үй жұмыстарына арналған еңбек құралдары, ыдыс-аяқ (қасықтар, ожау, тұз сауыты, тостаған, шелек, күбі) жасаған. Халық ағаштың құнды қасиеттерін біліп, оның әр бұтағын шаруашылықта қолданған. Мәселен, су өткізбейтін қайын қабығымен үйдің төбесін жапқан, ал кесіндісін тотықтықтын алдын алу үшін ұста және шебердің құрал саймандарына арналған тыстар тіккен, азық-түліктерді сақтауға арналған әр түрлі қораптар жасаған, қайын қабығына мадақтамалар жазылған [4] .
Бояуды тінге қолмен басқанда, өрнектеп кесілген ағаш тақтайын қолданды. Бедерлі оюы бар керамикалық плитаны ағаш пiшінінің көмегімен жасаған. Оюмен немесе өрнектелген оюмен безендірілген ұршықтардың түр түрі болды. Көркем әрлеу үшін оюмен қатар, кейде біріктіретін, басқа да тәсілдерді қолданған (өрнек, нақыш) .
Қасықтардан бастап ұлы ғибадатханаларға дейін өнер туындыларының түпнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін шеберлердің бай қиялдары мен материалды сезінулерінің арқасында туындаған.
Күйдіру арқылы бұйымдарды жасау үшін, ағаш жайлы оның қасиеті мен сапасы, қолданысы мен өңдеуге келетіндігі жайлы анық білімдерді талап етеді.
- Күйдіру - ағашты көркем өңдеудің бірден бір тәсілі. Күйдірудің түрлері
Ағашты күйдіру ертеден-ақ белгілі болған. Ағашты күйдірудің қандайда болсын амалын кез келген халықтың мәдениетінде кездестіруге болады. Күйдірілген оюмен безендірілген тұрмыс заттар алғаш рет біздің дәуірімізге дейін 700 жылдар шамасында Перуде табылған. Орта ғасырларда Еуропада күйдіру халық шығармашылығының бір түрі болып қана қоймай, шынайы өнер деп танылған. Өз замандарында Леонардо да Винчи, Рембранта, Брюйер, Гюго және Пикассо сияқты әйгілі өнер қайраткерлері де ағашты күйдірумен айналысқан. Ата-бабаларынан үлгі тұтып, бұл адамдар күрделі оюларын қызып тұрған қаламұшпен іске асырған. Адамзаттың ұлы қайраткерлері тәжірибелерінің арқасында, бүгінгі таңда күйдіру, өзіне отпен жазу мен графикалық суретті біріктіретін, синкретикалық жанр болып табылады. Сондықтан бұл өнерді меңгергісі келген әр адам, алдымен тушьпен, акварельмен және графитті қарындашпен сурет салып үйрену керек [5] .
Бүгінгі таңда күйдіру тәсілі «халықтық», сәулет-қолданбалы өнер ретінде қолданып келді. Адамдар ағашты күйдірумен, немесе пирографиямен бір жүз жылдық қана айналысқан жоқ. «Пирография» ұғымы Викториарндық дәуірде Англияда пайда болған, қызып тұрған көсеумен ағашқа ою салуды атаған. Грек тілінің руг «от» және graphos «хат» деге мағынаны береді.
Адамзат отпен танысқан кезден-ақ, онымен ағашқа ою салуды бастаған. Тас немесе металл қаруымен көмірленген ағашты шимайлап отырып, алғашқы адамдар ағашты сурет салу үшін тамаша материал екенін және оның қасиеттерін сәндік безендіруде қолдануға болатынын түсінген. Бұл байқаудың арқасында пирография пайда болды.
XVII ғасырда Еуропада ағашты күйдіру аса танымал көркем қолөнерге айналды. Пирошеберлер ең басты ағаштан жасалған тұрмыстық заттарды оюмен безендірген, кейінірек күйдірумен безендірілген жиһаздар танымал болды. Пирография үшін, күміс керек-жарақтарды немесе сол заманғы тігілген киімдерді әшекейлеуге қолданған сияқты дәстүрлі ою-өрнектері қолданылған.
XIX ғасырда пирошеберлердің кәсіпқойлығы елеулі түрде өсті. Дегенмен, күйдіру тәсілі әлі де коммерциялық кәсіпке айнала қойған жоқ, онымен көбіне өздерінің қызығушылығы үшін айналысты. Оның бір себебі, сол уақытта қажетті құрал саймандардың болмауына байланысты болды. Пирошебердің қарапайым құрал-саймандарының жиынтығына тасымалы қыш құмыра немесе көсеуінде тесігі бар тұтқалы табадан тұрған. Көсеудің тесігі арқылы, ағаш көмірінде қатты қызған темір пештің үстіне қойылады. Көсеуге арнайы үшкір ұштық кигізіледі. Әдетте шебердің бірнеше осындай әртүрлі пішінді ұштықтары болған. Шебер көсеуінің тұтқасын, қолы күйіп қалмауы үшін, асбестпен жаққан. Пирошеберлердің кейбір туындыларының сапасы қаншалықты жоғары болғандығы таң қалдырарлық, әсіресе жұмыс жасаған құрал-саймандарының қызуын ескерсек. Ірі туындымен жұмыс жасау кезінде міндетті түрле шебердің көмекшісі болған. Пештен жаңа алынған көсеумен шебер ең алдымен сызықтың айқын және терең жерлерін күйдірген, бірте бірте ағарыңқы сызықтары болжанған жерлеріне көшеді.
Викториандық дәуірдің соңына қарай, пирошеберге көмекке газды және электр пештері мен жанарғылар, сонымен қатар платиналық ұштары бар көсеулер шықты.
Көсеуден басқа ағашты күйдіру үшін трубка арқылы келетін газды жанармай қоспасын қолдана бастаған. Оны жеңіл күйік жасау үшін қолданды. Сонымен қатар «жанартау қағидасымен жұмыс жасайтын күйдіру машинасы» да қолданды. Бұл машина қазіргі заманғы үлкен аэрозоль құтысына ұқсайтын, оған екі іргелес резеңке бөшкелерге ауаны қысып толтыру үшін көрік пен резеңке тұтқасы жалғанған баллондардан тұрған. Баллон жаңармаймен немесе спиртпен толтырылды. Жаңармай қоспасының булары сораппен платиналық ұшы бар резеңке трубкаға толтырылып, одан өту кезінде жанған. Қажет болған кезде ауыстыруға болатын, машинаның әр түрлі пішінді бірнеше қосымша ұштықтары болды. Бұндай машинамен жұмыс жасау кезінде, әрдайым қоластында ұштықта пайда болатын қақты алып тастайтауға арналған, азот қышқылы бар кішігірім бак болу тиіс.
ХХ ғасырда жоғарыда айтылған құрал-саймандардың орнына дәнекерлегіштің негізін салған жаңа пирографиялық аспап пайда болды. Бұл алға жөнелтер үлкен қадам еді. Бұндай құрал, өзінің тым үлкендігі мен жұмыс жасау кезінде қатты қызатынына қарамастан, шеберлермен қолданылып келеді. Прогресс бұнымен аяқталған жоқ, 1962 жылы ағаш шебері Петр Чайлдтың ұлы Рой Чайлд бұл аспапты жетілдіруге бел буды. Он бес жасар бала аспаптың күйдіру бөлшегінің жаңа конструкциясын жетілдіріп, жоғарыда аталған кемшіліктерін жоққа шығарды. 1973 жылға қарай қыздырылған сыммен күйдіретін пирографтар шығарыла бастады. Қазіргі таңда бұл құрал жетілдірілді. Арнайы пішінді сымды ұштық, тот баспайтын болаттан жасалған ұстағышқа салынып, тұтқаның қызып кетпеуін реттейді.
1975 жылы өндіріске қатты ұштығы бар пирографиялық құрал іске қосылды. Жоғарыда сипатталған құралға қарағанда әмбебап құрал болған емес, дегенмен өзінің қарапайымдылығы мен бағасының арзандылығының арқасында ол асып түсті деуге болады. Бұл екі құрал бірін бірі толықтырып келеді және қазіргі заманғы пирошеберлер екеуін бірге қолданады [6] .
1-сурет. Сұлба бойынша күйдіру мысалдары
Заманның осыншама жетілгеніне қарамастан, көне пирографиялық техниканың қолданыста қалуы қызық болды. Мысалы, Мадагаскарда әлі күнге дейін қатты қызған металл «күрегімен» ағашты күйдіру тәжірибеленеді, содан кейін шебер пышақпен ағаштың көмірленген қабатын қырып, ою-өрнек салады. Пирографиямен көркем өнер білімі жоқ адам да айналыса алады. Бұл тек қана елеулік қана болып қоймай, ақша табудың бір амалы болуы мүмкін. Күйдіріліп безендірілген бұйымдар әрдайым сұранысқа ие. Пирографиялық құрал жабдыққа келетін болсақ, оның қолданысы қарапайым және құны қымбат емес. Егер сіз шыдамды, үйренуге дайын және қиялыныз шексіз болса, онда бұл жұмыс қолыңыздан келеді. Күйдіру суреттің мәнеріне, ағаштың бетіне ою немесе өрнек салуына байланысты бірнеше түрлеріне бөлінеді. Ең кең тараған және ең қарапайым түрі болып заттың сұлбасын ғана сызықтап күйдіретін сұлбалы күйдіру болып саналады (1- сурет) .
2-сурет. Әшекейлі күйдіру
Күйдіруді ұнататындар сонымен қатар сәулет күйдіруді де жиі қолданады. Онда сұлбасы қаншалықты айқын бейнеленсе, көлеңкесі де соншалықты айқын салынады (2- сурет) .
Жұмысқа кірісерде композицияның сипатын анық елестету керек. Қандай күйдіру болатынын анықтап алу керек. Күйдірудің үш түрі бар: сұлбалы, силуэтті, көркем. Адам, жануар, өсімдік, геометриялық пішін, әріп немесе фон силуэттері көрсетілетін, тұтас күйдірілетін силуэт түрі жиі қолданылады [6] .
Сұлбалы күйдіру түрін көбінесе күйдіру әдісін енді үйреніп жүргендер үшін қолданады. Ол біршама қарапайым және қағаз бетіне сұлбалы суретті қарындашпен салғанды еске түсіреді. Бұндай күйдіру түрі әдетте, иненің ұшымен жасалады. Сұлбалы күйдіру түрімен жазба жасаған ыңғайлы. Оюмен жұмыс жасаған кезде бұл күйдіру түрін түр сызықтарды салған кезде қолдануға болады (А қосымша) .
Силуэтті күйдірудің екі тәсілі бар: «тегіс түр сызықтар» және «күйдіріп алу». Алғашқысын қолданған кезде ағаш беті жырасыз, тегіс, ойықсыз, қатты күймеген және ақ дақтарсыз, тегіс қара болып шығады (Б қосымша) . Бұл тәсілмен үлкен аумақтарды күйдіруге болады. Тез жүргізілген иненің қозғалысы әр түрлі реңктерді алуға мүмкіндік береді: терең қарадан ақшыл-сарыға дейін күйдіріледі.
Силуэтті күйдірудің басқа тәсілі - «күйдіріп алу» тәсілі. Бұл тәсілді қолдану кезінде алдымен суреттің жиектерін күйдіріп, пішінің белгілеп алуға болады.
Көркемдеп немесе бейнелеп күйдіру түрі сұлбалы және әсіресе силуэтті күйдіру түрлеріне негізделген (В қосымша) . Дегенмен, игеріп алған икемділікпен шектелген дұрыс емес. Бұл күйдіру тәсілі «жарық», «көлеңке» сияқты маңызды түсініктермен таныстырады. Көркем күйдірудің міндеті болып, сызықты ғана емес, ойдағы кеңістікте құру қажет, ауқымды пішінді көрсету болып келеді. Бір зат жақынырақ көрінсе, екіншісі тереңірек және олардың арасында бос кеңістіктің бар екенін көрсету керек. Бейнеленетін заттардың материалы әр түрлі түр сызықтар арқылы, сызғылау арқылы жеткізіледі.
3- сурет. Жазық күйдіру
Жазық күйдіру, бейне мен фон бір деңгейде болып, ал айқындығы әр түрлі пішінді сызықтар мен көлеңкеленген түр сызықтардың, нүктелердің көмегімен жеткізілуімен сипатталады (3- сурет) .
Сұққышты баяуырақ немесе жылдамырақ жылжытқан кезде, әртүрлі жалпақ және терең сызықтарды алуға болады. Сұққыштың қызуын өзгерте отырып, түр сызықтардың әр түрлі реңктерін жасауға болады. Сұққышты ерекше күшпен басып жүргізуге және сурет бойы сенімсіз баяулатуға болмайды.
Егер жырашықтың күйген шеті көмірленген болса, демек сұққыштың қозғалысы тым бояу болғаны немесе сұққыш дұрыс қызбағандеген сөз. Яғни қуат беруші кернеуді бәсеңдету керек немесе ауа жіберуді азайту керек. Сұққыштың ұшын мәрмәр тақтасына тигізіп немесе бірнеше уақыт тік ұстап тұрып суытуға болады.
Бірден суреттің жан-жағынан күйдіре бастайды. Уақытша бір бөлігін қалдыра тұрып, басқасына көшеді, кейін қайтадан біріншісіне қайтады. Бұны ағаштың жақын бөліктерінің қатты қызуынан пайда болған, аралық күйіктердің болмауы үшін жасайды. Сондықтан өзара жанасатын сызықтар мен түр сызықтардың бірден күйдірмеген жөн, жаңа түр сызықты күйдірер бұрын қасындағысын суытып алу керек. Әдемі сызықтар немесе нүктелерді күйдіру кезінде сұққышты тақтай үстіне перпендикуляр түрінде ұстау керек, ал түзу сызықтарды күйдірген кезде, қарындашпен сурет салу тәрізді, көлдеңең ұстау керек. Егер салыстырмалы түрде үлкен аумақты жандыру керек болса, алдымен сұлбасын (абрис) күйдіреді, содан кейін ішкі жағын сұққыштың жалпақ жағымен күйдіреді. Фонды өңдеу кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады: тік жалпақ сызықтар мен түр сызықтарды салу, әр түрлі өлшемдегі нүктелерді салу немесе, пішіндік сұққышты қолданып, квадрат, үшбұрыш және т. б. пішіндерді салуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz