Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау


МАЗМҰНЫ
1 АДАМДЫ САУДАҒА САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Адамды саудаға салудың түсінігі және мәні
2 АДАМДЫ САУДАҒА САЛУДЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛДАМАСЫ
2. 1 Адамды саудаға салудың объективтік белгілері
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
РФ - Ресей Федерациясы
ҚР ӘҚБтК - Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
БҚО - Батыс Қазақстан облысы
АЕК - Айлық есептік көрсеткіш
КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
Қазақ КСР - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ЭСЖКА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
АҚШ - Америка құрама штаты
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық ғылымының басты мақсаттарының бірі, ол қылмыстық заңның институттарымен нормаларын жетілдіру мақсатында ақиқат болмысындағы кейбір заңға қатысты қоғамдық элементтерді дұрыс түсіне білу және заңды сот-тергеу практикасында қолдануға ыңғайлы түрде құрастыру болып табылады. дипломдық зерттеуде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы адам саудасының теориялық және қолданбалы шешімдері берілген. ҚР ҚК 128-бабындағы қылмыс затының маманданымы, сонымен қатар оның құрамының қылмыстық құқықтық сипаттамасы берілген және қылмыстық заңнаманың жетілдірілуіне нұсқаулар көрсеткен.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Адам - Қазақстан Республикасының ең негізгі, басты және маңызды байлығы болып табылады. Қазіргі таңда адам саудасы, соның ішінде әйелдер мен балаларды сату шынайы көрініс. Құлдық осыдан екі жүз жыл бұрын болғанына қарамастан, қазіргі таңдағы құлдық мәселесі соған сәйкестендірілген институттардың туындауына әкеп соқты. Сарапшылардың зерттеулерінше, әлем бойынша жыл сайын жеті жүз мыңнан төрт миллионға дейін ерлер, әйелдер, балалар сатылуда, сатып алуда, оларды құлдықтың түрлі жағдайларына байланысты бостандыққа жібермей ұстап отыр. Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, соған байланысты жұмыс іздеушілер де, оларды жұмысқа еліктіруде біздің елімізде орын алуда. Міне, соның нәтижесінде жұмыс іздеп келген азаматтарды алдау, арбау, еліктіру, сату саласындағы қылмыстық топтарға түсіп қалып жатады.
Адам саудасы - бұл адамның негізі маңызды құндылығы құқықтан және бостандықтан айыратын қазіргі заманның құлдығы емес. Ол ұйымдасқан қылмыстың ірі қайнар көзін қамтамасыз ететін заңсыз әрекетті сипаттайтын қылмыс түрі және нашақорлық пен қару жарақтан кейінгі заңсыз жасалынатын қылмыстардың ішінде үшінші орынды алады. Бұл шекаралас мемлекеттер үшін трансұлттық мәселе болып табылады. Халықаралық қауымдастық бұл мәселемен күресу үшін бірігу қажет, күш-қуаттарды біріктіру керек.
Адам саудасына қатысты қылмыс өзінің қауіптілігіне қарай, халықаралық қауымдастыққа ұран шақырған негізгі қылмыстар қатарына қосылады, атап айтсақ, терроризм, ақшаны заңсыз жуып шаю, қару-жарақ және нашаны сату сияқты қылмыстардың қатарына қосылады.
Қазіргі таңда оның пайда болуы халықаралық қылмыспен, оның ұйымдасқан формаларымен тығыз байланысты, соның негізінде құқық қорғау органдарынан, сонымен қатар азаматтық қоғамның барлығынан адекватты реакцияны талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, адам саудасына қатысты қылмысты зерттеумен, анықтаумен айналысатын мақсатқа бағытталған жұмысты іске асырумен айналысады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Адам саудасы қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелерiмен еліміздің қылмыстық құқық ғылымында санаулы ғалымдар ғана айналысады, оның өзiнде де арнайы монографиялар жазылмаған, тек ғылыми мақалаларды кездестiруге болады. Аталған ғалымдардың қатарынан А. Н. Ағыбаев, Т. К. Айтмұхамбетов, Е. О. Алауханов, М. М. Алиев, А. Қ. Айқымбаев, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдіров, С. Т. Әлібеков, Ғ. И. Баймурзин, Қ. Ж. Балтабаев, И. Ш. Борчашвили, Н. О. Дулатбеков, Д. С. Жақашев, Ү. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнiсов, А. Ш. Ещанов, А. А. Исаев, М. С. Кенжалиев, О. Д. Ким, Е. I. Қайыржанов, М. Ш. Қоғамов, Р. Б. Құлжақаева, М. А. Қызылов, А. Ж. Машабаев, Қ. А. Мәми, Ғ. С. Мәуленов, Ә. Х. Меңдіғұлов, С. С. Молдабаев, Ғ. М. Мұқашев, М. С. Нәрiкбаев, Б. М. Нұрғалиев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, Г. Б. Саматова, Н. А. Сартаева, Қ. Р. Сарықұлов, Б. С. Сәрсеков, М. А. Сәрсенбаев, А. А. Смағұлов, Б. Х. Төлеубекова, Ә. А. Темірбеков, Г. Д. Тіленшиева, Р. Тілеухан, К. Х. Халиков, Д. С. Шуақмайтов, Нұрғалиев Б. А., Кенбаев Ж. А., Оспанов А. С., Борецкий А. В., Шахновская Е. В. сынды ғалымдарды көруге болады.
Дипломдық зерттеуде, Ресейлiк ғалымдардың еңбектерi де қолданылды. Олардың қатарынан Ищенко Г. К., Буряк М. Ю., Фахрутдинов Р. Р., Матвиенко А. В., Гетман И. Б., Колесов А. И., Смирнов Г. К., Измайлова И. Д., Шалимов Е. Е., Кадников Ф. Н., Бекмагамбетов А. Б., Громов С. В., Жинкин А. А., Евстифеева Е. В., Кислова Е. А., Егорова Л. Ю. сынды және т. б. ғалымдарды көруге болады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы адам саудасының себептері мен жағдайларын анықтауға, аталған қылмысың қылмыстық-құқықтық сипаттамасына, саралау мәселелеріне және оның криминологиялық сипаттамасы мен алдын алудың теориялық негізін қалыптастыруға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2006 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттер қатарына қадам басуы жолындағы негізгі жеті басымдықтарды ұсынылған.
Адам саудасына қатысты қылмыс өзінің қауіптілігіне қарай, халықаралық қауымдастыққа ұран шақырған негізгі қылмыстар қатарына қосылады, атап айтсақ, терроризм, ақшаны заңсыз жуып шаю, қару-жарақ және нашаны сату сияқты қылмыстардың қатарына қосылады.
Қазіргі таңда оның пайда болуы халықаралық қылмыспен, оның ұйымдасқан формаларымен тығыз байланысты, соның негізінде құқық қорғау органдарынан, сонымен қтар азаматтық қоғамның барлығынан адекватты реакцияны талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, адам саудасына қатысты қылмысты зерттеумен, анықтаумен айналысатын мақсатқа бағытталған жұмысты іске асырумен айналысады.
Біздің республикамызда қазіргі кезде адам саудасымен күресу бойынша арнайы механизмдер құрылған:
− адам саудасын заңсыз сыртқа шығару, сатумен күресу сұрақтарымен айналысатын ведоства аралық комиссия құрылды;
− сондай істерге жауапты мемлекетік орган аныќталынды - Әділет Министрлігі;
− ІІМ криминал полициясының Комитетінің, сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында, облыстық аймақтарда осы саладағы қылмысты анықтаумен, зерттеумен айналысатын үздіксіз жұмыспен айналысатын, адам саудасымен күресетін арнайы бөлімшелер құрылған.
2006-2008 жылдары 10 сәуірде № 261 адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және күресу бойынша іс - шаралар Жоспары жүзеге асырылды;
Осы жылдың ақпан айында 2009 2011 жылдарға арналған адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау, күресу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің шаралар Жоспары әзірленіп, бекітілді.
2007-2010 жылдарға арналған адам саудасымен күресудегі ТМД елдерінің қатысушыларының арасындаы серіктестік Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Тәуелсіз Бірлескен мемлекеттердің ішкі істер қатысушыларының министрлерінің Кеңесінің Жоспарын орындауда қажетті шаралар қолданыста жүр.
Адам саудасы криминалдық басқа да түр сияқты криминал бизнесі болып табылады, мемлекеттік масштабтан шығып кеткен және әлемдік мәселеге ие болған адамзат қауымдастығының күрделі мәселесі болып есептеледі.
Өкініште орай, бұл мәселе қазіргі таңда қауіпке айналғанына қарамастан әлемдік елдердің қатарына кіретін Қазақстанды да айналып өткен жоқ.
Еліміздің жағдайына көз жүгіртсек, біздің еліміз адам саудасын өткізу, тасымалдау, алдап, арбау сяқты сипатқа ие болады. Яғни, бұл мәселе біздің республикамызға көп профильді сипатқа ие болып, оның криминалдылығын күшейтуге ие болған.
Қазақстан Респбликасының ішкі істер Министрлігі басқа ведомствалармен, үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасай келе, адам саудасына байланысты қылмыстарды болдырмау, анықтау, зерттеу мәселелерін анықтау бойынша бағыт -бағдармен жұмыс жасауда.
Дипломның мақсаты. Диплом зерттеу мақсаты болып адам саудасы қылмысымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық құралдарын кешенді өңдеу. Адам саудасы қылмысын ескерту және алдын алу үшін шаралар мен ұсыныстарды өңдеу және қылмыстық заңды жетілдіру, құқық қорғау органдарының құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге ұсыныстар жасау.
Дипломның міндеттері. Жоғарыда келтірілген мақсатты орындау үшін жұмыс алдында мынадай міндеттер қойылады:
- Адам саудасының тарихи дамуын саралай келе жаңа түсінігін беру;
- қаралған қылмыспен күрес шараларының заңдық реттелу тиімділігін және қалпын зерттеуде, аталған тақырыптың теориялық өңделгендігін, дәрежесі мен деңгейін анықтау;
- адам саудасы қылмыс құрамына заңды талдау жасау;
- қылмыстық заңнамада көзделген ұқсас қылмыс құрамдарынан айырмашылығын және шетелдік заңнамаларға талдау жасау;
- адам саудасы үшін жаза тағайындау мәселелерін зерделеу;
- адам саудасының криминологиялық сипаттамасын және оны жасаған кінәлі тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын өңдеу;
- адам саудасы қылмысының алдын алу шаралары жүйесін жетілдіру;
- адам саудасын реттейтін нормаларға толықтырулар ұсыну.
Зерттеудің обьектісі - адам саудасы қылмыстарының жасалуына қарсы әрекеттерден тұратын еліміздің әр саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар.
Зерттеудің нақты пәні . Адам саудасының генезисі, оның психологиялық, әлеуметтік аспектілері, оған әсер ететін экономикалық, ұйымдастырушылық тағы басқа факторлар, адам саудасымен айналысатындардың сипаттамасы, адам саудасының алдын алуға қатысты нақты шаралар мен оларды реттейтін заңдар мен нормативтік актілер, адам саудасын құрайтын нақты қылмыс құрамдарының элементтері мен белгілері.
Зерттеудің әдістемесі мен әдістері . Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу философиялық диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алды. Сол сияқты формальдық логиканың да ережелері, салыстырмалы-құқықтық әдістер де қолданылып, кей тұстарда өзге ғылым салаларының да әдістері, заңдылықтары мен ережелерін басшылыққа алдық. Соның ішінде, социологиялық, психологиялық және статистикалық әдістерге жиі арқа сүйедік.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Адам саудасы қылмысының проблемалары кешенді түрде Қазақстанда толығырақ қарастырылып, түсінігі беріліп, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы талданылып, себептері мен жағдайлары анықталып отыр. Осы анықталған себептерге байланысты адам саудасы қылмыстарының алдын алу туралы да тың ұсыныстар даярланды.
Адам саудасымен байланысты қылмыстарды құрайтын құрамдарды қылмыстық құқықтық тұрғыда жетілдіруге байланысты заң шығарушылық ұсыныстар да еңбектің жаңалығын құрай алады. Одан басқа, өзге қылмыстық-құқықтық болып табылмайтын заңдарға да өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар еңбектің ғылыми жаңалыған құрайды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы . Адам саудасы қылмыстарының түсінігін берудегі, құрамдарын анықтаудағы, соның ішінде, оның құрылымын, динамикасын, себептерін, оларды жасайтын тұлғалар туралы ғылыми зерттеу нәтижесінде қол жеткен тұжырымдар ғалымдар мен оқырмандардың теориялық білімін толықтыруға өз септігін тигізеді. Ал адам саудасы қылмыстарының алдын алу туралы ұсыныстар, егер қолданыс табатын болса, тәжірибелік маңызға ие болатыны сөзсіз. Сонымен қатар оны адамдарды саудаға салу қылмыстарының алдын алуға әсерін тигізе алатын бірқатар заңдар мен ережелерді жетілдіруге байланысты ұсыныстар жөнінде де айтуға болады. Сол сияқты автордың адамдарды саудаға салу қылмысры бойынша қылмыстық заңдағы нормаларды жетілдіруге қатысты айтылған ұсыныстары аталмыш қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Дипломға берілген ұсыныстар, тұжырымдар және қорытындылар келесіде қолданылуы мүмкін:
- сот және құқыққорғау органдарының қылмыспен күресуінде және қылмысты ескерту мен қылмыстың алдын алу қызметтерінде;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты басшылыққа алған қаулылардың және түсіндірмелердің жобасын өңдеуде немесе заңшығару тәжірибесіндегі қылмыстық заңшығарушылықты жетілдіруде;
- адамдарды саудаға салумен күрестегі күрделі мәселелерді одан әрі өңдеудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарында;
- оқу процесінде, «Қылмыстық құқық», «Криминология», «Кедендік қылмыстар» курсын оқытуда және жоғары немесе орта заң оқу орындарында арнайы курстар бойынша сабақ өткізу, сонымен қатар тергеу қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің қайнар-көздерін жұмысты жазуда қолданылған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қаз ССР-нің, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, Қазақстан Республикасының Кеден кодексі мен өзге де заңдар құрайды. Кей тұстарында салыстырмалы түрде Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары мен өзге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің, сондай-ақ, АҚШ, Германия, Англия, Франция, Жапония, Швейцария сияқты алыс шет елдердің де қылмыстық заңнамалары пайдаланылды.
Зерттеу нысаны. Адамдарды саудаға салу қылмыстылығын зерттеу аясындағы пайда болған материалдар мен Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар .
1. Адамдарды саудаға салу жағдайларына байланысты, ҚР-ның Қылмыстық Кодекстегі баптарды жүзеге асыру механизмдерін күшейту қажет, ол қылмыстық істерді қозғау, соттарда адам саудасымен айналысатын адамдарды әділ жазалау негізінде жүзеге аспаќ. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабында қарастырылған адам саудасы қылмысының объективтік жағын құраушы белгілердің бірі болып табылатын қазіргі мәтініндегі «азғырып-көндіру» ұғымы орыс тіліндегі мәтініндегі аудармасына сәйкес келмейді, өйткені «вербовкалау» ұғымы жинақтаушы ұғым ол бірнеше іс әрекетті қамтиды, атап айтқанда адамдардың еңбегін пайдалану мақсатында қандай да бір қызмет түрлерімен айналысу үшін тұлғаны немесе тұлғалар тобын іздеу, көндіру, жалдау, алу, тарту, құжаттарын дайындау бойынша іс-әрекет түсініледі, сонымен қатар бұл «вербовкалау» ұғымы поляк, неміс тілдерінде аудармасыз қалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабындағы «азғырып-көндіру» ұғымының орнына «вербовкалау» ұғымын қалдырған дұрыс болар еді. Сонымен қатар, адам құқығының халықаралық нормаларына сәйкес, адамдарды саудалау құрбандарын қорғауға бағытталған, заңдар мен ережелерді қатайту. Бұл шаралаға паналатуды, жеке қауіпсіздікті, тиісті медициналық және заңдық көмекті, процессуалды көмекті, моральдық және материалдық шығындарды өтеуді, үйге оралуына және құрбандарды әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету енгізілуі керек.
2. Құқық қорғау органдарының жергілікті үкіметтік емес ұйымдарымен адам саудасының жәбірленушілерімен біріге жұмыс жасап, белсенділік білдіру мақсатында және істі қозғауда іздестіру кезеңдерінде бір жұмыс жасау қажеттігін ескеру қажет.
3. Мемлекеттік құқық қорғау органдарында өзара әрекеттерді күшейту. өйткені, еңбектік немесе басқа да эксплуатациялау мақсатында біздің азаматтардың қайда апаратынын, сонымен қатар Қазақстанға келгенде қай жерге орналастырылатыны жайлы мәліметтер болу қажет. Адамдарды саудалауға қарсы тұру бойынша мамандырылған мемлекеттік органдарын құру туралы мәселені қарастыру; адамдарды саудалау қылмыс ретінде саналатын қажетті заңнамалық нормаларды қабылдау; жалдау және некелік кеңселер бойынша, Интернет желісінде өзінің қызметтерін ұсынатындарды қосқанда, агнттіктер жұмысына бақылау жүргзуге бағытталған заңдарды күшіне енгізу және қабылдау.
4. Адам саудасы мәселесінің алдын алу, ескертуде болатын ақпараттық кампаниялар мемлекеттік тілде және Астана мен Алматы қалаларында халықтың қарым - қатынас ұлтаралық тіліне сай өткізілуі қажет, сонымен қатар ҚР-ның территориясынан сыртқа шығатын азаматтарға да өткізілетін ақпараттық кампаниялар оларға түсінікті тілде өткізілген жөн (БАҚ, жарнамалық қалқан, паспорттағы қағаз, ақпараттық кездесулер, буклеттерді тарату) .
5. Халықаралық тәжірибе, процедура мен заңдылықтарды мойындау негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне практикалық жиылыстар, семинарлар, тренингтер өткізу арқылы күнделікті оқыту сабақтары мен тәжірбие алмастырып отыру қажет.
6. Полиция қызметкерлерін арнайы оқытуда оларды адам саудасының құрбандарымен гумандық және адам құқықтарын қорғау негізінде жұмыс жасауға адекватты болу үшін арнайы сабақтар өткізу; Полиция, соттар, иммиграция қызметі жұмысшыларының және консулдар мен елшіліктердің лауазымды тұлғаларының, сонымен қатар адам құқығымен байланысты, адамдарды саудалау төркіні туралы, сондай ақ бұқпа сауда құрбандарын қолдау және қорғау бойынша мемлекеттің міндеттері хабардарлық деңгейін туралы жоғарылату; адамдарды саудалау құрбандарын (немесе ықтимал құрабандарды) құқыққа қайшы қылықтардың әрбір сатысында, табу жағдайларында үйлестірілген стратегиялар мен іс әрекет жасау бағдарламаларын енгізу. Ықтимал куәларды қорғау мақсатында (сонымен бірге оларды ерте елден қууға жол бермеу жолымен) иммиграция және полиция органдарының ынтымақтасу деңгейін жоғарылату;
7. Астана қаласында осы аталған мәселені болдырмауда басқа да мемлекеттік органдармен, сонымен қатар ХМҰ, ҮЕҰ, БАҚ-мен де тығыз қарым - қатынаста болып, конструктивті серіктесті жалғастыру; адамдарды саудалаумен күрестің ұлттық бағдарламаларын құру бойынша, бұл құбылыстың алдын алумен, айыптыларды жауапкершілікке тарту және адамдарды саудалау құрбандарын қорғауды қамтамасыз етумен бірге, шаралар қабылдау. Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейде әртүрлі үкіметтік органдардың (сондай ақ үкіметтер мен МЕҰ) іс қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында үйлестіру тетігін орнату және көп тарапты тәсілдерді қалыптастыру. Тиісті ақпараттың, сонымен бірге, қолдағы бағдарламалар мен жасалып жатқан іс әрекеттер туралы ақпараттардың, өкілдері адамдарды саудалау жағдайларымен ұрынуы мүмкін жергілікті билік органдарына жетуіне шаралар қабылдау және оның құрбандарымен байланысқа келу.
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне келесі өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге ұсыныс береміз:
- Қылмыстық кодекстің 133-бабын толығымен алып тастау керек;
- Қылмыстық кодекстің 128-бабын келесі редакцияда ұсыну керек:
128-бап. Адамдарды саудаға салу немесе адамға қатысты басқа заңсыз келісім жасау.
1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
е) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
ж) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
и) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып;
л) кәмелетке толмағанға қатысты жасалғанда, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz