Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І тарау. Ақпараттық қызмет көрсету негізгі қызмет түріне жатады.
1. 1. Құжаттарды іріктеп алу . . . 5
1. 2. Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару . . . 16
ІІ тарау. Ақпараттық өнім: типологиясы және қасиеті.
- Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары . . . 26
- Ақпараттық өнімдердің және қызметтердің түрлері . . . 35
ІІІ тарау. Ақпараттық қажеттілік және оны табу жолдары.
3. 1. Ақпараттық қажеттіліктің қасиеті . . . 45
3. 2. Кітапханадағы ақпараттық қажеттілікті анықтау жолдары . . . 51
Қортынды . . . 58
Пайдаланған әдебиеттер . . . 60
Кіріспе
Дипломдық жұмысты зертеу актуальдылығы : Еліміздің өркениетті мемлекет болып, саяси және экономика жағынан шапшаң ілгері дамуы, сондай - ақ әлеуметтік құрылымның өзгеруі жаңа пайдаланушылар тобының пайда болуына ықпалын тигізді.
Қазіргі таңда ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, оған деген сұраныстың да еселей түскендігі белгілі. Сондықтан кітапхана қызметінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы, оның сапалылығы мен нәтижелілігі тек болашағын сақтайды. Осы мақсатта өз оқырмандарына жаңа дәстүрде қызмет етуді көздеген кітапхана қажетті апқпаратты жедел және толық алуына мүмкіндік беретін, қызметі ақпараттық - комуникативтік технологиялардың үйлесуі мен жүзеге асырылатын жаңа үлгідегі кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыруда. Кітапханалар оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру қазіргі заман талаптарына сай бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуда, ол оқырмандарды дәстүрлі және электронды тасымалдағыш құралдарымен қамтамасыз ету, кітапханалық библиографиялық үрдістерді автоматтандыру негізінде өзіндік және әлемдік электронды ресурыстарға мемкіндік беру, қорды насихаттау және білімгер жастардың рухани ой - өрісін, патриоттық педагогикалық, эстетикалық және мәдени тәрбиесін дамыту.
Проблеманы құрастыру дәрежесі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы жолдаудың мемлекеттік деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету жағдайында, оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселелеріне жетік назар аударылады.
Әлемдік ақпараттандыру және қоғамды компьютерлендіруге деген тенденция компьютерлік мәдениетке оқытуға, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурыстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды құру және пайдалануына әр түрлі ақпараттарға көпаспектілі және оперативті түрде кіруді қаматамасыз ететін түрлі деңгейдегі тораптарға деген қажеттілікті күшейтіп отыр. Кітапхана ісіндегі қазіргі күнге сәйкес Кітапханалық библиографиялық құралдарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарасытырып, осы заман талабына сай кітапхана жұмысында оқырмандардың сұранымын қанағаттандыру мақсатында, библиографиялық құралдардың тиімді пайдаланудың жолдарын ұйымдастыру болып отыр.
Зерттеу объектісі: Кітапханатану, анықтамалық - библиографиялық аппараттарды құрастыру, электронды түрде қызмет көрсетудің тиімдігін зерттеу. Оқырмандардық ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу және сұранымдарын сапалы түрде қанағаттандыру жолдарын дамыту. Түрлі жаңалықты ақпараттық иновациялық өнімдерді пайдалану, кітапханалық анықтамалық библиографиялық құралдарды ұйымдастыру қызметін дамытып жаңа заманға сай жүргізу жұмыстарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың алға қойып отырған мақсаты - Кез келген қажеттіліктегі, сыпайылық, сақтық, клиенттерге қызметкерлердің жеткізе білу қаблеттілігі және олармен іскерлік қатынаста нәтижелілік сияқты, маңызды істердің бөлімдерін қарастырамыз. Бір қарағанда осы талаптар кітапханашылар мен ақпарат беруші қызметкерлер үнемі көрсетеді, өзгешеліктері жоқ. Ақпараттық салада көпшілігінде басқаларға қарағанда, екі есе сәйкеспеушіліктер болады. Ол үшін адамды түсіне білу керек, ақпараттың қажеттілік себебін, оның түсіну қаблеті мен дайындалу деңгейін анықтау керек. Кәсіби білім мен қабілеттен басқа (пән бойынша сұраным көлеміне тез түсіну, ақпараттық ресурстардың білімінің мүмкіншілігін, іздестіруді басқа да жолдармен жүргізе білуді), ақпараттық құрылым мамандарынан тырнақ алды психологиялық білім және психологиялық шығармашылық, сонымен қоса қарым қатынас жасағанда жоғары деңгейдегі біліктілікті талап етеді
Ғылымдағы жаңалықтар. Қазіргі кезеңде кітапхана ақпараттық ресурстарын, мәдени бос уақытты пайдалы өткізетін, білім беретін орталық болып саналады.
Кітапхана ісінде компьютерлік технологияларды кең ауқымды пайдалануды оқырмандар мен кітапхананың басқа пайдаланушыларының ақпаратқа деген сұранымын қанағаттандыруға негізделген. Еліміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмаларды іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Осы ақпараттарды оқырмандардың қажеттілігіне қарай дер кезінде тұтынушыларға жеткізу кітапханашылардың жұмысы. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғарғы кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруды талап етеді.
Тәжірибелік барысы: Дипломдық жұмыс «Ақапараттық қажеттілік жиынтығы» тақырыбын қамтиды. Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қажеттілікке байланысты осы талаптарға сай, технологиялық процестердің орындалу регламенттері қалыптасатыны анық: сұрақтарды қабылдау - оның орындалуы - қызмет көрсетілуі - тұтынушының пікірін білу. Басқаша айтқанда, тіл талабы технология тіліне аударылады және сапалылық жүйесіне құжат жүргізіледі. Ақпараттық қызмет көрсету ісіне қатысты берілген мінездемелермен қаншалықты келісуге болады ? Олардың тұтынушыларға қаншалықты маңыздылық көзқарасымен талдап, орнатуға әрекет ету.
Дипломдық жұмысты қорғаудағы негізгі ережелер : таңдап алынған тақырып бойынша анықтамалық қажеттіліктерді ұйымдастыру жұмыстарын саралап, және оларды бір - бірімен салыстырып көрдім. Сонымен қоса ақпараттық құралдардың инавациялық жолдарын дамытуды қарастырып анықтамалық библиографиялық аппараттарды электрондық түрлерін қолдануды зерттедім. Дипломдық жұмысымда анықтамалық қажеттіктерді зерттеп бірнеше түрін қарастырып қарастырдым.
І тарау. Библиографиялық құралдарды топтастырудың түрлері.
1. 1. Құжаттарды іріктеп алу
Іріктеп алу - библиографиялаудың аса маңызды процесі. ГОСТ 7. 0-84 бойынша, библиографиялық іріктеп алу - бұл «библиографияланатын құжаттарды белгіленген сапалық өлшемдерге сәйкес іріктеп алу».
Библиографиялаудың ерекше кезеңі болып табылатын материалды іріктеп алу белгілі бір дәрежеде библиографиялық құралдардың басым көпшілігіне, атап айтқанда, барлық ғылыми-көмекші және ұсыныстық көрсеткіштерге түгелдей тән. Іріктеп алу жұмысы мүлде жасалмайтын құралдарды атап шығуға болады ( белгілі бір адамның тірі кезінде басылған барлық шығармаларының көрсеткіштері, белгілі бір жер - қала, аудан, облыс және басқа да аймақта жарық көрген баспасөз туындыларының көрсеткіштері) . Бұл жерде жиналған материалдың бәрін толық қамтып, елеп-екшеп жазу керек. Әйтсе де жасалған жұмыста ой, мақсаттың, нақты болу жағын ескеру жөн. Библиографиялық оқулыққа керекті құжаттарды іріктеп алу ісінің өзін басты белгілері бойынша шектеулі (формальды, мазмұнды) және сапалық деп бөлуге болады. Шектеулі іріктеу дегенге іздестіру, сұрастыру арқылы жинау, ал сапалық іріктеуге - библиографиялық ақпаратқа сүйене отырып бағалау жатады. Библиографиялаудың синтездік шағын кезеңінің екінші процесі библиографиялық жазбаларды топтау болып табылады. Ол оқырмандардың құралдан жақсы бағдар алуына, қажетті материалдарды тез табуына, олардың арсындағы өзара байланысты көре білуіне көмектеседі; ал бірқатар жағдайларда басылып шыққан шығармалармен танысудың тәртібін, ретін көрсетіп те береді. Топтау негізгі үш операцияны: бүкіл жазбаларды таңдап алған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді; бөлімдердің, бөлімшелердің, рубрикалардың және т. б. реттілігін анықтауды: рубрикалардың ішінде жазбаларды (кіші рубрикаларды), яғни ішкі ең соңғы бөліністер дейтіндерді орналастыру әдісін таңдап алуды қамтиды.
Топтаудың нақтылы бар әдістері мейлінше сан алуан, ал олардың қайсысын таңдап алу құралдың жалпы ой төркініне, қандай мақсатқа және қандай оқырманға арналатындығы, библиографияланып отырған документтің сипаты мен мазмұны арқылы анықталады. Алайда, библиографиялық хабарламаның негізгі қоғамдық қызметі жөніндегі түсініктерді басшылыққа ала отырып, топтаудың ең алдымен 3 әдісін: формальды, мазмұндық және ұсыныстық әдістерін ажыратып алу керек. Бірінші әдіс негізінен алғанда белгілі бір сипаты бойынша нақты құжаттарды іздестіруге, екіншісі-тақырып (мазмұн) бірлігімен байланысты баспа шығармаларын анықтауға, үшіншісі - басылып шыққан материалдарға олардың ғылыми, көркемдік құндылығына, ұғымдылық дәрежесіне және т. б. сәйкес баға беруге жәрдемдеседі.
Формальды топтаудың негізгі міндеті - құжаттардың сыртқы белгілеріне қарап оны іздестіру, табу. Құжаттардың сыртқы белгілері дегенде оның түрі, басылып шыққан жері, тілі, авторы кім екендігі және т. б. айтамыз.
Кейбір жағдайларда формальды топтау құралда өз шешімін тапқан көптеген құжаттар жайында мазмұнды түсінік алуға жәрдемдеседі. Мәселен, хронологиялық тәртіппен (құжаттардың басылып шыққан жылдары бойынша) орналастыру тақырып бойынша деректер тасқынының қалыптасуы мен эволюциясын қадағалуға, басылып шыққан жері бойынша топтау белгілі бір қаладағы, аудандағы, облыстағы баспа қызметінің көлемі мен сипатынан түсінік алуға мүмкіндік береді. Материалдың авторлар фамилиясының алфавиті бойынша орналастырылуы (мысалы, «Сводный каталог русской книги гражданской печати XVIII века, 1725 - 1800» деген еңбектің алғашқы үш томында) белгілі бір қайраткердің шығармашылық белсенділігі мен ғылымның, әдебиеттің, өнердің және т. б. дамуына қосқан үлесіне жақсырақ баға беруге көмектеседі. [18, Б. 6-15]
Мазмұны жағынан топтаудың формальды топтаудан айырмашылығы - ол библиографиялық суреттемелерге ғана негізделмейді, өйткені оларға енгізілген құжаттар туралы деректер екінің бірінде олардың тақырыбын аша бермейді. Мұнда библиографтың тікелей құжаттардың мәтініне немесе аннотацияларға (рефераттарға) жүгінуі қажет. Әдетте, белгілі бір шығарма көбінесе бірқатар тақырыптарға (мәселелерге) арналатын болғандықтан, оның суреттемесін құралдың әртүрлі бөлімдерінде не қайталап отыру, немесе сілтемелерді қолдану қажет болады.
Мазмұнына қарай топтау жүйелі, тақырыптық және пәндік болуы мүмкін.
Жүйелі орналастыру қайсы бір дайын әмбебап немесе салалық саралау схемасын пайдалануды көздейді. Бір схема бойынша құрылған әртүрлі құралдарда материалды топтау, әдетте, (бірдей атаулар пайдаланылады және бөлімдерінің реті де) бірдей болады. Тақырып бойынша топтаудың ерекшелігі - ішкі құрылымы өте сақталмайды. Бұл орайда жалпы бөліну саны, олардың реті, атаулардың тұжырымдалуы тақырыбы жөнінен ұқсас немесе бірдей көрсеткіштерде екінің бірінде әртүрлі болып шығуы мүмкін.
Пәндік жағынан топтағанда библиографиялық жазбалар басылып шыққан тақырыбы жөнінен жақын шығармалардың негізгі мазмұнын бейнелейтін рубрикаларда біріктіріледі, ал рубрикалардың өздері сол шығармалар атауларының алфавиті бойынша орналасады. Мазмұны ауқымды рубрикалар ішінен кіші рубрикалар бөлінеді. Пәндік жағынан орналастыру хабарламаны тұтынушының нақты, біршама тар мәселелер жөніндегі қажет құжаттарды тез табуына мүмкіндік береді. Алайда өзінің мазмұны жағынан көп пәнді, басылып шыққан шығармаларды әр түрлі рубрикаларда көрсету қажеттілігі құралдың көлемін тым ұлғайтып жібереді. Оның үстіне рубрикалардың алфавит ретімен берілуі ұқсас жазбалар арасындағы байланысты үзеді, олардың логикалық реттілігін бұзады және әлбетте, оқуға жетекшілік жасау мақсатына қызмет ете алмайды. Сондықтан пәндік жағынан топтау әдетте мамандарға және даярлығы бар пайдаланушыларға арналған ғылыми-көмекші салалық библиографиялық құралдарда қолданылады.
Ұсыныстық топтау басылып шыққан нақты шығармаларды табуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыға құралды құрастырушы тұрғысынан әдебиетпен жұмыс істеудің неғұрлым дұрыс жолдарын да көрсетеді. Сөйтіп, оның ерекшелігі белгілі бір педагогикалық ниетті көздейтіндігінде. Практикада ұсыныстық топтаудың жалпылама топтаудан бастап жеке топтауға дейінгі (тақырыпты дамыту негізі бойынша) ұғымдылық дәрежесі (неғұрлым оңайынан қиынына қарай) немесе ұсынылып отырған шығармалардың біршама құндылығы бойынша әртүрлі нұсқалары пайдаланылады. Орналастырудың таңдап алынған тәртібін құралға алғы сөзде негіздеу және бөлімдер мен топтық аннотацияларға кіріспе ескертпелерде тиісті түсінік беру қажет.
Ұсыныстық топтауда библиографиялық хабарламаның баға беру қызметінің ашық және белсенді түрде көрінетіні әбден айқын. Бұл қызметтің библиографиялау үшін жалпы мәні болғандықтан, даярлығы аз адамдарға да, хабарламаны білгірлікпен тұтынушыларға - мамандарға да, ғылыми қызметкерлерге және тағы басқаларға да арналған құралдарда ұсыныстық топтау берген жөн, ал топтаудың нақты әдісі, әрине, әртүрлі болады.
Шығармалардың сапасына баға беру, олардың салыстырмалы құндылығын дәл анықтау - өте қиын міндет. Оны шешкенде кездейсоқтық пен субъективтілік элементтеріне жол беріп алуға болмайды. Библиограф, бұл кемшіліктерді, әдебиетті мұқият зерттеп, мамандармен үнемі ақылдасып, сыни сипатта басылып шыққан материалдарға (рецензияларға, шолу мақалаларға және тағы басқа) жүгіне отырып жеңе алады.
Библиографиялық құралдарда материалдарды топтаудың қолданылып жүрген түрлерін саралаудың жоғарыда қарастырылған әдістерінен басқа әдістер де болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым немесе күрделі топтау болады. Бірінші жағдайда құралдағы жазбалар қандай болса да бір ретпен орналасады, бірақ ішіндегі материал бөлімдерге, бөлімшелерге және басқаларына бөлінбейді.
Күрделі топтауда суреттемелерді бөлімдер, бөлімшелер, рубрикалар және кіші рубрикалар бойынша бөлу көзделеді, ал әрбір соңғы бөлінісі ішінде де материал алдын ала таңдап алынған бір ретпен (авторлардың фамилиялары немесе бас тақырып алфавиті, басылымның хронологиясы бойынша, әдебиеттің түрлері бойынша, логикалық ретіне қарай - жалпыдан жалқыға, қарапайымнан күрделіге қарай және тағы басқа орналастырылады. [19, Б. 34-39]
Библиографиялық синтезідің маңызды операциясы ол анықталып, іріктеліп алынған материалдарды белгілі бір түрде реттеп, логикалық жүйеге түсіруге, библиографиялық құралда келтірілген баспа шығармалары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Материалды топтау ақпаратты тұтынушының документті деректемелерге бағдар алуын қамтамасыз етеді, әрбір нақты жағдайда өзі ден қоятын әдебиет туралы мәліметтерді тез табуына жәрдемдеседі. Синтездік шағын кезеңде анықталып, зерттелген құжаттарды іріктеп алу мен библиографиялық жазбаларды топтау жүзеге асырылады. Библиографиялаудың синтездік кезеңінің басты міндеті - осының алдындағы барлық талдау операцияларының нәтижелерін етене бірітіру және қандай нақты мақсатқа, қандай пайдаланушыға арналғандығына сәйкес тұтас библиографиялық туынды ретінде құралдың құрылымын қалыптастыру. Құралды жазудың синтездік кезеңі негізгі 3 операциядан : әдебиет ірітеп алу, библиографиялық жазбаларды топтау, көмекші көрсеткіштерді құрастырудан тұрады.
Шектеулі іріктеу. Шектеулі іріктеу екі түрлі: формальды және мазмұнды деп аталады. Әдебиетті формальды іріктеп алғанда библиографиялаудың тікелей объектілеріне кеңестік жағынан ( белгілі бір немесе бірнеше кітапхананың қоры), формальдық-баспагерлік (басылымның түрі, тиражы, көлемі, көбейтілу әдісі), хронологиялық (есептегі кезеңі, жазылу уақыты), территориялық (басылып шыққан жер»), тілі және басқалары жағынан сырттай шек қойылуы мүмкін.
Нақты библиографиялық практикада жоғарыда келтірілген формальды белгілер әдетте ұштасып кетеді. Мәселен, белгілі бір орталықтандырылған кітапхана жүйесіне жаңа түскен әдебиеттердің айлық бюллетенінде іріктеу кеңістік (сақталу орны) және хронологиялық өлшемдері бойынша жүзеге асырылады. Бұлайша іріктеп алған жағдайда құжаттардың мазмұны, тақырыбы қозғала бермейді.
Формальды іріктеп алумен салыстырғанда, іріктеп алудағы мазмұн жағынан шектеу оқырманға қатынасы жөнінен неғұрлым белсенді болады, бірақ құжаттардың мазмұнына нысаналы баға беру сияқты мұнда да оларды айқын саралау жоқ. Мысалы, Бүкілодақтық ғылыми және техникалық хабарлама институтының ағымдағы (сигналдық үгімдегі) салалық библиографиялық басылымдары белгілі бір салалық мазмұнмен шектеледі (құжаттардың сапасына баға берілмейді) және инженер-техник, ғылыми-қызметкерлерге, конструкторлар мен өнер табысшыларға, рационализатор-ларға, хабарламаны тұтынушылардың басқа категорияларына арналған. Жалпы алғанда, мазмұны жағынан шектеп іріктеудің өзі де құрастырушылардан мәселенің мәні жөніндегі әдебиетті терең білуді, мықты әзірлікті талап етеді. Нақты шешімдер қабылдауда библиографқа белгілі бір саладағы мамандар-ғылыми редакторлар мен консультанттар көмек көрсетеді. [16, Б. 45-49]
Сапалық іріктеу. Мұндай іріктеу процесінде көрсеткіштің нақты нысаналы және оқырмандық мақсатына сай келмейтін құжаттар алынып тасталуға тиіс. Өткен кезеңде кейбір советтік библиография танушылардың ойлағанындай, сапалық іріктеп алу ғана емес, сонымен қатар ғылыми-көмекші библиографияға да тән.
Сапалық іріктеу-мейлінше күрделі процесс. Библиограф құралдың тақырыбы мен ол бойынша қолда бар әдебиетті жақсы біліп қана қоймай, сонымен қатар тақырыбы бойынша жақын еңбектердің ғылыми немесе көркемдік құнды жақтарына салыстырмалы талдау жасай білуі, белгілі бір көрсеткіш арналған хабарлама тұтынушылардың әртүрлі топтарының әзірлік деңгейін, қабылдауының өзіндік сипаты мен психологиясының ерекшеліктерін ескере білу керек.
Іріктеудің жоғарыда сипатталған түрлері библиографиялық практикада көбінесе бір-бірімен ұштасып отыратынын атап көрсету қажет. Мәселен, бір құралда бір мезгілде іріктеудің формальды, мазмұндық және сапалық өлшемдері пайдаланылуы мүмкін. Бұл орайда олардың біреуі негізгі, жетекші, басқалары қосымша ілеспе өлшем болады. Сапасына қарай іріктеуді жүзеге асыру үшін таңдап алынған тақырыптағы әдебиеттерді жақсы білу аздық етеді. Библиограф оқырмандар мүдделерінің психологиясына терең бойлай білуге тиіс, мұның өзі оқырмандарды, олардың сан алуан ақпараттық қажеттерін қазіргі ғылыми типтендіруді зерттеп білудің негізінде ғана мүмкін болады. Сонымен, бұл арада библиографиялау әдісінің кітапхана ісінің, атап айтқанда, оның оқырмандарды зерттеу және оқуға жетекшілік ету сияқты бөлімдерінің жетістіктерімен тығыз байланысы, оған тәуелдігі ерекше айқын көрінеді.
Шектеулі «формальды және мазмұндық» және сапалық іріктеп алуды қанша ажырата қарағанмен, бұл құбылыстарды оқшауланған, өзара байланысы жоқ деп санауға болмайды. Керісінше, библиографиялық құрал құрастыру практикасында негізгі және жетекші болатын бір өлшем, әдетте басқаларымен ұштасып, аралсып кетеді. Қосымша өлшемдер рөлінде көрінген бұл өлшемдер библиографиялық хабарламаның (іздестіру, коммуникативтік, бағалау) негізгі қоғамдық қызметінің айырмашылықтарын ғана емес, сонымен қатар бірлігін де объективті түрде бейнелейді.
Оқырмандар кітапханадан ақпарат құралдары арқылы керекті құқықтық ақпараттар мәліметтерін жинай алады. Осы орайда, оқырмандарға құқықтық ақпараттарды жүйелі түрде жеткізе білу насихаттау тұрғысындағы, жағдайларға сай барлық құқықтық ақпарат түрлері жинақталған,
нормативтік құқықтық заң актілер базасы арқылы, оқырмандарға электрондық тұрғыда қызмет көрсететін секторлар ашылуда. Сектор өз жұмысын «Сектор ережесіне» сүйене отырып атқарады. Онда сектордың міндеттері мен қызметі, ақылы және ақысыз қызмет көрсету жөнінде ережелері мен талаптары, университет студенттерінің құқықтық жағынан білімдерін көтеру реттеу мақсатында, үгіт насихат жүргізу жұмыстары көрсетілген. Оқырмандарға сектор қызметінің негізгі бағытының бірін атап айтатын болсақ, сектор оқырмандарға, 4 мыңға жуық жинақталынған Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінің құруымен Қазақстан Республикасының Құқықтық ақпарат орталығының «Заңдар» атты заңнама базасы мен Юринфо компанияларының «Юрист» атты заңнамасы орналасқан базаларын пайдалану арқылы электрондық тұрғыда қызмет көрсетеміз. Осы базаларды пайдалана отырып, оқырмандар өздеріне керекті құқықтық мағұлматтар мен мәліметтерден хабардар болады. Секторда, оқырмандар құқықтық ақпараттар мәліметтерінен хабардар болып қана қоймай, оны қолданудың жедел түрлері мен тиімді жолдары қарастырылған. Мысалы, оқырман керекті ақпарат мәліметтерін дискетке көшіріп алу немесе параққа шығару арқылы, өздерімен бірге тұрақты түрде ақпараттар мәліметтерін алып жүре алады. Мұның өзі оқырманның тез арада құқықтық ақпараттардан хабардар болуын тездетеді, әрі жылдамдатады, әрі уақыттарын үнемдеулеріне мүмкіндік тудырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz