Ақша қаражатын пайдалануын талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ақша қаражаты - бұл ұйымның қаржылық ресурсы және ең өтімділігі жоғары активтер. Ақша қаражаты айналым активтерінің құрамдас бөлігі. Ол кәсіпорынға жеткізуші және мердігерлермен есеп айырысуды, бюджет төлемдерін, кредит беретін мекемелермен, жұмысшыларға еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдерді төлеуді жүзеге асырады. [1, 2б. ]

Ақша қаражаты кәсіпорын қоржынына сатылған товарлары және көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден, банктен қарыз түрінде, мекемелер мен ұйымдардан уақытша көмек түрінде және басқа да түрде түседі.

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі қысқа мерзімді активтердің құрамына кіретін ақша қаражатының есебі ұйымның маңызды бөлігі болып саналады, өйткені олар ұйымның өндірістік қуатын анықтайды және оның өндірістік үдерісін дамытуды қамтамасыз етеді. Ал ақша қаражатына аудит жүргізудің өзектілігі қаржылық есеп берудің дұрыстығы және оның нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылығы ДК Бектасов ұйымының ақша қаражатының есебін жан-жақты қарастыру және талдау.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы дипломдық жұмыста ұсынылған жайларды ДК Бектасов ақша қаражатының есебін жақсарту кезінде пайдалануға болатындығынан тұрады.

Диплом жұмысының мақсаты - ақша қаражаты есебінің ұйымдастырылу теориясын және шаруашылық істеріне қаржылық талдау жасау болып табылады. Ол үшін бухгалтерлік бөлімде қаржылық есептіліктің бүгінгі ХҚЕС талаптарына сәйкестігін және бастапқы құжаттардың оның ішінде ақша қаражатының кірісі және шығысы есебінің дұрыс жүргізілуі ұйымның жүргізіп отырған есеп саясатымен үйлестігіне назар аудару жатады.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:

- Ақша қаражаты есебінің теориялық негізін қарастыру ;

-ДК Бектасов ақша қаражатының есебін талдау;

-ДК Бектасов ақша қаражаты есебін жетілдіру жолдарын ұсыну;

Ақша қаражатының қозғалысына талдау жасап отыру кәсіпорынның қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану және төлеу тәртібін күшейтуге септігі тиеді. Нарықтық экономика жағдайында ақша қаражатын тиімді пайдалану кәсіпорынға қосымша табыс әкеледі, сондықтан кәсіпорын уақытша бос ақша қаражат көздерін ұтымды түрде салымға салып пайда табу керек (банк депозиті, бағалы қағазға және басқаларға) .

Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде теңге немесе шетел валютасымен жүргізуге банк шоттарын ашады және ол ағымдағы және корреспонденттік шоттарға бөлінеді. Қолма қол есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің белгілеген нормативті құжаттарының тәртібімен жүргізіледі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі ДК Бектасов. Ал пәні бұл кәсіпорынның ақша қаражатының есебі болып тыбылады.

Диплом жұмысының теориялық базасына және әдістемелік негіздеріне В. Радостовец, В Назарова, Қ Кеулімжанов т. б. авторлардың еңбектері сондай-ақ ғалымдардың «Бухгалтерлік есеп» туралы жазған оқу әдістемелік құралдары пайдаланылды.

Зерттеу әдісі - бүгінгі күні жүргізіліп отырған шаруашылық жағдайындағы ақша қаражаты есебінің ерекшеліктері жатады. Әрбір болашақ экономист маман үшін аудиторлық ойдың қалыптасуына және аудитті жүргізу үшін теориялық, әдістемелік негізін міндетгі түрде білу керек.

Ақша қаражатының базасы деп кәсіпорынның өзге де ұйымдар мен мекемелерге жұмыс пен қызметті сатуға және де басқа да шаруашылық операцияларын орындаумен байланысқан қарым қатынасы болып табылады.

Ақша қаражаты - кәсіпорынның қаржы ресурсының маңызды бөлігі болуымен шаруашылық субъектісінің нарықтың бәсекеде оза шауып тірлік жасап даму үшін қажетті құрал.

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жарлығымен 26 желтоқсан 1995 жыл № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заңды күші бар Заң қабылдады, ол жаңа бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелік, ұйымдық, құқықтық және басқа да негізгі маңызды мәселелерін шешті.

Диплом жұмысын жазудың тәжірибелік базасына ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, ҚР Салық Кодексі, ҚР «Аудит қызметі туралы» заңдары, ХҚЕС және басқа да ҚР нормативті актілері, құрылтай құжаттары, 2009- 2011 жылдың қаржылық есептілігі, ұйымның «Есеп саясаты» жатады.

Бұл аталған шараларды жүзеге асыру үшін математикалық, статистикалық, салыстырмалы талдау әдісі және бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиет және қосымшалардан тұрады.

1 Ақша қаражаты есебінің теориялық негізі

1. 1 Есеп айырысу шотындағы ақша қаражатының есебі

Өзіндік балансы бар және жеке меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж 2 маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жазу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспондентелетін немесе жинақ шоттарын ашады.

Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттары [2, 69б. ] .

Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.

Банктік шоттар банк шарты бойынша ашылады. Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шот ашу үшін мынандай құжаттар ұсынылады:

  • Банк белгілеген үлгідегі өтініш;
  • Мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка) уәкілетті орган берген белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
  • Жарғының нотариалды куәләндіріген көшірмесі;
  • Қаражат бөлушілердің «басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәләндірілген, екі дана мөр бедерлемесі
  • Клиенттің салықтық есепке (СТTН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы.

Осыдан кейін банк алынған құжаттарды тексеріп шот ашқан. Банк салық инспекциясына 10 күн ішінде шот ашылғаны туралы хабар береді. Осылай жоғарыда көрсетілген құжаттарды шот ашуға ұсынғаннан кейін ұйым банк басқармасының өкімі бойынша есеп айырысу шоты беріліп, ұйымның ақша қаражаты қозғалысының есебіне лицевой шот ашылды. Бірінші қол қою құқығы кәсіпорын басшысында, екіншісі бас бухгалтерде. Банктік шотқа субъектіге хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны рәсімдейтін барлық құжаттарға қойылады [3, 85б. ] .

Ағымдағы шотқа ақша қаражаты әр түрлі көздерден түседі:

- өнімді, жұмысты және қызметті сатудан;

- кассадан түскен ақша қаражаты;

- қысқа мерзімді банк қарызы;

- шаруашылық қызметтің басқа түрлерінен;

-бюджеттен түсім.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойылған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемақыға және шаруашылық қажетіліктеріне қолма қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың (жабдықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу) келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдердің басқасы жүргізіледі. Ағымдағы шоттағы қаржы жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қарай төленеді.

Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартпен белгіленетін мөлшерде сыйақы төлейді (ҚР АК 751 бап) . Мұндайда мынандай бухгалтерлік жазба жасалады: Дт 1030 «Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты» Кт 6110 «Сыйақыдан түскен кіріс» [4, 35б. ] .

Клиент банктік қызмет ету шарты бойынша көрсеткен қызметі үшін шартта қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен (ҚР АК 744бап) төлейді. Мұндайда мынандай бухгалтерлік жазба жасалады: Дт 7211 «Әкімшілік шығыс» Кт 1030«Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты».

Банктегі есеп шотқа қолма қол ақшаны өткізу қолма қол жарнаны хабарландырумен рәсімделеді.

Қолма қол жарнаны хабарландыру - Бұл шот иесінің банкке банктегі шотынан қолма қол ақша қаражатын есепке алуға бұйрығы. Егер ақша касса арқылы өткізілсе шығыс касса ордері толтырылады. Осы сомаға қолма қол жарнаның хабарландыруы толтырылады, оны нақты банкке тапсырылғанын анықтайтын құжат банк бекіткен квитанция (хабарландырудың бір бөлігі) болады. Хабарландырудың бірінші бөлігі банкте қалады, екіншісі кәсіпорынға қайтарылып беріледі, ал үшінші ордер, кәсіпорынға көшірмемен қайтарылады. Есеп шоттан ақша алуға «еңбекақы, жәрдемақы, шаруашылық шығыстары) ақша чегі негіз болады [5, 123б. ] .

Чек - бұл шот иесінің банкке көрсетілген соманы беру туралы бұйрығы. Ақша чегі чек кітапшасын құрайды. Чек кітапшасын алуға өтініш толтырылады.

Ақша чегін берген қызмет үшін есеп шоттан белгілі соманы ұстайды, сондай -ақ чек кітапшасының барлық парақтары нөмірленеді және ақ парақтың «Ұйым атауы» деген жерге кәсіпорынның атауын қояды. Чек кітапшасын берерде банк бірден ескертеді «егер чек кітапшасы жоғалса банкті үш күннің ішінде ескертіңдер» деп. Банк осындай чекпен төленген ақшаға жауап бермейді. Чек 10 күнге дейін күші бар. Чекпен ақшаны алуға өкілетті тұлғаға беріледі. Чекті толтырғанда мынандай ережелерді еске ұстау керек:

-Қаржы алатын адамның аты-жөні, сома бас әріппен жолдың басынан бастап жазылады;

-Бос қалған жолдар сызықшамен сызылады;

-Чекте түзету болмайды, бүлінген чек чек кітапшасында қалады және айқышталып сызылады.

Қолма қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы 1998 ж. 29 маусымдағы №237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000ж. 25 сәуірдегі №179 Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері»атты қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы териториясындағы банктік шот ашпай, қолма қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқарудағы банктік шот ашпай, қолма қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асады [6, 48б. ] . Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формалары ұсынылады:

  • Төлем тапсырмасы (қосымша А) ;
  • Чек;
  • Вексель;
  • Төлемдік талап-тапсырма;
  • Аккредитив;
  • Инкассолық өкім, салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі;
  • ҰБ құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары.

Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді.

Төлем тапсырмасымен (ф. № 0401003) есеп айырысу дегеніміз - ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенифициар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке тапсырмалары. Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы-банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмаларын ұсынады. [7, 33б. ]

Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында ҚР ҰБ басқармасының 2000ж. 16 мамырындағы №195 қаулысына сай- төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті.

Төлем тапсырмасы 4 дана болып жазылады, 1-ші данаға басшы, бас бухгалтер қол қояды, содан соң мөрмен мөрленеді.

Төлемдік талаптар-тапсырмалармен (ф. № 0401001) - есеп айырысуда бенефициар «қаражатты алушы» банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар,

көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді.

Бенифициар бенефициардың банкісіне төлем талап-тапсырмаларын және төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді. Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті (келісімі) бойынша немесеакцепсіз атқарылады.

Төлемдік талап тапсырмаларын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарслығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлемдік-тапсырмасын тиісті қолдар қойылдған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады. Төлемдік талап тапсырмалар 4 данамен толтырылады.

Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде қарастырған жағдайда, осы өндірудің негіздігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады. Инкассолық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкіне-төрт данамен ұсынылады [8, 87б. ] .

Аккредетив дегеніміз- шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефицармен төлем жасайды немесе аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредитивтің басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттік беру.

Есептеулердің аккредитивтік нысаны- бұл тауарлар мен қызметтер үшін басқа қалалармен есеп айырысу нысанының бірі, бұл жағдайда есеп айырысу құжаттарының төлемі сатып алушының банк ісінде осы мақсат үшін арнайы сақталған қаржылар есебінен жабдықтаушының банк ісінде жүзеге асырылады. Аккредитив сатып алушының немесе банк кредитінің меншікті қаражаты есебінен қойылады.

Акредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысу үшін және тек өтініште көрсетілген тауарлар мен қызметтер ғана төленеді. Оның есебінен қолма-қол ақша төлеуге рұқсат етілмейді. Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн шегінде, кей жағдайларда жабдықтау шарттары бойынша қажет болса, жабдықтаушының банкінде аккрдитивтік әрекет мерзімі алушының банк басшысының рұқстатымен 45 күнге дейін белгіленеді. Аккредитив мерзімі өткен соң төлемге рұхсат етілмейді [9, 140б. ] .

Чек- чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу төлем құжаты.

Чек кітапшалары қолма-қол ақшасыз төлемдерді атқару көлік ұйымдарымен, жабдықтаушыларымен, байланыс бөлімшелерімен есеп айырысулар, қолма-қол ақшалай қаражатты алу үшін қолданады. Ұйымдар карт-шотты ТМҚ, іссапарлық және есеп беретін адамдардың басқа шығындары бойынша есеп айырысулар үшін арналған, яғни 1073 «Карт шоттағы ақша қаражаты» дебеттеліп, 1030 «Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты»кредиттеледі, сондай-ақ 1251 «Есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берещегі» дебеттелеліп, 1073 «Карт шоттағы ақша қаражаты» кредиттеледі [10, 92б. ] .

Банк заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Мұнда негізіне сүйеніп ақшалай қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат нөмірлері көрсетіледі.

Банк ақшалай есеп құжаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияларын дәлелдеу үшін үзінде көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса, бұл жайында бірден хабарлайды. Банк көшірмесі тіркелген құжаттармен 1030 «Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаты» шотын бухгалтерлік жазбамен толтыруға негіз болады. Егер банк тұрғысынан қарасақ бұл шот пассивті, сондықтан көшірмеде қалдық кредит бойынша көрсетіледі, ал төлемдер дебет бойынша.

Алынған банк көшірмесін ДК Бектасов бухгалтериясы операцияны және сомасының дұрыстығын тексереді. Егер қате табылса ДК Бектасов бухгалтериясы банкке хабарлайды, банк қате есептен шығарған сома анықталғанша 1280 «Өзге де дебиторлық берешектер» дебеттеліп, 1030 «Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты» кредиттеледі, ал есепке алу 1280«Өзге де дебиторлық берешектер» дебеттеліп, 3397 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» кредиттеледі. ДК Бектасов есеп айырысу шоты бойынша операция жүргізу бас бухгалтерге жүктелген.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар ДК Бектасов жинақтамалы шот 1030 «Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаты» шотында жүргізіледі. Бұл активті шот болған соң дебет жағында есепке алынған сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, алынған қарыздардың бос ақша қаражатының қалдығы жазылады.

Кредит бойынша кәсіпорынның берешектерін жапқан ақша қаражаты көрсетіледі (жеткізушілер және мердігерлермен, бюджеттік төлемдер, еңбекақы т. б. ) . 1030 «Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты» шоттың кредиті бойынша айналымын көрсету үшін № 2 журнал-ордер, № 2 тізімдеме пайдаланылады (қосымша Б) . Бұл тіркемелерді толтыру үшін есеп шоттың банк көшірмесі қолданылады [11, 81б. ] .

Чектер: Чектер
:
Қолма қол жарнаға хабарландыру: Қолма қол жарнаға хабарландыру
:
Төлем тапсырмасы: Төлем тапсырмасы
:
Төлем талап-тапсырмасы: Төлем талап-тапсырмасы
Есеп айырысу шотының көшірмесі: Есеп айырысу шотының көшірмесі
№ 2 тізімдемесіДт 1040 бойынша:

№ 2 тізімдемесі

Дт 1040 бойынша

:
№2 Журнал-ордер Кт 1040 бойынша: №2 Журнал-ордер Кт 1040 бойынша
Бас кітап: Бас кітап
Бас кітап: Қаржылық есептілік

Сурет 1. № 2 журналды-ордерлі формада есеп айырысу шоты бойынша операция есебін ұйымдастыру жолдары көрсетілген.

Мысалы, қаңтар айындағы «Есеп айырысу шоты бойынша бухгалтерлік есептің операциялары» бейнеленген (қосымша В) .

Сонымен, өзіндік балансы бар және жеке меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспондентелетін шоттарын аша алады.

1. 2 Кассадағы ақша қаражатының есебі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді [12, 118б. ] .

Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау; есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі қүннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентен) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаты төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражатының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражатының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс [13, 173б. ] .

Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражатының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражатының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражатының баламаларынан алынып тасталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Айналым капиталының мәні мен құрлымы
Айналым қаражаты
Компанияны басқарудағы қаржылық есептілік
Коммерциялық банктегі несиелерді ұйымдастыру
Компанияның айналым капиталы
Seven Smoke Казақстандағы пластиктер саласындағы озық компания
Ақша қаражаттар қозғалысы мен есебі
КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖАЙЛЫ
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz