Әлихан Бөкейханов ұлы тұлға


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҒАЛЫМ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Әлихан Бөкейхановтың өмір тарихы және ғалымның шығармашылық мұрасы 8

1. 2 Әлихан Бөкейханның саяси қайраткерлігінің қалыптасуы және жетілуі 16

1. 3 Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының азаттық жолындағы күресі 35

1. 4 Әлихан Бөкейханның саяси тақырыптарға арналған мақалалары 46

2 Ә. БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІ ҮШІН КҮРЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

2. 1 Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі және қазақ мемлекеттігі үшін күрес 52

2. 2 Кеңес үкіметінің орнауы және ұлттық мемлекет 65

2. 3 XXғасыр басындағы қазақ саяси элитасы және қазіргі Қазақстан тәуелсіздігі принциптері мен сабақтастығы 71

ҚОРЫТЫНДЫ 79

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 83

ҚОСЫМШАЛАР 85

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі таңда қазақ халқы ұлттық жаңғыртуға, егемен мемлекет қалыптасуы мен Қазақстан Республикасының дүние жүзілік тарихи процесте алатын орнын айқындауда оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып отыр. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесі қазақ халқының ғасырлар бойындағы отаршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі сипатындағы ұлттық мемлекеттілікке бағытгалған күресі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы" деген пікірін белгілі дәрежеде, әрине мемлекеттікті гуманистік, демократиялық құндылық ретіндt бағалау деп қабылдауға болады. Осындай қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезендерін толық зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп отыр.

Ұлттық тәуелсіздік күресінің жемісі болып саналатын Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы тарихы ұлт зиялылары, оның ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы жемісі ретінде болды. Себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан ойлар ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп көрсетіп, ақиқатты бұрмалап теріс пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болуы мен орнығуына жол ашты. Алайда, Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен тәуелсіздігін алуына байланысты, тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта зерттеп, зерделесу мүмкіндігі туды. Отан тарихында халықтың өзін-өзі тануы, мемлекеттілік мәселесіндегі қиын да күрделі процестерді зерттеу нәтижесінде, әрбір тарихи кезеңдерде ұлттық зиялылар кызметі арқылы жүретіндігі мәлім. Солардың бірі өзінің көп үлесін қосқан елім, жерім деген Әлихан Бөкейханов болды.

Алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілі Әлихан Бөкейханов қазақ елін отарлық езгіден құтқаруда, ұлт-азаттық жолындағы күресте, өз мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күресте әрдайым көш бастаушы болды. Әлихан Бөкейхановтың алға қойған басты мақсаттарының бірі мемлекеттілік мәселесі еді. Мемлекеттілік мәселесін шешуде Ресей Думасын, патша әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты.

XX ғасырдың бас кезінде Әлихан және басқа да қазақ зиялылары мемлекеттік жайындағы өз ой-пікірлерін "Айқап" журналы, "Қазақ", "Дача уалаяты", "Алаш", "Сарыарқа", "Қазақстан", "Бірлік туы" газеттері арқылы халыққа жеткізуге тырысты [1] .

Әлихан Бөкейхановтардың қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекеттілік үшін жүргізген күресін зерттеу бізге XX ғасыр басында қазақ қоғамы балама даму жолы болды ма, әлде большевиктер ұсынған бағыт жалғыз ба еді, міне сол сияқты күрделі мәселені терең ұғыну үшін қажет.

Зерттеудің тарихнамасы . Қазақ халқының отаршылдық, қоныстанушылар саясатқа деген көзқарасын, кең далаға көлдей ағылған келімсектермен арадағы қарым-қатынасын, күресін, ұлт-азаттық күресінің бағытын, мақсат - мүддесін ашып көрсете алған. Сондай -ақ, халқымыздың көкейтесті мәселелері - тіл, сөз бостандығы, дін мәселесі де қозғалады. Әлихан қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттесе керек. Әсіресе, кіші жүздің, кейінірек Орта жүз бен Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қол астына енуінің себеп-салдарына көп көңіл бөлгені аңғарылады.

Тарихш К. Нұрпейісов «Қазақстан - республикам менің. Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы еңбегінде» "қазақтың ұлттық-демократиялық интелегенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Россияның халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерелеуі және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешегіне қатер төндіріп отырған патша өкіметінің өлкені кеулеп бара жаткақ жан-жақты экспансиясын тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдында кадеттер ұсынған үлгімен әртүрлі петициялар аркылы талап-тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұымдастыру, мемлекеттік Думаның сайлауына белсенді түрде қатысып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты- деп көрсетеді.

Зерттеудің деректемесі. XX ғасырдын басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінін саяси кызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылыктарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отар-шылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттык қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді.

Қазақ зиялыларынын көшбасшылары халықтын саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларынын бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінін, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардын ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әлихан Бөкейхановтың қазақ қоғамына қосқан үлесін, шығармашылық мұрасын танып білу. Қазақстанның қоғамдық-саяси және мемлекеттілік мәселесіне байланысты Әлихан Бөкейхановтардың кеңестік дәуірге дейінгі және кеңестік дәуірдегі қазақ қоғамының саяси дамуына байланысты көзқарастарын ашып айқын көрсету.

Зерттеудің осы айтылған мақсатына байланысты төмендегі міндеттер қойылды.

-Зерттеу тақырыбына байланысты дерек көздерін айқындау, жинастырумен қатар оларды талдау;

-Әлихан Бөкейханов және басқа да зиялы қауым өкілдерінің XX ғасыр басындағы қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін идеологиялық күресінің бағыттарын анықтау.

-Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және Қазан төңкерісі кезеңдеріндегі Ә. Бөкейхановтардың ұлттық мемлексттілік үшін жүргізген күрестерінің бағыттарын анықтау;

- Қазақ мемлекеттігін жаңғырту үшін жүргізілген күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру идеясының іске аспау себебін зерттеп ашу.

Қазақ зиялыларының XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметтері сияқты тарихи тұрғыдан өз бағасын альш, соңғы төрт-бес жылда зерттеліп жатқан мәселе.

Зерттеу жұмысының нысаны . Зерттеу жұмысының нысаны Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы саяси көз-қарастары, саяси жұмыстары және ұлт зиялылардың азаттық жолындағы күресі.

Тақырыптың хронологаялық шеңбері. XIX ғасырдағы хандық билік жойылған кезеңнен XX ғасырдың басында қалыптасқан ұлт зиялыларының және 1917 жылдың Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі кезеңдеріндегі мемлекеттілік мәселесінің көтерілуі, сонымен қатар Кеңес өкіметі орнаған уақыттағы қазақ зиялыларының Қазақ Кеңестік Автономиясы құрудағы қызметтері, Қазақстан және Орта Азия территориясын межелеу процесіндегі Әлихан Бөкейхановтардың қызметтері және 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессия құрбандары болуымен аяқталады. 1822 жылғы "Сібір қырғыздары туралы Жарғыдан" және 1824 жылғы "Орынбор қырғыздары туралы Жарғыдан" кейін қазақ жерінде біртіндеп хандық билік жойылғандығы тарихымызда белгілі. Міне осы кезеңнен бастап қазақ, халқының ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрес кезеңдерін толық қамтиды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отан тарихында Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту үшін күрес мәселесін жеке тақырып ретінде қарастырылуынан туындайды.

Қазақстанда хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы және Ресейдің отарына айналу кезеңіндегі саяси-қоғамдық, ой-пікірлердің ерекшеліктері мен мемлекеттілікті жаңғырту мәселесі көрсетілуі.

- Қазақ халқының өз дербестігін, тәуелсіздігін жоғалтқан кезеңнен бастап қазақ халқының тәуелсіздік пен еркіндік үшін жүргізген күрестері Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыспен тарихи сабақтастықта, бірлікте қарастырылуы.

-XX ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхановтардың және басқа да зиялыларының саяси-құқықтық, қоғамдық ой-пікірінің қалыптасу ерекшеліктері және даму эволюциясы және олардың мемлекеттік-құқықтық, көзқарастарына жаңа деректік негізде баға беру,

- Кеңес дәуіріндегі ұлт - зиялыларының дербестікке ұмтылған идяларына баға беру.

Қазақстан мен Орта Азияны территориялық межелеу процесіндегі Ә. Бөкейхановтардың қызметіне тарихи тұрғыдан баға беру және қарастырылған мәселелерге байланысты тың деректерін ғылыми айналымға енгізу.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмыста Әлихан Бөкейхановтың өмірі, қызметі жайлы қарастырылады. XX ғасырдың бас кезінде Әлихан және басқа да қазақ зиялылары мемлекеттік жайындағы өз ой-пікірлерін "Айқап" журналы, "Қазақ", "Дача уалаяты", "Алаш", "Сарыарқа", "Қазақстан", "Бірлік туы" газеттері арқылы халыққа жеткізуге тырысты. Әлихан Бөкейхановтың шығармалары, мақалалары кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра етіп қалдырған. Онда Әлихан Бөкейханов халықтың тарихын, өмір салтын, әлеуметтік жағдайларын қарастырды.

Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмыстың барысында нақты кезеңді қарастыру жағдайында диалектикалық әдістемемен тарихи шындық негізге алынды. Қоғамдық тарихи процестердің диалектикалық даму заңдылықтарын, тарихи құбылыстарды обьективті тұрғыда қарастыру бағыты көзделді. Бұл орайда нақты талдау, салыстырмалық, көпқырлылық, жүйелік ұстанымдары кеңінен қолданылды. Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығымен қоса зерттеу жұмысында мәселеге қатысты ғалымның жаңа тарихи көзқарасы тұрғысында қарастырылды.

Тәжірибиелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тәжірибиесі мектеп курстарында, машықтану сабақтарында қолдануға болады. Сондай - ақ жоғары оқу орындарындағы студенттермен, машықтану, дәріс сабақтарында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық зерттеу жұмысының белгілі бір логикалық жүйе бойынша құрылған: кіріспеден, екі тараудан және қортындыдан, пайдалынылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҒАЛЫМ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  1. Әлихан Бөкейхановтың өмір тарихы және ғалымның шығармашылық мұрасы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауыл болысының 7 аулында 25 наурызда 1866 жылы туған. Қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Бөкейханов Орта жүз ханы Бөкеидің ұрпағы Ата тегі. Бөкей - Батыр-Мырзатай - Нұрмухамед-Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Бөкейхановты әкесі Қарқаралы, алып барып, жергілікті молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепте ауысады. Оны бітіргенен кейін 1879-86ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-90ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны “техник” мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-94ж. Санкт-Петербургтегі Ориян инситутының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікір таластарға қатынасып, 20ғ. Босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шындай түсті. Бөкейханов туралы “Семипалатинский листок” газетінің 1906 жылғы 5 маусымындағы санында жазылған ( сурет 1) .

Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсене қатысып, әсіресе, солшылдарға ілесетін”. Ол институттын бітіргенен кейін Омбыға барады. Онда Орман шаруашылық училищесінде математика пәнінен оқытушы болып орналасады. Социализм бағыттағы “Степной край” газетінің қызметіне белсенді түрде аралысып, оның реакция алқасы құрамына енеді. 1896-1903ж. Шербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойынша экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде халқы үшін ең зәру мәселеге айналған - жер қатынастарын тереңнен түсініп, белгілі - бір тұжымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді және орталық биліктің талу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады [2] .

Бөкейханов 1905ж. қарашада Мәскеуде өткен земество және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде халықтың жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т. б. бостандықтары мәселесін көтерді. 1906ж. маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов “Халық-бостандығы” партиясының бағдарламасының жұмысын құптап сөз сөйледі. Бөкейханов Мемлекеттік Думаға Семей обл. Қазақтары атынан депутаты болып сайланды. Бірақ ол І Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Бөкейханов Дума өз жұмысын бастаған кезде Дала ген-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар абақтасында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкіметімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімінен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906ж. Омбыда шығатын кадеттік “Голос степи”, “Иртыш” газеттерінде, 1908ж Петербургте жарық көрген меншевиктік “Пеоварши”, кадеттік “Речи”, “Слово” газетінде редакторлық қызметін атқарады. Сол жылы Самарағы жер аудырылып, 1909-17ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912-17ж кадеттер партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 20ғ-дің басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде “Қазақ” газетін ұжымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1915 ж. (маусымда) 15-ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан буратаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917ж 20-наурызда Уақытша үкіметтің Торғай обл. Комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген жалғыз қазақ болатын. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді. Оның жетекшілігімен 1917жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. 1920 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі. 1922ж. ұлттар істері жөніндегі халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның ғылыми қызметкері. 1926ж Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алады да, кейін қайтарып, Бутырка абақтысына жабады. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болады. Бөкейханов 1927 жылдың 1 қазаннан бастап Мәскеуге, ОГПУ орындарының бақылауды астында ұруға, қызмет істеуінен рұқсат сұрап орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 ж және 1930 ж екі мәрте Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері, тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ органдары Бөкейхановты бір-ақ рет шықырып түсінік алумен шектеледі [3] .

1937ж 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді. Бөкейханов ақтық сөзінде “Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін” деп мәлімдеді. 1989 ж 14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.

1904ж. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896ж. оның Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі болды, ал 1901ж . оның басқару комиетіне сайланды. Бөкейхановтың тарих саласында жазып қалдырған “Истоические судьбы Киргизского края и культурные его успехи” атты алғашқы еңбегі 1903ж. “Россия” Полное географическое описание нашего отчества деген көп томды альманахтың 17 томына еніп, Санкт-Петербургте жарық көрді.

Ол Шербина экспедициясына қатысып, Семей обл, қарасты Павлодар, Қарқаралы, Семей уездері мен Ақмола облысының Омбы уезінде жүргізген жұмыстарына қатысып, алуан түрлі деректі материалдар жинады. Экспедиция біткеннен кейін жиналған. Экспедиция біткеннен кейін жиналған бай материалды іріктеп, өңдеп ғылыми қорытындысын жазысты. Экспедиция қорытындысы 1903-1905ж. 13 том болып жарыққа шықты.

Шығармашылық мұрасы. Әлихан Бөкейханның артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкен саласы - орыс тілінде жазылған монографиялық, энциклопедиялық сипаттағы ғылыми еңбектері. Бұлардың өз кезінде ең елеулі баспаларда жариялануы авторға деген сол тұстағы ілтипат, құрметті ғана емес, туындылардың сапасын мойындауды көрсетсе керек. Ғалымның негізгі басты еңбектері қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-салтына, қазақ жерлерінің отарлану тағдырына арналған.

Осылардың арасында “Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және мәдени өркені” зерттеушінің маңызы айрықша зор. Мұнда қазақ жерінің мыңжылдық тарихы, өлкені ертелі-кеш мекендеген түрлі ру-тайпалардың, елдер мен ұлыстардың қалдырған заттық ескерткіштері, сәулет өнерінің белгілері жан-жақты сөз болады. Қазақ хандығының құрылуын баяндап, ақырында орыс отарлауының кезеңдерін тәптіштей түсіндіреді. “Қазақ” этнономінің қалай шыққандығы жөніндегі аңызды келтіріп, “қырғыз” деген орыстар таңған, қате атау екенін дәлелді көрсетеді.

Қазақ, орыс тілдерінде жазылған мерзімді баспасөзде, әсіресе “Қазақ” газетінде жарияланған мақалдардың идея-рухы, ой-талғамы, пікір-байламы, стиль ырғағы мүлде бөлек, бұларда автор негізінен өткен уақыттар емес, өз заманындағы көкейтесті мәселелерді талдап, әр түрлі ағымдарға баға берді, өз тоқтаған тұжырымды ортаға салады. Қазақ халқының кешегі өткен дәуірлердегі хандары, билері, батырлары, барша азаматы туған жердің қарыс - сүйемі үшін қасық қаны қалғанша шапқыншы жаумен алысып жан алып, жан берсе, сол асыл тұяқтың алтын ұрпағы Әлихан Бөкейхан бүкіл қайратын, ақылын, білімін, мінезін, талатын жұмсап, соңғы демі біткенше ұсталған алтын қазық, биік нысана - ата - мекеннің арыстанның аузында, түлкінің тісінде кетпеуі, жерден айырылу дегеннің елдіктен, жұрттықтан ыдырап, қайыршыланып, азып-тозып біту екенін түсіндіру еді.

20 ғасыр басындағы басқа қазақ қаламгерлеріне қарағанда Әлихан Бөкейханның бір ерекшелігі оның арнаулы европалық жан-жақты білімі бар, эрудициясы мол, мәселені ерекше кең қоя алады, дүниежүзілік тарихтан мысал Ресей империясы көлеміндегі жағдайлармен сабақтастыра қарайды, кез келген озбыр патша әкімімен, қызылкөз отаршыл генерал - губернатормен, нәсілшіл профессорлармен, шовинист, нәсілшіл профессорлармен, шовинист депутатпен, шарғатқа шұлғыған дін иелерімен, кеудемсоқ кейбір қазақ оқығандарымен терезесі тең сөйлесе алды.

Әлихан Бөкейханның шығармашылық мұрасының ішінде жеке адамдарға арналған шағын ғұмырнамалық кесіндеме, портрет деп атауға болатын бір шоғыр материалдар бар.

Олар орысша, қазақша екі тілде жазылған. Бұлардың ішінде ең сүбелісі - Абай Құнанбаевқа арналған әйгілі мақала.

Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы баспа жүзін көрген алғашқы ең толымды, терең, ғылыми еңбек Әлихан Бөкейханның “Абай (Ибрагим) Құнанбаев” деген орыс тілінде жазған мақаласы 1906ж. “Семипалатинские областные ведомсти” газетінде жарық көрді [4] .

Шындығына келгенде, Абай мен Әлиханның жас айырмасы екі-ақ мүшел, екеуі де бір атыраптың, Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің адамдары, сондықтан бұлардың көзі тірісінде ұшырасуы, сұхбаттасуы әбден ықтимал, бірақ ондай сөзді Әлихан жазбайды. Әлихан Бөйкейханның ғылыми, көсемсөз, әдеби мұрасының ішінде жеке кітаптарға арналып, жазылған, бірқыдыру мақала, рецензиялар бар. Алғашқы еңбектің бірінде Шәкірім Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежірісі” кітабы сөз болды. Шәкірім деректеріне қоса Әлихан “Адамзат тарихы” кітабынан, Н. Н. Пантусов зерттеулерінен, географиялық қоғам жазбаларынан қосымша дәйектер келтіреді.

Әлихан қаламынан шыққан ең көлемді әдеби, ғылыми, фольклорлық еңбек - “Қарақыпшақ Қобыланды” деп аталады. Бұл - шағын 8 бап, бөлімшеден тұратын бас - аяғы дөп - дөңгелек, ықшам ғана монографиялық очерк, әйгілі халық жыры туралы жұп-жұмыр зерттеу, бір бөлімшеде “Қарақыпшақ Қобланды” жырының мазмұны қысқаша ғана баяндалады. Зерттеуде ерекше мән берілген мәселе - жырдағы Қобландының өмірде болған - болмағындығы, мұндағы айтылған жәйіттердің, баян етілген оқиғалардың тарихи деректермен, сәйкестігі және сәйкес еместігі.

Бұл еңбек - қазақ сыны, әдебиеттануы, фольклортануы, бастау көзіндегі ең алғашқы бағалы, ғылыми ізденісінің бірі.

Көркем аудармашы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Алихан Бөкейханның ролі
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны. Ол -көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz