Төменгі люктер арқылы теміржол жартылай вагондарын жүксіздендіруде жұмыс алаңдарын енгізу арқылы қауіпсіздікті арттыру әдісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ТӨМЕНГІ ЛЮКТЕР АРҚЫЛЫ ТЕМІРЖОЛДЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ВАГОНДАРЫН ЖҮКСІЗДЕУ

Қазіргі кезде теміржол көлігіндегі қауіпсіздік азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға, теміржол көлігін ұйымдастырудың апатсыз жұмыс жағдайын жасауға, теміржол жолдарын, жылжымалы құрамды, үймереттерді, жабдықты, механизмдер мен айлақұралдарды жөндеулі жағдайда ұстауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың бірі жаңа құрылғыларды, қауіпсіздік аспаптары мен жүйелерін құру және енгізу бойынша тұрақты жұмысты жүргізу болып табылады. Теміржол көлігінде жүксіздеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі төмендегідей қамтамасыз етілуі тиіс: жұмыстар жүргізу тәсілдерін, жүксіздеу жабдығын және технологиялық жарақтарды дұрыс таңдау; жұмыстарды жүргізетін орындарды дайындау және ұйымдастыру; жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын қолдану және т. б. Шанақ еденінде сусымалы жүктерді түсіруге арналған төменгі люктері бар теміржол жартылай вагондарын жүксіздеу кезінде жүксіздендіру жұмыстарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілді әзірлеу маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі күні теміржол жартылай вагондарын төменгі люктер арқылы жүксіздеу тәсілі белгілі, сол кезде люктердің қақпақтарының бекіткіш құрылғыларын арнайы аспаптармен - қармақтармен, зілбалғамен немесе массасы 5 кг дейін жеңіл сүйменшемен ашады және жабады. Осындай тәсілдің кемшілігі жүксіздендіру жұмыстарын орындаған кезде қауіпсіздіктің төмен деңгейі, сонымен қатар арнайы аспаптардың қатты соққысынан туындайтын секторлардың саусақтарының опырылуы немесе майысуы болып табылады. Шешілетін есеп пен қол жеткізілетін техникалық нәтиже бойынша ұсынылатын техникалық шешімге анағұрлым жақыны теміржол жартылай вагондарын жүксіздендіру тәсілі болып табылады, ол сусымалы жүкте қабаттың толық биіктігіне қима саңылауды түзуімен шектеледі және оның бұзылуы үшін соққы импульстерін пайдаланады, ал жүксіздеу жартылай вагон түбінде ашық төменгі люктер арқылы өз салмағының әсерінен жүксіздегіш эстакадада дәстүрлі тәсілмен жүзеге асырылады. Осындай тәсілдің кемшілігі, жартылай вагондарды жүксіздеуді жүзеге асыратын жұмысшыға, түрегеп тұрып сектор қармақтарымен ұрып шығару және төменгі люктердің бекіткіш механизмдерінің аударғыштары керектігі болып табылады, оларды ашқан кезде жүк салмағының әсерінен жүк жұмысшының өзіне құлауы мүмкін. Осы кемшілік жүксіздеу жұмыстарын атқарған кезде жұмысшы персоналдың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Осылайша, белгілі тәсілдерде аталған кемшілік жүксіздеу жұмыстарының қауіпсіздігінің төмендеуіне алып келеді. 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында (Қарағанды қ. ) төменгі люктер арқылы теміржол жартылай вагондарын жүксіздеу тәсілін әзірлеу бойынша жұмыс атқарылды. Әзірленген тәсіл суретпен түсіндіріледі және келесі кезеңдерден тұрады: 1. Жүктелген жартылай вагондар теміржол жолының жүксіздеу эстакадасына беріледі және таяныш автотіркемемен бекітіледі. Берілген бекіту әрбір жартылай вагонға жұмыс алаңдарының тіреулері арасында тұруына мүмкіндік береді. Жұмыс алаңдары жүксіздеу эстакадасының екі жағы бойымен орналасады. Жұмыс алаңдарының саны жүксіздеу эстакадасының ұзындығына тәуелді болады. Жұмыс алаңдары тіреулері арасындағы ұзындық жартылай вагон ұзындығына теңеледі.

Теміржол жартылай вагондарын төменгі люктер арқылы түсіру тәсілін жетілдіру нәтижесінде Қазақстан Республикасы патентіне өтінім берілді. Тиімді конструкциялық параметрлерді анықтаудың анағұрлым жоғары дәлдігі үшін SolidWorks немесе ANSYS қолданбалы бағдарламалардың бағдарламалық ортасында цифрлы модельді әзірлеумен қатар мұқият зерттеу керек. Ұсынылатын өнертабыстың техникалық нәтижесі теміржол жартылай вагондарын төменгі люктер арқылы жұмыс алаңдарын орнату жолымен жүксіздендіру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүксіздеу тәсілінің тиімділігін арттырумен шектеледі. Осы техникалық нәтижеге, теміржол жартылай вагондарын төменгі люктер арқылы жүксіздендіруде қарастырылған тәсілге келесі өзгертулер енгізу арқылы қол жеткізіледі: жүксіздендіру эстакадасына жұмыс алаңдары орналастырылған, олардан теміржол жартылай вагондарының төменгі люктерінің бекіткіш механизмдерінің аударғыштарын және секторларды ашу жүзеге асырылады.

Осылайша, теміржол жартылай вагондарын төменгі люктер арқылы түсіру бойынша жүксіздендіру эстакадасында жұмыс алаңдарын орналастырумен қатар әзірленген тәсіл жүксіздендіру жұмыстарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті жұмыстарды оңтайландыру арқылы Қазығұрт станциясының жұмыс тиімділігін арттыру
Кәсіпорындардың корпоративтік желілерін кешенді бақылау және мониторингілеу арқылы ақпараттық қауіпсіздікті арттыру әдістері
Қазақстанда теміржол арқылы тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды оңтайландыру
VPN технологиясы арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Антивирустық бағдарламалар арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Биологияны оқытуда жобалау әдісі мен CLIL технологиясын Lesson Study арқылы енгізу
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын жұптық жұмыс арқылы арттыру
Сарыағаш стансасының контейнерлік бекетінде автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу арқылы жұмыс технологиясын жетілдіру
Береке-2004 ЖШС мысалында теміржол вагондарына техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру
Шет тілі сабағында топтық жұмыс арқылы орта буын оқушыларының белсенділігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz