Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
I
Кіріспе
I:
Кіріспе: Шаруашылықтың табиғи және ауа-райы жағдайы
:
I:
Кіріспе: Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
:
I:
Кіріспе: Азықтық қоры
:
I:
Кіріспе: Ірі қара шаруашылығында асылдандыру жұмысының деңгейі
:
I:
Кіріспе: a) фермадағы алғашқы зоотехникалық есеп
:
I:
Кіріспе: б) шаруашылықта мал өсіру әдісі
:
I:
Кіріспе: в) малды бонитировкалауды ұйымдастыру жне жүргізу
:
I:
Кіріспе: Табынды ұдайы өндіруді ұйымдастыру
:
I:
Кіріспе: Мал шаруашылық қоралары, күту, суару және малды ұстау
:
I:
Кіріспе: Шаруашылықта қолданылатын санитарлық-гигиеналық шаралар
:
I:
Кіріспе: Мал шаруашылығындағы үдерістерді механикаландыру және электрлендіру
:
I:
Кіріспе: Салаларды жүргізудің экономикалық тиімділігі
:
I: II
Кіріспе: Қорытындылар мен ұсыныстар
:
I: III
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:

Кіріспе

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен ауыл шаруашылығы өндірісін күш көлік және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары, дәрі дәрмектер мен биологиялық белсенді заттар алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдар мен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүние жүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан - жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады [1] .

Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде[5] .

Республикадағы ірі қара шаруашылығы табиғат және мал азығы жағдайыларының ерекшеліктеріне сәйкес ет бағытында қалыптасқан. Жиырмасыншы ғасырдың басында негізіне қазақи сиырлар өсірілді. Сауымы жылына 3500 кг болды. Бұл жақсы көрсеткіш болып саналады. Сонымен қатар, қазақ тұқымының сүтінің майлылығымен (4. 5% және одан жоғары) бұл малдың дене бітімі мықты, төзімтал, маусымдық жайылымдарды ауыстырып айдап бағуға бейімді екені де белгілі. Қазақ сиырлары табиғи жайылымдарда тез семіріп, күзгі кысқы кезеңдерде мал азығы нашарлағанда ұзақ уақыт қондылығын сақтайды. Қазақ сиырларының жергілікті қолайсыз жағдайға бейімділігі мен герефорд тұқымының мол өнімділігін біріктіру арқылы елімізде - 1950 жылы жаңа ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырының тұқымы бекітіліп бекітілді [2] .

Кейін ірі қара мал тұқымынан: Голландиядан голштин, Эстониядан қараала Даниядан қызыл, Шотландиядан айршир, Швейцариядан симментал, Англиядан герефорд, шортгорн, Франциядан шароле, АҚШ-тан Санта Гертруда асыл тұкымдары әкелінді. Осы аталған асыл мал тұқымдарын жергілікті (қара ала, әулиеата, қырдың қызылы, қазақтың ақбасы, т. б. ) тұқымдармен будандастырудың және сұрыптаудың нәтижесінде қазір елімізде бар малдардың асыл тұқымдары шықты [3] .

Сонымен қатар, ірі қара етін өндірудегі сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқымдардың малының алатын орныда зор екені белгілі. Бұл тұқымдардың сиырларын етті бағыттағы бұқалармен будандастырғанда алынған төлдің ет өнімділігі молайып, еттің сапасы жақсаратыны ғылыммен тәжірибеде дәлелденді. Таза тұқымды өсіру және будандастыру негізінде ірі қараның мол өнімді тұқымдары мен типтерін шығарудың маңызы зор. Бұл мақсатта ірі қара тұқымдарын асылдандыру, жетілдіру және өнімділігін молайту үшін олардың биологиялық-технологиялық ерекшеліктерін жақсы біліп, селекцияда дұрыс қолдана білу қажет. Сондықтан мал мамандары - селекционерлер, зооинженерлер ірі қара тұқымдарының шығу тегін, дамып-жетілу тарихын, қазіргі жағдайын жақсы білу арқылы, оларды әрі қарай жетілдірудің жолдарын айқындайды. Елімізде ірі қара малды таңбалап - ен салу, зоотехникалық және тұқымды есепті жүргізу, асылдандыру жұмыстарын жоспарлау қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген [6] .

Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұр саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.

Шаруашылықтың табиғи және ауа-райы жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының баллық салаларының дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыстың климаты континеттік. Қысы қысқы, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7-9˚C, оңтүстігінде -2-4˚C. Жазы ұзақ, ыстық және қуаң. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29˚С. Шөлді аймағында жауын-шашынның орташа мөлшері 100-150 мм, тау алаңында 300-500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10, 3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0, 8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63, 3 мың шаруа қожалығы, 956 өндірістік кешен, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы республика ауыл шаруашылығы өнімінің 12, 2%- ын береді.

Мал саны: ірі қара -603 мың, қой-ешкі -3 млн, жылқы-119 мың, түйе-14 мың, құс -1, 8 млн, шошқа -22 мың басқа жетті.

Түлкібас ауданы- Түркістан облысында орналасқан аудан. Жер аумағы 2, 3 мың км 2 . Тұрғыны 84 мың адам (2018) . Халқының орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 39, 1 адамнан келеді. Аудан орталағы- Тұрар Рысқұлов ауылы.

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 2 айының қорытындысымен 3 194, 1 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100, 5 пайызды құрады. Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105, 9% (46420), қой 86, 7% (108109), ешкі 80, 2% (4847), жылқы 119, 8% (23714), түйе 114, 3% (16), шошқа 48, 8% (841) пайызды құрады.

Ет өндіру-104, 7% (5228, 5 тн), сүт-103, 4% (7062, 3 тн), жұмыртқа-100, 6% (2, 1 млн дана) .

Түлкібас облыстағы топырағы құнарлы, шөбі шүйгін аудан. Малшаруашылығын дамыту үшін таптырмайтын мекен.

«Ақсанат Инжиниринг» ЖШС 2009 жылдан бері ауылшаруашылық саласында жұмыс істеп, асыл тұқымды герефорд және ангус сиырларын бордақылаумен айналысады. Абердин-ангус сиыры етті сиырдың тұқымына жатады. Бұл сиырлар жылдам ет жинап, ашық алаңдарда күтіліп-бапталып, суық ауа райына аса төзімді. Мұндағы сиырлардың салмағы 500 кг бастап 1 тоннадан асады. Бұқалардың салмағы 750-1000 келі тартса, 7-8 айлық бұзаулардың салмағы 200 келіге дейін жетеді. Герефорд сиыры - етті сиырдың бір тұқымы. Бұқасының орташа салмағы - 850 келі, сиыр 550-600 келі тартады. Шаруашылықта төлдеген сиырлар 1 айдың көлемінде қайтадан жасанды жолмен ұрықтандырылады. Әрбір сиыр жыл сайын төлдеп отырса, 5 жыл көлемінде мал басын 4-5 есеге көбейтуге мүмкіндік бар.

“Ақсанат инжиниринг” ЖШС - Түркістан облысы, Түкібас ауданы, Жабағылы ауылында орналасқан облыстағы ауыл шаруашылық объектілерінің бірі.

2011 жылдың қараша айында шаруашылық Автралиядан герефорд және ангус тұқымдарының 439 малын (425 құнажын және 14 бұқа) сатып алды. Олардың басым көпшілігі ұрғашы сиырлар болған және барлығы да буаз күйінде әкелінген. Соның 260-ы Ангус тұқымы. Содан бері 7 жылда мал басы көбейіп келеді. Жоба асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) құру бағдарламасы шеңберінде өнімділігі жоғары мал сатып алуға 300 млн. қаржы бөлген «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы лизингісі негізінде жүзеге асырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Мал шаруашылығының түрлері
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Қазақстанның мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі
Ірі қара шаруашылығының халық шараушылығында алатын орыны
Мал шаруашылығының өнімдері
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz