Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

САБЫРОВА ЗАРЕМА ҒАБИТҚЫЗЫ

Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті

Диплом жұмысы

5В011700 - «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Астана 2018

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Қазақ тіл білімі кафедрасының

меңгерушісі

Бейсенбай А. Б.

5В011700 - «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша

«Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті» тақырыбындағы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Орындаған: Сабырова З. Ғ.

Ғылыми жетекші,

филол. ғ. к., проф. м. а. Ахметова М. К.

Астана 2018

Л. H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

факультеті

кафедрасы

мамандық коды және атауы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

«___» 20___ж.

студентке

(тегі, аты, әкесінің аты)

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған

ТАПСЫРМА

1. Жобаның (жұмысының)

тақырыбы

университет бойынша 20___ж. «___» берілген № бұйрықпен бекітілген.

2. Студент аяқтаған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі

3. Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері

4. Есептеу - түсіндірме хатының мазмұны (қаралатын мәселелердің тізбесі)

5. Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбалары нақты көрсетілген)

6. Жоба (жұмыс) бойынша тиісті бөлімдері көрсетілген кеңестер

Бөлім

Кеңесші,

кафедра

Қолы, уақыты
Тапсырма алдым
Тапсырма бердім
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:
Бөлім:
Кеңесші,кафедра:
Қолы, уақыты:

7. Тапсырманың берілген уақыты «___» 20___ ж.

Ғылыми жетекші

(қолы, аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, лауазымы)

Тапсырманы орындауға алдым:

(қолы, аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 7

1 Қазақ ертегілерінің, қайталамалардың зерттелуі жайынан . . . 9

1. 1 Қазақ ертегілерінің жариялануы мен зерттелуі . . . 9

1. 2 Қайталамалардың зерттелуі мен түрлері . . . 16

2 Ертегілердегі қайталама түрлері, олардың мәтінтүзімдік қызметі . . . 27

2. 1 Фонетикалық және лексикалық қайталамалардың мәтінтүзімдік сипаты . . . 27

2. 2 Морфологиялық және синтаксистік қайталамалардың мәтінтүзімдік ерекшелігі . . . 38

Қорытынды . . . 45

Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 48

Кіріспе

Еліміз қай саладан болса да жанданып, жаңашылдыққа бет бұрып, жасампаз мемлекетке айналып жатқанда төл әдебиетімізде қыр-сырынан жан-жақты зерттелуі тиіс. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында әдебиеттің үздік жетістіктерінің толымды қорын жасаудың жолы көзделген [1] .

Қазіргі қазақ тіл білімі ғылымының негізгі мәселелерінің бірі тілдегі әртүрлі тәсілдердің тілдік сипаты мен табиғатын, қолданысын зерттеу. Көркемдегіш әдіс-тәсілдердің синтагмалық сонымен қатар парадигмалық тұстарын көрсету, ерекшеліктерін айқындау болып саналады. Сондай-ақ әлемдік тіл білімінің мәселесі болып отырған тақырыптар қазақ тіл білімінің де жіті қадағалауында тұр. Сонымен қатар ғалымдарымыздың зерттеу нысаны мен тақырыптарының өзектілігі әлемдік лингвистика кеңістігінің назарынан тыс қалған емес. Қайталамалардың тілдік сипатын зерттеу мен терминдік тұрақтылығын қалыптастыру да, мəтінтүзімдік əлеуетін бағалау да бүгінгі ғылымның жаңалығына қосылмақ үлес.

Дипломдық зерттеу жұмысы қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі қайталама құбылысының маңызын ғылыми тұрғыда баяндауға арналады. Қайталамалар тілімізде көне дәуірлерден келе жатқан мәтінтүзімдік, стилистикалық әдіс-тәсілдер түріне жататыны осы зерттеуде сараланады.

Қазақ әдеби тілінің доминант стилі - көркем әдебиет силінде қолданылу деңгейі жағынан да қайталамаларға ешбір көркемдеу тәсілі тең келе алмайды. Қайталамалар өз ішінде бөлінетін фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік түрлеріне қарай əрқайсысының жұмсалатын бағыт-бағдары бар. Осы түрлеріне тəн ерекшеліктерімен мəтінді көркемдеп, эмоционалды-экспрессивті мəн-мағына үстеп, жеткізер ойды əсірелей түседі. Əсіресе, қазақ ертегілерінде бұл тəсіл əрдайым сəтті қолданылып, ертегінің тілдік те, мағыналық та ерекшелігін, мәтін байласымын арттыра түскен.

Тақырыптың өзектілігі : Тілдегі әрбір құбылыс - қоғамдық мәдениеттің көрсеткіші. Қоғамдағы әр жайттар мен көріністер қоғамның өзіне қайтарылатын дүниелер тудырады. Мәселен, қазақ халқының ертегілері сонау тарихтан сыр шертетін дереккөз ғана емес, халықтың арман-мақсатының көрінісі. Әлі күнге маңызын жоймай келе жатқан тәрбие құралы. Ал оның тілдік құрылымын бағамдау, сөздік құрылысын саралау - тіл ғылымының айқындауды қажет ететін міндеттерінің бірі. Соның ішінде әлі тереңінен қарастырылмаған қайталамалардың мәтін түзімі, оның сипаты, әлеуеті қазіргі өркендеп келе жатқан, зерттелімі кеңейіп жатқан қазақ тілі біліміне қайталамалардың бастау арналарын, олардың сипатын айқындауда өте қажет.

Дипломдық жұмыста осы лингвостилистикалық амал-тәсіл ертегі жанрында арнайы қарастырылмағандықтан, зерттеудің өзекті тақырыпқа арналғанын көрсетеді. Ертегіде қолданылған қайталамалардың түрлері қарастырылып, олардың мәтін түзудегі қызметі талданады. Сондай-ақ, қайталамалардың бөлінісіндегі түрлерінің қазақ ертегілерінің мəтін құрылымында қалай көрініс тапқаны көрсетіледі.

Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік қайталамалардың қолданысы ертегілерден келтірілген тілдік деректер арқылы сараланады. Тағы бір өзектілігі, осыған дейінгі қайталамалар жайындағы пікірлерге салыстырмалы түрде талдау жасалады. Қайталамаларға деген екі жақты пікірлерге бір ізді тұжырым жасалды. Қайталамалардың негізгі тілдік сипаты өз ерекшелігіне қарай бөлініп, мағыналық талдау, дыбыстық талдау, қолданысына қарай талдау, сөз таптарына қатынасын көрсету арқылы ережелермен белгіленді. Тақырыптың өзектілігіне себепкер мәселелер көерілді.

Жұмыстың нысаны: қазақ ертегілеріндегі қайталамалар, олардың түрлері мен мәтінтүзімдік қабілеті.

Жұмыстың мақсаты: Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мəтінтүзімдік қызметін көрсету. Қазақ ертегілерінің мәтіндік құрылымындағы көне құбылыс қайталаманың қызметін анықтау. Қайталамалардың түрлеріне қарай талдау. Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың қолданысын жіктеп көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  • Қазақ ертегілерінің тілдік-жанрлық ерекшелігі, қайталамалардың зерттелуіне қатысты пікірлерді жинақтап, саралау;
  • Қайталамалардың лингвостилистикалық сипатын анықтау, түрлерін айқындау;
  • Қайталамалардың ертегілердегі қолданылу жиілігін бағамдау;
  • Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік қайталама түрлерінің ертегілерден жинақталған тілдік дәйектер арқылы мәтінтүзімдік әлеуетін талдау;
  • Қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуетін қарастыру арқылы мәтін құрылымының кейбір қырларын ашу.

Жұмыстың зерттеу материалдары: «Бабалар сөзі» 73, 74, 75, 76- томдар. «Қазақ ертегілері» 3, 5-томдар.

Жұмыстың әдіс-тәсілдері: жинақтау, топтастыру, салыстыру, талдау, лингвистикалық әдіс, мәтін талдау әдісі.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы : Қазақ ертегілерінің мәтіні тілдік тұрғыда талданды. Қайталамалардың түрлерінің ертегі кеңістігіндегі қолданысы анықталды. Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуетіне баға берілді. Қайталамаларды түрлерге бөліп талдау барысында қазақ ертегілерінің стилистикалық қыры да танылды.

Жұмыстың практикалық маңызы: Қазақ ертегілеріндегі қайталамаларды лингвостилисикалық жағынан қарастыру бұл тақырыпқа жаңаша ғылыми-теориялық бағытта қарауға көмектеседі. Диплом жұмысын мәтінді лингвистикалық талдау, стилистика пәндерінен қосымша құрал ретінде, дипломдық жұмыстарды, студенттердің өз бетімен орындалатын жұмыстарын жазу барысында қолдануға болады.

Жұмыстың талқылануы: дипломдық жұмыс кафедра мәжілісінде алдын-ала талқылаудан өтті.

Жұмыстың құрылымы : дипломдық жұмыс, кіріспе және екі негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ, ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНАН

  1. ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Тілді, оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы рөлін зерттеу - адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырған ғылымның басты мәселесіне айналды. Десек те, адамның бала күнінен есейген шағына дейінгі тәрбие құралы болатын ертегінің зерттелуі тарихына көз жүгіртсек біршама дүниеге жолығамыз. Ертегі негізінен фольклорлық жанр, әдебиеттің объектісі болғанымен сөзден одан әрі сөйлемнен құралып тұрған соң лингвистиканың да зерттеуіндегі басты нысандардың бірі. Әрине, тілдік зерттеу басталмас бұрын барлық материалдарды жинап, зертеу еңбектерімен танысып, біріншіден Пропптан бастап, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин және қазақ ғалымдарынан М. Әуезов, М. Ғабдуллин одан бертін келе академик С. А. Қасқабасовтардың еңбегіне жүгінеміз. Ғалымдардың еңбектерінен теориялық материалдар алынады. Ертегінің әр мәтіні үлкен-үлкен тақырып. Оның бөлінуі, түрлері, дамуы, көркемдік құрылысы әдеби тұрғыда қаралса, сөйлем құрылысы, морфологиясы, лексикасы тілдік құрылысы жағынан А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев секілді ғалымдар зерттеді. Осындай зерттеулер бір-бірімен ұштасып, жаңа тақырып, жаңа бағытқа ұласа берді. Оған дәлел жаңа мақалалар, диссертациялық жұмыс, монографиялар жəне т. б. көлемді дүниелер.

Ертегілерді зерттеу қызық та есте қаларлықтай болғаны рас. Өйткені ел аузында жүргенімен хатқа түспеген бұл «халықтың көркем әңгімелері» бірнеше нұсқада да болды. Оларды ғалымдарымыз ел аралап, сұрастырып, жинап хатқа түсіріп, салыстырып, елеп-екшеп жариялап отырды. Атап айтар болсақ, А. Алектров, Н. Пантусов, А. Васильев, Б. Дауылбаев, М. Досымбеков сынды ғалымдар ел аузынан жинап, теріп жазып алған. Жазып алған ертегілерін толықтырып, жинақтап газет беттеріне жариялаған. Арасында тіпті жинақ етіп шығарғандары да бар. Мысалы, А. Алектров өзінің жинаған ертегілерін газет беттеріне үнемі жариялап отырған. Бір қызығы Алектров әр басылымда әртүрлі ертегілер, өзгеше тақырыпта беріп отырған. Бір бастырған ертегісін қайталамайды екен. Солай жариялап жүріп, ақыры ертегілердің басын біріктіріп, Орынбор қаласында «Киргизская хрестоматия» деген атпен жинақ етіп шығарған. Негізінен ертегілерді жинау мен жариялауды миссионерлер өз міндеті етіп алғанымен, бүгінге дейін əлі пайдасы тиіп жүрген дүниелердің бірі болып отыр. Себебі олар көрсетіп кеткен əр варианттағы сөз қолданыстар, талдауға таптырмас мысалдардың базасы іспеттес.

Ертегілердің ең басты ерекшелігі тарихилығында жатыр. Ал бұл тұста оның тілдік сипатын ашып көрсетпей кетуге болмайды. Себебі тіл мен тарих біте қайнасып, заман ағымында қатар жүретін сонадай-ақ, бірін зерттесек бірінің шеті шығатын мұралық қор. Адам тарихы өз қолымен соғып артта қалдырып бара жатып, тілдік белгілерін де өзі сол тұста айшықтап кетеді. Ал мұндай белгілерді зерттеуші топ жинастыру, талдау, іздену барысында байқайды.

Тағы бір тоқтала кететін ғалым - Н. Пантусов. Н. Пантусов ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан белсене жинап, хатқа түсіргендердің бірегейі. Ол қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеу үшін алдымен қазақ тілін үйренеді, кейін жетпісінші жылдары қазақ жеріне келіп, біраз аймақ-өлкелерді аралайды. Жай ғана аралап қоймай жүрген жеріндегі ел ішінде таралып кеткен, айтылып жүрген ертегі, аңыз-әңгімелерді хатқа түсіре жүреді. Хатқа түсірген материалдарын орыс тіліне аударып, газет беттеріне жариялап отырады. «Дала уалаяты» (орысша нұсқасы «Киргизская степная газета») газетінде үнемі Пантусовтың жиған-терген ертегілері үзілмей жарияланып тұрған. Қазақ тілін жетік меңгерген ол алдымен өзінің жинаған үлгілерін түсіндіру үшін «Қазақ-қырғыз тілін үйренуге көмекші құрал» шығарып, кейіннен 1899-1909 жылдар аралығында бір емес, жеті жинақ бастырады. «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деп аталатын бұл жинақтары Қазан қаласында жарық көрген. Бұл жинақтың бір ерекшелігі қазақ сөздерін орыс қарпімен бастырған алғашқы кітаптардың бірі. Жинақта қазақ ертегілеріне қатысты көп деректер бар. Ел аузынан жинағандарын нұсқалап енгізген [2] .

Осылайша қазақ әдебиетіне өз қолтаңбасын қалдырып кеткен. Оның еңбегінің жемісін көріп, ғылыми тұрғыда зерттеушілер одан әрі дамытуда.

Қазақ ертегілері жайлы мәлімет іздегенде, мағұлмат алғанда

А. Васильевтің атын атамай кетуге болмайды. Елуге еңбек сіңірген

А. Ваcильев қазақ ауылдарын өте жиі аралап, Қазақстанның біраз аймақтарында болған. Ел аузынан терген материалдарын «Дала уалаяты», «Торғай облыстық ведомосында» үнемі жариялап отырған. «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері» деген топтамамен «Торғай облыстық ведомосының» елуге тарта нөмірінде қазақ ертегілерін жариялаған. Бұл топтамасы 1897 жылы жарық көрді. Ал 1898 жылы Орынборда «Үлгілер» атты кітапшасын бастырып шықты [3] .

Енді қазақ ертегілері әдебиеттің қай дәуірінде қаншалықты зерттелді деген сұраққа жауап іздесек. ХІХ ғасырдың екінші жартысы әдебиеттің алтын дәуірі ертегілердің де зерттелуін көзден таса қалдырған жоқ. Бірсыпыра жұмыстар осы кезеңде атқарылды. Ел аралап жинау, қағаз бетіне түсіру, аударма жасау, газет-журналдарда жариялау, жинақтарға енгізу, жеке кітап етіп бастыру секілді жұмыстар сол кеңес дәуірінде молынан істелді. Иә, Қазан төңкерісіне дейін де бірлі жарым зерттеулер болды. Бірақ ол кезде жеке-жеке тұлғалар ғана біржақты пікірмен, өзіндік көзқараспен жинақтау, аудар жұмыстарын жүргізді. Ал Кеңес үкіметі дәуірінде топтастырылған ғалымдар, зерттеу институттары белгілі бір мақсат қойып, арнайы бағыт алып көлемді зерттеулер жасады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекет тарапынан зерттеуді қаржыландырып отырды. Соның нәтижесінде том-том жинақтар басылып шықты. Л. В. Макеев атты Қазақстандық жазушы мен профессор В. М. Сидельниковтың бірлесіп еңбектенуімен қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып, бірнеше қайтара жеке жинақ болып жарық көрді [4, 3] .

Негізінен қазақ ертегілерін зерттеудің фундаменті Қазан төңкерісіне дейін қаланған болатын. Өйткені сол кезеңде ғалымдар жеке-жеке ел аралап, жұрттан сұрап жүріп қағаз бетіне түсірді. Алайда ол жинаған материалдарды ғылыми тұрғыда зерттеп, талдау-талқылау жасалмады да тек газет-журналдарда жариялап, жинақ етіп бастырумен шектелді. Тек ғана Г. Н. Потанин, А. Васильев, Ә. Диваев, М. Мелиоранский сынды ғалымдар азды-көпті пікір білдіріп, ертегілерді қағаз бетіне түсіріп, жоғалудан сақтап қалу керектігін айтқан. Дегенмен бұл үлкен еңбек. Ел аузынан жинау арқылы бар нәрсені көзге көрінетін, қолға ұсталатын етті. Сол еңбектің ғылыми тұрғыда жанған сәті Кеңес дәуірінде болды.

Жоғарыдааты аталған ғалымдар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Орынборда, Омбыда, Қазанда, Уфа, Астрахан, Ташкентте жарық көрген газет-журнал, уәлаяттардан қалдырмай үнемі қазақ ертегілерін жариялап, елге таратып, оқу білетіндерге таныстырып отырды. Сонымен қатар тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тіліне де аударып бастырғандары бар. Кей кездері қазақша басылған толық нұсқаның қасына орысша қысқаша мазмұнын беріп отырған. Мысалға айтар болсақ, «Дала уалаяты» газетінде, «Орынбор газетінде», «Астрахань газетінде», «Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосында», «Орынбор губерниялық ведомосында» бірнеше қайталанып, үзілместен жарияланып тұрған. Соның ішінде, әсіресе Орынбор, Омбы қалаларында шығатын баспасөз беттерінде көбірек жарияланды.

А. Байтұрсынұлының да «Әдебиет танытқышын» айтпай кетуге болмайды. А. Байтұрсынұлы сол еңбегінде ертегілерге біршама сипаттама беріп, өзіндік көзқарасы бойынша бөлінісін ұсынған [5] .

Кейіннен мұндай тақырыпты әрі қарай ауқымды толықтырған М. Әуезов болды. Алғашында М. Әуезов қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне басына назар аударып, тарихи дамуын саралап, зерттеп шықты. Өзінің «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде ертегілердің әдебиет тарихында алатын орнын айшықтап айтты [6] .

Арада біраз уақыт үзілістен соң М. Әуезов «Ертегілер» атты ғылыми еңбегін жазады. Бұл еңбегінде ғалым қазақ ертегілерін кеңінен зерттеп, жан-жақты пікірлерді саралап, тұжырым жасайды. Ғылыми сауатты қорытындыға келіп, ертегілерді түріне, оқиға желісіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырады [7, 4] .

Бертін келе қазақ ертегілерінің мазмұндық ерекшеліктеріне тоқталып, ауқымды зерттеу еңбектерінде атап өткен ғалымдар болды. Олар Ә. Қоңыратбаев және М. Ғабдуллин. Екі ғалымда қазақ халық ауыз әдебиетін тереңінен зерттеп, өз бағаларын алған. Халық ауыз әдебиетін арнайы еңбектерінде пайдаланып, оның ішінде ертегілерге қатысты мәліметтерді топтастырып, бөлінісін, ішкі мазмұндарын ашып көрсеткен.

Тәуелсіздік алған жылдары қазақ ертегілері бірнеше том болып қайта-қайта жарық көрді. Бөлінісіне қарай да том-том болып шықты. Мысалы: «Қазақ ертегілері» 2002 ж., «Ертегілер жинағы» 2008 ж., «Бабалар сөзі» 2012 ж.

Ал қазіргі зор еңбекті С. А. Қасқабасов атқарып жүр деп айта аламыз. Академик С. А. Қасқабасов ертегілерге арнаған бірнеше ғылыми еңбектің авторы. «Бабалар сөзі» жинағының ертегілер бөлімінің басылып шығуына атсалысушы [8] .

Ертегі жанры - аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі, яғни, көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық ләззат беру. Басқаша айтқанда ертегі жанрының функционалды қызметі кең, ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл атқарады.

Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады. Сондықтан ертегілік функцияның ең басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта, керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Ал ертекші әңгімесін өмірде шын болған деп дәлелдеуге тырыспайды [9, 120]

Осы айтылған ойларымызды тұжырымдап өтсек. Қазақ ертегілері тамыры өте тереңде қалған көркем туынды. Қай ертегіні алып қарасақ та халықтың танымы, тұрмыс-тіршілігі, ой-арманымен астасып жатыр. Ертегіден тек қана қиялға толы өмірді ғана емес, шынайылық пен тарихты да көреміз. Сонымен қазақ ертегілерінің зерттелуі алдымен Қазан төңкерісіне дейін қағаз бетіне түсірілумен басталады. Оған А. Алектров, А. Васильев, Ә. Диваев т. б. ғалымдардың атын атаймыз. Бұл ғалымдар ел аралап жинады, ел аузынан қағазға түсірді, газет-журналға жариялады, жинақ етіп бастырды. Ал ғылыми тұрғыда зерттелу Кеңес дәуірі орнағаннан кейін басталды. Сол кезеңде қолға алынды. Алғашқы бастамасы газет-журналдар да ғылыми мақала болып, пікір, көзқарас ретінде басылды. Кейін келе-келе мектеп оқулықтарында бастырып, идеялық-көркемдік тұсын алып қарауға шақырды. Осылай жеңіл-желпі басталған зерттеулер, кейін үлкен тақырыптарға, зерттеу мәселелеріне айналды. Ғылыми еңбектер жазыла бастады. Бұл тұста қазақ ғалымдары да аянып қалған жоқ. Білек сыбана кірісіп, зерттеу еңбектерін жазды, жариялады. Қазақ фольклористерінің тиянақты зерттеулерінің арқасында М. Әуезовтің «Ертегі», «Әдебиет тарихы»,

Ә. Қоңыратбаевтың «Халық ауыз әдебиеті», М. Ғабдуллиннің «Қазақ халық ауыз әдебиеті» сияқты үлкен-үлкен еңбектер жазылды.

Қазақ ертегілерінің ғылыми негіздігі сондай ғалымдардың қызығушылығын ертеден тудырғаны рас. Оған дәлел ХІХ ғасырдың екінші жартысында хатқа түсіп, жариялана бастаған ертегілер. Қазақ ертегілерінің бүгінге дейін жетуге септігін тигізген біршама ғалымдарды атап айтуға болады. Олар: Пропп, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, А. Е. Алектров, А. Васильев, Н. Пантусов, Б. Дауылбаев, Т. Сейфуллин,

О. Әлжанов, Ж. Айманов, Б. Досымбеков, т. б.

Жалпы әлемдік ғылым жолында ертегілер қызықты тақырып болып саналады. Түркі әдебиетінде ерекше орын алатын халық ауыз әдебиеті тиісінше қазақ әдебиетінің де ірге тасы болып қаланған мұралар. Батыс-Еуропа, Шығыс әдебиетінде де ертегілердің алатын орны үлкен.

Ертегі қазақ халқының тек қана әдебиеті мен мәдениетінен ғана емес, өмірінен де ерте заманнан-ақ өз орнын ойып тұрып алып алған. Қазақ ғасырларға жалғасқан тарихында, өмір сүру шеңберінде өзінің классикалық ғылымын жасап кеткен халық.

Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігін тылсым табиғатпен ұштастыра білген. Соның нәтижесінде өзінің әдет-ғұрпын, салт-санасын қалыптастырған. Психология, педагогика, әдебиет, мәдениет, тарих, география, биология, анатомия тағы да басқа ғылымдар біздің ұлтымыздың өмір-тарихында ерте ғасырлардан бастап бар. Тек біз соларды бері қарай тартып, зерттеп, қазіргі ғылыммен ұштастыра алмай келеміз. Соның ішінде педагогика-психология қазақ баласын ерте жастан тәрбиелеуден көрінеді. Суырып салмалық қасиетпен дүниеге келетін ертегіге оқиғасы қызықты, күлкілі, шиеленіске толы болып та келеді. Қандай сюжеті болмасын үнемі адамның қатысуымен өтеді. Мейлі ол хайуанаттар жайындағы ертегі болса да аң-құстардың мінезделуінен, іс-әркетінен адамдардың бейнесін көреміз. Сондықтан ертегі өмірден алыс емес, тарихпен де, заманның даму сатысымен де тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторлар
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Шешендік сөздер жайлы
Стилистикалық фигуралардың сипаты
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Қазақ кинематогрфиясының және кинодраматургиясы
Қиял ғажайып ертегілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz