Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Балалар фольклорының зерттелуі . . . 8

1. 2 Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту . . . 12

ІІ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ . . . 20

2. 1 Ойын әдісі арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту . . . 20

2. 2 Балалар фольклорын «Модульдік оқыту» технологиясы арқылы оқыту . . . 27

2. 3 Балалар фольклорын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы оқыту . . . 45

ІІІ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫН ОҚЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ . . . 55

3. 1 Дәстүрлі сабақтарды өткізудің нәтижесі . . . 55

3. 2 Балалар фольклорын «Модульдік оқыту» технологиясы арқылы оқытудың нәтижесі . . . 58

3. 3 Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 68

Қосымшалар . . . 69

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Халықтың ғасырлар бойы ауызша жасаған көркемсөз өнерінде апаның нәрестеге, атаның балаға, әженің немереге ең асыл дүниесіндей аманат қалдырған мол мұрасы бар. Ол - түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі, балдырғанның балдай тіліне оралған толы тәтті тақпағы, думаны мол ойын баласының өлеңдері. Еңкейген қарт пен еңбектеген бүлдіршінді табыстырған , сөйтіп бірінің ой-сезімін сәбидей пәктікке шақырған, бірінің жан-дүниесін әдемілікке, шаттыққа бөлеген де осы жыр.

Балалар жырының рухани өмірімізден алатын орны өзгеше. Жастарды тәрбиелеу ісіне, егемен еліміздің саналы, жан-жақты интеллектуалды мүшесін қалыптастыруда, жалпы адам факторына айрықша мән беріліп отырған қазіргі заманда, халықтың осы саладағы тәжірибесін өз керегімізге мейлінше тиімді, толық пайдалану үлкен қажеттіліктен туып отыр. Ал дүниедегі жақсылық атаулының адам жанына нұрын себуі, рухани тазалықтың қайнар көзі ананың әлдиінен, жасандылық атаулыдан бейхабар балдырғанның өлең-тақпағынан басталады десек асыра айтқандық емес.

«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелер де, жиі кездесетін ырғақты прозаның да балалар фольклорынан алатын орны ерекше.

Қазақ фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлерінің құрамы, атқаратын қызметі, идеялық-көркемдік ерекшеліктері, құрылысы бойынша соңғы кезде сараланып зерттеле бастады. Бұрын жеткілікті дәрежеде мән берілмей келген архаикалық эпостар, тарихи жырлар, тұрмыс-салт өлеңдерінің кейбір түрлері арнайы қарастырылды. Сондай-ақ халық прозасын ертегілік және аңыздық проза деп екі салаға жіктеп, олардың өзін іштей жанрлар мен түрлерге бөлу қалыптасты.

Алайда, «балалар фольклорының жалпы ауыз әдебиеті түрлерінің қайсысымен сабақтас?», «Үлкендер фольклорымен түйісетін жері қайсы?», «Өзінше дараланып тұрар тұсы қайсы?» дейтін үлкен теориялық та, практикалық та маңызы бар мәселелер әлі күнге шешімін тапқан жок. Олай болатыны балалар фольклорының үлгілері бас-аяғы жинақталып, тегі, жанры, жанрлық турлері бойынша әлі күнге сұрыпталған емес.

«Өзге халықтардың фольклортану ғылымындағы сияқты қазак халқының да балаларға қатысты ауызша көркем сөз мұрасына ересек адамдардың ұжымдық шығармашылықпен терезесі тең «фольклор» деген ұғымды тіркеу үшін, сол мұраны жинау, көпшілікке арнап жариялау, зерттеу қажет-ақ. Түптеп келгенде, қай фольклордың да алға қойған мақсаттарының ең бастысы - жеткіншек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу емес пе?!» [1, 3] .

Балалар әдебиеті - балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы - балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.

Балалар әдебиеті - бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығармашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.

Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның қоғамдық ірі мәні бар. Өйткені балалар әдебиеті - жас ұрпақтарға ұлттық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелейді, озық ойларымен қаруландырады. Қандай қиыншылықтарды болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер-қайратын арттырады.

Балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, оның жетіле түсуіне көрнекті қайраткерлер жанашырлықпен тікелей ат салысып келеді. Көп жанрлы қазақ балалар әдебиетінің тақырыптық молдығы мен жан-жақтылығы, идеялық мазмұнының байлығы және балалар әдебиетінің нақтылы мәселесін ашу ісі жайында нұсқаулар беріп отырды. Мектептің өмірмен байланысын күшейтуде балалар әдебиетінің тәрбиелік рөлі күшейіп зор міндеттер атқарды. Сонымен қазақ балалар әдебиеті де басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі, үздіксіз даму, өсу жолында болды.

«Мектептегі оқу мен тәрбиенің өмірмен, өнімді еңбекпен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысын нығайту әдебиет мұғаліміне де зор талап қойып, үлкен міндет жүктейді. Өйткені жас жеткіншектерді коммунизм рухында тәрбиелеудің өскелең жаңа міндеттері әдебиет мұғалімінен терең білімді болуды, педагогикалық және методикалық шеберлікті, әдебиетті әрдайым творчестволық шабытпен оқытуды талап етеді» [2, 6] .

XXI ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті - технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс.

Оқытуды жаңашаландыру - оқу-тәрбие үрдісін даралау (дифференциация), демократияландыру - (demos - халық, krotos - билік) жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру ұстанымы негізінде оқушылардың шығармашылық қабілет мүмкіндігін терең ашу.

Тереңдетіп оқыту бағдарламасында әдебиетті жанымен сүйетін шәкірттерге білімді дайын күйінде бермей, білім, білікті меңгерту, іздену, зерттеу жолдарын негіздеу, теориялық білім мен практикалық жұмысты терең білім негізінде, әрі жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту мақсаты қойылады [3, 114] .

Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың

негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Балалар фольклорын оқыту үдерісініңде заманауи технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады. Осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік беруі біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі болып тұр.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Балалар фольклоры: ертегілер, мысалдар мен аңыз-әңгімелерді оқытудың тың жолдарын көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Олардың идеялық-саяси және моральдық-эстетикалық жақтарынан өсіп-жетілуіне көмектесу;

2. Оқушылардың дұрыс ойлай білушілік қабілетін жетілдіріп, тіл мәдениетін дамыту;

3. Балалар фольклорын оқытудың соны жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының нысаны: Балалар фольклорын заманауи технологиялар негізінде оқыту.

Зерттеу жұмысының пәні: Балалар фольклорының зерттелуіне байланысты шыққан ғылыми еңбектер, балалар фольклорына байланысты ғалымдардың пікірлері, көзқарастары, балалар фольклорына байланысты материалдарды негізге алу.

Ғылыми болжам: Егер заманауи технологияларды балалар фольклорын оқытуда тиімді пайдаланса, онда ол оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, олардың білімі мен мәдениетін жетілдіруге, оқуға тұрақты уәждемелігін қалыптастыруға, білім беру сапасын арттыруына мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу әдісі, сөздік әдісі, индукция-дедукция әдісі

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан («Балалар фольклорын оқытудың ғылыми негіздері», «Балалар фольклорын оқытудың әдістемелік негізі», «Балалар фольклорын оқытудың сараптамасы»), әр тарау бірнеше бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, әдістері, зерттеудің ғылыми болжамы көрсетілген.

«Балалар фольклорын оқытудың ғылыми негіздері» атты бірінші тараудың

«Балалар фольклорының зерттелуі» бөлімінде ХІХ ғасырдағы балалар фольклорының зерттелу мәселелері қарастырылады.

Бірінші тараудың «Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту» деген екінші бөлімінде балалар фольклорын дәстүрлі оқытудың тиімді, тиімсіз жақтары баяндалады.

«Балалар фольклорын оқытудың әдістемелік негізі» атты екінші тараудың «Ойын әдісі арқылы оқушыларды шығармашылық қабілеттерін дамыту» бөлімінде ойын әдісі арқылы (театралдық көрініс) оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, шығарманың мазмұның меңгерту мәселелері қарастырылды.

Екінші тараудың «Балалар фольклорын «Модульдік оқыту» технологиясы арқылы оқыту» деген екінші бөлімінде Н. Н. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы жайлы қысқаша мілімет беріліп, 5-сынып әдебиетінің ертегіге арналған бөліміне модуль құрып, соған байланысты жүргізілетін жұмыстар түрлері беріледі.

Екінші тараудың «Балалар фольклорын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы оқыту» атты үшінші бөлімінде заманауи технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақтардың артықшылықтары туралы мәселелер қарастырылады.

«Балалар фольклорын оқытудың сараптамасы» атты үшінші тараудың «Дәстүрлі сабақтарды өткізудің нәтижесі» бөлімінде тәжірибе сыныбы мен бақылау сыныбында дәстүрлі сабақтарды өткізудің нәтижесі, көрсеткіштері беріледі; жасөспірімдердің коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін тексеруге арналған сауалнама жүргізіледі.

Үшінші тараудың «Балалар фольклорын «Модульдік оқыту» технологиясы арқылы оқытудың нәтижесі » бөлімінде жасөспірімдердің коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін тексеруге арналған сауалнама жүргізіледі (екінші рет), нәтиже шығарылады.

Үшінші тараудың «Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі» деген үшінші бөлімде тәжірибе өткізілген сынып (жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілген сабақтар) пен байқау сыныбында (жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілмеген сабақтар) өткізілген сабақтардың салыстармалы түрде нітижесі, қорытындысы шағарылады.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері талданып тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қосымшаларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы балалар фольклорына байланысты өткізілген сабақтардың сабақ жоспарлары тіркелді.

І БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

  1. Балалар фольклорының зерттелуі

Өткен ғасырларда қазақ даласына арнайы зертеу мақсатымен, болмаса әртүрлі себептермен келген Еуропа елдерінің саясатшылары, ғалымдары, зиялы қауым өкілдері бір ауыздан келіскендей қазақ фольклорының сулы жерге қаулап өскен көктей шексіз байлығын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жалпыға бірдей өнер дәстүрін айрықша атап өткен.

Әдебиет-сөз өнері. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады. Әдебиет пәні арқылы жеке тұлғаның рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден, елін, азаматты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Балалар әдебиеті балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, өмірге құштарлыққа тәрбиелейді.

Қазақ балалар әдебиетін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1) Қазақ кеңес балалар әдебиетінің дамуының алғашқы кезеңі;

2) Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі балалар әдебиеті;

3) Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті;

4) Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті;

5) Кеңестік дәуіріндегі балалар әдебиеті;

6) Қазіргі кездегі балалар әдебиеті.

Кеңес балалар әдебиетінің негізін салған - А. Горький болса, ал қазақ балалар әдебиетнің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Шолпан Иманбаева, Ілияс Жансүгіров, Сапарғали Бегалин, Сарғасқаев Сансызбай т. б.

Балалар әдебиеті - қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап там-тұмдап жинала бастаған қазақ балалар фольклорының үлгілері зерттеу ісіне берік тұғыр боларлықтай көлемді мөлшерге жетті. Бұған әр жылдары жарық көрген «Қазақ балалар поэзиясының антологиясы» (1977), «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» (1980), «Үйіміз ортақ, жырымыз ортақ» (1980), «Өтірік өлеңдер» (1980), «Қуырмаш» (1983), «Түйе, түйе, түйелер» (1985), «Асыл сөз» (1985), «Ақ сандық, көк сандық» (1988) сияқты жинақтар, Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қоры мен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Абай атындағы қазақ педагогика институты, облыстық педагогикалық институттар студенттерінің экспедициясы арқылы жинақталған материалдар дәлел бола алады [1, 17] .

Филология ғылымының кандидаты Ш. Ыбыраев балалар фольклоры туралы «Ақ сандық, көк сандық» атты жинақ құрастырды. Бұл жинақта бесік жыры, тақпақтар, тақпақтар мен жұмбақтар, ойын өлеңдері мен ойындар, ертегілер қамтылған. Бұл кітапта балалар фольклорының әзірге қол жеткен үлгілері бары-бардай жинақталып отыр. Текстер революциядан бұрын жарық көрген В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, А. А. Диваев, С. Көбеев, совет дәуірінде шыққан С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ө. Тұрманжонов, Б. Г. Ерзакович, С. Қосиманов, Б. Уахатов сияқты зерттеушілер мен жазушылардың түрлі мақсатта жазылған еңбектерінен алынды делінген. Ш. Ыбыраевтың алғы сөзінде.

1-бөлім. Бөбектерге арналған өлеңдер. «Бесік жыры».

2-бөлім. Балалар жыры. Арнау тілек өлеңдері.

«Сұралақ», «Төрт түлік жырлары», «Өтірік өлеңдер», «Тақпақтар», «Мадақтау», «Он бестегі жасым-ай», «Совет дәуіріндегі ән-өлеңдер».

3-бөлім. Тақпақтар мен жұмбақтар.

4-бөлім. Ойын өлеңдері мен ойындар.

a) ойын санамақ, қaлалақ.

ә) ойындар. Жалпы барлық ойын түрлері 31 ойын қамтылған.

5-бөлім. Ертегілер, аңыздар, әңгімелер, мысалдар.

Жиналған материалдардың ішінде көптеген өлең-жырлардың нұсқалары бар екендігі анықталды. Олар текстологиялық салыстыру барысында іріктеліп, таңдаулылары жинаққа енді делінген.

«Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырымен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді. Сөйтіп, дүниені танып-білуге арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып, қабысып жатады. Мұндай мақсаттағы адамгершілік іс-әрекет, әдет-ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген ұлттық ойындардың болуы, жас жеткіншектердің дене бітімі мен ақыл-ой жағынан дамиды.

Іс жүзінде осы кунге дейін ауыз әдебиеті саласында атқарылып келе жаткан жұмыстардың кай-кайсысын болса да осы төңіректен іздесек болғандай. А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Ә. Марғұлан, Н. Смирнова, М. Ғабдуллин еңбектері тұнып жатқан теңіздің бетін ашқандай болды . 30 - 40 жылдары асыл мұрамыздын жаппай жинатуына көңіл бөлінді. Б. Уахатов, Р. Бердібаев, О. Нұрмагамбетова, С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Т. Сыздықов, С. Садырбаев т. б. зерттеулерінде жекелеген жанрлардың табиғаты, шығу тарихы, көркемдік кестесі арнайы қарастырылды. «Казак тарихи жырларының мәселелері» (1979), «Қазақ фольклорының типологиясы» (1981), «Қазақ фольклористикасының тарихы» (1988) атты ұжымдық монографиялар ғылымның айтарлықтай табыстары болды.

Ауыз әдебиетіндегі жекелеген балалар фольклорының жиналып, баспа бетінде жарыққа шығуы XIX ғасырдан басталады. Ы. Алтынсарин, Г. Н. Потанин, С. Көбеев, Т. Жомартбаев, Ә. Диваев т. б. жазушылар мен ғалымдардың еңбектерінде балалар фолклорының кейбір үлгілері жарияланды. Олар жас ұрпақты тәрбиелеу кезінде ауыз әдебиетінің де маңызды рөл атқарғандығын жақсы түсінді.

Дегенмен, балалар фольклорын арнайы жинау, баспасөз арқылы халықтың өзіне қайта ұсыну, сондай-ақ оның табиғаты, даралық сипаты туралы пікір айту кеңестік төңкерістен кейінгі дәуірге жатады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында С. Сейфуллин, І. Жансүгіров бұл салада айрықша еңбек сіңірсе, кейінірек М. Әуезов, Ө. Тұрманжанов, М. Ғабдуллин, Ш. Ахметов, М. Әлімбаев, С. Касиманов т. б. зерттеулері мен жинақтарында оларды жариялау, болмыс-бітімін, әдебиет пен фольклордан алатын орнын анықгау мәселесі мол қамтылған.

Әрине, мұндай тәжірибе жеке ғалымдарға ғана тиесіл болмай, үлкен ұжымның ортақ мақсатына айналуы тиіс.

Балалар фольклорының үлгілері төңкерістен бұрын жарық көрген В. В. Радлов, Г. Н. Потани, . Ә. Ә. Диваев, С. Көбеев, Кенес дәуірінде шыққан С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, О. Тұрманжанов, Б. Г. Ерзакович, С. Касиманов, Б. Уахатов сиякты зерттеушілер мен жазушылардың түрлі мақсатта жазылған еңбектерінде жарыққа шықты. Сондай-ак «Балаларға тарту» (1927), «Ауылдағы жастар, жас ұландар үшін ойын, өлең, мысалдар» (1928), «Бөбек жыры» (1943), «Қазақ совет халық өндері» (1959), «Жаңылтпаштар» (1963), «Қазақтың халық поэзиясы» (1964), «Қазактың халык жұмбақтары» (1972), «Өтірік өлеңдер» (1980) . «Қазақтың хайуанаттар туралы ертегілері» (1978), «Қуырмаш» (1986) т. б. жинақтары, «Сана» журналының беттерінде жарияланды. Бұған қоса Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының, Орталық ғылыми кігапханасындағы және М. О. Әуезов атындагы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында да балалар фольклорының улгілері кездесіп отырады. Оларды тестологиялық сұрыптаудан өткізіп, тұтастай жуйеге түсіріп, жариялау - қазақ фольклортану ғылымының маңызды мақсаттарының бірі.

Балалар фольклорың типологиялық жағынан салыстыра қарастыру, сол арқылы көркемдік-поэтикалық құрылымын, идеялық-тәрбиелік маңызын саралау, ол үшін алдымен қазақ балалар фольклорының ғылыми басылымын да даярлау уақыты жеткен мәселе.

Соңғы кезде ертегілер, аңыздар, ауызша әңгімелердің үлгілері жекелеп те, арнайы тұтас жинақ болып та жарияланып жүр. «Қаңбақ шал» ( 1983 ж. ), «Алтын сақа» ( 1984 ж. ), «Бозінген» (1985 ж. ) . «Өлген қазан» ( 1985 ж. ), «Алтын сандык» сиякты кітаптарда қиял-ғажайып, тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегілер, аңыздар жарқк корді. «Тілашар» деген тізбекпен (серия) балаларға арналған тақпақтар, төрт түлік жырлары, мақал-мәтелдер, сондай-ақ «Қуырмаш» деп аталатын шағын өлеңдер жинағы жарияланды.

Балалар фольклорының арнайы сала болып бөліну себебі оның өзіне тән көптеген ерекшелктерінің болуында. Ол шартты түрде еліктеу емес, өмірде шын негізі бар құбылыс. Өкінішке орай, қазақ балалар фольклорының үлгілері оәлі күнге жеке айдар тағылып, ғылыми тұрғыдан сұрыпталып тұтастай жарық көрген емес. Оларды жинауға да жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келеді [4, 64] .

Балалар фольклорына соңғы кезеңде ыждағатпен көңіл бөлген ғалымның бірі - Б. Уахатов. Ол өзінің «Қазақтың халық өлеңдері» атты монографиясында «Балалар өлеңдеріне» жеке бөлім арнаса, «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы» атты кітабында оның түркі тектес халықтар фольклорымен ортақ желілеріне тоқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Сахналық өнердегі фольклорлық бидің дамуы
Тіл дамыту жұмыстарында фольклорлық шығармалар арқылы эстетикалық тәрбие беру
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Фольклордың шағын жанрлары
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Қиын балаларды тәрбиелеу туралы жалпы түсінік
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz