Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Қазаақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі

м. а. Крамаренко Борис Васильевич

(қолы)

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы.

Мамандығы: 050102 - «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған: М. Б. Жуманова

Жетекші: Психолог ғ. д. А. Х. Кукубаева

Көкшетау - 2011

Қазаақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Жуманова Маржан Боранбайқызы

Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы

Дипломдық жұмыс

Мамандығы 050102 - «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Көкшетау - 2011

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Анықтамалар мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . 6

1. Бастауыш сыныптағы оқушылардың психологиялық үрдістердің

теориялық - әдіснамалық негіздері

  1. Төменгі сынып оқушыларының таным үрдістеріне

сипаттамасы . . . 10

1. 2 Оқушылардың жеке тұлға ретінде ерекшеліктері . . . 17

1. 3 Білімді игеруге баланы ойлампаздыққа тәрбиелеудің алғы

шарттары . . . 21

2. Оқыту барысында төменгі сынып оқушыларының танымдық

ерекшелігін диогностикалық анықтау жолдары

2. 1 Қабылдау, зейінділікті мен ес үрдісін қалыптастыру . . . 24

2. 2 Білімді игерудегі төменгі сынып оқушысының ерікті әрекеттер

сипатының дамыту жолдары . . .

2. 3 Баланың танымдық үрдісін жетілдіруде шығармашылық

қабілетін дамыту және мұғалімнің ролі.

2. 4 Төменгі сыныпта сөйлеу мәдениетін жетілдіру және қиял

ерекшелігін дамыту жолдары.

3. Бастауыш сыныптағы оқушылардың психологиялық үрдістерді зерттеу.

3. 1 Психологиялық үрдістерді зерттеудің ерекшеліктері

3. 2 Ұжымды-сюжетті ойындар.

3. 3 Бастауыш сыныпта өткізген класстантыс сабақтар.

Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер:

Қосымшалар:

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Алматы 2005.
  2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана 2010
  3. Қазақстан республикасының Білім туралы Заңы 2007 Ақорда

Анықтамалар

Дербестік іс-әрекет - шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс-әрекеті.

Оқушылардың дербестігі - оның танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыруымен, оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жүзеге асыруда көптеген қасиеттерді: зеректік, ізденімпаздық, шабыт, мақсаткерлік,

Қызығушылық және өмірлік белсенді ұстаным, танымдық-шығармашылық біліктерді талап етеді.

Шығармашылық іс-әрекет - оқушының өзіндік танымдық қажеттіліктерін, өз мүмкіндіктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін, білім мен әрекеттің әдістерін меңгеруде, жаңа нәтижеге жетуге мақсатты бағытталған іс - әрекеті.

Шығармашылық дербестік - оқушының белсенді танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының қорытындылары мен ұсыныстары бұл мұғалімнің мәні, мазмұнын ашуда маңызы зор болып табылады.

Қызығушылық - дүниедегі заттар мен құблыстарды белсенділік пен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қазіргі қоғамдық - әлеуметтік мәселелердің бірі - білім сапасын арттыру екені белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар жасалуда: оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық т. б. технологияларды енгізу, мұғалімнің білімін біліктілігін арттыру. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тигізетін әсері мол. Сонымен қатар оқушылардың білімді менгеруіне зейіннің алатын орны ерекше. Танымдағы елеулі алға қарай жылжулар бала мектепке барғанннан кейін болып өтеді, өйткені өмір мен іс -әрекеттегі жаңа жағдайлар мектепке дейінгі балалық кезең жылдарына қарағанда баланың танымына неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мұғалімге сыныптың ықыласын қажетті деңгейде ұстау үшін елеулі күй жұмсауға және шығармашылық пен іске кірісуге тура келеді, бұған сабақтың эмоциялық толыққандылығы, бейнелеу материалының үлкен көлемі, мазмұнның сан алуандылығы іс әрекет түрлері ықпал етеді.

Бала бастауыш мектепке арнайы психофизикалық және психикалық іс - әрекеттерді меңгереді, олар жазуға арифметикалық амалдарға, оқуға дене шынықтыруға, сурет салуға, қол еңбегі мен оқу қызметінің басқа да түрлеріне қызмет етуі тиіс. Оқу қызыметінің негізінде оқытудың қолайлы жағдайларында және баланың ақыл ойының жеткілікті деңгейінде теориялық сана мен ойлаудың шарттары пайда болады. (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов)

Кіші мектеп жасы кезенінде баланың адамдар мен қатынасының қайта құрылуы болып өтеді. Л. В. Выготский көрсеткендей, баланың мәдени дамуының тарихи, нәтижесіне қара мінез-құлқының жоғары формаларының социогенезі ретінде анықталуы мүмкін, ұжымдық өмірдің қойнауында ғана дербес мінез құлық пайда болады. Оқу қызметінің басталуы баланың ересектер мен және құрдастарымен қатынасын жаңаша анықтайды. Нақты түрде әлеуметтік қатынастардың екі саласы болады: "бала - ересек", және "бала - балалар". Бұл салалар бір - бірімен архиялық байланыстар арқылы өзара әрекеттеседі. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына балабақшада бөлу болмауына, тұрақтылық жағдайына табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға т. б. жағдайларға байланысты.

Балалар бастауыш мектепте оларға мұғалімдер ұсынған жаңа жағдайларды қабылдайды және ережелерді бұлжытпай сақтауға тырысады. Мұғалім бала үшін оның психологиялық ахуалын тек сыныпта ғана емес, сыныптастарымен қатынас жасау денгейінде де анықтайтын тұлғаға айналады, оның ықпалы отбасыдағы қарым-қатынасқа да бейнелейді. Отбасындағы бала мен дәстүрлі қарым-қатынас мазмұнында оның мектептегі өмірінің бүкіл кезендері енгізіледі. Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі кезде оқушылардың әсіресе бастауыш сынып оқушыларында зейіннің төмендеуі өзекті мәселеге айналып отырғандығы белгілі.

Белгілі психологтар (Б. Г. Ананьев, Б. В. Давыдов, Қ. Б. Жарықбаев) зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке бөлімдері мен өмір тәжірибесінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез құлықтарына, дүниетанымдарын қалыптастырып отыру қажеттігі айқындалған. Бастауыш мектептік кезең, кейінгі зерттеулердің дәлелдеуі бойынша, адамгершілік дамуының, моральдық мөлшерді меңгерудің қарқынды даму кезеңі. Адамгершілік дамуы өзіне адамгершілік сана - сезімді, адамгершілік мінез-құлық және адамгершілік қарым-қатынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудің негізгі бағыты - құлық мотивтері мен әдеттерді қалыптастыру.

Сондықтан да мұғалімдер мен тәрбиешілер, ата-аналар үшін өз іс-әрекеттерін балалардың әрқайсысын жүйелі, тыңғылықты түрде зертеп, оларда байқалатын темпераменттерінің белгілерін есепке ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, қарым - қатынас жасау - негізгі шарттардың бірі болған жөн. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кеңістік дәуірде туып-өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл- ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет.

Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айқын көрсеткен: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау». Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.

Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әректенің ең басты және жетекші түрі - оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.

Ғалым-педагог Л. В. Занков: «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын

қамтамасыз етуі қажет», - дейді.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» - деп тұжырымдайды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.

Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. «Таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.

Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушыладың білім алуды ілгері қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол- педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазірі деңгейі арасындағы қайшылық. Сондықтан да бастауыш мектеп мұғалім үшін ең маңызды нәрсе - бастауыш сынып оқушысының танымдық ерекшелігін білу өте маңызды.

Осы тұжырымдардың нәтижесінде дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық

ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы»

Мақсаты: Бастауыш сынып мұғаліміне оқу-тәрбие үрдісін басқару үшін оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін диагностикалық әдістер арқылы анықтаудың қажеттілігін көрсету.

Міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушылардың психологиялық ғылыми әдебеттерді талдау, саралау.

2. Бастауыш сынып оқушылардың диагностикалық әдістерді қолдану арқылы психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

3. Баланың танымдық процестерін жетілдіруде шығармашылық қабілетін дамыту және мұғалімнің ролін анықтау.

4. Төменгі сынып оқушысының ерікті әрекетер сипатының бірі - зейінділікке дамыту жолдарын көрсету.

5. Төменгі сынып оқушыларының танымдылық ерекшелігін дамыту жолдарын жан - жақты қарастыру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың психологиялық даму үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялқ ерекшеліктерін диагностикасын анықтау.

Ғылыми болжам: Егерде төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері түрлі диагностикалық әдістер арқылы анықталса, онда мұғалімге оқушылардың даму үрдісін дұрыс басқара алар еді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:

Зерттеудің прақтикалық маңыздылығы:

Зерттеу көздері:

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

Зерттеу әдістері: Ғылыми саралау мен психодиагностикалық әдістемелері, табиғи бақылаулар, сауалнамалар мен сабақтар.

Зерттеу базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Тұғыржап ауылы, Тұғыржап орта мектебі.

1. Бастауыш сыныптағы оқушылардың психологиялық үрдістердің теориялық - методологиялық негіздері.

1. 1 Төменгі сынып оқушыларының таным үрдістеріне сипаттамасы.

Бастауыш мектеп өскелен ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылады. Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды.

Бала психологиясын жан жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына, балабақшада болу- балмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы басқа жағдайларға байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс әрекеттері мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Жекеленген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейге ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын менгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейіннің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің дамуы, сондай ақ оның әлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлері мен танысып, оларды меңгере алумен байланысты. Бастауыш мектеп кезеңіңде негізгі іс әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс әрекет белсенділігін көрсете отырып, ақыл ой еңбегіне зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі - есте сақталынатын материалдың мазмұнына іс әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жанғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне

байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдері бала өз іс әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үренеді.

Оқу үрдісіне ой операциалары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытындысын жасай алу, себебі салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.

Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әнгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білу жатады.

Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигникативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бір қатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.

Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір (көркем жазу ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің граматикалық табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы - оның бойында күрделі сезімдер түғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әр мектептегі жаңа талаптарға негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапгершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбектілік сияқты қасиеттерді ашады.

Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: бір бірінің, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күщ жұмсай алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу

барысында өзін өзі менгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы- оқуы мен танымдық әрекеттің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер мен қарым қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.

Бастауыш сынып оқушыларының недәуір мүмікншілігі бар. Себебі олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын анғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп кеңес психологтары қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді. Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойыеға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбылары мен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны ажырата бастайды. Деген мен әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: біріншіден бала мектептің жағдайына бейімделе алмай қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден мұғалымнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныатың мұғалымі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірденені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Мектеп оқушыларының қарым - қатынас негіздері
Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
12 жылдық мектепке 1 - сынып оқушыларын қабылдаудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz