Бастауыш сыныпта математика сабағындагы ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылығы


Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта математика сабағындагы ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылыы»
Жоспар
І тарау.
1. Бастауыш сыныпта оқу - тәрбие үрдісінде ойын іс - әрекетінін тәлім - тәрбиелік мәні.
1. 1 Ойын танымдық іс - әрекетті қалыптастыру құралы.
1. 2 Математика сабағында дидактикалық және ұлттық ойындарды мақсатты пайдалану мәселелері.
ІІ тарау.
2. Бастауыш сыныпта математика сабағында ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданып оқушылардың танымдық деңгейін қалыптастырудың жолдары.
2. 1 Математика сабағында қолданылатын ұлттық және дидактикалық ойындардың түрлері.
2. 2. Оқушылардың ой - өрісін дамытуда ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемелері, қолдану жолдары, нәтижелері.
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап көрсеткендей, біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білім нәрі. (1)
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін және іскерлігін іс жүзінде көрсетуге жағдай жасалу және дербес еркешеліктері: ықыласы, жігері, темпераменті, еске сақтау қабілеті, ойлау мен білім деңгейі т. б. қатаң ескерілуі тиіс. Қазіргі заман тарапына сәйкес мектепте тәрбие мәселесі бірінші кезекке қойылып отырғандықтан, тәрбиелеп отырып оқытуға, оқушыға адамгершілік, эстетикалық, ақыл - ой және дене тәрбиесін беру міндетін іске асыру қажет. Оқытуды тәрбиенің қуатты құралы ретінде пайдаланудың, баланың білімге деген ынтасын, шығармашылық қабілетін, оның рухани дамуын қамтамасыз етудің шарттарын айқындаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. (2)
Елбасы 2011 жылғы Жолдауында аты атап көрсеткендей сапалы білім беру Қазақстанның және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. . (3)
«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» - делінген Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. (4) 2015
Іс - әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі меен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірімдер жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модульдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тиартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың айтуынша, ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? Бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л. А. Венгер, В. В. Давыдрв, А. В. Запорожец, Н. Н. Подьяков, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин және тағы басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты. Жас ерекшелік психологиясы саласында Б. Г. Ананьев, А. ВЗапорожец, А. Н. Леонтьев, А. А. Люблинская, С. Л. Рубинштейн, Д. Б Эльконин ғалымдар зерттеді.
Ойынды адамзат іс - әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи аспекті Е. А. Покровский, Р. ИЖуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептернің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс - әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды пайдалануға байланысты М. И. Моро, А. М. Пышкало, В. Н. Рудницкая, Л. И. Смагина, Н. А. үЯнковскаятарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Кейбір әдіскерлердің пікір - көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне жатқызыла бастады. Математиканы оқыту үрдісінде мазмұнды ойын есептердің қолданылымдары жеке оқушылырдың ой - өрісін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде ғалым - әдіскерлер А. Е. Әбілқасымов, Ә. К. Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б. Баймұханов, А. М. Мүбәраков, Е. Ж. Смағұлов, Ж. Т. Қайыңбаев, М. Ө. Мұсабеков, Г. О. Жетпісбаеваның т. б еңбектерінде қарастырылған.
Ойынды бастауыш мектепте оқытру барысында қолдануға арналған Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Бастауыш сыныпта ұлттық - дидактикалық ойындарды пайдалануға Р. Жиеналиев пен Р. Қ. Керімбековтың ғылыми жұмыстары арналған. А. Ж. Алдажанова мен З. Н. Күдебаеваның ғылыми зерттеулерінде бастиауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны жан - жақты қарастырған. С. М. Иманбекованың ғылыми еңбектерінде жаңа технология үдерісінде математимка сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту мәселелерін зерттеген. Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы Т. Қ. Жаспанованың ғылыми еңбегінде қарастырылған. Г. Қазенованың еңбегі ойын арқылы оқытуға арналған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдану С. Кемазова қарастырған. Р. Керімбаева мен Т. Керімбаеваның еңбектерінде дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. Оқушыға білімінді берік меңгерту құралы ойын екендігі А. Рысқұлбекованың еңбегінде тұжылрымдалған. Р. И Кежебекованың бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептерін пайдалану әдістемесіне арналған. А. Ө. Байдыбекованың зерттеу жұмысы бастауыш сыныптардағы математмиканы оқытиудағы компьютерді пайдаланып кейбір математикалық ойындарды қолдану қарастырылған. А. К. Айтпаеваның зерттеу жұмысында қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қарастырылған. «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т. б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген. Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады. М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев, т. б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым - қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай - ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрао ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н. В Огаркова да осындай ой - тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс - әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылоардың ой - өрісін дамыту қажеттілігімен және оңдай қолданудың теориялық негізделіп әдістемесінің жасалмауының арасында қарама - қайшылық бар екендігі анық байқалады. Бұл қарама - қайшылық «Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту» атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Осыған орай зерттеудің проблемасы ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың ой - өрісін дамыту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта математика сабағында ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданудың маңызың көрсету.
Зерртеу нысаны: бастауыш сыныпта математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың маңыздылығын көрсету және ол ойындарды қолданып оқушылардың ой - өрісін дамытудың теориялық негізін жасау;
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой - өрісін дамытудың әдіс - тәсілдерін анықтап, оны психологиялық - педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой - өрісін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеріп тәжірибеге енгізу.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері Ойынды адамзат іс - әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи аспекті Е. А. Покровский, Р. ИЖуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептернің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс - әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды пайдалануға байланысты М. И. Моро, А. М. Пышкало, В. Н. Рудницкая, Л. И. Смагина, Н. А. Янковская, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Кейбір әдіскерлердің пікір - көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне жатқызыла бастады. Математиканы оқыту үрдісінде мазмұнды ойын есептердің қолданылымдары жеке оқушылырдың ой - өрісін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде ғалым - әдіскерлер А. Е. Әбілқасымов, Ә. К. Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б. Баймұханов, А. М. Мүбәраков, Е. Ж. Смағұлов, Ж. Т. Қайыңбаев, М. Ө. Мұсабеков, Г. О. Жетпісбаеваның т. б еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы
бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой - өрісін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеріп тәжірибеге енгізу.
«Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т. б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А. Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген. Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов.
Зерттеудің ғылыми болжамы егер бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту теориялық - әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемелік кешені жасалса, онда оқушылардың ой - өрісін дамытып, оқу сапасын арттырып, оқушылрдың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ізденісін қалыптастыруға болар еді.
І. Бастауыш сыныпта оқу - тәрбие үрдісінде ойын іс - әрекетінін тәлім - тәрбиелік мәні.
1. 1 Ойын танымдық іс - әрекетті қалыптастыру құралы.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру проблемасы қазіргі уақытта ауыл мектептері үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі ауыл мектептері жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру маңызды міндет, ғылыми проблема.
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Әл - Фарабидің айтуынша, адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат - оның ақыл - парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті.
Қабілет арқылы адам тәрбиесі саналы түрде жүргізіледі. Тәрбие жас ұрпақтың өмірге бейімделіп, қарттардың орнын басып, өндірісті дамыту қажеттілігінен туындайды. Сол үшін жас ұрпақты тәрбиелейді, өмір тәжірибесіне үйретеді, қарым - қатынас, іс - әрекетті меңгертеді.
Ерік - адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе, - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер, танымдық қызығуын тудыратын жайттар адамгершілікке, ақыл ойды тәрбиелеуде аса тиімді болады деп санаған. А. Құнанбаев бала психологиясының ерекшелігі - білуге құштарлық деп есептейді. Өсе, ержете келе тәрбие құралдарының қатарына ұлттық ойындарды, оның ішінде ақыл - ойды дамытатын «тоғызқұмалақ» ойының жатқызған.
М. Жұмабаевтың көзқарасы бойынша, балалар фантазиясының табиғатына ерекше көңіл қойып, оны өркендетудегі ертегі, ойындар мен ойын материалдарының рөліне тоқтала келе, балалардың тілдесуі, сөйлесуі топтық ойындар арқылы көрінетіндігін айтып, тілдің адам өміріндегі маңызына дәйекті талдау жасайды. Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұр.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т. б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М. Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т. б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А. Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz