Оқушыларды сабаққа дайындау


КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап көрсеткендей, біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білім нәрі [1] .
Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін және іскерлігін іс жүзінде көрсетуге жағдай жасалу және дербес еркешеліктері: ықыласы, жігері, темпераменті, еске сақтау қабілеті, ойлау мен білім деңгейі т. б. қатаң ескерілуі тиіс. Қазіргі заман тарапына сәйкес мектепте тәрбие мәселесі бірінші кезекке қойылып отырғандықтан, тәрбиелеп отырып оқытуға, оқушыға адамгершілік, эстетикалық, ақыл - ой және дене тәрбиесін беру міндетін іске асыру қажет. Оқытуды тәрбиенің қуатты құралы ретінде пайдаланудың, баланың білімге деген ынтасын, шығармашылық қабілетін, оның рухани дамуын қамтамасыз етудің шарттарын айқындаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған [2] .
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады.
Елбасы 2011 жылғы Жолдауында аты атап көрсеткендей сапалы білім беру Қазақстанның және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында:
«Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті» ( 41- бап ) .
« Білім беру ұйымы баланың қалауын, жеке басының бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, таңдауға құқысы бар, -деген баптары педагогпен ата-аналарға арналып, мектеппен ата-ананың алдында зор жауапкершілік жүктейді». (38-бап) [3] .
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің өзекті деген мәселелерін қозғады. Әсіресе, білім беру мен медицина саласын жетілдірудің оңтайлы шешімдері ұсынғаны көпшіліктің көңілінен шықты. Біздер жыл сайын Жолдауды жүзеге асырудың арқасында ел экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келеміз.
2005 жылғы 13 ақпанда шыққан, ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н. Ә. Назарбаев деген. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет [4] .
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің 43-қара сөзінде баланың танымын алғаш күннен бастап дамытса оны із-түссіз жоғалып, жойылып кететіндігін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғаш күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімінің тәрбиенің негізхін қалыптастыратын ойын әрекеті болып саналады. [5]
Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипатталады, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағына да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын сергітеді. Орыс педагогы В. А. Сухамлинский: «ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оны шығармашылық қабілетін дамытады, оынсыз ақыл-ойдың қалыптасыу мүмкін де емес» десе ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды-деп, барлық халықтың ойын түсінігін түп тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын таным процессін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәжірибеші ұстаз оқытумен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептернің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс - әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды пайдалануға байланысты М. И. Моро, А. М. Пышкало, В. Н. Рудницкая, Л. И. Смагина, Н. А. Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектептерінде оқыту орыс тілінде басылған дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары жүзеге асырылды, сондай-ақ ішінара лайықталаған оқулықтар да қолданылады. Қазақстан Республи-касында 1997 жылдан бастап жаңа технологиялар ескерілген профессор Т. Қ. Оспановтың басшылығымен авторлар ұжымының (Ш. Х. Құрманалина, Ж. Т. Қайыңбаев, Б. М. Қосанов, К. А. Ерешова, В. Я. Анисимова) дайындаған жаңа оқу-әдістемелік топтамасы тәжірибеге ендірілді. Аталмыш ғылымның қазіргі заман даму тенденцияларына орай технологияларын енгізуді, әр түрлі нұсқада дайындау негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі [5] .
Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға арналған Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Бастауыш сыныпта ұлттық - дидактикалық ойындарды пайдалануға Р. Жиеналиев пен Р. Қ. Керімбековтың ғылыми жұмыстары арналған. А. Ж. Алдажанова мен З. Н. Күдебаеваның ғылыми зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны жан - жақты қарастырған. Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы Т. Қ. Жаспанованың ғылыми еңбегінде қарастырылған. Г. Қазенованың еңбегі ойын арқылы оқытуға арналған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдану С. Кемазова қарастырған.
Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілікпен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан олардан оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен сақтықпен талап етіледі.
Ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиеленушінің жас және психологиялық ерекшелігіне сай құрылып, оларды шығармашылыққа қарай жетелей алуы керек.
Ұстаз ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай балаға берілетін танымның, білімі мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістікреге қол жеткізіп, мақсатына жете алады.
Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш рет мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгертіп, өзінің психологиясын жан-жақты жетілдіріп, мінез-құлқын ерік-жігерін, қабілетін дамытып, дүние танымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды [6] .
Бұдан шығаратын қоырытынды мақсаты дұрыс таңдалынып, сауатты түрде ұйымдастырылыған ойын ғана бала танымының дамуына жағдай жасайды.
Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізу әдісін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланың танымына әсер етіп, даму барысында үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Осыған орай зерттеудің проблемасы дидактикалық ойындарды қолданып бастауыш мектепте оқушылардың ой - өрісін дамытып, іс-әрекеттердің сапасын арттыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: дидактикалық ойындар арқылы оқушылар іс-әрекетінің сапасын арттыру жолдары мен педагогикалық шарттарын көрсету .
Зерттеу міндеттері:
-1 сыныптағы дидактикалық ойындардың ролін анықтау, теориялық тұрғыда қарастыру және практикалық тұрғыдан ұйымдастыру;
- дидактикалық ойындарды қолданып оқушылардың ой - өрісін дамытудың әдіс - тәсілдерін анықтап, оны психологиялық - педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- . Дидактикалық ойындардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру. Жүргізілген тәжірибеге негіздей отырып, оқушылардың білім сапасын жақсарту жолдарын, әдіс-тәсілдерін жасау.
Зерртеу нысаны: Дидактикалық ойындарды сабақ барысында қолдану үрдісі.
Зерттеу пәні: Төменгі сыныптарда дидактикалық ойындарды сабақ барысында қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың оқу сабақтарында дидактикалық ойындарды ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасап, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында дидактикалық ойындарды ұйымдастыру негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасады. Дидактикалық ойындарды қолданудың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының үлгерімі жақсарады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
- Дидактикалық ойындардың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды. Қазіргі жағдайда бастауыш сынып оқушыларына сабақ беруде дидактикалық ойындарды әрдайым қолдануды қамтамасыз ету
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері: К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, M. Ы. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Зеттеуде қолданылатын әдіс пен әдістемелер: Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, тәжірибені байқау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту; тіл үйренушілердің тілді меңгеру, математикалық тапсырмаларды орындау дәрежесін тексеру, бекіту, бақылау әдістерін әр түрлі деңгейде пайдалану.
Зерттеу құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Капитоновка орта мектебі
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Дидактикалық ойындарға қатысты әдістердің зерттелуі жайы
Білім беру жүйесінде оқыту формаларының әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді әдістерді қолдану ұсынылғаны баршамызға аян. Демек, оқыту үрдісіндегі көрнекілік әдісінің зерттелуі жаңа проблема емес, мұның өзінің тарихы бар.
Бұл жерде біз дидактиканың ілімінің классикалық бастауының дамуына тұтқа болған Я. А. Коменский (1592-1670) есімімен байланыстырамыз.
Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, кейін чех педагогы Я. А. Коменский бұл ұғымды пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін жарыққа шығарды. Я. А. Коменский дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып ұстаздар үшін «алтын ереже» болып саналатын мына ереже көз жүгіртсек: адам қандай затты қабылдаса да сезіммен түйсініп, мүмкіншілігіне қабылдауға барлық сезім қатысса, оны ұғынып, меңгеру мәңгілік екендігін аса бір терең ой толғауымен тұжырымдап, дәлелдеген. Бұл жерден біздің байқайтынымыз, оқыту мен тәрбиедегі жаттандылық пен догмаға, өктемділікке ірі тұлғаның қарсы болғандығын байқаймыз.
Өйткені Я. А. Коменский адамзаттың өркендеуіндегі жан-жақты гармониялық дамуға, баланың жеке басын құрметтеуге және олардың дербес ерекшеліктерін ескеріп, оқушылардың іс-әрекеттегі белсенділігін арттыруға айрықша көңіл бөлді. Бұл жерден біздің аңғаратынымыз, Я. А. Коменский оқыту теориясын сенсуалистік (латынның сезінушілік деген мәніндегі сөзі) негізде қарастырғандығын көреміз.
Демек, оқу мен оқыту тек сөз жүзінде айту мен талдау тұрғысында емес, нақты бақылап, нақты қабылдаумен араласып жатқандығын дәлелдеген.
Я. А. Коменский: «Шәкірттердің ең алдымен сыртқы сезімдері, одан соң есте сақтауы, жүре- жүре түсінігі, кейіннен топшылау қабілеті оянады. Себебі, білім сезімдік түйсіктен тұрып, қиялдау арқылы іске асады, содан соң жалқыны нақтылау арқылы жалқыны түсіну пайда болады, ең ақырында, әбден түсінікті болған заттар жайындағы білімді дәлірек айқындау негізінде олардың оқшау қабілеті артады» - деп көрнекіліктің ролін ерекше атап өткен.
Сондықтан байқау үшін жалықпай еңбектену қажет. Я. А. Коменский айтуынша «Көріп - білу дегеніміз - тек сол бөлшектің қызметінен туады. Адамның ішкі көзіне жататындар - ақыл (сана), яки ақылға тән қабілеттер, объектісі интеллектің сыртында тұрып, ішкі әлеміне таңбасы түскен барлық заттар оның жарығы соған тиісті түрде көңіл аударуы болмақ». Алайда затты сыртқы көзбен сол қалпында көріп білу үшін белгілі бір шарттар керек болған сияқты. Оны іштей көріп - білудің де өзіне тән белгілі әдістері бар. Соған сүйенген кезде ғана зат ақылға таңбасын түсіріп, оны дәл және оңай қабылдап, танып білмек. Олай болғанда ғылымның жұмбақтарына Я. А. Коменский: «Мектептерде негізгі жұмыстарға бөлінбей, мәнсіз, қажетсіз, кем, бос нәрселерге баса көңіл бөлінеді немесе шәкірттер өз үйренгендерін жылдам ұмытады. Себебі көпшілігі үстірт үйретіледі де, ол баланың ақылына еніп, денесіне сіңбейді. Бұл екінші кемшілік тәжрибеде көп кездеседі. Кемшіліктерді жою үшін қажетті әдіс тауып, баланың тек білгенін ғана сақтап қалмай, одан да көбірек білуіне жол ашамыз, демек тек оқыту процесінен алған білімін ғана айтып қоймай өзінің де пікірі болуын ескереміз» - деген. Себебі, Я. А. Коменский әдістемесі бойынша бала пассив тұлға емес. Әрбір баланың сезім мүшесі, ақыл - ойы бар. Нәтижесінде олар кейбір ұғым, зат болмысын өздігінше қабылдайды. Бала затты көзбен көріп (оқып), оқығанын тілмен айтып, айтқанын жазып, білімді дағдыға айналдырады. Дағдыға өтпеген білім - «бос сөз»-дей келе, «оқытудың негізгі мақсаты - бала табиғатында бар сезімдерді, оның ақыл - есін дамыту, сөйтіп оның танымдық ойын тудыру болмақ яғни оқу (көз), тыңдау (құлақ), айту (тіл), жазу (қол) - осының бәрі бірдей жетілуге тиіс», -деген [7] .
Бұл жерден біз ұлы дидактиктің баланың жеке басын құрметтеуге, іс-әрекетіндегі белсенділігін арттырып, олардың жеке дербес ерекшеліктерін ескеруден әрбір деталға көңіл аударуға мән бергенін байқаймыз.
Я. А. Коменский жас буынға жалпы алғанда мынадай төрт түрлі шартты орындау керек:
- Оның рухани көзі таза болуға тиіс.
- Ол өзінің алдына объект қоя білсін.
- Соған ыждағат қояды.
- Бақылауға алынған зат белгілі бір тәртіпте бірінен соң бірікезектесіп келіп отыруға тиіс, сонда балалар заттың бәрін де дәл және оңай танып білмек - деп өзінің алтын ережесін ұсынады.
Сонымен бірге: «Сезім мүшелерімен сәулесі еске түсетін нәрсенің бәрін де, атап айтқанда, көруге болатынды - көзбен көріп, қабылдап, естілуге жататынды - құлақпен, иісі бар нәрсені - мұрынмен, татып білетінді - тілмен, сезініп білетінді - қолмен сипап (ұстап) білуге тиіс. Егер кейбір заттарды бірнеше сезім мүшелері арқылы танып, білуге тура келсе сол мүшелердің бәрін қатар жұмсау керек» - деп айтқан.
Я. А. Коменский: «егер бақылау кезінде түрлі бейнелер, заттар көп болса, осының өзі балаға қай нәрсеге мән беруді бүркеп қалып оны салыстырады, ал олар бірнеше түрлі болып келсе онда шатастырады. Сондықтан осы ерекшеліктерді ескере отырып бақыланатын заттардың бәрі бір уақытта көрсетілмей, белгілі тәртіппен, бірінен соң бірі көрсетіліп тұруы қажет» деп, ұстаздар қауымына
- оқыту үрдісі де табиғат тәріздес, оның заңдылықтарын зерттеп, оны мойындаумен байланысты болуға тиіс.
- Берілетін білімнің мазмұны адамды жан-жақты дамытып, оқу өмірмен байланысып, шәкірттің күнделікті тәжірибесімен қанаттас жүргізілуге тиіс деген. Бұл: «Адам қандай затты қабылдаса да сезіммен түйсініп, мүмкіндігінше қабылдауға барлық сезім қатысса, оны ұғынып, меңгеру өміршең болады» - деген ұстаздар үшін «алтын ереже» болып саналып келгені сөзсіз.
Ұлы Я. А. Коменский мынадай асыл қағида ұсынған: «Мүмкін болғанның бәрін сезіп, қабылдау үшін алға тарту керек. Бұл туралы еске сақтай отырып, балаларға сөз болып отырған, солар арқылы оларды қызықтырғыңыз келген заттарға жол қоюға тырысыңыз. музейлерге, кәсіпорындарға, табиғатқа, экскурсиялар жасаудың өте пайдалы екенін есте ұстаңыздар. Жаңа заттар мен құбылыстарды тікелей бақылаудан туған әсерлер, бақылау фактілерінің өзі және олар туралы әңгімелесу ілім аумағының кеңеюіне, балаларда қызығудың қалыптасуына жәрдемдеседі. Оқытушының жаңа деректерді тану процесін басқарудың ролін өз қолыңызға алып, назарын соғұрлым мәнді деген заттар мен құбылыстарға аударыңыздар, сонымен бірге оларды қоршап тұрған шындық өмірді өз бетімен танып - білуге үйретіңіз.
Демек, көру, есту үшін қолданылған көрнекіліктер оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, оқушының оқу еңбегіне деген ынта-ықыласын туғызу, оны қалыптасқан іс-әрекет дағдысына айналдыру үшін оған білімді өз бетінше ізденуі арқылы меңгертудің тәсілдерін үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеудің арнаулы, жүйелі жұмыс тәсілін меңгертуі қажет. Сондықтан ынта-ықыласын жетілдіру жұмысы оқушылардың психологиялық мінезі-құлқына негізделгендіктен сабаққа психологиялық тұрғыдан қойылатын мынадай талаптарға мән беру өте тиімді. Олар: оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін, еркін, эмоциялық сезімін тәрбиелеу. Әрине бұл жерде мұғалімнің психологиялық жай-күйі де маңызды роль атқарады.
Дидактикадағы Я. А. Коменскийдің прогрессивтік ойларын дамытуға үлес қосып, оны жаңалықтарымен толықтырып, әлемдік педагогика тарихында есімдері құрметпен аталып жүрген ғалымдар:
Ж. Ж. Руссо (1712-1773), И. Г. Песталдцци (1746-1827), А. Дистверг (1790-1866), К. Д. Ушинский (1824-1870) .
Ж. Ж. Руссоның шығармаларындағы оқу әдістемесіндегі негізгі өсиеттері: бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпай, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды. Ж. Ж. Руссо дидактикасының негізі - баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді.
Бастауыш білім беру және оқудың теориясы мен практикасын дамытуға баға жетпес құнды сипаттама бергегі: Швейцария халқының ұлы педагогы И. П. Песталоцци.
Сонымен бірге көрнекіліктің маңызының зор екендігін И. Г. Песталлоци де өткір бағалаған:
- Дұрыс көру және есту.
- Тек бақылау арқылы берілген шындық, адам жан дүниесінесенімдердің теріс тұрғыда кіруіне кедергі болады.
- Сезім арқылы заттарды танысақ онда ол оны өзі туралыдұрыс пікірлердің қалыптасуына әсер етеді.
Сайып келгенде «көрнекі оқыту айнасы» - деген тұжырымдамаға дәлел.
Ғалым оқытудың бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қорытынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керектігіне мән бере отырып бақылау арқылы балада көру, есту, яғни, таным процестерінің жетіліп, нәтижесінде ойлау, сөйлеу дамиды дейді. Бұл жерден біз ғалымның оқыту екі жақты үрдіс екендігіне зер аударғандығын аңғарамыз. И. Г. Песталоцци оқытуды жеңілдету мақсатымен дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені танып біледі. 1 Ондай элементтерге ғалым заттың санын, формасын, атын жатқызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz