Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Ел президенті Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» атты Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы педагогикалық мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім. Жоғарғы оқу орынында білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны іске асыратын басты тұлға оқытушы болса, бүгінгі таңда оқытушыларға қойылып отырған талаптар өте жоғары. Елімізде инновациялық экономика құру үшін жоғарғы оқу орынында кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті оқытушылар жұмыс істеуі тиіс [1] .
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет»- деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементтің жанында жазуы болады.
Заман талабына сай ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: «Омыртқалылар зоологиясы» пәнінің Бауырымен жорғалаушылар тарауын оқытуда білім берудің жаңа технологияларын қолдану.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Электрондық оқытудың маңыздылығына шолу жасау;
- Бауырымен жорғалаушылар тарауына талдау жасау;
- Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстар және олардың тапсырмаларын құрастыру;
- Бауырымен жорғалаушылар тарауын қайталау үшін тест тапсырмаларын құрастыру;
- Бауырымен жорғалаушылар тарауын бойынша электрондық оқулықты құрастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ең алғаш рет қазақ тілінде «Бауырымен жорғалаушылар» тарауы бойынша электронды оқу құралы жасалды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
Құрастырылған электрондық оқулықты жоғарғы оқу орындарында «Биология» мамандығы студенттері, мектеп оқушылары «Зоология» пәнінде пайдалана алады. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қосымша материал ретінде пайдалана алады.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе және үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУБілім берудің жаңа техналогияларын оқу процесінде қолданудың жолдары
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес .
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады [2] .
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - оқытушы. Қазіргі жоғарғы оқу орынында шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан оқытушылар қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді [3] .
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді оқытушы косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т. б. жатқызуға болады. Оқытушы араласпай-ақ, студенттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын биология пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттің шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату студенттің алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту студенттердің логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, студенттердің еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады [4] .
Мақсаты:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау [5] .
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән оқытушыларына, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген оқытушы мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану студенттердің жоғарғы оқу орынында биология пәнін игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- студенттің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т. б. ) ;
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру [2]
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: биология бойынша ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
- арақашықтықтан оқыту формаларына оқытушының қызметiн бағыттау;
- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда [6] .
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
- вариативтiлiк - әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
- болашаққа негiзделген - күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
- рефлексивтi - креативтi - жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
- эргономикалық - нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
- iзгiлiктiлiк - бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған - оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады.
Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т. б. жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы ақпараттық технологиялар” [7] .
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту) .
2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану [8] .
1. 2 Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздері
Білім беруді ақпараттандыру - оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары [9] .
Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми- зерттеу, ғылыми- техникалық және материалды- техникалық жобалардан тұратын ғылыми- техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынантұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
- студенттің ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
- оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми - педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық- әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
- есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық шарттарын анықтау;
- студенттің ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану [10-11] .
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында қолданылады.
Жоғарғы оқу орынындағы ақпараттандырылған жоғарғы білімдер ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты оқу орындарына ғана емес, сонымен бірге барлық білім жүйесіне пайдалы. Электронды оқулықтар, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Электрондық форма ғылыми практика мен әдістемелік жетілдіруде қолданылады. Әрі қарай даму оқыту қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке аралық білім жатады.
Ақпаратты технологияны кеңінен қолдану қазіргі жоғарғы оқу орынындағы ұйымдастыру - басқару қызметі болып табылады. Оның көптеген автоматтандырылған программалық жүйелері мен талдауларын және де электронды деканаттары тәрізді сабақ жоспарлы, бухгалтерлік есеп жүйелері, студенттер мен оқытушылар туралы электрондық қоры көптеген оқу жүйелерінде қолданылады [12] .
Көптеген ақпараттық ресурстар компьютерлік желі арқылы әдістемелік оқу білімімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, білім саласының жеткілікті болып, оның жүйелі түрде жоғарылауын қамтыған болар еді.
Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға бермейді. Атап өтуге тура келетін жағдай, кейбір жүйелердің болмауына байланысты практикада ақпараттық ресурстар қолданылмайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кейбір жоғарғы оқу орынындағы принципті түрде әртүрлі әдістемелік және технологиялық салаларында білім мен талаптардың орындалуына күш салатын болса, оқу процессінің жоғарылығына керісінше әсер етеді. Сондықтан да ақпарат сапасы теория мен практикада тек қана жоғарғы оқу орынындағы ғана емес, сол сияқты колледждер мен мектептерге де жетіспейді [13] .
Көптеген зертеулерге қарағанда ақпараттық технология негізгі жоспарланған және модельденген жаңа дамушы орта болып есептелініп “Ақпараттық білім ортасы” - деген атаққа ие болып отыр.
Ақпараттық білім беру ортасы түсінігі бойынша оның аумағын көптеген ережелеріне қарамастан нақты белгілермен жазылады. Осыдан ақпарраттық білім беру ортасынла мынадай тұжырымға келуге болады: жоспарлы коммуникатциялық ортада компьютер техникасын қолдану оқушылар, оқытушылар, ата - аналар және оқу орындарында ақпарратты алу үшін үлкен маңызын тигізеді. Сондықтанда оқуда және одан тыс шараларға пайдалану көлемін үлкейтуге бағыт алу керек.
Қазірде республика бойынша осы тәрізді ақпарат комплексі теқ қана жеке кафедра, факультет, жоғарғы оқу орынындағы ғана пайдаланылады. Осы салдардан ақпараттық білімді ақпараттық білім беру ортасында жеке облыстар мен республика деңгейінде біріктіру өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты ҚР басшылығының 2001 жылдың 6-шы тамызында № 1037 “2002 - 2004 жылдарды ҚР-да білім жүйесін ақпараттандыру консепциясы туралы” қаулысы қабылданды [1] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz