Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормалық сілтемелер . . . 3

Кіріспе . . . 4

1. Қазақстандағы ұлттық тақырыптағы кескіндеме өнерінде

1. 1 Суретшілердың ұлттық тақырыпта шығармашылықтары . . . 9

1. 2 Қанафия Тельжановтың шығармашылығы . . . 20

1. 3 Қазақстандағы ұлттық тақырыпта қазіргі заман кескіндемесі . . . 27

2. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесі

2. 1 Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы . . . 28

2. 2 Қазақстанда аңшылық дәстүрдің дамуы жөнінде оқушыларға мағұлмат беру . . . 33

2. 3 Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың ой-өрісін дамытудың жолы . . . 49

2. 4 6-сынып оқушыларына шығармашылық қабілетің дамыту жұмыстарының сабақ жоспарлары . . . 65

Қорытынды…… . . . 74

Қолданылған әдебиеттер . . . 77

Қосымша . . . 79

Нормативтық сілтемелер

[1] . Қазақстан Республикасының Конституциясы

[2] . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім беру жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім, қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай, шығармашылықпен еңбектене білетін, тың жаңалықтар ашуға қабілетті, өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеті - «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» ретінде белгіленген. Бұл, өз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Осыған байланысты бейнелеу өнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы өте зор.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектеп оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, ерекше құнды да қайталанбас кезең. Сондықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы кезеңде ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Мұны біртұтас педагогикалық процестегі оқытуды ұйымдастыруға тұжырымдамалық жаңа тұрғыдан келу негізінде шешуге болады.

Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады.

Шығармашылық дегеніміз - жаңа туындыны жасауға бағытталған іс-әрекет. Қабілет дегеніміз - ойлау мен белгілі іс-әрекетті орындау бағыттындағы жеке тұлға шығармашылық қызметінің нәтижесі түрінде танылады. Қабілет белгілі білім мен іс-әрекетті икемділіктерінің жоспарлы түрде меңгерту нәтижесінде қалыптасады. Осы қағидаларды негізге ала отырып шығарма-шылық қабілет дегеніміз жаңа бейнелеу өнері туындыларын жобалау мен жасауға бағытталған жеке тұлға қызметі.

Мектеп оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру өзіндік ерешелігі бар педагогикалық үдеріс. Бұл мектеп оқушыларының өнер туындыларын қабылдау мен бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын меңгерумен байланысты сипатталады. Қалыптастыру ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлғаның білімін икемдіктері мен дағдыларын арттыруға бағытталған жоспарлы іс-әрекеттер нәтижелері.

Жоғарыда аталған еңбектер мектепте бейнелеу өнері сабағында оқушылар-дың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі бойынша біршама зерттеу жұмыстары жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Дегенмен осы саладағы еңбек-терге талдау жасау мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабағында қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелуі мен оның ғылыми-әдістемелік жүйесінің дайын-далуы мәселесінің заман талабына сай мазмұнының ашылмай отырғандығын көрсетті. Осыған байланысты мектеп оқушыларының шығармашылық қабілет-терін бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қалып-тастыру мәселесін педагогикалық тұғыдан шешудің объективті қажеттілігі мен бұл мәселенің мектеп тәжірибесінде өз дәрежесінде шешілмеуі, сонымен қатар бұл мәселеде ғылыми негізделген әдістемелердің қажеттілігі мен оларды тәжірибеде жүзеге асыру құралдарының болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар анықталды .

Мәселе. Қазіргі таңдағы орта мектептердің алдында тұрған сұрақ оқушыларды білім жолына және шығармашылық қабілеттін дамыту. Мектеп бағдарламасындағы сурет пәнің оқыту мәселесі, бүгінгі таңдағы сурет пәні көптеген праблемаға ұшырасып жатады. Олардың бірі салт дәсүрімізді қайта жанғырту мәселесі.

Көркем шығарманың маңыздылығы бәрінен бұрын тақырыптың көлемі мен мәнділік маңыздылығына шарттастырылған. Шығарманы туғызудың ең қажетті шарты-тақырыпты суретшінің мәнін түсінуде, оны образды түрде аша ала білуде. Сюжетті ойлай отырып, суретші ол шығарманың сапасына байланысатын композицияға жүгінеді композиция шығарманың идеясымен сюжетімен органикалық түрде үйлестірілген. Жұмыс барысында ойдың жалпы шешімін іздеу жұмысы жүгізіледі.

Негізгі ойды жарыққа шығару үшін шығармаға кіргізілетін элементтерді (бұйымдарды, фигураларды) мақсатқа сай іріктеп алу, олардың ортада өзара орналасу заңдылығы, сезімдік-әсерлік белгілерін бөлу (пішіні, бояуы, пропоциясы т. с. с. ) міндетті түрде жанама элементтердің бастысына бағынуы, кеңістікті және сызықты келешегін еске ала отырып композиция бөліктері теңесуі шарт. Мұның барлығы идеялық мазмұнды беруге анық мүмкіндік туғызады. Айтып өтілген мәселелерді шешу шығарманың композициясы бойынша жүргізілетін алуан түрлі аспектілерді толық аша алмайды.

Мәселенің өзектілігі, оның қазіргі міндеттерді ескеру негізінде теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылмауы, көркем-эстетикалық білім беру саласындағы педагогикалық маңыздылығы зерттеу жұмысының тақырыбын «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту» деп анықтауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемелік жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі. Суретші- педагогты қалыптастыруда композиция теориясына үлкен мән беріледі. Композицияның теория мен практикасын меңгеру- өмірдегі жаңаны, прогресті, өмір шындығын образды қабылдауға, типті көруге және бейнелеуге мүмкіндік туғызады.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері сабағында әр оқушыны ұлттық дәстүрді дәріптеу арқылы тәрбиелеу және шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық дәстүрлер арқылы жастардың қазақ дәстүрлеріне үйретіп, оларды патриоттық сезімге тәрбилесек, онда болашақта өз халқымыздың дәстүрін сақтайтын, жалғастыратын жастарды тәрбиелейміз. Мектеп оқушыларына бейнелеу өнерiн оқытуды үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің көркемдiк бiлiмiн ұлттық өнер негiзiнде жетiлдiру нәтижесінде жалпы адамзаттық өнер дәстүрлерін меңгерген, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту педагогикалық аспеклерін талдау жасау;

2. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін анықтау;

3. Бейнелеу өнері сабақтарында мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту педагогикалық технологияларының бағыттарын көрсету.

4. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту әдістемелік ұсыныстарын және эксперименттік сынақтан тексеру.

Жетекші идея: бейнелеу өнері сабақтарында аталмыш өнердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану ұйымдастырылса, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып табиғат, қоғам және ой дамуының жалпы заңдылықтары: таным теориясы; жеке тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші рөлі туралы қағида; оқытудың қазіргі теориялары мен тұжырымдамалары; материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы халықтың рөлі, тәрбиедегі ұлттық мәдениеттің рөлі туралы ілімдер; жалпы адамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларының қағидалары құрайды.

Зерттеу көздері: философтар, психологтар, педагогтар, этнографтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар, өнертанушылар және т. б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген қазақ ойшыл-ғұламаларының бала тәрбиесі туралы ой-пікірлері; үкіметтің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т. б. ) ; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі нормативтік құжаттары тұжырым-дамалары кешендері, жалпы, орта және бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың тиімді әдістемесін жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагоги-калық, психологиялық, мәдениеттанушылық, тарихи, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; педагогикалық бақылау, сауалнама, интервью, әңгіме, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, мектеп оқушы-ларының шығармашылық жұмыстарына, бейнелеу өнері пәні бойынша мектеп бағдарламаларына талдау жасау, педагогикалық эксперимент, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, бейнелеу өнерінде белгілі бағыттарда шығарма-шылық ізденістер жасаған суретшілеріміз жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізе бастады. Жаңа буын суретшілер аға буынның идеяларын дамыта отырып, жеке танымдық көзқарастарын қалыптастыруда. Еркін ойлау, түйсіну, сезіну арқылы өзіндік көркем туындыларын жасауда. Атап айтсақ, Ғ. Мадановтың «Үздіксіз шұғылы», Қ. Хайрулиннің «Жел ызыңы», А. Бапишевтің «Төрт пайғамбар», А. Қазығұловтың «Дала мадоннасы» сияқты көркем туындылары суретшілердің тақырыпты түйсінуі, сезінуі арқылы суреттелген. Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақтары көркем шығарма ретінде дүниеге келді. Қазақстанның суретшілерінің қол жеткізген табыстары бүкіләлемдік мәдени кеңістіктен көрінуде. Жаңа ғасыр суретшілері бейнелеу өнерінің беделін арттыра беретіні анық.

Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығарма-шылық қабілетін дамыту процесінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Дайындалып, сынақтан өткізілген «Бейнелеу өнері сабақтарында мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралын, бейнелеу өнері сабағында оқушыларының шығарма-шылық қабілетін дамытудың әдістемесін, сонымен қатар зерттеу материал-дарын жалпы білім беретін мектептердің, педагогикалық оқу орындарының іс-әрекетінде, педагогикалық кадрлардың іскерліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жүйесінде және мектептегі педагогикалық процесті жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқауларды дайындауда пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде - зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психо-логиялық, педагогикалық, мәдениеттанушылық әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми аппараты мен процедурасы дайындалып, мәселенің қазіргі жай-күйіне баға беріліп мүмкіндіктер анықталды.

Екінші кезеңде - бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығарма-шылық қабілетін дамытудың әдістемесі дайындалып, оның тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүзеге асырылды. Мұның барысында бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту мазмұны анықталды.

Үшінші кезеңде - тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне талдау жасау және өңдеу, теориялық қағидаларды нақтылау, қортындыларды тұжырымдау, бейнелеу өнері сабақтарында мектеп оқушыларының шығарма-шылық қабілетін дамыту бойынша алынған нәтижелерді мектеп тәжірибесіне енгізуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсыныстар дайындау жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы: Көкшетау қаласы әкімдігінің «М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гипназиясы» мемлекеттік коммунадық мекемесі.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
  • бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілет-терін дамыту мүмкіндіктері ретіндегі пәннің ролі мен мазмұндық талаптары;
  • бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық технологиялары;
  • бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемелік жүйесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық - педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарына жасалған талдау және оларды зерттеу барысында негізге алу. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері мен тәжірибелерін талдап, жинақтау; ұсынылған әдістеменің іс жүзінде бірнеше қайтара тексерілуі; эксперимент нәтижелерінің қорытылуымен, олардың тиімділігі оқу үдерісіне енгізілумен қамтамасыз етілді.

Дипломдық құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Қазақстандағы ұлттық тақырыптағы кескіндеме өнерінде

1. 1 Суретшілердың ұлттық тақырыпта шығармашылықтары

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә. Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады. Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті.

Ә. Қастеевтің шығар-машылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә, Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін баға-ланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді.

Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді.

Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан - Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген.

Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пейзажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады. Ә. Қастеевтің шығарма-шылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».

Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А. Имановтың портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады. Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә. Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады. Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың шығармашылығы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді.

Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары («Теңіздің ар жағынан», «Жарылып кетті») терең мағыналы сынға құрылған.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының, тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды. А. И. Черкасскийдің «Дина мен Жамбыл» картинасы, В. Антошенко - Оленовтың «Сәкен Сейфуллин», «Ілияс Жансүгуров», Х. Наурызбаевтің «Жамбыл», «Құрманғазы», Ә. Қастеев пен И. Леонтьевтің «Қазақстан кілемшелері» шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.

Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А. Ғалымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А. Ғалымбаева «Дастархан», «Қостанай перамидалары» картиналарын жазды.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ. Т. Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі, Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967) . 1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.

1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін атқарды. Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970, «Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967) . Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

Қазақтың профессионал мүсін өнерін қалыптастырушылардың бірі Хакімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Октябрь селосында туған. Оған 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағы берілді. 1960 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан 1966 жылға дейін Алматы қөркемсурет училищесінде ұстаз болды.

1985 жылдан қазақ мемлекеттік өнер академиясында ұстаздық етеді. 1950-60 жылдары «Бала Жамбыл», «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін танытты. Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста көрсете білді. Мүсіншінің шәкірттері Т. Досмағанбетов, Б. Төлеков, Е. Мергенов қазіргі кезде кең көлемде танылған шеберлер. Мүсінші шығармашылығы лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен наградталған.

Қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алатын дара тұлға А. Ғалымбаева. 1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу жасқа толған болатын. Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік бөлімін бітірді.

А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері «Абай әндері» (1949), «Махаббат туралы поэма» (1954) кинофильмдеріне жасаған еңбектері мен «Тоқымашылар» (1951), «Автопортрет» (1956) атты станоктың картиналары. Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген картиналар жазды. Солардың бірі «Халық таланттары» (1957) атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз.

Айша Ғалымбаеваның «Халық таланттары» атты картинасы оның шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы. Осындай шығармаларының бірі - «Халық шебері Б. Бәсенованың портреті» (1958) . Суретшінің «Батыр ана» (1960), «Қазақстан әуендері» (1962) картиналарында сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі. Жетпісінші жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж туындыларын жазды. Олардың қатарына «Аяқ-Қалқан», «Сарыағаш», «Үңгіртас» шығармалары кіреді. Суретшінің «Жайлау жолы», «Болашақ», «Совхоз», «Шопан қыздары», «Совхоздағы кеш», «Сенімді қарауыл», «Автолавка» шығармалары ауыл еңбеккерлерінің өмірін көрсетеді.

А. Ғалымбаеваның шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Алпысыншы жылдары жазған «Үш ғасыр», «Ертедегі керамика», «Қобыз», «Сары алма», «Айва» картиналары ерекше бейнелік сипатқа ие болған. Суретші бұл картиналар арқылы табиғат пен адам арасындағы қарым қатынас бірлігін көрсетеді. Ертедегі дүние мен қазіргі өмір атрибуттары салыстырмалы түрде көрсетіледі. Суретшінің «Бас киімдер» деп аталатын картинасында қазақтың көне ұлттық бөркі басы көрініс, ал ұлттық киімдер қосалқы композиция бөлшегі ретінде берілген. Айша Ғалымбаева шығармашылығындағы жанрдың бірі - портрет. Ол 60-жылдардың соңында артист С. Қойшыбаеваның, жазушы Ғ. Мұстафиннің, актриса С. Майқанованың портреттерін жазды. Осы жылдары А. Ғалымбаева актер Н. Жантуриннің портретін және өзінің автопортретін жазып бітірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс тәсілдері анықтау
Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерінде сыныптан тыс жұмыстарды қолдану
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz