БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ
- 1. 1. 1 Педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсініктер . . .
1. 1. 2 Педагогикалық технологиялардың мақсаттары мен міндеттері . . .
1. 1. 3 Қазіргі педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары
мен қасиеттері . . .
1. 2 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы . . .
1. 2. 1 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы туралы түсініктердің дамуы . . .
1. 2. 2 Сыни ойлау мен оны жүзеге асыру жолдары . . .
1. 2. 3 Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру . . .
1. 2. 4 Сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы оқу сабақтарының мүмкіндіктері . . .
1. 2. 5 Блум таксономиясының танымдық деңгейлері . . .
1. 3 Ақпараттық-коммуникациялық технология . . .
1. 3. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы . . .
1. 3. 2 Химия сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімді жақтары . . .
1. 3. 3 Бағдарламалық құралдардың білім берудегі дидактикалық мүмкіндіктері . . .
1. 3. 4 iSpring QuizMaker 7 бағдарламасымен жұмыс жасаудың жолдары . . .
II Эксперименттік бөлім
2. 1 Химияда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің маңызы . . .
2. 2 Химия курсының кейбір тақырыптары бойынша сұрақтарды терең қарастыру әдістемелері . . .
2. 3 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтары бірінің мазмұны . . .
2. 4 Құрастырылған әдістемелер бойынша алынған нәтижелерді талдау . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . .
5
7
10
11
11
16
24
28
30
37
37
41
42
48
50
51
56
57
59
60
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту және оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тәжірибесінде тиімді қолдану мәселесі көкейкестіге айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі саяси-әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру саласында, соның ішінде мектептердегі жеке пәндерді оқыту үрдісінде көп жаңалықтарды енгізуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда жаратылыстану ғылымдарының арасында химияның алатын орны ерекше болмақ. Себебі, химия оқушыларға жан-жақты химиялық білім мен тәрбие беретін негізгі пәндердің бірі болып саналады.
Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат - жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен технологиялары оқушылардың пәнге қызығуын, ізденімпаздығын байқау, қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл технологияның негізгі мақсаты - баланың қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру, қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдалану.
Бүгінгі таңда оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалана алу әрбір мұғалімнің біліктілігін анықтайды. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді. Ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте маңызды болып отыр.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: мектептегі химия сабақтарының мазмұнын жетілдіріп, оқытудың озық технологияларын қолдануға әр мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан келіп, сабақтарды жоспарлап өткізу жұмысы әрқашанда актуальді.
Шешілетін проблеманың қазіргі кездегі күйі: орта мектептегі химия сабақтарының мазмұнын қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру туралы мәліметтер, авторлық ұсыныстар Ресей және Қазақстанның химияны оқытуға қатысты периодтық басылымдарында кездеседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Орта мектептің химия курсының кейбір тақырыптары мысалында белгілі бір сұрақтарды сыни тұрғыдан ойлау арқылы күрделендіру жолдарын көрсетіп, педагогикалық практика кезінде осы оқыту әдістемелерін пайдаланып сынау, тиімділігін зерттеу. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- Маңызды оқыту технологиясы ретіндегі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және т. б. оқыту технологиялары туралы әдеби материал жинау және жүйелеу;
- Мектеп оқулығынан тыс әдебиетте берілген материалдарды бейорганикалық химия курсы тақырыптарының мазмұнын күрделендіру мақсатында зерттеу;
- Бейорганикалық химия курсының кейбір тақырыптары мысалында сұрақтарды оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында күрделендіруді көрсететін әдістемелер құрастыру;
- Құрастырылған әдістемелерді мектепте сабақтар өткізу кезінде пайдаланып, тиімділігін зерттеу.
Зерттеу объектісі: орта мектептегі химия пәні бойынша оқу процесі. Зерттеу пәні: химияны оқыту әдістемелері. Жұмыстың практикалық маңызы: ұсынылған әдістемелерді мектептің химия пәнінің мұғалімдері және педагогикалық практика өтуші студенттер өз жұмысында пайдалана алады. Дипломдық жұмыс ҚМПИ химияны оқыту әдістемесі зертханасы және №77 А. Асқаров атындағы мектеп-лицейі (Шымкент қ. ) базасында орындалды.
I ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Қазіргі педагогикалық технологиялардың дамуы
1. 1. 1 Педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер - тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.
«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» тұжырымдамасында: «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырымдама білім берудің басты философиясы болмақ.
Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
«Технология» термині алғаш рет 1904-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология - өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы. Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі -түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады. Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Технология - қандай да болсын істе қолданылатын өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді.
Педагогикалық технология - оқытудың жоспарлы нәтижесі, процесін суреттеу және педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу.
Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді [1] .
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
М. В. Кларин «Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп анықтайды.
Б. Т. Лихачев: «Педагогикалық технология - түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым. Педагогикалық технологияның мәні - шығармашылық қабілеттердің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу», - деп түсіндіреді.
Ф. А. Фрадкин педагогикалық технологияны білімдік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, обьективті, көпнұсқалы әрекеті деп біледі.
Г. К. Селевко педагогикалық технологияның құрылымына төмендегідей бөліктерді: а) тұжырымдық негіз; ә) мазмұндық бөлім: оқытудың жалпы және нақты мақсаттары, оқу материалдарының мазмұны; б) процессуалды бөлім-технологиялық процесс: оқу процесін ұйымдастыру; оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; оқу процесінің диагностикасын кіргізеді.
Беспалько: Педагогикалық технология - практикада iске асырылатын педагогикалық жүйенiң жобасы. В. П. Беспалько бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технологияның мынадай төрт басты шарттары орындалуы тиіс:
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы керек;
- оқушының танымдың қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
- оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
- практикада оқу-тәрбие процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс деп атап көрсетеді және педагогикалық технология - практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деген көзқарас білдірген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Қазіргі уақыттағы оқытудың маңыздысы - оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағыт, оның мүмкіндігінің жүзеге асуын қадағалау. Оқытудың осындай міндеттері педагогикалық технологияға біздің түсінетініміз алдыңғы қатарлы педагогикалық ойларды, принциптерді, таза ғылым ережесінің негізін игеру болып табылады [2] .
Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің үлгісі. Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пәннің мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті болып табылады [3] .
1. 1. 2 Педагогикалық технологиялардың мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты - білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс-тәсілдері, сонымнен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу-үдерісінде қолданудың тиімділігі қарастырылады.
Сонымен, педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығы құралады. Педагогикалық технологияның тиімділігі:
- Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
- Оқушының жеке қабілеті анықталады;
- Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
- Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;
- Өзін-өзі тексеруге дағдыланады;
- Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;
- Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, сапалы химиялық білім беру оқушының ой - өрісін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастырады да, алған білімі химияны күнделікті тұрмыста сапалы қолдануына мүмкіндік береді. Оқушының химияға деген қызығушылығын дамыту үшін мүмкіндігінше олардың өздігінен жұмыс жасауына, соның ішінде негізгі химиялық ұғымдарды жете танып білуіне химиялық эксперимент көмегін тигізеді. Химиялық эксперимент барысында оқушылардың химиялық ұғымдарды түсінуі жеңілдеп, сарамандық дағдылары қалыптасып, қорытынды жасауды меңгереді. Химияда эксперименттік жұмыстарды орындау химиялық тәжірибені (экспериментті) ұйымдастыруға қажетті білік пен дағдыны ғана қалыптастырып қоймай, химия ғылымының маңызды заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік туғызады. Практика жүзінде эксперименттер жасауы, оқушылардың алған білімін ұзақ мерзім жадында сақтауына және олардың сарамандық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалыптастырады [4] .
Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т. б. ) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімінің сапасы - мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Қазіргі оқытудың ең маңызды міндеттерінің бірі - жұмысты орташа оқитын оқушыға бағдарлаудан бас тартуда, әр тұлғаның ұтымды дамуына жағдай жасау болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды емес, ең маңыздысы оқушыларды өздігінен білім алуға, шынайы өмірді қайта құруға, оны белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету [5] .
Химия курсында қолданылатын педагогикалық технологиялар. Жалпы орта борта білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оларды білім алуға баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар, шығармашыл, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани, азаматтық күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі адамды даярлау міндеті қойылған. Аталған заңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді. Оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді технологияларға мыналарды жатқызуға болады: жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы, модульдеп оқыту технологиясы, ойын технологиясы, сындарлы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту және т. б.
Қазіргі таңда 500-ге жуық педагогикалық технологиялар бар. Алайда, осы технологиялардың барлығын химия пәнін оқытуда қолдануға бола ма? Әрине, жоқ. Біз химия курсында қолданыс тапқан, әдістемелік жағынан зерттелген 10 технологияны жан-жақты қарастырамыз (сурет 1) .
Қазіргі уақытта педагогика ғылымында технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарылату мақсатында педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердің оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады [6] .
Сурет 1 - Химия курсында қолданылатын педагогикалық технологиялардың схемасы (М. Қ. Құрманәлиев бойынша)
1. 1. 3 Қазіргі педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары мен қасиеттері
Бүгінгі күні дидактиканың «нені оқытамыз?», «не үшін оқытамыз?», «қалай оқытамыз?» деген сұрақтарымен бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» деген мәселесі ғалым-әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандыруда. Осы сұрақтың айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеулердің нәтижесін талдау барысы педагогика ғылымында жаңа «педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасқанын көрсетеді. Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғыма әртүрлі түсініктеме берілген.
- Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев) ;
- Алдын-ал жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі, әрі бірізді жүзеге асуы (В. П. Беспалько) ;
- Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру, әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі (В. М. Монахов) ;
- Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М. В. Карлин) .
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар. Ол: «педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу тәрбие процестерінің ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды» [7] .
Педагогикалық технологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы. Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелілік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.
Мақсаттылық белгісі - оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып, қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияны диагностикалық ықпалдың барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет. Мұғалім қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары т. б. ) оқушының қызметі мен іс-әрекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына т. б. ) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады. Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Әр мұғалім кез-келген технологияны бірден қолданып кетуі мүмкін емес, ол оның жұмыс тәжірибесіне, педагогикалық шеберлігіне, педагогикалық үрдістің әдістемелік және материалдық жабдықталу деңгейіне де байланысты. Сондықтан, нақты технологияны сипаттағанда немесе оқып зерттеген кезде оның басқа мектеп жағдайында жұмыс жасау мүмкіндіктерін, жарамдылығын ескеру қажет [8] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz