Жақты сөйлем


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . 3
I тарау Жай сөйлем синтаксисі туралы теориялық мағлұматтар.
1. 1 Предикативтік қатынас негізіндегі біршама аяқталған ойды білдіретін тұлғалар . . . 5
1. 2 Бір негізді сөйлемдердің зерттелуі . . . 12
а) Дәстүрлі грамматикадағы бір негізді сөйлем - атаулы сөйлем . . . 18
ә) М. Әлімбаев шығармаларындағы екі негізді (екі құрамды, екі бас мүшелі) сөйлемдер . . . 33
ІІ тарау Бір негізді сөйлемдерді классификациялау . . . 44
2. 1 Бір бас мүшелі басқа да предикативтік құрылымдар . . . 47
2. 2 Жақты сөйлем . . . 47
2. 3 Жақсыз сөйлем . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
ҚОСЫМША . . . 62
КІРІСПЕ
Синтаксис саласы - сөйлемді зерттеудің негізгі объектісі. Ол белгілі бір дәрежеде хабарды жеткізу үшін қарым-қатынас қызметін атқарады. Соның негізінен сөйлемді белгілі бір мөлшерде біршама аяқталған тиянақты ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі деп айтуға болады. Сөйлемнің атқаратын қызметі мен қолдану аясы жағынан алуан түрлі. Синтаксистік ғылыммен айналысатын мамандардың қай-қайсысы да сөйлем құрылымын оның үш түрлі белгісімен байланыстырады. Олар: предикативтік, модальдік және интонациялық деп көрсетеді де, осылардың ішіндегі ең негізгі белгісі ретінде предикативтік белгіні атайды. Осы сөйлемнің предикативтілігін көрсететін негізгі аспектілердің бірі - коммуникативтік аспектісі.
Тіл - адам қоғамы туындылары ішіндегі асылдың асылы, қымбаттың қымбаты, адамды адам еткен күшті тұлғалардың бірі. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана қалыптасып, тіл арқылы ғана жарыққа шығады.
Тіл - адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Өйткені тіл - қарым-қатынас құралы. Оның басты қызметі - коммуникативтілігі болып табылады.
«Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны, жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген мағыналарды білдіреді. Ал тілдік коммуникация - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, бір-бірімен информация алысуы, яғни, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысуы, түсінісуі, яғни адамзаттың тіл арқылы бір-бірімен қарым- қатынасқа түсуін айтамыз. Тілдік қатынас - адамдарға тән. Ол - ойлау мен сөйлесім үрдісінің белгілі бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі. Сөйлем тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болады. Өйткені сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін жұмсалатын тұлға. Тілдік тұлға ретінде сөйлем біршама тиянақты ойды білдіреді, әрі адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлесу құралы болып табылады.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Қазақ тіл білімінде бір негізді сөйлемдер мәселесі өзінің сипаттары мен құрылымдық ерекшеліктері негізінде арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылмады. Сол себептен бір негізді сөйлемдер жайлы теориялық тұжырымдарды бір арнада қарастыру осы диплом жұмысының өзекті мәселесі болып табылады. Сонымен қатар бір негізді сөйлемдердің көркем туындыға қаншалықты әсер ететіндігін, яғни Мұзафар Әлімбаев шығармалары қолданысының мәнін ашудағы қызметін анықтау - басты мәселелердің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Диплом жұмысының ең басты міндеттерінің бірі - жалпы тіл біліміндегі жай сөйлемдерді зерттеуге байланысты теориялық мәселелерге шолу жасау. Әсіресе, сөйлемнің басты сипаттары болып табылатын сыртқы құрылымы, мағыналық құрылымы мен қатынас құралы болу ерекшеліктеріне өзара жеке сипаттама бере отырып, олардың коммуникативтік қызметін анықтау. Ол дегеніміз - оның сөйлеу единицасы ретінде қарау. Ал сөйлеудегі сөйлем - контекстегі сөйлем. Жай сөйлемдердің барлығы дерлік коммуникативтік қызмет атқара бермейді. Атап айтсақ, атаулы сөйлем қарым-қатынас ретінде жұмсалмайды.
Тек статикалық күйде жұмсалатын атаулы сөйлем динамикаға түскен реплика мәнді сөйлемдермен салыстырылады. Бұндағы мақсат атаулы сөйлем мен реплика мәнді сөйлемдердің өзара айырмашылықтарын тану болып табылады.
Жоғарыдағы мәселелердің барлығы сөйлемдердің коммуникативтік тұлғасын анықтаудағы басты зерттеудің нысаны. Зерттеудің өзектілігін дәлелдеу мақсатында ең алдымен, бір негізді сөйлемдердің жазушы тілін байытып, шығарма қолданысындағы мәнін ашуда қосқан үлесін айқындау;
Екіншіден, бір негізді сөйлемдерді қолдануда авторлық қолтаңбаны дәлелдеу;
Айтылған мақсаттарды орындау үшін, төмендегі міндеттерді шешу жүзеге асырылды:
- қазақ тіл біліміндегі бір негізді сөйлемдердің жеке түрлерін айқындау мақсатында олардың орыс және түркі тілдеріндегі зерттелуіне шолу жасау;
- қазақ тіл біліміндегі бір негізді сөйлемдердің қалыптасу, даму тарихы мен көне ескерткіштер тіліндегі сөйлемдердің құрылымын анықтау;
- бір негізді сөйлем түрлеріне жатқызылған белгілі жақты, жалпылама жақты, белгісіз жақты және жақсыз сөйлемдердің әрқайсысын жеке талдап зерттеу және жасалу жолдарына қысқаша шолу жасау;
- қазақ тіл біліміндегі бір негізді сөйлемдердің Мұзафар Әлімбаев шығармалары тіліндегі қолданысын талдау;
Зерттеу нысаны. Диплом жұмысының басты зерттеу нысаны - қазақ тіл біліміндегі бір негізді сөйлемдер. Жай сөйлемнің бір түрі болып табылатын бір негізді сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарын анықтау оның коммуникативті қызметімен тығыз байланысты. Яғни, бір негізді сөйлемдер болып табылатын белгілі жақты, жалпылама жақты, белгісіз жақты және жақсыз сөйлемдердің (атаулыдан басқа) коммуникативтік қызметін анықтау, оларды Мұзафар Әлімбаев шығармашылығының негізінде қарастыру, ерекшеліктерін анықтау сияқты мәселелер диплом жұмысының басты зерттеу нысаны болмақ.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Жай сөйлем синтаксисі туралы теориялық мағлұматтар
1. 1 Предикативтік қатынас негізіндегі біршама аяқталған ойды білдіретін тұлғалар
Сөйлем - синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарықка шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.
Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана зерттеумен шектелмейтінін уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н. Ю. Шведова қазіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін. Бұлар қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастықты құрайды деп есептейді [1; 129] . Қазір осы аталғандардың ішінен тек сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең басты синтаксистік бірлік деп тану жөніндегі көзқарастар басым.
Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көзқарастар қалыптасқан. Олар негізінен үш түрлі мәнде қолданылған.
Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді. Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзқарасты Ф. Фортунатов, В. К. Поржезинский, Н. М. Петерсон, А. М. Пешковский қолдайды. Бұл ғалымдар сөйлем - сөз тіркесінің бір тармағы дейді. Үшіншіден, В. В. Виноградов, Ю. Шведова, В. Н. Ярцева, О. С. Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар қойып қарастырады.
Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев т. б. еңбектерінде синтаксистің нысанын сөйлем деп қарастырса, профессор М. Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен, профессор Қ. Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б. Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А. Ж. Жақыпов: «Синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс, синтаксистің нысаны - сөз формаларынан басталуы керек», -дейді [2; 111] .
Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі жүйелі дамып келеді, сонымен қатар ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Әміров, Қ. Есенов, О. Төлегенов, А. Әбілқаев, Т. Сайрамбаев сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты.
Қазақ тіл білімінде сөйлем синтаксисі жайлы алғашқы зерттеулердің негізін қалаған ғалымдар ретінде А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбановтарды атауға болады. Олардың сөйлем және сөйлем түрлері жайындағы еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің мағынасын жойған емес. Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбегінде: «Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады . . . Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады . . . », - деп сөйлем туралы пікір білдірсе, ал сөйлем синтаксисі ғылымының табиғаты жайында: «Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру, сөйлемдерді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар. Ол білімдер сөйлем жүйесі деп аталады. Сөйлем жүйесі екіге бөлінеді: бірі - сөйлем ішіндегі сөздер турасындағы білім. Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталады деп қорытынды жасап, ойын түйіндейді. Осы кезекте А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» атты еңбегінде сөйлемді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптердің болатындығын, олардың сөйлем жүйесі деп аталатындығы туралы да айтылады [3; 263-264] .
Қазақ тіл білімін зерттеуші Қ. Жұбанов ой мен сөздің байланысы, сөйлем туралы мынадай пікір білдіреді: «Ой деген адамның өзі жайлы, болмаса төңіректегілер жайлы білгені. Сөз деген - сол білген нәрселерінің аты. Сондықтан адам, заттар мен құбылыстар жайында білгенін (ойын) білдіргісі келсе, сол заттар мен құбылыстардың аттарын (сөздерді) айтып білдіреді, ойды сөзбен білдіреді. Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін . . . ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Қыс. Күн боран. Жердің үстін қар жапқан дегенде «қыс» деген жалғыз сөздің өзі де түгел бір ойды білдіріп тұр. «Күн боран» дегенде сондай түгел бір ойды күн және боран деген екі сөзбен білдірген. «Жердің үстін қар жапқан» дегенде түгел бір ойды төрт сөздің жинағы білдіріп тұр . . .
Осындай, аяқталған ойды білдіретін бір я бірнеше сөзді сөйлем дейміз [4; 140] .
Қазақ тіл білімінде келесі зерттеушілердің бірі М. Балақаев: «Тіл - қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудағы негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болғандықтан, соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады. Кейде бір сөз бір сөйлем қызметінде жұмсалса (Түн. - Аттан! Масқара! ‒ Көрдің бе? ‒ Көрдім. - Көріне ме? - Жоқ) кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады», ‒ дейді. [5; 99]
М. Балақаев осы ойды дәлелдей түсіп, мына сияқты мысалдарды қарастырады. Түн. Аттан! Масқара! Аталып отырғандар бір сөзден жасалған сөйлемдер.
- Көрдің бе?
- Көрдім.
- Көріне ме?
- Жоқ.
Бұл қолданыстар да бір сөзден және сұраулық шылаудан жасалған сөйлем. ( - Көрдің бе?)
Осы жіктік жалғауының І жағында тұрған жедел өткен шақтың етістігі, ол да бір сөзден жасалған, ол да сөйлем. ( - Көрдім. ) . «Жоқ» деген модаль сөз де сөйлемнің қызметін атқарады. Бұл қолданыстар көбіне диалогта кездеседі. Дәл осындай қолданыстағы екінші бір сөйлем бар. Мысалы:
Күлемін. Өкпелеймін. Еркелеймін,
Өзгеріп отырамын тұтам күнде. (К. Ф)
Академик С. Аманжолов синтаксис бағыты бойынша жасаған еңбектерінде сөйлемді сөйлеумен қатар қойып зерттеген. «Сөйлеу» тек ғана процесті (іс үстінделікті), ал «сөйлем» процесті ғана емес, тиянақтылықты да (становление), қарым-қатынастылықтың басқа белгілерін де көрсететін категория екенін байқауымыз керек. Өйткені «сөйлеу» әбден зат болып тиянақталмаған, етістік қасиеті, мәні жойылмаған сөз, ал «сөйлем» нақтылы зат есім, тиянақты грамматикалық ұғым беретін терминдік мәні де зор сөз . . . Ақынның я жазушының бүтін романы, поэмасы, баяндамашының жасаған баяндамасы түгелімен бір ойға, күрделі бір пікірге байлаулы да болады. Сол роман, я поэма біткенде ғана, ақын я жазушының ойлаған ойы, айтайын деген сөзі бітеді. Міне, бұдан ойдың өрісі, ішкі көлемі кең екендігі анық көрінсе керек. Сөйтіп, сөйлем дегеніміз С. Аманжоловтың пікіріне сүйенетін болсақ, ол: «Кейде ұзын ойдың бір бөлшегін, кейде қысқа ойдың бүтінін қармайтын сөздер тобы» [6; 15-16] .
Ғалым М. Балақаев, Т. Қордабаевтың еңбегінде сөйлем және оның құрамы жөнінде мынадай ой сараланады. Авторлар: « . . . Сөйлем пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың бір тұтас бөлшегі . . . Сөз айналадағы объективтік шындықты адам басындағы сәулесі (отражение) ретінде жеке-жеке ұғымды (понятие) білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын білдіреді. Ал сөйлем сол жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі пайымдауды (суждение), хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді [7; 6-7] .
Олай болса сөйлемге тән мынадай белгілерді негізге ала отырып М. Балақаев:
‒ Біріншіден, сөйлем біршама аяқталған ойды, модальділікті білдіреді;
‒ Екіншіден, сөйлем өзара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен құрылады;
‒Үшіншіден, сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты білдіреді;
‒Төртіншіден, әрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады;
Осы сөйлемге тән белгілерді негізге ала отырып, сөйлемге М. Балақаев «Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегі ‒ сөйлем», ‒ деп көрсетеді [8; 6] .
Жай сөйлем типтерін зерттеуші - ғалым О. Төлегенов «Сөйлемге тән эмоциялық, экспресивтік мағына туралы да ойын білдіреді. Сөйлем - тілдің қатынас жасау үшін жұмсалатын басты сөйлеу бөлшегі, ол тікелей ойды білдіреді . . . сөйлем қалыптасу құрылымы мен интонациясы жағынан тиянақты болады, эмоциялық, экспрессивтік мағынада да айтылады» деген маңызды пікірі алдыңғы қатарлы ғалымдардың ойларымен ұштасып жатыр [9; 5-6] . Мысалы: Ақылы жоқ адамға, Мәссаған, өтірік сөзің де шын көрінер деген сөйлемнің эмоциялық қызметі басым. Ары жоқ - адамның қоры деген сөйлемнің баяндауышы зат есімнен жасалған, матаспалы баяндауыш. Ол - экспрессивтік қызметі ерекше көрінетін жай сөйлемнің бір түрі. Мысалы:
Түйе дегеніміз-байлық,
Қой дегеніміз-мырзалық,
Ешкі дегеніміз-жеңілдік,
Жылқы дегеніміз-сәндік,
Сиыр дегеніміз-ақтық. (Мөлдір бұлақ)
Көңілі-көмір,
Пейілі-темір,
Қалқам, солай
Қазіргі өміріңіз. (М. А)
Жоғарыда аталған сөйлемдердің экспрессивтік қызметі басым, сондықтан ерекше байқалатын жай сөйлемнің ерекше түріне жатады.
Профессор ғалым С. Исаев: «Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі», - дей келе «сөйлем - жеке сөзден де, сөз тіркесінен де бөлек тілдік единица. Сөйлем әдетте бірнеше сөздер тобынан тұрады. Ойды білдіруге тікелей қатысты тұрлаулы (бастауыш пен баяндауыш мүшелер) мен тұрлаусыз мүшелер сөйлем құрайды. Бірақ кейде сөйлемде сөздердің көбі түсіп қалып та жұмсалады, қойылған сұраққа бір сөзбен жауап беріледі, мекендік, мезгілдік ұғымды білдіру үшін бөлек-бөлек сөйлемдер арасында атаулық мәнде жеке сөздер қолданылып, сөйлем мәнінде жұмсалады. Міне, осындай ерекшеліктерді ескеріп, сөйлем жеке сөзден де тұрады дейміз . . . » [10; 123-124] .
Белгілі ғалым Р. Әмірдің пікірінше, «Сөйлем - коммуникативтік единица, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын единица . . . Сөйлемнің жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатыны бар: Жаз. Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар - сөйлем» Яғни, жай сөйлем, атаулы сөйлем, оның ішінде бір негізді сөйлемдер [11; 48] .
Соңғы шыққан «Қазақ грамматикасында»: «Сөйлем - тілдің ең маңызды қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Ондай қызметтердің біріншісі - ойлау - танымдық, екіншісі - қарым-қатынас құралы болу қызметтері. Бұл қызметтер бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Яғни, қарым-қатынас ретінде қолданылған сөйлемде де танымдық мағына қолданылып жүретіні белгілі», - деп берілген [12; 627] .
Тіл білімі ‒ философия мен логиканың қойнауынан шыққан ғылым. Сондықтан да бұл аталғандар сөйлемнің сипатын ашуда өзіндік логикалық категорияларға негіз бола алады. Аристотель заманынан бастап ХХ ғасырдың соңына дейін сөйлем тек логикалық байымдаумен тығыз байланыста болып келді. Сөйлемге осы тұрғыдан қарағандардың қатарында неміс тілі синтаксисінің маманы К. Ф. Беккер мен орыс тілі синтаксисі маманың көрнекті өкілі Ф. И. Буслаевтарды атауға болады. Мамандардың бұл салада атқарған қызметі өте мол. Сонымен қатар сөйлемді логикалық байымдаумен қарау түркі тіл білімінде де назардан тыс қалмады. Мәселен, Н. К. Дмитриев сөздердің тобы байымдауды білдірсе, ал сөйлем байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі болатынын көрсетеді.
Міне, аты аталған ғалымдардың сөйлем туралы көзқарастары болашақтағы зерттеушілердің басты ұстанымы болуы керек.
Мектепке арналған оқулықта «Сөйлем дегеніміз ‒ аяқталған, тиянақты ойды білдіреді» делінген. Бұл анықтама күні бүгінге дейін қолданыста жүр. Бұған дәлел ретінде 2004 жылы Ү. Ә. Асылов, Ә. Е. Жұмабаеваның авторлығымен шыққан оқулықта: «Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз», - деп көрсетілген [13; 46] . Бұл анықтаманы қазіргі кезде жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі оқулығынан да, тіпті, академиялық грамматикадан да байқауға болады.
Сөйлем ‒ қарама-қайшылыққа толы күрделі синтаксистік құбылыс. Соның негізінде сөйлемнің аяқталған тиянақты ойды әрдайым білдіре бермейтіндігі қазақ тіл білімінде байқалды. Оған дәлел ретінде жоғарыда аталған ғалымдардың сан-алуан пікірлерінен көруімізге болады.
Сөйлемнің сөзсіз құралуы мүмкін емес. Сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің орны, өзіндік қызметі мен мағынасы жағынан әр алуан болады. Тіл білімінде сөйлем құрайтын сөздер сөйлем мүшелері делінген. Р. Әмір «Жай сөйлем синтаксисі» деп аталатын еңбегінде: «Сөйлем мүшелері ‒ сөйлем құрамында қалыптасқан функциялық қатынастың компоненті. Сөйлем мүшелері ретінде толық мағыналы сөздер жұмсалады», - дейді [14; 116] .
Жалпы сөйлемнің өзіне тән айтылу сазы болады. Мейлі ол бір сөзден тұрсын, өзара байланысты бірнеше сөздерден құралсын, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдермен арнайы пауза арқылы ажыратылады. Әрі олармен мағыналық қатынасқа түсіп, ұласып, ұштасып отырады.
Тіл білімінде сөйлемнің «бір бас мүшелі» және «екі бас мүшелі» деп аталатын түрлері кездеседі. Бұл терминдер А. А. Шахматовтың есімімен тығыз байланысты.
«Екі бас мүшелі сөйлемдер» қай сипатта қаралса да, екі бас мүшесі айқын жеке сөздермен (сөз формаларымен) берілетін сөйлем екені бізге мәлім. Ал «бір бас мүшелі сөйлемдер», ғалымның пікірі бойынша, «субъектісі мен предикатының» мәні бір бас мүшеге жинақталған кез келген сөйлем», - деп көрсетеді [15; 50] .
Бұл ойды әрі қарай В. В. Виноградов жалғастыра түсті. «Бір бас мүшелі» немесе «бір құрамды» деп аталатын сөйлемдер «екі бас мүшелі» сөйлемге қарама-қарсы қойылып зерттелетін объектіге айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz