БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

I Әдеби шолу . . . 6

1. 1 Болашақ химия мұғалімдерінің біліктілігін қалыптастыру . . . 6

1. 1. 1 Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсаты . . . 6

1. 1. 2 Мұғалімнің кәсіби біліктілігі - білім сапасының негізі . . . 12

1. 1. 3 Білімді жетілдіру процесінде қолданылатын әдістер . . . 13

1. 2 Химиялық эксперименттің білім жетілдірудегі рөлі

1. 2. 1 Химиялық эксперименттің таным көзі және оның түрлері . . . 17

1. 2. 2 Зертханалық жұмыстардың студенттер білімін жетілдірудегі рөлі . . . 25

1. 2. 3 Эксперименттік есептерді шығарудың маңызы . . . 27

1. 2. 4 Демонстрациялық эксперимент . . . 33

1. 2. 5 Оқу жұмысында білімді қолдануға үйрету үшін тәжірибелерді демонстрациялау . . . 37

1. 2. 6 Жаңа оқу материалын оқып-үйренуде оқушы эксперименттін

қолдану . . . 42

II Эксперименттік бөлім . . . 54

2. 1 Химиялық эксперимент нәтижелерін түсіндірудің маңызы . . . 54

2. 2 Химиялық эксперимент нәтижелерін түсіндіру әдістемелері . . . 54

2. 3 Азот оксидтерін алу және олардың қасиеттерін

зерттеу тақырыбы бойынша зертханалық сабақтың мазмұны . . . 60

2. 4 Құрастырылған әдістемелердің пайдаланылуы бойынша

алынған нәтижелерді талдау . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ»- деген ұлы ғалым Д. И. Менделеевтің өсиеті бар. Оқушымен зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, белгілі бір тақырып алып, оған жоспар жасап, жұмыс істеу балаларды тиянақтылыққа тәрбиелейді және сабақтан тыс уақытта қызықты, қарапайым тәжірибелер жасау арқылы күнделікті тұрмыстағы химиялық құбылысқа көз жеткізуге болады.

Химияны оқытуда ең басты рөлді оқу процесінің құрамдас бөлігі болып саналатын химиялық эксперимент алады. Химиялық эксперименттің ерекше қасиеттерінің бірі - әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп, практика жүзінде меңгеріле білуі.

Химиялық эксперимент химияға деген қызығушылықты күшейте отырып, өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыра біледі, яғни экспериментті орындау кезінде оқушылар жұмыстың практикалық нәтижесіне қол жеткізіп қана қоймай, өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады. Сан алуан химиялық экспериментті пайдалана отырып, мұғалім өзінің теориялық білімін нақтылай түсіп, практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді. Химиялық эксперимент фактілерге негізделіп, теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Химиялық эксперимент оқушылардың ойлау қабілетін, біліктілігін арттырады, эксперименттен алынған нәтижені дұрыс критерий ретінде қарастыруға болады. Эксперимент көп жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді, эксперимент болмаса продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді. Ойлауды дамытуда маңызды рөлді экспериментпен, практикамен біріге отырып, теория алады.

Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, болашақ та өздік ізденістерінде, жоғарғы оқу орындарында да қолдана алады. Тәжірибелік бақылауда, сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функциріленеді. Осылайша, оқушылар қай зат қандай түске ие екенін, ол заттан қандай иіс шығып жатқанын, дәмі мен тығыздығы, зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатынан тани білуді үйренеді. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізе білу фактілерді бақылауға, теориялық білімнің көмегіне сүйене отырып оларды түсіндіре білуге, эксперименттік біліктілік пен дағдыларын арттыра түсуге, жұмысты еркін түрде жоспарлай білуге, өз бетінше жұмыс істей білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады.

Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, болашақта өздік ізденістерінде, жоғарғы оқу орындарында да қолдана алады.

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: болашақ химия пәні мұғалімінің химиялық экспериментті жүргізе білу және оның нәтижелерін түсіндіре білу біліктілігін қалыптастыру жоғары оқу орнындағы оқу процесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Шешілетін проблеманың қазіргі кездегі күйі: орта мектептің химия курсында химиялық эксперимент жүргізу туралы әдістемелік нұсқаулар химияны оқыту әдістемесі оқулықтарында және Ресей мен Қазақстанның химияны оқытуға қатысты периодтық басылымдарында кездеседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: педагогикалық жоғары оқу орны «Химия» мамандығы 1 курс студенттері оқитын «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» және «Элементтер химиясы» пәндері бойынша жүргізілетін зертханалық тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіруді көрсететін және болашақ химия пәні мұғалімдерінің біліктілігін қалыптастыруға ықпал жасайтын әдістемелер құрастыру. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:

  • Орта мектептің химия курсында химиялық эксперимент жүргізу туралы ұсыныстар берілген әдеби материал жинау және жүйелеу;
  • Жоғары оқу орнының бірінші курсындағы сабақтарда жүргізілген химиялық тәжірибелерді қайта қарастырып, олардың жүргізілу жолы мен түсіндірілу нәтижелерін еске түсіріп, саралау;
  • Таңдап алынған химиялық тәжірибелердің ғылыми тұрғыдан түсіндірілуін көрсететін әдістемелер құрастыру.

Зерттеу объектісі: педагогикалық жоғары оқу орнындағы бейорганикалық химия пәні бойынша оқу процесі. Зерттеу пәні: эксперимент нәтижелерін түсіндіру әдістемелері.

Практикалық маңыздылығы: ұсынылған әдістемелерді мектеп мұғалімдері оқушылармен химиялық эксперимент жүргізуде, сонымен қатар жоғары оқу орнында жұмыс істей бастаған жас оқытушылар пайдалана алады. Дипломдық жұмыс ҚМПИ бейорганикалық химия зертханасы базасында орындалды.

I ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1Болашақ химия мұғалімдерінің біліктілігін қалыптастыру

1. 1. 1 Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсаты

Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген. Бұл міндет қазіргі өмір талабынан туындаған жаңа білім беру мазмұнының принциптері, білім берудің «ізгілік» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Баланың алған білімінің қолданысы келешекте-практикалық қажеттіліктен туып, тиімді, сенімді, ой-өрісімді, өлшемді болатындай дәрежеде болу керек. Ол үшін мектептің жүрегі болып саналатын - мұғалім өз ісіне, педагогикалық шығармашылығы, яғни құзырлығы сай болу керек. [1]

«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ»- деген ұлы ғалым Д. И. Менделеевтің өсиеті бар.

Соған қарай қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімнің қажырлы еңбегі және талантты балалармен жұмыс істеу қажет. Ғылыми тәжірибе жасау, жарыс ойындары (КТК), ойлап тап, көшбасшы, т. б. кештер, сонымен қатар экологиялық білімін көтеру мақсатында балалармен жұмыс істеу тиімді. Табиғат аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, тұжырым жасай білуге дағдыландыру, ғылыми конференцияларға қатыстыру, оқушының ойлау қабілетін дамыту, еңбекке баулу үлкен еңбек. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.

Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы әдістеменің қайсысы болсын, оқушының сана-сезімін, ақыл-ойын дамытудың мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дарынды оқушылар: өзгеше және шапшаң ойлайды. Түсінігі мол, сөйлеу мәдениеті жоғары болып, өз ойын еркін жеткізе біледі. олар кез-келген жұмысты зерттеп, талдай білу керек. Баланың бойынан дарындылықты байқасақ, психологиялық зерттеулер жүргізіп, қарапайымнан күрделіге тапсырма береміз.

Оқушымен зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, белгілі бір тақырып алып, оған жоспар жасап, жұмыс істеу балаларды тиянақтылыққа тәрбиелейді. Және сабақтан тыс уақытта қызықты, қарапайым тәжірибелер жасау, күнделікті тұрмыстағы химиялық құбылысқа көз жеткізуге болады. Осы мақсатты іске асыру үшін 9 «г» сынып оқушыларымен «Қазақстандағы химияның дамуы-біздің болашағымыз» атты жүйелі ізденіс жұмыс өткізіледі. Оқушылар зерттеу жұмысында көп жаңа ақпаратпен танысып, ашық сабақ өткізілді.

Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттің бірі - қол жеткен қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарды, өндірістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білі беру жүйесіне жүктелетіні белгілі.

Мектеп - халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Мектеп мұраты ұлттық зиялы қауымды қалыптастыру, мақсаты- логикалық шығармашылыұпен ойлауға қабілетті, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік даярлау, философиясы - өзінің ұлттық тамырынан жалпы адамзаттық құндылыққа ұмтылу, бала дарындылығын анықтап қолдау және дамыту.

Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың басты мақсаты - оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және бір пәннен екінші пәнді игеруде қолдана білуге дағдыландыру. Осыған байланысты, химия пәнінің мазмұнын химия тарихымен байланыстыра оқыту оқушылардың пәнді жан-жақты игеруіне көмектеседі. Осы екі пәннің арасындағы байланысты тереңінен меңгереді. Бұл пәннің басқа пәндер арасындағы статусы мен құрылымы, орны мен рөлі ерекше.

Химиялық білім, басқа да іргелі ғалымдар сияқты, тіршілікте өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлеміне, ондағы заңдылықтардың қалыптасуына бүтіндей қарап, мәдениеттіойлауды, түйсіне ұғынуды, парасатты болуды орта мектептен бастайды. Химия курсын оқытуда оқушылардың жаңа ғылыми дүниетанымы мен химиялық логикалық қабілеттері дамытылы оқытылады. Химияны оқып үйрену нәтижесінде оқушылардың ғылымғы деген қазіргі таңдағы ой өрісі кеңейе қалыптасып химиялық қосылыстар өзгерісінің механизмі, химияның өнеркәсіп пен шаруашылығындағы, жалпы күнделікті өмірдегі маңызды рөлі туралы түсінікті жетілдіре түседі.

Оқушылар оқу барысында химияның негізгі заңдылықтары мен теориясының, химияның сандық есептеулер техникасын терең меңгеріп, химиялық элементтерді өздері орындауға, байқалатын құбылыстарға негізделеген реакциялар теңдеулерін құрастыра біліп, қорытынды жасау.

Химия тарихының теориялық негіздері барлық химия пәндерінің негізін құрайтын тарихи мәліметтерін, теориялық ережелері мен тқжырымдарды қарастырады. Химия пәнінің негізгі мақсаты - оқушыларға, химиялық заттар мен олардың шығу тарихын, химия дамуындағы тарихи құбылыстар мен процестер және оларға байланысты негізгі мағлұматтар беру, олардың қоғам мен өндіріске қажеттілігі, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен сәйкестігі жаратылыс пен математикалық ғылымдардың дамуымен байланысты. Жеке тарихи дәстүрлердегі химия дамуымен заңдылығы, химияның прогресі туралы мағлұматтар беру. [2]

Химия пәнінің оқу барысында химияның даму жолдарымен химиялық технологияның мәні жайында көзқарасын орнықтырып, химияның тарихи дамуының негізгі мағлұматтары мен бұрынғы және қазіргі белгілі ғалымдардың іс-әрекеттерін білулері керек.

Адамды тәрбиелейтін қоғам мен орта болса, ал баланы тәрбиелейтін мұғалім мен отбасы. «Мұғалім мектепке жан кіргізеді, кемшілігін жақсылығы жабады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалім жас буынды қазіргі заман талабына сай тәрбиелеп білім береді. Білім негізі - сабақта. Мұғалімнің әрбір сабағы бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру қажет. Ол үшін сабақтың әрбір минуты тиімді және білімділік, дамыту, тәрбиелік мақсаттары айқын болуы қажет. Қазіргі кездегі талап-сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолданып, оқушылардың шығармашылдығын дамыту. Сабақ үстінде оқушының ынтасын көтеріп, білім-білік дағдыларын қалыптастыру мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына байланысты болады. Оқушыға материалды талқылап толық игеру үшін және өздігінен қорытындылай білуге қажет. Бұл оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті - баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі-білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту, ХХІ ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға байланысты білім берудің жаңа үлгісін таңдау.

Қоғам өзгерістеріне байланысты қазіргі кезеңдегі мектеп әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, өзіне тән ой-өріс, еркін әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отрып тәрбиелеуге бетбұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деген пікір айтады. Ал оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстар жатады.

Қазақстан жоғары мектебінің басты талап, негізгі міндеттерінің қатарына - әлемдік стандарттар деңгейіне білім беру ісінің күн тәртібіне батыл да өткір қойылған айрықша айтар едік.

Елімізде жүргізіліп жатқан ашық қоғамға қатысты бетбұрысқа демократия мен тәуелсіздік талаптары осы тұрғыдан келсек, қазіргі кезеңдегі жас ұрпаққа ұлттық мұратты, тарих тағлымын, өнер өнегесін, білім-ғылымның кемел де келелі тұстарын тамыршыдай тап басып, дұрыс бағыт-бағдар берілсе, келешек көкжиегі көркем де нұрлы, шуақты да сәулелі бола түсер еді.

Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы қалыпты ізге түскен, ұстаз - оқушының әлеуметтік мәртебесі айқындалған, оқулық пен әдістемелік құралдары жеткілікті, компьютер, мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, кітапхана қоры мен ақпараттық - библиографиялық дерек көздері мол кез-келген ұжымда - білім мазмұны, біліктілік мәселесі, тәлім-тәрбие ісі, тағылымдық шаралар кең өріс алары анық. Мұның өзі жас ұрпақтың жүйелі білім мен сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени-рухани жағынан өсіп-есеюіне, қазіргі кезеңнің өскелең өзгерістерін толық сезініп, ұлттық мұратқа адалдық танытып, дәстүр-өнегелерін, жасампаздық қасиеттерді, инабап пен ізгілік нұрын молынан алуда әсер-ықпалы зор.

Осы тұста ойға алар, оқу мен оқыту ісіндебасымдылық берер жайттардың бірі - ұстаздылық шеберлік пен шешендікке келіп саяды. Мұғалім өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарама-қайшылығы мол жан дүниесін білетін адам. [3]

Мұғалім адам жанын түсіне білетін инженер секілді, мінез-құлық әсемдеуші сәлетші, ақыл-ой мен сезімді ойната білетін дирижері, жас өркенді мәпелеуші бағбан.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы білім беруді жетілдіру, дүниежүзілік білім кеңістігіне ену бойынша үкіметке берген тапсырмасында білім саласына айырықша көңіл бөлген. 2015 жылдан білім саласы қызметкерлерінің жалақысын 29 % -ға көтеру туралы ұсыныс осының дәлелі.

Орта мектеп оқушыларына білім берген кезде, олардың жан-жакты білім алуына, қоршаған орта туралы материалисьтік көзқарас қалыптасуына баса назар аударылады. Жастар, негізінен қоғамдық, жаратылыстану, физика, математика, тіл, т. б. жеке тұлға қалыптастыруға қажет пәндерден білім алады. Солардың ішінде химия пәнінен жастарда қоршаған орта, онда жүретін өзгерістер туралы материалисьтік-диалекетикалық көзқарас қалыптастырудағы орны ерекше. Сонымен қатар, XXI ғасыр техниканың жедел даму кезеңі болғандықтан химия теориясы мен практикасы халық шаруашылығында кеңінен қолданыс табуда. Кезінде орыс ғалымы М. В. Ломоносов «химия адам іс-әрекетіне өз қанатын кең жаяды» деген көріпкел сөзі іске асуда. Сондықтан да, орта мектепте химияны оқытуға және химик-мұғалімдер даярлауға ерекше көңіл бөлетін уақыт жетті. Химия пәні мектепте дидактикалық принциптерге сай оқыталады. Атап айтқанда, пәннің ғылымилығы, өмірмен байланыстығы, білімнің жеткіліктілігі, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, білім мазмұнының сабақтастығы және т. б. химияны оқыту арқылы жастарда қоршаған ортаға деген материалисьтік-диалектикалық көзқарас қалыптасуы тиіс. Соған орай, пән мазмұны қарапайымнан күрделіге, оңайдан-қиынға сабақтасып құралады. Қазіргі мектеп бағдарламасы бойынша химия 8, 9-сыныптарда негізінен бейорганикалық химия оқытылса, ал органикалық химиядан қысқаша түсініктер берілетін, 10-11 сыныптарда бейінді пән болып екі бағытта оқытылады. Жалпы алғанда орта мектепті бітірушіде химиядан заттар, жай және күрделі заттар туралы ұғым қалыптасады. Ары қарай оларды ажырата білу, атом, молекула ұғымын, оның құрылысын, химияның негізгі заңдарын оқып үйретеді. Сонымен қатар, оқушылар химиялық реакция, реакция жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік ұғымдарының заңдылықтарын оқу арқылы оларды ерітінділер тарауында және жалпы табиғатта жүретін процестерді түсіндіруге пайдалана алуы тиіс. Химиялық элемент ұғымын меңгеріп негізгі элементтер мен олардың қосылыстарына периодтық жүйеде орналасуына орай сипаттама бере алуы тиіс.

Заманауи иннновациялық экономика жағдайында барлығына үлгеру үшін бұрынғылардан бөлек дағдылар қажет. Оқу, жазу, сынай білу сияқты базалық дағдыларға қосымша жеке тұлғалық қасиеттер (табандылық, білім құмарлық пен бастамашылық) мен белгілі құзыреттіліктерге ие болу керек (командада жұмыс жасай білу, мәселені шеше білу, креативті болу) .

Аталған дағдылар бұрын тек кейбір қызметкерлерде болса, еңбек нарығындағы өзгерістер сол дағдылардың барлық қызметкерлерде болуын талап етеді. Барлық елдердің экономикасы креативтілік, иннновациялық технологиялар мен командада жұмыс жасау арқылы дамыған. Білікті мамандар қазіргі жағдайда құрылымдалмаған мәселелерді жиі шешуге және ақпаратты тиімді талдауға міндетті. Сонымен қатар технологиялар біздің өмірімізде қол еңбегін белсенді ығыстыруда. Осы орайда жұмыс орындарының қысқаруы қызметкерлердің қажетті дағдыларды игермегендігіне байланысты болып отыр. Жалпы білім беру мекемелерінің бітірушілері мамандық таңдауда еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуда көптеген қиындықтарға кездесуде. Оның себеп-салдары бүгінгі сабақтың сапасын арттыру қажеттілігіне алып келеді. Яғни, ХХІ ғасыр дағдыларының қаншалықты өзекті екенін барлығы - мұғалім, оқушы мен ата-ана түсінуі тиіс.

Тұлға бойындағы дағдыларды қалыптастыруда мектептің рөлі үлкен. Бүгінгі күнге дейін мектепте оқушының білім, білік және дағдыларын тек «білу-түсіну», еңбек жоғарысы - «қолдану» деңгейіне жеткізе алды. Сондықтан бүгінгі мектептің міндеті - оқушының ойлау деңгейін арттыру арқылы ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту болып табылады. Өз кезегінде сол оқушыны талапқа сай дамытатын мұғалімді дайындау мәселесі туындайды. Яғни, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мен форматын өзгерту қажеттілігіне тірелеміз.

Әрине, осындай шәкірттерді тәрбиелейтін кадрларды дайындау - ең қиын мәселе болыр отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары туралы 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында бірқатар өзгерістер енгізілетіні аталған. ҚР президенті 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «Мұғалімдер біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға жеке назараудару қажет. Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтерді қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік. Үкіметке таяудағы 5 жыл ішінде 120 мың мұғалімді біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасы бойынша оқытуды қамтамасыз етуді тапсырамын».

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бетбұрысы оқушының бойында ХХІ ғасырда қажетті дағдыларды дамытуға бағытталғаны қуантады. Осындай қиын, қажетті бетбұрыстың «штурвалын» «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы ұстап басқаруда. Педагогикалық шеберлік орталығы 2012 жылдың сәуір айынан бастап әр облыс орталығында ашылған филиалдарында деңгейлік курстар өткізуде. Аталған курстардың үш деңгейі бар: үшінші деңгей - «Тиімді оқыту», екінші деңгей - «Мектептегі мұғалімдердің көшбасшысы», бірінші деігей - «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалімдердің көшбасшылығы», - жеп аталады. Осы уақыт аралығында республика бойынша қырық мыңға жуық мұғалім деңгейлік курстан өтті. Курс мазмұны сындарлы оқыту теориясының негізінде құрастырылып, білім саласында болып жатқан жаңалықтар мен мәселелерді қамтиды. Жоғарыда айтылған ХХІ ғасырда қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған курстар болып табылады. Осы бағдарламамен оқытылған мектеп бітіруші негізгі үш бағыттағы дағдыларды игеруі тиіс, олар: базалық, құзыреттілік және жеке тұлғалық қасиеттер. Мұнда базалық дағдыларға оқу мен жазу, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, мәдени және заматтық сауаттылық жатады. Құзыреттілік дағдыларға сыни тұрғыдан ойлау, креативтілік, коммуникативтілік, командада жұмыс жасай білу кіреді. Жеке тұлғалық қасиеттерге білім құмарлық, бастамашылық, табандылық, бейімделе білу қабілеті, көшбасшылық, әлеуметтік және мәдени сауаттылық жатады. Аталған үш негізгі дағдылардың дамуы тұлғаны өмір бойы үздіксіз білім алуға үйретеді. [4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық эксперимент - химияны оқытудың негізі
Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Болашақ химия мұғалімінің креативті тұлғасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz