Волейбол алаңы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе. . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе. . .: 1 Волейбол ойыны . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 1 Волейбол ойынының тарихы . . .
3: 7
Кіріспе. . .:

1. 2 Қазақстандағы волейбол . . .

1. 3 Мини волейбол . . .

3:

10

15

Кіріспе. . .: 2 Волейбол ойынының техникасы мен тактикасы . . .
3: 16
Кіріспе. . .: 2. 1 Волейбол ойынына қойылатын талаптар . . .
3: 16
Кіріспе. . .:

2. 2 Волейболшының техникалық-тактикалық әрекеттері . . .

2. 3 Шабуылдау тактикасы . . .

2. 4 Қорғаныс тактикасы . . .

2. 5 Психологиялық дайындық . . .

2. 6 Волейболшыны жаттықтыруға арналған жылдамдықты талап ететін ойындар мен эстафеталар . . .

2. 7 Волейболшының акробатикалық дайындықтары . . .

3:

17

35

39

42

43

45

Кіріспе. . .: 3 Волейбол ойынының қағидалары мен принциптері . . .
3: 48
Кіріспе. . .: 3. 1 Волейбол дене шынықтыру жүйесінде . . .
3: 48
Кіріспе. . .:

3. 2 Волейбол ойынының ережесі . . .

3. 3 Ойын барысында нақты қозғалыстар . . .

3. 4 Жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп алуға қойылатын талаптар . . .

3. 5 Жалпы дамыту жаттығуларының кешенін құрастыруға қойылатын талаптар . . .

3. 6 Жалпы дамыту жаттығуларының мазмұнына қойылатын талаптар . . .

3. 7 Жалпы дамыту жаттығуларын орындауға қойылатын талаптар . . .

3. 8 Дене сапаларын жетілдіру (тәрбиелеу) . . .

3:

52

53

53

54

55

59

59

Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 58
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 60

Мазмұны

Кіріспе

Спорт және қимыл ойындары - дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді. Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық. Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты. Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл - жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейьол ойнау реакциясы жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылады, жалпы алғанда организімге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.

Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.

Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Қазіргі жеткіншектерді үйлесімді дамыту мақсатында пайдаланатын денеге тән қасиеттер тәрбиелеудің көптеген түрлерінің арасында ойын жетекші орынға ие. Сол себепті қимылды ойындарды ұйымдастыру тәсілдеріне бұл құралда толығырақ назар аударылады.

Оқушылардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық, сонымен бірге жас еркшеліктерін ескермей, оларға дене тәрбиесін жүргізу мұғалімнің жұмысына қиындықтар келтірмек. Сондықтан да осы мәселеге де назар аудара кеткенді жөн көрдік.

Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдығы, орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болды. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау . Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.

Мектептерде жаппай кең тараған ойындардың бірі - волейбол. Оқу барысында волейбол кейде жалпы жамыту дайындығы материалдық базасына сәйкес, спорт ойындарының бірі ретіндегі міндеті пән ретінде үйретіледі. Волейбол - командалық ойын, әр ойыншы өзінің қарсыласының іс-әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы бойынша оқушылардың теориялық ақпараттар алуына, тактиканың және техниканың негізгі әдістері мен тәсілдерін үйренуіне, өздерінің мүмкіншілігіне сәйкес жаттығуына, екі жақты ойын кезінде үйренген дағдыларын жетілдіруіне мүмкіншілігі бар. Дене тәрбиесінде волейбол ойынының кең көлемде таралуы оның әр түрлі жаттығуларға ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, денсаулықты және дене тәрбиесін жетілдірудегі жан-жақтылығымен, ойын ережесінің қарапайымдылығымен, керекті құралдардың және алаңның күрделі еместігімен түсіндіріледі. Ойын жағдайы жаттығушыларды жалпы мақсатқа жету үшін өзінің ойын кезіндегі іс-қимылын ұжымының мақсатына бағындыруға, жағдайға байланысты өзінің бар мүмкіншілігімен әрекет етуге, спорттық сайыс кезінде қиындықты жеңе білуге, ойын барысындағы шиеленіскен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Спорт ойыншыларды тек спорттың түрін меңгеруге ғана емес сонымен қатар олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі де өте зор.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады.

Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.

Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік - жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.

Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп.

Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар, негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін - жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.

Волейбол - спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Бүгінде волейболдан әлем және құрлық біріншілігі өткізіліп тұрады.

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады. Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады. Себебі, ойынның бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындың деңгейін көрсетеді. Волейбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде волейбол ойынын ойнап, белгілі бір деңгейде дайындықпен келеді деп есептеледі. Сондықтан, бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдерімен таныс, ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады [1] .

Ең бастысы жастарда айналысатын жұмыстары болады ол мысалы волейбол және басқада спорттық ойындар. Волейбол бұл біріншіден командалық, ұжымдық ойын . Және де адам денсаулығы үшін пайдалы. Менің мақсатым жастарға, оқушыларға тәрбиемен қатар волейбол ойынының қыр -сырын, әдіс-тәсілдерін үйрету. Мен дене шынықтыру пәннің мұғалімі болғандықтан ол менің міндетім, денсаулығы мықты, ой интелектісі жоғары алғыр жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұлар оқушылардың ұжымдық сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады. Дипломдық жұмыстың өзектілігі волейбол ойыны қазіргі таңда кең тараған және өте танымал ойындардың бірі. Сондықтан бұл оқу-әдістемелік құралы кез келген спортшылар мен волейбол ойынын үйренемдеушілерге әсіресе оқушылар үшін өте қажет құрал деп сенемін. Дипломдық жұмыстың мақсаты оқушыларға, спортшыларға және жай ғана волейбол ойынын ойнаймын және үйренемін деген адамдар үшін арнайы оқу-әдістемелік кешен құрсатыру болып табылады. Бұл оқыту курсын оқытудың міндеттері - волейбол ойынының қыр-сырын меңгеру, ойынның әдіс-тәсілдерін спортшылар мен оқушыларға үйрету. Сонымен қатар ойыншыларға дұрыс тәрбие көрсету. Ойынға деген адамдардың қызығушылығын арттыру; курсты өту кезінде алған теориялық білімді, қарапайым өмірде практикалық қолдануға мүмкіндіктерін арттыру; Дипломдық жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы волейболшының техникалық-тактикалық әректеттерін оқыту курсы болғандықтан, қарастырылған материалдар мен жұмыстар зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады. Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, Негізгі бөлім 3 тараудан, тараушадан, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.


1 Волейбол ойыны

  1. Волейбол ойынынң тарихы

Волейбол ((, volley - «қалқып ұру», ball - «доп») ) - ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:

  • Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
  • Алаң аумағы: 25х50 фут (7, 6х15, 1 м) .
  • Себеттің көлемі 2х27 фут (0, 61х8, 2 м) .
  • Биіктігі: 6, 5 фут (198 см) .
  • Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.

Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б. э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды [2] .

1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Югославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.

1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.

1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.

1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.

Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.

Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті. Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды. 1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті. Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды. 1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді. 1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB - ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді. 80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. Волейбол біртіндеп американдықтардың сүйікті ойынына айнала бастады. Оны балалар мен жастар, орта жастағы еркектер мен мырзалар, жас және жасамыс әйелдер ойнай бастады. Бәсекелес ойын кезінде жас шағынан шектеу болған жоқ. Фермерлердің балалары ікелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін. Оның ешбір сөкеттігі де болған жоқ. Ойынның ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір допты жерге түсірмеу керек.

1987 жылы жоғары да айтылған тақырыптар Уильямс Морган ойын ережесін енгізуді ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгі ге мүлде ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7, 6х15, 1 метр, тордың биіктігі 198 см. Еді. Доптың салмағы 340 грамм болатын. Екі жақтың да ойыншылар санына шек қойылмайтын. Сондықтан да олар бір-бірінің аяқтарын басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын.

Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын. Таусылмайтын таласты, тіпті тым қызбалау техастықтар арасында жиы болатын жанжалдарды болдырмау үшін Морган алаңның орта тұсына бір бүйірден орындық қойып, соған төрешіні отырғызуды ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін бұлжымас заң болды.

Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Урагвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. 900-ші жылдың басында волейболдан Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты.

Европаға волейбол 1914-1917 жылдары келді. Әсіресе оны Чехия мен Словакия ұнатты.

1922 жылы Бруклинде жаңа әрі қызықты ойынның көптеген жанкүйерлерін жинаған волейболдан алғашқы ресми жарыс өтті.

Осыдан кейін американдықтар волейболды VIII Олимпиада ойындарының программасына енгізуді сұрады. Бырақ қатысатын елдердің саны жеткіліксіз болғандықтан халықаралық олимпиадалық комитет оны қабылдамады.

Соған қарамастан волейболдың қанаты қатая берді. Европа мен Американың көптеген елдерінде ол жетілдіріп, ережелері нақтылана түсті. Командаға ойыншылар саны алты адаммен шектеліп, алаң көлемі 9, 1х18, 2 м. ұлғайды. Тор 243 см. биіктікке орнатылып, допты үш рет қана кідіріссіз соғуға рұқсат берілетін болды. Ұпай саны 15-ке дейін есептелді 14:14 екі ұпай артық болуы керек есептелді. Матч үш партиядан тұрып, жеңімпаз атану үшін оның екеуін ұту белгіленді. Ғасырымыздың 30-шы жылдыры волейбол ең көп тараған ойын болды. Оның техникасы мен тактикасы да осы кезде дамыды. Толық тосқауылға қарсы тордың шет жағынан соғу, допты жоғарыға көтеріп барып соғу тәсілдері пайда болды. Ойын барынша коллективтік сипатқа ие болып, әрбір ойыншының міндеттері айқындалды [3] .

1934 жылы волейбол жөніндегі бірінші халақаралық комиссия құрылып оған Европадан 13, Америкадан 15, Азиядан 4 елдің өкілдері енді.

1947 жылы Парижде халықаралық волейбол федерациясы құрылып көп жылдар бойы оның председателі Поль Либо болды.

1948 жылы Римде елдер командалары араснда Европаның бірінші чемпионаты өткізілді. Ерлер үшін әлемдік, әйелдер үшін Европалық біріншілік 1949 жылы Прагада өткізілді. Осы жолы чемпиондық атақты совет волейболшылыры жеңіп алды.

Волейбол 50-ші жылдары да қарыштап дамыды. Сол жылдары әлемнің, Европаның, Азияның біріншіліктері, панамерикалық ойындар өткізілді. 1964 жылы ақыры волейбол Жапонияның астанасы Токиода өткен Олимпиада оыйндарының программасына енгізілді. Біздің елімізде волейбол Октябрь революциясынан кейін дамыды. Ол алғаш рет1923 жылы «азаматты правосын» алды. 1925-ші жылы Москва физкультура советінің спорттық ойындар секциясы өзінің алғашқы ережесін бекітті. Сол кездерден бастап жарыстар жүйелі өткізіле бастады.

  1. Қазақстандағы волейбол

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 - 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше. Волейбол ойыны қазіргі таңда Қазақстанда карыштап дамып келе жатқан спорттың бір түрі .

Волейбол ойыны қазақ жеріне 1929 жылдан бері белгілі. Бірақ сол кездегі ойын қазіргі бізге үйреншікті воллейболдан қатты ерекшеленетін, ойыншылар әйтеуір допты бір-біріне беріп, қарсыластың алаң бөлігіне жеткізсе болды, ойын мәресіне жететін. 1929 жылы қыркүйек айында республикалық дене тәрбиесінің ұйғарымы бойынша спорт ойындарынан жарыс өткізілген. Воллейбол да назардан тыс қалмады. Сол уақытта Бішкек пен Алматы қалаларының арасында жолдастық кездесулер ұйымдастырылып, еліміздегі воллейболдың дамуы жаңа қадам басты. Мұндай кездесулер мемлекеттің қолдауымен қатарынан бірнеше рет ұйымдастырылған. Қалааралық кездесулердің бірінде Шымкент пен Алматының командалары жарыс алаңына шығып, өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде 15:17 және 15:6 есебімен біздің ОҚО воллейболшылары жеңіске жеткен [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Волейбол ойын ережесі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СПОРТҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
Волейбол туралы түсінік
Волейбол - комбинациялық спорт түрі
Волейбол ережесі
МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы - Американың Гелиоке қаласы
Волейболда допты берудің тәсілдері
Спорттық ойындар. Баскетбол ойынның техникатактикалық негіздерін бекіру. (допты алып жүру, допты лақтыру, допты беру). Ойынның ережесі
Спорт ойындары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz