Газет тілінің лексикалық ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ
АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Слам Толхын

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Газет тілінің ерекшелігі

050117- Қазақ тілі мен әдебиеті
оқытудың түрі:
күндізгі

Ғылыми
жетекшісі: аға оқ.
Қайырбекова И.С.
Ғылыми сарапшы:
жоғары санатты
мұғалім
Сүлейменова Ш.Қ.

Диплом жұмысының қорғауға
жіберілген күні: ____________
№___ хаттама
кафедра меңгерушісі:_______________ф.ғ.к., доц. Шапауов Ә.Қ.
Қорғайтын күні:________________
Бағасы : ___________

Көкшетау-2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Слам Толхын

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Газет тілінің ерекшелігі

Мамандығы: 050117- Қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: Слам Толхын

Ғылыми жетекшісі: аға оқ. Қайырбекова
И.С.

Көкшетау-2011
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3-5

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Газет тілінің ерекшелігі.
1.1.Публистикалық стильдің
қарастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ..6-12
1.2.Газет тілінің лексикалық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...13-36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 37-38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . 39-40

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде тілдік жүйені тілдің
коммуникативтік қызметі, тіл мен адам факторы, тіл мен қоғам арасындағы
байланыс тұрғысынан қарастыруға ерекше назар аударылып отыр. Тіл білімінде
газет тіліне, оның жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер
жасалды. Академик Р.Сыздық, Б.Әбілқасымов, С. Исаев, М.Серғалиев,
А.Алдашева, Н.Уәлиев, Б.Момынова, О.Бүркітов,
Ш. Мажитаева т.б. көптеген зерттеушілер газет тілінің стилі мен оның жазба
әдеби тіл ретінде ерекшеліктерін талдап көрсетті.
Алайда,тіл білімі ғылымында газеттің өзіндік ерекшелігін зерттеу
жұмыстарының көп болғанына қарамастан, нақты шағын жанрдың мағыналық,
құрылымдық сипаты, оның даму заңдылықтары мен тілі өз алдына ғылыми
зерттеудің нысаны болмаған еді. Сол себепті шағын жанр тілінің семантикасы
мен лексикасы мәселесі түбегейлі қарауды қажет етеді. Осы құбылыстарды тіл
жүйесіндегі коммуникативті негіздегі жүйелі лингвистикалық заңдылықтар
ретінде анықтау және сипаттау зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің өзектілігін бірнеше факторлармен көрсетуге болады:
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері заманауи әлеуметтік ақпараттың көп
түрлілігіне орай, газеттің жанрлық жүйесі едәуір өзгерістерге ұшырады.
Солардың ішінде жылдам ақпарат берудің көзі болып саналатын газеттегі шағын
жанрларды анықтап, оларды жан-жақты, лингвистикалық тұрғыда зерттеудің
қажеттігі туындайды;
Басылым бетіндегі мәтіндер бүгінгі жаңа ақпараттық дәуірде түрлі
мағыналық өзгерістерге ұшырап әрі дамып отыр. Солардың бірі ретінде шағын
жанр мәтінінің мағыналық еркшеліктерін де қайта анықтау қажет. Сонда ғана
газеттегі шағын жанрдың стильдік сипатын анықтауға мүмкіндік жасалады;
Газет жанры тілінің стилі мен оның жазба әдеби тіл ретіндегі
ерекшеліктерін талдап көрсету барысында газет публицистикасы деп аталатын
жанрдың көп қырлылығы анықталды. Әсіресе, газеттегі шағын жанрдың түрлерін
анықтап, олардың өзіндік стиль ерекшеліктеріне, мағыналық-құрылымдық сипаты
мен толығуына, көркемдік ерекшеліктері мен лексикалық сипатына кешенді
талдау жасаудың қажет екені дәлелденді.
Соңғы жылдары филологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарына шағын жанр
ұғымы енгізіліп, оның публицистикалық стильдің құрамына кіретіні анықталды.
Шағын жанрдың өзіне тән ерекшеліктері – олардың көлемінің шағын болуымен
қатар, жылдам ақпарат беру екендігі жұмыс барысында нақты дәлелденіп,
шағын жанр мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасалды.
Газеттегі шағын жанрлар тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда,
ондағы ең басты мәселе коммуникация, яғни тіл арқылы байланыс, қарым-
қатынас жасау екендігіне орай,стиль-жанр-мәтін атты

3
лингвостилистикалық парадигманы зерттеуге тура келеді. Сондықтан да
публицистикалық стильде жазылған шағын жанр мәтіндерінің тілін зерттеу
жалпы лингвистикалық стилистиканы зерттеу мәселесіне толық сәйкес келеді.
Зерттеу барысында газеттегі шағын жанр тілінің қызмет аясы мен
стильдік ерекшеліктері анықталды. Сонымен қатар, шағын жанр тіліндегі стиль
жасаушы факторлары көрсетілді.
Зерттеудің нысаны ақпараттанудың басты көзі мен құралы болып табылатын
– газет мәтіндерінің тілі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты-
газет тілінің өзіндік ерекшелігін қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін диплом
жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
-қазіргі тіл білімінде публистикалық стильдің қарастырылуы (стильдің
жалпы сипаттамасы).
-газет тілі және ондағы шағын жанрлардың алатын орны.
-газеттегі шағын жанр тілінің қызмет аясы мен стильдік сипаты;
-газет тілінің лексикалық ерекшелігін (неологизм, кірме сөз, термин,
фразеологизмдер т.б. ) анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында газет тілінің өзіндік
ерекшеліктері, стиль түрлері мен берілу жолдары алғаш рет жүйелі түрде
топтастырылып, жаңа мағыналық қырынан танылды. Зерттеу жұмысының барысында
төмендегідей тұжырымдар жасалды:
– ақпарат берудің жаңа көзі ретінде мерзімді баспасөз жанрларына
шағын жанр түрі болатыны анықталды;
– газеттегі шағын жанрлар жылдам ақпарат берудегі өзіндік ерекшелігі
бар тілдік бірлік екендігі анықталды;
– газеттегі шағын жанрлардың стильдік ерекшеліктері талданып, оның
орындылық, дұрыстық, нақтылық пен қарапайымдылық, әсерлілік сияқты
коммуникативтік белгілерінің дамығандығы тұжырымдалды;
– газеттегі шағын жанрларда да публицистикалық образдың жасалатыны
және образ-фактінің дүниетанымдық фактілер сипатында келетіні
көрсетілді;
– газеттегі шағын жанрлар жаңа қолданыстарды таратушы және
тұрақтандырушы кеңістік ретінде танылды;
– газеттегі шағын жанрлар публицистикалық қорды толықтыруға өзіндік
ықпалы бар бірлік ретінде анықталды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының барысында
қазақ тіл білімінің өкілдері Р. Сыздық, Б. Әбілқасымов, С. Исаев, М.
Балақаев, М. Серғалиев, Ш.Сарыбаев, Н.Уәли, А.Алдашева, Б. Момынова, О.
Бүркітов, Ш. Мажитаева т.б., орыс тіл білімінде В.Виноградов, Г. Солганик,
Г. Винокур, В. Костомаров, Л. Щерба, А. Гвоздев, Б. Головин т.б. көптеген
ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен тұжырымдары әдіснамалық
негіз етіп алынды.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеуде сипаттамалы түрде талдау
жасау, тілдік материалдарды жинақтау, топтастыру, жүйелеу, баяндау,
қорытындылау әдіс-тәсілдері қолданылады.

4
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысы жалпы тіл
жүйесінің, оның ішінде шағын жанрлардың лексикалық, грамматикалық және
стилистикалық құрылымы мен олардың өзектілігі жөнінде бүгінге дейін
жинақталған ғылыми еңбектерді тұжырымдайтын зерттеу болып табылады.
Зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінде жүргізілетін Қазақ тілінің стилистикасы, Мәтін
лингвистикасы, Сөз мәдениеті, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
курстарына қосымша ретінде, сондай-ақ аталған пәндерден оқулық, оқу-
әдістемелік құралдарын жазуда көмекші материал ретінде пайдалануға
болады.

5

Негізгі бөлім

1.Газет тілінің ерекшелігі

1.1.Публистикалық стильдің қарастырылуы

. Публицистикалық стильдің шығармалары бір тілде сөйлейтін адамдардың
жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне, наным-сенімдеріне қарамастан,
сол қоғам немесе аумақ мүшелерінің бәріне ортақ болып келеді.
Публицистика сөзінің шетел тілдерінен орыс тіліне ауысып, көпшілік
деген мағынаға ұқсас екенін ескерсек, бұл стильдің аталуы да, ақылға
қонымды келеді, себебі бұл стильде жазылып немесе айтылатын еңбектер,
шынында, көпшілік қауымға арналады.
. Публицистикалық еңбектердің патриоттық ықпалы басым болып отырады.
Қоғамдық-саяси әдебиеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының, көпшілікке
арналған мәжілістердегі, жиналыстардағы баяндамалар мен жарыссөздердің
стилі публицистикалық стиль деп аталады. Ғалым М.Серғалиев бұқаралық
ақпарат құралдарын үшке бөліп қарастырады: визуальдық (мерзімді
баспасөз), аудиальдық (радио) және аудиовизуальдық (телевизия, деректі
кино) әрі олардың өздеріне тән белгілерін анықтаған:
-ақпараттық (әр түрлі фактілер мен хабарларды жеткізу);
-түсініктеме-баға берушілік (деректер көбінесе түсініктемемен, талдаумен
немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады);
-танымдық-ағартушылық (мәдени, тарихи және ғылыми материалдарды жариялай
отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын
толықтырып отырады);
-ықпал ету қызметі (БАҚ үшінші өкімет деп атау орын алып жүр) [1, 25].
Сөйтіп, визуальды хабарларды көрермендер қабылдаса, аудиальдық хабарларды
тыңдармандар қабылдайды, ал аудиовизуальдық хабарлардың адресаттары
көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне байланысты ол
хабарлардың тілдік ерекшеліктері де әр түрлі болады. Публицистикалық
стильдің негізгі газет тілі деп есептеледі. Ақпарат құралдарының ішінде
бәрінен бұрын пайда болғаны – газет, яғни радио мен телевизия өмірге келмей
тұрған кезде –ақ көпшілік қауым газетті молынан пайдаланды. Сондықтан, бір
жағынан, газетте материалдарды беру, екіншіден, сол материалдарды
оқырмандарға лайықтау, редакциялап деген сияқты, талай өңдеуден өткізу
тәжірбиесі болатыны белгілі.
Газет тілінің маңызын мына жайлардан байқауға болады:
-жаңалықтарды, тың ақпараттарды халыққа тез жеткізуді басты нысана етеді;
-болып жатқан оқиғаларға түсініктеме береді;
әлдебір пікірдің шыңдығына оқырманның көзін жеткізе дәлелдейді және
оқырманнын оған деген сезімін оятып,қалыптастырады;
-оқырманды сол оқиғаға байланысты қимыл –әрекетке шақырады, көпшіліктің
көзқарасын қалыптастырады.
Газет тілі туралы ғалымдар мен жазушылардың түрлі ой-пікірлері бар.
Әлемдік деңгейде лингвистикалық стилистиканың негізін салушы

6
Ш.Балли газет тілі туралы: Өмірді танудың және миллиондарды олардың
көздерінен тыс дүниеде болып жатқан істерге тарта білудің өте сәтті
формасы-дейді. М.С.Шагинянның атап көрсеткеніндей, очерк – шындық әлеміне
жазушының белсенді саяхаты [2, 34].
Публицистикалық стиль саясат пен идеологияның барлық саласында қызмет
ететіндіктен, еліміздегі және одан шет жерлердегі жаңалықтар мен оқиғаларға
баға беру, халыққа ықпал ету сияқты өте маңызды міндет атқаратындықтан,
стильдің бұл түрінің аясы барынша кең. Басқа стильдер сияқты,
публицистикалық стильдің де экстралингвисликалық және лингвистикалық
ерекшеліктері немесе белгілері болады.
Экстралингвистикалық белгілері:
-хабардың толық қанды болуы;
-баяндаудың:
а)нақтылығы;
ә)фактографиялылығы;
б)логикалылығы;
в)ықшамдылығы;
г)экспрессивтілігі мен эмоциональдылығы;
ғ)қимыл-әрекетке итермелеуі.
Лингвистикалық белгілері:
- сөздердің үнемдеп қолданылуы;
- қалың оқырманға түсінікті болу мақсатында сөздердің ұтымды пайдаланылуы ;
- қоғамдық-саяси лексика мен фразеологияның публицистикалық ыңғайда
кірістірілуі ;
- қажетті жерінде публицистикалық стильден басқа стильдердің тілдік
құралдарының жұмсалуы [1, 29].
Бүгінгі тәуелсіздік кезеңі тұрғысынан қарайтын болсақ, бұқаралық
ақпарат құралдарының халық алдындағы міндеті орасан зор. Ол қоғам ішінде
жаңа сипаттағы әлеуметтік көзқарасты қалыптастырып, оны орнықтыруды мақсат
етеді. Коммуникацияның ең басты құралы – баспасөз тілі де, халық тілінің
сұрыптан өткен, әбден жетілген әдеби нормасы басшылыққа алуынуы тиіс. Қазақ
баспасөзінің негізгі міндеті мен бағытын анықтауда А. Байтұрсынұлының рөлі
ерекше. Ол қазақ баспасөзі қызметінің қаншалықты міндет арқалайтындығын
терең түсініп, газеттің қоғамдық қызметі туралы: Газет – жұртқа қызмет
ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп
көсемдері, оқығандары көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол
көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады,-деп атап көрсетеді [3, 54].
Бүгінгі бұқаралық ақпарат тілінің сипаты жайлы
Б.Момынованың: БАҚ тілі стильдік тармақтарға қойылатын шектеуліктердің
көбінен арылып, функционалды стильдерге тән формальды қалыптың аясына сыя
бермейтін жеке ағзаға айнала бастады. Бұл ағзаның өмір сүруін қамтамасыз
ететін түрлі ресурстар жеткілікті. БАҚ-қа деген сұраныс деңгейі де жоғары
деген ұстанымы – бүгінгі БАҚ тіліне берілген шынайы баға [3,65б.].

7

Қазақ баспасөзінің тілі, қазақ баспасөзінің жүйесі мен
құрылымы

жайлы мәселелер зерттеуші ғалымдар Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев,
М.Балақав, Ы.Ысқақов, Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов,
Ш.Сарыбаев, М. Серғалиев, Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиұлы, Ә.Болғанбайұлы,
т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болады. Мұнан басқа баспасөз
тіліндегі функционалдық стиль, терминология, тіл мәдениеті мәселелері
қазақ ғалымдары Х. Бекхожин, Б. Кенжебаев, Н. Қарашева, Ү.
Субханбердина, А. Алдашева, О. Бүркітов, Б. Момынова, Ш.
Мажитаевалардың еңбектерінде әртұрғыда зерттеліп келді [4, 25].

Қазақ тіл білімінде соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне
біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген Ә. Әміров, Қ. Есенова, Г. Жұмашева, Ф.
Жақсыбаева, Г. Смағұлова, С. Қисымов, Р. Тұяқбаева, А. Мұсабекова, С.
Сапина, Н. Кенжебекова, Ә. Игенсартова, Н. Даулеткерееваның еңбектерін атап
өтуге болады.
Баспасөз жанрлары туралы сөз болғанда, ең алдымен, жанр дегеніміз не,
оның міндеті қандай деген сұрақтарды анықтап алу керек. Жанр дегеніміз –
белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарының
көріну, өмір сүру формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып
берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған кескін-
пішіні болады және ол жанр деп аталады. Жанр сөзі бізге француз
тілінен енген, genre – орыс тіліне аударғанда, түр деген мағынаны
білдіреді. Қарапайым түсінікте жанр – түрлі оқиғаның, құбылыстың, шынайы
өмірдің түрлі жақтарының айрықша бейнесі жазушының, суретшінің, публицистің
шығармашылық құралы. О.С. Ахманова жанрды жағдайдың
нақтылы шарттарына байланысты жұмсауды мақсат еткен қолданыс тілінің түрі
деп көрсетеді [5, 86].
Жанрды таңдау нақты бір стильдегі немесе оның шағын түріндегі сөйлеу
субьектісі арқылы іске асырылады. Мәтінде қамтылатын мазмұн сол сөйлеу
субьектісі арқылы таңдалатын жанр түрінің заңдары бойынша сұрыпталады. Сол
себептен де әрбір функционалдық стильде жазылған мәтін белгілі бір жанрлық
түрлердің қалыптасу, я болмаса қолданылу дәстүрінің тарихын көрсетеді,
сонымен бірге адам қызметінің сол саладағы жағдаяттарға байланысты тілдік
тұлғалардың жұмсалу, бекітілу сапасын анықтайды. Осы тұрғыдан келгенде,
әрбір жанрлық түрге белгілі бір нақты құрылым, алдын ала айқындалып қойған
өзіндік қасиеттер тән болып келеді.
Газеттік-публицистикалық стиль әр түрлі жанрлармен беріледі. Газеттік-
публицистикалық стильдің жанрларын екі топқа бөлуге болады. Олар: таза
газеттік жанр – ақпараттық жанр және әсер ету функциясын атқаратын –
аналитикалық жанрлар. Баспасөзде пайдаланылатын жанрлар көп.
Т.Қожакеев оларды негізінен үш топқа бөледі: Бірінші топ – хабарлама
(информациялық) жанрлар. Бұған жататындар – заметка, есеп (отчет), сұхбат
(интервью) және репортаж. Екінші топ – талдамалы (аналитикалық) жанрлар.
Бұл топ корреспонденция, мақала, баспасөзге шолу, рецензиядан тұрады.
Үшінші топ – көркем публицистикалық жанрлар. Мұның құрамына фельетон,
памфлет, очерк, көркем публицистика енеді [6, 29].
8
Ғалым Н. Уәли баспасөз жанрларының тілі жайында Қазір бір ғана
бағдарламада ресми ақпарат, публицистикалық талдама, репортаж, комментарий,
сұхбат, очерк т.б. жанрларды кездестіруге болады. Осы жанрлардың сөз өрімі,
бедері әр алуан, - деді [6, 29].
Зерттеуші –ғалым Б. Момынова газеттің негізгі жанрлары ретінде
хабар (информация), шетелдік корреспонденция, есеп, үгіт-насихат
мақалалары, проблемалық мақала, очерк, сұхбат (интервью), репортаж,
фельетон, пікірді (рецензия) атайды. [7,65-68б]
Соңғы жылдары публицистика жанрында подстиль деген термин
қалыптасқан. Подстиль жайлы пікірлер әрқилы. Көптеген зерттеушілер газет
стилін журналистік әрекет сферасына қызмет ететін тіл қабаты деп есептеп,
оны газеттік-публицистикалық подстиль (газетно-публицистический подстиль)
деп атап, публицистикалық стильдің құрамына кіргізеді. Ал, академик М.
Серғалиев подстиль терминін шағын стиль деп аударуды ұсынған. Тілші-
ғалым функционалдық стильдердің қай-қайсысы да белгілі заңдылықтардың
нәтижесінде пайда болатынын айта келіп, олардың шағын стильдерге
жіктелетініне тоқталады. Шағын стиль әр стильдің құрамында және белгілі
бір мәтінге ғана байланысты болады және шағын стильді белгілі бір
мәтіндердің жиынтығы, ал сол мәтіннің әрқайсысын шағын стильдің құрамына
енетін жанр деп атаған жөн,-деген тұжырым жасайды. Ғалымның бұл тұжырымы
қисынды деуге болады, өйткені газет материалының шағын жанрдың қай түріне
жататыны тек сол стильде жазылған мәтіннің көлемі мен композициялық
құрылымына қарап қана ажыратылады.
Шағын стиль деп аталатын газет подстилінің публицистикалық
стильмен ортақ жалпы сипаты бар екендігі белгілі, сонымен қатар, оның өзіне
тән ерекшеліктері де бар. Ғалым М. Серғалиев публицистикалық стильдерді
мағыналық жағынан үш шағын топқа бөледі:
а) үгіттік публицистикалық шағын стиль;
ә) саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль;
б) саяси бұқаралық публицистикалық шағын стильдер [1, 37].
Осы топтаудың негізінде үгіттік шағын стилге – корреспонденция, репортаж
жарнама, хабарландыру; саяси-идеологиялық шағын стилге – ақпараттық мақала,
аналитикалық мақала, комментарий; саяси бұқаралық шағын стилге – интервью,
фельетон, памфлет, очерк жанрлары жатады дейді. Бұның барлығы
публицистикалық стильдің құрамдас бөлігі болғандықтан, оларға шағын жанр
деген атаудың берілуі әбден орынды. Негізгі мәселе шағын жанр
материалдарының тақырып ауқымының үлкен, ал көлемінің шағын болатынында.
Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты газет жанрларының қызметі мен
дамуында да белгілі бір өзгерістер бар. Мұндай өзгерістер қоғамдық өмірдегі
жаңалықтарға байланысты. Қазіргі нарықтық экономика кезінде газетке
материал дайындап, басып, оқырманға жеткізгенге дейінгі атқаратын қызметтің
барлығы қаржы мәселесіне тікелей байланысты. Сондықтан газет ұжымы
экономикалық жағдайларға байланысты газет беттерінен жарнама,
құттықтау, еске алу, пресс-релиз немесе

9
баспасөз хабарламасы, түйіндеме, дайджест немесе ақпараттық шолу,
жұлдызжорамал, сауалнама т.б. жаңа жанрларға орын беруге мүдделі болып
отыр.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде шағын жанрдың мынадай
түрлері анықталды: хабар немесе шағын ақпараттық мақала, аналитикалық есеп,
репортаж, сұхбат, хроникалық мақала, комментарий, журналистік зерттеу,
жарнама, сауалнама, пресс-релиз, дайджест немесе ақпараттық шолу, еске
алу, қазанама, хабарландыру, хат, пікір.
Газет ақпарат жеткізіп, үгіт-насихат тарататын болғандықтан, оның
қызметі әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Сондықтан газет тілін
әлеуметтік лингвистикамен ұштастыра зерттеген жөн. Газеттегі шағын
жанрларда жазылған материалдар – коммуникацияның түрі ретінде ең көп
таралған шығармалар және олардың атқаратын қызметтері де әр алуан. Олар
шағын жанрлар тілінің: ақпараттық және үгіт-насихаттық, деректілік және
көпшілікке түсініктілік, экспрессивтік және әсер етушілік, бағалауыштық,
танымдық, пікір қалыптастыру мен тәрбиелеу қызметтері деп атап көрсетілді.
Шағын жанр тілінің стильдік ерекшеліктеріне түрлі стильдік бояуы бар
лексико-грамматикалық бірліктердің болуы да ықпал жасайды. Олар газет
мәтініне экспрессивті және стандартты мағына үстеп, қалың көпшілікке автор
ойының нақты жетуіне мүмкіндік жасайды. Шағын жанр материалдарын стильдік
тұрғыдан үнемі байытып, оқиғаның, нақты деректердің мағынасын қоюландырып
отыратын – түрлі синтаксистік құрылымдар, модаль сөздер. Олар ойды сөз
арқылы неғұрлым көркем, анық және нақты жеткізу үшін, автордың көзқарасы
бойынша басты болып есептелінетін сәттерді, кейбір тақырыптық кезеңдерді
айқындау үшін қолданылады. Бұл газет мәтінінің тілдік көрінісін байытып,
әсерлендіріп отырады.
Шағын жанрлар тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері деп:
1) шағын жанрлар тілінің жалпыға бірдей түсінікті және ұғынықты болуы;
2) шағын жанр материалдарында тілдік қана емес, контекстік-бағалауыштық
құралдардың да пайдаланылуы;
3) ой білдірудің дайын құралдарын жай қайталап шықпай, әрекетті
шығармашылықпен сипаттау;
4) шағын жанрлар мәтінінде функционалдық тұтастық және оқиғаны баяндаушы
мен оқырман арасындағы байланыстылық болатыны көрсетіледі.
Газет тілінің жетістігі оның сөздерінің тартымды болуында. Материал
тілінің өзіндік ерекшеліктері бар және ол автордың шешендігін көрсетеді.
Сөйлеудің мұндай түрін лингвистикада коммуникативтілік деп атайды.
Сөздің коммуникативті сапасы – қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және
оның тиімділігін арттыра түсетін сөйлеу ерекшелігі. Сөйлеудің
коммуникативті сапасы деген терминді ХХ ғасырдың 60-жылдарында
Б.Н. Головин енгізді [9, 53]. Ол тіл мен сөйлеуді, сөйлеу мен ойлауды,
сөйлеу мен шынайы өмірді (шындықты), сөйлеу мен сапаны
10

қамтитын жүйені біріктіреді. Осы жүйенің негізінде орындылық, дұрыстық,
тазалық, нақтылық пен қарапайымдылық, әсерлілік деп аталатын сөйлеудің
басты жетістіктері анықталды. Аталған сапалар шағын жанрлардағы мәтіндерді
жан-жақты талдауға мүмкіндік береді және олардың тілдік құралдарды үнемдеп
пайдалану, көп ақпаратты ықшамдап беру, тілдік құралдардың неғұрлым халыққа
түсініктісін таңдай білу, публицистикалық стильді тақырыптары мен жанры
басқа стильдермен (ғылыми, ресми-іс қағаздары, көркем әдеби, сөйлеу) қатар
қолдану мәселелерінің қамтылатыны дәлелденді.
Кез келген шығармашылық туынды – сөз өнері. Шағын жанр стилінде
жазылған шығармалар да автор санасына орналасқан, тұйықталған, ішкі
дүниенің көрінісі. Бұл көркем туындылар сияқты, ойдан шығарылған әлем емес,
оның сүйенетін материалы – факт.
Ана тілін еркін меңгерген публицист өз ойын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
нақты әрі әсерлі жеткізіп отырады. Егер автор сөзді дұрыс таңдаса, ол ойдың
әсерлі берілуін ғана емес, сол шығарманың мағыналық құндылығын да арттыра
түседі. Көркем әдебиеттегі автор мәселесі Р. Сыздық, Б. Шалабай, В.
Виноградов, Г. Гинзбург, т.б. ғалымдардың назарында болды. Дәл
осылай, автор жасаған жарасымды бейне, келісті образ шағын жанрларда да
кездесіп отырады.
Шағын жанрларда да автор белгілі бір идеологияны қуаттайды. Ондағы
автордың образ жасау шеберлігі кейіпкер жөнінде түсінік беретін және оған
мінездеме жасауға өзек болатын факторларды көп және тиянақты жинаудан
көрінеді. Сол үшін де нақты автор – кейіпкер – оқырман деген тізбек
құрылады.
Публицистикалық образдың басты және өзіндік бір ерекшелігі – ол
журналистің өзі жүзеге асыратын, дамытатын, нақтылайтын, оның түрлі
сипаттарының шығуына көмектесетін ойдан туады. Публицистика, әсіресе, образ-
фактілерді пайдаланады. Образ-факт көркемдік заңдарына сәйкес туады және ол
дүниетанымдық фактілер сипатында болады. Бұл фактілер түбегейлі қойылған
нүкте немесе шындықтың кесіндісі емес, ол – сол шындықтың белгілі бір
уақытта және кеңістікте лайықты орны бар дүниелер. Публицист образ-фактіні
жасағанда, өз бақылауына ғана сүйеніп қоймайды, ол газеттердегі,
мұрағаттардағы және құжаттардағы баға жетпес құнды деректерді де пайдалана
алады. Публицист әрдайым баяндап отырған оқиғаға деген өзінің көзқарасын
оқырманға жеткiзу үшін түрлі тілдік құралдарды қолданады және осы тілдік
құралдарды жүйелі пайдалана отырып, дербес авторлық бейнені қалыптастырады.
Ол бейне, бір жағынан, кейіпкердің өзіне тіл бітірсе, екінші жағынан,
оқиғаға деген авторлық көзқарасты айқындайды. Мысалы: Әлбетте, мұндайда
білегін сыбанған кандидаттардың жауын құртындай қаптап кететіні бар
(Бұқпа., 04.02.2010). Ендеше, тәуелсіздіктің басты құндылықтары – ұлттық
саясатты, ұлттық мүддені ұмытып, тек теңге табу үшін өсек пен төсек
тақырыбын терген, ақша ұсынсаң, азуын көрсететін сары басылымдарға
тәуелсіз деген аса қымбатты сөзді қор қылмай, мемлекетттік емес, дұрысы
жекеменшік деп жазған жөн болар, сірә

11
(ЕҚ., 06.02.2010). Енді бір министріміз Меңдібаевтің желтоқсан
оқиғасындағы ашылмаған аралдарын, елге беймәлім қарғыбаулы әпербақандығын
әшкереледі (ЖА., 08.02.2006) деген сөйлемдерде автор жалаң фактілерді ғана
алып отырған жоқ, оқиғаға өзінің қатысын да білдіріп тұр. Авторды
кандидаттардың жауын құртындай қаптап кететіні, түрлі амалдармен екінші
хатшы болып алған жағымсыз кейіпкер, ақша табу үшін әртүрлі жағымсыз өсек-
аяң терген басылымдар, Меңдібаевтың жағымсыз қылықтары ашындырады. Оларға
лайықты образ жасау үшін автор жауын құрты, , өсек пен төсек,
әпербақан сияқты экспрессиялы сөздерді қолданып, контекстің эмотивті
әсерін арттырып, өзінің авторлық көзқарасын коннотациялық реңкі қанық
лексикалық бірліктер мен жеткізген.
Шағын жанр стилі де, публицистикалық стильдің тармағы ретінде, ғылыми
және көркем стильдердің аралығында тұрады. Ол, қалай болғанда да, осы
стильдердің тәсілдері мен құралдарын пайдаланады және кәдімгі стиларалық
өзара әрекеттестікті білдіреді және бұл оның құрылымының күрделілігіне алып
келеді. Бұл жағдайда да авторлық көзқарас, автор ойы белең алып тұратыны
сөзсіз.
Қорыта келгенде, газеттегі шағын жанрларда да, көркем шығармадағы
сияқты, образ жасаудың қажет екендігі анық. Тек қана нақты фактілерге
негізделетін шағын жанр материалында автор өзінің ойын, идеологиялық
көзқарасын әсерлі жеткізуге, оқырман көңілінде наным ұялатуға тырысады.
Кейбір деректі шығармаларда автордың өз кейіпкерімен бірге қуанатын, бірге
күйінетін сәттері де болады.

12
1.2.Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Кез келген ақпарат құралы тыңдарман мен оқырманға бағытталып, қалың
қауымға ойы да, тілі де түсінікті келіп, олардың қажетін өтеуді мақсат
тұтады. Газет тіліне тән сөйлем түрлері, сөздік қор (лексика) сол мақсатты
іске асыруға мүмкіндік беретіндей болып екшеленеді, сұрыпталады. Қалың
оқырманның ақпаратты қабылдауына қиындық тудыратындай, өз заңдылықтарына
сай келмейтін тілдік қолданыстарды барынша шектейді. Сондықтан да болар
газет тіліне тән ерекшеліктер әлеуметтік негізді болып келеді, белгілі бір
мақсатқа қызмет етеді. Бір сөзбен айтсақ, газет лексикасы әлеуметтік
тұрғыдан бағалаушылық, жалпылама коммуникативті, мақсатты экспрессиялы
болады.
Орыс тіл білімінде газет лексикасын жан-жақты зерттеген, зерделеген
ғалым Г.Я.Солганик ЧСРЯ (Частотный словарь русского языка), БАС (Болъшой
академический словарь), МАС (Малый академический словарь), СУ (Словарь
Ушакова) сияқты түсіндірме сөздіктерде газ, публ., журн. деп
таңбаланған (помеченные) сөздер қатарына үңіле отырып, мынадай қорытынды-
түйінге келеді:
а) сандық есептердің жүргізілуіне қарамастан, газеттік, публицистикалық
лексиканың әдеби тілдегі мөлшер-салмағын анықтау мүмкін емес, әрі ондай
ақпарат беруге аталған сөздіктер әлеуеті жетпейді;
ә) газ. таңбасымен ерекшеленген сөздер құрамы әр алуан, тіпті ала-құла.
Бұлардың құрамында қоғамдық-саяси лексика, ресми іс-қағаздар, ғылыми тіл
элементтері бар. Стильдік тұрғыдан да (ауызекі, қарапайым, риторикалық,
т.б.) олар біркелкі емес. Сондай-ақ ескірген, сирек қолданылатын сөздерді
осы топ талғамай енгізгендіктен, біралуан сөздерге газ, публ.. журн..
офиц белгілерін қатарынан таңа берген,-деп көрсетеді [10, 85 с.].
Бұл айтылған жағдайларды ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады: газет лексикасы үнемі өзгеріп, дамып, ескіріп, жаңарып отырады.
Газет лексикасы бағалаушылық тұрғыдан қарастырғанда бір қалып, бір деңгейді
көрсетпейді, оның кезеңдік сипат болады. Өйткені, кейбір бағалауыштық
бояулы сөздер келесі сөздікте бейтарап мәнге иеленіп, өзгеріп отырады. Сол
сияқы жаңа деп таңбаланған сөздердің бұл белгісі жаңадан жасалатын
сөздіктерде алынып тасталынған. Тіпті жекелеген газетизмдер қолданыстан
шығып қалатындықган, жаңа сөздіктерде қамтылмай, түсіп қалып отырған.
Сөздердің осылайша газет тілі жүйесіне енбей қалуының түрлі әлеуметтік,
қоғамдық себептері болады. Ол газет ұстанған позиция, саяси көзқарастарға
тікелей байланысты. Осылайша газет лексикасының әлеуметтік қыры айқындала
түседі. Сонымен бірге газет лексикасы оның қызметі әсіресе, ақпарат
жеткізу, үгіт-насихат тарату қызметіне тікелей бағынады.
Газет тілінің басым бөлігін құрайтын сөздер қолдануына қарай емес,
бағалауыштық сипатына, көптеген атаулардың саясиландырылуымен ерекшеленеді.
Әрине, қолданысы жиі болып келетін сөздер де назардан тыс қалмайды. Жалпы
газетизмдерді осы аталған ерекшеліктеріне қарай топтаған дұрыс.

13
Газет тілі, оған тән лексика басылым атаулының ұстанатын позициясы

мен принциптеріне бағынады. Ал үгіт-насихат, хабар-ақпарат жеткізу

қызметін іске асыру газет лексикасымен тікелей байланысты болады.
Газеттің функционалдық қызметі және лексикасының құрылымы тіл
салаларының өзге деңгейлерімен, әсіресе, семантикамен тығыз байтаныста
болады. Сондықтан да газет тілін зерделеу барысында біз Г.Я.Солганиктің
үлгісін басшылыкқа ала отырып, оның лексикасын:
− қоғамдық-саяси лексика;
− бағалауыштық лексика;
− бейтарап лексика-деп топтастырдық [11, 97 с.].
Қазақ тіл білімінде қоғамдық-саяси лексиканы арнайы зерттеген ғалым
Р.Барлыбаев болды. Ол Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика атты
еңбегінде кеңес дәуірі кезінде қоғам қажетін толығымен өтеген аталмыш
сөздер тобының көптеген ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Жалпы тіл білімінде қоғамдық-саяси лексика, қоғамдық саяси
терминдер және қоғамдық-саяси сөздіктер атаулар жарыса қолданылады.
Бірақ осы ұғымдардың ғылымда ізге түскен, нақты анықтамасы жоқ екенін айта
кету керек.
Қоғамдық-саяси лексиканың, қоғамдық-саяси терминдер айырмасын барынша
толық сипаттап берген зерттеуші И.Ф.Протченко болды: Общественно-
политическая лексика − эта та часть словаря, которую составляют названия
явлений понятий из сферы общественно-политической жизни, т.е. из области
политической, социально-экономической, мировоззренческо-философской [12,
23 с.]. Сондай-ақ, ғылыми әдебиетте қоғамдық-саяси терминдерді нақтылауда
да бірізділікті байқамадық. Дегенмен, зерттеуші В.Н. Туркиннің мына бір
пікірі көңілге қонарлық: К общественно-политической терминологии следует
относить систему нормативных единиц разного происхождения, которые
специализированы лексически (термины-лексемы), семантически и
фразеологически (устойчивые названия) в письменном и устном общении
населения для выражения социальных реалий в сферах политической,
экономической, административной, судебной, одним словом в области
производственных отношений как структуры общественных отношений [13, 14
с.].
Жалпы қоғамдық-саяси терминдер қолданыс аясы тар, эмоционалъды-
экспрессивті бояуы шектеулі салалық терминдер әдеби тілдің
жалыықолданыстық лексикасы аралығындағы сөздер тобы.
Газет тіліндегі тағы біралуан сөздер тобын интернационализмдердің
құрайтыны белгілі. Интернационализмдер туралы А.Ахманованың, Т.Б.
Крючкованың, интернационал сөздерді қазақ тіліне қабылдау принциптері
туралы айтылған Қ.Жұбанов пікірлері бар. Айталық, Т.Б.Крючкованың айтуына
қарағанда Иитернационализмы-слова (или выражения), принадлежащее к
общеэтимологическому фонду ряда языков, близких происхождению или сходных
по своему историческому развитию [14, 25]..
Газет тіліндегі қоғамдық-саяси лексика мен терминдердің
интернационалдылығы мемлекеттегі үстемдік етуші идеологиялық көзқарастарға
бағынады. Яғни, интернационализм сөздер ұқсас болып
14
идеология ұстанып отырған мемлекеттер тілі аралығында жүреді.
Интернационализм сөздердің айтылуы жағынан ұқсас болып келуіне
қоса, мағыналық компоненттері бір-бірімен толық үйлесуі тиіс. Газет
тіліндегі интернационализмдерге империализм, социализм, капитализм,
либерализм сияқты атаулар, сондай-ақ басқа да түрлі саяси, діни терминдерді
жатқызу ға болады.
Қоғамдық-саяси терминдердің қызметі әр түрлі. Өйткені, тек мамандар,
арнайы саладағы кәсіп иелері арасында ғана қолданылатын және ақпарат
құралдарында, жиналыстарда, әр түрлі форумдарда т.б. осы сынды орындарда
қолданыс аясы байқалатын түрлі қоғамдық-саяси терминдер бар.
Терминдердің жасалу жолдарына тоқталсақ Р.А.Өрекенова өзінің
Образование терминов в казахском языке (Алма-Ата, 1980) атты еңбегінде
қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси терминдерге тән басты ерекшелік ретінде
Общественно-политические термины казахского языка по семантической и
лексико-структурной соотнесенности с терминами, прообразами русского языка,
представляют собой кальки и полукальки. При структурно-рамантическом
калькировании общественно-политических терминов и казахском языке
создаются слепки со слов русского языка празначными или почти равнозначными
по своему назначению и грамматическими средствами казахского языка,
передачей морфем производного слова или переводом лексических компонентов
словосочетания, - дейді [15, 29 б.].
Қоғамдық-саяси термиңдерді қалыптастыруда публицистикалық стильдің,
оның ішінде, әсіресе, газет тілінің доминанттық танытқаны, әлі де болса
танытып отырғаны ақиқат. Ал қоғамдық-саяси терминдерді қалыптастыруда,
дамытуда газеттің қызметі ерекше болады
Газет лексикасындағы қоғамдық-саяси лексика сөздік құрамдағы сандық
әрі сапалық толығулардың айнасы іспетті. Қоғамдық-саяси өмір саласына
байланысты құбылыстар ұғымдар атауларын білдіретін мағыналық бірлігімен
топтасқан өз алдына біріккен сөздерді қоғамдық-саяси лексика деп атауға
болады, - дейді Р.Барлыбаев [16, 17 б.].
Газеттегі хабар, шетел жаңалықтары, проблемалық мақалалар сынды белді
жанрлар қоғамдық-саяси лексика элементтері көп қолданылатын мәтіндерден
тұрады. Оның үстіне газет атаулының басты қызметі - ақпарат жеткізу мен
үгіт-насихат жұмыстары негізінен қоғамдық-саяси лексикаға жататын сөздер
тобы арқылы іске асатындықтан, ол газеттің төл лексикасы саналады.
Қоғамдық-саяси лексика, ғалым Т.Б.Крючкованың айтуынша, қоғамдық-саяси
терминдердің аса жиі әрі көп қолданылатын бөлігі. Әсіресе, газетке тән
лексиканың негізін осы қоғамдық-саяси лексика құрайтынын ескерсек, аталмыш
лексиканың жалпықолданыстағы лексикадан басты айырмашылығы бағалауыштығында
және саясиландырылуында немесе идеогияландырылуында.
Қоғамдық-саяси лексиканың аса өзгергіш, құбылмалы екендігі белгілі,
әсіресе, олардың бұл ерекшелігі бұқаралық ақпарат құралдарында аса айқын
байқалады. Тіпті бұқаралық ақпарат құралдарындағы идиомдар да
15
өзгеріп отырады, себебі қоғамдық-саяси лексика бірліктері саяси өмірдің
актуалды құбылыстарын, оқиғаларын таңбалайды. Оқиғалар мен жағдайлар
өзгеріп, басқа сапаға ие болып отыратындықтан, газет лексикасында әр
кезеңнің тынысы мен рухын танытатын сөздер тобы да ауысып отырады. Яғни,
тіл де қоғаммен бірге үнемі өзгеріс пен даму үстінде болатындықтан, ондай
өзгерістер лексикада көрініс береді.
Қоғамдық-саяси лексиканың кейбір бөлігі әр түрлі қоғамдық жүйелерге
тән ұғымдар мен реалийлердің, жаңа әлеуметтік өзгерістердің атауы болса,
кейбірі таңбалайтын ұғымдарымен бірге қолданыстан түсіп қалып жатады.
Айталық, қайта құру кезеңіне дейінгі тіліміздегі бесжылдық, бесжылдық
жоспар, дала қосы, еңбек вахтасы, кемелденген социализм, еңбек екпіндісі -
кешегі күннің белгілері. Қоғам мен әлеуметтік жағдайлар өзгерісі олардың
қолданыс жиілігін азайтты, олар арнайы жанрларда, атап айтсақ, тарихи
метериалдарда, ғылыми еңбектерде, т.с.с қолданылатын болды.
Газет жанрларының әр түрлілігіне орай қоғамдық-саяси лексика
құрамында тарихи сөздер мен бүгінгі күнгі өмір реалийлерінің атаулары
қатарласа қолданысқа түсетініне қарамастан, олардың қолдану жиілігі бірдей
деңгейде болмайды. Мысалы:
Министрліктердің әрқайсысында әлденеше департамент пен комитетті
айтпағанда, ұсақ-түйек бөлімдер мен бөлімшелерден аяқ алып жүре алмайсыз.
Екі адамға бір бастық формуласы, Құдайға шүкір, жойылып кеткен жоқ.
Мені Президент тағайындады, басқа шаруа да Президенттің қолында деген
сияқты жауаптар министрлеріміздің жауапкершіліктерді сезіне алмайтындығын
көрсетеді. Бизнесмендер мен топ-менеджерлер арасында да мемлекет басшысына
ұсыныстарын айтып, жоғары билікке ықпал етіп жүргендер бар (ЖА.,04.01.10).
Енжарлық пен бейжалық лоббистерге қол боп тұр (ЖА.,29.07.10). Әрбір
қатынасушы – конкурсант кем дегенде екі номинация бойынша жарысқа түсуі
қажет (ҚӘ.,20.02.10). Оларды феминисткалар деп атайды (АТ.,19.08.08).
Әсіресе, Алматы қазақтарды магниттей тартады (ҚӘ.,10.10.07).
Бұл мысалдарда стильаралық бейтарап лексикамен қатар министр,
департамент, комитет, формула, Президент, бизнесмен, менеджер, лоббист,
конкурсант, феминистка, магнит тәрізді терминдер мен атаулар атау
қажеттілігін өтеу мақсатында қолданатын шеттілдік сөздер мен терминдер
негізінде жасалғанын көріп отырмыз.
Қоғамдық-саяси лексиканың жанарып-жасаруы мен көнеріп-ескіруінің қатар
жүруі міндетті түрде қоғамдық формациялардың ауысуын қажет етпейді. Кейде
бір қоғам ішінде саяси құрылымдардың өзгеруі, жаңа сипат алуы, соған орай
тілдік таңбалардың ауысуы процесі жүреді. Мысалы, қайта құру = өтпелі
кезеңмен, ал өзін-өзі қаржыландыру =экономикалық реформа тіркесімдерімен,
бүгінгі күнгі валютаны айырбастау құны = еркін өзгермелі бағам = қалқыма
алмастыру бағаммен ауысты. Осы келтірілген сөздер ішінен өзін-өзі
қаржыландыру, өтпелі кезең терминденді немесе термин текті қоғамдық-саяси
лексика қатарын толықтырды, енді бірі нормалану үстінде, бұл процестің
өту жылдамдығы әрқалай, ол түрлі
16
жағдайларға, жаңа сөздердің ұтымдылығана, ыңғайлылығына, икемділігіне,
т.б. факторларға байланысты.
Қоғамдық-саяси лексика мен қоғамдық-саяси терминдерді екінші
номинациялы сөздер де түзеді. Оған жұмыс және жұмысшы сөздерінің
мағыналық өзгерістерінің схемасын алып қарастыру арқылы көз жеткізуге
болады:
-жұмыс (алғашқы газеттерде, кейіннен Қазақ (1913-1918 газетінде) = ұлт
жұмысы, ұлт шаруасы = қара жұмыс (1916 ж.) = жұмыс; жұмысшы = ұлт
жұмысшысы, ұлт жұмыскері, қара жұмыскер =жұмысшы (социализм құрылысшысы
семасы бар) = жұмысшы.
Сөзімізді тағы да нақтылай түсу мақсатында бәс = баға =нарық =
құн, уәж = айғақ = дәйек = дәлел =себеп қатарларын алуға болады.
Алдыңғы екі мысалдан бейтарап сөздің қоғамдық-саяси лексика элементіне,
одан терминге айналу процесін байқаймыз. Соңғы қатарлардың шеткі сөздері де
бүгінгі күні нормаланған, термииге айналған лексемалар болып табылады.
Бұдан шығатын қортынды, қоғамдық-саяси терминдер бейтарап лексиканың
кейбір бірліктерінің белгілі бір кезеңде қоғамда белгілі бір идеологиялық
мәнді жеткізу мақсатында саясиланып терминдік сипат алады. Мұны
төмендегідей көрсетуге болады:
саясиланбаған бейтарап сөз = қоғамдық-саяси лексика элементі = қоғамдық
= саяси термин.
Құн сөзі де тілімізде бұрыннан бар, бір кездерде көнерген сөз, қазір
активтеніп, терминге айналғанын оның тіркесімділік қабілетінің артқанынан:
теңгенің құны, теңге құнының төмендеу, валюта құнының өсуі, құндылықтар,
құнды баға құнды қағаздар рыногі және баға, бәс, нарықтардың беретін
шеткері мәндерін де қамти алатындығынан байқауға болады: заттың бағасы =
заттың құны = заттың бәсі=заттың нарқы; құнды қағаз = бағалы қағаз
валюта бағамы, = валюта құны, т.б.
Бұл келтірілген мысалдарда қоғамдық-саяси терминдер төл тілдік
элементтер негізінде қалыптасқан екінші атаулар.
Қоғамдық-саяси лексикаға жататын сөздердің жалпыға ұғынықтылығы
оны терминологиялық сферадан гөрі жалпықолданыстағы сөздерге жақындатады,
әрі бұл олардың айтарлықтай ерекшелігін танытады. Жалпы әдеби тілдегі
(барлық стильдердегі), сондай-ақ публицистикадағы қоғамдық-саяси
лексиканың көпшілікке ұғыншықты болуы - газеттер арқылы тарайтын үгіт-
насихат пен ақпараттар тілінде қолданылуына байланысты дер едік. Газет
беттерінде жиі әрі үздіксіз, өзгеріссіз қолдануы барысында кейбір атаулар
тіпті идеографиялық сипат алады. Мысалы, Президент, мемлекеттік хатшы,
премьер-министр дегенде көз алдымызға жеке тұлғалардың елестеуінің өзі -
сөзіміздің дәлелі.
Қоғамдық-саяси лексиканы жалпыгазеттік төл лексикаға жатқызуымызға
басты себептің бірі - оған тән әлеуметтік бағалауыштық сипат болуында.
Қазіргі кездегі қоғамдық-саяси лексика құрылымы мен жүйесінде
ядролық-перифериялық өзгерістер, жаңа қолданыстардың пайда болуына
17
Қазақстан Республикасының егемен ел болуымен тікелей байланысты. Қоғамдағы
аса ірі ауқымды өзгерістер біраз тілдік фрагменттерді ығыстырып,
өзгелерінің енуіне түрткі болуда.
Бүгінгі күні нарық, ұлт, егемендік сөздері қоғамдық- саяси лексиканың
ядросын құрайтын белді сөздер қатарында. Осы лексемалар арқылы тілімізге
ондаған басқа да сөздер енді, әралуан сөздер семалары активтенді. Мысалы,
нарық=нарықтық экономика, нарықтағы баға, нарықтық бәсекелестік; финанс=
несие = қарыз = қаржыландыру=мемлекеттік қаржыландыру= инвестиция;
коррупция= ұйымдасқан жемқорлық = сыбайлас жемқорлық; салық =
мемлекеттік салық = салық полициясы =кеден салығы; бюджет = қазына =
бюджеттік мекемелер; ақылы оқу = грант алу = мемлекеттік тапсырыс бойынша
дайындау (оқыту) = несиелі оқу; ұлт = ұлтжандылық = шыншылдық;
тәуелсіздік =дербестік = егемендік, т.б. Бұл сөздердер жоғарыдағы тілші
Г.Я. Солганик көрсеткен көпшілікке ұғыныңқылығымен және әлеуметтік
бағалауыштығымен ерекшеленетінін байқаймыз.
Мысалы, егемендік сөзінің семантикалық өрісі де осы әлеуметтік
бағалауыштықтың негізінде ұлғайған. Бір кездердегі жергілікті ерекшелік,
үй егесі тұлғасында қолданылатын сөз әлеуеттілік танытты, қоғамдық
құбылыс атауына айналды. Егемендікпен бірге тілімізге егемен ел, егемен
Қазақстан жаңалық болып енсе, кеден, кеден қызметкерлері, кеден салығы,
тәуелісіздік, тәуелсіздік туы, тәуелсіз мемлекет, Ата заң, ұлттық ой-сана,
ұлттық менталитет, ұлттық ерекшелік, ұлтжандылық, ұлтаралық достастық,
ұлтаралық татулық, т.б. сөздер мен сөз тіркестері номицациялық атауларға
айналып отыр.
Сондай-ақ, нарықтық экономика дүниеге әкелген сыбайлас жемқорлық,
бәсеке, бәсекелестік орта және кіші жекешелендіру, оңтайландыру, сырқат
кәсіпорыңдар, кешеңді сауықтыру, кәсіпорынды сауықтыру (востановление),
бизнес, шағын және орта бизнесті қолдау, концерн, корпорация, қазыналық
кәсіпорын, ірі кәсіпкер, ырықсыздандыру механизмі, фискальді органдар,
экономика, блок, кредитор сынды сөздер қоғамдық-саяси лексика қорын
молықтырған, сөздік қатарды сан жағынан көбейткен лексемалар.
Енді қоғамдық құбылыс ретінде танылып, бүгінгі күні актив қолданылатын
коррупция - сыбайлас жемқорлық тіркесінің қалыптасу жолына назар
аударып көрейік:
Коорупция - в буржуазных странах: подкуп взятками, продажность
должностных лиц, политических деятелей (Ожегов С.И. Словарь русского
языка. М., 1986, С. 256).
Жемқорлық зат.
1. Жемпаздық; менжейлік;
2. Ауыс. Біреудің еңбегін жегіштік, парақорлық (КТТС, 4-том, 77-бет);
Сыбайлас - 1. Шектес, көршілес
2. Ауыс. Ымы-жымы бір, бір-бірімен тығыз
байланысты, ауыз жаласқаи (ҚТТС, 8-том, 436-бет). Байқағанымыздай, бұрын
сыбайлас жемқорлық қоғамымызға жат құбылыс ретінде танылғандықтан,
түсінігіміз бен тілдік қолданыста мүлде аз, өзге қоғамдық ерекшелік болып
саналған
18
ұғым.Соңғы жылдары бұл коорупция сөзінің калъка-балама түрінде аударылып,
тіркес күйінде тілімізде орныға бастады, тіпті нормаланып, терминдік мәнге
ие болды Бұрын қолданыста болмаған жаңа түсінік үшін сыбайлас және
жемқорлық сөздерінің негізінен ауыспалы мәнді компонеттері бірнеше
мағыналық сатылай қолданудан өтіп барып, пайдаланылады. Қазіргі кезде бұл
сөз семантикалық жағынан нормаланып, терминге айналып отыр.
Коррупция терминінің камтитын ұғымдық аясы:
■ араағайындық;
■ пара алу;
■қымбат қызметтер көрсету;
■тегін сапарлар ұйымдастыру;
■қызметі үшін заңсыз сыйақы алу;
■ақша беруге мәжбүр ету;
■қызметтік құпияларды жария ету және сату;
■азғыратын адамға қымбат сыйлықтар беру;
■ тегін емдету;
■тегін демалдыру;
■уақытын көңілді өткізуге жағдай жасау
Тілімізде осы ақпаратты түгел қамтитын атау қажеттілігі туды. Оған
балама сөз табу үшін тілімізде бұрыннан бар жемқорлық сөзінің ауыспалы
мәндегі біреудің еңбегін жегіштік, парақорлық және сыбайлас сөзінің
ауыспалы ымы-жымы бір, ауыз жаласқан семалары мен соңғы сөздің қатар,
көршілес семасы таңдалынып алынған. Түсіндірме тәсілін пайдаланып аудару
арқылы алғашқы кездерде ұйымдасқан жемқорлық қолданысқа ұсынылғанымен,
тілде тұрақтап тұра алмады. Өйткені, ұйымдасқан сөзінің өзі жағымды
мәнді. Ал сыбайлас, жемқорлық сөздерінің о бастағы мәнінде жағымсыздық
реңк доминант болғандықтан, жоғарыда келтірілген ақпаратта ортақ сема
сыбайласа әрекет ету арқылы заңсыздық жасау, жеу болғаңдықтан, ұлттық-
этникалық ерекшелігі басым (сыбайластар, сыбайлас ұрылар, сыбайлас
барымташылар) сыбайлас лексемасының алынуы аса ұтымды болған.
Жаңа ұғым атауы ретінде бұл терминиің тілдік айналысқа түсуінің,
бірден бір белгісі ретінде синтагмалық байланыстардың артқанын айтуға
болады:
-сыбайлас жемқорлық түсінігі; сыбайлас
-жемқорлық көрінісі;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру;
-сыбайлас жемқорлық көріністерімен ымыраға келмеу, т.б.
Аталған терминдік мәндегі тіркеске қатысты айта кетер тағы бір
ерекшелік сыбайлас, сыбайластық компонентінің жеке-дара терминдік жүгі
бар тіркестер қалыптастырудағы әлеуеттілік дер едік: Сыбайлас жемқорлық
өмір нормасына айналып кеткен дамыған елдердің қылмыстық кодекстері мен
басқа нормативтік құқықтық актілерінде
19
құқық бұзушылықтың сыбайлас әрекеттеріне көп орын беріледі (ЕҚ.,
10.10.2010); Сыбайластық қатынастардың саяси қырлылығына байланысты
заңдардың едәуір блогын оның ішінде қаржылық, әкімшілік, еңбек, қылмыстық
іс жүргізу, салық, кеден блоктарын жаңарту қажет болады (сонда);
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік аппараттағы қызметкерлерге қарсы
ел сыбайластықтың орын алуының түп-тамыры бағытталуы тиіс (сонда);
Құқық қолдану практикасъи сыбайластықпен күреске байланысты қабылданатын
шаралардың ішінде бұл мәселе басымдыққа ие екенін атап көрсеткен жөн
(сонда). Соңғы екі мысалдан байқағанымыз сыбайластық сөзінің сыбайлас
жемқорлық тіркесінің орнына қолданыла беретіндігі. Мұның өзі әлі де болса
қоғамдық-саяси терминге айналуда тілдік элементтің мағыналық құрылымының
бір бөлігі ретінде сыбағалас, сыбайластың, олардың мағыналық
компонентіндегі белгілі бір мәннің басымдау түсіп жатқанын аңғартады.
Қоғамдық-саяси лексиканың коррупция=сыбайлас жемқорлық; конкуренция
= бәсеке; налог = салық; инвестиция= қаржыландыру; рынок = нарық;
миграция = көші-қон, диаспора, оралман, экономиканы сауықтыру сынды жалпы
қолданысқа түсе бастаған лексемалары оның құрамында болып жатқан
өзгерістерді, тілдік инновацияларды көрсетеді. Оның ішінде құрылымдық
инновациялар ретінде тіліміздегі қолданыс жиілігі аз, пассив саналған
лексемалардың: бәсеке, сыбайлас жемқорлық, нарық, нарықтық экономика, көші-
қон, оралман, теңге құнсыздығы, бағам, айырбастау бағамы, баға, кәсіпкер,
әлемдік сауда ұйымы, нарық механизмі, биржы базары, қор рыногі, ішкі
инвестиция саясаты, бюджеттік мекемелер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық
аудит, табиғи бәсекелестік, табыс декларациясы, корпорация, жеке меншік,
жеке меншік иесі, күйзеліс, девалъвация, кредит, кредитор, салық, шаруа
қожалығы, оңтайландыру саясаты, десте (пакет), зейнетақы жәрдемақы, жаңа
өндірістік саясат, т.б. ондаған сөздер мен тіркестердің қолданыс жиілігінің
артқанын, активтенгенін аңғаруға болады. Мысалы, Уақыт үрдісіне орай жеке
шаруа қожалығына шығуға өтініш жазып, жұбайымыз екеумізге тиесілі 3 гектар
жерді алып, күздік бидай салып қойдым (Ж.А, 17. 11.2009); Мамандардың
пайымдауынша, қаржы дағдарысының Қазақстанға қадам баспауын мына жәйттар
қамтамасыз ететін көрінеді: біріншіден, қаржы-несие саясатымыз Ресейдегі
жүйеден ерекше, яғни, бізде үзілді-кесілді қатып қалған айырбастау бағамы
жоқ, ал бұл дегеніміз ресми бағаны әдейі көтергісі келетін спекулянт-
инвесторлардың әрекетін жоққа шығарады (ЖА., 10.09.2009); Сүт зауытын қосу
оның кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамы (Е.Қ., 18.03.2009); Расында
Қырғызстанның әлемдік сауда ұйымына мүше болуын Қазақстан да жақтап отырған
жоқ (ҚЕ., 05.03.09); Қалай болғанда да қазіргі қиын кезеңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Газет тілінің ерекшелігі
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Публицистикалық стиль
Стилистика ғылымы
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Саяси тілде сөйлеу
Пәндер