Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1 Депозит түсінігі және олардың түрлері . . . 6

1. 2. Банктік депозиттердің классификациясы . . . 12

1. 3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері . . . 16

2. «АТФ Банк» АҚ мысалында депозиттік операцияларды талдау

2. 1 «АТФ банк» АҚ қаржылық қызметінің экономикалық сипаттамасы . . . 22

2. 2 Банк қызметіндегі қаржылық көрсеткіштері . . . 26

2. 3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын талдау . . . 37

3. Екінші деңгейлі банктерде депозиттік саясатты жетілдіру жолдары.

3. 1 Депозиттік саясатты жетілдіру жолдары . . . 43

3. 2 Шетел тәжірибесінде депозиттерді кепілдендіру және еліміздегі кепілдендірудің жаңа шарттары . . . 47

3. 3 АҚ «Қазақстан АТФ Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары . . . 55

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Қосымшалар

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кез - келген мемлекеттің экономикасының дамуы депозиттерді инвестициялауға тиімді ауысуымен тығыз байланысты. Дамыған және жеткілікті тұрақты экономикаларда көптеген әдістердің көлемінде әрбір азамат өзінің депозитін орналастыра алады.

Азаматтардың талғамына байланысты бұл қаражаттың тәуекелді депозиті болуы мүмкін, бірақта жоғарғы табысты немесе керісінше төмен кірістермен орналастырылады. Инвестицияланатын қаражаттардың негізгі түрлері: банктік жүйеде немесе басқа да қаржылық мекемелерде мүмкіндігінше депозиттердің орналасуы; мемлекеттік жоғарғы пайдалылықпен бағалы қағаздарды сатып алу; кәсіпорынның барлық акцияларын мүмкіндігінше алу болып табылады.

Бұл қызметтің әрбір түрі қаржылық нарықтың жеке жеткілікті сегменттерінде жүргізіледі (мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы, депозиттер нарығы, валюталық нарық және т. б) . Жиынтықтағы барлық қаржылық нарықтың бұл сегменттері ірі ақша ағымдарына экономикадан шығып кетуге мүмкіндік бермей отырып, ішкі салымдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік тәжірибемен салыстырғанда Қазақстанның коммерциялық банктерінен тартылған қаражаттың жалпы көлемінде тұрғындардың депозиттік үлесі Жапония мен АҚШ - та, Батыс Еуропа мемлекеттеріне қарағанда өте төмен болды, яғни 20 % жуығын ғана құрады. Республиканың тұрғындары отандық банктік жүйесінің тиімділігін және сенімділігін жоғалтты. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің бөлшектенген клиенттерінің депозиттік портфеліне кері әсер етуі кәсіпорындардың және мекемелер тұрғындарының еңбекақы төлеумен шығындар, сонымен бірге өндірістің төмендеуімен байланысты мемлекетте ауысу кезеңінің қиынтығымен, Орта Азиямен Ресейдің қаржылық тапшылықтың нәтижесін көрсетеді. Бұл факторлар әрине тартылған депозиттердің көлеміне әсерін тигізуі мүмкін.

«АТФ Банк» АҚ банктің Үкіметінің бекіткен өкімі бойынша депозиттік операциялардың басқарылуымен жүргізу тәртібін өңдейді. Депозиттік операция алдын ала қызметтің қорытындысы бойынша ең жоғарғы сыйақы алуды және банктің қаржылық активтерінің пайдалылығын қолдау мақсатында ақтивтік операциялармен үйлестіріліп, баланстандырылған - банктің пасивттік операцияларын басқару және пасивтерін тартуына бағытталған. АТФ Банк өзінің депозиттік қызметінде төменде көрсетілген депозиттердің топтарын басқарады. Жеделдігі бойынша қаражаттар 1 жылға дейін қайтару уақытымен қысқа мерзімде топтастырылады; орташа мерзімде 1 жылдан 5 жылға дейін топтастырылады. АТФ Банктің салымшыларының дәрежесі бойынша депозиттерді топтастыру кезінде жеке және заңды тұлғалардан қабылданатын депозиттер ерекшеленеді.

Әрбір жағдайда да банк барлық дәрежелі клиенттермен депозиттік салым туралы келісім шарт жасайды, онда екі жақтың міндеттерімен құқықтары, депозиттерді орналастырумен пайыздарды төлеудің шарттары шектеледі. Сонымен қатар, «АТФ Банк» АҚ - ның салымдарды кепілдендіру Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру міндетін коммерциялық емес мекеме болып табылатын «Қазақстанның жеке тұлғаларының депозиттерін сақтандыру қоры» жабық акционерлік қоры жүзеге асырады.

Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Қазақстандағы ипотекалық несиелеуд жағдайын зерттеу барысында ипотекалық несиенің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Екінші деңгейлі банктерде ипотекалық несиені ұйымдастыру жұмыстарына зерттеу жүргізген Ғ. С. Сейітқасымов Ғ. С., Мақыш С. Б., Ильясов К. К., Зейнельгабдин А. Б., Мельников В. Д., Рафалович Л. А., Долан Э. Дж., Шарипов К. А., Худяков А. И., Юрченко Т. В., Лаврушина О. И., Ефимова Л. Г. сияқты беделді экономистер зор үлес қосқан.

Дипломдық жұмысымның мақсаты - депозиттік операциялардың маңызын ашу, оның Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы негізгі рөлі мен орнын, қазіргі уақыттағы шарттарда «АТФ Банк» АҚ мысалында Қазақстан Республикасының банктерімен жүргізілген операцияларды талдау және оған мінездеме беру, қазіргі таңдағы депозиттер нарығымен таныстыру, сонымен қатар дүниежүзілік тәжірибені кепілдендіру әдісімен депозиттік нарықтың болашақта топтастырылудың ұсыныстарымен жарналарын қарастыру.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері :

  • депозиттік опреацияның теориялық негіздерін зерттеу;
  • екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатты ұйымдастыруға толық түсінік беру;
  • Қазақстанның және шетел елдердің екінші деңгейлі банктерінің депозиттік саясатты ұйымдастырудың маңызы мен артықшылықтарын ашу;
  • екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатты ұйымдастыру механизмдерінде талдау жасау;
  • «АТФ банк» АҚ-ның депозиттік саясатты ұйымдастыру қызметіне талдау;
  • Қазақстан Республикасының депозиттік саясатты механизмін жетілдіру жолдарын өндеу;

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «АТФ банк» АҚ мысалында депозитті ұймдастыруды талдау және жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде отандық және шетелдік авторлардың оқу құралдары, монографиялары, баспасөз қаржылық ақпараттары, ҚР «Депозиттеу» туралы заңы, «АТФ банк» АҚ бухгалтерлік балансы, интернет сайт мәліметтері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет аткаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің депозиттің саясатын ұйымдастырудың басты әдістері, оның одан әрі даму жолдарын табу және зерттеу, және оны «АТФ банк»АҚ-да тәжірибелік қолдану.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы: Қазақстанда депозиттік операцияларының дамуы мемлекеттің ішінде тартылған қаражаттардың маңызды ұлғаюына әрекет жасағанда тиімді басқару кезінде қаржылық нарықтың динамикалық сегментін қолдайды. Депозиттік операциялардың негізгі мәселесі батыс экономистерімен қаржы мамандарымен жеткілікті тереңдетіліп зерттелді; мекеменің және депозиттік нарықтың дамуын басқарудың негізгі әдістемелік мәселесі. Қазақстан Республикасының заңнама актілерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің шарттары «АТФ Банк» АҚ - ның қаржылық құжатының көрсеткіштері, интернет мәліметтері, сонымен қатар қазақстандық және шетел авторлардың ғылымы еңбектері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.

Бірінші бөлімде ипотекалық несиелендіруді ұйымдастырудың теориялық негізі, ипотекалық несиелендірудің мәні мен маңызы, екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық несиенің формалары және Ипотекалық несиені ұйымдастыру барысындағы отандық және шетелдік тәжірибелер жайында көрсетілген.

Екінші бөлімде «АТФ банк» АҚ-ның ипотекалық несиелендіруіне, қаржылық көрсеткіштеріне, ипотекалық несиелендіру саясатына талдау жасалды. Қазақстандағы ипотекалық несиенің қазіргі мәселелерімен толықтырылды.

Үшінші бөлімде жаһандық дағдарыс жағдайында депозиттік саясаттың ұйымдастыру проблемалары мен даму болашағы қарастырылды.

Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1 Депозит түсінігі және олардың түрлері.

Банктік депозит (латынан depositum- сақталуға берілген зат) - бұл банкке клиеттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Казахстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың- салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды .

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.

Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар:
  • Басқа да тұлғалардан алынған несиелер;
  • Депозиттік операциялар.

Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез - келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұсынады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

  • депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозитердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
  • депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
  • депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн [7; 26 б] .

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті орган өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттік операциялар төрт топқа бөлінеді.

  • талап етілмелі депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • мерзімдік депозиттер;
  • бағалы қағаздар.

Бірінші топ - талап етілмелі депозиттер, олар сондай - ақ чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісім шарт жасалады. Чектік депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқық беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігі мен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, онда банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан бас тартады.

Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
  • ақша шоттан қолма - қол түрде, сондай - ақ чектер көмегімен алынуы мүмкін;
  • шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
  • Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттер мен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы [7; 35 б] .

Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент - біріңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай - ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т. б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз - ақ банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.

Талап ету депозитіне сондай - ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт - банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықталған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығын кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.

Талап ету депозитінің басқа бір түрі - нау - шоттар - пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау - шоттар - бұл қолма - қол ақшаны қолдану шоты, оларды ашу қызметтер кешені ұсынады.

Депозиттік шоттардың келесі түрі - автоматтық аудару шоттары. (АТS - шоттар) . Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттарда ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздарды алуға мүмкіндік береді [10; 26 б] .

Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер - банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көптеген осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудағы осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттар мен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шектен асатын кез - келген ақша сомасынан шотты «тазартады» (немесе оларды аударады), оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып алу туралы мәмілеге, яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.

Көптеген банктер өздерінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді. Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай - ақ банктік қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді ұсынады [10; 38 б] .

Депозиттің келесі тобы - жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты түрі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдай туралы жазбасы бар шоттар, сондай - ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.

Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.

Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
  • банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
  • шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
  • салым несиенің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
  • шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.

Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттары жинақ кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.

Ақша нарығының депозиттік шоттар алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.

Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:

  • бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
  • салымда ақша нарығында депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
  • бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етуге құқылы;
  • осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;
  • бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;
  • банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады;
  • егер салымшылар - корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті [11; 26 б] .

Кең тараған топтардың бірі - мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз алады және салым салымшыға алдын ала көрсетілген мерзімде қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалынады (4, 5 - қосымша) . Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:

  • 30 күннен 89 күнге дейін;
  • 90 күннен 179 күнге дейін;
  • 180 күннен 359 күнге дейін;
  • 360 күннен жоғары.

Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын хабарланған салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның мерзімі келісімде көрсетіледі. Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшер белгіленеді. Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістерді ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебінен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы. Депозиттердің төртінші тобы - бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді: Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.

Депозиттік сертификат - эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша күәлік [12; 62 б] .

Депозиттік сертификат - кірісі бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айрысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай - ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну - цессия, ол депозиттік сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді: өз құқын ұсынушы тұлға - цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай - ақ өкілетті тұлғалар аты - жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді.

Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:

  • жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенде банкке ұсынылады;
  • жолданатын - екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі мүмкін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
Коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасуы
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Несие берудегі несие саясаты
Коммерциялық банктердің депозит операциялары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТIК САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКI АҚ МЫСАЛЫНДА
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері депозиттік саясаттың объекттері
Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz