Жазушы және өмір шындығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-6
І ЖАЗУШЫ ЖӘНЕ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
1. 1. Романның шығармашылық тарихы . . . 7-28
1. 2. Романның тақырыптық - идеялық өрісі . . . 28-34
ІІ ЖАЗУШЫНЫҢ «ҚАРҒЫН» РОМАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК
ҚҰРЫЛЫМЫ
2. 1. Романдағы образдар жүйесі . . . 35-46
2. 2. Дулат Исабеков шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі
монологтар мен автордың тілдік шеберлігі . . . 47-53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54-56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57-58
КІРІСПЕ
Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Талантты жазушы, әрі драматург. 1966 жылы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1967-68 жылдары телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор болып қызмет атқарады. 1968-70 жылдар аралығында қазақ кеңес энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор болып істейді. 1971-76 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1980-88 жылдары Мәдениет министрінде репертуарлық-редакциялық коллегиясының бас редакторы болып істейді. Бірер жылдан кейін қазақ телевизиясының бас директоры. 1992-96 жылдары «Жазушы» баспасының директоры қызметін атқарады. 1998 жылдан Қазақ мәдениеттану және өнертану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалады. Алғашқы «Жолда» деген әңгімесі 1963 жылы жарияланды. Кейін 1966 жылы «Бекет», 1969 жылы «Ащы бал», 1970 жылы «Мазасыз күндер», 1973 жылы «Қара шаңырақ», 1975 жылы «Тіршілік» атты повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» романы жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып «Полынь», «Отчий дом», «Смятение», «Новоселье в старом доме» деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, чех тілдерінде жарияланды. Исабековтың «Редактордың қабылдау күндері», «Әпке», «Ертеңгі күту», «Мұрагерлер», «Алыстан келген ананас», «Кішкентай ауыл» т. б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. «Гауһар тас», «Дермене», «Тіршілік повестері бойынша көркемдік фильмдер» түсірілді. «Ай-Петри ақиқаты» атты повестері мен әңгімелері жинағы үшін 1992 жылы Қазақ Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Жазушының шығармашылық даралығын, оның көркемдік тәсілдерді қолдануындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды саралап, туындылардағы мазмұндық бірлік пен түрлі ерекшеліктер үйлесімін, көркем прозадағы кейіпкердің ішкі жан сезімін беру тәсілдерін дамытуға қосқан үлесін, оның шығармаларындағы замандас бейнесін ашу, образ сомдау, жалпы қазақ прозасына қаламгер әкелген әдеби жаңалықтарды айқындауға бағытталған.
Зерттеу жұмыстың міндеттері. Қазіргі қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орны бар жазушы Д. Исабеков прозасының ерекшелігін айқындау, қаламгердің шеберлік қырларын, оның шығармашылық лабораториясын зерттеу, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі психологиялық иірімдерінің көріну формаларын зерделеу - бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы міндеттерінің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Д. Исабеков прозасы қазақ әдебиетіне соны кейіпкерлер, қайталанбас типтер мен характерлер, әсіресе қарапайым ауыл адамдары образдарының тұтастай галереясын әкелді. Жазушы шығармашылығы жөнінде құнды пікірлер айтылып, сыни мақалалар көптеп жазылды. Жазушы шығармаларының жанрлық ерекшелігі, сюжеттік-композициялық құрылымы, стилі, ондағы кейіпкерлердің адамгершілік сана табиғаты, көркем уақыт пен кеңістік проблемалары, авторлық позиция және тағы басқа да мәселелер М. Хамзин, Т. Есембеков, М. Қанафина, С. Таханов, А. Таңжарықова, Ж. Мауытова, және т. б. еңбектерінде жан-жақты талданды. Д. Исабеков шығармашылығына байланысты зерттелген біршама диссертациялық жұмыстарды атап өтуімізге болады. Мәселен, Д. Неталиева «Д. Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаты» атты зерттеу еңбегінде Д. Исабеков повестеріндегі ұлттық мінезді әдеби дәстүр мен жалғастық аясында анықтап, талдаған. [1, 1] Қ. Хамзинаның «Қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік» атты диссертациялық еңбегінде уақыт пен кеңістікті кескіндеу барысында 60-80-жылдардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерімен бірге Д. Исабековтың де бірталай шығармаларындағы адам концепциясына көңіл бөлген. М. Қанафина «Проблемы творческой индивидуальности Д. Исабекова» деген еңбегінде жеке тұлға мен жағдай арасындағы тартыс, жеке тұлға мен қоғам арасындағы тартыс жайында сөз етіп жазушының «Қарғын» романына осы тұрғыдан және ұлттық характердің берілуі тұрғысынан келіп, жан-жақты саралаған. [1, 2] Ж. Жарылғапов «70-80-жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы» атты диссертациялық жұмысында жазушының бірқатар шығармаларына экстенциализм тұрғысынан баға берген.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Зерттеу нысаны ретінде Д. Исабековтің «Ескерткіш», «Талахан-186», «Есепшот, түйетауық және домино», «Шойынқұлақ», «Қара шаңырақ», «Кемпірлер», «Шалдар», «Тыныштық күзетшісі», «Ақырамаштан наурызға дейін» атты әңгімелері, «Гауһар тас», «Пері мен періште», «Тіршілік», «Сүйекші», «Өкпек жолаушы» сынды повестері мен «Қарғын» романы тағы басқа туындылар алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Дипломдық жұмысты жазу барысында осы тақырыпқа қатысы бар еңбектер мүмкіндігінше қарастырылды. Атап айтқанда С. Қирабаев, М. Қожахметова, А. Таңжарықова, Ж. Мауытова, Б. Ергөбек, Қ. Құрманғали, Р. Нұрғали, З. Қабдолов, Ш. Елеукенов, Б. Майтанов, Қ. Хамзина, Д. Неталиева, Р. Бербібай, С. Асылбеков және тағы басқа ғалым, жазушылардың ой-тұжырымдары басшылыққа алынып, зерттеу тақырыбымыздың мақсатына орай пайдаланылды. Кейбір орыс әдебиеттанушылардың да қажетті пікірлері мен зерттеулері қарастырылып, ғылыми жұмысыма да мүмкіндігінше пайдаланылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазу барысында негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы. Бұл зерттеу Дулат Исабеков шығармашылығын арнайы қарастырған ғылыми еңбек болғандықтан, суреткер шеберлігіне, оның өмір шындығын толыққанды көркем бейнелермен жеткізу бағытындағы ерекшеліктеріне басты назар аударылды. Өйткені талантты суреткердің шығармалары қазіргі кезеңнің әдеби-қоғамдық беталысын бейнелеуге ұмтылған шығармалар болып табылады. Әсіресе сөз зергерінің шығармаларында өмір шындығын таныту, сол дәуірдегі замандас бейнесін ашу арқылы дәуір келбетін көрсету, сол сияқты ұлттық психология, әйел кейіпкерінің ішкі жан әлемін бейнелеудегі көркемдік әдістері зерттеу жұмысымның негізгі жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы әдеби процесті зерделеу - күрделі де көп қырлы құбылыс. ХХ ғасыр аяғындағы әдебиет, оның ішінде 60-80-жылдар прозасының хал-ахуалы туралы пікір айту, әрине, іштей қайшылықтарға толы. Осы кезде әдебиет әлеміне келген, өндірте жазған, туындыларымен қоғамға серпіліс әкелген жазушылар шығармашылығына баса назар аудару қажет. Д. Исабеков шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы, композициясы туралы бағалы пікірлер айтылғанымен, прозалық туындыларындағы замандас бейнесін ашу жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта қарастырылмады. Жазушының туындыларын психологиялық тұрғыдан бағалау, шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан дүниесінің иірімдерін бейнелеу тәсілдерін, оның ішінде қазақ халқының ұлттық менталитетіне тән өзгешелікті ашып көрсету, шығармаларын зерттеу барысында замандас бейнесін ашу сияқты мәселелер жұмысымның өзегі болып табылады.
І ЖАЗУШЫ ЖӘНЕ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ.
1. 1 Романның шығармашылық тарихы.
Кез келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны ақиқат. Қазіргі таңда, қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі - Дулат Исабеков.
«Дулат Исабеков - әйелдің ішкі жан иірімдерін суреттеуде өзіндік соқпағын салған суреткер. Уытты да қарапайым тілмен жазылған қысқа да жинақы шығармаларында ол әйел кейіпкерлерінің жан дүниесіне бойлай отырып, оның кәусар бұлақтың сылдыры секілді өзгеше күйін шертуге талпыныс жасайды. Оның әрбір туындысындағы әйел бейнесі (мейлі ол қыз бала, ана, кейуана) өзіндік рухани тазалығымен құнды. Әйел бойындағы адамдық қасиетті биік шыңға көтере отырып, оның арманы мен мақсатын білуге ұмтылады. » - дейді жас ізденуші ғалым А. Таңжарықова. [1, 12] .
«Қаламгердің шығармаларында социалистік идеологияның басты міндеттерінің бірі - орыстану, қазақша ойлаудан, сөйлеуден бас тартқызу екенін әшкерлейтін эпизодтар байқалып қалады. Әңгімелері нақ кеңестік заман тұсында өмірге келгенімен, парасатты жазушы тілден айырылған ұлттың бірте-бірте өзіндік ұлтқа тән мінез-құлықты жоғалтқанын ерте сезініп, астарлы юмор арқылы осы мәселені көтере білді». [1, 9] .
Дулат Исабековтің уытты да тартымды тілмен жазылған қысқа әңгімелерінен 60-жылдардағы «жылымық» тұсындағы ой еркіндігін, сөз бостандығын байқауға болады. Шынында да, Д. Исабеков шығармаларының, әсіресе, оның әңгіме жанрындағы жазылған туындылары өзі өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығын шынайы көрсете алғандығымен құнды.
«Әрбір дәуір әдебиетіне тарихи құбылыстар мен үрдістерге негізделген өзіндік ерекшелік, өзіндік стиль, өзіндік бағдар тән. 60-80 - жылдардағы қазақ прозасы халықтық сөз өнері мен қазіргі заманғы роман дәстүрінің синтезінде қалыптасып дамыды. Осы кезеңдегі қаламгер шығармаларына арқау болатын тақырыптар аясына - заман көрінісі, замандас бейнесі, табиғат қорғау мәселесі, ауыл адамдарының боямасыз шынайы бейнесі негіз болған. Міне, осындай өзекті мәселелер әдебиет әлеміне өзгеше ой-сезіммен, әлеуметтік күшімен келген жас жазушының бірі Дулат Исабеков шығармаларына да басты тірек болды, » - дейді А. Таңжарықова. [1, 90] .
Дулат Исабеков шығармалары - өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстарды өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген шыншыл туындылар. Суреткердің арнасынан асқақтамай, қысқа да жинақы адамгершілік, қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген.
Ізденуші ғалым Алуа Таңжарықова «Дулат Исабеков шығармаларындағы ұлттық таным» атты еңбегінде Дулаттың шығармашылығына мынадай баға береді: «Жақсы сомдалған кейіпкер бейнесі, қапысыз тартылған оқиғалар желісі, ең бастысы қоғамның әлеуметтік тіршілік-тынысын дөп басып айту сияқты сипаттар Д. Исабеков шығармаларына тән. Қаламгер өз оқырманының жан дүниесіне ене отырып, адам тағдыры, жұтаңдаған ұлт бейнесін аяусыз ащы мысқылмен қамшылап көрсетеді. Жазушының тағы бір ерекшелігі оның қай кейіпкерінің ісіне ішіңіз қынжылса да, жек көріп кетпейсіз. Өйткені Кеңес үкіметі тұсындағы өзіне танылған жаңалықтар жетегінде кетіп, өзінің кім екенін ұмытуға айналған аңғал да аңқау қазақтың тіршігіне реніштен гөрі жан ашу, жүрек ауыру сезімі басым. » [2, 2] .
Қазақ халқының өткен тарихи, жаңа қоғам тұсындағы рухани түлеуі - Исабековтің басты тақырыбы. Бірақ ол өзге тұрғыластары секілді тарихи оқиғаны мол қамтып, адам мінезін сол материал негізінде көрсетуді нысанаға алмайды. Керісінше, белгілі бір характерлер философиясымен келіп тарихқа халық болмысына барлау жасайды. Белгілі бір адам жанын зерттеу, қайғысы мен қуанышын әңгімелеу арқылы ол адам өмір сүрген қоғам шындығына шым бойлайды. Бүгін мен болашақ жайлы, жалпы тіршілік мәні туралы жазушы толғанысы сол мінез өзгешеліктері, кейіпкер тағдыры арқылы айтылып, ашылып жатады. Қоғамымыздың жалпы құрылымы, тыныс-тіршілігінің сипат түрі, басымыздан бақайшағымызға дейін індете енген формализм, шенге табынушылық, екі жүзді өмір, рухани қуыс кеуделік, адам баласының өзін-өзі қор етуі, ең бастысы адамшылық негізінен - тектіліктен ажыраудың көрініс-құбылыстары жазушының ащы әжуасы арқылы зерделенеді, бір-біріне жалғаса беретін, әрі бір-біріне бергісіз комедиялық жағдайлар жинақтала келе қоғаның трагикалық картинасын құрайды. » - деп жазады А. Таңжарықова. [2, 90] .
«Қазіргі әдебиеттегі замандас бейнесі деген тақырып - күрделі, терең зерттеуді, күллі жанрдың даму процесін, ізденістерін есепке ала отырып сөйлеуді керек ететін тақырып. Замандас бейнесі қаншалықты кесек, көркем, сенімді жасалып жүргенін анықтау, бұл саладағы жетістіктер мен олқылықтарды әрдайым талдап ашып, көрсетіп отыру жауынгер сынының парызы, » - дейді Р. Бердібай. [3, 142] .
Белгілі қаламгер Д. Исабеков туындыларында қашанда шынайы және жалған құндылықтар проблемаларын шеше отырып, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің мәнін, кәдімгі және қатардағы тұлғалардың маңызын айқындайды. Уақыттың тынымсыз алға өрлеуінің бір көрінісі - ғылыми-техникалық ілгерілеушіліктің шұғыл дамып, қалыптасқан өмір ағысының өзгертуі. Д. Исабеков те өмір өзгерістеріне орай алдына әлеуметтік-адамгершілік бастауларын зерттеп, ғылыми-техникалық төңкерістің адамның рухани әлеміне, қоғамның моральдық күйіне әсерін көрсетуді мақсат етті. Осы мақсат оны «Қарғын» романын жазуға әкелді. Жарық көрген бұл туынды кезеңде қалың оқырман қауымның зор ықыласына бөленген Д. Исабековтің «Қарғын» романы әдеби сын тарапынан салқындау қабылданды. Жазушы романда «замандас бейнесін» жасаудан гөрі нақты болмыстағы жеке тұлғаның рухани әлеміне көбірек үңіледі.
Романда бүгінгі адамдардың болмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, ой-мақсаты, арман-аңсары суреткер көзімен сараланған. Қазіргі өмір шындығы бұл шығармада сан қырынан көрінген. Романда заман қыртысын тереңнен қопара, замандастарымыздың бар кескін-келбетін ақиқат айнасында дәл көрсеткен татымды туынды екендігі шындық.
Қазіргі заман туралы ұғым романда қоғамдық қатынастардың бірнеше қабаттарын құрайды: оның ең биіктегі қабатынан еңбекші халықтан шыққан Көлбай, Теңге, Кенжетай секілді адамдарды көре аламыз, ортаншы қабатында аупартком хатшысы Қаратай, оның қызы Бағила, жеңгесі Мәлике, жазушы Жасын Мәдиев, төменгісінде Сәргел мен Тұрғат секілді тоғышарлар ортасы көрінеді.
Дулат туындылары риясыз таза ақиқат, бөгде қоспасы жоқ мөлдір ақиқат, өзі жасаған замандағы қазақ өмірінің айнасы. Ол айна халық болмысының сырт құбылысын, адамдардың сан алуан характерлерінің суретін түсіріп қана қоймаған, сонымен бірге өмірдің терең ағымдарын, адамдардың рухани бейнесін де тамаша түсіндірген. Ұлы өзгеріс, қоғамдағы түбірлі өзгеріс жылдарындағы қазақ қоғамының диалектикасын аша білген. Осы орайда ізденуші жас ғалым А. Мантаева былай дейді: «Жазушы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің шығармаларын оқыған сайын менің есіме Л. Толстойдың «Зерделі, білімпаз жазушының шығармаларынан адамның жаны, адам жанының күй қозғалысы мен диалектикасы мәңгілік екені, саясаттың өткінші екені сезіліп тұруы керек» деген жазбасы түседі. «Қарғын», «Тіршілік», «Сүйекші», «Гауһартас» - бәрі де социализм салтанат құрған кезеңде жазылған тамаша туындылар. Жазушы өз заманының қаһармандарын жазды, бірақ ол кеңестік дәуірді дәріптемеді. Дулат Исабеков шығармаларының құндылығы неде? Меніңше, адамның жаны, адам жанының күй қозғалысы мен диалектикасы мәңгілік екенін көрсете білгендігінде». [4, 3] .
Сонау ХХ ғасыр басында белгілі орыс ақыны А. Блоктың «Если не жить современностью - нельзя писать» деген тұжырымы біз зерттегелі отырған Дулат Исабеков шығармашылығын зерделеудегі басты қағида десек те, артық емес. Өйткені алғашқы әңгімелерінен бастап қазіргі соны шығармаларымен өз замандастарының ішкі сезімін, жан айқайын, қоғамның өзекті мәселелерін көрсете білген жазушы туындылары оқырманға ой салады. Заман қысымынан биік тұрған бөлекше туындылар жөнінде: «Әдебиеттің міндеті - адам баласына оның өмір сүріп, тіршілік етуінің бағыт-бағдарын айқындап, өз тұрғыластарының ішіндегі өзінің даралық мәнін сезіндіріп, қасаңдықтан қашыртып, тарихтың құрбандығына айналудан аман алып қалу», - деп жазады И. Бродский. [5, 130] .
Сонымен, тіршілік, адам өмірінің мәні, оның қоғамдағы орны, сан-қилы адам тағдыры, оның сенімі, сезімі, ақыл-ойы, күрес-тартысы - Дулат шығармаларының негізгі тақырыбы. «Тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. » [6, 156] .
Жазушы Д. Исабеков шығармаларының негізгі идеясы - кейіпкерлердің қоғамдағы нақты орнына, яғни өмірбаяндық нақты мәліметтерге, тіпті олардың бастарындағы дәуірлік өзгерістерге пәлендей мән де бермейді. Жазушы «кішкентай адамдардың», «қор болғандардың» тағдырын көркем әдебиет арқылы суреттеп, оқырманға жеткізуді мақсат тұтады. Д. Исабеков үшін кейіпкері, яғни қандай да адам, әлеуметтік иерархиясына қарамастан нақты болмыстағы жеке тұлға болып табылады.
«60-жылдардың ортасына таман сол кездегі «Лениншіл жас» газетінің екі-үш нөмірінде «Шойынқұлақ» атты әңгіме жарияланып, ә дегенде-ақ әдебиет құмар қалың оқырманды ғана емес, белгілі сөз зергерлері - қаламгер қауымын елең еткізген әңгіме авторымен танысу әркім-әркімге мұрат болуға айналған. Қилы пікір, талай қисын тудырған әңгіменің авторы . . . Д. Исабеков екен, » - дейді «Жусан иісі» деп аталатын Д. Исабеков шығармашылығы туралы мақаланың авторлары Оралхан Бөкей мен Шағатай Жаңабай. [7, 6] .
«Дулат Исабеков қаламынан осы «Шойынқұлақ» әңгімесінен кейін талай-талай әңгіме, повесть, пьеса, роман, мақалалар туды. Оқырманын ойлы, жинақы шымыр шығармаларымен баурап әкететін жазушы әдебиетке әңгімелерімен келді, » - дейді жас ізденуші ғалым Н. Базарбекова. [8, 89] .
Бүгінде соғыс жаңғырығы алыстап кеткенімен, оның адамдар жүрегіне түсірген улы жарасы әбден жазылып кетті деу қиын. Соғыс салған ауыр жарақатты - жан жарақатын өз көңіл көзімен көріп, санасында саралап, сол сын сағатта майысса да сынбаған, қайғының, қасіреттің теңізіне батып кетпеген қазақ халқының елдегі ерлігін, рухының беріктігін жан-жақты әрі жаңаша көрсеткен жазушылардың маңдай алдында, әрине, Д. Исабеков тұр. Мұны оның соғыс тақырыбына жазған шығармасы «Тыныштық күзетшісінен» айқын аңғаруға болады. Бұл бар тіршілік-тынысы майданға көмектесіп, ауылда қалған әйелдер мен қарттардың, ашөзек балалардың жеңіс деген жалғыз тілек жолында атқарған жанқиярлық еңбегін, олардың «қара қағаз» алып, қайғы мұңға бата жүріп те елдікті, адамгершілікті, адалдықты бәрінен де биік ұстап, ұлттың рухын сақтай білген қарапайым қазақтардың ішкі сезімін жарқырата ашып берген айтулы шығарма. Осыған орай Д. Исабековтің замандасы, қаламгер Қ. Құрманғали: «Соғыс жылдарындағы күлкіге сараң, мұңға жомарт қысталаң да ауыр шақтар туралы талай шығармалар жазылған. Алайда Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» хикаятының жөні бөлек. Әуелде әумесер, жынды Демесін атанған жігіттің - қан майданына миы зақымданып оралған кешегі жауынгердің өзі өлсе де жүрекке тастап кеткен өшпес ісі мен ізі қанша қайғы-қасіретке толы болса да, бұл өзі елдің ерлігін баяндайтын оптимистік трагедия, » - деп баға берген. [9, 319] .
Осы орайда Д. Исабеков «Пері мен періштесі» ойымызға оралады. Жазушының жан сырын, өмір-тіршілік туралы толайым толғаныстарын төгілдіре, жеріне жеткізе жазған осы бір шығармасы өмірдастанның өзгеше қырын, жаңа бір жырын толғаған туынды. Ерлі зайыпты екі адамның бақытсыз тағдырын баяндаған хикаят жан-дүниеңді дүр сілкінтіп, алмағайып арпалысқа түсіріп, тұңғиық ой теңізін кештіріп, адамдық ар мен адамгершілік парасат жөніндегі жайдақ түсінігіңді тереңдетіп, сана-сезіміңді байытып, тал бойындағы тым қараш, тым күйкі, тым саяз мінез қылықтарыңнан арылуға асықтырады. Түсінігіңнің төмендігіне, парасатыңның пайымсыздығына, ойыңның шолақтығына қараптан-қарап отырып қысыласың, өзіңнен-өзің ұяласың. Сөйте отырып, жан дүниең тазарады, адамшылық қасиетің асқақтай түседі» - дейді Қуанышбай Құрманғали. [9, 312] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz