Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОДАҚТАС РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ ЖЕРІН ЖАУДАН АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСУЫ
1. 1 Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы және соғыстың бірінші кезеңі 8
1. 2 Брест, Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері және Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың ерліктері 20
1. 3 Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдер мен құрамалар және қазақстандықтар Сталинград - Курск шайқасында 35
2 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ЖЕҢІСПЕН АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МАРАПАТТАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
2. 1 Соғыс жылдарында Қазақстандағы әскери өнеркәсіптің кешенді дамуы және Қазақстан еңбекшілерінің ерлік еңбегінің нәтижесі 49
2. 2 Қазақстандықтардың одақтас республикалардың жерін азат етуі және екінші дүниежүзілік соғыс салдары мен соғыстың жеңіспен аяқталуы 57
ҚОРЫТЫНДЫ 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 - 1945) - тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: фашистік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония тұтандырды. Ол капитализмнің жалпы дағдарысының екінші кезеңінде империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен басталды. 1929 - 1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс капиталистік елдерде саяси реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты. Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына келген герман фашизмі өз саясатымен, идеологиясымен герман монополистік капиталының дүние жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға ұмтылды. Расизмнің барып тұрған сорақы түрлерінің жиынтығы, агрессорлық «өмір кеңістігі» теориясы - фашизмнің негізіне арқау болды. Ол өзінің жауыздық мақсатына жету құралы тек күш көрсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы үшін қасиетті іс деп жариялады.
1933 жылы фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты. Халықаралық аренада Германияның, Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония «Антикоминтерндік пактіге» қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия қосылды.
Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта бөлісу және тауар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО - ны құртуды көздеді. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция өздерінің бірінші дүние жүзілік соғыстағы қарсыласы Германияның әскери - экономикалық қуатын жедел қалпына келтіруге көмектесе отырып, болашақ агрессияны Кеңес Одағына қарсы айдап салуға тырысып бақты. 1938 жылы наурызда Германия Австрияны басып алды. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтижесінде, Англия мен Францияның Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Кеңес үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау үшін коллективтік қауіпсіздік жүйесін құрып, агрессорларды ауыздықтау саясатын жүргізді.
Англия мен Франция үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп және Германияның одан әрі күшеюінен қауіптеніп КСРО - мен келіссөз жүргізді. Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт ұстауы салдарынан келіссөз сәтсіз болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау шартына келісті. Кеңес үкіметінің жүргізген дұрыс және дәйекті саясатының нәтижесінде, екінші дүние жүзілік соғыс Батыс державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз ішіндегі қақтығысынан басталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы дипломдық жұмысымның ғылыми жаңалығы көптеген әдебиеттерді қолдана отырып, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері есімдері аталмай көленкеде қалған ағаларымыздың ерлігіне тоқталдым.
Практикалық маңыздылығы. Ұсынылған дипломдық жұмыстын тақырыбы бойыша жалпы білім беретін орта мектептерде қазақстан тарихы бойынша тәрбиелік мақсатта, өз елінің түп- тарихын игеріп білу үшін, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту мақсатында қолдануға болады. .
Диплом жұмысының мақсаты. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, соғыс қарсаңы және соғыстың кезеңдерін толық ашып зерттеу болып табылады.
Міндеттері:
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептерін жайлы толық мағлұмат беру;
- Одақтас республикалардың жерін азат етуге қатысқан қазақстандықтар туралы нақты фактілер келтіру;
- Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы жайлы ғылыми тұрғыдан бағалау;
- Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен зардаптарын айтып өту;
- Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін нақты құжаттар арқылы мәлімдеу;
Зерттеу нысаны. Екінші дүниежүзілік соғыс, оның басталу, өрбу, аяқталу себептері. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы,
Зерттеудің пәні: Екінші дүниежүзілік соғыстың ерекшеліктері және қазақ халқына бұл соғыстың тигізген әсері.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері.
Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Қазақстандықтардың майдандағы көрсеткен ерлігі ұшан теңіз. Бұл жайында көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде атап өткен, Аманжолов, К. Р., Артемов А. П., Абдиров. М., Абильев. А. К., Мураден. В. А., Сулейменов. Б. С. т. б. Ал осы жылдары тыл еңбеккерлері дағы майдандағы жеңіске өз үлестерін қосты, бұл жайында Қасымбаев. Ж. Қ., Қозыбаев. М. Қ, Алдажұманов. Қ. Х., Галузо. П. Г., Нусупеков. А. Н, Тынышпаев, К. Н. т. б. көптеген еңбектерінде атап көрсетті. Қазақстандықтар майданмен тылда ғана емес жау тылындада көптеген ерліктер жасады Кузенбаев. А., Артықпаев. Ж. О., Шахов. Н. А. т. б. еңбектерінде жазылған.
Зерттеу әдістері. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуының тарихи сипаты. Оның мазмұны мен тарихи сипаты, ерекшеліктері қойылған міндеттердің шешімін айқындайды.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОДАҚТАС РЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ ЖЕРІН ЖАУДАН АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСУЫ
1. 1 Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы және соғыстың бірінші кезеңі
Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 - қыркүйектің 2, 1945) - дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 жылы фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Әділетсіздік негізінде құрылған Версаль - Вашингтон жүйесі 1929 - 1933 жылдары дүнижүзілік экономикалық дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады. Европада ірі копиталисттік мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті. Монополисттік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер әлемді қайта бөлуге бел байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы елдердің саны санаулы ғана болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп болуына қарамастан, олардың ой - пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі тыныштықты бұзып дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына Германия, Италия, Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген қарулы көтерілісте Жапония І - ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония Ұлттар Лигасынан шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді.
Қиыр шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік фашистік, ұлтшылдық, социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені, Европа дәл ортасындағы халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия төрағасы Гитлер өз еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын шырмаған Версаль - Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп, әлемді қайта бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық жариялады. Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО - ға қарсы соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті, Версаль шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру дәрежесіне келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету үшін, Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. 1936 жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып кірді. 30 жылдар ортасында Италия Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптарын ашық білдіре бастады[1] .
Италияның фашисттік диктаторы Муссолини Африка елдерін бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына «Берлин және Рим» белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония арасында одақ құрылды. 1937 жылы оларға Италия қосылды. Берлин, Токио, Рим одағы құрылды. 1937 жылы наурызда Германия әскерлері Австрияны басып алды. 1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция, КСРО мемлекеттері Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге қол қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ - ші дүниежүзілік соғыс басталды.
1939 жылы 1 қыркүйекте гитлершіл Германия Польшаға тұтқиылдан шабуыл жасап, Екінші дүниежүзілік соғыстың өртін тұтатты. Содан бері 70 жыл өтсе де, адамзат өзінің тарихындағы осынау қасіретті дәуірге қайта - қайта назар аударуда. Соғыстың қарсаңындағы жағдайға, оның басталуы мен аяқталуына, халықаралық қатынастардың соғыстан кейінгі дамуына байланысты көптеген жайттарға қайтадан ой жіберілуде. Тарихтың жекелеген беттерін түрліше түсінуден, оларды субъективті түрде қабылдаудан, ақтаңдақтардың орын алуынан туған талас жалғастырылып жатыр[2] .
Біздіңше, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына ғана емес, сонымен қатар оның барысына антигитлерлік коалицияға қатысушылардың ондағы ынтымақтастығының ерекшеліктеріне, Ұлы Отан соғысының шайқас алаңдарындағы жеңістер мен жеңілістерге, кеңестік командованиенің біліктілігіне болашақта әлі де талай рет қайта оралатын боламыз. Көптеген нәрселер қайта бағалауды және жаңа көзқарастарды талап етуде. Өйткені бізде тарих тым сыңаржақ және бұрмаланып жазылып келді. Мысалы, 1939 жылғы шарт туралы бізде ұзақ уақыт бойы айтуға да болмайтын еді. Оның құпия хаттамаларына келетін болсақ, олардың бар екені жақында ғана бұлтартпайтын фактілермен дәлелденді.
Екінші дүниежүзілік соғыс 30 - жылдардың орта шенінде - ақ ақиқат шындыққа айналды. Жапонияның 1931 - 1932 жылдары Солтүстік Шығыс Қытайды басып алуы, содан кейін 1937 жылы Орталық Қытайға басып кіруі, 1935 жылы Италияның Абиссинияға шабуыл жасауы, 1936 - 1938 жылдары республикалық Испанияға қарсы жасалған герман - италиян интервенциясы, Германияның 1938 жылы Австрияны басып алуы - міне, бұлардың бәрі агрессорлар қимылының біртұтас тізбегінің буындары, олар бірте - бірте фашистер шапқыншылығының ортақ тасқынына айналды да, сайып келгенде, іс жүзінде бүкіл дүниежүзін қамтыды. Барлық ұлы державалардан тек КСРО ғана агрессорларды дәйекті айыптап, қолынан келген кездері агрессия құрбандарына көмектесіп отырды.
Жаңа дүниежүзілік соғыстың сөзсіз болмай қоймайтын мүмкіндігі жоқ еді. Сол кездің оқиғаларына жасалған талдау халықаралық қатынастарды дамытудың альтернативті жолдары болғанын көрсетеді. 30-жылдардың орта тұсында ғана емес, сонымен қатар неғұрлым кейінгі және күрделі кезеңде - соғыс басталар алдындағы соңғы айларда, тіпті соңғы күндерде агрессорлардың жолына тосқауыл қойып, соғысқа жол бермеуге болатын еді. Гитлершілдер 1938 жылдың жазында және күзінде Чехословакияны басып алуға әзірленіп жатқан кезеңде альтернатива болды; ол Польшаға қарсы неміс - фашист агрессиясы тікелей әзірленген 1939 жылдың жазында да болды.
1938 жылдың 15 наурызында американ журналистерінің «Германия Чехословакияға шабуыл жасай қалса, КСРО не істемекші?» деген сұрағына КСРО сыртқы істер халық комиссары М. М. Литвинов «біздің ел одақтастық міндеттемесін орындайтынын» мәлімдеді. Сәуірдің екінші жартысында Москвадағы Чехословакия елшісі З. Фирлингер Прагаға Кеңес үкіметінің ресми позициясы туралы былай деп хабарлады. «Өтініш жасалатын болса, КСРО Франциямен және Чехословакиямен бірге Чехословакияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде барлық шараларды қолдануға әзір. Бұл үшін онда қажетті құралдардың бәрі бар» Кеңес Одағының үкіметі жағдайдың ушығып кетуін ескере отырып, Францияға, Чехословакияға көмек көрсетудің нақты формаларын талқылау үшін КСРО, Франция және Чехословакия қарулы күштері бас штабтарының келіссөзін бастауды, Чехословакияны қорғау жөнінде халықаралық конференция шақыруды және агрессорға тиісті ықпал ету үшін ұлттар Лигасына өтініш айтуды ұсынды. Бұған жауап қайтарылмады.
КСРО фашизмге қарсы жападан жалғыз күресуге мәжбүр болатын еді. Бұл орайда Сталин бастаған кеңес басшылығының мұндай жағдайда Мюнхен бітімшілерінің ілтипаты, жалпы, гитлершілдер жағында болып шықпас па екен деп қауіптенуі ықтимал еді. 1939 жылы мамыр айынан бастап кеңес және моңғол әскерлерінің Халхин - Гол өзенінде жапон интервенттеріне қарсы табанды шайқастар жүргізуіне тура келгенін де ескермеске болмайды. Жапонияның агрессияшылдығының күшейе түсуі екі майдандағы соғыс перспективасын әбден айқын байқатқан еді. Кеңес үкіметі 1918 - 1922 жылдардағы жағдайдың қайталануына жол бере алмайтын, ал ол кезде еліміз дүниежүзінің бірден барлық негізгі державаларының интервенциясына қарсы тұруға мәжбүр болған еді.
Қалыптасқан жағдай тым қиын еді. Әңгіме шын мәнінде Кеңес мемлекетінің аман қалуының өзі жайында болды. Қалыптасқан әдеттен тыс тарихи жағдайда бір - ақ жол қалды: оқиғалардың алдын алып, Гитлермен ымыраға баруға тырысу керек еді. Бұл орайда, біріншіден, фашистік Германиямен тікелей қақтығысты шамалы мерзімге болса да кейін шегеру перспективасы ашылатын. Ең алдымен, қару - жарақ пен күштерді жаңғырту, экономиканы соғысқа әзірлеудің кең көлемді жоспарын жасап, жүзеге асыру және ақыр соңында жазалау әрекеттері салдарынан әскери командованиенің жоғары буынында пайда болған «жарықшақты» бітеу мақсатында осындай кейінге шегеру өте қажет болды. Екіншіден, герман - жапон альянсына сына қағу мүмкіндігі ашылды [3] .
1939 жылы 20 тамызда И. В. Сталинге шабуыл жасамау туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс жасаған хат жолдай отырып, Гитлер олай болмаған жағдайда КСРО - ның «поляк - герман дағдарысына» киліктірілуі мүмкін екенін ескертті. Кеңес - герман қатынастарын жақсарту туралы ұсыныстарды герман өкілдері бұрын да жасаған болатын, алайда кеңестер жағынан ең тәуір дегенде әрі - сәрі жауап қайтарылып отырды. 30 мамырда Сыртқы істер халық комиссары қызметінде М. М. Литвинов В. М. Молотовпен ауыстырылғаннан кейін гитлерлік Сыртқы істер министрлігінің жетекші шенеуніктерінің бірі басшылыққа жасаған басқармасында Германияның «инициативалы ұсыныстар енгізіп жатқанын», бірақ орыстардың «сенімсіздігіне» тап болып отырғанын атап көрсетті. Маусым айының аяқ кезінде елші В. Шуленбург кеңестер жағының «көзге ұрып тұрған сенімсіздігін» тағы да атап көрсетті.
1939 жылы 23 тамызда Москваға Германияның сыртқы істер министрі Иоахим Риббентроп келді. 24 тамызға қараған түні Риббентроп В. М. Молотовпен және И. В. Сталинмен әңгімелескеннен кейін шабуыл жасамау туралы кеңес - герман шартына (пактісіне) қол қойылды. Бұл құжатта екі жақтың бір - бірі жөнінде агрессиялық әрекеттен және шабуыл жасаудан аулақ болуы, егер шартқа қатысушылардың бірі үшінші держава тарапынан жасалған «ұрыс қимылдарының объектісіне» айналса, оны қолдамайтын болуы көзделген. Сондай - ақ екі жақ бұлардың біріне қарсы бағытталған державалар тобына қатыспауға міндеттенді.
Кеңес - герман шартына қол қойылғаннан кейін, дәстүр бойынша екі мемлекет басшыларының және халқының денсаулығы үшін шарап құйылып, бокалдар көтерілді. «Мен герман ұлтының өз көсемін қалай сүйетінін білемін, сондықтан оның денсаулығы үшін ішкім келеді», - дейді Сталин. Одан әрі қарай: «Кеңес үкіметі жаңа шартқа өте байсалды қарайды. Сондықтан да Кеңес Одағы ешқашанда өз сыбайласын сатпайды», - деп мәлімдеді ол. Осы күннің ертеңінен бастап кеңес баспасөзі антифашистік науқанды кілт тоқтатып, Ұлыбритания мен Францияны «соғыс өртін тұтандырушылар» деп атай бастады.
1939 жылғы кеңес - герман құпия келісімшарты кеңес халқына арада 50 жыл өткенде, тек 1989 жылы белгілі болды. Бұл шарт нақты жағдайда ақталған және дер кезінде жасалған қадам болғанын, фашистердің бұл келісім демократиялық, бейбітшіл күштерді іріткеніне және осы кезге дейін жағымсыз әсер қалдырып жүргеніне қарамастан, ол КСРО - ның уақыт ұтуына мүмкіндік бергенін қуаттайтын бірсыпыра құжаттық деректер бар. Оның үстіне, тыныстау үшін алынған уақыт әсте де жақсы пайдаланылмағы мәлім. Достық және шекара туралы кеңес - герман шартын алып қарасақ, олар нацистермен принципсіз ынтымақтастық жасалғанын дәлелдейді. Ал бұл құжаттар Еуропадағы оқиғалардың дамуына өзінің жазалаусыз қалатынына сенген Гитлерді қолпаштаған ағылшын - француз саясаты ықпал ете қоймағанына қарамастан, олардың халықаралық - құқықтық және этикалық нормаларға өрескел қайшы келетіні, кеңестік сыртқы саясаттың принциптерінен шегінушілік болғаны айқын[4] .
Екінші дүниежүзілік соғысты бірінші болып Германия 1 қыркүйек күні Польшаға басып кіру арқылы бастаса, КСРО 17 қыркүйек күні Шығыс Польшаға шабуыл жасау арқылы қоштады. Молотов соғыс басталғаннан кейін бір апта өткенде Гитлерді «табыстарымен» құттықтады. 18 қыркүйек күні бірлескен кеңес - герман әскерлері алдын ала келісілген жерлерді өзара басып алуды аяқтады. Осы жеңістің құрметіне 22 қыркүйекте Брест қамалында біріккен кеңес - герман әскери шеруі өткізілді. Екі елдің мемлекеттік туы, кеңестік орақ пен балға және неміс сватикасы қатар көтерілді. 28 қыркүйек күні екі мемлекет арасында «достық пен шекара туралы кеңес - герман келісімшартына» қол қойылып, өзара жаңа шекараларын бекітті. Батыс Украина және Батыс Белоруссия деген атаумен Шығыс Польшаға бөлшектеліп, КСРО құрамына енгізілді.
Кеңес үкіметі Ленинградтың қауіпсіздігін нығайту үшін Кеңес Одағына Фин шығанағындағы төрт аралды 30 жылдық мерзімге жалға беруді, Ханко ауданының бір бөлігін сатуды немесе кеңестік территорияның бөліктерімен алмастыруды өтінді. Алайда Финляндия үкіметі бұған келіспеді. Кеңес Одағының «өзара көмек туралы келісімшарт жасау туралы» ұсынысы да қабылданбады. 30 қарашада кеңес әскерлері Финляндияға басып кірді. Сол күні Финляндия президенті елді соғыс жағдайында деп жариялады. Сталин Финляндияны түгел басып алып, соғысты 1940 жылдың наурызына дейін жалғастырды, бірақ жеті қабаттан тұратын Маннергейм қорғаныс шебін кеңес әскері бұзып өте алмай дымы құрыған соң, 12 наурызда бітім шартын жасауға мәжбүр болды. Осыдан кейін жазда Марел - Фин КСР - і құрылды.
1939 жылдың тамыз айында Польшаға баса - көктеп кірер алдында Гитлер «Менің қолға алып жатқан шараларымның бәрі Ресейге бағытталған» деп мәлімдеме жасады. 1940 жылдың 22 маусымында Франция тізе бүкті. Енді Гитлер «өзінің ұлы міндеті - большевизммен есеп айырысу үшін» аяқ - қолым босады деп есептеді. Ол «шығыстық сапарды» күз маусымында бастап жіберуді ойластырған болатын. Алайда тәжірибелі генералдар өз фюрерін Кеңес Одағына шабуылды қыс маусымының алдында бастаудың өте қауіпті екендігіне иландырды.
1940 жылдың 18 желтоқсанында Гитлер «Барбаросса» деген кодтық аты бар жоспарды №21 директива түрінде бекітті. Бұл жоспарда германдық қарулы күштердің алдына кеңестік әскерді Ресейге қысқа мерзім ішінде күл - талқан етудің міндеті қойылды. Үш қуатты соққы арқылы фашистер кеңестік әскерді Прибалтикада, Белоруссияда және Украинаның оңтүстік бөлігінде быт - шытын шығарып, жаудың әскери қабілетті күшін елдің ішіне ендірмеуге ұмтылды. «Барбаросса» операциясының түпкі мақсаты - Волга - Архангельск жалпы белдеуі бойынша азияттық Ресейге қарсы тосқауыл қою болатын. Осындай шапшаң соғысқа небәрі төрт ай бөлінген.
Фашистер үлкен соғысты дайындай отырып, Кеңес Одағының басып алынған жерлерінде жүзеге асыратын жантүршігерлік зұлымдықтарының бағдарламасын да қамдады. Мәселен, немістің бір солдатының өмірі үшін 100 адамға дейін кеңестік тұрғындарды өлтіруге рұқсат берілді.
«Барбаросса» жоспарымен Кеңес Одағына 1941 жылғы 15 мамырда соққы берудің нақтылы уақыты белгіленді. Әйтсе де Балқанға жасалған сапардың салдарынан, бұл уақыт кейінге шегерілді. Содан Югославия мен Греция жаулап алынғаннан кейін 30 сәуірде жоғарыдағы операцияны 22 маусымда бастауға шешім қабылдады. КСРО - ға қарсы соғысты 22 маусымда бастаудың түпкілікті бұйрығын Гитлер 1941 жылғы 17 маусымда берді.
1941 жылдың 5 мамырында Кремльде Сталин әскери академияларды бітірушілерді қабылдап, онда «Гитлермен қақтығысуымыз сөзсіз, бірақ соғыстың басталуын екі - үш айға шегіндіре алсақ, біздің бақытымыз сол болар еді», - деді. Алайда партия жетекшісінің сөзінен кейін - 14 маусымда орталық баспасөзде ТАСС хабары жарияланып, герман - кеңес соғысы туралы өсек - аяңның негізсіз, немістердің бейбітшілікті қолдайтындығы және олар тарапынан қауіп - қатердің жоқ екендігі мәлімденді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz