Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Фонетика туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ерін үндестігі туралы көзқарастардың қалыптасып
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:
Фонетика туралы түсінік
Тілдік қатынас әдетте екі түрлі формада болады: ауызша және жазбаша.
Жазбаша беріде, жазумен байланысты пайда болды. Ал ауызша форма ойды
білдірудің құралы, қатынас құралы тілмен ол алғаш пайда болған күннен бері
бірге жасасып келеді. Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі-тілдің ауызша
формасы. Бұдан жазбаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау
керек. Мәтінге фонетикалық талдау жасау оның айтылуына негізделеді.
Адам баласының тілі-дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір
дыбыстық, комплекстен тұратын сөздердің арасында іске асады. Сондықтан да
тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор.
Фонетика (гр phone-дыбыс, phonetikos-дыбыстық) – тілдің дыбысын
жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Атап айтқанда, фонетиканың
қарастыратын мәселелеріне мыналар жатады: тіл дыбыстарының пайда болуы,
олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық
жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия, т.б.
Дыбыстардың пайда болу, өзгерту сырларын білмей тұрып, лексикалық та,
грамматикалық та, құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен
таныс қатаңдату, ұяңдату, сияқты өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудың
сырын түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын
анықтауға, тілдердің арасындағы байланысты табуға, тілдің айту, жазу
нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ана тіліндегі дыбыстардың
артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де өте қажет.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңдағы үндестік заңын, оның
түрлерін саралауда бірыңғай пікірлер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан
тіл табиғи жарасымдылығының негізі - ерін үндестігі жайлы көзқарастарды
жинақтап ашып көрсету - тақырыптың өзектілігі болып табылады. Бірақ бұл
мәселелер теориялық жағынан толық шешімін тапты дей алмаймыз.
Зерттеу жұмысының нысаны. Үндесу заңдылығы түрлерінің бірі - ерін
үндестігі туралы пікірлердің қалыптасуы, дамуы жайы.
Зерттеу жұмысын орындау барысында ғылыми сипаттама әдісі қолданылады.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы
және салғастырмалы болып келеді. Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп
тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық
жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін орфоэпия
мәселесі осы саланың объектісі болып табылады.
Тарихи фонетика тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады.
Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын,екпін
мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары
бойынша айқындалады. Тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан
қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі
дыбыстардың өзгерту, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Мұны зерттеу
салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Туыстығы жоқ құрылымы әр басқа
тілдердің дыбыстық жүйесін зерттеуді салғастырмалы фонетика дейміз.
Сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп - сол дыбысқа берілген шартты
таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі өрнектей беруге болады. Әріпті оқу айналып
келгенде дыбысты айту болып шығады.

Негізгі бөлім
1. Ерін үндестігі туралы көзқарастардың қалыптасып дамуы.
Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы
ретінде,ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталады.
Орта ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған
түркі тілдерінің тобына кіреді. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына
жатады. Қазақтар ежелгі заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан 1930
жылға дейін араб жазу таңбасына, 1930 жылдан 1940 жылға латын жазу
таңбасына көшірілді. 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу
таңбасын қолданып келеді.
Осыдан жүз жыл бұрын Міржақып Дұлатұлы Қазақ тілінің мұңын жазды. Ол
былайша еді: Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар
бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға
соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды,
былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлдем жоқ қылғысы
келгендер де болды. Өкілде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара
түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді алдымен айналып кетейін осы күнгі Ахмет
деген кісіден ғана естідім.
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, менің һәм-
бейшара қазақ менен айрылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды, қазақтың
көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы
едім. Жаны жәндем кеткір миссионерлердің, молдалардың, тілмәштардың
қолдаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі
мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді.
Бірақ, не керегі бар босқа қуанған екенмін...
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес өкіметінің тұсында менің бұтымды бұт,
санымды сан қылып кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын,
отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі де мені аямады.
Егістік, сәрсендеме деген жалаларды әкеп жапты маған. Бұйырмасын,
біздің арамызда мұндай атты соғылғандар туғалы болып көрген емес. Не амалың
бар? Құдай басқа салған соң көніп отырмыз. Кітаптарында, газеттерінде маған
көрсетпеген қорлығы тағы жоқ.
Міне, елінің, тілінің қамын жеген Міржақып шарасыздан қазақ тілінің
проблемасын осылайша көтерген. Бүгінде тіліміздің халы дұрысталып келеді.
Қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттеліп, жүздеген-мыңдаған мамандар қазақ
тілінің болашағының бақытты болатынын айтып дәлелдеуде.
Алғашқы лингвист А.Байтұрсынов өзінің атақты Тіл-құралында Дыбыс
таңбасын қаріп дейміз. Жазған сөз ішінде бәлен қаріп бар дейміз. Айтқан
сөз ішінде бәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс пен қаріп екеуі екі нәрсе. Біріне
бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілмеген, көзге көрінбейтін
нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе. Содан бері сексен жылдай уақыт
өтті. Алайда осы бір қарапайым қағиданы әлі күнге пайдалана алмай
жүргеніміз өкінішті.
Әріп пен дыбысты шатастыруға болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес
келсе (мәселен о,ө,ә,ү,ұ) кейде бір әріп (мәселен ю,я) бірнеше дыбыстың
қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше кейбір әріптердің (ь,ъ)
дыбыстық мәні жоқ. Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі
сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мысалы:
адам,ана, жер сияқты сөздердің жазылуы мен айтылуы бірдей. Ал оқы, ойланба,
тонға,басшы, көзсіз деген сөздер айтылғанда оқұ, ойламба, тоңға, башшы,
көссүз түрінде болады. Әңгіме дыбыс туралы болған кезде әр кез сөздің
айтылуы ескеріледі. Дыбыстар тілдің мағыналы единицалары-сөз бен
морфемаларды құрастыратын материалдар қызметін атқарады.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға (жасауға),
тануға(түсінуге) мағынасын ажыратуға қызмет етеді. Бұл фонемалардың негізгі
қызметі.
Фонема - (гр.Phonema-дыбыс) сөздер мен морфемалардың бір-бірінен
мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене
функционалды единицасы. Сөзді дыбыс емес фонемадан құралады деуге болады.
Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған –орыс және поляк тілін
зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Осы уақытқа дейін түркология, соның ішінде
қазақ тіл білімінде де фонема өз қолдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық
жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің
табиғатына аса үйлесімді еместігін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды. Ол
индоевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік шығыс тілдерінде фонема сәйкес
келетінін, ал құрылым жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған
сингармема (синема) деген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді. Мұның өзі
біздің тіліміздегі ең қиын заң- сингармонизмнен туындайтынын аңғару қиын
емес. Олай болса фонеманың баламасы- үндеспе болады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы
формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан да дыбыс пен фонема бірінің
орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді. Орыс тілінде олай емес,
дауыссыздардың жуан, жіңішке айтылуының (угол-уголь, стол-столь, мел-мель,
тол-толь, кол-коль, кон-конь т.б) сөз мағынасына әсері болады. Сондықтан
олар бас-басына жеке фонема болады.
Жазу тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі
қазақ тілінде қолданылып жүрген и,у,ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш тіпті
онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір
ғана и әріпінің дыбыстық көрінісі мынадай болып келеді:
1. ый: мый(ми), қый(қи),ыйық(иық),таный(тани), қыйы(қия), қыйын(қиын),
тыйын(тиын);

2. ій: кій(қи), тій(ти), ійне(ине), ійіс(иіс),бекій(беки), ерій(ери),
бійлік(билік), ійір(иір), тійін(тиын);

3. ұй: мұқұйт(мұхит), бұлтұй(бұлти), бұртұй(бұрти), жорұй(жори),
мұқұйат(мұқият),құрұй (құри), құпұйа(құпия) т.б.

4. үй: мүрүйт(мүрит), мүлгүй(мүлги), түксүй(түкси), үрпүй(үрпи),
үсүй(үсү),мөлүй(мөли),дүнүйе(дүние) ;
5. и: институт, университет, инициатива, физика, кино.

Қысқасы дыбыс пен оның таңбасы сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-
біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша
азайтып дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы
жазу транскрипция қолданылады.
Әдетте транскрипцияның екі түрі жиі пайдаланылады. Фонематикалық және
фонетикалық.
Біздің жазуымыз негізінен фонематикалық жазу. Қазіргі практикалық
жазуымызда қолданылып жүрген ә, о, ө, ү, ұ, й, л, м, ң, ш, р, т әріптері
ғана фонематикалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай өз бейнесін үнемі
сақтап тұрады. Ал қалған әріптер сөз ішінде бірде дыбыс, ал бірде тек әріп
сөздерде е дыбысты да, фонеманы де бейнелемейді, ол тек әріп. Сол сияқты
құлын, мұрын, күлкі, түлкі дегендерде ы,і тек әріп. Бұлардың транскрипциясы
- өлөң, өнөр, үлөк, түлөк, мұрұн, құлұн, күлкү, түлкү етеді. Сондықтан оқу
процесінде көбіне фонематикалық транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни
сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас тексті біршама айтылуын жуықтатып жазу
жеткілікті. Бұлай жазу да фонетикалық заңдылықтарды жақсы білуді қажет
етеді. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуындағы, жазылуындағы
ерекшеліктер, оның үстіне көрші дыбыстардың бір-біріне ететін әсері мұқият
ескерілуге тиіс. Сонда кейбір жеке сөздер мен сөз тіркестерінің, тұтас
тексті біршама айтылуын жуықтатып жазу жеткілікті. Бұлай жазу да
фонетикалық заңдылықтарды жақсы білуді қажет етеді. Жеке дыбыстар мен
әріптердің айтылуындағы, жазылуындағы ерекшеліктер, оның үстіне көрші
дыбыстардың бір-біріне ететін әсері мұқият ескерілуге тиіс. Сонда кейбір
жеке сөздер мен сөз тіркестерінің, тұтас текстердің үлгісі мына түрде
болады. Кітәп (кітап), жәй (жай), шәй (шай), ділдә (ділдә) мұрұн (мұрын),
ұүұс (уыс), ауұл (ауыл), айұу (аю), ойұу (ою) т.б

Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.

Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
Абай атамыздың өзімізге таныс осы өлеңнің әр жолы үш бунақтан тұрады.
Бунаққа енген сөздер тұтасып (екпін жағынан) айтылады, араларындағы
дыбыстар үндеседі. Ал транскрипциясы былай:

Томағасын тартқанда бірғырымнан,
Қыраңғұс көзгөрұп самғағанда,
Төмөнұшшам түркөрлөп құтұлардеп,
Қандыгөз қайқаңқағып шықсаспаңға.

Көрөтұра қалады қашқан түлкү,
Құтұлмасын білген соң құрғашқанға.
Аузұн ашып,қоқақтап, тісіңқайрап,
Олда талас қылады шыбын жаңға.

Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтан оны үш түрлі
аспектіде қарастыру керек болады және мұның өзін сол бір нәрсені үш қырынан
қарау деп түсіну керек. Олар: анатомия-физиологиялық (немесе биологиялық)
аспект, акулистикалық (немесе физикалық) аспект және лингвистикалық (немесе
функционалдық) аспект.
Адамның тілі - ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол-дыбыстау
органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің
нәтижесі. Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға арналған арнайы органдар
жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен
өкпе,тіл,таңдай,тіс,ерін, т.б) қосымшаатқарады. Дыбысты жасауға қатысатын
мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қысы,
мұрын қуысы, тілшік, кішкенетіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды
сөйлеу аппараты дейді. Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы,
тіл және еріннің қызметі айрықша.
Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық
(акустикалық) құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші,
әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшелінеді. Дауысты дыбыстар (мәселен а,ә)
бір-бірінен әуеніне қарай ажырайды. Тембр - дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте
күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен көмекші тонның бірлігінен
жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдағының дірілінен, ал көмекші
тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуысының бірлігінен жасалады.
Ал лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың
қызметі тұрғысынан қарайды.
Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі - қасиеттеріне қарай тіл
дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа бөлінеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге
бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оларды танып-
білуде ала-құлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әртүрлі
фонетикалық заңдылықтарды дұрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты
білумен байланысты.
Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз дауысты дыбыс
барлығы ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі
В.А.Радлов, П.М.Мелиоранский сипаттайтын тұсына толық сай келеді. Бүгінде
тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігіне енген сөздердің жиырма пайызға жуығы орыс тілінен және орыс тілі
арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып
жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз дауыстымыз кейде қажетке
жарағанмен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян. Олай болса, қазіргі қазақ
тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда осы тоғызбен шектелуге әсте болмайды.
Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр.
Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқаны тек э дыбысы. Қалған жағдайда
іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да
тән үлкен жаңсақтық қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и,у (мысалы:бу,
су, қи, ки т.б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бұл екі әріптің
әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып,
дауыстыға жатқызып жүр.
Қазіргі кезде ерін үндестігіне мән бермеудің салдарынан екінші буында
ө айтылатын жерде э дыбысының қалыптасып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Бұл әсіресе жастардың тілінде көбірек байқалатын құбылыс. Мысалы: өлэң,
өээн, үлкэн, бөлэк, түлэк, күрэк, т.б. Бұлай болатыны еріндік буыннан кейін
езулік, қысаң е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзінің жартылай
ашықтығының арқасында айтылуы жеңілдетеді.
Сонымен қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар үш
топқа жіктеледі.
1. Тілдің қатысына қарай:
А) жуан дауыстылар:а, о, ұ, ы, у;
ә) жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и.
2. Ерінің қатысына қарай:
А) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
ә) езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгелетіп, сүйірленеді де,
езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік
дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін
үндестігін) танып білудің мәні зор. Көрші буындардың бірыңғай жуан не
жіңішке, еріндік, езулік болып келуі (сингармонизм заңы) тіл мен еріннің
неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.
3. Жақтың қатысына қарай:
Ф) ашық дауыстылар: а, ә;
ә) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ал енді тақырыбымызға біртабан жақындай түссек сингармонизм- түркі,
фин-угор (Орал тілдері семьясы) тілдеріне тән позициялық ерекше құбылыс.
Сингармонизм - гректің syn-harmonia сөздерінен алынған термин. Қазақша
мағынасы - бірге үндесу, үйлесу. Сингармонизм - сөзге жалғанған
қосымшалардың (аффикстердің) сөз түбірі соңындағы дауысты дыбыспен үндесіп
келуі. Екінші сөзбен айтқанда сингармонизм - сөз ішіндегі дауыстылардың бір-
бірімен үндесуі.
Лабиал дыбыстар туралы ғалымдардың пікірі.
Сөз ішіндегі дауысты дыбыстар бір-бірімен тілдің қатысына және
еріннің қатысына қарай өзара үндесіп келеді, соған орай, сингармонизм
құбылысы лингвальды (латынша-тіл) және лабиальды (латынша-ерін) болып
бөлінеді. Лабиальды сингармонизм ерін үндестігі деп те атала береді.
Лабиальды сингармонизм - сөздің бастапқы буынындағы еріндік дауыстының
ыңғайына қарай соңғы буындарда да еріндік дауыстының үндесіп келуі.
Зерттеушілердің айтылуына қарағанда, лабиальды сингармонизм қазақ,
қарақалпақ, ноғай тілдерінде өте әлсіз түрде ғана ұшырасады. Оның өзінде
ауызекі сөйлеу түрінде ғана аздаған көрініс береді де, жазуда ескерілмей,
орфографиялық (морфологиялық принцип) норма сақталады.
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген ғалым
Рабиға Сыздықова былай дейді: Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақша
ресми іс - қағаздарының өз алдына стилі болды. Араб графикасымен жариялаған
текстерде қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде
еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек- лар түрінде, табыс септік-ны,
ілік септік-ның, жатыс-қа, шығыс-нан түрінде беріледі: оқуны, қазақлар,
адамлар, арызлар, мекемелерні. Немесе қатаң дыбысқа аяқтадатын сөздерге-
дың, дық, дар сияқты ұяңнан басталатын қосымша жалғап жазады: хазратдар,
қазақдар, халқдың, халықдық т.т . Жұрнақтардың да түбірімен үндесуі
көбінесе көрсетілмейді: айыплан, сабаблы, башлатқан т.б. Бұл белгілермен
қатар сөз басына қазақша ж дыбысы келетін жерлерде (й) әрпін жазу (йыл,
йаш, йазұлады, йахшы, йаман); ш әрпінің орнына ч (барча, чаклы,үчүн); с
әрпінің орнына ш (түйе башлатқан бір тоғұз, іш (дело),
кіші(кісі),йашт.б.)жазу дәстүрі сақталады. Бірақ ерекше көрсететін жәйт-
орфограммалар қатаң сақталмайды. Сондықтан иер-жер, йыл-жыл, іш-іс, бойұнча-
сайлауұнша сияқты бір сөздің немесе форманттың қазақша түркіше екі
вариантта жазылғаны жиі кездеседі. Тегі, мұнда қазақтарға арналып
аударылған текстерде қазақ сөздерін қолдану тенденциясы бой көрсеткен. Ал
араб-парсы сөздері түпнұсқа бойынша жазылған.
Ал орыс графикасымен берілген ресми документтер текстерінде бұл
көрсетілген орфографиялық ерекшеліктердің бірде- біреуі жоқ. Мысалы: қазақ
тіліндегі 1897жылғы календарьда Көшпелі халықты басқарып тұру турасында
деген атпен 1891жылғы Степное положениеден аударылып берілген текстің
жазуында қазақтілінің ауызша айтудағы фонетикалық заңдылықтарын мейлінше
сақтау принципі ұсталынған. Соның нәтижесінде ерін үндестігі де (уйдон,
озунун, болуп); түбір мен қосымшалардың дыбыс үндестіктері де, араб-парсы
сөздерінің ауызекі сөйлеу тілдегі қазақша қалыптасқан вариантта берілуі де
(қалық, локсат, жа, аким, иктіар, кисап, адет, ар бир, штрап, болус, уез,
земленка, аулнай, кандидат, песир, нагрет т.б. орын алған) деген. Сонда
ерін үндестігінің тарихы әріде жатыр деуге болады. Лабиальды сингармонизм
қырғыз тілінде өте күшті. Қырғыз тілінде сөздің алғашқы буынында еріндік
дауысты келсе, соңғы буындарда еріндік дауыстылар үндесіп отырады: қол-дор,
қол-ғо, қол-дор-ғо, көл-гө, көл-дө, көл-дөр, көл-дөр-гө т.б.
Сингармонизм - қазақ тілі үшін бұлжымас заң. Дегенмен қазақ тілінде
бұл заңға бағынбайтын оған қайшы келетін кейбір жәйттер бар. Ол - кейбір
қосымшалардың кейбір сөздерге үнемі біркелкі ғана жалғануы. Мұндай
аффикстер қатарына жататындар –нікі (дікі,тікі), паз, қор, кеш, гөй, кер,
хана поствикстері мен араб-парсы тілдерінен енген бей (би), нем
префикстері, баланікі, қарындастікі, өнерпаз, әсемпаз, білімпаз, пәлеқор,
жемқор, арбакеш, ақылгөй, сәнқой, намыскер, намаздыгер, емхана, дәмхана,
бейуақ, бейқам-бейғам, бейқасап, беймағлұм (бимағлұм), беймаза, беймамал
т.б.
Сингармонизм қазақ тіліндегі біріккен топонимдер құрамында да сақтала
бермейді. Оңтүстік, солтүстік, (оң+тұстық, сол+тұстық деу орнына),
Бозінген, Керегетас, Өртеңжал, Ақтөс, Ақтікен т.б.
Қазақ тіліндегі жіктеу, сілтеу есімдігінің барыс септік формасының
маған-саған-оған, бұған, соған түрінде болуы да сингармонизмге қайшы
келеді.(мен-ге, сен-ге, ол-ға түрінде емес). С.Кеңесбаев бұлайша болуы
–регрессивті ассимиляция әсері. Сондай-ақ сыйлау, құрметтеу, ретінде ке
сөзінің –ке, қа-еке болып түбірден бөлекше жалғануы да сингармонизмге қайшы
келеді. Жамбыл-Жәке, Омар-Омеке, Баймағанбет-Байеке т.б. Бұл да регрессивті
ассимиляция құбылысының нәтижесі.
Сингармонизм заңына ауытқу басқа да кейбір түркі тілдерінде
кездеседі. Мәселен, чуваш тілінде көптік форма- сем, тәуелдік жалғаудың
үшінші жағының аффиксі –е. Бұлар жуан дауысты буындарға да, жіңішке дауысты
буындарға да үнемі біркелкі жалғанады: ыбыл-сем-балалар, ыбыл-е-оның
баласы. Мұндай ауытқушылықтар тува т.б.тілінде кездеседі.
Комбинаторлық, позициялық процестері дыбыстардың фонетикалық және
тарихи алмасулары т.б. құбылыстармен қатар, белгілі бір тілдің немесе
туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңінде дыбыстардың тұрақты, жүйелі
сәйкестігі болады. Мәселен, жалпы түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не
біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып үнсесуі- бұл тілдерде әбден
қалыптасқан заң. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстардың да не біркелкі жуан, не
біркелкі жіңішке болып үндесуі - қалыптасқан заңдылық (К.Аханов).
К.Ахановтың айтуынша түркі тілдерінде дыбыс сәйкестігін анықтауда ең
алдымен й дыбысы тірек-таяныш ретінде алынады: қазақша- жылқы, әзірбайжанша
илқы, жыл-иыл, жүк-йүк т.б.
Н.К.Дмитриевше әзірбайжан, башқұрт, гагауыз, құмық, өзбек, түрік,
түрікмен тілдеріндегі сөзбасында келетін й дыбысына қазақ, қырғыз тілінде-
ж (жылқы, жол, жер, жоқ, жүк т.б.), татар тілінде з- (зул,зер,зүк,зук т.б.)
с.с. болып кете береді.
Қазіргі қазақ тілінде ерін үндестігі жайында пікір айтушылар
академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. 1954 жылы жарық көрген
Қазіргі қазақ тілінің фонетика тарауында былай делінген: Әдеби тілде
ерін үндестігі еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің
қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды. Ал келесі
бетте мынадай жолдар жазылған: Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да
ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігі қазақ тілінде... әсіресе екі
буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық
сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі. Осы қағида фонетика
оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.
Орфографиялық сөздіктерде еріннің күші бірде екі буынмен біржола шектелсе,
енді бірде үшінщі буынға да емеурін жасалады. Қысқасы қазіргі қазақ тілінде
буында еріндік дауыстылар(о,ө,ұ,ү) келіп,екіншібуында езулік е,ы,і әріптері
жазылса, онда олар сөзсіз еріндік болып айтылады. Бұған шек келтіру мүмкін
емес. Ерін үндестігі оны анықтауға байланысты пікірлер аралығы сөздің
бірінші буыннан басқа буында ерін дауыстылардың жазылмауынан болып отырған
жоқ, жазудың жетегінде кетіп, солардың айтылуын қадағалмаудан ескермеуден
пайда болып отыр. Қазіргі кезде әсіресе жастардың тілінде тіпті екінші
буынды да еріндіктерді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін
әрине, жастарды кіналауға болмайды. Оқулықтың өзі еріндік дауысты дыбыстар
үндестігі жоқ десе, қарапайым тұтынушы оны қайдан ескере берсін. Осыдан
бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар
В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге
болады.
Академик В.В.Радлов Опыт словаря тюркских наречий деп аталатын
даңқы еңбегінде қазақ сөздерін мол қамтыған. Түркі сөздерінің дыбыстық
жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк,
бөбөшүк, жұлдұздү, дөнөжүн, дүрүлде, көңүлшөк жазған. Түркологиясының
атасы аталған В.В.Радлов сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай құқымыз
жоқ.
Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ
сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөрдү, деп септеп, жүөгөй, жүдөғөйсүң деп
жіктейді. Оның айтуынша ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек
қазақ тілінде о дыбысы бірінші буында ғана айтылады.
В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранский де: Сонда Тарған сөйлөйдү,
сөйлөгөндө, бүй дейді, деп жазады. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында
жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды
күйттейміз деп жүріп тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың қиюын қашырып,
құнсыз етіп алсақ керек.
Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дыбысы да өз
айналасындағы қысаң дауыстыларға азды-көпті әсер етеді. Мұны кезінде
В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранский де байқаған. Мәселен В.В.Радлов сөздігінде:
даурөн, дәулөт, даусұ, дәукөс, таусұл, саудұр, саулұқ, ал
П.М.Мелиоранскийде таудұң, күйөудұң, ауұздұқ, т.б. түрде ұшырайды.
Сингармонизм - тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан
заңдылық, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің
табиғи жарасымдылығына ерін үндестігі де жатады: Ерін үндестігі өткен
ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрылып барады десек, оған
себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнтсыздығымыз, екіншіден
артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері
қарау керек.
Ж.Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді.
Бірінші Оңтүстік шығыс говорлар тобы , екіншісі Солтүстік-Батыс говорлар
тобы. Бұған Батыс Қазақстан,Гурьев,Ақтөбе, Қостанай,Қарағанды, Целиноград,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысының батыс аудандары
және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызады.
Бұл говорлық топтарда біз ерін үндестігінің бұрмалануы мен кейде
керісінше сақталғандығын байқаймыз.
1. Оңтүстік-шығыс говорлардағы кейбір сөздерде дауысты дыбыстардың
ауысып отыруы: мәзмұн- мазмұн, кәйтеді- қайтеді, кәрия-қария т.б.
2. Солтүстік-батыс говорларда еріндік-дауыстылар айтылатын жерде
оңтүстік-шығыста езулік дауыстылардың басым айтылуы: бықтыр-
бұқтұру, кебе-көбе, інемі-үнемі, кеуірт-күкірт т.б.
3. Солтүстік-батыс говорларда ш айтылатын жерлерде оңтүстік шығыста ч
дыбысының айтылуы: чеше-шеше, чал-шал, чабын-шабын,әнчі-әнші, малчы-
малшы т.б.
4. Солтүстік-батыс говорларда кейбір сөздерде ы,а дыбыстарының алмасып
айтылуы: сайаз-сайыз, айғара-айқыра, арқалы-арқылы,айырмысы-
айырмасы, ыпы-тыпы-апы-тапы т.б.
5. Солтүстік-батыс говорлардағы д айтылатын жерлерде оңтүстік шығыс
говорларда л айтылуы: таңлай, таңдай, тыңлау-таңдау,теңлік-теңдік
т.б.
6. Солтүстік-батыс говорларда ж айтылатын жерлерде оңтүстік шығыс
жерлерде джайтылуы: джігіт-жігіт, джоқ-жоқ, джер-жер, джайлау-
жайлау т.б.
7. Солтүстік-батыс говорларда көбінесе б айтылатын жерлерде оңтүстік-
шығыста п айтылуы: пейнет-бейнет, пида-бида.
8. Оңтүстік-шығыс говорларда ң,н сонорлардың алмасып отыруы, солтүстік
батыс говорларда бұл құбылыстың байқамауы: қалын-қалың, көбен-
көбең, біздін-біздің, өлөн-өлең.
9. Солтүстік-батыс говорларға қарағанда оңтүстік шығыс говорларда с,ш
дыбыстарының жиі алмасып отыратыны: тұрмыш-тұрмыс, ешек-есек,
тышқары-тысқары т.б.
10. Солтүстік- батыс говорларда кейбір сөздерде кейбір сөздерде ж,ш
дыбыстарының алмасып отыруы бұл құбылыстың оңтүстік-шығыста
байқалмауы: былшырақ- былжырақ т.б.
11. Солтүстік-батыс оьлыстарда кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
Қазіргі қазақ фонетикасы жайлы
Буын. Зерттелуі және түрлері
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Орфография
Интонацияның маңызы
Дыбыс үндестігі
Буынның жасалуы, түрлері
Пәндер