Аяқпен көтермелеп лақтыру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының теориялық негіздері

1. 1. Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының ерекшеліктері . . . 7

1. 2. Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының алғышарттары . . . 9

1. 3. Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының моделі . . . 13

2 Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының әдіснамалық негіздері

2. 1. Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының тәжірибелік дәлелдемесі . . . 25

2. 2. Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамуының амалдар жүйесі . . . 48

Қорытынды . . . 60

Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Кез-келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздінін жариялағаннан бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім турылы» Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, оқу бағдарламалары мен төл оқулықтардың жазылуы мектеп өміріне қатысты реформалардың жүріп жатқандығының айқын куәсі. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан жыл сайын көптеген іс-шаралар мен заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса (1996ж. ), 1997 жылы «Қазақстан - 2030» бағдарламасын жолдады. Ал, 1999 жылы «Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы қабылданса, 2007 жылы «Қазақстан Республикасының 2001-2005 және 2007-2011 жылдар аралығындағы Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы, дене тәрбиесі бойынша жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты шықты. Бұл бағдарламалар мен Заңдардың негізгі мақсаты дене тірбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Мамандардың анықтауынша Бүкіл Әлемдік Денсаулық Сақтау Басқармасы, денсаулық - 50-55% өмір сүру жағдайына байланысты, 20-23% ұрпақтан, 20-25% қоршаған орта (экологиядан) және 8-12% Денсаулық Сақтау Басқармасының жұмыс істеу жүйесінен байланысты. Сонымен адам денсаулығы салауатты өмір салтын жүргізуімен тікелей байланысты. Жастардың денсаулығын нысана сақтау және бекіту өзекті мәселе, өйткені соңғы кезде қимыл қозғалыстың аздығынан көптеген балалар мен жастар ауруларға шалдыққаны белгіленген. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында өркениетті қоғамның еркін, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан азаматтар тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен салауатты өиір салтын сақтау бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет.

Спорттық күресте балуандарының дене сапаларының дайындығы өсіп-өркендеп кетті, ағзаның анаэропты энергия қамтамасыздандыру әлде қайда артты, еркін күрес балауандарының дайындығында осы мәселені шешу үшін дене сапаларының нәтижелі жетілдіру үшін жоғарлату қажет.

Спорттық жаттығу - адам өмірінің жалпы тәрбиесінің бөлімі, әлеуметтік физикалық жаттығулар көмегімен іске асырылатын үрдіс. Жаттығулардың мақсаты дене тәрбиесінде беріктігін жақсарту, адам физикалық жағдайын, жеке айтқанда жұмысқа физикалық қабілеттілігін жоғарлату. Бұл жетістікке тек қана бұлшық еттердің жүйелі жаттығулары арқылы жетеді. Яғни, қорытындысында көп ықпалдардың іздері қалады. Спорттық жаттығу бұл көп жылдық бейімделу. Спорттық іс-әрекеттің мәні биопедагогикалық үрдіс. Қоршаған ортаға бейімделу екі бағытта іске асады - кедергіні жеңіп өту немесе оны айналып өту. Бұл үрдісті өту үшін ішкі жағдайдың биологиялық жүйелік өзгерісі (био . . . ) энергиясын жұмсайды, ал айналып өту үрдісін тәжірбиеге, білімге, белгілі бір мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдісті спортшы қабылдайды ( . . . педагогика) .

Тиімді байланысы, сәйкес келуі, түптеп келгенде педагогикамен биологияны қосып біріктіріп жоғары әсерлі биопедагогикалық үрдіс - спорттық іс-әрекетті құрайды.

Еркін күресіндегі жас балуандардың күш қуатының дамуының инновациялық амалдары ашылып, оларды іске асыруға мүмкіндік туғызатын кешенді оқу әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіре, бізге зерттеудің көкейкестілігін анықтауға және тақырыпты «Еркін күресіндегі жас балуандардың күш қуатын дамыту амалдары» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: Еркін күресіндегі жас балуандардың күш қуатын дамыту амалдары арқылы физикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Осы жерден алға қойылған мақсатқа жету үшін шешімін табатын міндеттер қатары орын алады:

  • Инновациялық технологиялардың мазмұнын зерттеу және еркін күресінің физикалық қасиеттерінін тәрбиелеу; Амалдарды жетілдіру және еркін күресінің физикалық қасиеттерінін тәрбиелеу әдістері

Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнында біртұтас педагогикалық үдеріс.

Зерттеу пәні: Еркін күресіндегі жас палуандардың күш қуатының дамыту амалдары.

Зерттеу болжамы: Егер жоғары оқу орнындағы студенттер дене шынықтыру сабағын жүргізудің ерекшеліктері жүйеленіп, дене шынықтыру және спорт мамандықта оқитын студенттерге қосымша бағдарлама бойынша оқытудың тиімді әдісі, тәсілдері жасалса, онда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру және спорт мамандығында дене шынықтыру сабағын дұрыс және сапалы жүргізуге қабілетті, мүмкіндігі бар, дидактикалык іскерлігі жоғары студент тұлғасы қалыптасады, өйткені студенттердің дене шынықтыру сабағын жүргізудегі кәсіби біліктілігін, шеберлігін арттыруға мүмкіндігін береді.

Зерттеу кезеңдері:

1 кезеңде (2009-2010 жж. ) зерттеудің теориялық негіздері анықталды, философиялық, инновациялық-педагогикалық, зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалды. Қазақстандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы іргелі ғылыми зерттеуді талдау және жоғары оқу орнында оқыту тәжірибесінің жай-күйін, жетістіктері мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері және ғылыми аппараты анықталып, педагогикалық тәжірибе бағдарламасы әзірленді.

2 кезеңде (2010-2011жж. ) педагогикалық, оқу-әдістемелік талданды, жоғары оқу орнында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді. Эксперименттік жұмыс нәтижелері қорытындылап, жүйеге келтірілді, математикалық тұрғыдан өңделді, зерттеу нәтижесінде алынған материалдар диссертациялық жұмыс түрінде рәсімделді.

Зерттеу базасы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру сабақтарының құрылымы, оқыту бөлімдері мен дене сапаларының дамуының инновациялық амалдары айқындалды; студенттердің еркін күресі арқылы физикалық дайындылығы көрсеткіштерінің прогностикалық маңыздылығы анықталған; студенттердің арнайы дайындылығын бағалайтын нормативті талаптар анықталған.

Еңбекте қамтылған негізгі теоретика-әдіснамалық, тәжерибелік жағдай мен шешімдер Қазақстандағы дене тәрбиесі мен спорттың даму перспективасын анықтауға көмектеседі.

Теоретикалық маңыздылығы: Зерттеудің әдіснамалық негізі: ғылымилық, жүйелілік, сандық және сапалық қағидалардың озара байланыс деректеріне сүйеніп, жан - жақты талдау жасалды. Бұл жұмыс «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқарлық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», 1999 жылы «Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2001-2005 және 2007-2011 жылдар аралығындағы Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сүйенген.

Зерттеудің әдістері:

  • ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, саралау, педагогикалық бақылау;
  • педагогикалық эксперимент;
  • палуандардың физикалық сапаларына бақылау сынақ өткізу;
  • лабороториялық эксперимент, аттестациялық карта бойынша педагогикалық бақылау тесті;
  • зерттеу құжаттарын математикалық әдістермен өңдеу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • еркін күресіндегі палуандарының дене сапаларын тәрбиелеудің ерекшеліктері;
  • еркін күресіндегі палуандарының дене сапаларын тәрбиелеудің алғышарттары;
  • еркін күрес палуандарының дене сапаларын тәрбиелеудің үлгілері;
  • еркін күресіндегі палуандардың дене сапаларын тәрбиелеудің әдіснамалық негіздері.

Зерттеудің тәжерибелік құндылығы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында дене шынықтыру сабақтарының әдістемесін жетілдіру және дайындауға арналған оқу бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама негізінде мамандар дайындалу үстінде.

Дипломның құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломда 67 беттік тіркелген текст, 7 кесте, 3 сурет бар.


1 еркін күресіндегі жас палуандарының күш қуатының дамуының теориялық негіздері

  1. Еркін күресіндегі жас палуандарының күш қуатының дамуының ерекшеліктері

Спорттық жаттығу - адам өмірінің жалпы тәрбиесінің бөлімі, әлеуметтік физикалық жаттығулар көмегімен іске асырылатын процесс. Жаттығулардың мақсаты дене тәрбиесінде беріктікті жақсарту, адамның физикалық жағдайын, жеке айтқанда, жұмысқа физикалық қабілеттілігінің жоғарлату. Бұл жетістікке тек қана бұлшық еттердің жүйелі жаттығулары арқылы жетеді, яғни қорытындысында көп ықпалдардың іздері қалады - кумулятивтік жаттығулар әсері, ал бір жаттығудан болатын өзгеріс - шұғыл машықтану әсері.

Бапкердің үйретуі процесінде, толық ақпарат құндылығында өте маңызды кемшілігі бар - субъективтілігі. Бапкер оқу процесін тым жалпылай бағалайды. Спортты жетілдіріп оқыту процесімен байланысты сұрақтарды шешу мәселесі, қозғалыс әрекеттерін техникалық бағдарлама құралдарсыз бақылауы, адам организіміне бұлшық ет қозғалысының әсері туралы жедел сандық ақпарат беретін құралдарсыз мүмкін еместігінде бүгінгі таңда ешкім күмән тудырмайды.

Дене тәрбиесін, спортты басқаруының қиындығы, спортта өзін - өзі басқару жүйесіне (ағзаға) әсер етуге біз тырысамыз. Бір нәрсенің әсеріне біз керекті тиісті жауапты реакцияны әрқашан ала бермейміз. Адамның қалпы, жағдайы өзгеріп отырады, яғни бірдей жаттығудың жүктемесі әртүрлі әсер шақыруы мүмкін. Сондықтан кері байланыс принципі тек қана ақпараттық бағдарлама басқару жүйесімен байланыстырылып отырады. Бірақ, даму процесінде белгілі бір бағытта басқара алу, шектен тыс шыққан ортаны басынан бастап түзету жолымен қамтамасыз етіледі.

Барлық ғылыми жұмыстар «Спорт туралы ғылым», анық емес терминімен біріккен, профессор В. М. Зациорский және Г. С. Туманян адамның бұлшық ет іс - әрекетін зерттеу туралы сөз қозғауына байланысты (спорттың негізгі іргетасын құру, оны толық қамтиды) немесе оны нақты тәжірибеде оқу, үйрену сияқты екі топқа бөледі. Осының екінші түрі, үйрену жаттығу болып есептеледі, тез және пайдалы нәтиже, бірақ елеулі маңызды революциялық өзгерістерді тәжірибеге енгізбейді, әлде ол өмір сүріп жатқан жағдайды зерттейді. Біздің ойымызша, бұл бағыт қарапайым болып табылады. Жасыратыны жоқ, жұмыстың көпшілігі дөрекі, арнайы болып келеді, қол жететін әдістемені зерттеуге спортшыларды тартамыз, олардың нәтижесі өте жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Қол жетерлік ғылыми зерттеулердің әдістемесі алынып, зерттеуге жоғары нәтижелі спортсмендер шақырылып, оларды дайындау әдістемесі анықталады. Тәжірибелі бапкердің ішкі сезіну қабілетіне орай ғылыми жұмыстан тәжірибесі озып отырады. Сондықтан ол «Спорт туралы ғылым» беделін төмен түсіреді, өйткені басқа спортшыларға мүлдем қажеті болмағандықтан олардың жеке бас ерекшеліктеріне сай, әлде бапкерге белгілі. Олар өз тәжірибесінде осындай зерттеулер шешімдерін шығарады.

Осы сәтте бүкіл тәжірибе, ғылыми-техникалық прогресс алға қадам басады, яғни ақиқат шынында да революциялық түрлендіріліп, ірге тастық ғылымнан өзгеріс тәжірибеге келеді. Ғылыми бағыттардың кіріспесімен олар: биофизика, биохимия, биомеханика және т. б. бөлінеді. Әр ғылым түрі өте маңызды мәселені шешеді, бірталай кеңейтіп, байытады. Жаңа ғылыми бағытты ашуға қажетті жағдай келді ол биопедагогика - ғылым. Өмірдің динамикалық процесін зерттейттін арнайы ұйымдық бір бағытта жүйеленген, іс әрекет тұлға қалыптасқаннан бері әдістемені өңдеу, биологиялық өлшеу, функциялық мақсатпен педагогикалық процесті басқару үшін керек. Биопедогогика бір - бірімен ажыратылмайтын ғылыми бағытты біріктіреді.

Жана ғылыми бағыт адам өміріне сай процестермен айналасуы тиіс. Басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, осы білімді педагогикада қолдану сонымен қатар инновациялық, медико - биологиялық әдістерді танып, болашақта өндеу педагогикалық басқарумен іске асырылады.

Спорттық жаттығу - бұл көп жылдық бейімделу. Спорттық іс әрекеттегі мәні - биопедогоикалық процесс. Қоршаған ортаға бейімделу екі бағытта іске асады - кедергіні жеңіп өту немесе оны айналып өту. Бұл процессті өту үшін ішкі жағдайдың биологиялық жүйелік өзгерісі (био . . . ) энергиясын жұмсайды, ал айналып кету процесін тәжірибеге, білімге белгілі бір мақсатқа бағытталған педагогикалық процесті спортшы қабылдайды. ( . . . педагогика) .

Тиімді байланысы, сәйкес келуі, түптеп келгенде педагогика мен биологияны қосып, біріктіріп жоғары әсерлі биопедагогикалық процесс- спорттық іс әрекетті құрайды.

Қорытындылап айтқанда, «қоректік орта» биопедагогикаларда пайда болады, тек қана педагогикада: спорттық медицина, физиология, анатомия және биохимия, биофизика биомеханика және тағы басқалары қамтылып, ғылымдардың әртүрлі басылымдарында шығарылады. Өзіне әртүрлі екі ғылыми бағытты қосып, биология мен педагогика және жасаушы ғылыми бағытта өмір сүруіне құқығы бар. Кеңейтілген, байытылған, біріккен ғылымдардың бір негізде өсуіне бағыт береді.

Көп жылдық тәжірбиелі жаттығуларға қарап, оқыту - жаттығу үрдісінде күрес түрлері жарысқа дайындықты Туманян Г. С. екіге бөледі: дәстүрлі және дәстүлі емес.

Дәстүрлі оқыту - жаттығу түрі апталап жоспарланады, 2 - 3 апталық микроциклдерден түрады. Жаттығулардың көлемі бастапқыда жоғары деңгейде сосын 10 - 12 күн ақырындап әлсізденеді. Тікелей оқыту - жаттығу жоспарына 1 - 2 күн аптасына монша демалыс күні жүктемелерден тынығу күндері болады. Ол кез, жарыс алдында болу қажет, өйткені кілемді сағына күресті сағынып күресу қажет. Логикалық бәріне келісуге болады, ал тәжірбиеде кездейсоқтар кездеседі. Көптеген спортшылар жарыс алдында жоспар бойынша барлық жүмысты толық орындасада, жарыстың алғышқы кездесулерін ауыр өткізеді. Бізге маңыздысы жарыстарға назар аудару қажет. Әрине ең алғашқы кездесулер жарыста жүлделі орын алуы, алмауын күрделі жағдайларды шешеді. Мұнда халық сөзі «дүйсенбі - ауыр күн» деген сөзде демалыс күндерін қалайда жақсы өткізбесе де, жүмыс істеу қиын, тереңірек қарасақ мектепте, жоғарғы оқу орындарында бұл жағдай бұл мәселені айқын қамтиды. Мұнда қызықты жағдай «үйренгеннен кейін» термин «тынығу», біз алдын ала қиындықтарды жоспарлаймыз. Ең алғашқы кездесулерде жарыстарда жүктемені төмендетеміз 10 - 12 күн жарыс алдында 1 - 2 күн демалдыртамыз спортшыларды. Кейбір бапкерлер алғашқы кездесу мәселесін шешу үшін жарыс алдында 1 күн бұрын күш салып күресуді талап етеді, бірақ бір - бірін жерге жықпаусыз, демалу жүйесін ашу үшін, «демалу жүйесін ашу» термині алғашқы кездесуде анық айқындалып көрінеді. Жұмысқа деген талпынысын төмендігі жарыс алдында жүктемені төмендету деп аталады.

Бапкерлердің жаттығу кезіндегі дәстүрлі түрге жақын болуын Туманян Г. С. айтуынша жоғарғы халықаралық нәтижелер, ал екінші жағынан шаршау бүлдырлап көріну «шалдығу» деп аталады.

Осы көзқарас мәселені қысқартады, бірақ шаршау «шалдығу» мәселесін қарастырайық, оған жатады күнделікті алма кезек келетін біркелкі жүгіру жүрек соғысының жиілігі 165 соқ. /мин. және негізгі микроциклдер кілемдегі жаттығулар. Осыған орай 60 минут жүгіріс 25 мин қысқарады. Кілем үстіндегі жаттығулар жүктемесі өсіп тұрады жарысқа дейін. Жарыс алдында 2 - 3 күн қалғанда бір екі рет жүгіріс болады. (Микроциклдер) Ал жарыс алдында бір күн қалғанда бір екі қорытынды күрес болады. Осыған орай өз пікірін айту Д. Харре «кең тараған ой жүктемелі нәтижиеден кейін үлкен дәрежедегі қыскарту немесе түйіндеу нақтылық болып саналмайды спортшылар кері «қатты, үлкен» жүктемелер жасағанда үлкен нәтижелерге жетеді». Бүл тікелей спортшылардың биологиялық жүйесіне әсер етеді. Д. Харре сенімді үлгі болып С. М. Матвеевтің экспериментінде тиімді жоспар құру жарыс алдындағы мезоциклінднгі ұзақ педагогикалық эксперимент өтті.

Қорытындылап келгенде, жаттыққан спортшыларды жарыс алдында жаттығу үрдісін үзбей, әрі оларды баптап, жарыс алдында аз уақыт ішінде дем алдырту қажет, өйткені алғашқы белдесулер қиын әрі ауыр болмас үшін.

1. 2 Еркін күресіндегі жас палуандарының күш қуатының дамуының алғышарттары

Педогогикалық үрдіс спорттық машықтануда ағзаның іс қызметімен және бұлшық еттің қызметінде өте тығыз байланысты. Дені сау спортшы - адамда табысты жұмыстың орындау әсері бастапқы мөлшері бұлшық еттің жақсы дамуы мен жетілунен байланысты. Бұл құбылыс жүрек қызметінің көрінісі. Сондықтан бұл кездейсоқтық жағдай болмағаннан кейін бірінші назар биопедогикаға үндеу салдық, жүрек қызметіне және бұлшық етке жұмыс істеу.

Электрокардиография - ең танымалы және таратылған әдістердің бірі. Осы әдісті байқап көру және қолдану жарыс кезіндегі қарқынды жұмыс орындау үшін қайшылыққа кездестірді оған қайсы бір болған теория жауап бере алмады. Жалпы қабылдау ұсынысы бойынша тістер аралықтар (сегменттер) (ЭКГ) жүрек циклі екі негізгі фазаға бөледі немесе кезеңге (1 а сурет) - систола - жүрек қарыншасынан қан итеруі (тістер QRS сегмент S - T, тісше - Т) және диастола жүректің қарыншалары қанмен толу (тісше U сегмент U - P, тісше Р, сегменттер Р - Q) . Сонымен қатар болжау бойынша систола миокард қарыншасының жиырылына байланысты белсеңді болып саналады, ал диастола одан қарағанда ауыр және екі кезеңнен тұрады: сылбыр - тісше U, сегменттер U - P, қысымның түсуінен байланысты жүрек тамырлары қанға толады және белсеңді-тісше Р, жүрек құлақшасының жиырылуынан байланысты және құрамы жалпы қан толу көлемінен 15 % құрайды.

Бұлшық еттің қарқынды жұмыс кезінде жүрек соғу жиілігі 180 - 200 соғ. /мин. жеткен кезде суреті негізінен өзгереді (1 б сурет) . U - тісшесі, U - P сегменттері, Р - тісшесі жоғалып кетті, сонымен қатар диастолалық аралық толық жоғалып кетті (!?), жүректің іс қызметінде ең басты мәселелердің бірі - жүрекке қан толуы. Адам қарқынды жұмыс істеген де жүрек өзінің өнімділігін тоқтатады, осы жерден келіспейміз. Машықтану және жарыс кезінде спортшыларда жүрек соғу жиілігі 200 соғ. /мин. Жоғары, минуттық қан көлемі 50 литрге жетеді, яғни мұнда жүректің бір жиырылуында перефериясына 200 мл. - дан жоғары қан мөлшерін лақтырады. Тыныштық кезіне қарағанда ол 4 - 5 рет есе көп (!), мұның бәрі жоғалған диастола кезінде ме? Ақылға симайтын жағдай, бірақта факт. Осындай жүрек циклындағы диастоланың фазасын шығарып тастауға болмайды, өйткені қан толмаса итерілмейді, шықпайды, ал қан айналымы болмаса бұлшық ет жұмыс істемейді. Тәжерибеде, жұмыс қарқыны жоғары болса, онда қан айналымы да жоғары болады.

Аринчин Н. И және Сенько Ф. Н. ойлауы бойынша, QRST ағынының жалғасуы кешені бойынша систолада жүректі іске асырады, диастолада, ал ара қашықтық T-PO(R) ЭКГ үшінші фазаға мінездеме береді - тыныс үзілісі (тыныштық), ол ритмнің жиілігінен жоғалуы мүмкін, « ал кешен QRST ЭКГ құбылысы систола-диастолалық, систолалық емес.

Түсіндіру ыңғайлы, бірақта ол да үлкен кемістік, сонымен қатар келесі факт қайшы болып тұр. Ерте экстросистолары (жүрек жиырылуының ретсіз болуы) «R T - ға» түрі, QRS кешендерінің экстросистолалары шыңына қабаттасады немесе келісіміне жетпейтін тізе алдындағы Т тісшесі, гемодинамикалық эфекті емес (Дехтярь Г. Я., ) . Осының бәрі, бұл жағдайда диастоланың үрдісі жоқ және жүрек жиырылған кезде қанды итеріп шығара алмайда, сонымен қатар QRST кешені бәрі бір де систолалық болып табылады. Ақылға симайтын жағдай, бірақ та факт. Сонда диастола қайда кетті?

ЭКГ - де диастолалық бөлімшесін зерттеу негізінде бізбен қағида қойылды, негізінде, егер жақсы жүрек циклі экстросистоламен тоқталса, онда ретсіз (экстросистолалық) жүрек қарыншаларының жиырылуы сол кезде ғана пайда болған қан көлемін итеріп шығарады, алдындағы жиырылудан кейін. Бұл зерттеудің нәтижесі бір мағыналы қорытынды жасайды, жүрек қарыншалары екі кезеңде толады, біріншісі U тісшесіне сәйкес келеді ЭКГ - де - «меншікті» қарыншалар диастоласы, ал екінші - Р тісшесі - предсердия систоласы (4, 5) .

Тағы да міндет. U тісшесінің жалғасуы өте қысқа - 0, 16 - 0, 20 с. сонымен бұл кезеңде (негізгісі 85% дейін) жүрек жағынан белсеңді болуы қажет, өйткені көк тамыр қысымы диастола кезінде тез төмендейді және теріс болып кетеді. Соңғысының айтуы бойынша, жүректің өзі тек қана көк тамырдың жылдамдығына әсер етпейді (сіңуіне), ол жүрек аймағын белсеңдетеді. Бұл қандай механизм?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің техникасы
Аяқтың күшін арттыруға арналған жаттығулар
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Баскетбол. Допты алып жүру мен допты себетке әр-түрлі қашықтықтан тастауды дамыту
Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері
Жеңіл атлетиканың түрлері
Айып добын торға лақтыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz